Ұйымдасқан қылмыс және оны мен күресу жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ұйымдасқан қылмыс және оны мен күресу жолдары

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап өркениетті және құқықтық мемлекет ретінде үдемелі дамып келе жатыр. Заңның даусыз беделімен максималды мүмкіндіктер қоғамын құру идеяларымен, мемлекеттік дамудың тұрақтылық негіздері ретінде қоғамдық қауіпсіздіктің режимін құру.

Заңдылық пен құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілу қажеттілігін көрсете отырып мемлекет Президенті Н. Ә. Назарбаев «Заңның абсолютті үстінен қараушылығын орнату және заң сыйлаушы азаматтардың қылмыстылықтан қорғалуын қамтамасыз ету қажет. Керісінше, заңсыз жолмен өзінің мұқтажсыз өмір сүруін қамтамасыз ететіндерге билік пен заңның бар күшін жұмылдыру керектігін» атап өтті.

Ерекше назар мемлекет пен қоғамның құқықтық негізінің нығаюына, қылмыстылықпен күрес және заңдылықтың бұзылуына, елдің Конституциясымен кепіл етілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына аударылады.

Сонымен қатар, қылмыстылық және жемқорлықпен күресу мәселелері әлі күнге дейін негізгі болып қалып отыр және мемлекет халқының тең жартысын мазалап, қазақстан қоғамының әлеуметтік маңызы зор мәселелерінің бірі болып отыр.

Ұйымдастырылған қылмыстылық бүгінгі күні қоғам үшін ең бір нақты және қауіпті криминогенді қауіп-қатер болып отыр.

Ұйымдастырылған қылмыстылықты түсінік ретінде анықтай отырсақ, бұл жалпықылмыстық, экономикалық және жемқорлық қылмыстылықтың түйісінде әрекет ететін «көлеңке» бизнесінің пысықай одағы, заңсыз баю, қоғамдағы билікті қолға алу мақсатымен бірлескен сыбайласқан мемлекеттік шенеуліктер және криминалитет, бұл жерде заңсыз бизнес пен әр түрлі қылмыстардың жасалуы заңсыз құралдарды алу үшін қолданылады, ал сыбайласқан шенеуліктер мен криминалитет өз қызметтік жағдайын, зорлау әдістері мен жемқорлықты пайдалана отырып заңсыз баю көздерінің мемлекеттік, қоғамдық бақылау мен бәсекелерден қорғалуын қамтамасыз етеді.

Ұйымдастырылған қылмыстылықтың аса қаупі келесідей факторлардан шыға отырып туады:

- билік үстіне тұруға ұмтылған, күштеу мен жемқорлыққа негізделген әлеуметтік және құқықтық бақылаудан өзіндік қорғалу жүйесіне ие тұрақты криминалды құрылымдар мемлекет пен қоғамға тайталасады;

- ұйымдастырылған қылмыстылық мемлекетпен бақыланбайтын зор қаржы ағымдарды туатын «көлеңке» экономикасының тіршілік етуі мен дамуына қамтамасыз етеді;

- қылмыстық жолмен алынған қаржылық құралдары мемлекеттегі жем-қорлықты белсендіреді, қорғалу мен өзінің заңсыз қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айырбас мемлекеттік органдар шенеуліктерін сатып алу үшін ұйымдастырылған қылмыстық құрылымдармен пайдаланылады;

- ұйымдастырылған қылмыстылық қызметінің дәстүрлі түрінен басқа (рэкет, есірткі нарығын бақылау, жезөкшелік және т. б. ) соңғы жылдары ұйымдастырылған қылмыстық құрылымдар өз қызметінің ресмилендірілуіне ауысып, экономикалық және биліктік құрылымдарға ене бастады;

- ұйымдастырылған қылмыстылық заңды бизнестегі өз орнын кеңейтіп, шын кәсіпкерліктің негіздеріне зиян келтіреді және нарықтық рефор-малардың жүзеге асырылуына қиыншылықтар туғызады;

- ұйымдастырылған қылмыстылықтың билік пен басқару органдарына, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партияларға енуі жүріп жатыр, ал бұл өз алдына осы құрылымдардың криминалды жұқтырылу зиянын және олардың қылмыстық орта өкілдерімен толықтырылуын туғызады;

- қоғамдағы нарықтық қатынастардың жағымсыз шығындары рухани құндылықтардың ауысуына әкеліп отыр, бұл ұйымдастырылған қыл-мыстылықтың бейнесін қоғамның белгілі бөлігі үшін, бірінші кезекте жастар үшін үйреншікті және тартымды етеді;

- ұйымдастырылған қылмыстылық өкілдерінің жазаланбауы биліктің тәртіпті сақтау мен халықтың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға деген сенімін төмендетеді.

Ұйымдастырылған қылмыстық құрылымдардың осындай қызметі және ұйымдастырылған қылмыстылықтың даму тенденциясы мемлекет Президентімен ұзақмерзімді приоритеттері деп жарияланған ұлттық қауіпсіздік пен елдің экономикалық өсуіне қауіп-қатер туғызады, ал бұл өз алдына ұйымдастырылған қылмыстылықтың әсерін азайтуға және бақылауға алынуға мүмкіндік беретін экономикалық, жемқорлыққа қарсы, заңнамалық, ұйымдастырушылық және тактикалық сипаттағы шаралар кешенін өңдеп шығару мен қабылдануын қажет етеді.

Ұйымдастырылған қылмыстылық және «көлеңке» экономикасының ауқымдарын шектеу бойынша стратегиялардың өңдеп шығарылуы кешенді сипатта болуы және өзіне келесілерді қосуы тиіс: ұйымдастырылған қылмыстылықпен нақты күрестің ұйымдастырылуы; «көлеңке» қаржыларының заңдастыру мәселелеріне қатысты сұрақтардың шешілуі; ішкі шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметінің реттелу жүйесінің жетілдірілуі.

Мемлекет пен қоғамның бар күші бизнес, билік және криминалитет өкілдерінің одағын әлсіздендірілу мен жойылуына бағытталуы тиіс. Мұнда «көлеңке» экономикасын қысқарту бойынша шаралар ұйымдастырылған қылмыстылықтың қаржы күшін әлсіздендіру үшін деп танылса, жемқорлықтың қысқартылуына бағытталған шаралар мүлдем жоймаса да, бірақ ұйымдастырылған қылмыстылықтың әрекет етуін қамтамасыз ететін бизнес, билік және криминалитет өкілдері арасындағы заңсыз байланысты әлсіздендіреді дегеннен шығу керек.

Ұйымдастырылған қылмыстылықтың ауқымын қысқарту және ұйымдастырылған құрылымдармен күресу тактикасы үшін негізгі шараларды бөліп шығаруға болады:

- «көлеңке» экономикасының әрекет етуін қамтамасыз ететін жағ-дайлар есебіне ұйымдастырылған қылмыстылықтың қаржы күшін әлсірету;

- мемлекеттік органдардың сыбайласқан шенеуліктері жағынан ұйым-дастырылған қылмыстық құрылымдардың жасырылу мүмкіндігін әлсіздендіру мен бейтараптандыру;

- ұйымдастырылған қылмыстық құрылымдарды ұйымдастырылған қылмыстық қызметінің дәстүрлі аясына ысыру, оның есебіне - мемлекеттегі ұйымдастырылған қылмыстылық ауқымын қысқарту;

- мемлекеттік және сайлау органдарына криминалитеттің енуіне қарсы әсер ету, сонымен қатар лоббизм қаупін бейтараптандыру.

Сонымен бірге, ұйымдастырылған қылмыстық құрылымдармен күресу тактикасының ең тиімдісі ұйымдастыру түйіні (басшылар) және белсенді қатысушыларын қандай да бір олармен жасалған қылмыстық-жазалану әрекеті үшін қоғамнан оқшаулауды қарастыратын, сонымен қатар қаржыландыру көздерін анықтау мен жою жолымен ұйымдастырылған қылмыстық құрылымның қаржы қорын жою, ұйымдастырылған қылмыстық құрылымның ұйымдастырылған қылмыстық қызметінің дәстүрлі аясына ысырылуы болып табылады.

Әрине, тек полиция күшімен ұйымдастырылған қылмыстықты басып тастау мүмкін емес, мұнда басты назар тиімді құқық қорғау органдарын құруға ғана емес, ұйымдастырылған қылмыстық аясын тарытуға және оның мемлекеттік, қоғамдық институттарымен бірлесу ауқымдарын қысқартуға мүмкіндік беретін заңнамалық, экономикалық, жемқорлыққа қарсы және ұйымдастырушылық шаралардың өңделіп шығарылуына бөлінеді. Осыған байланысты, тиімді шара ретінде ұйымдастырылған қылмыстылықпен күресті қамтамасыз ету заң саласында қандай да бір шаралардың қолға алынуы, нақтырақ айтқанда, тиісті заңдардың қабылдануы, әрекет ететін қылмыстық-процесуалды және басқа да заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу, шетел мемлекет тәжірибесін отандық заңнамаға ендіру болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕО-НЫҢ АНТИТЕРРОРИСТІК САЯСАТЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕСУ
Терроризм және халықаралық террористік экстремистік үйымдар
Сыбайлас жемқорлық қылмыстыққа тосқаулық қоюдың криминологиялық шаралары
Терроризмнің ұғымы және белгілері туралы
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық сыбайлас жемқорлық
Ұйымдасқан қылмыстылық және оның өзекті мәселелері
АДАМ САУДАСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы түсінігі мен сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін себептердің негіздері
Саяси сыбайлас жемқорлық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz