Телеақпараттың құрылымдық ерекшелігі және жаңашылдық сипаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Тарау. Телеақпараттың құрылымдық ерекшелігі және жаңашылдық сипаты
1.1 Бейне, дыбыс, сөз, кадр, план, ракурс экран тілінің элементер.
1.2 Ұжым жүзеге асырады: журналист, оператор...
1.3 Технологиялық әдіспен жүзеге асатындығы
1.4 Журналист ізденісі
1.5 Ақпарат көздері
2. Тарау. Ақпаратты эфирге жіберудегі журналисттің шеберлігі
Қорытынды

Ең керемет саясаткер, ең керемет мемлекет, ең керемет халық –ақпаратсыз түкке де тұрмайды. Олар үшін қажет заттың барлығы ақпарат бойында бар. Журналистік ақпаратсыз бәрі нөлге, дымға тең. 1
М.Барманқұлов
"Сөз бостандығы шексіз емес. Ол табындыратын ғана емес, талқандайтын да қуатты күш.Ол саясатты жасап қана қоймайды, сонымен бірге ел тағдырына ықпал ететін қоғамдық пікір мен қалың бұқараның санасын да сомдайды. Сондықтан сөз бостандығы дегенді журналистік ар-ұждан жауапкершілігі деп те танығандарыңыз жөн",2 деп бастады. Бұл жалпы БАҚ өкілдеріне қаратылып айтылған сөз. Сөз бостандығының айқын көрінісі әсіресе телеарнада көрінеді. Күнделікті ақпараттың аудиторияға шынайы күйінде жетуі қоғамымыздағы сөз бостандығының даму қарқынын көрсетеді.
Ақпарат дегеніміз –болмыстың санадағы көрінісі, ол субьективті(жеке тұлғалық, қоғамдық, журналистік) түрде санамен шынайы өмірді сезіну, яғни қоғам түйсігіне оқиға шындығын жеткізу. Оқиға “шындығын” деп айту бекер емес, себебі фактінің бар шын –болмысын аудиторияға жеткізу не жеткізбеу журналистің қолында. Ол журналист этикасына, өмірлік принциптеріне байланысты. Сондықтан фактіні қай қырынан көрсету бәрі журналистке байланысты. Ал осы журналистің өзгерте алмайтыны, шындықтың көзі –ол фактінің өзі. Яғни өмірде орын алған оқиға әрқашан өзгеріссіз қала бермек. Міне, менің қарастыратын мәселем осы шынайы фактінің, яғни телеақпараттың құрылымы. Жоғарыда айтқандай ақпарат болмысты шындық етеді. Шынайы ақпарат дегеніміз –шынайы өмірге сай, аудитория қабылдап, ой елегінен өткізген ақпарат. Ақпаратсыз ешнәрсе өздігімен өмір сүре алмайды. Санамызда ешнәрседен әрнәрсеге айналған жалғыз ғана абстрактілі зат бар ол –Ақпарат.

“Журналистика өнер емес, себебі өнердің басым бөлігі ойдан құру. Ол өнерден гөрі оңай, әрі қиын, өйткені журналистикада өмір шындығы мен оқиға шындығы үнемі ұштасып жатады.”3П. Вайль
Шынайы ақпарат азқат қоғамға керек. Ол азаматтардың:
• нақты өмірдің, сондай-ақ көпірме сөздердің қайда екенін
• ақиқат және қарақан бастың қамы үшін бұрмаушылық қайда екенін
• іскерлік, парасат, сондай-ақ пысықойлық қайда екенін
• халыққа қызмет етудің, сонымен бірге билік үшін лас іс-әрекеттің қайда екенін білуге мүмкіндік береді

Ақпаратқа деген сұраныстың әрқашан да өзектілігін журналистика тарихынан байқауға болады. Барлық кезде де адам баласы өзін қызықтыратын, не өз заманының өзекті мәселесі жайында хабардар болғысы келеді. Міне осындай сұранысқа өз ұсынысын бере алатын тұлға –журналист. Журналистің басты міндеті –жедел түрде болған оқиғаны аудиторияға жеткізу.
Тарихиқа үңіле қарасақ, әр кезеңде ақпаратқа деген сұраныстың әр түрлі болғанын байқауға болады, яғни қоғамдық сананың, техниканың дамуына байланысты ақпарат тарату бір орында тұрмай дамуда. Ең бастапқыда ақпарат тарату әдісінің қарлығашы деп газет жанрларын атауға болады. Міне, осы газет арқылы пайда болған жанрлар уақыт өте, техника дами келе пайда болған радио, телевидение салаларының жанрларының түп негізі. Жалпы қандай жанр болмасын оның басты элементі – ақпарат. Сондықтан ақпарат сөзінің не екенін анықтап кеткен жөн. Ақпарат дегеніміз жалпы тұрғыда алатын болсақ, болған оқиғаның жедел түрде аудиторияға жаңалық не сенсация ретінде жеткізілуі. Міне осы жерде ақпаратты таратушы – журналисттің ролін анықтасақ. Журналистің ақпаратқа қоятын талаптары:
• орындылық, яғни ақпараттың берілуінің маңыздылығы;
• беріліп тұрған арнаның аудиторияға жақындылығы, яғни арнаның аудиторияның спецификалық ерекшелігін білуі;
• ақпараттың жалпы аудиторияға маңыздылығы;
• “эмоцианалды сілкініс” эффектісі, яғни ерекше жағдай болған кезде;
• оқиғаның өзара қарама – қарсылығы және оның ерекше айқындылығы;
• оқиғаның “атақты есіммен” байланыстылығы;
• адами қызығушылық, яғни әрбір адамзат баласының аса қызығушылықпен қарайтын өмірлік мәселелер (“өмір”, “өлім”, “махаббат”, “бала-шаға” және т.б.).
Міне, нақты осы жоғарыда айтылып кеткен талаптар ақпаратқа ерекше кейіп береді. Журналистің ақпарат таратуда сан түрлі амалдары болғанымен ең басты мәселе – фактіні анық, нақты жеткізу. Журналист фактілерді:
• болашағы бар фактілер (яғни, бұл фактілерге кейін қайта оралуға болады);
• түсіндірмені қажет етпейтін күшті фактілер деп бөледі.
Сенсация – журналисттің жақын серігі. Себебі, журналист жұмысында әр дайым жаңалық қажет. Бірақ көбінесе “Бұл жаңалық объективті емес, сенсациялы... Жаңалық маңызды болғасын емес, сенсация болғандықтан алынған” деп жатады. Себебі, аяқ астында болған фактіге аса мән беру жалпы оқиғаның маңыздылығын жояды. Бірақ, мұндай ерекше кезеңдерді ақпарат легінде атап өтпеу жалпы ақпаратты қызық емес, бір қалыпты етіп көрсетеді. Сондықтан, орынды таратылған сенсация журналистикада аудиторияны қызықтыру мақсатында өте қажет. Ақпаратқа сенсациялық қасиетті ерекше оқиғалар ғана бермейді, жалпы ақпараттың өзі аяқ астынан берілген болса, онда оның өзі де сенсация. Ақпараттағы сенсацияның ролі – аудиторияны өзімен қызықтыра отырып, жалпы ақпаратқа қызығушылық ояту.
Қандай болмасын ақпараттың бойындағы элементтер мыналар: хабарлама және әсер ету. Журналистік ақпаратқа қойылатын талаптар:
• нақтылық – қысқалық – айшықтылық
• дәлдік – растылық – жауапкершілік.

Телебағдарламалардың жанрлық классификациясы

Жоба түрі
Телебағдарлама жанры

Креативті
Креативті - техникалық
Ұйымдастырушылық
¡йымдастырушылық – техникалық
Ақпараттық
Қойылымдылық элементі бар тематикалық жаңалықтар
Виртуалды кейіпкерлер бар жаңалықтар легі
Жаңалықтар легі
Тікелей эфирдегі репортаж. Журналисттік зерттеу
Публицистикалық

Интерактивті байланыс арқылы ток шоу
Интервью және телетанысу
Саяси және басқа да тематикалық шолулар
Телеэстрада
Клиптер
Компьютерлік клиптер
Концерттік форматтар

Телетеатр
Ойын қойылымдары
Компьютерлік сериалар
КВН.
Әдеби театр
Деректі детектив
Сериал

Компьютерлік анимация
Деректі

Realty Show

Деректі видео

Тікелей қойылым

Қойылымдық
Оқиғалық
Спорттық
Телеойындар

Топтық не отбасылық спорттық ойындар
Жарыстар

Журналистиканың міндеті – қоғамға қызықты, қажетті тақырыпқа байланысты жаңа ақпарат табу және оны неғұрлым жылдамырақ жеткізу. Әрине, радиода, газетте, тедевидиниеде басқа қызметтерді атқаруы мүмкін, мысалы көрермендерге соңғы кино жаңалықтарды, шоу бизнес жаңалықтары жайында айтуы мүмкін. Бірақ жаңа ақпаратсыз мұның барлығы жай ғана түсіндірме коментарии болып есептеледі. Әрине мүмкін бұл қызықты коментарий болар, бірақ сонда да ол жаңалық емес. Жаңалық дегеніміз – ол информация. Журналистің ең басты міндеті ақпарат жинау және аудиторияға осы ақпараттың дәлдігі жайында кепілдік беру. Сондықтан, ақпартқа коментарии беруге журнналист әбден құқылы, бірақ фактілер өзгеріссіз қалуы заң.
Журналистік ақпарат дегеніміз болып жатқан оқиғаларды көпшілікке хабарлау, ұғындыру, түсіндіру, баяндау. Ақпарат жеке бір тұлғаға әсер ете отырып, ол оның өмірге немесе болған оқиғаға көзқарасын қалыптастыруға елеулі ықпалын тигізеді. Деректілік пен жаңашылдық ақпараттың ең басты үрдісі болып табылады.
Жаңалық дегеніміз не? Жаңалық дегеніміз аудиторияға ерекше, қызық зат. Жаңалықтың ақпараттан ерекшелігі ол аудитория үшін бұрын білмеген, аяқ астынан болған факті. Журналистке ескеретін зат – дымнан жасалғанның бәрі жаңалық болып есептеле бермейді.
Ақпарат (латынша information – түсіндіру, анықтау) – журналистің аудиторияға тарататын фактілер жиынтығы.4
Телевидение қазіргі таңда аудиторияға ең қызықты, сұранысы мол – ақпараттық циклдар. Оқиғалық жаңалықтарды, сенсацияларды аудиторияға тарату әдістері арналар арасында үлкен бәсекелестік туғызып отыр. Аудиторияның жаңалықтарға деген қызығушылығы ақпараттық берілімдердің ең жоғарғы орынға ие болуына әкелуде. Жаңалық – жаңалыққа айналды, яғни ол оперативті, шынайы және көрерменге жоғарғы сапада таратылуда. Совет өкіметінің кезіндегідей емес, қазіргі таңда ақпарат күшті эмоционалды түске ие. Ақпарттың арқасында теле экранда мыңдаған жаңа бейнелер пайда болды. Олар саясаткерлер, саңлақтар, эксперттер, қоғамдық тұлғалар, шетел жаңалықтарын таратудан гөрі отанымыздың теле арналары өз сенсациясын жасауға тырысуда. Қазіргі таңдағы қаржылық тапшылыққа байланысты корреспонденттік іс құрлымы өзгерді. Мысалы, шетелдердің түпкір – түпкірлерінен репортаждар азайды. Себебі, ең қаржылық жағдайы жақсы деген телеарна “Хабардың” өзі өзінің меншікті корреспонденттерін басқа елде тұрақты ақпараттарды таратушы ретінде қаржыландыра алмайды. Апқараты тараттудың өзі ақпарат тару және сол ақпаратқа комментарии берудің өзі де өзгерді – аудиториямен интерактивті түрде байланысу.
Қазіргі таңда аудиторияның ақпартты қабылдауы журналисттің ақпарт тарату тәсілімен ғана байланысты емес, телеарнаның техникалық мүмкіншіліктеріне де байнанысты. Ақпарт таратуда репортажды видео материал жіберу, графикалық макеттер, цифрлық және статистикалық материалдың диаграммалық иллюстрациясын жіберу ақпараттар легін қызықты ете түседі. Мұндай жаңалық тарату әдісі журналистік ізденісті байқатады. Видео заметкалер мен репортаждар дәстүрлі ақпараттық талдамады бағдарламалардың басты құрамы.
Сюжеттің хронметражы 1,5 минуттан аспауы керек, барлық хабарлар, оқиға орнында стенд-аптан басталуы тиіс (көлемі 10 секунд). Сюжеттегі синхрондар кадрінде журналист бейнесі болмауы қажет. Ал синхронның ұзақтығы 10 секунд, аса маңызды болған жағдайда 15 секунд. Сюжеттегі кейіпкердің сөзі еш өзгеріссіз, дәлме-дәл берілуі шарт. 5.Майкл Делахей,Продюсер Би-Би-Си.
Еліміздің БАҚ-ның телеақпарат жасау тәсілін дипломдық жұмысыма енгізе отырып оны талдап, қалай жасалғанын көрсетуге тырыстым.
Подводка: Алматы облысының Жамбыл ауданынына қарасты Бесмойнақ елді-мекенінде тас жол тоқсаныншы жылдардың басынан соң жөндеу жұмыстарын көрмеген. Соның салдарынан бұл жерде жол апаты жиі болып, қалаға қатынайтын жеңіл көлікпен күніне бір рет жүретін автобуста сынып, істен шығып жатады. Ал тұрғындар болса, бізді ешкім елеп, ескермейді деп,әкім-қараларға деген наразылықтарын жеткізді
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
МЕЙРАМКҮЛ ҚҰРМАНҚҰЛОВА тұрғын
ӘБСИЯ ҚАЛИЕВА зейнеткер
КӘБІРЖАН ОРАЗБАЕВ соғыс ардагері
ӨСКЕН МӘЛІМБЕКОВА зейнеткер
МЕЙРАМКҮЛ ҚҰРМАНҚҰЛОВА тұрғын

Текст: Бесмойнақ елді мекеніндегі тас жолдарға жөндеу жұмыстары соңғы рет 1991 жылы жүргізіліпті. Содан бері жөндеу жұмыстарын көрмеген мына жолдар қазылған ошақтай шұңқырларға айналып үлгерген. Сондықтан мұнда көліктер істен шығып, апатты жағдайлар жиі орын алады
СНХ1714 Осыдан кеше ғана 31 күні 4 машина соғысып, онда 3 жас жігіт қайтыс болды,оған дәлел, участ. өзі де бар, бұл жаздың күні осындай қыстыкүні не болады ойдым-ойдым жерден ұшып кетіп отыр 1730
Снх 0207 түк жұмыс жоқ, бос қаңғып жүр, ал біраз азын-аулақ шетелдік ескі машинасын алып, күн көргісі келеді такс-т етіп, ал міне жолды көріп отырсыңдар кез келген уақытта балон жарылады, запчасти тозады, оны не нәрсеге алады0221
Текст: Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі кәрі-құртаң кемпір-шалдар, өйткені жастар қаладағы базар маңын жағалап жұмыс іздеп кеткен. Ал ауыл ақсақалдары біздің жағдайымызды сұрап жатқан еш адам жоқ дейді.
0935 Біз ескерусіз, елеусіз жатқан ауылмыз, өйткені облыстың ең шетіміз, ауданның ең шетіміз0942
0606 суды міне шлангімен сорып аламыз, бақырға құямыз, қыстай су болмайды, қыста анау жоғарға жақтан алып келеміз, менің аяғым ақсақ, жете алмаймын ол жаққа 0613
Текст: сонымен қатар тұрғындар Жамбаыл ауданында шығатын Атамекен газеті жергілікті атқа-мінерлерге жалған ақпарат беріп отыр дейді. Біз ауыл әкіміне жолыққанымызда шешілмей жатқан жол, су мәселелері өкіметтен қалай қаржа бөлінсе, біз тездетіп іске кірісеміз жөндейміз дегеннен басқа анық ешнәрсе айтпады.
2248 Өтірік ақпарат береді, барлығы, барлығы өтірік ақпарат мен айттым міне халық көріп тұр ғой, өтірік ақпапарт береді біздің жағдайымыз жақсы дейді, қайдағы жақсы өздерің көріп тұрсыңдар ғой ешқандай да жақсы емес. 2259
Ст.Ап 3237- 3253 Бесмойнақ ауылының тұрғындары тоз тозығы шыққан мына тас жолмен жүріп күнелтуде.бұл жол әсіресе ауырып қалаға жетем деген жандар үшін тіпті қиын. Ал жергілікті әкім-қаралар қарапайым халықты әні-міні деп алдап келеді
Қ.Ж, Алексей Ким Күндерек

ПОДВОДКА. Байқоңырда жылына мың бала өмірге келеді. Бірақ қалада перзентхана жоқ. Ресей денсаулық сақтау басқармасының мамандары жүкті әйелдерді жатқызатын төсек жетіспейді деп дабыл қағуда. Толығырақ тілшіміз Жазира Бегалының әңгімесі.
БАЙҚОҢЫР
ТАТЬЯНА БЕЛИКОВА Байқоңыр қалалық аураханасы бас дәрігерінің орынбасары
HҰРЖАМАЛ НҰРЖАНОВА Байқоңыр қаласының тұрғыны
ТЕКСТ. Ғарыш айлағында өмірге сәби әкелген қыз-келіншектердің жасы 14 және 40 жасты құрайды. Мұнда бала туу көрсеткіші басқа өңірлермен салыстырғанда өте жоғары. Дүние есігін ашқан қызыл шақалардың басым бөлігі ұлдар. Әрі жүкті әйелдер әзірше әскери аураханада босануға мәжбүр. Сондықтан болар жас келіншектер ұл-қызының әскери қызметкер болғанын қалайды. Ал тар ғимаратты паналаған дәрігерлер қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтылған перзентхананы құр қиялдаумен ғана келеді.
СНХ. 27.19. ПРОШЛОМ ГОДУ Былтыр перзентхана салып беруін сұрап, хат жазғанбыз. Әлі күнге жауап жоқ. Үш жылдан әскери аурухана ғимаратында босану бөлімі ғана жұмыс істейді. Бірақ төсек жеткіліксіз. Ал перзентхана салу жәйлі ұсынысымыз сөз жүзінде ғана қалып тұр.
СНХ. 21.28 Әскери жағынан тәрбиеленіп,оқусыз қалмай,әйтеуір бір жерден шықса. Қоршаған ортаның зияны бар ма? -Әрине қолындағы шақалақ құсып жіберді.
Текст. Байқоңырда ана мен бала денсаулығы мәз емес. Босануға қабілетті әйелдер арасында қан аздығы дертіне шалдыққандардың көрсеткіші Ресеймен салыстырғанда екі есе жоғары. Өйткені жалға берілген қалада әлеуметтік ахуал оңалмай тұр. Соған қарамастан ғарыш айлағынан зымыран көкке көтерілген сайын у жұтатын қалада тұрғындар саны күн санап өсіп келеді.
Ж.Б. Ақтан Сантыбаев Күндерек,Байқоңырдан.

Подводка: Бүгін Чернобыль атом электр стансасында болған апатқа 19 жыл толды.Алайда апатқа қатысқан Чернобыльдықтарды қазір емделу, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері қиынға түсіп тұр. Бұл туралы, бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында сөз болды.
АЛМАТЫ
МҰРАҒАТ
ЕРКЕБҰЛАН ҚҰСМЕТОВ Чернобыль апатына қатысқан зейнеткер
ВЛАДИМИР ДРАГУН Чернобыль ардагерлер одағының мүшесі

Текст: 1986 жылғы 26-шы сәуірде Чернобыльда болған ғаламат апат600 мыңнан астам адам өмірін жалмап кетті.Жарылысты жоюға қатысқан 31720 жерлесімізден бүгінде тек 6210-ының ғана көзі тірі. Чернобыль ардагерлері одағының мүшесі, Еркебұлан Құсметовтың айтуынша, олардың отбасына әлеуметтік көмек көрсету мен жәрдемақы төлеу ісі мүшкіл жағдайда. Оған қоса, баспанамен қамту мәселелері де шешілмей тұр,
СНХ 012530 Ал бізде мына жерде 1 квартира алайық десек, очередьте, мен өзім оч-ке тұрған жоқпын,басқалар, естіп жатамыз, көріп жатамыз басқалар уже 20 жыл болды,19жыл,15жыл тұр очередте ала алмайды квартираларын2546
Текст: Чернобыль мүгедектерін емдеу бүгінгі күннің өткір мәселесіне айналды. Ұлы отан соғысы мүгедектерінің Республикалық жалғыз емханасыда бұл мәселені шешуге құлықсыз танытып отыр.Олар айына 3-4 адамды қабылдаса,өзге емдеу орталықтары, қажетті дәрі-дәрмектің тапшылығына байланысты бұларды есіктерінен де сығалатпайды екен.
СНХ 1123 у нас госпиталь принимает ... .Біздің Алматыдағы емхана бес адамнан ғана қабылдайды, менің ойымша бұл тек теңізге тамған тамшыдай ғана,Емхана ардагерлерге дұрыс қарамайды,

Қ.Ж, Олег Вдовенко Күндерек

Жаңалықтар легі берілудегі ақпараттық сервер технологиясы.

5
1
6

2 3 4 7 9

8

1) Оқиғалар оқиға көзін таңдау: газет, телевиление, ақпараттық агенттіктер, тәуелсіз журналистер;
2) Берілетін сюжеттер концепциясы: корреспонденция, интернет – заметка, съемка түсіруші топтың репортаждары;
3) Жаңалықтар бағдарламасының журналистері;
4) Шығарушы – редактор;
5) Сюжеттер монтажы, ақпаратқа архивтегі материалдарды қосу, дыбыстау және компьютерлік графика;
6) Белгісі бар мәтін, цифрлық түрдегі сюжеттер;
7) Шығарылымның уақыт тізбесі;
8) Эфир (телесуфлер, белгі генераторы, дыбыс және бейне көріністерін шығарушы құрылғылар және камера);
9) Видео материалдардың архиві.
Редакцияға түсіп жатқан ақпараттар ішінен кәсіп қой журналисттер ең толыққанды және сапалы сюжетті таңдап, қажет болған жағдайда оған комментарии қосып шығарушы редакторға жібереді. Шығарушы редактор сюжеттің тематикасын, ақпарат легін анықтап метериалдың эфирге шығу уақытын белгілейді. Қажет болған жағдай да материалды қайта монтаждап, оған архивті сюжеттерді қосады. Комментарии диктордың видеосуфлерында шығарылып оған титрлар қосылады. Міне, осындай жолмен жедел түрде жеткізілмеген ақпараттар техникалық жағынан жетілдіре таратутелеарнаның кәсіп қойлығын көрсетеді. Студиялық блокта екі сервер жұмыс жасайды, біріншісі шығарушы редактор компьютерінің сілтемесіне байланысты эфир уақытысына жауап береді, ал екіншісі техникалық құрылғылардың оптималды түрде жұмыс істеуіне және архивтік фондқа жауап береді. Қазақстандағы өтпелі кезеңдегі ақпараттық жанрдағы бағдарлама қарлығашы деп “Хабар” телеарнасының “Жеті күн” бағдарламасын айтуға болады. Себебі, бұл бағдарлама инновациялық, ақпараттық ерекше бағдарлама. Бұл бағдарламаның құрамында сан түрлі мәдени, тарихи оқиғалар ұштасып жатады, яғни қоғамымыздың барлық делік салаларын қамтиды. Міне осы бағдарламадан кейін, Қазақстан телеарналарында осы саладағы теле бағдарламалар пайда болды.
Ақпараттық телевидение сияқты телепублисцистикада да ортаға деген бейімделген ақпаратты жиі қолданады. Нақты орынды қойылған сұрақ теле материалды жай ғана сұраныс ретінде емес, студиялық интервью ретінде де қолдануға болады. Жай даладағы сұраныс телерепортерлер үшін ең қолайлы, әрі ең тиімді әрі арзан ақпарат жинаудың көзі. Себебі, белгілі бір фактіге байланысты қоғамның көз қарасын, яғни ақпарат жинау үшін нақты орын, ауқыт керек емес. Интервью мен телетанысудың теле сұраныс сияқты арзан тиімділігі теле продюссерлерді экранды циклды түсіруге тартады. Бірақ, телеинревью телесұранысқа қарағанда журналистен көп дайындықты талап етеді, себебі, интервьюді алмас бұрын журналист интервью беруші адам жайында ақпарат жинауы тиіс және тағы бір айта кететін жайт көбінесе студиядағы қонақтар интервью беруден бас тартады. Өйткені монтаж барысында қысқартулар мен өңдеу әсерінен интервью берушінің ойын өзгеріске түседі.
Ақпараттық, талдамалық, публицистикалық жанр болмасын журналисті әр қашанда қызықтыратын тұлға – ол адам. Сондықтан аудиторияға белгілі бір тұлға жайында ақпарат тарату мақсатымен жасалатын бағдарламалар өте көп. Міне осы бағдарламаларда соңғы технологиялар жетістіктері қолданылады. Олар видео көріністі ерекше, анық етіп көрсету, интерактивті байланыс арқылы үшінші бір тұлғаның ойын білу тәсілдері қолданылады. Міне осындай әдістердің арқасында студияға бір адамды ғана емес, бірнеше адамды шақыру, яғни – ток шоу пайда болды. Ток шоу көбінесе нақты жас ерекшелігіне байланысты және мамандық ерекшелігіне байланысты көзделіп жасалады. Ток шоу жай ғана ақпараттық жанр емес, социологиялық бояуға ие. Теле продюссерлардың ақпарат таратушы бағдарламаларды спецификасына қарай анықтау:
• Әңгімелесу – пікір алмасу (телекөпірлер);
• Пікір жинақтау – бағдарлама қатысушыларына сұраныс салу;
• Интервью – бір бағыттағы жалғыз қатысушымен байланыс;
• Зерттеу – бір оқиғаға не сот ісіне байланысты сұраныс салу;
• Талқылау – бағдарлама қатысушылардың екі топқа бөлінуі;
• Бағдарламаға қатысушылардың қолдауымен сөз сөйлеуі.
Ортаға бейімделген ақпарат түрлері

Түр
Нысана
Мақсат
Даладағы сұраныс
Кездейсоқ адамдар
Пікір
Интервью
Фактіге қатысқан тұлғалар
Ақпарат және позиция
Телетанысу
VIP - тұлғалар
Өзара қарама – қайшылық
Ток шоу
Қоғам тұлғалары, жасына байланысты, мамандығына байланысты топтар
Қоғамдық, саяси және экономикалық өзекті мәселелер

Тағы да бір ақпаратты спецификалық бағдарлама ретінде – теле магазиндердің пайда болуын айтуға болады. Теле магазиндердің өзіндік мақсаты болғанымен де олардың рейтингі жоғары болмайды. Әр берілімінде әр түрлі жарнама берілушілерді және жарнамалушы тауарларды аудитоияға ұсынатын болғандықтан бұл теле магазиндердің белгілі бір тақырыптық критерийлері көбінесе жүзеге аспайды.
Негізінен жаңалықтарды жеті салаға бөліп қарастырады:
1. Саяси
2. Қылмыстық
3. Мәдени
4. Спорттық
5. Музыкалық
6. Әлеуметтік
7. Экономикалық
Әрбір тұлға индивид, яғни ол әмбебап бола алмайды, сондықтан ақпараттық жаңалықтар редакциясындағы әрбір журналист, корреспондент, немесе редактор жоғарыдағы салалардың біреуіне бекітіліп, сол салалардағы барлық оқиғаларды терең зерттеп жүрсе, жазған хабары сапалы сөзсіз.
Жаңалықтардың мәтіні жайында
Мәтін қысқа және аудитория оны бірақ рет еститіндіктен, ол өте қарапайым тілмен жазылуы керек. Осы шақтағы етістіктер пайдалануы қажет. Мүмкіндік болса кеше, өткенде, алдыңғы кеште сияқты сөздерді қолданбаған жөн. Мен, біз және журналистің жеке пікірі қосылмауы керек. Журналистік этмка қатты қадағалануы тиіс. Барлық дәйектердің растығына көз жеткізу үшін әртүрлі ақпарат көздерін зерттеу керек. Егер кішкентай шикілік байқалса, ол мәліметті бермегені дұрыс. Эфирден жіберілмес бұрын, кемінде үш рет дауыстап оқып, дайындалу қажет.
Ақпарат алудың негізгі әдісі – сұхбат
Сұхбат саясаткерлерден, белгілі бір сала мамандарынан, оқиға куәгерлеріәнен алынады.
Сұрақ қою тәсілі: Қандай мағынадағы интервью болмасын, барлығына тән ең тиімді сұрақ “Неге?” сұхбат берушімен келіскеннен кейін осы сұхбаттың қаншалықты қажет, маңызды екенін саралау үшін өзіңізге “Не үшін?, не мақсатпен?” деген сұрақтар қойыңыз. Сұхбат берушіге қоятын сұрақты ешқашан алдын ала айтпаңыз. Ол онымен тек сұхбат уақытында ғана танысуға тиісті. Себебі, ол мемлекет позициясына немесе жоғарыдағылардың көңіліне жақпай қалатын ақпараттарды жасырып қалуы және ақиқат ауылынан ауытқып кетуі әбден мүмкін. Сұрақтар қысқа да нұсқа, түсінікті болуы қажет. Оның жауабына комментарий жасаудың қажеті жоқ. Сұхбат алу барысында сұрақ қоя отырып, ақпартың мөлшерін өлшеп отыру керек. Неғұрлым көбірек мәлімет алуға тырысу керек. Сұхбаттың оның қажетсіз жауабын ортасынан бөліп жіберудің бір сұрақты екінші қайтара қоюдың еш әбестігі жоқ. Егер сіз оның жауабына қанағатанбасаңыз, онымен ергісіп, немесе ұрсып отырған кейіп танытпаңыз.
Әрқашан жауапкершілікті ойда ұстау қажет. Егер журналист босаңсып бара жатса, редакцияда оған сенім артып отырған қаншама адамның бар екендігін еске алу керек. Сұхбат үстінде эмоцияның жетегінде кетпеу керек. әрқашан салқынқанды болу керек. Егер журналист атақты тұлғамен, саясаткермен, депутатпен сұхбаттасып, отырса, оған халық алдын,дағы жауапкершілікті ұмытпағаны абзал.Ақпараттық топтамадағы ең басты мәселе, тақырап таңдау. Оның көтерер жүгінің салмағы, қоғам алдындағы маңыздылығы, сонылығы қатаң зерттелуі тиіс. Ол ақпараттың растығын журналист бірнеше рет қайтара тексеріп, шығуға тиісті. Сонда ғана жаңалықтар топтамасы, “Халықтың көзі, құлағы, Һәм тілі” болуы бақытына ие бола алады.
Ақпарат берілу шапшаңдығы тұрғысынан ең жедел хабар ақпарат, оқиға болып жатқан жерден сол мезетте, яғни оқиға өтіп жатқан кезде тікелей берілетін демек, тікелей эфирден таралатын ақпарат болып табылады. Оны абсолютті-оперативтік ақпарат деп атауға болады. Ақпараттар ағымы оның ішіндегі тікелей әуе толқынынан берілетін жаңалықтар легінің өзіне тән айрықшы тілі болады. Өйткені жаңалықты көрермен жүргізуші-журналистің алғашқы сөйлемінен жақсы түсінуі керек. Сондықтан да жаңалықтарды оқитын диктор немесе жүргізуші журналист өзінің не айтып отырғанын жақсы біліп отыруы тиіс және де өз ойын, тура, нақты қарапайым, әрі дәл жеткізуі – шарт. Жаңалықтар легі жалаң фактілер тізбегінен құрылмауы керек. Қашанда хабарламаға өміршең сипат беретін қисынды іздеген абзал. Айтып отырған әңгімесі жүргізушінің өзін қызықтырмаса ондай жаңалыққа аудиторияның назарын аударуы да оңайға түсе қоймас. Жалпы жаңалықтарды тікелей эфирден берудің алуан түрлі амалдары бар.
Кез келген журналистік материалдың дұрыс және сәтті басталуының маңызы зор. Қысқа, нұсқа, ықшамдалып ұсынылатын ақпараттың о басынан ұғынықты болуы ең басты – шарт. Себебі, алғашқы сөзден кейін-ақ көрермен оны одан әрі тыңдау немесе тыңдамай-ақ қою жөнінде шешім қабылдайды. Осының бәрі санаулы секундта әрі кетсе бір минут көлемінде көзді ашып жұмғанша өте шығатын бір сәттік құбылыс. Бірақ тыңдарманның жүрегіне жол табу сол сәттен басталатынын тікелей эфирдегі жаңалықтар легін жүргізуші әрдайым есте ұстауға тиісті. Өйткені, сөзді дұрыс бастау арқылы тыңдарманда баурап алуға болады. Ал дұрыс аяқталған сөз, тыңдарманның есінде сақталып қалады.
Батыс журналистикасында материалдың алғашқы фразасы “Лид” деп аталады. (Лид – лидер сөзінен алынған жетекші, бастапқы сөз деген мағынаны береді) ақпараттың бастапқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Журналистиканың функциялары
Тележурналистиканың БАҚ саласындағы алатын орны
В.М. Манаховтың оқыту технологиясы
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың жаңа технологиялары
Қазақ прозасының зерттелуі
Фариза Оңғарсынова туындыларының орыс тіліне аударылу мәселелері
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың жаңа технологияларын ендіру
Саясат тарихы туралы ақпарат
Әдеби үдеріс сипаты
Пәндер