Есірткінің зардабы және асқынуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Есірткі дегеніміз не?

2. Есірткі түрлері.

3. Есірткінің адам организміне әсері қандай?

4. Есірткіні қолданудың қандай қауіпті зардабы болады?

5. Нашақорлар неден өледі?

6. Есірткінің зардабы және асқынуы.

Есірткі дегеніміз не?

Есірткі - бұл адамның көңі-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақорлық есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Есірткі - аса қауіпті, айығуы үмітсіз әлеуметтік дерт.

Есірткі түрлері.

ПБЗ тобы (класы)

(Психикаға әсер ететін заттар тобы. )

1. Медицинада ауыруды басу үшін қолданылытын (апиын, опиум, опий) өнімдеріне морфин, кодеин, омнопон, промедол, метадон және т. б. немесе мактың көкнәрі жатады.

2. Сора өнімдері (каннабиноидтер) - гашиш, анаша, марихуана және т. б.

3. Психикаға белсенді әсер ететін заттар - амфетамин (фенамин), сиднокарб; қолдан жасалған эфедрин немесе эфедриннен алынған эфедрон, первитин, экстази, фэнтази дәрі-дәрмектері және т. б.

4. Ұйықтататын және седативтік заттар - барбитураттар, бензодиазепиндер, натрий оксибутираты және т. б.

5. Галлюценогендер (фенциклидин, кетамин, ЛСД, псилоцибин, мескалин және т. б. )

6. Холинолиттік әсері бар кейбір дәрі-дәрмектер (паркинсонға, алларгияға қарсы қолданылатын циклодол, демидрол, пипольфен және т. б. )

7. Өндірісте және тұрмыста қолданылатын химиялық заттар құрамындағы органикалық ұшпа заттар (бензин, бензол, толуол және т. б. ) . Оларды көбіне иіскейді.

Адам ағзасы мен психикасына күшті әсер ететін ең қауіпті әрі көп қолданылатын есірткінің түрі - анаша.

Анаша - сұр түсті химиялық зат, ол ыстық және құрғақ аймақтарда өсетін көкнәр тұқымынан алынады.

Апиын (опиум) . Көкнәрдің барлық жапырағы түскеннен кейін, гүл тұғырындағы қауыз ішінде ақ сірне қалады. Міне, осыны көкнәр өсіретіндержинайды. Ақ сірне кепкен кезде ол қоңыр түсті қоймалжың затқа айналады. Бұл - апиын. Мұнан дәрі жасаушылар (фармацевтер) көптеген дәрілік заттар алады. Одан жасалған морфин, промедол, кодеин сияқты дәрілер медицинада ресми түрде кодеин сияқты дәрілер медицинада ресми түрде қолданылады. Бір қызығы, героин осы жоғарыда аталған дәрілердің қалдығынан жасалады. Барлық есірткілер ішінде героин ең қауіптісі. Героинге адамдар тез үйренеді, демек елту құмарынан шығу үшін нашақорға оның мөлшерін ұдайы көбеіп отыруы керек. Көкнәр мен апиынды қабылдауда күрт үзіліс болса, нашақордың бүкіл денесі қақсап ауырады, жүзі солып, бойынан әл кетеді, қолдары қалтырайды, буындары дірілдейді, әбден жүдейді. Егер героин болмай қалса, қатты ауырады, енді ол құмарын басу үшін емес, жанын жегідей жеген ауыруды тоқтату үшін қажет болады. Нашақорлар егу кезінде өзара инені қолданады, сөйтіп бір-біріне ВИЧ (жұқпалы аурулар) жұқтырады.

Жастар арасында жиі қолданылып жүрген есірткінің бір түрі - экстези , ол түрліше аталады: "Э", "МДМА", "ЭксТиСи", "Дискобургер", "М-25" және т. б. Бұл есірткілер адамның көзіне құбыжықтар елестетеді, адам қозынып, еліріп тұрады. Экстази түрлі түсті таблеткалар (ақ, қоңыр, күлгін, сары түсті капсула түрінде шығарылады) . "Экстези" дискотекаларда жиі сатылады. Адамға күш беретін бұл есірткіні қабылдаған адам шаршағанын сезбей бірнеше сағат бойы

билейді. Экстези нерв жүйесін қоздырып, барлық қан тамырларына әсер етеді. Бұл дәрі жүрек соғысын жиілетеді, адам жиі терлейтін болады, бүйрек қызметін бұзады. Мұның бәрі адамның денсаулығына өте зиянды, өйткені ол денсаулыққа қажетті минералды суды, тұзды жоғалтады. Сонымен бірге экстези біткен кезде адам қатты шаршайтын халге душар болады, сонымен бірге оның жағы қарыса береді, себепсіз мазасызданып, үрей билейді, аяқ-қолдары дірілдеп, қалтырайтын болады, көңіл-күйі құлазиды, оны ешнәрсе қызықтырмайды. Өте қауіптісі - адам организмі құрғап (сусызданып), өледі.

Тұрмыстық және өнеркәсіптік химия заттары құрамындағы органикалық ұшпа заттарға бензин, бензол, ацетон, толуол, лак жатады, бұлардың буларын нашақордар иіскейді.

Химиялық заттарды иіскеген адамның көңіл-күйі көтеріңкі болады, көзіне әр түрлі нәрселер елестейді. Есірткімен уланудың айқын белгісі - астения, бас ауруы, жүрек тым сезімтал, әсершіл күйге енеді, шаршау пайда болады. Ұшпа ерітінділерін қолдану психопатияға ұқсас ауру белгілерін тез байқатады, сөйтіп психикалық күйдің күрт тежелуіне себепші болады, адамның мінез-құлқын реттейтін ми бөлігінің жұмысы бұзылады, адам еркінен айырылады. Нашақорлар тұрмыстық химия заттарына тез үйренеді. Сол себепті адам бұл заттарды қолдануды еселеп көбейте түседі. Тұрмыстық химия заттарының қауіптілігі сонда, адам тұншығудан, уланудан, құсығы кептелуден өледі.

Кендір - бұл есірткінің түрлері марихуана, гашиш, анаша, "шөп", "пластилин", "шайыр", "дурь" деп аталады, бұлардың кез келгенінің шикізаты - Азияда өсетін, жасыл түсті өсімдік - үнді кендері. "Пластилин" және "шайыр" - жұмсақ қоңыр қара түсті зат, оларды темекіге қосып, тартады. Бұл шөпті шеккен адам өзін-өзі билей алмайды, машина жүргізе алмайды, көшеден өте алмайды. Ылғи шөл қысып тұрады, сонымен қатар олар көбіне өкпе рагіне шалдығады.

Анаболиктік стероидтар - гормональді дәрі-дәрмектер.

"Анаболиктік" сөзі "көбейтетін немесе жинайтын" деген ұғым береді. Стероидтар құрамында ер адамның жыныс гормоны тестостерон болады, ол өсуді реттейді. Бұл дәрі де бұлшық етті жетілдіреді, күшіне күш қосады, сондықтан ол спортшылар, сымбатшылар арасында кең тараған. Анаболиктерді таблетка және егу түрінде де қабылдай береді, олардың организмде бар екенін тек зәрді тексеру арқылы анықтауға болады. Ол денсаулыққа өте зиянды, жас организмнің ішкі тепетендігін, дамуын бұзады, онкологиялық аурулардың дамуына дол береді (бауыр, бүйрек рагі, простотит), жүрек ауруларын, гормондықбұзылыстарды, ұйқысыздықты, жыныстық қатынастың төмендеуін, бас ауруларын, мазасыздануды, шамшылдықты, көңіл-күйдің күрт құбылуын туғызады, адам үнемі үрей үстінде жүреді.

Стероидтарды қабылдайтын қыздарда ер адамдарға тән белгілір пайда болады, дауыстары жуандап, үстін түк басады, ал жігіттер әйел затына тән қасиетке ие болады, сүт бездері үлкейіп, дауыстары жіңішкере бастайды.

Кокаин - бұл иіскейтін немесе тістеріне жағатын ақ ұнтақ, оны шегеді немесе егу арқылы денеге жібереді. Коканды Оңтүстік Америкада өсетін кокаин ағашының жапырағынан алады. Кокаин - өте қымбат есірткі, оны пайдалану атақты және дәулетті адамдардың арасында сәнге айналған. Кокаин әсері 30 минутқа созылады. Одан ұзақ ләззат алу үшін оны үзбей иіскеу керек. Кокаин нашақордың қан айналысына мұрынның сілікей-қабығы арқылы түсіп, әсер ете бастайды. Оны қабылдаған адамның көзінің қарашығы үлкейіп, еліре бастайды, үрей билейді. Оны жиі қолдану кеңсірік жолын жаралайды, ұйқысыздық пайда болады, көңіл-күй құлазиды.

ЛСД (немесе қышқыл) - лизергин қышқылды диэтиламид - көзге әр нәрсе елестететін есірткі, ол адамның түйсіну қабілетін терістейді. ЛСД - ақ ұнтақ зат, оны желетин капсуласына немесе қағаз пакетке салып жұтады. Қышқыл 30 минуттан кейін әсер етеді. Бұл кезде адам ақыл-естен

айырылады, көзіне жоқтан өзге елестейді, көзі дұрыс көрмейді, құлағы дұрыс естімейді, мұрыны иісті сезбейді, бәрін басқаша қабылдап, сезінеді, яғни "ұшу", "саяхаттау" деп аталатын галлюциниция пайда болады.

ЛСД-ның зардабы өте қауіпті, ол ауыр дертке әкеп соқтырады. Мұның аз мөлшерінің өзі-ақ адамның миына ауыр зақым келтіреді, нашақор қатерлі психикалық ауытқуға ұшырайды. Еш нәрсеге көңіл бөлмейді, науқас есік пен терезені де ажырата алмайды, ол тіпті сыртқа терезеден де шығып кетуі мүмкін, әр түрлі дауыстар оны шақырғандай, біреулер қорқытқандай болады, кейде оған әлдебіреуді өлтір деген дыбыстар да жетуі мүмкін.

Есірткінің адам организміне әсері қандай?

Есірткі - (norkosis) грекше норкоз, ұйықтату, ұйқымен ұмыттыру, жансыздандыру деген мағына береді. Есірткі - адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге болады. Дені сау адамның миы эндорфин мен энкефалин заттарын бөліп шығарып, адам ағзасының дұрыс қызметін қамтамасыз етеді. Есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды қабылдау денсаулығы дұрыс адамдардың мінез-құлқын қатты өзгертеді. Адам спортпен шұғылданып, ұнаған кітабын оқып, сүйікті әуенін тыңдай отырып, бір нәрсеге қуанады, ренжиді. Тапқан табысына, жеткен жетістігіне қуанады, бұл эндорфин мен энкефалин заттарының қызметі арқылы жүреді. Мұның бәрі қиын жол және көп еңбекті қажет етеді. Адам өз ойын қанағаттандыру үшін көп әрекет жасайды, қиындықтардан өтеді. Есірткі - бұл ешқандай еңбексіз, күш-жігер жұмсамай қанағаттану, сәл нәрсеге мәз болу. Есірткі эндорфин мен энкефалин заттарының орнына да жүре алады, бірақ шектен тыс қолданғанда ағзадағы эндорфиндер мен энкафалиндерді жойып жібереді. Нашақорлық есірткіден мас болып, кайф күйде болады, ол толықтай қалыпты жағдайдан арылып, бір рақат күйге енеді.

Нашақорлық өздерінің осы куйін бәрінің өз орнына келуі, яғни рақат сәті деп біледі. Нашақор үшін осы сәт өте қатерлі, яғни ол барлық тіршілік әлемінен бөлектеніп, тек өзінің ішкі әлемімен өмір сүреді. Әдетте нашақор: "кайф кезінде барлық проблемалар екінші қатарға ысырылады . . . " дейді.

Есірткілердің организмге әсер етуінің басқа да тұстарын білу қажет. Адам ағзасына түсетін барлық есірткі түрлері қан арқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді. Оның қызметін бұзады, уландырады. Есірткіні алғаш қолданған адамның басы қатты ауырып, әлсіздік басады. Достары немесе оны таратушылар келесі жолы жақсы болатыны туралы айтып, көңілін аулайды. Бірақ бұл белгілердің бәрі әрбір адамның денсаулығына байланысты болады. Есірткіні анда-санда қолданатындардыңіші өтеді, асқазаны ауырады, тамаққа тәбеті болмайды, жиі құсады, аяқ-қолдарының сіңірі оқтын-оқтын құрысады.

Барлық нашақорларға тез суық тиеді, түрлі жұқпалы аурулармен жиі ауырады. Есірткіні күнде қабылдаған ретте адамның тамаққа тәбеті жоғалады, жиі қаталайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нашақорлықтың неше түрлі зардаптары жайлы
Нашақорлықтың неше түрлі зардаптары
Жастарға ғасыр індетінің психологиялық – педагогикалық әсер ету аспектілері
Ессіз құмарлық - денсаулықтың жауы
Есірткілік пен есірткі бизнесінің алдын алу мен жолын кесудегі ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру
Есірткі және психотроптық заттардың және заңсыз айналым (контрабанда) түсінігі
Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз айналысу қылмысын тергеу
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН САНИТАРИЯЛЫҚ АҒАРТУ АЯСЫНДА ҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ТУРАЛЫ ЛЕКЦИЯ
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz