АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ


2 АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
2. 1 Ауыл мектептеріндегі оқушылардың рухани-адамгершілік
тәрбиесінің мазмұны
Рухани-адамгершілік тәрбиесі адамзат қоғамының барлық кезеңінде де өзекті мәселе болған. Әр тарихи дәуірде өмірдің әр кезеңіне байланысты қоғамның мақсаты мен құндылықтары да өзгеріп отырды. Рухани-адамгершілік туралы тарихи дамуды зерделесек философиялық, психологиялық және педагогикалық ғылымдар саласында жан-жақты зерттелгенін байқадық.
Ауыл мектептерi - жас ұрпақ бойындағы жоғарғы адами құндылықтарды дамытуды, ізгілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, инабаттылыққа және әдептілікке баулуды көздейді. Ал, жасөспірімнің рухани-адамгершілік қасиеттері адамгершілік түсінік пен адамгершілік мінез-құлықтың, яғни, адамгершілік қарым-қатынас пен іс-әрекетттің бірлігінен қалыптасады. Мектеп оқушысының рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына тәрбиемен қатар оны қоршаған орта да әсер ететіні белгілі. Қазіргі жағдайда оларға өзінің айналасындағы жақындары отбасының және жеке топтардың әсері ғана емес, сонымен бірге қоғамның бүкіл ахуалы, дүние жүзілік қоғамдастықтың өмір сүру, тіршілік ету амал-тәсілдері ықпал жасайды.
Өткен XX ғасыр ғылымды, техниканы, технологияны және космосты игерудегі ірі жетістіктерімен және мәдениет, әдебиет, өнер саласындағы құндылықтарды байытумен тарихта елеулі із қалдырды. Екінші жағынан адам баласын рухани дағдарысқа ұшыратқан халықаралық терроризм, ядролық, экологиялық апаттардан, ұлтаралық және діни қарама-қайшылықтар, рухани-адамгершілік құндылықтар дағдарысқа ұшырауына әкелді. Мұның бәрі адамзаттың білім алып, дамуымен байланысты еді. Бұл жайттардың Қазақстан Республикасында адамзатты рухани-адамгершілік құндылықтар дағдарысынан құтқаруға арналған жаңа көзқарастар мен идеялардың болуын көздеп, бүгінгі өмір сүріп отырған болашақ ұрпақ алдында өзінің жауапкершілігін арттырып, сезіндіруде.
Ауыл мектептеріндегі оқу-тәрбие берудің дағдарысты жағдайларының басты себептері:
1. Тәрбие заңдылықтарының теориялық негіздеуінің біршама әлсіздігі, педагогикалық ой-пікірлердің үнемі дамуына кедергі жасады. Себебі кеңестік педагогика дәуірі толығымен Маркстік теорияға бағытталатын идеологиямен сипатталды. Ал, оның қағидасы тәрбие саласында негізінен кеңес адамын қалыптастыру мақсаты көзделгені белгілі. Мемлекеттік партиялық мүдде адам мүддесінен жоғары қойылып, атеистік көзқарас басым болды да білім және тәрбие беру мазмұнының негізгі бағытына алынды
2. Идеологияландыру идеясы Отандық мектеппен педагогиканы әлемдік педагогикалық теория мен тәжірибеден үнемі оқшау ұстап, бөлектеу жүзеге асырылды. Онда білім тәрбие саласындағы шетелдік жетістіктерді қолдану мен талдау болмады. Мұның өзі оқу-тәрбие әлемдік жетістіктерден мүлде алшақтап, тек өзінің мадақталуына, беделінің жоғарылығына әкеп соқты.
Сол кездегі педагогикалық ықпал болып саналғандар:- оқушылардың іс-әрекетіне басшылық жасауда, бұйрық беру стилі басым болды да олардың талабы мен шығармашылығына мән берілмей, көбінесе ақыл-кеңес айту орын алды;
- олардың тәртібі, сыртқы көріністері, міндетті орындаушы ретінде болып, жеке тұлғаның ішкі жан-дүние күйзелісі ескерілмеді;
- оқушылар мен педагогтардың қарым-қатынасы, әр адамның орындайтын міндеті, қызметі алдын-ала белгіленген, оны орындамағандар тәртіп бұзушылар болып есептелінген;
- мұғалімдер көбінесе сабақты орта үлгеретіндерге көңіл бөліп, дарынды оқушылар мен үлгермейтін оқушыларға назар аударылмады, міне мұның бәрі педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты мен мәні болғандығына дәлел болады деп ойлаймыз.
Тәрбиеге байланысты мұндай идеал қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда жүзеге аспайтындығын педагогтар мойындап отыр. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың қажеттілігін өтеу олардың өзін-өзі тәрбиелеп, дамытуын жетілдіріп және өзінің бойында бар қабілет мүмкіндіктерін ашуға тәуелді болып отырғандығы ақиқат. Сондықтан қоғамдағы тәрбие берудің мақсаты әрбір тұлғаға жан-жақты тәрбие беруді қамтамасыз етумен шектелмейді. Бұл саладағы бағдар беру туралы Қазақстан Республикасының Заңында - әрбір тұлға білімділік деңгейіне сәйкес өз бетінше еңбек жолына түсуі көзделген. Осы орайдан білім беруді дамыту тұжырымдалған мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайту үшін білім берудің мақсаты мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұны және негізгі стратегиялық жолдарын айқындайтыны құжатта көрсетілген.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының конституциясына, Республиканың Білім туралы, Ғылым туралы заңдарына, Қазақстан-2030 стратегиясына, Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы, Лиссабон конвенциясына және Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастықтың кеңесінің ұсыныстарына сәйкес жасалған. Тәрбие берудегі мақсат нақтылықтан сырт мейлінше саясаттандырылған ұғымдардан айықтырып, өмірге жақындатып, тұлғаның прагматикалық негізде дамуына бағыт-бағдар белгіленген.
Еліміздегі тұжырымдаманың мәні - тәрбиеге байланысты түрлі көзқарастар мен құбылыстарды және үрдіске қатысты ой-түсініктің бағдарын сараптап жинақтау. Бұл тұжырымдамада тәрбиенің мақсаты, мазмұны, принциптері, әдістемелері, құралы мен формасы және оның шарттарына қатысты негізгі мәселелер сипатталады. Онда мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми теориялық, әдіснамалық бағыттары айтылған. Мысалы, орта білім мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру [142], - деуі қазіргі өзектілікті қамтып отырғаны, анық байқалуда. Тұжырымдамаданың сипаттайтын басты түйіні мынау:
1. Қоғамдағы қазіргі кезеңдегі қайта құрулар, экономикалық дамудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел аппараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті, бұл тәрбие ісін де өмірге үйлестіре жүргізуді міндеттеп отыр. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі және олардың білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұнын оқыту мен тәрбие берудің технологиясын нақты нәтижесіне қарай бағалайтын болды.
2. Білім - тәрбие берудегі түбегейлі мақсаты білім алып, білім мен дағды машықтарына қол жеткізумен шектелу емес, сол алған, меңгерген білім мен тәрбие негізінде дербес әлеуметтік жүйеге үйлесімді әрекеттенумен ұтымды түрде жүзеге асыру болып табылады. Оның мәні біліктілік көрсетіп, ақпаратты өзі іздеп табуға, оны өмір қажетіне үйлестіре пайдалануға келіп тірелмек. Қас қағымда жылдам да жедел өзгертіп жатқан бүгінгі өмірге лайықты өмір сүру және соған сәйкес үйлесімді жұмыс істей білу шарт екендігі негізге алынған.
Қазақстанда 12 жылдық білім көшуді 6 жастан бастау керек екендігі айтылып, осы орайдан терең білім, кәсіби дағды негізінде тұлғаның өзін еркін бағдарлай алуға, өзі-өзін іске асыруға, өзі-өзін дамытуға және өз бетінше дұрыс, рухани-адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті болуға тәрбиелейді.
Орта білім беру елдің тұтас үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны ретінде жұмыс істейді. Оқушылардың орта білім алуға деген құқығы сақталып, оқытудың ерекше жағдайлары бойынша дарынды балаға арналған мектептер, дамуы және оқу мүмкіндігі шектеулі балалар мектептері және мектеп интернат т. б. дамытылады. Орта білім берудің құрылымы мен мазмұнының өзгеруі білім беруші педагогтың жаңа технологияны, оқытудың ақпараттық құралдарын, тәрбиенің қазіргі нысанасын меңгерген кәсіби білікті маман болуымен қамтамасыз ету көзделеді.
Сонымен қатар кейінгі жылдары білім беру жүйесі қайта қарастырылған кезеңде, ауыл мектебінде мемлекеттік деңгейде дамыту және ауыл мектептерін жаңарту бойынша бағдарлама жасалды. “Ауыл мектебi” бағдарламасында мынандай мақсат қойылған: ауылдың білім беру мекемелері жұмыстарын жақсарту, ауыл және шағын мектептерді басқару тиімділігін жоғарылатуды тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, ауылдық білім беру мекемелерінің оқу-материалдық базасын және кадрлық әлеуметтілікті нығайту [102] . Себебі, қалалық мектептерге қарағанда ауылдық мектептер әрбір адам, отбасы, ауыл қоғамдастықтары өмірінде маңызды рөл атқарады.
Ауыл мектептерінің білім беруі мен тәрбие қызметі көбінесе отбасының саналы ерекшеліктерімен шектеледі, ол - ауылшаруашылық еңбегіне олардың барлық мүшелерінің қатысуымен, туған жер, аймақ, ауылға қарым-қатынасымен, оның қоғамдық өмірімен көркеюіне қатысуымен анықталатын еңбек отбасы мен өмір сипатына байланысты. Болашақ ауыл балаларының да рухани-адамгершілік тәрбиесі осыған байланысты болмақ: туған жерге деген адалдықты сақтау және ауылда жұмыс жасау, ата-анасының мамандықтарын мәнін меңгеру, ата-анасының еңбек тәжірибесін кеңейту, жоғарғы білім алу және туған ауылға оралып, туған жерге, ауылшаруашылық еңбек нәтижесіне құрмет көрсету және ұқыпты қатынас орнату, жасы үлкен-кішіні сыйлай отырып, олардың еңбегі, білімі, шеберлігі мен өмірлік тәжірибесіне құрмет жасау, мектеп -ауылдың рухани орталығына, балалар және үлкендер мәдениетіне ерекше қарым-қатынас орнату.
“Ауылда білім сапасын басқару - оқудың дамушы үрдісін іске асыру мен оқушылардың өмірлік біліктілігін меңгеруіне бағытталуы керек, бұл оқушыларға білім беру іс-әрекеттерін таңдауға мүмкіндік беріп, ауыл аумағының ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың ұйымдастыруын формалары мен жаңа әдістерін енгізуге бағытталуы қажет” [102], - деп “Ауыл мектебі” бағдарламаларында аталып кеткендей, “республикада білім беру жүйесін реформаландырудың басты артықшылығы ретінде білім беру іс-әрекетінің сапасы мен мүмкіндігін қамтамасыз ететін, қазіргі заманға сай ауыл мектебінің үлгісін жасау қажеттілігі болып отыр” - мұнда ауыл мектеп түлектерінің бастауыш, орта және жоғарғы кәсіби білім алуда бастапқы мүмкіндіктерді теңестіру мен рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мәселелері назар аударуды талап ететін сияқты.
2001-2003 жж. оқу жылдарында ауыл аумағында 6225 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеді. Оларда шамамен 1, 6 млн. Бала оқыған, бұл Республикада оқушылардың жалпы санының жартысын құрайды [111], - яғни, ауыл мектебі қазақстандық оқушылардың негізгі бөлігін тәрбиелеудің негізгі құралдарының бірі, сондықтан ұйымдастырылатын тәрбиелеу үрдісінің нәтижелілігін ертеңгі ауылдың өкілі белгілейді.
Қала мен ауыл арасындағы айтарлықтай өзгерістер әлеуметтік өмірдің барлық жақтарына әсер етеді [143], - деп ғалым Л. Ф. Колесниковтың айтуы ауыл жасөспірімдерінің рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына да барлық өзгерістің ықпалы бар дегені, олар: ауыл тұрмысының ерекшеліктері, тұрғындардың аумақтық және психологиялық жақындығы, жүріс-тұрысы нормаларының белгілі ортақтығы, құнды бағыттары, жоғары әлеуметтік бақылау, жүйелі түрде адамдардың жүріс-тұрысына, сана-сезіміне әсер етеді. Ауылда мектептен тыс балалар мекемелерінің жетіспеушілігі және көп мектептерде сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушының жоқтығынан жасөспірімнің рухани-адамгершілік дағдарысқа ұшырауына бірден-бір себеп. Әдетте ауыл мектебінің сыныптарда оқушылардың саны аз болады, мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы сенімді өзара қарым-қатынастарды орнатуда педагог әр оқушының жеке -тұлғалық ерекшеліктерін біліп, әр қайсысына жеке әдісін жүзеге асыруға болатыны үлкен артықшылық болып есептеледі. Өз оқушыларының жеке қызығушылықтарының ерекшеліктерін біле отырып, мұғалім олардың жеке тұлғада қасиеттерінің қалыптасуына ықпал жасай алады, әр баламен ұзақ, терең қарым-қатынасы айтарлықтай ұлғаяды, оқу үрдісінен тәрбиелеу үрдісіне айналады. Дегенмен де, кейде сыныптағы адам санының аздығы қиындыққа әкелуі мүмкін. Мысалы, ауыл мектебінде оқушылар санының аздығынан, құрдастар үлкен психофизикалық өзгешеліктер мәселесі елеулі психологиялық ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Бірақ, оқушы саны аз сыныптың микроклиматы жалпы алғанда тыныш болып ал, қалыптасатын дау-жанжалды мұғалім өзі де шеберлікпен шеше алады.
“Ауыл мектебі” бағдарламасы ауылдағы білім сапасын жоғарылатуға мүмкіндік беріп, полуфункционалдық және интегративті-білім беру қызметтерін сипаттайтын оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуімен байланысты болады. Жаңа мектеп түрлерін дамытуды қарастыру ұсынылды, мысалы ”мектеп-кітапхана-мәдени орталық”, “мектеп-балабақша”, “мектеп-агробиолаборатория”, “мектеп-ауылшаруашылық кешені”, “мектеп-өндіріс серіктестігі” [102], олар оқушыларға қосымша білім алу бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндік береді. Біздіңше мұнда, оқушыларға білім берумен қатар рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу, жасөспірім оқушылар өмірі қызықты өтетіндей, жан-дүниесінен орын алатындай етіп, нәтижесінде білімдерін қоғамдық өмірде қолдана алатындай, мерекелерде, көпшілік орындарда өз шеберліктерін толық көрсететіндей жасалуы керек деп ойлаймыз.
Ауыл мектептерінде жасөспірімдерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде ең қолайлы факторлар, ауыл балаларының табиғатпен, жан-жануарлармен тікелей қарым-қатынасы және ұлттық салт-дәстүрлерімізді қолдануда барлық ауыл тұрғындарының бірге атап өтуінде. Әдетте, мұғалім оқушылардың отбасылық жағдайымен жақсы таныс болады, бұл балаланың рухани-адамгершілік тәрбиесіне ықпал етуіне көмектесіп, өз жұмысымен қанағаттанып, бейімдеу үрдісін жеделдетуге мүмкіндік береді. Ауыл оқушылары қала оқушыларына қарағанда қарапайым және тәртіпті болады, үлкендер мен мектеп мұғалімдерін қадірлеп, құрметтеу сезімі жоғары болатындығыда тәрбиешінің жұмысын жеңілдетеді.
Бүгінгі таңда ауыл мектептеріндегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыруда жетістіктерге жетіп жатқан ауыл мектептері де баршылық, олар: Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Атамекен ауылындағы N 27 Ж. Сүлейменов атындағы мектептің тәрбие жұмысы бойынша, мектеп ауласында 40 түп алма, 80 түп шабдалы, 90 түп өрік, 32 түп шынар, 40 түп қараған, 500 түп ақ және көк терек, 1000 түп үйеңкі, 150 түп итмұрын, 15 түп жүзім, 700 түп роза гүл, 48 түп арша, 600 түп түймедағы, 5000 түп емен т. б. мен мұндалап өсіп тұр. Әр сынып жетекшісімен сынып оқушыларына тәжірибе учаскесі бөлініп берілген. Мектеп бағбандары мен диқандары бұдан басқа мақсары, ноқат, асқабақ, қауын-қарбыз, қырмызы гүлін өсіреді. Мұнда оқушылар өздерінің шын ниеттерімен олардың өсуіне жағдай жасап, еңбекке деген ынтасы артып, ауылдың көркеюіне өз сүйіспеншіліктерін білдіруде [144] . Ауыл жасөспірімдеріне адамзаттың жинаған тәжірибесінен үйрену, белгілі тәжірибені меңгермей, олардың мінез-құлық нормаларын толық жете білмей, қоғамдық өмірге дайын азамат тәрбиелеу қиындау екені белгілі.
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Абай ауылындағы № 50 А. Құнанбаев атындағы мектепте мына тәрбие жұмыстары атқарылуда “Қамқорлық” бағдарламасы жасалып оған “Атамекен” балалар ұйымы тікелей басшылық етеді. Ондағы олардың мақсаты отбасы нашар балаларға қамқорлық көрсету, атап айтсақ оқу-құралдарын түгелдеп, мектептен қалмауына жағдай жасалады. Аталған мектепте 5-10 сынып аралығындағы оқушылардан, сынып жетекшілерінің көмегімен “Кәусар бұлақ”, “Қазақ халқының салт-дәстүрлері” атты бағдарламалар мен “Әкелер мектебі”, “Аққу қыздар” және “Қайсар ” ұйымдары бар. Ұйымдардың мақсаты жылдар бойы қалыптасқан ұлттық тәрбие беру саласындағы Егемен еліміздің саясатының дұрыстығына ата-аналардың көзін жеткізусен қатар олардың мектеппен ынтымақтас тығын арттыру. “Әкелер мектебі”-қазақ отбасындағы негізгі рөл атқарушы әкелердің орнын айқындап беретін бірден-бір ұйым. Мұнда сұхбаттар айына 2 рет өткізіліп тұрады. “Шебер қолдар” отауы оқушыларды іскерлік пен кәсіпкерлікке, шеберлік пен еңбексүйгіштікке баулуды мақсат тұтады. Осылай халықтық педагогикаға сай сыныптан тыс жұмыстар құрылса, ұтарымыз көп, бұл әр баланың салт-дәстүрін күнбе-күн етене танысып отыруына мол мүмкіндік береді [145], - дейді тәрбиеші ұстаздар.
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы № 3 орта мектепте “Намыс компаниясы - бірлік тірегі” атты ұйым жұмыс жасайды. Олардың мақсаты - бірлікке, ынтымақтастыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. “Бәрі - бірі үшін, бірі - бәрі үшін” ұранымен бір-біріне қамқорлық жасай отырып, мейірімділікке үйренеді. Тәрбие мақсатттарының орындалуын мұғалімдер қадағалап отырады [146] .
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді орта мектебінде жеткіншекке білім беру мен тәрбие ісіне арналған шаралар жиі өткізіледі. Сондай шаралардың бірі “Еселі табысымыз, туған ел, өзіңе арналады” деп аталатын жұлдызды апталық. Бірінші күні-тәрбие жөніндегі меңгеруші мектептің жетістіктері мен кемшіліктері жайлы баяндама оқиды. Екінші күні - “Назар аударыңыздар! Бәрі де өз қолдарыңыздан келеді” атпен ұйымдастырылған “Тәуелсіз Қазақстан, менің көзіммен” деп аталатын сурет көрмесі ұйымдастырылады және “Тербетейік-тәуелсіздік тал бесігін” білім конкурсы болады. Үшінші күні - рухани демалыс күні, мұражайлар мен табиғат таза ауасына саяхат жасау. Төртінші күн - спорт денсаулық кепілі. Спорт түрінен әр түрлі жарыстар ұйымдастырылады. Бесінші күн - мектептің қол жеткен табыстарын саралау күні. Қорытындыны мектеп директоры мен ата-аналар комитетінің төрағасы жасайды [147] .
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Восход орта мектебінің тәрбие жөніндегі жұмысы “Ұлан” ұйымы “Балапан”, “Балдырған”, “Жасұлан” және “Мұрагер” бағыттары бойынша жұмыс істейді. Мұндағы негізгі көзделген мақсат жас ерекшеліктеріне сай бірін-бірі қадірлеп, құрметтеуге тәрбиелеу басты нысанаға алынған [148] .
Мұндай мысалдарды Қазақстанның әр түкпірінен келтіруге болады. Бірақ, өкінішке орай олар ауыл мектептерінің бәріне тән деп айта алмаймыз. Себебі, жасөспірімдердің тарапынан жасалып, тіркелген қылмыстық істердің статистикалық мәліметтерін талдағанымызда, жастары өте төмен тіптен жас балалардың қылмыстық істерге араласуы алаңдаушылық туғызады. Жылдан-жылға қылмыс жасаушылықтың жасы жасарып келе жатыр [149] .
Бұл мәліметтер Қазақстан аймағындағы мектеп оқушылары арасында орын алып отырған келеңсіз құбылыстар мен жағымсыз мінез-құлықтық қылықтарды ауыздықтауды, мемлекеттегі тәрбие іс-шаралары мен тәлімдік насихатты істердің, қоғамның талаптарға сай, ұлттық және жалпыадамзаттық рухани-адамгершілікті құндылықтарды жасөспірім бойына сіңіру мәнінде жүргізілуін қамтамасыз ететін дәрежеде болуын талап етеді. Тәрбие жұмысына қоғам қоятын талаптарды мектеп мұғалімі іске асырады. Оның қоғам талаптарын оқушыларға беру қабілеті болуы қажет екені белгілі. И. Д. Лушниковтың пікірінше қазіргі кезде бұл сәйкестік “оқушының тәжірибелі тұлғасы мұғалім тұлғасымен сәйкес келуі арқылы жүзеге асады” [150] . Мұнда, оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерін кең ауқымда, перспективті жүргізу, оқушы тұлғасын рухани-адамгершілік құндылықтарға қалыптастыру - тек рухани-адамгершілік қасиеттері бар мұғалімнің жеке тұлғасы жүзеге асыра алады деген ой айтылған. Бұл жай мұғалімдерге тәрбие жұмысының мақсатын - оқушыны рухани-адамгершілік құндылықтарға қалыптастыру, екінші жағынан - оқушы алдында өзі рухани бай тұлға ретінде болуын көрсетеді деп ойлаймыз (сурет 2) .
Бұл суретте ауыл мұғалімдерінің өзін-өзі дамытуы мен рухани-адамгершілік қасиет-құндылықтарға бейімделуінің жолдары мен көрсеткіштері көрсетілген. Ондағы олардың кәсіби жеке қасиетіне өзін педагогикалық бағыттау, яғни, мамандығына қызығушылық өз тарапынан танытып, рухани қажеттілігін қанағаттандыруда педагогикалық қарым-қатынаста адамгершілік қасиеттерін пайдалана отырып, өзін-өзі реттеп, тәрбиелеу, білімдендіру, одан әрі іздену жолында болу.
Кәсіби біліміне - олардың ақпараттылығы, мақсаттылығы, ұйымдастырудағы талдауы, яғни, ақпараттан хабардар бола отырып, оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуда нақты мақсат қою, оған жету жолында ерінбей ұйымдастырушылық қабілетімен нәтижеге жету барысында дұрыс немесе бұрыс жақтарын талдауы жатады. Кез-келген тәрбие мақсатына жетуде педагогтың педагогикалық әдіс-тәсілі болуы, оны анализдеуден, кемшілікті жою барысында қосымша іс-әрекет жасау, алдын-ала жоспарлау, қиыншылықтарда моралдық қасиеттерді көбірек сақтау арқылы болатынын, нәтижеге жететінін сезіну.
Рухани-адамгершілік қасиет-құндылықтарды өз бойынан сезе білген мұғалім: кәсіби білімді, әдіснаманы, әдістемені, технологияларды меңгерген, шығармашылық әрекеттері мол. Бұл мамандықты өзі таңдап, осы жолда талмай еңбек ететін адам.
Соңғы жылдары қазастандық педагог - ғалымдар жас ұрпақ тәрбиесіне мемелекеттік, ұлттық менталитетіміздің негізінде рухани-адамгершілік құнды-қасиеттерді қалыптастырудың теориясы мен әдістемесін жасады.
Атап айтатын болсақ: С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Г. Нысанбаева, А. Бейсенбаеваның “Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері” [151],
Ш. Майғаранованың “Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері” [78], О. Нұсқабаевтың “Мектеп - жас ұрпақты әлеуметтендіру институты” [152] т. б. еңбектер жарық көрді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz