Кәсiпорындардың (ұйымдардың) тауарлық-материалдық қорларының есебi, талдауы мен аудитi


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Кәсiпорындардың (ұйымдардың) тауарлық-материалдық қорларының есебi, талдауы мен аудитi»

Мазмұны:

беттер

Кiрiспе 3

Ι. Тауарлық-материалдық қорлардың бухгалтерлiк есебiн
ұйымдастырудың теориялық негiздерi 7

  1. Тауарлық-материалдық құндылықтар жөнiнде түсiнiк,

олардың жiктелуi мен бағалануы 7

  1. Тауарлық-материалдық қорлардың синтетикалық

және аналитикалық есептерi, үздiксiз және кезеңдiк

есеп жүйелерi 18

  1. Тауарлық-материалдық қорлар қозғалысының құжатталуы,

қоймадағы және бухгалтериядағы материалдар есептерiнiң

ұйымдастырылуы 29

ΙΙ. Тауарлық-материалдық қорлар есебiнiң аудитi

мен талдауы 39

2. 1. Материалдық қорлар есебiнiң аудитi 39

2. 2. Дайын өнiмдер мен аяқталмаған өндiрiс есебiнiң аудитi 48

2. 3. Тауарлық-материалдық қорлармен қамтамасыз етiлу мен

олардың ұтымды пайдаланылуын талдау 57

ΙΙΙ. Халықаралық стандарттарға көшу жағдайында

материалдық қорлар есебiнiң қаржылық нәтиженiң

қалыптасуына әсерi 68

3. 1. Тауарлық-материалдық қорлар есебiнiң кәсiпорынның

қаржылық нәтижесiне әсер ету мәселелерi 68

Қорытынды 75

Пайдаланылған әдебиеттер 79

Қосымша беттер 82

Кiрiспе

Бүгiнгi күнi Қазақстан Республикасының экономикасы әртүрлi меншiктiк-құқықтық нысандарындағы қызмет атқарушы ұйымдардың көптүрлiлiгi ретiнде сипатталады. Кәсiпкерлiктiң жаңа түрлерiнiң пайда болуы жалпы халық шаруашылығының барлық салаларын қамтиды. Нарықтық қатынастардың дамып, нығая түсуi мен өзара бәсекелестiктiң ерекше қарқын алуы кәсiпкерлерге қойылатын талаптарды күрделендiруде. Қазiргi кезең талабына сәйкес ақпараттың уақыттылығы, сенiмдiлiгi, мәндiлiгi, маңыздылығы шешушi роль атқарып отыр. Кәсiпкерлiк қызметтiң жүзеге асырылуы мен оның нәтижелерi жөнiндегi мәлiметтердi жинап, өңдеп, пайдаланушылардың ақпараттық қажеттiлiгiн қамтамасыз етушi бiрден-бiр жүйе - бухгалтерлiк есеп.

Бухгалтерлiк есеп жүйесi дегенiмiз - кәсiпкерлер мен ұйымдардың операциялары мен жағдайлары жөнiндегi ақпаратты жинау, тiркеу және топтастыру жүйесi болып табылады1. Қазақстан Республикасының резиденттерi болатын мiндеттi тiркеуден өтуi қажет заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер және де Қазақстан Республикасында тiркелген, бiрақ резиденттер болып саналмайтын заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлеттiлiктерi бухгалтерлiк есеп жүргiзуге және қаржылық қорытынды есептi құрастырып, сәйкес орындарға тапсыруға мiндеттi. Бұл кәсiпкерлер мен ұйымдар бухгалтерлiк есептi жүргiзуде және қаржылық қорытынды есептi құрастыруда заңдық және әртүрлi нормативтiк-құқықтық негiздерге сүйенедi. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық қорытынды есеп жөнiндегi» заңын, Халықаралық қорытынды есеп стандарттарын, Ұлттық есеп стандарттарын, Бухгалтерлiк есептің Типтiк шоттар жоспарын атауға болады.

Бухгалтерлiк есеп - экономикалық ғылымдар iшiндегi өз алдына бөлек зерттеу пәнi бар, оны зерттеп, талдайтын, даму жолдарын анықтайтын, шаруашылық есептің ұйымдастырылуы мен орындалуын жүйелендiретiн әдiс-тәсiлдерi бар ерекше ғылыми сала. Мұндағы зерттеудiң негiзгi объектiлерi - шаруашылық қорлары мен олардың қорлану көздерi. Яғни, бухгалтерлiк есеп жүйесiнiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi - әрбiр ұйымның шаруашылық қорлары мен қорлану көздерiнiң нақты қалдықтары мен олардың қозғалысының есебiн қажеттi талаптар көлемiнде ұйымдастыру. Ұйымдардың өнiмдер өндiрудегi (қызметтердi атқару, жұмыстарды орындаудағы) аса маңызды объектiлерi - шаруашылық қорлары болып табылады. Шаруашылық қорлар құрамына негiзгi құралдар, материалды емес активтер, тауарлық-материалдық игiлiктер, ақша қаражаттары, инвестициялар, дебиторлық қарыздар кiредi. Тауарлық-материалдық құндылықтар олардың iшiндегi ең бiр көлемдiсi болып табылады, себебi, бұл игiлiктер өндiрiлетiн өнiмнің материалдық негiзiн құрастырады, өндiрiлiп шығарылатын дайын өнiмдердің өзiндiк құнының басым бөлiгi ретiнде олардың бағасын анықтауға негiз болады.

Қазiргi нарықтық қатынастардың дамуы барысында халықаралық сауда қатынастарының жоғарғы деңгейде дамуына байланысты елiмiзге импортталынатын тауарлық-материалдық игiлiктердің түрлерi көбейе түстi. Өндiрiлетiн өнiмнің санына ғана емес, ендi бiрiншi кезекте сапасына көбiрек көңiл бөлiнедi. Мұның барлығы бүгiнгi күнi бухгалтерлiк есеп жүйесiнен тауарлық-материалдық құндылықтар есебiн ұйымдастыруда ерекше мұқияттылықты талап етедi.

Бухгалтерлiк есеп және есеп беру жүйесiнiң халықаралық стандарттарға сәйкестендiрiлуi бiрнеше кезеңдерге бөлiнiп жүзеге асырылатын болса да биылғы жылдың өзiнде бiрiншi кезекте халықаралық стандарттарға көшуге тиiстi шаруашылық субъектiлерi үшiн кезек күттiрмес мәселелер өте көп. Яғни, есеп жүесiнiң маңызды бiр бөлiгi ретiнде тауарлық-материалдық қорлар есебiн халықаралық талаптарға сәйкес жүргiзу қажеттiгi туындайды.

Жоғарыда аталған жағдайлардан тауарлық-материалдық құндылықтардың ұйымдарға негiзгi қызмет түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн қорлар болатыны көрiнедi. Яғни, тауарлық-материалдық игiлiктердің бухгалтерлiк есебiнiң дұрыс ұйымдастырылуы және олардың дұрыс бағаланылуы мен ұтымды қолданылуы мәселелерi тереңiрек зерттеудi талап ететiн өзектi тақырыптардың бiрi болады.

«Кәсiпорындардың (ұйымдардың) тауарлық-материалдық қорларының есебi, талдауы мен аудитi» тақырыбында дипломдық жұмыс жазудағы басты мақсатым тауарлық-материалдық құндылықтардың қолданылуының есебiн ұйымдастыру, оларды аудиторлық тексеру мен талдау мәселелерiнiң теориялық және практикалық негiздерiн зерттеу болып табылады.

Зерттеу жүргiзу мақсатында төмендегiдей мiндеттер қойдым:

  • тауарлық-материалдық құндылықтардың есебiн жүргiзудi реттеушi нормативтiк-құқықтық негiздерге сәйкес тауарлық-материалдық қорлардың экономикалық мәнi мен маңызын ашу;
  • тауарлық-материалдық игiлiктердің жiктелуi мен бағалануының ерекшелiктерiн қарастыру;
  • ұйымдардың тауарлық-материалдық игiлiктермен қамтамасыз етiлуiн және олардың тиiмдi пайдаланылуын зерттеу;
  • тауарлық-материалдық игiлiктер есебi бойынша аудиторлық тексеру жүргiзудiң маңызын қарастыру;
  • материалдық қорлармен қамтамасыз ету мен ұтымды жұмсалуын талдау;
  • дайын өнiмдер мен аяқталмаған өндiрiс есептерiн ұйымдастыру ерекшелiктерiн қарастыру;
  • халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттарына көшуге байланысты тауарлық-материалдық құндылықтар есебiнiң ерекшелiктерiн зерттеу.

Бұл мақсаттарға қол жеткiзу үшiн негiзгi нормативтiк-құқықтық актiлермен қатар отандық және шет елдiк авторлар еңбектерiн пайдаланбақпын, мысалға, В. В. Радостовец, В. Ф. Палий, Б. Нидлз, Ч. Т. Хорнгрен және т. б.

Тауарлық-материалдық игiлiктер есебiнiң практикалық мәселелерiн қарастыру үшiн жұмысты жазу барысында «Нур-ер» жауапкершiлiгi шектелген серiктестiктiң нақты деректерiн пайдаланбақшымын.

«Нур-ер» жауапкершiлiгi шектелген серiктестiк Алматы облыстық заң мекемесiнде қайта тiркеудiн өткен, заңды тұлға ретiнде тiркелгендiгi жөнiнде 6420-1909 куәлiгi берiлген. Ұйымдық-меншiктiк нысаны бойынша жеке меншiктегi серiктестiк болып табылады. Негiзгi қызмет түрi - контейнерлер мен әртүрлi ыдыс-сиымдылықтарын бектiту-пломбалау мақсатында қолданылатын құрылғыларды өндiру.

Ι. Тауарлық-материалдық қорлардың бухгалтерлiк

есебiн ұйымдастырудың теориялық негiздерi

  1. Тауарлық-материалдық құндылықтар жөнiнде түсiнiк,

олардың жiктелуi мен бағалануы

Өндiрiс процесiнiң басты объектiлерi еңбек құралдары мен еңбек заттары болып табылады. Еңбек заттарының еңбек құралдарынан айырмашылығы, олар өндiрiс процесiнде технологиялық өңдеуден өткiзiледi, яғни өндiрiске бiр рет ғана қатысып, өндiрiлетiн өнiмнің материалдық негiзiн құрайды және де олардың өзiндiк құнына қосылады. Сол себептi оларды айналымдағы активтер ретiнде есепке алады. Материалдық шығындардың сонымен қатар, өнiмнің өзiндiк құнынындағы үлес салмағы өте үлкен. Кейбiр өндiрiс салаларында олар жалпы шығындардың 90%-iн құрайды.

Материалдық қорлардың сатылып алынуы, сақталуы мен пайдаланылуының есебi ұйымдардың жалпы бухгалтерлiк есеп жүйесiнiң маңызды бөлшегi болады. Өндiрiлетiн өнiм түрлерiнiң жылдам өзгертiлуi, материалдық қорларды жеткiзiп берушiлердің тез алмасуы, экономикадағы тауарлық-материалдық қорлардың бағасының жиi құбылмалылығы олардың есебiн ұйымдастыру маңызын арттыра түседi.

Отандық есеп жүйесiнде тауарлық-материалдық игiлiктер есебi 7 «Тауарлық-материалдық қорлар есебi» стандартына сәйке жүзеге асырылды. Тауарлық-материалдық қорлар дегенiмiз - бiрiншiден, шикiзат қорлары, материалдар, сатылып алынған жартылай фабрикаттар мен құрастырушы бөлшектер, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, өндiрiсте пайдалануға, немесе қызмет көрсету мен жұмыстарды орындауда пайдалануға арналған басқа да материалдар түрiндегi; екiншiден, аяқталмаған өндiрiс түрiндегi; ұшiншiден, сатуға бағытталған дайын өнiмдер мен тауарлар түрiндегi активтер2.

Тауарлық-материалдық қорлар есебiн ұйымдастырудың негiзгi мiндеттерi төмендегiдей: қорлардың толық және уақыттылы кiрiске алынуы мен сақтау орындарындағы сақталуын бақылау; қорлардың қозғалысы бойынша барлық оперцияларды уақыттылы және толық құжаттарға тiркеу; дайындау-тасымалдау шығындары мен дайындалған қорлардың нақты өзiндiк құнының уақыттылы және дұрыс анықталуы; дайындау-тасымалдау шығындарының өндiрiс немесе айналыс шығындары құрамына дұрыс және бiрқалыпты қосылуын бақылау; қоймадағы қорлардың жағдайын бақылау; iшкi ресурстарды жұмылдыру мақсатында ұйымдарға қажет емес материалдық қорларды анықтау және сату; олардың қалдығы жөнiндегi және олардың сақталу орындарындағы қозғалыстары бойынша нақты мәлiметтердi алу.

Тауарлық-материалдық құндылықтардың есебiнiң тиiмдi ұйымдастырылуының басты шарттары олардың дұрыс жiктелуi мен бағалануы. Өндiрiс процесiндегi функционалдық ролi мен бағытталуына қарай барлық қорлар негiзгi және көмекшi болып екiге бөлiнедi. Негiзгi материалдар өндiрiлетiн өнiмге заттай кiрiп, оның материалдық негiзiн құрайды. Көмекшi материалдар өндiрiлетiн өнiмдер құрамына кiретiн, бiрақ негiзгi материалдармен салыстырғанда олардың материалдық негiзiн құрамайтын, керiсiнше, материалдарға қосымша бөлшектер ретiнде өнiмге тән сапалық сипат берушi материалдық қорлар болып табылады.

Тауарлық-материалдық қорлардың физикалық қасиеттерi мен экономикалық мақсатына байланысты, түрлерi мен өлшемдерiне байланысты әртүрлi топтарға, топшаларға бiрiктiруге болады. Олардың ұтымды топтастырылуы Типтiк шоттар жоспарында3 жеке шоттар бойынша көрсетiлген. Тауарлық-материалдық қорлардың Типтiк шоттар жоспарының 2-шi «Тауарлық-материалдық қорлар» бөлiмiнi» 20-шы «Материалдар», 21 «Аяқталмаған өндiрiс» және 22 «Тауарлар» бөлiмшелерiнде төмендегiдей қүндылықтар түрлерi есепке алынады: 1) 20-шы «Материалдар» бөлiмшесi бойынша:

201 «Шикiзаттар мен материалдар» шотында өндiрiлетiн өнiмнің негiзiн құрастыруға қажеттi шикiзаттар мен материалдар, сонымен қатар, өнiмге сапалық сипаттама берушi көмекшi материалдар есепке алынады.

  1. «Сатылып алынатын жартылай өнiмдер мен құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер» шоты өндiрiлетiн өнiмдердi толық құрастыру мақсатында сатылып алынатын құрастыру бөлшектерi мен жартылай дайын өнiмдер есебiн жүргiзедi.
  2. «Отын» шотында мұнай өнiмдерiнiң, қатты және басқа да отын түрлерiнiң есебi ұйымдастырылады.
  3. «Ыдыс және ыдыстық материалдар» шоты барлық түрдегi ыдыстар есебiн жүргiзуге арналғанымен мұнда шаруашылық мүлiктерi болып табылатын (цистерналар, флягтар) жабдықтар және ыдыстарды дайындау мен жөндеуге арналған материалдар мен бөлшектер есепке алынбайды.
  4. «Қосалқы бөлшектер» шоты машиналар мен жабдықтарды», көлiк құралдарының және басқа техника түрлерiнiң тозған бөлшектерiн алмастыруға және оларды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер есебiне арналған.
  5. «Басқа да материалдар» шотында өндiрiс қалдықтары, жөнделмейтiн ақау, негiзгi құралдарды бұзып-бөлшектеуден алған материалдар есептеледi.
  6. «Өңдеуге берiлген материалдар» шоты сырт жаққа өңдеуге жiберiлген материалдар есебiн жүргiзедi.
  7. «Құрылыс материалдары» шотында тiкелей құрылыс және орнату процестерiнде пайдаланылатын, немесе құрылыстық бөлшектердi дайындауға қажеттi құрылыс материалдары есепке алынады. Бұл шотты негiзiнен құрылыс салумен айналысушы ұйымдар қолданады, және де осы шот бойынша субшоттарда олар құрылыс мақсатында қажеттi, мысалға, қопарғыш заттар түрiндегi басқа да құндылықтарды да есепке алады.

Бухгалтерлiк есеп жүйесiнiң қаржылық және басқару бухгалтериясы болып екiге бөлiнуiмен байланысты өндiрiстiк шығындар есебiн жүргiзудiң өзiндiк ерекшелiктерi бар. Басқару бухгалтериясы есептi кезеңдегi өндiрiстiк шығындарды және өндiрiске қызмет көрсету шығындарын есепке алумен, өнiмдердің өзiндiк құнын анықтау және жалпы жұмсалынған шығындардың дайын өнiмдер мен аяқталмаған өндiрiс ретiнде есепке алынуымен, сонымен қатар, өндiрiстi, жалпы шаруашылықты басқару шешiмдерiн қабылдаумен айналысады. Есептi кезең соңында өндiрiлген дайын өнiмдер және аяқталмаған өндiрiс жөнiндегi мәлiметтер өндiрiстiк бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға берiлiп, кәсiпорын балансында көрсетiледi. Аяқталмаған өндiрiс шығындары Типтiк шоттар жоспарының 21 «Аяқталмаған өндiрiс» бөлiмшесiнде есепке алынады. 2) 21 «Аяқталмаған өндiрiс» бөлiмшесi бойынша:

211 «Негiзгi өндiрiс» шотында кәсiпорынның негiзгi өндiрiсiнiң дайын өнiм ретiнде аяқталмаған шығындарының қалдығы есепке алынады;

212 «Өз өндiрiсiндегi жартылай өнiмдер» - шотында кәсiпорындағы негiзгi өндiрiске қосымша жартылай өнiмдер өндiрiсiнiң аяқталмаған шығындарының қалдығы көрсетiледi;

213 «Көмекшi өндiрiс» - бұл шотта негiзгi өндiрiске қызмет көрсетушi көмекшi цехтардың аяқталмаған шығындарының қалдықтары есепке алынады.

Тауарлар дегенiмiз - сатуға арналған дайын өнiмдер. Дайын өнiмдер негiзгi және көмекшi өндiрiстердің сатуға арналған өнiмдерi. Олар өндiрiлiп аяқталған, жинақталған, техникалық шарттар мен стандарттарға сәйкес, техникалық бақылау қызметтерiмен қабылданған, сапасын сипаттайтын паспорты, сертификаты бар, қоймаға, немесе тапсырыс берушiге өткiзiлген, қабылдау актiсiмен құжатталған болуы қажет. 3) 22 «Тауарлар» бөлiмшесi бойынша:

221 «Дайын өнiмдер» шотында негiзгi және көмекшi өндiрiстердің аяқталған дайын өнiмдерi есепке алынады;

222 «Сатып алынған тауарлар» шоты сату мақсатында сатылып алынған тауарлардың есебiн жүргiзедi;

223 «Басқа тауарлар» шотында сату мақсатындағы басқа да шоттар есептеледi.

Жоғарыда келтiрiлген тауарлық-материалдық құндылықтар өз iшiнде олардың түрлерi, сорты, маркiлерi, көлемдерiне байланысты жiктеледi. Олардың әрқайсысының атауына, сорты, өлшемiне қарай номенклатуралық реттiк сан берiледi және бұл реттiк сандарды «номенклатуралық баға көрсеткiш» деп аталатын арнайы реестрге жазады. Бұл реестрде олардың тұрақты есептi бағасы мен өлшем бiрлiгi де көрсетiледi. Есеп жүйесiнде электронды есептеу машинасы пайдаланылған жағдайда бұл реестрде көрсетiлетiн мәлiметтердi қосымша көрсеткiштермен толықтыруға болады, мысалы, олардың нормасын, жинақтамалы және талдамалы есеп шоттарын және басқа тұрақты көрсеткiштер келтiруге болады.

Тауарлық-материалдық қорлар есебiндегi ерекше маңызды мәселе олардың бағалануы. Бухгалтерлiк есепте материалдық қорлар нақты өзiндiк құны бойынша бағаланады. Сатылып алынған материалдық қорлардың нақты өзiндiк құны дегенiмiз қосылған құн салығы мен басқа да өтелетiн салықтарды есепке алмағандағы оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындар сомасы болып табылады. Кәсiпорынның өзiнде өндiрiлетiн материалдық қорлардың нақты өзiндiк құны сол материалдарды өндiруге жұмсалған нақты шығындар сомасын құрайды. Үлес қосушылардың кәсiпорынның жарғылық қорға қасқан үлесi ретiнде келген материалдық қорлар үлес қосушылардың шешiмдерiне сәйкес келiсiлген құны бойынша бағаланады. Кәсiпорынға тегiн, сый ретiнде келген тауарлық-матреиалдық қорлар оларды кiрiске алу мерзiмiндегi бекiтiлген нарықтық бағасы бойынша, ал басқа материалдар түрiне ауыстырылған игiлiктер айырбасталған материалдың құнына қатысты бағаланады.

Тауарлық-материалдық қорлар өзiндiк құны мен таза сату құны арасындағы ең төменгi мәнi бойынша бағаланады4. Олардың өзiндiк құны төмендегiдей шығындардан тұрады: тауарлық-материалдық қорлады сатып алу шығындары - сатып алу құны, өтелмейтiн кедендiк баж және басқа да өтелмейтiн салықтар сомасы, дайындау шығындары; өңдеу шығындары - дайын өнiмдердi өндiрумен байланысты шығындар, мұнда шикiзаттарды дайын өнiм ретiнде өңдеумен айналысушы жұмысшылардың еңбек ақы және әлеументтiк сақтандыру шығындары, өңдеу барысында орын алған тұрақты және айнымалы үстеме шығындардың жүйелi түрде бөлiнуi кiредi; тауарлық-материалдық қорларды тасымалдап жеткiзу мен оларды қажеттi қалыпқа келтiрумен байланысты шығындар.

Тауарлық-материалдық қорлардың өзiндiк құнына төмендегiдей шығындар түрлерi кiрмейдi: материалдар мен жұмысшы күшiнiң нормадан артық жұмсалған мөлшерi және басқа жоспарланбаған өндiрiс шығындары; технологиялық процесте көрсетiлмеген материалдық қорларды өндiрiс кезеңдерi арасындағы сақтаумен байланысты шығындар; әкiмшiлiк-басқару шығындары; сатумен байланысты шығындар.

Тауарлық-материалдық құндылықтарды өзiндiк құны бойынша бағалаудың төмендегiдей төрт әдiсi пайдаланылады;

  1. тұтас идентификациялау әдiсi - нақты шығындарға негiзделген әдiс, материалдардың нақты мөлшерiнiң құнын анықтауға пайдаланылады;
  2. орташа келтiрiлген құны бойынша бағалау әдiсi - әрбiр материал құны жалпы орташа құн бойынша бағаланады;
  3. алғашқы сатылып алынған материалдар бағасы бойынша бағалау әдiсi - бiрiншi кезекте алынған қорлардың құны бiрiншi кезекте өзiндiк құнға қосылуы қажет;
  4. соңғы кезекте алынған материалдар бағасы бойынша бағалау әдiсi - соңғы кезекте алынған материалдар құны бiрiншi кезекте өзiндiк құнға жатқзылуы қажет.

Осы келтiрiлген материалдардың өзiндiк құнын бағалаудың төрт әдiсiн «Нур-ер» жауапкершiлiгi шектелген серiктестiгi бойынша қарастырайық, мұндағы материалдық қорлардың мөлшерi төмендегi кестеде берiлген:

Кесте 1

2004 жылдың бiрiншi жарты жылы бойынша

таурлық-материалдық қорлар жөнiндегi деректер

Мерзiмi: Мерзiмi
Көрсеткiштер: Көрсеткiштер
Саны: Саны
Бағасы(теңге есеб. ):

Бағасы

(теңге есеб. )

Жалпы құны (теңге есеб. ): Жалпы құны (теңге есеб. )
Мерзiмi: 01. 01. 04.
Көрсеткiштер: Бастапқы қалдық:
Саны: 250
Бағасы(теңге есеб. ): 230
Жалпы құны (теңге есеб. ): 57500
Мерзiмi: 25. 02. 04
Көрсеткiштер: Сатып алынды:
Саны: 100
Бағасы(теңге есеб. ): 260
Жалпы құны (теңге есеб. ): 26000
Мерзiмi: 15. 03. 04.
Көрсеткiштер:
Саны: 400
Бағасы(теңге есеб. ): 280
Жалпы құны (теңге есеб. ): 112000
Мерзiмi: 28. 03. 04.
Көрсеткiштер:
Саны: 100
Бағасы(теңге есеб. ): 260
Жалпы құны (теңге есеб. ): 26000
Мерзiмi: 15. 04. 04.
Көрсеткiштер:
Саны: 300
Бағасы(теңге есеб. ): 280
Жалпы құны (теңге есеб. ): 84000
Мерзiмi: 16. 05. 04.
Көрсеткiштер:
Саны: 200
Бағасы(теңге есеб. ): 300
Жалпы құны (теңге есеб. ): 6
Мерзiмi:
Көрсеткiштер: Барлық бостауға дайын материалдар:
Саны: 1350
Бағасы(теңге есеб. ):
Жалпы құны (теңге есеб. ): 365000
Мерзiмi:
Көрсеткiштер: Сатылған материалдар:
Саны: 1000
Бағасы(теңге есеб. ):
Жалпы құны (теңге есеб. ):
Мерзiмi:
Көрсеткiштер: Материалдар қалдығы:
Саны: 350
Бағасы(теңге есеб. ):
Жалпы құны (теңге есеб. ):

1) Тұтас идентификация әдiсi (specific identification method) бойынша мынандай шарттарды қабылдайық: 15. 03 - толығымен, ал 01. 01; 15. 04; 16. 05. мерзiмдерiндегi сатылып алынған материалдардан - 200 данадан сатылған. Яғни, материалдардың қоймада қалған 350 данасының құны 91500 теңгеге тең болады, ол келесi түрде анықталады:

50*230+100*260+100*260+100*280 = 91500тг; ал сатылған материалдар құны 274000 теңгеге тең болады, себебi: 200*230+400*280+200*280+200*300 = 274000тг. Ал бұл екi соманың қосындысы жалпы сатуға дайын болған материалдардың құнын көрсетедi: 1350 дана материалдар 365500 теңге тұрады, яғни, 91500+274000 = 365500тг. Бұл әдiстi құны жоғары өнiмдердi сату барысында пайдаланған тиiмдi, мысалы, зергерлiк бұйымдар сатуда, автокөлiк құралдарын сатуда, ауыр машина жасау жабдықтарын сатуда қолданған тиiмдi. Тұтас идентификация әдiсiнiң кеңiнен пайдаланылмауының себептерi мынада: бұл әдiс сатылып алынып жатқан материалдар қорларына бақылау жасауға мүмкiндiк бермейдi; және де бiртиптес материалдар сатумен айналысатын кәсiпорындар үшiн қандай тауарлардың сатылғандығын, қайсыларының сатылмағандығын анықтау қиынға түседi.

2) Орташа келтiрiлген құн әдiсi (average-cost method) бойынша орташа құн сатуға дайын материалдардың жалпы өзiндiк құнын олардың санына бөлу арқылы анықталады. Жоғарыда қарастырып отырған мысал бойынша өнiм бiрлiгiнiң өзiндiк құны 270, 74 теңгенi құрайды, (365500 мың тг. /1350 дана өнiм) . Яғни, сатылған материалдардың өзiндiк құны 1000*270, 74 = 270740 тг. Ал қалған материалдар құны 350*270, 74 = 94760 тг. Орташа келтiрiлген құн бойынша бағалау әдiсiнде барлық материалдардың бағалары есепке алынады да ол бағаның өсуi мен төмендеуiн өзара сәйкестендiредi.

3) ФИФО - алғашқы сатылып алынған материалдар бағасы бойынша бағалау әдiсi (first-in, first-out method - FIFO) бойынша алғашқы кезекте босатылған материалдар бiрiншi келген материалдар бағасымен бағаланады. Яғни, 1000 дана босатылған материалдар құны 250*230+100*260+400*280+100*260+150*280 = 263500тг., материалдар қалдығының құны 150*280+200*300 = 102000тг. ФИФО әдiсiнiң қолданылуы бағаның тұрақты өсуi жағдайында таза табыстың ең жоғарғы мөлшерiне қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi, ал бағаның кемуi жағдайында керiсiнше, табыс сомасы азаяды. Бұл әдiстiң негiзгi сипаттамасы бойынша бұл әдiс табыс мөлшерiне экономикалық даму жағдайының әсерiн жоғарылатады.

  1. ЛИФО - соңғы кезекте сатылып алынған материалдар құны бойынша бағалау әдiсiне сәйкес (last-in, first-out method - LIFO) бiрiншi сатылған материалдардың құны соңғы кезекте келiп түскен материалдар бағасы бойынша бағаланады және ол 282000 тг. тең болады: {200*300+300*280+100*260+400*280}; ал қоймада қалған материалдар қалдығының құны 83500 тг. тең. ЛИФО әдiсiн пайдалану инфляциялық кезеңдерде аз мөлшердегi пайда сомасын, ал керiсiнше жағдайда пайданы жоғарылатып көрсетедi.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлық-материалдық құндылықтар жөнiнде түсiнiк, олардың жiктелуi мен бағалануы
Сомасы ағаш шығыны опилка шығыны
Қаржылық есеп, талдау және аудит
Тауарлы-материалдық қорларды бағалау
Қысқа мерзімді активтер есебі
Кәсіпорынның жарғылық капиталға
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттармен болатын операцияларының есебі
JPK Corporation ЖШС
Негізгі құралды кәсіпорын ішінде ауыстыру
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы және шаруашылық қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz