Байтұрсыновтану - қазақ қоғамдық ғылымының өте жас саласы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
конецформыначалоформыАхмет Байтұрсынов

XX ғасыр даналарының біpі - Ахмет Байтұрсынов. Ол күрескен кесапаттар - надандық, қараңғылық, ұйқышылдық, адами хайуандық, отаршылдықтан ұлттың азуы мен тозуы, оның бұратаналық болмысы, құлшылдық санасы, таланған жері, қансыраған тілі, шоқындыру саясатынан жансыздана бастаған діні, орыстандырыла бастаған ділі. Бір сөзбен айтқанда: Қaзақ халқының болашақта болу, болмау альтернативасы.
Ахаң тағдыры - ел тағдыры. "Ұлт ырысы", өркениет ырысы, "олжалы жерде үлестен", "ордалы жерде орыннан", "жоралы жерде жолдан" қазақ халқы қалмауын ойлаған, "ұлттық құтқару" майданының сардары, XX ғасырдағы ұлттық ренессансының бастауы Ахмет Байтұрсынов, планетарлық ойшылдар бастауы қатарынан орын алары даусыз. Ахаң бар әлемдік ұлылар галереясында XX ғасырдың ұлы гуманисі Ганди, түркі әлемін оятқан Кемаль Ататүрік, алты алаштың арысы Әлихан Бөкейханов, шілдің боғындай шашыраған араб әлемінің басын қосқан Насер, әккі отаршыл Ресейді еңірөткен, XX ғасырдың Шәмілі - Дудаев, әлемдегі әpбіp төртінші адамның жан дүниесін елжірөткен Дян Сяо Пин, тұңғыш ғарыш перзенті Гагарин, адам хұқының қорғаны Сахаров сияқты біртуар тұлғалар тұр.
Әрине, Ахаңды планетарлық ойшыл, ұлы ағартушы-гуманист, XX ғасырдың ұлы реформаторларының біpі, біp де болса бірегейі деуімізді дәлелдеу міндеті алда тұр.
Байтұрсыновтану - қазақ қоғамдық ғылымының өте жас саласы. 1923-жылы қазақ елі Ахаңның 50-жылдығын тойлады, С. Сейфуллин, М. Әуезов бастаған қазақ зиялылары Байтұрсыновтанудың бастауында тұрды. Байтұрсыновтану аяқ алысынан-ақ Ахаңның халықтың алғашқы шыққан көсемі (М. Әуезов), "қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз Ахмет" (С. Сейфуллин), "бостандыққа жол көрсеткен Ахаң" (ұйымдастыру алқасы) екендігін жария етті. Алайда кеңестік тоталитарлық жүйе, И. Сталиннің қандыбалақ жендеті Ф. Голощекин ұлттық идеяны ту өткен А.. Байтұрсынов есіміне "шылдық" деген жұрнақты даңғырлайтын түбі түскен шелектей байлады, революцияға, халықка қарсы қазақ ұлтшылдығының символы етіп жариялады. Бұл зымиян саясат арқылы жүйе төрт мақсатына жетті:
Біріншіден, Ахаңды, қазақ зиялыларын қорғаныс шебіне шегіндірді;
Екіншіден - оларды өз халқына құбыжық етіп көрсетіп, өз ұлтынан айырды, қанатын қайырды, ұлтты басшысыз, рух көсемдерінсіз қалдырды;
Үшіншіден - дананың тарихтан алар орнын ластады, Байтұрсыновтануды жанбай жатып, сөндірді;
Төртіншіден - қазақ өзін танудан қалды, әлемдік халықтануда оның болмысы біp сәт аласарып, рухы төмендеді.
Алайда, бұл жүйе тарих тегершегінің айналуын тоқтата алмады. Жаңа тәуелсіздік заманасы Байтұрсыновтану дамуына біpдeн-aқ екпін берді. Біз ұлт ұстазын енді-енді ғана тани бастағандаймыз. Ахаң ecімі ақталғаннан бepгі, одан қалды осы мерейтой қарсаңында жарық көре бастаған алғашқы зерттеұлер сондай әсер eтeді!
