EXCEL - ДІҢ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
EXCEL-ДІҢ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ

Диаграммаларды даярлау

Excel-дің ең көзге түсер ерекшеліктерінің бірі оның сандар қатары мен бағаналарын информацияны толық көрнекі түрде кескіндей алатын графиктер мен диаграммаларға айналдыруы болып саналады.
Диаграммалар-мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарда үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады.
Excel-де 14 түрлі екі және үш өлшемді диаграмма түрлері бар. Excel графикасын үйрену кезінде Дәулетқұлов Әлем деген оқушының өз комптютерін апта бойы қалай пайдаланатыны туралы мәліметтерін қарастырып өтеміз.
Берілген мәліметтер (сағаттар өлшемімен):
А B C D E F G H I
Апта күндері 1 2 3 4 5 6 7
Жұмыс түрлері
Ойын 0 1 1 0,5 1 2 2 7,5
Мәтін өңдеу 2 0 0 0,5 0 0 0 2,5
Сурет салу 1 0 0 1 0 1 1 3
Программалау 0 1,5 1,5 0 2 0 0 7
А1:Н6 бен 11:12 блоктарындағы мәліметтер онша қызықты емес, I3:I6 блогындағы мәліметтерді графиктік түрде беруге болады. Экранға I3 ұяшығынан басталатын кесте бөлігін шығарайық.
Диаграммманы немесе графикті даярлау үшін Диаграмма шебері деген функцияны пайдаланған жөн.
Excel-дің бұл функциясы бес сұхбат терезесі арқылы диаграмма тұрғызуға және оны жұмыс парағына салып шығуға керекті мәліметтерді сұрап алады.
Стандартты аспаптар тақтасындағы Диаграмма шебері батырмасын бассақ, Excel диаграмма кестенің қай маңында орналасуы керектігін сұрайды.Біз, мысалға, А18 ұяшығын курсормен көрсетіп, тышқан батырмасын басулы күйде ұстап тұрып А18:G35 блогын ерекшелеп шығайық та, батырманы қоя берейік.


1-қадам
Мұнда Excel Диаграмма шеберінің 5-тен 1-қадам (Шаг 1 из 5) деген сұхбат терезесін (24.1. сурет) шығарады. Осы терезе арқылы диаграмма болып тұрғызылатын мәліметтер орналасқан ұяшықтар ерекшеленеді. Егер ерекшеленген блокты терезе жауып тұрса, лны белгілі тәсіл бойынша басқа орынға жылжытамыз. Тышқанмен 13:16 блогын екрекшелеп алып, Диаграмма шеберінің Келесі (Далее ) сөзі тұрған батырмасын басамыз. Егер ұяшықтар дұрыс ерекшеленбесе, онда осы 1-қадам терезесінде оны қайта ерекшелеп аламыз.

21.1. сурет. Диаграмма шебері терезесінің сұхбаттасу экраны
2-қадам
Келесі сұхбат терезесіндегі Excel тұрғыза алатын диаграмма түрлерінің ішінен тек біреуін таңдап алуымыз керек (24.2-сурет). Гистаграмма деген диаграмма түрін тышқанды шерту арқылы таңдап алып, Келесі батырмасын басамыз.

24.2. сурет. Диаграмма шеберінің 2-қадамдағы сұхбат терезесі
3-қадам
Үшінші сұхбат терезесі қандай диаграмма түрін таңдауымызға байланысты болады. Біз Гистаграмма деген типті таңдағандықтан, үшінші терезе 24.3- суреттегідей болады. Ол терезеден 7-формат түрін таңдап алып, Қадам батырмасын тағы да басу қажет.

24.3. сурет. Диаграмма шеберінің үшінші қадамдағы сұхбат терезесі

4-қадам
Бұл Excel-дің бұрын ерекшелеп алған мәліметтерді қалай пайдалана алатынын көрсетеді.
Бұл қадамда мәліметтердің қайда орналасқанын – жолда ма, бағанада ма- көрсетіп, олардың түсіндіру мәліметтерін (түсініктеме-легенда) қай аралықтан алатынымызды да көрсету керек. Түсініктеме диаграммадағы мәліметтердің аттарын және оң жақта орналасатынын ңұсқауыштарын-маркерлерін бейнелейді (24.4-сурет).
Егер шыққан нәтижеге көңіліңіз толмаса, қайтадан алдыңғы терезеге" Кейін" батырмасы арқылы оралуыңызға болады. Мысалға, біздің экранымызда, Диаграмма шебері мәліметтердің жолдарда орналасқанын дұрыс анықтағандықтан, еш нәрсені өзгертудің қажеті жоқ.
Түсініктеме беретін мәлімет ретінде біз еш нәрсе енгізбегендіктен, оң жақтағы белгі тұратын орында келісім бойынша алынатын " 1-қатар" (1-ряд) деген сөз тұр (оның орнына А3:А6 мәліметтерін беруге болатын еді). Түсінік беретін мәтін үшін бағаналар санын өзгерту қажет емес.
Сонымен, бәрі ойдағыдай болса, ”Келесі “ батырмасын тағы басамыз.

24.4. сурет. Диаграмма шеберінің 4-қадамдағы сұхбат терезесі

Түсініктеме қосу (Добавить легенду) деген сұраққа түсінік беретін мәлімет қосқымыз келсе, Иә батырмасын, әйтпесе Жоқ деген батырманы басып жауап береміз.
Диаграмма аты деген өріске Компьютерді пайдалану (сағат) деген сөз енгіземіз де, Аяқтау батырмасын басамыз. Біз жұмыс парағына салынған дтаграмма алдық. Егер бұл диаграмманың ұнамайтын жері болса, оны түзетуге болады.


Диаграмма көлемін өзгерту

Көбінесе ендірілген диаграмманың қажетті көлемін дәл анықтау қиын, оны тке диаграммаға берілген мәліметтерді көргенде ғана айтуға болады. Сондықтан ендірілген диаграмманың мөлшерін, пропорциясын өзгерте отырып, оны ойдағыдай түзетуге тура келеді.
Диаграмма көлемін өзгерту үшін оны ерекшелеу керек, яғни диаграмма бойынша тышқанды бір рет шерту керек. Диаграмма жоқтауларының бұрыштарында және оның сызықтарының ортасында белгілеу маркерлері пайда болады.
Тышқан курсорнын пайдаланып, диаграмманың оң жақ шетін I бағанасына дейін жылжытайық, ол үшін тышқан курсорын оң жақтаудың ортасындағы маркерге жеткізіп (тышқан сілтемесі екі жаққа бағытталған тілсызыққа айналады), оны I бағанасына дейін созамыз.
Диаграмма жақтауының ортасындағы маркерді жылжыту оның ұзындығы мен енін өзгертуге мүмкіндік береді. Ал оның бұоышындағы маркерді жылжыту диаграмманың ұзындығы мен енін бірдей өзгертеді.



Диаграмманың типін таңдау
Диаграммалардың типін Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісін таңдаймыз. Диаграмманың типін және түрін таңдаған соң Нәтижені көру (Просмотр результата) батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып, диаграмманы көруге болады.

Диаграмманың типін таңдағаннан кейін Үлгі (Образец) өрісінде диаграмманы көруге болады. Диаграмманың типі оны құруға арналған мәліметтерге байланысты таңдалады.
● Гистограммаларды бір немесе бірнеше мәліметтер жиынындағы мәндерді салыстыру кезінде қолдану ыңғайлы. Мысалы, соңғы бірнеше жылдардағы заттарды сатудың жылдық көрсеткіштерін салыстыру кезінде қолдануға болады. Диаграммалар шебері терезесіндегі гистограммалар бейнесінде тышқанды екі рет шертсек, гистограммаларды тұрғызатын мәліметтерді таңдау мүмкіндігін беретін терезе ашылады.
● Сызықтық диаграммалар (Линейчатые диаграммы) өстері басқа бағытта орналасқан гистограммалар. Гистограммалардан айырмашылығы мұнда категориялар осі вертикаль, ал мәндер осі горизанталь бағытта орналасқан. Сызықтық диаграмма бір айдағы сатушылардың өткізген тауарларының көрсеткішін өте көрнекі түрде көрсетеді.
● Дөңгелек диаграммалар (Круговые диаграммы) бүтін нәрсенің оның бөліктерге бөлініуін көрсетеді. Бұл диаграммада әр бөлік бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анық көрінеді. Дөңгелек диаграмманы құру принципі мынандай: алдымен белгіленген аймақтағы мәліметтердің қосындысы табылады да, одан кейін әрбір ұяшықтың осы бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анықталады.
● Нүктелік диаграммалар (Точечные диаграммы) статистикада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық кесте құралдары және олардың мәліметтерді өңдеуі
Кестенің жұмысшы беттерінің арасында жылжу
Ұяларға мәліметтер енгізу
EXCEL – ДЕ ӘРТҮРЛІ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ МӘНДЕРІН КЕСТЕЛЕУ
Мәліметтерді статистикалық талдау
Microsoft Office туралы түсінік және түрлері
Excel-дің графикалық мүмкіндіктері туралы
Мектептегі информатика курсындағы Excel бағдарламасын меңгеру негіздері
Мектеп оқушыларына тригонометриялық функциялардың графиктерін салуды түсіндіруде есептеулерді жүргізу
Дерекхана терезесімен танысу
Пәндер