Я. А. Коменскийдің педагогикаға қосқан үлесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

СӨЖ

Орындаған:
Қабылдаған:

Алматы 2010 ж
Я.А.Коменскийдің педагогикаға қосқан үлесі
Ұлы славян педагогі-гуманисі, жаңа педагогиканың негізін қалаушы Ян Амос Коменский, оның отаны чехия халқы неміс феодалдарының тарапынан ауыр ұлттық езгіге ұшыраған жағдайда болды. Чехия халқы өз бостандығы үшін күреске бас көтерді. Феодализмге халықтың қарсылығы діни-демократиялық, сектанттық қозғалыс сипатында болды.
Осындай демократиялық сектаттық ұйымдардың ішінде ХҮ ғасырдың басында табориттердің діни-коммунистік қауымы болды, осы қозғалыстың атымен аталды (Табор деген қаланың аты). Табориттер Чехиядағы бірден-бір радикалды, гуситтік ұлттық-діни қозғалыстың неміс дворяндары мен католиктік шіркеуге қарсы бағытталған плебейлік қанаты болып табылады. Табориттердің айтуынша, жақын арада "байлар да, жарлылар да болмайтын" күн туады, бәрі де тең болады, жекеменшік болмайды, бәрі де ортақ болады деген болатын-ды.
Я.А.Коменский ата-аналарынан ерте айырылып, ол "чех ағайындары" қауымдастығының қамқорлығының арқасында алғашында бастауыш және орта мектепті бітірді, кейін Гейдельберг университетіне түсіп, онда математикамен айналысты, Коперниктің ілімін оқып-үйренді. Европаның сол кездегі ірі орталықтарының бірі Амстердамда болды. Студент кезінің өзінде, Коменский чех тілінде халқы үшін кітаптар жазды. Ол былай деді: "Ғалымдар үшін ғылымды кітаптарда жасырып қоюға болмайды, себебі білім бәріне де қол жететіндей түсінікті болу керек". Осы демократиялық идеялына Коменский өмірінің соңына дейін берік болды. 1614 жылы отанына оралғаннан кейін, Коменский кезінде орта білім алған мектепте мектеп басшысы болып тағайындалды. Кейіннен "чех ағайындылары" қауымы өздерінің қауымының священнигі етіп сайлайды. Коменский мектепке ерекше көп көңіл бөлді: мұғалімдер мен шәкірттердің қарым-қатынасында гуманистік бастаманы талап етті, мектеп тәжірибесіне білімнің ерекше түсініктілігін қамтамасыз ететін оқытудың тәсілдерін енгізді, оқушыларды табиғатпен таныстыруға, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге, оны тануға қызығуын қалыптастыруға, "чех ағайындары" қоғамының мүшелерінің арасында насихаттауға, ерекше көңіл бөлді. Бұл кезеңде Коменский бірнеше педагогикалық еңбектерді жазуға кіріскен болатынды.
Өзінің тәжірибелік педагогикалық іс-әрекетін ол өткендегі және бүгінгі педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық теорияны зерттеумен, педагогикалық еңбектерді жасауда күшейтілген жұмыстармен ұштастыра білді. 1631 жылы Коменский "Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі" атты оқулығын басып шығарды. Бұл еңбегі автордың есімін кеңінен танытты. 1632 жылы ол өзінің ең негізгі еңбегі "Ұлы дидактика" чех тілінде жарық көрді. 1638 жылы ол еңбек сол кездегі ғылым тілі латын тіліне аударылды. Коменскийдің есімі бүкіл әлемге кеңінен танымал болды.
"Ұлы дидактика" педагогика тарихында педагогика ғылымын теориялық тұрғыдан негіздеген, оқыту теориясы - дмдактикасының негізін қалаған ғылыми еңбек болды. Осы еңбек жарық көргеннен кейін Коменскийді әлемнің көптеген елдері Англия, Германия, Америка, Швеция және т.б. мектеп ісін қайта ұйымдастыру үшін өз елдеріне шақыруға ұсыныс жасаған болатын-ды.
1641-1654 жылдардың аралығында Коменский Англияда, Швецияда және Венгрияда болды, ол онда барлық ғылымдардың энциклопедиясын жасаумен, мектеп реформасын дайындаумен, оқулықтар және оқытудың әдістемесін жасаумен айналысты. Осы уақыттың ішінде ол даярлап және 1648 жылы "Тілдердің жаңа әдісі" деп аталатын еңбегі жарық көрді және негізінен көрнекілік қағидасына негізделіп құрылған атақты оқулығы "Дүниені суреттер арқылы бейнелеу" атты даярланды кейіннен 1658 жылы жарық көрді. Бұл атақты оқулығы кейін дүние жүзінің барлық елдерінде аударылып, жарық көрді. Көптеген ғасырлар бойы ең құнды оқулық ретінде есептеліп келді.
1654 жылы Коменский Лешко қаласына қайта оралды, бірақ швед-поляк соғысы кезінде Лешко қаласы 1656 жылы соғыста қиратылды. Коменский екінші рет өзінің қолжазбаларының, кітапханасының, өз өз мүлкінің көп бөлігінен айырылғаннан кейін, амалсыз Голландияға қайтып кетуге мәжбүр болды, өмірінің соңғы 14 жылын Амстердамда өткізді, онда өз шығармаларын басып шығарды.
Коменскийдің көзқарасының ерекшелігі оның педагогикалық еңбектерінде өзіндік із қалдырды. Еңбектерінде өте прогрессивті идеялармен, ережелерімен қатар жекеленген артта қалған діни көзқарастар мен ойлар кездеседі. Мәселен, ол дүниеге даярлықты тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастырды. Бірақ артта қалған көзқарасы емес, алдыңғы қатарлы, прогрессивті озық көзқарасы Коменскийдің педагогикалық теориясының сипатын айқындайды. Ол өзінің мәні жағынан жалпыға бірдей және өте алдыңғы қатарлы озық идея ретінде көптеген елдерде педагогикалық теория мен педагогикалық тәжірибені одан әрі дамытуда ықпалы ерекше болды.
Гуманизм және демократизм Коменский педагогикасының басты негіздері болып табылады. Коменскийдің барлық өмірі мен еңбектері адамға деген ерекше сеніммен, сүйіспеншілікпен қарауға негізделді. Адам, оның көзқарасы бойынша, бұл "жетілдірілген, керемет құрылым", ол табиғаттан қабілеттіктермен сыйланған, білім берудің ең жоғары сатысына көтерілген. Адамның білім алуға құқы, әрбір адаманың табиғи құқы ретінде қарастырылады. Каменский мектепті "адамгершіліктің шеберханасы" деді.
Каменскийдің айтуынша, барлық балалар жынысына және тегіне қарамастан білім алуға құқылы. Балалар өздерінің қабілеттілігіне, дарындылығына қарай әртүрлі болады. Бірақ, қабілеттілігіндегі өзгешелік Коменскийдің түсіндіруінше, балалардың біреулеріне білім беру үшін айналысуға және басқаларымен сабақтан бұлтаруға негіз бола алмайды. Бұл тек ғана тәрбиешілерді бір сарынды емес, белгілі бір үлгі бойынша емес, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, оқыту мен тәрбиенің нақтылы әдістерін анықтай білуге міндеттейді.
Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, Коменский білім алуға барлық балалардың қолы жетуі қажет деп тұжырымдады. Ол былай деп жазды: "Мектептерге тек ғана байлар мен ауқатты адамдардың балаларын беру ғана жеткіліксіз сонымен қатар барлығын беру керек:атақты және атақсыздардың, байлардың және кедейлердің, ер балаларды және қыздарды барлық қалаларда және жергілікті жерлерде селолар мен деревняларда". Коменский осылай деп жалпыға бірдей оқыту қағидасын тұжырымдады. Ол қыздарды оқытудың қажеттігі жоқ дейтін дәстүрлі көзқарасқа қарсы шықты. Оқыту үрдісінде жалыпға бірдей демократиялық қағидаларды ұсынды.
Коменскийдің негізгі дидактикалық идеялары сенсуалистік сипатта болды: дүниені қабылдау, реализм, көрнекілік қағидасы негізінде тану. Коменскийдің айтуынша, "интеллектіде ең алдымен түйсіктерден басқа ештеңе жоқ". Бұл Беконның сенсуалистік философиясына сәйкес келеді. К.Маркстің сипаттауынша, Бекон "ағылшын материализмінің және бүкіл қазіргі экспериментальді ғылымдардың негізін салушы болды".

Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы.
Коменскийдің айтуынша, дұрыс тәрбие табиғатқа сәйкес болу керек. Сол кездегі кең тараған оқытудың схоластикалық әдістеріне қарсы күресе отырып, ұлы педагог-гуманист өнерде "бәрін барлық ғылымдарға үйрету" табиғаттың нұсқауларынан, заңдылықтарын басшылыққа алу, баланың дара ерекшеліктерін ескеріп отыру керектігіне ерекше мән берді.
Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасқан адам туралы көзқарастарға сүйене отырып, Коменский адамды табиғаттың бір бөлігі деп есептеді және табиғатта бәрі де, адамды қоса есептегенде, табиғаттың бәріне бірдей, әмбебап заңдарына бағындырылған.
Коменский "жалпыға бірдей табиғи әдісті" жасау тұжырымдады, ол негізінен "заттардың табиғатынан" туындайды және оның айтуынша, "адам табиғатына" негізделеді деген болатынды. Сондықтан да, ол өзінің педагогикалық қағидаларын негіздей келіп, ол табиғат құбылыстарын жиі-жиі сілтеме жасап отырды және адам іс-әрекетінен мысалдар келтірді.
Мысалы, оқытуды жалып пәнмен таныстырудан, балалардың оны тұтас қабылдауынан бастау қажет екендігін, одан кейін оқып-ұйренудің жеке бөліктеріне көшуді дәлелдеу үшін, Коменский табиғат барлығын да жалпыдан бастап, жекемен аяқтайды: мәселен, жұмыртқадан балапан шығарғанда, әуелі оның жалпы белгісі пайда болады, содан кейін барып оның жекелеген мүшелері дамиды. Осы сияқты Коменскийдің айтуынша, суретші де солай әрекет жасайды, ол әуелі бейнелейтін заттың жалпы белгісін жасайды, ал содан кейін оның жеке бөліктерін салады.
Бірақ, мынаны ескере кетуіміз керек, адамдардың табиғаты мен іс-әрекетіне жиі сілтеме жасау Коменскийде өзінің педагогикалық қағидаларының дұрыстығын дәлелдеу үшін қолданылған тек ғана өзіндік тәсіл болып табылады. Осындай мысалдар оған өзінің бай педагогикалық тәжірибесін және сол кезден алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені дәлелдеу үшін көмектесті.
Коменский оқыту үрдісінің табиғатына терең бойлады. Баланың психикасымен санаспаған схоластикалық мектепке қарсы болды, ол оқыту үрдісін адам дамуының заңдылықтарын білуге құруға ұмтылды.
Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде қарады. Табиғатқа сәйкес деп, Коменский бойынша, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылған оқыту үрдісі болып табылады.
Коменскийдің барлық педагогикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың шығу және даму тарихы
Педагогика тарихы курсының теориялық әдіснамалық негізі және пәні және міндеті
Мектеп жасына дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі туралы, мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту заңдылығы туралы ғылым
Ян Амос Коменский - Еуропа педагогикасының негізін салушы
Қазақстанда педагогика және әлеуметтік педагогика тарихына үлес қосқан тұлғалар
Ұлттық педагогика
Педагогика мамандығының пайда болуы мен қалыптасуы
Педагогикалық мамандықтың қалыптасуы
Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы
Педагогика – ғылым. Абайдың педагогикалық көзқарастары
Пәндер