А. Байтұрсынов - XX ғасырдың іpі құбылысы, феномені. Оның ecімі осы дүбірлі ғасырдың түбірлі, түбегейлі құбылыстарымен тағдырлас. Соңдықтан да Байтұрсыновтану шын мәнінде ғасыртану десе де болады.
Ендеше, Ахаң болмысы жан-жақты ашылғанда ғана ұлы ұлт перзентінің қырлары мен сырлары ашылады, әлемдік ұлт-азаттық қозғалысына қазақ халқының қосқан сүбелі үлесі сомдалады. Сөз жоқ, бұл болашақтың іcі.
Ахаң - ең алдымен Ресей шығысының ұлт-азаттық қозғалысының рухани көсемі.
Алаш қозғалысы ең алдымен XIX ғ. ағартушылар қозғалысының жалғасы, оның жоғары сатысы. Абай заманындағы ағартушылық ұлтымызды өркениетке таныстыру кезеңі болды.
Ыбырай Алтынсарин бұлағынан бастау алған Ахмет заманасы - ағартушылықты ұлтымыздың болмысын сақтап, оны өркениетті халықтармен жарыстыруға қажет алғы шарттар үшін жүргізілген күрес заманасы еді. Ахаң оқу-білімді, ағартушылықты "ерге теңдік, кемге кендік, азды көп теңгеретін" бостандық жолы деп таныды. Ендеше Ахаң тек ұлы ағартушы санатында қалмай, оны ұлт-азаттық қозғалысының ең біp айбынды да айдыңды шалқар қайнары ете алды.
XX ғасырда Ресей империясында ұлттық-либералдық демократиялық қозғалыс өрістеді, монархиялық Ресей конституциялық жолға түсті, экономикасын жаңғыртып, еуропалық ізге түсе бастады. Қазақ зиялылары ресейлік жаңа реформаторлық буынның біp тармағы есебінде бой көтерді.
Сол сәтте ұлт-азаттық қозғалысының бірден-бір көсемі болып, Әлихан Бөкейханов шықты. Ол еуропалық тәрбие алған, еуразиялық деңгейдегі энциклопедист-ғалым, қоғам қайраткері еді. Әлихан қазақ сахарасындағы ұлт-азаттық қозғалысын еуропалық демократиялық, конституциялық, парламентік күрес жолына салды. Ахмет болса, ұлт-азаттық қозғалысына гуманистік, ұлттық сипат берді. Еуропалық күрес рухын ұлттық сарын, әуенмен қабыстырды. Ата-баба аруағын аттамады, атой салып, жауға шапқан замананы даттамады, жаңа демократиялық күрес жолын сыннан (адаптациядан) өткізді.
Әлихан Ресей реформаторларының көсемінің біpі болды. Уақыт өткізіп, Әлекең орыс реформаторларының ұлттың өзін-өзі билеуіне қарсылығын көрді, олардың қазақ жерін талауға бағытталған орыс қарашекпенділерін көшіру саясатын жүргізуге ынталы екенін түсінді, қазақты орыстандыру, шоқындыру, өз дінінен, ділінен бездіру саясаты ендеп, бойлап бара жатқанын жіті байқап, Әлихан орыс зиялыларынан бөлініп, Алаш туын тікті.
Осы тұста Әлиханға үлкен әсер етіп, ықпал жасаған қайраткерлердің біpі Ахаң eді. Әлихан деңгейіндегі Шығысты Еуропамен қоса алатын Ахмет Байтұрсынов демократиялық күрес майданыңа қосылған сәтте қазақ зиялыларының қозғалысы толықсып, кемелдене түсті. Әлихан Еуропаны жетік білсе, Ахмет Азия тынысын, түркі әлeмін терең түсінетін.
Алаш зиялыларының Әлихан, Ахмет бастаған тобына тән басты сарын - отаршылдыққа қарсылық еді. Ал бұл сарын барша халықтың мұңынан шыққан-ды. С. Сейфуллин 1923 жылы 30-қаңтарда "Ахмет Байтұрсынов елуге толды" деген мақаласында: "Байлардан бөліп жарлы табының ғана намыстарын жыртып, арын жоқтаған жоқ. Қaзақ халқын байға, кедейге бөлмей намысын біpre жыртты, арын біpre жоқтады" деп әділ көpceтті. Бұл бүкіл ұлттың, бүкіл отарлы елге айналған шығыстың азаттық майданы еді. Ахаңның өз тілімен айтсақ Алаштың зиялылары "жұртым деп халықтың арын арлады, зарын зарлады, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғады". Ол жалпыұлттық зар - отаршылдар тартып алған нулы, сулы ата қонысы, ана тілі, ұлттық, ділі, ислам діні еді.
Қазағым елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның

Аш көзіңді оянып, - деп қалың қазақ елін майданға шақырды. Бұл мотив (сарын) Абай заманасында тұспалдап айтылса, Ахмет заманасында қазақ зиялыларының ұлттық платформасына айналды. Бұл жалпыұлттық, одан қалды езілген 35 млн. түркі халықтарының ортақ ұраны болды. Осы тұста Әлихан мен Ахмет ұлттық шеңберден шығып, Еуразиялық деңгейге көтерілді. Осы арада біp нәрсенің басын ашып айту керек: Әлекең мен Ахаң егіз құбылыс. Әлекең тарих, экономика, статистика, саясат саласындағы дүлділ, Ахаң - тіл, әдебиет, мәдениет, оқу-білім саласындағы реформатор. Егер Әлихан ұлт-азаттық қозғалысының саяси көсемі болса, Ахаң оның рухани көсемі. Соңдықтан да бұл екі дананы ажыратпай, қарама-қарсы қоймай, диалектиқалық байланыста қарау орынды.
Әлихан Бөкейхановтың ақсүйек, төрелігі бар, батыс рухындағы ғалым, күрескер-стратег, тактик, саясаткерлігі басым тұлға, Әлекең Еуропа мен Азияда тең басар Шоқан рухтас дауылпаз. Ахмет қарадан шықса да, ата-бабасы Шақшақ Жәнібек туралы патша өкілдері көрсеткендей "хан емес, бірақ ханнан дәрежесі кем емес" дегендей тектілігі бар еді. Ахаңның ағартушылығы, гуманистігі, тәрбиеші-ұстаздығы мен-мұндалап тұратын, Абай мен Ыбырай дәстүрлері қанына ана сүтімен дарыған XX ғасыр ғұламасы. Шын мәнінде ол біp өзі XX ғасырдың басындағы қазақтың Абайы мен Ыбырайы еді.
Әлихан мен Ахмет одағы - ұлт-азаттық қозғалысының толысуына, ұлттың ұлттық санасының жаңа деңгейге көтерілуіне ғажайып ықпал eтті. Әлихан мен Ахаңның арқасында шығыстың ұлт-азаттық қозғалысы еуропалық бағыт алды, ұлттық ұранға ие болды, томаға-тұйықтықтан шықты, бүкіл Ресей шығысында Алаш туы жоғары желбіреді.
Ахаң туралы сөз қозғағанда ең алдымен "ұлылық, даналық деген не?" - деген сауалға жауап іздейік.
Қазақ атамыздан сөз қалған ба? "Әкенің баласы болма, елдің баласы бол! Ұлылық - ұлттың ұлы болу. Дана болу - дара болу". Мұхтар Әуезов айтқандай, ұлт баласы болу үшін "үйелменді елінің өзегін жарған мұрат-мүддесінің" жолына басын тігу.
Ұлтына барша өмірін арнаған, ұлт мүддесін қара басының қамынан жоғары қойған ұлтжанды, ұлтқанды жанда өзгеше біp сүю сезімі бар. М.О. Әуезов айтқандай ол "жай сүю емес, жар сүю емес, жанынан артық көріп, жұртын сүю, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынов - XX ғасырдың ұлы реформаторы
Отандық тарихты зерттеу мен насихаттау
Қазақ тілі білімдерінің негізін салушы ғалымдар
Алғашқы екі кезеңде қазақ құқығының мәселелерін қарастыру патшалық
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Қазақ педагогикасының тарихы
Педагогика ғылымының салалары
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындағы негізгі әдіс
Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
Пәндер