Әл-Фараби (870-950)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби (870-950)

Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағының көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл талай азаматтары ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде де әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз - Әбу Насыр Әл-Фараби.

Әл-Фараби түркі тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты-жөнінде 'Тархан' деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені сырға барып құятын өңірдегі Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты жөні Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу-Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында. Сол тұста өмір сүтген зеріттеушілердің қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы ΙΧ ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Отырарға орта ғасыр ғалымдарының көп назар аударғанын біз тарихтан жақсы білеміз. Географиялық көрінісі түрліше бұл өңір суармалы егіншілікпен айналысуға да қолайлы болған. Ғалымдардың айтуынша, Отырар қаласы орналасқан аса құнарлы алқапта қазақ халқының арғы ата-бабалары, қырдағы көшпенділер мен қала тұрғыедары жиі қарым-қатынас, тығыз байланыс жасап отырған екен.

Кеңінен мәлім екі дерек бар: 1218жылы моңғолдар қаланы қиратты, бұл "Отырар апаты" деп аталды: онан соң 1405 жылғы ақпанда мұнда Әмір-Темір қайтыс

болды. Отырар жайында біздің қолымызда Ибн Хаукальдің, Абул Фиданың, қытай деректемелерінің мәліметтері бар. Отырар жөнінде Птоломейде де айтылған. Отырардағы кітапхана, ел аузындағы аңызға қарағанда, кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан соң екінші орында болған.

Бірақ Отырар Қазақстан территориясындағы бірден-бір мәдени орталық еместі. Зерттеушілердің қажырлы еңбегі арқасында республиканың археологиялық картасында басқа да мәдени орталықтар(Тараз, Сауран, Сығанақ, Түркістан, Мерке, Исфиджап және басқа қалалар) болғаны көрсетілген. Сондықтан біз осы территорияны мекендеген тайпалардың сонау арғы заманда қалыптасқан өскелең өнері, қол өнері, ғылыми, түркі тілдес жазуы болған деп қазір батыл айта аламыз. Осы жазба әдебиеттің пайда болған кезін, ол біздің заманымыздан 300-400 жыл немесе одан да көп бұрын уақыт қалыптасты ма деген мәселенің келешекте тарихшылар мен тіл мамандарының анықтауына тура келеді. Міне, сондықтан да қазақ топырағынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр әл-Фараби, Исхақ әл-Отрари, Исмаил әл-Шаухари, жемал әл-Түркістан, әл-Сигнаки, әл-Қыпшақи, Қадірғали Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі мәдени негізде дүниеге келуі әбден табиғи нәрсе. Осынау саңлақтардың ішінде жалпы әлемге әйгілі алып тұлға ретінде көзге көрінетін Әл-Фарабидің орны ерекше.

Ал енді Әл-Фарабидің антика дәстүрімен байланыстылығынан, осының арқасында оның Аристотельден кейінгі екінші ұстаз анықтанып, даңқа бөленгенін айтатын болсақ, Әл-Фараби жастайынан-ақ ұлы Аристотельдің Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да философтарының шығармаларымен түп нұсқасынан танысқаны жөнінде бізде деректер бар. Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде, саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнің көптеген орталықтары; Хорасанда, Бағдадта, Дамаскіде (Шам), Алеппада, Каирда (Мысыр) болған. Өз өмірінің көп жылдарын ол араб халифатының саяси және мәдени орталығы болған Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп толықтырады. Көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абырой- беделге ие болады. Бірақ өресі тайыз кертарпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған, әсіресе олар Әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден емес, бұл дүниеден іздеп табуға мезгейтін еді. Ақыр соңында Әл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді. Өзінің "Фусул ал-мадани"(Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері) деген соңғы шығармасында ол: адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс дейді. Әл-Фараби александриялық (мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын Дамаскіде өткізеді, мұнда ол солтүстік ің ойын ұғып, қуанғанынан қайыршыларға садақа үлестіргені жайлы жазған екен. Анығырақ айтсақ Аристотель шығармалары сол кездің араб тіліне аударылып үлгергенді. Араб шығысында Аристотельдің кейбір құнды ойлары бұрмаланып көрсетілді. Фараби Аристотельдің философиясына түсініктемелер жаза отырып, өз тарапынан да "Ғылымдардың шыңуы", "Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбесі", "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы", "Музыканың үлкен кітабы", "Философияны аңсап үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы", "Ақылдың мәні туралы", "Әлеуметтік этикалық трактаттар", "Философиялық трактаттар", т. б. сияқты көптеген философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымның философиялық-логикалық ірге тасын дұрыстап қайта қалап шықты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы логика, психология, география, этика т. б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше зор. Фараби осындай дүниежүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, иран, үнді, антика мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Дәл сондықтан да ол тайыз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле біліп, өзінің ойлау жүйесін сындарлы да икемді ете білді.

Әл-Фарабиді дүниеге танытқан музыка теориясына арналған шығармаларының бірі "Музыканың үлкен кітабы" еңбегі болып табылады. Ғұлама бұл еңбекте математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын ғана жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыкант ұлы бабамыз Әбу-Насыр әл-Фараби десек біз қателеспеген болар едік. Оған бірнеше ғылыми дәлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куа бола алады. Оның шебер орындаушылығы жөніндешығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыздар да бар.

Фарабидың бүл кітабы музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиямен байланысына дейінгі "музыкалық ғылымның"мәселелеріне ғана арналмай, музыканың этикалық-теориялық принциптерін шешуге бағыталған. Музыка зерттеу саласындағы еңбектерінде Фараби музыканың емдік қасиетін, жағымды әсерін, жан-жақты дәлелдейді, сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Адамның музыка шығару қабілеттілігі дарындылығы дәрежесінің әр түрлі сатысын көрсетіп, адамның жан дүниесіне жағымды, жағымсыз әсер ететін музыкалық жанрларға талдау жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл-Фараби өмірі
Әбу Насыр Әль Фараби жайлы ақпарат
Ислам философиясы қашан пайда болды
Фараби - алғашқы ислам философы және ислам философиясын қалаушы
Әбу Насыр Әл - Фараби (870 - 950)
Мәдениет туралы түсінік. Материалды және рухани мәдениет
Фараби Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби
Сопылық ілім
Ортағасырлық Түркі ойшылдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz