Қазақстандағы ұжымдастыру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ АСПАП ЖАСАУ КОЛЛЕДЖІ

Қазақстандағы ұжымдастыру

Орындаған:

РР-12 тобының

І курс студенті

Серікбаев Т. Қ.

Тексерген:

Абдирова А. С.

Алматы 2005

20-шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық ол-ауқаты мен мәдени дәрежесiн көтеру сияқты күрделi мәселелер шешiледi деп есептелiндi. Шаруалар кооперациясы мемлекеттiк қысым күшiмен емес, экономикалық тиiмдiлiк шарпарын сөзсiз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретiнде қаралды. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдардағы тәжiрибесi оның мүмкiн екенiн дәйектеп бердi.

Алайда, 20-шы жылдардың екiншi жартысында жаңа экономикалық саясат негiзiнде қалыптасқан шынайы бағыт түбiрiнен өзгердi. Басты мiндет - ең зәру көкейкестi мақсат индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргiзу деп жар салынды. Индустрияландыру қам-қарекетiн қамтамасыз ететiн қорды жинауды шаруалар қауымын тiкелей және жанамалап экспроприяциялау есебiнен жүргiзу көзделдi. Атап айтқанда, бұл мақсат мемлекеттендiрiлген колхоз жүйесiн жасау, яғни шаруаларды ұжымдастыруды жаппай өткiзу арқылы iске асырылды. Сөйтiп, 20-шы жылдардың аяқ шенiнде бүкiл елдегi сияқты Қазақстанда да колхоздастыру науқаны басталды. Бұл шараның iске асырылуына шаруалардың тiлегi мен ықыласы себеп болған жоқ, ол жоғарыдан берiлген өмiр, нұсқаулар негiзiнде жүргiзiлдi. Қазақстанда колхоздастыруды 1932 жылдың көктемiне қарай аяқтау белгiлендi. Шаруаларды күштеп ұжымдастырудың арқасында республикада колхоздар саны қауырт өсiп 1927 жылы 1072 болса, 1928 жылы - 2354, ал 1929 жылы- 4876-ға жеттi. Бұлар колхоздастыру саясатын жүргiзудегi жоғары көрсеткiштерге қол жеткiзу үшiн құрылған жасанды шаруашылылықтар едi Оларды құру барысында небiр сұмдық зорлыққа, күштеуге жол берiлдi. Ол тұста қабылданған бiрнен қаулы - қарарлардың зандылығын тексеру барысында Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Төралқа комиссиясының 1992 жылғы желтоқсанындағы қорытындылары жарияланды. Онда келтiрiлген деректер мен мағлұматтар колхоздастырудың қандай әдiстермен жүргiзiлгенi жөнiнде толық түсiнiк бередi. Колхоздастырудың 1929 жылдың орта шенiнен басталғаны белгiлi. Оның құлаш жаюы Сталиннiң сол жылғы 7 қарашадағы газетiнде “Ұлы бетбұрыс’ деп аталатын мақаласының шығуымен тұспа-тұс келдi. Мұның алдында кулактарға шабуыл жөнiндегi нұсқаулар негiзіндс Қазақстанда байлардың шаруашылықтарын тәркiлеу аяқталған болатын. Ендi жаңа экономикалық саясат негiзiнде жүргiзiлген шаруаларды кооперациялау iсi мемлекет бағыттап отырған күшпен ұжымдастыру шарасына орын бердi. Ал, бұл шара шаруа қауымының игiлiгiн ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесiн қамтамасыз ету мақсатын қана көздедi. Сөйтiп, 20-30 жж. жаңа экономикалық саясатын дамыту бағыты тұйықталып тасталды. Ондаған жылдар бойына экономика мен қоғамдық саяси өмiрде тек “күштеу” шарасының рухы үстемдiк еттi.

Бұл жағдай ауыл шаруашылығына қасiреттi зардабын тигiздi. Селодағы саясаттың ең басты шарты - өмiр әкiмшiл террорға сүйенген экономикалық емес жарлықтар, шаруалар қауымын кооперациялау идеясын жаманатты қылып қоймай, оның пайдалы жақтарын да құртып жiбердi. “Ұлы бетбұрыс” селолық құрылымдарды қатiгез қаталдықпен аяусыз қиратып, қоғамның болашақта туатын проблемаларын бiртiндеп әзiрлей бастады.

Колхоздастыру барысында жүргiзiлген ауыл шаруашылығы өнiмдерi оның iшiнде астықты күштеп дайындау шаруалардың күн көрiсiне, көңiл-күйiне мейiлiнше керi әсер еткен, оларды кеңес өкiметiн жек көруге итермелеген екiншi бiр үлкен шара болды. Ауылдарда мал саны өсiрiлiп көрсетiлiп, алынатын еттiң, жүннiң көлемi белгiлi есептен асып түстi. Салғыртты орындау үшiн шаруалар қыс iшiнде қой қырқуға мәжбүр болды. Мұның өзi қойлардың жаппай қырылуына соқтырды. Егiспен айналыспайтын шаруашылықтардан астық талап етiлдi. Салғыртты орындамаған қожалықтар сотқа тартылды. 1928-1929 жылдары осындай айыпқа ұшыраған 34 мың ауыл-село адамдары сотталды. Мұның өзі ауыл адамдарын қорқыту үшін де iстелiндi.

Колхоздастыру осындай ауыр жағдайда басталды да, оны басқару әкiмшiлiк, зорлық, күштеу әдiстерiмен жүргiзiлдi. Егер 1928 жылы Қазақстанда колхозға барлық шаруашылықтардың екi пайызы ғана кiрсе, 1931 жылдың күзiнде шаруаларды 70-тен 100 пайызға дейiн колхоздастырған аудандардың саны 78-ге жеттi. Бұл тұста өлкеде 122 аудан болатын. Шаруаларды ұжымдастыру кезiнде ауыл-селоларда бай-кулактарды тап ретiнде жою шаралары iскс асырылды. Жергiлiктi орындарға жеткiзiлген нұсқау бойынша жойылуға тиiстi бай-кулак шаңырақтары барлық шаруашылықтың жалпы санының 3-5 пайызынан аспауы керек деп ескертiлдi. Бiрақ, осыған қарамастан әмiршiл-әкiмшiл жүйенiң асыра сiлтеу әрекетiмен тәркiгс салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы көрсеткiшке жеткiзiлдi. Нәтижесiнде тек 1930-1931 жж. республикадан тыс жерге бай-кулак деп “жер аударылып” жiберiлген шаруалар саны 6765 адамға жеттi. Ондаған мың шаруалар тұрған округтерiнсн республика iшiнде басқа жерлерге көшiрiлдi.

Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүргiзу үшiн Қазақстан өлкелiк партия комитетi жергiлiктi белсендiлермен бiрге кәсiпорындардан сегiз мың жұмысшыны тартты. Мұның үстiне республикаға Мәскеуден, Иваново-Вознесенскiден, Харьковтан, Ленинградтан партияның шақыруымен 1204 «жиырма бесмыңыншы» келдi. Бiрақ бұлардың өздерi қазақ жерiнде отырықшыланудың мәнi мен механизмiн жете түсiнбедi. Көптеген әкiмшiлер үшiн бұл шартараптан жүздеген шаруашылықты бiр жерге жинау болды. Мұндай топтаудың салдарынан шаруалар мал өрiсiнен, су мен шөп iздеп, жайылым ауыстырып отыру мүмкiн айырылды.

Әмiршiл-әкiмшiл жүйенiң нұсқауымен Қазақстанның барлық аймақтарында ұжымдастыру егiншiлiк шаруашылықтарында да қандай қарқынмен жүргiзiлсе, мал өсiретiн шаруашылықтарда да ол сондай қарқынмен жүргiзiлсiн деп талап етiлдi. Ойластырылмай алынған шешiмнiң зиянды қайтарымы өзiн көп күпiрген жоқ.

Қолдағы малды қоғамдастыру нәтижесiнде колхоз фермалары құрылды. Кейбiр жерлерде алып коммуналар ұйымдастырылып, олар өте көп шаруа бiрiктiрдi. Соның нәтижесiнде фермаларға жиналған қисапсыз мал күтiмнiң кемдiгiнен, шөптің, жайылымның жетпеуiнен қырылды. Колхозға кiрмеген жеке шаруашылықтарда мал ұстауға ықылас болған жоқ. Сөйтiп, 1928-32 жылдар аралығында республикада iрi қара 6 млн. 509 мыңнан 965 мыңға, қой 18 млн. 566 мыңнан 1 млн. 386 мыңға, жылқы З млн. 516 мыңнан 316 мыңға, түйе 1 млн. 42 мыңнан 63 мыңға азайып кеттi. Қазақстанның осы жылдары одақ бойынша тауарлы астық өндiруден үлес салмағы 9 пайыздан З пайызга кемiдi. Халықтың тұрмысы нашарлап, қайыршылануы күшейдi. Мұның өзi шаруалар бұқарасының наразылығын туғызбай қойған жоқ. 1929-1931 жылдарда шаруалардың 372 көтерiлiсi болып, оған 80 мыңдай адам қатысты. Созақ, Шемонаиха, Бұқтырма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Биен-Ақсу, Шыңғыстау, Бөрiбаев, Қастек, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау т. б. жерлердегi шаруалар көтерiлiсi аяусыз басылып, оған қатысқандардан 5551 адам сотталды, олардың 883-i атылды. Жалпы алғанда күштеп ұжымдастыру кезiнде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды.

Көшпелi қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отрықшыландыру және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсiрiп жiбердi. Республика экономикасының құлдырап төмендеуi 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұстас келдi. Осындай елдi арылмас с орға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақым сыздығынан осы екi жылда республикада аштықтан өте көп адам қырылып, қазақ елi орны толмас қайғы мен қазаға ұшырады: 2 млн. 200 мың адамынан, яғни қазақ ұлтының 49 пайызынан айырылды. Республикада тұратын басқа халықтар да сан жағынан кемідi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көшпелі қазақ шаруаларының жаппай отырықшылыққа көшуі
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күшпен ұйымдастырудың тарихнамасы
Қазақтардың 1930 жылдардағы ұжымдастыруға қарсы көтерілісі
Халықтың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы
Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және оған қарсылық мәселелері бойынша
Қазақ жеріндегі ашаршылық ерешеліктері
Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)
Кеңес өкіметінің қазақ шаруаларын отырықшыландыруға байланысты мемлекеттік саясатын талдау
Күштеп ұжымдастыру
ХХ ғ. 30 - жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылықтың демографиялық зардаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz