II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ

2.1 Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай

Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алғаннан кейiн өзiнiң банктiк жүйесi құрылып және қаржы секторы өз алдына қызмет ете бастады. Елiмiздегi экономикалық өсудiң тұрақтылығы, инвестицияның көптеп тартылуы, кәсiпкерлердiң экономикалық ынтасы, экономикалық активтi халықтың саны, халықтың әлеуметтiк жағдайы елдегi макроэкономикалық көрсеткiш және экономикалық негативтi құбылыс болып табылатын инфляция деңгейiне тiкелей байланысты болады. Басқаша айтсақ ұлттық экономиканың жалпы көрiнiсiн, оның даму жағдайын инфляция деңгейiнiң қарқынымен оның қаншалықты тиiмдiлiгiн айтуға болады.
Инфляция ақша жүйесiнiң дағдарыстық кезеңi болып табылады, яғни ол қоғамның дамуының тепе-теңдiгiнiң бұзылуына себепшi болады. Инфляция экономикалық құбылыс ретiнде Қазақстан Республикасының дамуында басты мәселелердiң бiрi болып келдi. Өйткенi елiмiздiң 1991 жылы өз егемендiгiн алуымен байланысты ұлттық экономикамыз бiрден дағдарысқа ұшырай бастады. Оның бiрден-бiр себебi бұрынғы орталықтан басқарылып келген экономикалық жүйе бұзылып, қатаң түрде реттелiп келген елдiң ақша айналысы жүйесiнiң тиiмсiздiгi дереу көрiнiп қалды. Сол кездегi айналыста жүрген Ресейлiк рубльдердiң құнсыздануы шапшаң болды. Олай болатын себебi, экономикада өндiрiлген өнiмдер мен қызмет көрсетулерден ақша массасы тым артық болып кеттi.
1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейiн Қазақстан ТМД-ның басқа мемлекеттерiмен бiрге “рубль аумағында” қала бердi. Бiрақ бұрынғы орталықтан басқарылып келген экономикалық жүйе ыдырап, рыноктық қатынастар орын ала бастауына байланысты экономика айналыста жүрген ақша массасы күннен-күнге өсiп, инфляция кең етек ала бастады. Осының салдарынан 1992 жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдiк купюралар шыға бастады. 1992 жылы маусым айында алғаш рет ресейлiк 5000 рубль, кейiннен 10000 және 50000 купюралары шығарылды. Алайда өндiрiстiң одан сайын құлдырауы, мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығының өсуi, жалпы экономиканың дағдарысқа үшырауы инфлицияны одан сайын үдеттi. Тiптi сол кездегi инфляция гиперинфляцияға айналды, нақтырақ айтсақ инфляция деңгейi 2000%-дан асып кеттi. Осыған байланысты бұрынғы 15 елдiң рыноктық қатынастарға өтуге бетбұрыс жасауы ортақ валютаны ұстап тұрудың тиiмсiз екендiгiн мойындады.
Осыған байланысты 1992 жылдың бiрiншi жартысынан-ақ Қазақстан Республикасының жетекшiлерi ендiгi жерде рубльден күдер үзiп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның “Харрисон” фирмасымен шарт жасасты. Сөйтiп, 1993 жылы 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелiк ақшалар Қазақстанға жеткiзiлдi. Оларды қолдан жасаудан қорғалатын 18 дәрежесi болды.
1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу түралы” Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта – теңге енгiзiлдi.
КСРО Мембанкiнiң және 1992-1993 жж. Ресей үлгiсiндегi қазыналық және банктiк билеттердi айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қолма-қол ақшалардың, рубльдiк шоттардың, салымдар мен мiндеттемелердiң теңгеге айырбасы 1 теңге үшiн 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргiзiлдi.
Қазақстан Республикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль шегiнде ақша айырбастай алды. Айырбас бiр рет қана жүргiзiлiп, ол туралы төлқұжатқа белгi соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны алты ай мерзiм iшiнде пайдалануға құқысыз болды. Лимиттен асқан қаражаттардың шығу тегiнiң заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексердi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi теңгенiң валюталық бағамын: 1 доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгiледi. Келесi жылдары ол бiрден өсiп кеттi. Соған сәйкес бағамен жалақы да өстi.
15 қарашадан 18 қарашаға дейiнгi халық теңгемен және рубльмен де есеп айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен, сол сияқты бөлшек сауданы жүзеге асырушы және халыққа ақылы қызмет көрсететiн тұлғалардың ақшалай түсiмдерi күнделiктi қабылданды. Кәсiпорындардың баланстарындағы рубльмен берiлген активтер мен пассивтер екi күн iшiнде қайта есептелiндi. Қолма-қол ақшаны айырбастау және активтер мен пассивтердi қайта есептеу кезеңiнде банктер клиенттермен операциялар жүргiзбедi.
Алайда теңгенiң енгiзiлiнiң өзiнде де инфляция өсуi белең алып отырды. Оның бiрден бiр себебi елiмiздегi өндiрiстiң құлдырауы, мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығы экономикадағы жаппай теңсiздiктiң орын алуы. Елiмiздегi инфляцияның пайда болуының және қарқынды өсуiнiң себебiне сұраныс және шығындық инфляциялар бiрдей әсер еттi.
Қазақстанда ақша масасының өсуiне үш түрлi себептi атап өтсек болады:
• бiрiншiден, бюджеттiк тапшылықты қаржыландыру үшiн орталық банктерден келген несиелер;
• Екiншiден, Ұлттық банктiң коммерциялық банктерге несиесi – қайта қаржыландыру үшiн несиелер;
• Үшiншiден, ТМД мемлекеттерiне несие – олардың Қазақстанмен саудадағы тапшылығымен байланысты.
Аталған несиелердiң көздерi, негiзiнде ақша массасы өскен және инфляция жаңдана түскен ақшалай түрдегi базаны кеңейткен болатын. Осы мәселе туралы ұлттық валюта енгiзiлгеннен бастап елдегi банк жүйемiз нақты ақша-несиелiк және валюталық реттеуге кiрiстi. Осының нәтижесiнде экономикада 1995 жылдан бастап инфляция деңгейi төмендей басатады, ал ол өз кезегiнде экономикалық өсуге жол ашты.
Елiмiзде инфляциялық дағдарыстың орны ерекше деп те атасақ болады. Өйткенi 1990 жылдан бастап өндiрiстiң құлдырауы, бұрынғы орталықтанған экономиканың ақшаны құнсыздануға жiбермей ұстап тұрған саясаты жойылып, экономика нарықтық қатынастарға бет алғанда қаржы саласы дереу дағдарысқа ұшырады. Осының салдарынан Қазақстанда 1992-1994 жылдары тұтынушылар тауарына инфляция деңгейi 2000%-дан асып кеттi. Өндiрiс пен инфлияцияның дағдарысқа ұшырауы әлеуметтiк саланың күрт құлдырауына алып келдi. Халықтың ақшалай кiрiстерi кеми бастады, еңбек ақы төмендедi, жұмыссыздық мәселесi орны алды, елдiң өнеркәсiбiне инвестиция құйылуы кемiдi, жалпы елде кедейлiктiң деңгейi өсе бастады.
Әлемдiк тәжiрибеде инфляциялық дағдарыс деп екi жыл аралығында инфляция деңгейi 40%-дан төмендесе айтады. Ал Қазақстанда 1992-1994 жылдары гиперинфляция болды.
Осы мәселеге мемлекетiмiз әр түрлi саясаттарды iске асыра ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы инфляциялық жағдай
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
Қазақстан Республикасындағы инфляция саясаты
Қазақстан Республикасындағы инфляция ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны
Инфляцияның қалыптасу және асқыну себептері мен механизмі
Инфляцияның әлеуметтің экономикалық зардаптары
Инфляцияның пайда болу себептері және даму факторлары.Инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияның себептері және экономикалық-әлеуметтік салдарлары
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның динамикасы туралы
Пәндер