Windows операциялық жүйесінің негізгі функциялары


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Windows операциялық жүйесінің негізгі функциялары.
1. 1. “Тышқан” тәрізді графикалық сілтеме .
2. 2. Мәлімет алмастыру буфері.
3. Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптер.
3. 1. Windows 3. х жүйесінде
3. 2. Windows 98 жүйесінде
Қорытынды
Кіріспе
Бұрынғы компьютерлерде кең тараған MS (PC) - DOS операциялық жүйесі болатын. MS- DOS операциялық жүйесінің бір адамның жұмыс істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетінін, оның үстіне MS- DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 Кб жедел жадын ғана пайдалана алатынын білеміз.
MS- DOS операциялық жүйесінде командаларды жазу ґте күрделі болды. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істей алды да, ал кґптеген адамдар ондай дәрежеге кґтеріле алмады.
Осыдан барып, адам мен операциялық жүйе арасындағы байланысты жеңілдету үшін әртүрлі жүйелік қоршаулар қарастырыла бастады. Бірақ олар негізінен мәтіндік режимде жұмыс істейтін еді.
80- ші жылдардың ортасында MS (PC) - DOS- тың мұндай кемшілігінен арылу үшін, Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған кґп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды, олардың бірі Windows жүйесі болатын.
Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS- DOS жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда ґте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың бірі ғана.
1. Windows операциялық жүйесінің негізгі функциялары.
Кез- келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
- компьютердің барлық аппараттық құрал- жабдықтарын басқару;
- файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
- қолданбалы программаларды іске қосу. Бұған қоса Windows жүйесі:
- бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
- әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды;
- масштабталатын қаріптерді қолдауды;
- мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;
- бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.
Windows жүйесінде келесідей негізгі ұғымдар бар:
Терезе - Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows сґзінің нақты аудармасы “терезелер” екені осыны білдіреді. Терезе- экранның тґтрбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез- келген мәліметтер ґңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Windows терезесінің экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бґлігін ғана қамтуы мүмкін.
Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез- келген программаның ґзіне тән жұмыс істеу терезесі болады. Егер терезені жабатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін терезе ішінде екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаның жұмысы да аяқталады.
Терезе шекаралары - бұл терезенің параметрі бойынша ґтетін тік және кґлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің аймағын ґзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан тґменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан тґменгі тґртбұрышты аудан- терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында әр түрлі информация болады: орындалатын программа, ґңделуге арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т. б.
Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мґлшері болады, сондықтан информация кґп болса, ол терезеге симай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішінде симайтын информацияның бар екенін кґрсетеді.
Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:
- толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;
- қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бґлігін алып тұрады.
- белгіше (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.
Жұмыс столы екінші негізгі ұғым. Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер интерфейсінің элементі болып саналады. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер салынған бумалар, құрал- жабдықтар (қалам, қарындаш, ґшіргіш, т. б. ) орналасуы мүмкін. Олар, сіздің қалауыңызша, столда әр түрлі күйде орналаса алады, стол беті әдемі дастарханмен жабылуы мүмкін немесе ештеңе тґселмей таза болуы да ықтимал. Стол бетіндегі заттарды алма- кезек қолдануға, олардың орнын ауыстыруға болады.
Windows ортасында жұмыс столының рґлін дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары орналасқан. Қажетті құжаттарды, құрал- жабдықтарды жоғалтып алмайтындай, экранда артық зат ұстамай жұмыс істеуге кґңіл бґлейік.
Белгішелер, жарлықтар, бумалар.
Белгіше (Icon) - бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды, т. б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай белгішелер кездеседі:
- қосымша (қолданбалы) программалар белгішесі;
- белгілі бір топтар белгішесі;
- функциялар белгішесі.
Жарлық (shortcut) бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін кґрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды жылдам ашуға болады және т. б.
Бума (folder) экранда каталогтарды (Windows 98) және программалық топтарды (Windows 3. 1) белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума- каталог, директорий ұғымының баламасы болып табылады. Каталог- файлдарға арналған контейнер, программалық топ- жеке программаларға арналған контейнер. Олармен атқарылатын амалдар біртектес бола береді (жою, кґшіру және т. б. ) .
1. 1. “Тышқан” тәрізді графикалық сілтеме .
Windows ортасында пернелер тақтасының кґмегімен жұмыс істеуге болады, бірақ тышқан тетігімен басқарылатын графикалық сілтемені (Point) немесе олардың комбинацияларын қолдану ґте тиімді.
Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Жұмыс барысында негізінен оның сол жақтағы, ал анда- санда оң жақтағы батырмасы пайдаланылады. Тышқан тетігінің ортаңғы батырмасы (егер бар болса) Windows ортасының тек кейбір программаларымен жұмыс істеуде пайдаланылады.
Келесі операция шерту (Click) . Бұл операция сілтемені экран бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін ғана орындалады, мысалы, сілтемені графиктік элементтің белгішесіне жеткізіп, шерту операциясын орындауға болады. Шерту деп тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басып, қайта жылдам қоя беруді айтады. Бұл әрекет меню пункттерінің бірін таңдау, объектілерді белгілеу немесе жол курсорын қалаған орынға жедел кґшіру кездерінде және терезелерді екпінді етіп жұмысқа қосу кезінде және т. б. қолданылады.
Тышқанмен орындалатын күрделі операцияға оның сол жақ батырмасын жылдам түрде екі рет шерту әрекеті жатады. Бұл әрекеттен кейін белгіленген операция бірден іске аса бастайды.
2. Мәлімет алмастыру буфері.
Ґзінің жұмыс істеуі кезінде Windows жүйесі программалар мен құжаттар арасында мәліметтер алмасуға арналған компьютердің жедел жадының арнаулы бґлігін алмастыру буфері ретінде пайдаланады. Буфер (дәнекер жады) әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында керекті шағын кґлемді мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір- біріне ауыстырып отыру үшін пайдаланылады.
3. Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптер.
Енді Windows ортасының кейбір технологиялық принциптерін атап ґтейік.
Жұмыс істейтін әрбір адамға арналған стандартты интерфейс. MS- DOS операциялық жүйесінде жазылған программалардың ґзіндік интерфейсі болған еді, олар: меню жүйесі (кґлденең, сырғып түсетін, қалқып шығатын, иерархиялық), сұхбаттасу тәсілдері (мәліметтер енгізу, варианттарды таңдау) және т. б.
Мұндай тәсіл жаңа программаларға кґшкен сайын әрбір адамға қайтадан оқып- үйрену қажеттігін тудыратын. Ал Windows жүйесінде кґптеген іс- әрекеттер программалардың әртүрлілігіне қарамастан біртектес командалар арқылы орындалып, бірдей терезелер кґмегімен ґңделетін болып, ортақ технология іске асқанын практика жүзінде кґрсете білді.
“Point- and- Click” (кґрсету және шерту) принципі.
Бұл принцип бойынша графикалық технологиядағы кґптеген операцияларды орындау үшін тышқан сілтемесін экран элементіне апарып, оның сол немесе оң батырмасын шерту жеткілікті. Бұл тәсілмен тґмендегі әрекеттерді орындауға болады:
- программа немесе құжат терезесінің аумағын кішірейту, үлкейту және бұрынғы қалпына келтіру;
- кґлденең орналасқан меню пункттарын таңдау;
- экранға шығатын меню командаларын таңдау;
- аспаптар тақтасы командаларын таңдау;
- мәліметтері бар тізімнің бір жолын белгілеу;
- командалық батырманы басу, таңдау;
- ауыстырып қосқыштың мәнін мәнін ґзгерту;
- мәтіндік информацияны енгізу кезінде курсордың орналасуын ґзгерту;
- мәтін енгізілген ґріс жолдарының бірін таңдап, оған мәлімет енгізу және кґптеген басқа әрекеттер.
Select (ерекшелеу, белгілеу) принципі.
Программалар терезесінде құжатпен жұмыс істеу барысында бізге үнемі мәтін фрагменттерімен, үзінділермен (мәтіннің белгілі бір бґлігімен, суретпен, кестелермен) әр түрлі орындауға тура келеді. Ол операциялар мынадай іс- әрекеттерден тұрады:
- фрагментті кґшіру, тасымалдау, жою, олардың қаріптерін, мґлшерін ґзгерту, жиектеу, кейбір жерлеріне кґлеңке түсіріп қараңғылау т. б. Мұндай операциялар екіге бґлініп орындалады: ең алдымен біз фрагментті белгілеп алуымыз керек, ал сонан соң нақты команданы орындау (мысалы, фрагментті жою немесе оның қарпін ґзгерту) . Оның түріне немесе программа талабына сай әр түрлі тәсілдермен белгілейді. Графиктік түрдегі фрагменттерді белгілеуде, әдетте сол бґлікке сілтемені алып барып, тышқанды шертуді қолданады.
“Drag-&- Drop” принципі (тасымалдау және барған орнында қалдыру) .
Бұл әдіспен ґңделініп жатқан құжаттың белгіленген үзігін, белгішені (пиктограмманы) , терезені басқа орынға ауыстыруға немесе олардың кґшірмесін алуға болады.
Мысалы, егер де суреттің бір бґлігі қайшымен қиылып белгіленген болса, онда тышқан курсорын сол сурет бґлігіне жеткізіп, оның сол немесе сол жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орынға ауыстыруға болады.
Windows жүйесінде “Drag-&- Drop” әдісімен келесі операцияларды орындау жиі жүргізіледі:
- үлкейтілген терезелермен белгішелердің орнын ауыстыру;
- графикалық редактордың жұмыс аумағындағы суреттің белгіленген фрагментін жаңа орынға ауыстыру немесе оның кґшірмесін алу;
- Word редакторында мәтіндік информацияның белгіленген фрагментін басқа жерге ауыстыру немесе оның кґшірмесін алу;
- Суреттер мен кестелердің орнын ауыстыру және кґшірмелерін алу;
- Мәтін беттеріндегі абзацтың жаңа жолын және оның оң жақ, сол жақ шекараларын кґлденең сызғыштың жоғарғы және тґменгі кішкене үшбұрыштарын тасымалдау арқылы тағайындау;
- Дайын белгішелер жиынынан әрбір адам ґзі қолданатын құрал- саймандар тақтасын құрастыру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz