Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері


Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
1. 1. Этнопедагогика пәні, принциптері, міндеттері мен қызметі
(4 сағат) .
Этнопедагогика тарихына және халықтық педагогикаға қысқаша шолу. Этнопедагогиканың объектісі және пәні. Этнопедагогиканың принциптері, міндеттері, қызметі. Этнопедагогиканың негізгі түсініктері: этностық тәрбие, этностық оқыту, ұлт, этнос. Педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогиканың орны. Этнопедагогиканың этнопсихология, философия, этнография, этнософия ғылымдарымен өзара байланысы.
Этнопедагогиканың мәдениеттану, философиялық, психологиялық, этнографиялық негіздері. Қазақстан Республикасының ұлттық саясат жөніндегі құжаттары.
Егеменді мемлекет жағдайындағы этномәдениеттік дәстүрлердің қазіргі жағдайы.
1. 2. Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялардың генезисі ( тегі) ( 2 сағат) .
Педагогика классиктерінің мұраларындағы халықтық тәрбие, оқу мен тәрбиелердің ұлттық жүйесін дамытудағы Я. А. Коменскийдің қосқан үлесі. К. Д. Ушинскийдің халықтық тәрбие принциптері. А. С. Макаренконың педагогикалық іс-әрекетінде халықтық тәрбиенің элементтерін пайдаланылуы. В. А. Сухомлинскийдің халықтық педагогикасы.
XV-XІX ғ. Ақын-жырауларының тәрбие мектебі. ( Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтанберді, Шал, Дулат, Бұхар, Махамбет және т. б. ) олардың халықты басқаруға қатысуы, отанды қорғауға шақыруы, гумандықты, еңбек сүйгіштікті, өнерді насихаттауы. XVІІІ ғ. Жас ұрпақты тапқырлыққа, шешендік өнерге тәрбиелеудегі билердің ерекше ролі. ( Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) .
Ш. Уәлихановтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие мен этнопедагогика мәселелері. Ы. Алтынсариннің мұраларының халықтық педагогика және психология ғылыми ұстанымдарында баяндалуы.
А. Құнанбаевтың қазақ педагогикасы мен психологиясын терең дамытуға қосқан үлесі. Қазақтың халықтық тәрбиесі жайлы орыс және батыс европалық ғалымдардың ой-пікірлері. XX ғ. 20-30 жылдарындағы этнопедагогикалық идеялардың дамуы. М. Дулатов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев және т. б.
1. 3. Этнопедагогикадағы тәрбиенің мақсаты ( 2 сағат) .
Барлық этностардағы тәрбие мақсатының ортақтастығы. Адамның халықтық идеялары. Адам қазіргі халықтық тәрбиенің мақсаты ретінде. Әр халықтың жетілген тұлға ретіндегі пікірінің даму шарттары. Ұлттық ар-намысқа тәрбиелеу тұлғаның мінез-құлқын жетілдірудің ірге тасы. Көп ұлтты Қазақстан жайындағы түрлі мәдениеттілікке тәрбиелеудің ерекшеліктері. Халықтың педагогикалық мәдениеті, мәні, мазмұны. Ұрпақтар ұласылымындағы тұлғаның әлеуметтік дамуының және халықтың рухани процесінің факторы.
1. 4. Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері мен құралдары
(2 сағат)
Халықтық педагогикадағы тәрбиенің әдістері. Тәрбиенің тәсілдері: өсиет және ғибрат, аға ұрпақтың жеке үлгісі, еліктеу және т. б. Халықтық тәрбиенің құралдары. Ертегілер, мақалдар, жаңылтпаштар, жұмбақтар халықтық өлеңдер- халықтық тәрбиенің құралдары. Табиғат-тәрбие құралы. Ойын-тәрбие құралы. Сөз-тәрбие құралы. Еңбек -тәрбие құралы.
Модуль 2. Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері - халық тәрбиесінің негізі
2. 1. Дәстүр және салттардың құрылымы салттар мен дәстүрдің жалпы ортақтығы мен айырмашылығы (4 сағат) .
Салт және дәстүр түсініктері: философиялық, әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық анықтамалар. Дәстүр және салттардың құрылымы, салттар мен дәстүрдің жалпы ортақтығы және айырмашылығы. Рәсімдері және салтаннатты өткізу реті. Адам тәрбиесімен байланысты салттар, әдеп-ғұрыптар, дәстүрлер, нанымдардың тәрбиелік мәні. Балалардың ерекшелігін есепке ала отырып, олардың өмір кезеңдеріне сипаттама. Үйлену мен жеке отбасын құрумен байланысты әдеп-ғұрыптар, достық, бата беруге, тілекке ант беру белгісі. Өліммен байланысты ( қоштасу және жоқтау, ас беру, жылын беру), қабырдың басына белгі қоюмен байланысты әдеп-ғұрыптар.
Адамның қуанышымен, қайғысымен қатар жүретін салттар және әдеп-ғұрыптар, өлеңдер мен аңыздардың тәрбиелік мәні. Жаңа уақытқа байланысты туындаған салттар және дәстүрлер, олардың тәрбиелік мәні.
2. 2. Халық педагогикасындағы рухани мінез- құлықтық және азаматтық, патриоттық тәрбие (2 сағат) .
Салтардағы, дәстүрлердегі, әндердегі, өлеңдердегі, мақалдардағы және мәтелдердегі өнегелі тәрбиеленгендік, ар-ұяттылық, руханилылық жөніндегі халықтық түсініктер. Жастарды парасаттылыққа, әдептілікке, үлкенді қадірлеуге отбасындағы аға ұрпақтың рөлі мен үлгісі. Қонақтармен амандасудың, қабылдаудың, қызмет етудің қарапайымдылық пен әдептіліктің тәрбиелік мәні. Дін тұлғаның рухани қалыптасуындағы өзекті факторы. Құранның жоғары рухани, мінез-құлықтық тазалықты ұстауға шақыратын Мұхамед пайғамбардың өмірінен үлгілер, хадистердің үлгілі ережелері жөніндегі түсініктер. Қазақ халқында рухани мінез-құлық тәрбиесінің ерекшеліктері.
Патриоттық тәрбиенің негізі өз отанына, халқына, туыстары мен жақындарына сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Патриоттылықтың негізгі моделдері: ( кіріктірілгендік, авторитарлық, бөлшектелген әр түрлілік) . Патриоттық сезімнің, адамзаттық жауапкершілік сезімнің отан алдындағы азаматтық борыштың өзара байланысы. Азаматтық, патриоттық тәрбиедегі мақал-мәтелдердің және бай аңыздардың мәні мен мағынасы. Жастарды жаудың бетін қайтаруға батылдығын және дайындығын тәрбиелейтін ұлттық ойындардың рөлі және мәні. Қазақ халқындағы азаматтық, патриоттық тәрбиенің ерекшелігі.
2. 3. Халық педаггикасындағы еңбек және дене тәрбиесі (2 сағат) .
Еңбек сүйгіштікті, кәсіптік дағдыларды және кәсіптік бағдарды тәрбиелеу, аталар мен әкелердің балаларына мал бағуды, малға қора соғуды, қол еңбегінің дағдыларын меңгеруді үйретудегі рөлі. Аналардың қыз балаларды кесте тігуге, ою-өрнектерді салуға, жүн түту, кілем тоқу, киім тігуге үйретудегі рөлі. Балаларды отбасында кәсіптік даярлау. Үй жануарларын бағу білігі, үй жануарларының ауруларын білу және оларды емдей білу әдістері. Атқа мініп жүруге және аң аулауға үйрету, қолөнер кәсіп дағдыларына баулу. Еңбек жайлы әндер, ертегілер, мақал және мәтелдердің тәрбиелік мәні. Қазақ халқындағы еңбекке тәрбиелеудің ерекшеліктері.
Халық педагогикасындағы дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері. Тұзды суда баланы шомылдырудың, денесін майлаудың, ая-қолын созудың мәні. Қазақстан Республикасында өмір сүретін халықтардың балаларды шынықтыру тәсілдері. Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың рөлі. Қазақ халқындағы дене тәрбиесінің ерекшелігі.
2. 4. Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі (2 сағат) .
Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие, оның мақсаты мен міндеттері. Эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары: сәулет өнері және бейнелеу өнері, өлеңдер мен жырлар, зергерлік және қол өнер, кілем тоқу олардың халық өміріндегі және тұрмысындағы мәні. Бейнелеу өнеріндегі этнопедагогикалық идеялар.
Жастарды өлең айту мәдениетіне және жырларға, шешендік пен тапқырлық өнеріне тәрбиелеудің халықтық мектебі. Халық композиторларының шығармаларындағы тәрбие мәселелері. Қыз балалардың эстетикалық сезімін тәрбиелеу, оған ата-ананың қатынасуы. Қазақ халқындағы эстетикалық тәрбиенің ерекшеліктері.
Зиялылыққа тәрбиелеу және оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі. Халықтың әлемдік құрылымды қабылдауы. Күн, ай, жұлдыздар, аңдар және үй жануарлары жөніндегі білімдері. Жеті ғалам, жеті қабат көк, жеті күн жайлы түсініктер. Халықтық күнтізбе, айларға және жыл мезгілдеріне бөлу. Білімнің және өнердің пвйдасы, тапқыштық және жинақылық. Тапқыштыққа тәрбиелеуде ертегілердің рөлі жөніндегі мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер және ғұламалардың ой-пікірлері. Қазақ халқындағы зиялылыққа тәрбиелеу ерекшеліктері.
2. 5. Халық педагогикасының қазіргі қызметі (2 сағат) .
Халықтың этнопедагогикалық пансофиясы. Ұлтаралық қарама-қайшылықтар үшін халықтар мәдениетінде материалдың жоқтығы. Халықтардың рухани мінез-құлықтық құндылықтарындағы ұлтаралық және жалпы азаматтылық. Символдық тұлғалардың әрекеттігі және олардың қызмет етуі. Этнопедагогиканың жалпы адамзаттық негіздері.
2. 6. Жалпы білім беретін мекеменің оқу процесінде халық педагогикасының прогрессивтік элементтерін пайдалану (2 сағат) .
Қазақстан Республикасы этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы, жастарға этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының халық педагогикасы бойынша қазіргі бағдарламалары. “Атамекен”, “Елім-ай” және басқа бағдарламалардың мақсаты, міндеттері және ерекшеліктері. Халық педагогикасы бойынша Қазақстан мектептерінің жұмыс тәжірибесі. Отбасы тәжірибесін зерттеу музыка аспаптарымен, халықтық қолданбалы өнерімен, халықтық ойындармен, ұлттық киім үлгілерімен танысу. Ата тектік “шежірені” зерттеу.
Этнопедагогиканың оку пәні ретіндегі
негізгі міңдеттері
Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы. Педагогиканың дамуын халықгың педагогикалық дөстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық тугызып кана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы. Алайда педагогика мен халықтық тәрбиенің мұндай бірлігі олардың бірдейлігі деген сөз емес. Этностық тәрбиенің сипаты жөнінен терең өзгешелігі болғандықтан оны мазмұңдау қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін аса қажет.
Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көп ғасырлық тербие өрекеті нөтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді. Курс мазмұнында этнос педагогикасының пайда болуы, дамуы және қазіргі жағдайы, оның халық өміріндегі орны мен адамзат педагогикалық мөдениеті дамуындағы ролі жайлы ашып көрсетілуі қажет болады. Этностың орнықты әлеуметтік қауым ретінде тұлға тарихи зерде қалыптастыруы, әлеуметтік тәжірибе этномәдени дәстүрлердің бірлігін қамтамасыз етуде қуатты фактор екендігін көрсетудің мәні үлкен.
Мұның бөрі халықтық педагогика өзіне нақты этникалық қауымға қатыссыз эмпирикалық педагогикалық білімдер мен құралдарды кірістірсе, этнопедагогика ұлттың езіндік ерекше. Яғни көрініс берген нақты этникалық педагогикалық дөстүрлермен байланысты екендігі жөнінде анық түсініктің қалыптасуына ықпал етеді. Этникалық тәрбие дәстүрлері адам олеуметтенуінің ықпалды құралы бола отыра, балалар мен жасоспірімдерді қоғамда тіршілік етудің түрлі тәртіптеріне дайыидауға қабілеттілігі жайлы ұғымды терендетеді.
Этностың педагогикалық мәдениетін қоғам дамуының бүкіл кезендеріне тон әлеуметтік тарихи кұбылыс ретіңде қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи-педагогикалық даму зандылықтарына ие. Осыған орай оларды жалпы және даралық төртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы зандылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы, оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық зандылық этнопедагогиканың ұлттық "адамшылық табиғаттың" адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады.
Болашақ маман тәрбие жұмысының сапасы мен нәтижелігі ғасырлар бойы қалыптаскан этнопедагогика жетістіктерін тиімді пайдаланумен анықгалатынын түсінуі аса қажет. Сондықтан педагогикалық оқу орнындағы студенттің халық оміріндегі құбылыстардың педагогикалық мөнін талдап, олардың тәрбиенің қазіргі міндеттеріне сай немесе сәйкес еместігін ажырата алу, сондай-ақ мәлім және аса мәлім емес халық педагогикалық шығармаларын анықтау және жинаудағы ізденіс жұмыстарына белсене қатысуы; көне әдет-ғұрыптардың казіргі жағдайдағы педагогикалық мүмкіндіктерін анықгай алу, жаңа дәстүрлі халыктық мейрамдар мазмұны мен ескі тәртіптердің өзара әрекеттесуі, кдзіргі салттар және олардың кене әдет-салттарымен сабақтастық байланысын аша білу дағдысын игеруі аса маңызды.
Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.
Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оку-тәрбие процесіне кеңінен енгізудің негізгі жолы өткен кезендерде қисынсыз алынып тасталған халыктық жөне табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту екеңдігі арнайы атап көрсетіледі. Халықгың педагогикалық даналығы халықтық тәрбие құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша, кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек.
Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі өніндегі қамқорлық, ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік-эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші багыттарын камтитын аса бай фактілермен танысу болашақ мамаңдарды оқытылатын материалға қызығушылығын, арттырады.
Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен көрініс беретін сабақгар жобаларын кластан тыс жұмыс түрлерін дайындап, өткізу, этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер жұмыстарының бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факульта-тивтер ұйымдастыру, халық педагогтары шығармалары бойынша класс сабақтары циклін ұйымдастыру, тарихи этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғары кластар үшін кештер дайындау, арнайы этнопедагогикалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру жөне өткізу өдістемелері жайлы бірізділікпен баяңдаудың студентті этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мөні ерекше.
ЭТНОПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТУУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН
Ғ. С. Мерғалымова, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Жалпы орта білім беру мектебі №18 (Павлодар қаласы)
Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міндеттердің бірі - болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан - жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт - дәстүрі ен дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған - тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес.
Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл - өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім - тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады.
Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел - жұрт, ауыл - аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім - тәрбиенің түрі. Ендеше халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз.
Міне, сол себептен де халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың өзара сабақтастығы және ұстанымдық - идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі ғылыми педагогика халық педагогикасынан бастау алып, оны ғылыми теориялар тұрғысынан жан - жақты зерттеп, өз керегіне пайдалануда. Әр халықтың қалыптасу, даму тарихында сол халықтың зиялы қауымы шешуші рөл атқарса, ал бүкіл бір мемлекеттің дамуында этностардың өзара байланысының мәні зор.
Әр этностың өзіне тән материалдық мәдени байлықтары және олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Археологтар тапқан мәдени қазба ескерткіштер көмегімен этностар мәдениетінің гүлденуін немесе құлдырауын анық аңғаруға болады. Этнологиялық, этнографиялық тұрғыды қарастырылған зерттеулерге сүйене отырып, этностар мәдениеті жөнінде бүгінгі ұрпаққа тәлім - тәрбие беруге болады.
Сондай зерттеу қорытындылары арқылы әр ұлттың мәдениетіндегі, салт - дәстүріндегі ерекшеліктерді айқын байқау қиын емес. Ал ұлт мәдениеті арқылы келер ұрпақты жан -жақты дамыту мен тәрбиелеу ісі этнопедагогика ғылымының негізгі мақсаты.
Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Г. Волков, К. Кожахметовалардың басқаруымен жарық көрген «Қазақстан » авторлар ұжымы еңбегінде «Біз этнопедагогиканы педагогикалық ғылымдардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырамыз. Ол этнография, этнофилософия, этникалық мәдениет және этнопсихология ғылымдарының тоғысында қалыптасқан педагогика ғылымының бір саласы. Этнопедагогиканың зерттеу пәні отбасі өмірінде және білім беру мекемелеріндегі ұздіксіз іске асатын этникалық сананы, ұлттың психикалық ерекшелігін, мәдениеті, тілі мен дәстүріндегі өзіндік ерекшеліктерді есепке алу деп түсіндіреді. Демек, қазақ этнопедагогикасы ғылым саласында қазақ этносының тарихи даму сатысында оның наным-сенім, мәдениет, тілі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі әсерінен қалыптасқан, қазақтың этникалық тәрбие ерекшеліктерін зерттеу деп түсінуіміз керек екен.
Осындай байланыс тұрғысында білім беру үрдісі күрделі тарихи және этнопедагогикалық құбылыс ретінде қарастырылады. Ол тарихи, әлеуметтік, психологиялық, этномәдениеттік құбылыстар бірлігі, оқушы тұлғасынан қалыптасуы өз этносы және өзіндік ұлттық ерекшеліктері негізінде әлемді қабылдауы болып табылады.
Ең бастысы, халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелерімен заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болған. Демек, қай ғылымның болсын, логикалық құрылымымен бірге тұрақты ғылыми терминдері бар. Олар - шәкірт, ұстаз, оқыту, тәрбие беру, өзін-өзі тәрбиелеу, үлгі-өнеге көрсету, ақыл-өсиет айту, әдеттендіру, жаттықтыру және т. б. ал тәрбие түрлеріне мыналар кіреді: дене, еңбек, экономикалық, ақыл-ой, әсемдік, экологиялық, адамгершілік, ерлікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұл және қыз тәрбиесі.
Профессор С. Қалиев қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерттеп анықтауды П. Плеханов ұсынған төмендегідей әдіснамалық қағидаларды басшылыққа алған жөн деп есептейді. Олар мына төмендегілер:
- Идеялардың (ой-пікірлердің) жалпы қоғамның әлеуметтік даму үрдісіне тәуелді екендігін анықтау;
- Ғылымның, әлеуметтік психологияның, әдебиеттің, өнердің даму тарихын қоғамның даму үрдісімен ұштастыра қарастыру;
- Тарихтың әр кезінде ғылымның даму барысы біркелкі болмайтынын және әр елдің саяси, экономикалық, кәсіби, мәдени психологиялық өзіндік ерекшелігінің бар екенін ескеру.
Сонымен бірге ғылым бұл талаптармен қатар тарихи-педагогикалық зерттеулерге қойылатын маңызды әдіснамалық талаптардың бірі: деректердің барлық түрін кешенді пайдалану, солар арқылы бір-бірін тексеру, толықтыру, барлық деректерді салыстыра отырып жинақтау, оларды зерттеуде шектес ғылымдардың (антропология, әдістер жиынтығын кешенді түрде пайдалану, деректерді талдап, педагогикалық тұрғыда түсіндіру қажет екенін атап көрсетеді.
«Этнос» гректің - ethnos - тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда «халық» тетминінің орнына «этнос» термині орынды қолданыла бастады. Сондай-ақ, біз ғылыми дәйекті анықтама берген таризшы ғалым Л. Гумилев екеніне көз жеткіздік. Л. Гумилев соңғы уақытқа дейінгі этнос ұғымына берілген әр түрлі анықтама-түсініктердің болғанын айта келіп, оларды төмендегідей алты топқа жіктейді.
Біреулер «этнос - тілдің бірлігіне негізделген мәдениеттің тууы» дейді. Үшіншілері «этнос - бір - біріне ұқсас адамдар тобы» дейді. Ал бесіншілері «этнос - белгілі бір қоғамдық формациядағы адамдардың шартты түрде топтасқан тобы» десе, алтыншылары «этнос - табиғаттың сыйы, этнос - әлеуметтік категория» деп жіктеп береді. Тоқтала отырып, халық тәлімінің тарихи кезеңдері шартты түрде 8 кезеңге бөліп қарастырған дұрыс деген пікір білдірген.
Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие. Мұнда тәрбие жас пен жыныс ерекшеліктеріне қарай қоғамдық сипатқа ие болады.
Екінші кезеңді сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлік тәрбие дәстүрлері кезеңі деп атаған. Онда өз ұрпақтарын ерлікке және қол-өнер еңбегіне тәрбиелеуге басымдық танытқан.
Үшінші кезең - Ұлы Түркі қағанаты және оның тәлімдік-танымдық мұрагерлері, бұл кезең 6-9 ғ. ғ. қамтиды деп көрсеткен.
Төртінші кезең - Араб-шығыс мәдениетінің Қазақ даласына тарауы орта ғасыр оқымыстыларының тәлімгерлік ой-пікірлері деп топтап, бұл 10-15 ғ. ғ. қамтиды делінген.
Бесінші кезең - Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім-тәрбие, яғни жыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар.
Алтыншы кезең - Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар және ағартушылық -демократиялық идеялардың өрген жаюы.
Жетінші кезең - Кеңестік дәуірдегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы.
Сегізінші кезең - Егеменді Қазақстан Республикасында ұлттық тәлім-тәрбиенің қайта жандауы.
Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық мәселелерін сөз етпес бұрын біз алдымен этнопедагогикалық түсініктерге берілген анықтамаларға тоқталып, олардың ара-жігін анықтап алуды жөн көрдік.
Өйткені, ұлттық тәлім-тәрбие туралы әңгіме қозғағанда халықтық педагогика деп көп айтамыз. Ал осы халықтық педагогика дегеніміз не? Осыған тоқталып көрелік. Педагогикалық энциклопедияға жүгінсек, онда «халық педагогикасы» деген ұғымды зерттеушілер бір-біріне қарама-қайшы төрт тұрғыдан қарастырып жүр. Олар: 1) халықтың санасына тән рухани құбылыс (феномен) ; 2) әр халықтың педагогикалық тәжірибесі; 3) халықтың педагогикалық ойлары мен іс-әрекетінің бірлігі; 4) халық тәрбиесі туралы ғылым.
Халық педагогикасы дегеніміз - ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау үрдісінің эмпирикалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы.
Халық педагогикасының негізгі түйіні - еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды шеберліктерді жас ұрпақтың бойына дарытып, адамгершілік, имандылық рухында тәрбие беру» деп жазылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz