Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау


- [View]
«Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
1991 жылы КСРО-ның жоғары білім беру Министрлігінде «Еңбекті қорғау және техника қаушсіздіп», «Азаматтық қорғаныс» және «Экология» кафедраларын жаңа «Тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасына топтастырып біріктіру туралы шешім қабылданды. Оның артынша С. М. Киров атындағы Ленинградтың орман техникалық академиясында Бүкілодақтық бірігетін кафедралар меңгерушілерінің кеңесі өтті, онда министрлікке келісілген ұсыныстар қабылданды. Қазақ химия-технологиялық институтында тек екі кафедра біріктірілді, ол «Экология» мамандар дайындайтын кафедра болып бөлектенді. Жаңа «Тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасын техника ғылымының кандидаты, профессор Сулейменов А. Т. басқарды. 1991 жылдардан бастап тәжірибелі оқытушылар доценттер Мочинина З. В., Никишина Л. И., Кондратенко В. И., Лысенко В. Г., Серкебаев М. К., аға оқытушылар Пушечников Л. Н., физика-математика ғылымының кандидаты, доцент Маханов Б. Б., т. ғ. к., аға оқытушы Ажибекова З. А., Мусабекова М. А., Баймағамбетова Г. К., Скворцов П. Е., т. ғ. к., доцент Сатаев М. И. жұмыс істеді.
1999 жылдан бастап «Экология» кафедрасын біріктіріп топтастыруына байланысты кафедра «Тіршілік қауіпсіздігі және экология» болып бірікті. Кафедраға т. ғ. д. Сатаев М. И. және т. ғ. д. Арғынбаев Д. К., доцент Исаев Т. А., т. ғ. к., Нестеренко Н. Г. келді. Кафедраны техника ғылымының докторы Шакиров Б. С. басқарды, кафедра 17. 03. 40 -«Қолданбалы экология» мамандығы бойынша инженер-экологтар мамандарын мемлекеттік және орыс тілінде дайындады. 2006 жылдан бастап кафедра «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» деген атын алды, қазіргі сәттерде кафедраны докторлық диссертация қорғаған жас талантты ғылымдарға берілетін мемлекеттік ғылыми степендия лауреаты, жоғарғы білім және ғылым министрлігіне танымалды, Жоғарғы білім беру саласының 2006ж. Үздік оқытушы грантының иегері Сатаев Марат Исақұлы басқарды. 2009 жылдың қаңтарынан бастап кафедра басшылығын техника ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Жоғарғы білім беру саласының 2008ж. Үздік оқытушы грантының иегері Жантасов Құрманбек Тажмаханбетұлы басқарады. Қазіргі таңда кафедра 050731 - «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша бакалавр дайындайды. 2006 жылдан бастап 6N0731 - Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мамандығы бойынша магистратура ашылып мамандар даярлана бастады. Қазіргі уақытқа дейін 5 магистрант, оның ішінде Аубакирова Т. С. үздік дипломмен қорғап шықты және 3 магистрант оқуда.
Кафедра үлкен ғылыми-ағартушылық потенциалды, кафедрада 2 техникалық ғылымдар докторлары, 3 профессор, 8 доцент, 8 ғылым кандидаты істейді. Т. ғ. д., профессор Жантасов Қ. Т., Арғынбаев Д. К., профессор Сүлейменов А. Т. қол басшылығымен сұйық, қатты және газды өндіріс қалдықтарына байланысты әдістермен өңдеу ғылыми жұмыстары жүргізіледі. Т. ғ. д. Арғынбаев Д. К. жетекшелігінде «Өндіріс талаптары сұраныстарына көмірсутекті өнімдерден парафинсіздендіру арқылы реактивті және жоғары октанды мотор отындарын алу әдістерінің негіздері» және «Анорганикалық материалдардан суармалы және суармайтын жерлерде тұзсыздандырудың мегатыңайтқыш және жаңа композициялары материалдардың алыну технологиясын құру негіздерінде әдістерді ғылыми жолмен шешу» тақырыптарында жүргізіледі. Жалтыраған эмальді ақ бояу фосфатты коррозияға шыдамды қаптама, автожолдардың ақ жолағын, аэропорт, алаңдардың, портты терминал тағы басқаларды 10 жыл мерзімінде пайдалануға шыдайтын жобаны, жоғарғы білім және ғылым министрлігінің 3 млн. теңгеге жобаланған грантын жеңіп және іске асыру мүмкіндігін алды. Ал профессор Жантасов Қ. Т. 2009 жылы БжҒМ жариялаған конкурс нәтижелері бойынша 5500 мың теңгеге «Түсті металлургия өндірістері қалдықтарынан мырыш фосфидін алудың бәсекеге қабілетті технологиясының ғылыми негізін өңдеу» тақырыбына ғылыми зерттеу жұмысын орындау келісімшартын ұтып алды. Профессор Сүлейменов А. Т. жетекшілігімен «Құрылыс материалдарының беріктігін жоғарылату және энергиялық шығындарды төмендету үшін түрлі өндірісте пайда болатын қалдықтарды қолдану» тақырыбында кафедра ұжымы зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Кафедра студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Олардың нәтижелері халықаралық, аймақаралық университеттердегі ғылыми конференцияларда баяндалады. Қазіргі кезеңде кафедра осы кезеңгі материалды-техникалық базамен жабдықталған, 3 зертханасы, 2 оқу аудиториясымен, курстық және дипломдық жобалау залдарды пайдаланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz