Шымкент қаласының экологиялық жағдайына эсер ететін өндіріс орындары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Бітіру жұмысы компьютерлік басылған 31 беттен тұрады. Жұмыста 6 кесте, 2 сурет келтірілген, 35 әдебиет көздері қолданылған.
Түйінді сөздер: ластаушы заттар, ШРК, ауыр металдар, экология, экожүйе, қорғасын, кадмий, өндірістік қалдықтар.

Жұмыста Шымкент қаласының экологиялық жағдайы зерттелген. Қаланың қоршаған ортасына Шымкентте орналасқан өндіріс орындарының әсері көрсетілген. Жұмыста Шымкент қаласын ластайтын кәсіпорындарға, жалпы қаланы ластайтын ластағыш заттарға сипаттама берілген; олардың ішінде ең қауіпті ластағыштар ауыр металдар болғандықтан, осы ауыр металдарды анықтау әдістері игерілген; қала территориясынан белгіленген бірнеше ауданнан топырақ үлгілері алынып, ондағы қорғасынның мелшері анықталды. Зерттеу нәтижелерін сараптай отырып, Шымкент қаласның экологиялық жағдайына жалпы сипаттама берілді.

Мазмұны
Кіріспе
4

1. Әдебиетке шолу:
1.1. Шымкент қаласының жалпы табиғи-экологиялық
сипаттамасы 5
1.2. Шымкент қаласының экологиялық жағдайына эсер
ететін өндіріс орындары 6
1.3. Қоршаған ортаның ауыр
металдармен ластануы 10
1.4. Ауыр металдардың қоршаған ортаға
түсуінің негізгі көздері 15

2. Зерттеу объектісі мен әдістері.
2.1. Зерттеу объектілері 17
2.2. Ауыр металдарды анықтау әдістері 18
2.3. Қорғасынды анықтаудың
атомдық-абсорбциялық әдісі 20
2.4. Анализді орындау барысы 21

3. Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау 26

Қорытынды 29

Әдебиеттер тізімі 30

Кіріспе.

Қазіргі танда экологияық проблемалар адамзаттың барынша өткір және шұғыл мәселелерінің біріне айналды. Олар өз кезегінде жалпы барлық адамдардың және жеке әр қайсысының мүддесін қамтиды.
Ғылыми-техникалық прогресстің дамуына байланысты, адамның қоршаған ортаға деген әсерінің нәтижелері де күннен-күнге жоғарылауда. Мүндай эсер өндірістік аудандарда, ірі қалаларда ең көп мөлшерде байқалады.
Сол себептен ірі қалалардың, мекен-жайлардың экологиясы, оны жақсарту жолдары өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Бітіру жұмысының мақсаты Қазақстанның халық көп шоғырланған Оңтүстік облысының орталығы — Шымкент қаласының экологиялық жағдайын зерттеу болды.

Жүмыста мынадай мәселелер қойылды:
• Шымкент қаласының негізгі ластаушы көздерін анықтау;
• Қалада орналасқан өндірістік мекемелермен танысып, олардан шығатын ластағыш заттардың түрлерін сипаттау;
• Ауыр металдарды анықтау әдістерімен танысып, іс-жүзінде қолдану;
• Белгіленген аудандарда топырақтағы қорғасын мөлшерін анықтау.
1. Әдебиетке шолу

1.1 Шымкент қаласының жалпы табиғи-экологиялық
сипаттамасы

Шымкент қаласы - Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі облыс орталықтарының бірі, сонымен қатар ірі жол торабы. Жалпы аумағы 7787 га. жерді алып жатыр. 1998 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша қалада 439,8 мың адам немесе облыс халқының 22%-і тұрады. Шымкент облыстың шығыс жағында Угам жотысының тауалды жазығымен ағатын Бадам және Сайрам өзендері аралығында, теңіз деңгейінен 500-512 метр биіктікте орналасқан. Қала климаты өте континенттік және қүрғақ. Жер бетіне түскен ылғал мөлшері ауаға булану және топыраққа сіңу мөлшерінен кем. Жазы ыстық, қысы біршама суық. Маусымдық орташа температурасы 24-26 градус, қаңтарда -4-6 градус. Жер бедері жөнінен негізінен жазық келеді. 2
Қаланың қалыптасуы мен дамуына оның қолайлы экономико-географиялық орналасуы эсер етті. Бұл жерде көптеген пайдалы қазбалар шоғырланған, олар қалаға жақын орналасқан. Шымкент қаласы еліміздің екі қарқынды дамып келе жатқан аудандары - Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстанның тоғысқан жерінде орналасқан. Шикізат қорлары мен магистральды көліктің жақын орналасуы, еңбек ресурстарының санының жеткілікті болуы және қолайлы климаттық жағдайлар қаланың өндіріс орындарымен тез толығуына түрткі болды. 1
Шымкенттің табиғи жағдайлары (қаңтар-ақпан айларындағы жиі және қою болатын түмандар, жаз айларында болатын жоғары температура мен жауын-шашынның аз болуы) қаланың ауа бассейнінің өзін-өзі тез тазартуын қамтамасыз етпейті. Бүның барлығы әртүрлі ластаушы заттардың ауада, топырақта және суда жинақталуына әкеліп соқтырады, ол өз кезегінде жалпы ластану деңгейінің жоғарлауына әкеледі. Осының барлығы көптеген аурулардың санының өсуіне , және өсімдіктердің кейбір түрлерінің мүлдем жойылып кетуіне эсер етеді. 25

1.2 Шымкент қаласының экологиялық жағдайына эсер
ететін өндіріс орындары.

Шымкент қаласы — ірі ондіріс орталығы, сонымен қатар экологиялық түрғьщан алғанда Қазақстанның ендірістік қалдықтармен интенсивті ластанған қалаларының бірі болып табылады. Қала Батые Тянь-Шань тау қыраттарының етегінде еңістеу жерде орналасқан. Осыған байланысты физико-географиялық және метеорологиялық жағдайлары ауа бассейнінің зиянды заттардан тез тазалануына мүмкіндік бермейді. Ал жаз айларында +40-45 градусқа дейін көтерілетін ауа температурасы зиянды заттармен қосыла адам денсаулығына кері эсер тигізеді. Шымкент қаласындағы ендіріс орындарынан бөлінетін негізгі ластаушы заттарға ондірістік шаң, күкірт ангидриді, коміртегі тотығы, азот тотықтары, фтор сутегі, күкіртті сутек, комір сутектері, аммиак және ауыр металдар жатады. Аталған техногенді қалдықтардың ішіндегі улылығы жағынан аса қауіптілері — ауыр металдар. Ауыр металдар негізінен қаланың оңтүстік - батыс болігінде орналасқан қорғасын заводынан бөлінеді. 4 Бүл заводтың жобасы 1929 жылы И.Х. Алтынбаевтың басшылығымен, Гипроцветмет институтында жасалған. Завод салу үшін Шымкент қаласының оңтүстік-батысындағы, Бадам өзенінің жағасында орналасқан жер тандап алынған.ІЗ
Қорғасын ондірісінен қоршаған ортаға қорғасын мен мышьяктан басқа мыс, мырыш, кадмий, т.б. металдар бөлінеді. Шымкент қаласының ауыр металдармен ластану қауіптілігі біріншіден, қорғасын заводының қала территориясында орналасуымен, екіншіден, қаланың физико-географиялық орны және климаттық ерекшеліктерімен байланысты. Қорғасын заводынан болінген ауыр металдарсуда, топырақта және өсімдіктерде жинақтала алады. Сонымен қатар, қоректік тізбек арқылы жануарлар мен адам организміне түсіп, аталған ауданның экосистемасы мен тұрғындарының денсаулығына айтарлықтай кері эсер етеді.4
Шымкент қаласында Фосфор АҚ, Шымкентшина АҚ, Шымкентнефтеоргсинтез АҚ, Шымкентцемент АҚ, Химфарм заводы сияқты өндіріс алыптары да орналасқан. 5

Кесте -1
Ластағыш заттардың стационарлық көздерден атмосфералық ауаға түсу динамикасы, (тонна есебімен) 23

1995Ж
1996Ж
1997Ж
1998Ж
1999Ж
облысы бойынша
42077
25000
26620
20129
25137
Шымкент қаласы бойынша
22377
15000
15997
14030
13773

Осыншама өндіріс орындарынан шығатын қалдықтар қала экологиясына эсер етпейді деп айту қиын. жалпы ластағыш заттардың атмосфералық ауаға түсу динаммикасы 1 - кестеде көрсетілген.
Мысалы: ШНОС АҚ қала территориясын негізінен көмірсулармен ластайды. Бұл кәсіпорындағы мүнай шламдары қауіптілігі бойынша 3-ші класқа жатады. Оңтүстік Қазақстан облыстық қоршаған отраны қорғау жөніндегі аумақтық басқарма мен облыстық пркуратура қызметтері 2001 жылғы 25 шілде 7 тамыз аралығында ШНОС ААҚ-ң ҚР-ң Қоршаған ортаны қорғау туралы Заң талаптарын орындау барысын тексеріп, олардың экологиялық норманы өрескел бүзғанын анықтады. Жалпы ШНОС - ң қоршаған ортаны бүлдіргені жөніндегі айыбы 555 7000 теңгені қүрап отыр. 2
ШНОС ААҚ-ң өндірістік шайынды суы Арыс қаласына қатысты Акдала маңындағы арнайы буландырғыш көлшікке келіп қүйылады. Екі ара 96 шақырым. Осы аралықты жалғап жатқан қүбыр арнайы күзетте болуы тиіс. Күзетшілердің келісімпаздығы және жауапсыздығы салдарынан шайынды су буландырғыш көлшікке жетпей жол-жөнекей қолды болуда. Арнайы тексеру барысында эр жерде қойылған бақылағыш крандардан шайынды суды жарып алып қалатындар анықталды. Осы өндірістік қалдық суды шаруа қожалықтары, фермерлер, мал, егін суғаруға пайдаланылады. Ал, шайынды су егістіктің үстіңгі қабатын ластап, жарамсыз күйге түсірген. Су бөлгіштер күні-түні жабылмай қалғандықтан 5500 квадраттық метр жайылымдық жер бүлінген. Мамандардың есебінше, буландырғышқа жетпей қалған шайынды барлық судың 30 пайызын қүрайды.24
Фосфор АҚ-да 1,2,3 және 4-ші класс қауіпті қалдықтар шығарылады. Завод территориясында кварцит, фосфорит үйінділері, электротермофосфатты шлак, күл-қоқыс орналасқан. 4
Кесте-2
Қар жамылғысындағы ластағыш заттардың концентрациясы
17

Функциональды аймақ
рН
S04 мгл
Қорғасын заводы
6,15
5,03
Химфарм. Заводы
6,11
4,52
Ордабасы алаңы
6
3,95
16 ықшам ауданы
6
3,05
112 ыкшам ауданы
5,9
2,05

Қаладағы өндіріс орындары тек қана атмосфералық ауа мен топырақты ластап қоймай, сонымен қатар, қаладағы су көздерінің экологиялық жағдайын да нашарлатуда. 25 Қазіргі заман жағдайларында жалпы табиғатты қорғау және соның ішінде су ресурстарын қорғау, өндірістік күштердің интенсивті дамуы жағдайындағы аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Экологиялық мониторингтердің нәтижелері жер үсті суларының және су қоймаларының биологиялық ерекшеліктері көбінесе ондағы судың сапасымен анықталатынын көрсетті.
Бұлардағы судың сапасы азот, фосфор, күкірт, кремний және тағы да басқа биогендік элементтердің концентрациясына ғана емес, осы объекттерді ластайтын ауыр металдардың иондарының концентрациясына да байланысты. 9
2 - кестеде зводтардың территориясындағы қар жамылғысының құрамындағы ластағыш заттар көрсетілген.
Жер үсті және жер асты суларын ластаушылар болып негізінен түсті металлургия, мүнай-химиялық, химиялық, жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары саналады. Мысалы, Қошқат-ата өзені Шымкент қаласының теміржол вокзалы маңындағы бүлақтардан басталады. Сөйтіп қала арқылы ағып өтеді. Бүл өзеннің сапалық жағдайы қүрғақ қалдық бойынша 1,5 есе, түзды аммоний бойынша 4 есе, ХПК бойынша және органикалық ластағыштар бойынша 5-6 есе, фосфаттар, мүнай өнімдері бойынша 16-20 есе, нейтраттар бойынша 45 есе нашарлаған. 2
Қала шетінен ағып өтетін Бадам өзенінің де экологиялық жағдай нашарлаған: органикалық ластағыштар, нитриттер, мүнай өнімдері бойынша 2 есе, өлшеуші заттар бойынша, құрғақ қалдық бойынша 1,5-2 есе. Осындай жағдай бола түра барлық кәсіпорындарда қалдықтарды утилизациялау іс жүзінде жүргізілмейді деуге болады. 24
Жалпы қала бойынша ластағыш заттардың шығарылуының көлемінің үлғаюы негізінен автокөліктердің санының өсуімен де байланысты. Жалпы, жылжымалы көздерден шығатын ластағыш заттардың мөлшерінің өсу динамикасы 3-кестеде көрсетілген. Оның үстіне автоапрктердегі автокөліктердің техникалық жағдайының қанағаттандырғысыз болуына байланысты олардан шығатын лақтырыстар — қорғасын мен форальдегидтің концентрациясының ШРК-дан асып кетуіне әкеп соқтырды. 22 Жыл сайын автокөліктер атмосфераға 280 млн. тонна көміртегі тотығын, 56 млн. тонна көмірсутектер, 28 млн. тонна азот оксидтерін шығарады. Жыл сайын автокөліктердің ішкі жану двигательдерінде 2 млрд. тоннаға жуық мүнай өнімдері жағылады. Осы кезде тікелей пайдаланылатын тек - 23%, ал қалғаны қоршаған ортаға кетеді. 14
Кесте-3.
Жылжымалы көздерден шығатьш ластағыш заттардың мөлшерінің өсу динамикасы, (тонна есебімен) 3

1995 жыл
1996 жыл
1997 жыл!
1998 жьтл
1999 жыл
ІІІымкент
60900
68L94
68400;
69980
71275
бойынша

Шымкент қаласының табиғи компоненттерін тек өндіріс қалдықтары ғана ластап қоймайды, сонымен қатар, қоршаған ортаны ластауға тұрмыстық қалдықтар да өз үлесін қосады. шымкентте қатты қалдықтар төгілетін қалалық күл-қоқыс орны қаланың сыртында, солтүстік-батыс жағында орналасқан. 24 Жыл сайын Шымкент қалалық күл-қоқыс орнына 300 мың куб метр қалдықтар төгіледі, соңғы 10 жылда бүл жерде 5 млн. тоннадан астам күл-қоқыс жинақталды. 24 Қаладағы түрмыстық қатты қалдықтардың массасының қүрамы шамамен томендегідей: қағаз бен картон - 37%, тамақ қалдықтары - 18%, шыны - 10%, металл - 10%, полимерлер - 8%, ағаш - 4%, басқа да қалдықтар - 13%.25 Қалдықтардың түрақты өртеліп отыруына байланысты атмосфералық ауаның интенсивті түрде ластануы жүреді, сондықтан түрмыстық қалдықтарды өндірістік қайта ондеу, күл-қоқысты жағу және оны қайта ондеу заводтарының проблемасы оте актуальды мәселелердің бірі.

1.3 Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы

Қазіргі кезде әрбір адамға орташа есеппен санағанда жылына 5 тонна органикалық және минералдық қалдықтар сәйкес келеді екен. Бүл заттар топырақ жамылғысын, суды және ауаны ластайды, сонымен қатар, ауа және су ортасынан тікелей немесе жанама жолдар арқылы бәрібір топыраққа келіп түседі.
Кейінгі кезге дейін қоршаған ортаның негізгі ластаушылары шаң, көмірқышқыл газы, көмірсутектер, синтетикалық, органикалық заттар болып саналатын, бірақ қазір өзінің зиянды әсері жағынан бірінші орында ауыр металдар, одан кейін пестицидтер тұратындығы дәлелденген. 6
Қоршаған ортага ауыр металдардың антропогендік әсерінің нәтижесі - ауыр металдармен ластанған жерлердің ауданының өсуі болып табылады. Әсіресе бұл мәселе, территориясында ірі өндіріс орындары орналасқан қалалар үшін актуальды болып табылады. Зауыт, фабрика және тағы да басқа объекттердің жүмысы нәтижесінде атмосфераға құрамында ауыр металдар бар шандар және басқа да ластағыш заттар үлкен көлемде шығарылады. Олар қала топырағының жоғарғы қабатына түседі. Өлшенген заттардың ауа қүрамында біршама аз болғанына қарамастан, қала топырағында атмосферадан шөккен ластағыш компоненттердің үлкен көлемі тез жинақталады. Нәтижесінде өнеркәсіптердің эсер ету ареалында (ол кейде бірнеше шаршы шақырымды қамтуы мүмкін) ластаушы заттардың, соның ішінде ауыр металдардың да аномальды жоғары концентрациясы байқалады. Жиі бүл концентрациялар шекті белгіленген және фондық концентрациялардан асып тұрады. Осының салдарынан, нақты территорясында және оның маңында жекеменшік қүрылыстар зонасы бар қалалар үшін өте маңызды болып табылатын топырақтың ғана сапасы нашарлап қоймайды, сонымен қатар, кейбір жағдайларда ішуге пайдаланатын жер беті және жер асты суларын қосымша ластайтын көздер пайда болады. Ашық жерлерде жатқан топырақтар атмосфералық ауаның екінші реттік ластануының мықты көздеріне айналады. Осылайша топырақтың ластануы өзінің тудыратын нәтижесі жағынан оте қауіпті процесске айналуы мүмкін. 12

Өндірістік ластанудың негізгі жолдары: атмосфера арқылы булардың, аэрозольдердің, шаң немесе полютанттардың (ластағыш заттардың) еріген қосылыстарының қар мен жаңбыр арқылы жерге түсуі кезінде. Ластағыш заттардың басым болігі ауаға трубалар мен вентиляциялық каналдар арқылы түседі, көпшілігі өндіріс маңына (1-2 км.) түседі, біршама бөлігі 3-4 км, кейде 8 км. қашықтыққа да ауысады. 33
Ауыр металдар. Ауыр металадарға Д.И. Менделеевтің периодтық системасындағы атомдық массасы 50-ден асатын, 40-тан астам химиялық элементтер жатады.іб
Элементтердің бұл тобы көптеген ферменттердің қүрамына кіру арқылы биологиялық процестерге белсенді түрде қатысады. Ауыр металдар тобы көбінесе микроэлементтер түсінігімен сәйкес келеді. Концентрациясы жоғары, экзогенді элементтер үшін микроэлементтер деген термин жарамсыз. Мүндай жағдайларда әдетте ауыр металдар терминін қолданады. Осылайша ауыр металдар термині қорғасын, цинк, кадмий, сынап, молибден, марганец, никель, кобальт, титан, ванадий, мыс сияқты элементтерді сипаттайды. 29
Ауыр металдардың түсу көздері табиги (таулы породалар мен минералдардың желденуі, эрозиялық процестер, вулкандар қызметі) және техногенді (пайдалы қазбаларды алу мен өндеу, жанармайды жағу, көліктердің,ауыл шаруашылығының әсері) болып бөлінеді. Қоршаған ортаға жүқа аэрозольдар түрінде түсетін техногенді лақтырыстардың бір бөлігі үлкен қашықтықтарға тарайды да глобальды ластануды туғызады.18
Минералды-шикізат ресурстарына деген сүраныстың өсуі түсті металл рудаларының өндірудің көлемінің өсуіне әкеліп соқтырды. Осының нәтижесінде бүлінген жерлер көлемі ұлғайды, таулы өндірістер қызметін жалғасытруы үшін қажетті қосымша шығыс жерлердің көлемі үлғайды. 31

Ауыр металдардың ерекшелігі сонда, олардың көбі өзінің аз мөлшерінде тірі организмнің қалыпты өмір сүруіне қажет, ал егер де ол организмде шектен тыс мөлшерде жинақталатын болса кері эсер тигізуі мүмкін. Осындай элементтердің бірі — қорғасын.
Қорғасын — элементтердің периодтық системасының 4 тобындағы элемент. Атомдық номері 82, атомдық массасы 207,2. Түсі — көкшіл реңі бар сұр жұмсақ, майысқыш металл. Қатты қорғасынның тығыздығы 11,336 гсм.куб тең, ал балқыған қорғасындікі 10,686 гсм.куб тең. Қорғасынның балқу температурасы 327,4 градус, қайнау температурасы 1745 градус.
Қорғасынның антикоррозиондық қасиеті жоғары, ол кейбір қышқылдарға, сілтілерге, тұздарға, аммиакқа химиялық тұрақты болып келеді.
Биосферадағы және адамды қоршаған ортадағы қорғасын проблемасының бірнеше аспектісі бар. Біріншіден, қорғасын— қоршаған ортаның барлық компоненттерінде кездесетін кең таралған элемент: тау породаларында, топырақта, табиғи сулар мен атмосферада. Тірі организмдер ұзақ эволюция барысында осы элементің табиғи концентрациясына бейімделген, олар қорғасынды белсенді түрде сіңіреді және өзінің үлпалары мен мүшелері қүрамында сақтайды.
Екіншіден, қорғасынның рудалар көзі түрінде аккумуляциялар қалыптастыру қасиеті бар. Ертеден бері қорғасын рудалары минералды шикізаттардың дәстүрлі түрі болып табылады, және қазіргі кезде оның бір жылдық өндеу мөлшері миллион тонналап есептеледі. Металлға деген сүраныс қарқынды түрде өсіп келеді, сондықтан рудалардың жаңа көздерін табу үшін арнайы әдістер мен тәсілдер ойлап табылған: литохимиялық, гидрохимиялық, биогеохимиялық, ал кейінгі кезде — атомохимиялық.
Үшіншіден, қорғасын адамның шаруашылық іс-әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаға белсенді таралады. Мүндай анторопогендік таралудың жолдары әртүрлі: өндірістік және түрмыстық шайындылармен, металлургия, металлөндеуші, химиялық және тағы басқа ондіріс орындарының, жылу электростанцияларының түтіні мен шандары арқылы, іштей жану двигательдерінің комірқышқыл газдары арқылы. Ауаның, табиғи сулардың және топырақтардың ластануы биотаға кері эсер тигізеді, және адам үшін қауіп тондіреді. Сондықтан да биосфера мен қоршаған орта проблемаларына арналған барлық халықаралық қүжаттарда қорғасын кобінесе алдыңғы қатардағы ластаушы ретінде корсетіледі. Коптеген елдердің сәйкес мекемелері бүл металдың ауадағы, топырақтағы, осімдіктердегі, азық-түліктердегі және судағы құрамын бақылап отыру үшін жылына ондаған мың анализдер жүргізіп отырады. 29

Кадмий - эндо- және экзотоксикологиялық эсер теу қасиеті бар экотоксикант. Ол — тірі ағзаларда ұзақ уақытқа аккумуляцияланатын, қоректік тізбек арқылы берілетін және биохимиялық қасиеттері жағынан сынаппен туыстас ауыр металл. Эйхлер В. бойынша атмосфераға жыл сайын түсетін кадмийдің мөлшері шамамен 5 мың тонна, ал оның адам тамағындағы мөлшері шекті нормаға жетті — 2мгкг. Кадмийдің тез таралуы оның жоғары үшқыштығымаен және тірі организмдерге тез еніп, онда ақуыз молекулаларымен бірігіп ковалентті байланыстар түзу нәтижесінде үзақ уақыт саталуға қабілеттілігімен байланысты.14
Ластанбаған аудандарда адам ағзасына кадмийдің түсу көздері тағам (85-90%), су (5-10%), ауа (1%) болып табылады.14
Адам және жануарлар ағзасында кадмий бүйректе, одан аз мөлшерде бауырда, қан жритроциттерінде, бүлшық еттерде, үзын сүйектерде жинақталады. Нәтижесінде қандағы лейкоциттер саны азаяды, организмнің иммундық қорғану қабілеті төмендейді, ішкі мүшелердің дистрофиялық өзгерістерін туғызады, сонымен қатар, ол орталық жүйке жүйесіне және репродуктивтік қызметке (әсіресе ер адамдарда) эсер етеді, канцерогендік қасиеттері де бар.
Кадмийдің өзі улы емес, бірақ оның иондары мен қосылыстары өте улы, әсіресе, CdO, CdS04, Ca(N03)2; Кадмийдің қосылыстары у және организмде дене салмағының 5мгкг келемде жиналған кезде тыныс алу орталығының жансыздануынан ағза елімге үшырайды. 34
Бүған қарамастан Cd кең қолданысқа ие — қазіргі кезде бірде-бір жез сым осы кадмийдің қосылуынсыз жасалынбайды, сонымен қатар, ол әскери және ғарыштық өндірісте әртүрлі беткейлерді кадмийлеу үшін қолданылады, кадмий-никельдік аккумуляторларды жасауда кеңінен пайдаланылады.34
Соңғы 15 жыл ішінде өнеркәсіптер мен автлкөліктер қоршаған ортаға, оның алдындағы периодтан да коп қорғасын шығарған. Біздің планетамыздың барлық вулкандарынан шығарылатын қорғаасын, кадмий, цинк және т.б. ауыр металл қосылыстарының молшері, қоршаған ортаға тек қалдық жағушы пештерден шығатын ауыр металдардың молшерінен әлдеқайда аз болып табылады.28
Кейінгі кезде ауыр металдарға ерекше көңіл бөлінуде себебі олар организмге тигізетін жалпы токсикологиялық әсері бойынша, радиоактивті заттар мен пестицидтердің алдына шығып, қазіргі кезде бірінші орында тұр және олар бірқатар ауыр адам науқастарын туғызады: жүрек, қан айналым аурулары, ақыл-ойдың жетілмеуі, дене мүшелерінің жансыздануы, қатерлі ісік аурулары, түқым қуалайтын аурулар.28

1.4. Ауыр металдардың қоршаған ортаға түсуінің
негізгі көздері

Ауыр металдардың қоршаған ортаға түсу көздерінің табиғи және техногенді жолдарын ажыратады.
Топырақ бетіне түсетін ауыр металдар топырақтың қалың қабатына, әсіресе, жоғарғы гумусты горизонттарына жинақталып, одан кейін сілтілену, өсімдіктердің пайдалануы, эрозия және дефляция арқылы біртіндеп жойыла бастайды. Ауыр металдардың жартылай жойылуының бірінші кезеңі (яғни, бастапқы концентрацияның жартысының жойылуы) түрлі элементтер үшін әртүрлі болады, дегенімен біршама үзақ уақытты қамтиды: Zn үшін 70-550 жыл, Coj үшін 13-110 жыл, Си үшін 310-1500 жыл және РЬ үшін 740-5900 жыл. 12
Табиғи көздері. Экожүйелердегі ауыр металдардың негізгі түсу көздеріне біріншіден тау жыныстары (шөгінді, магмалық, метаморфтық) жатады. Осы тау жыныстарының желденуі (эрозия, вулкандардың қызметі) нәтижесінде топырақ қабаттары қалыптасады. Мүндай жағдайда жоғарға мантия, базальт және граниттер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Ақтөбе қаласының атмосферасын кәсіпорындар ластауда
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ
Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының геоэкологиялық жағдайы
«Ленгір-Баянауыл» автомобиль жолының технико-экономикалық негіздеу
Шымкент қаласының атмосфералық ауасының ластануы
Алматы қаласының физикалық-географиялық орны
Қазіргі кездегі қоршаған ортаның химиялық заттармен ластану дәрежесі
Өнеркәсіптің қоршаған ортаға әсері
Қазақстанға өз өркениетін сақтап мемлекет ретінде өзінің ерекше мүмкіндіктерін пайдалану
Пәндер