Монғолия тарихшылары еңбектеріндегі орта ғасырлық Қазақстан тарихына қатысты кейбір мәселелер

Монғолия тарихшылары еңбектеріндегі орта ғасырлық Қазақстан
тарихына қатысты кейбір мәселелер.
Монғол үстірті көне тарихқа бай мекен. Олай деуге себепте жоқ емес. Аталмыш монғол сахарасына біздің б.ж.д. ІІІ ғасыр – б.э. XIV ғасырына дейін ұлы Хұн державасынан Шыңғыс қаған құрған империя қанат жайғанға дейінгі аралықты Түріктердің аты шартарапқа жетіп, Шығыс пен Батысты оятты. Оятып қана қойған жоқ, оларға берік қамал-қорған соқтырды. Осынау Ұлы Сахарада Түркі, Тунгус, Монғол тектес халықòàð өмір сүріп, алма кезек өздерін әлемге танытты. Аталмыш тайпалар этно құрылымы жағынан үш топқа бөлінді. Қазіргі Монғолия территориясының орталығында немесе үш өзен (Хэрлэн, Онон, Тула) бойында ежелгі монғол тайпалары мекендесе, орталығынан батысқа қарай түркі тайпалары, ал Бұйра көлден Амурға дейінгі аралықта Тунгус тектес тайпалар [1] тұрып жатты.
Шыңғыс қаған дәуіріне дейін моңғол үстіртінде Хұн (Хүннүү), Сяньби, Жужан, Түрік, Ұйғыр (Ойғыр), Қырғыз, Кидан қағанаттары сынды жеті ерте феодалдық мемлекеттер өз туларын тікті. Олардың үшеуі монғол тектестерге жататын Шивэй тобы (Сяньби, Жужан, Кидан) да, ал қалған төртеуі түркі тектестерге (Хұн, Түрік, Ұйғыр, Қырғыз) жатады[2].
Б.з.д. VII ғасырдан бері Хангай жотасы , Қара айдаһар (Амур) дариясынан Каспий теңізіне, Темір қақпағы (Дербент) дейінгі алып сайын даланы көне түріктер мекен етіп келді[3]. Хұндар өздері туралы тарихты таңба жазулар арқылы, ал Түрік қағанаты тасқа басып, тарихқа мұра етіп қалдырды. Қазіргі монғол жеріндегі Түрк чулуу деп аталатын отыздан аса тас мүсін, елуден астам тасқа қашап жазылған жазулар, Билге қаған, Күлтегін, Тоныкөк білік, Мойынчор ескерткіштері[4] осыны айғақтаса керек. Сондай-ақ монғол үстіртінде түріктерден қалған қала- қалашықтардың қалдығы қаншама, күйдірілген кірпіштен құрылыс салу, бақан – бағана тұрғызу, табалдырықтың екі жақтауына қошақан, киіктің тас мүсінін ойып отырғызу монғолдарға түріктерден мирас болып келеді[5]. Монғол жерінен табылған археологиялық ескерткіштер Хұн дәуірінің құпия сырын ашып берді. Түркі тектес халықтардың қолымен салынған Қарақорым, Балықлық, Байбалық, Қарабалық қатарлы ондаған қалалардың орны бар екенін, олардың монғол даласында өшпес із қалдырғанын бүгінгі монғол тарихшылары мойындайды[6].
Десе де әлі күнге дейін, жекелеген бүгінгі қазақ халқын құрап отырған Керей, Найман, Меркіт, Жалайыр, Қоңырат, Уақ қатарлы кезінде монғол жерінде өз шаңырақтарын көтеріп, өздерінің мемлекеттілігін құрған халықтарды монғол тектестер деп айтудан танбаған монғолдық зерттеушілер баршылық. Оған себеп те жоқ емес. Мәселен, Шыңғыс қаған құрған империяға байланысты оның аруағын аласартпаудан туындаған тарихи шежірелер болып отыр[7]. Бүгінгі таңда жоғарыдағы аталған тайпалардың қазақ халқынының қалыптасуына қосқан рөлін жоққа шығармайтынымыз анық. Олар туралы зерттеулер жазылып, нақтылану қажет-ақ. Бұл турасында Т. Омарбеков пен Ш. Омарбеков “Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас” атты еңбектерінде нақты тоқталып, тағдыр талайынан әлі күнге дейін осы тайпалардың Қазақ тарихындағы өз бағасын толық аламағандығын атап көрсеткен[8].
Аталған мәселеде дәлелденген фактыларға қарамастан кейбір монғол зерттеушілері өз зерттеулерінде Керей, Жалайыр, Қоңырат тайпаларын әлі күнге дейін монғол бұтағы, яғни Мэн-гу шивэй тобына жатқызады. Монғолиялық тарихшы Д. Дашбадрах ˝Халха тангуудтардың шығу тегінің мәселелері˝ атты ғылыми зерттеу мақаласында Керей мен Қоңырат тайпаларына байланысты қызықты мағүлыматтар береді. Д. Дашбадрах аталмыш зерттеуінде; Оңтүстік Ся мемлекетінің құрамында Алаша, Эзэнээ жерінде Киіз туырлықты түйеге жүк артып көшіп жүретін Тангуут – деп атаған тайпа елді, ерте Менгу-Шивэй бұтағына жататынын, Хөхнордағы Түгүхүндермен ассимилацияға түскен, алдыңғы Хүннүү түмет құрамындағы ХЭРЭЭД тайпасы деп атап көрсетеді [9].
Мұндағы бізді қызықтырған мәселе біріншіден, Алаша[10] атауы болса, бұған сәл кейінірек тоқталамыз, екінші мәселе Хэрээд, Қоңырат атауларына байланысты болып отыр. Яғни, керей тайпасының тарихы қазіргі жазып жүргендей IX-XII ғасырлар емес, б.з. 140-431 жж. тіптен VII-IX ғасырға ұзартуы[11]. Одан әрі зерттеулері барысында Хэрээ тайпасынан шыққан Үйжин Шаньюдің баласы Бабу 407-431 жж. Ұлы Ся мемлекетін орнатқандығын, кейіннен Тоба-Вэй мемлекетінің шапқаншылығы нәтижесінде 431 жылы күйрегендігі туралы мәлімет береді[12]. Мұндағы Үйжин- Үйсін атауы болуы әбден ықтимал. Бұл мәселе Қазақ шежірелеріндегі керейлерді үйсіндермен байланыстырумен үндес келеді.
Д. Дашбадрахтың зерттеулері барысында Ұлы Ся мемлекетінің астанасы жайында былай дейді; "Қытай ,Тибет жылнамаларында олардың Цагаан- Ааль адам немесе тайпа атауы атты хүннүүлерге салғыздыртқан Түмен[13] атты қаласы астанасы болған. Аталмыш қала қазіргі Ордос өңірінде Үешин хошуун жерінде" деп көрсетеді[14]. Кейбір деректерде Цагаан балгас деп те кездеседі. XII-XIII ғғ. Алаша, Эзэнээ мекенінің шекарасы Хэрээдтермен шектесіп жатты. Қазіргі ХЭЛАН ШАНЬ тауының ежелгі монғолша атауы Алашаның Хэрээ тауы және осы аумақта Сайхан көлінің бір тармағы Хэрээт гол деп[15] аталатындығын ескерсек осы мекенде Керейттердің көшіп қонып жүретін жерлері болуы әбден ықтимал. Мұндағы Алаша атауы Керейттердің Хун дәуіріндегі бір көсемінің аты болар. Өйткені Эзэнээ деген қазіргі монғол тілінде Иесі, Ұлық деген мағына береді, олай болса Алаша иелігі немесе Алаша хан иелігі деген мағына беретін сияқты. Сонымен хош, ендігі кезекте біз қайтадан Оңтүстік Ся мемлекетіндегі Керейттерге қайта оралайық. Керейт Ван ханның Тэмүүжиннен жеңілгеннен соң керейттердің бір тармағы Оңтүстік Ся мемлекетіне аталмыш Алаша жерімен қоса бас паналауы мүмкін. Мәселен, Найман Күшілік хан монғолдардан жеңіліс тауып, қара қытайларға барып паналап, кейіннен Гүрханды тақтан тайдырып негізгі билікті алды. Осы орайда монғолдың ақиық ақыны Д. Нацагдорж Чингис хан 46 жасында керейттердің қалдығын толық талқандауға Оңтүстік Ся атты Таңгуут еліне жорыққа аттанып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz