МҮГЕДЕКТЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МҮГЕДЕКТЕРГЕ КӨРСЕТІЛЕТІН
ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
- Мүгедектіктің сипаттамасы 10
- Мүмкіндігі шектеулі адамдарған қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты 18
- МҮГЕДЕКТЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ шектеулі адамдармен әлеуметтік жұмыс технологиясы 35Шет елдегі әлеуметтік оңалту жағдайының жолдары 55
ҚОРЫТЫНДЫ 67
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 69
КІРІСПЕ
Бітіру жұмысының жалпы сипаттамасы: қоғам өзінің стандартын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына сәйкес олардың тәуелсіз өмірімен тұруына мүмкіндік беру мақсатында бейімделуі қажет. 1989 ж. БҰҰ заң күшіне ие болып табылатын баланың құқығы туралы конвенцияның текстін қабылдады. Мұнда дамуында кемістіктері бар балалар өздеріне толық сенімдерін сақтап, қоғамның өміріне белсенді араласып, толық және салауатты өмір сүруі үшін құқықтары бекітілген. Мұнда мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалардың жақсы дем алуы, білім алуы, еңбек етуі, медециналық көмек алуы т. б. үшін ақысыз көмек алуы (ата-анасының, жақын, қамқор адамдардың финанстық ресурстарын есепке алу арқылы) жүзеге асырылады. 1971 жылы БҰҰ бас Ассамблеясы ойлау мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтары туралы Декларацияны қабылдады. Мүмкіндігінше мүгедек балалар оқуға, білім алуға, емделуге, жұмыс істеуге деген қажеттіліктерін максимальды қамтамасыз ету, өз қабілеттерін дамытуға жағдай жасау туралы айтылады. Оның ішінде нәтижелі еңбек ету, пайдалы іс-әрекетпен айналысу, мүмкіндіктерін толық пайдалану, матералдық қамтамасыз етілуге және қанағаттанарлық өмірлік дәрежеге қол жеткізу туралы айтылады. Мүгедек балалар үшін үлкен маңызға ие болып табылатын талап бойынша, ойлау мүмкіндігі шектеулі бала өзінің отбасында немесе қабылдап алған ата-анасының отбасында тұруы қажет деп айтылады. Мұндай отбасы мемлекет тарапынан көмек алуы тиіс делінген. Ал қажет болған жағдайда олар арнаулы мекемелерде болуы тиіс және жаңа орта оның әдеттегі өмірінен өзгеше болмауы тиіс. БҰҰ экономикалық, әлеуметтік және мәдени ережелер туралы халықаралық пактінде әрбір мүгедектің (ересек немесе бала) өзінің денелік және психикалық денсаулықтың мүмкін болатын дәрежесіне жетуге құқығы атап көрсетілген.
Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын қамтитын тұтас құжат БҰҰ қабылдаған «Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережесі» болып табылады.
1993 жылы әлемдік даму туралы есеп беруде әлемдік банктың тапсырысы бойынша дүние жүзі халықтарының денсаулықтарына арналған халықтың денсаулығын бағалаудың жаңа өлшемдері, ұлттық денсаулық сақтау салаларының тиімді жақтарына құралдар бөлу туралы айтылады.
Ана мен баланы қорғау, отбасыны жоспарлау мекемелері, балалар мен жеткіншіктерге тән ауруларды емдеуді т. б. финанстық инвестициялау бөлу статистикасы төмендетіп қана қоймай, көп жылдар бойы денсаулығынан айырылып, аяқ астынан уақытынан бұрын өлуді қысқартады.
Өмір ғана құндылық ретінде қарастырылып қана қоймай аурусыз, қиналусыз өмір сүру, әлеуметтік қалыптасып, даму да өмірдің сапасы ретінде қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Мүгедектік адамдардың өмір сүру қабілеттерін төмендетіп, даму мен өсудің тоқтауына байланысты әлеуметтік бейімдей алмауға болашақта, өз мінезін бақылай алмауға бағдарын басқалармен араласуын оқуын, еңбек етуін тежеуге алып келеді.
Мүгедектік мәселесін адамның әлеуметтік мәдени ортасынсыз отбасы, үй-интернат түсіндіру мүмкін емес. Мүгедектік, адамның мүмкіндігінің шектеулілігі таза медициналық құбылысқа жатпайды. Бұл мәселені тереңірек түсінуге, оның салдарларын болдырмауға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық т. б. факторлар көмектеседі. Сондықтан да мүгедектерге көмектесу технологиясы үлкендер мен балаларға әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік-экономикалық моделіне негізделеді. Бұл модельге сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдар қиыншылықтарды ауруына сәйкес немесе дамымауына сәйкес емес, сонымен бірге оны қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның олардың арнайы қажеттіліктеріне сай келмеуінен, қоғамдағы кері тісініктерден, адамдардың жақтырмай қалуларынан да болады.
Әрбір отбасының құрылымы мен қызметі уақыт барысында өзгеріске ұшырап, отбасының қарым-қатынастық тәсілдеріне әсер етіп отырады. Отбасының өмірлік циклі түрлі даму деңгейлерінен тұрады:
Неке құру, бала туу, олардың мектептегі кезеңі, жеткіншектік кезең, үйден кету кезеңі, ересектік кезең, қартаю т. б. Мүгедек балалары бар отбасы олардың даму кезеңдеріндегі өзгешеліктерге дайын болулары тиіс.
Тарихи тұрғыдан «мүгедектілік» және «мүгедек» түсініктері «еңбекке жарамсыз» және «ауру» түсініктерімен байланысты болған. Сондықтан да мүгедектілікті талдаудың әдістемелік көзқарастары денсаулықты сақтау саласынан алынып жүрді. Мамандар көп жылдар бойы «мүгедектік» шартын мойындамай, оны дұрыс емдемеудің салдары деп қарастырып келді. Сол себептен де бұл проблеманың әлеуметтік жағы еңбекке жарамсыз дегенге дейін оның басты көрсеткіші ретінде алынған. Осыған орай дәрігерлік еңбектік сараптамалық комиссияның басты міндеті куәландырып отырған адам қандай кәсіби қызметті атқара алатындығын субъективтілік, дәлірек айтқанда биологиялық негізде анықтау болған, әлеуметтік-биологиялық критерий алынбаған. Мүгедек түсінігі жазылмайтын ауру түсінігіне теңдестірілген. Сонымен, құқықтың аясында және нақты экономикалық жағдайлардағы адамның әлеуметтік рөлі екінші орынға ығыстырылған және де мүгедек түсінігі әлеуметтік, экономикалық, психологиялық білім беру және басқа да қажетті технологияларды қолданатын көп профильді реабилитация тұрғысынан мүлде қарастырылмаған.
Қазіргі кезде мүгедек, өмірлік қызметінің шектелуіне әкелетін және оның әлеуметтік қажеттілігін тудыратын, зақымдану немесе дефектілердің салдарынан ауруынан организм функцияларының қатты бүлінуі бар, денсаулығында ауытқуы бар тұлға ретінде сипатталынады. Мүгедектілік халықтың әлеуметтік жайсыз жағдайының басты көрсеткіші болып табылады. Ол қоғамның әлеуметтік жетілгендігін, экономикалық толыққанды жағдайын адамгершілік ондылығын көрсетеді және мүгедек адам мен қоғамның өзара іс-әрекетінің бұзылуын сипаттайды.
Жалпы таңдаудың шектеулі екендігі жағдайындағы адам қызметінің проблемасы ретінде қаралатын мүгедектіліктің бірнеше негіздегі аспектілері бар: құқықтық, әлеуметтік, психологиялық, қоғамдық-идеологиялық, өндірістік-экономикалық, анатомиялы, функционалдық, медициналық, әлеуметтік, басқарушылық.
Құқықтық аспект мүгедектердің құқығын еркіндігін және міндеттерін қамтамасыз етуді білдіреді.
Қазақстан Республиксының Президенті 1999 жылы 21 маусымда Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалымдығы туралы заңға қол қойған. Осы арқылы қоғамымыздың ерекше әлсіз бөлігіне әлеуметтік қорғау кепілдемесі берілген.
Әлеуметтік ортаға микроәлеуметтік ортамен (жанұя, еңбек ұжымы, үй-жай, жұмыс орны және т. б. ) және микроәлеуметтік айналамен (қала құрушы және ақпараттық орталар, әлеуметтік топтар, еңбек рыногы және т. б. ) байланысты мәселелер кіреді.
Әлеуметтік жұмысшылар қызмет көрсететін объектілердің ерекше котегориясын мүгедек адамы бар, болмаса сыртқы көмекті қажет ететін қарт адамы бар жанұялар құрайды. Ондай жанұя бұл кезде микроорта т. б. Ресейлік ғалымдар жүргізген арнайы зерттеу бойынша еңбекке жарамсыз жанұя мүшелері бар 200 отбасының әлеуметтік қызмет көрсетуді тиімдірек ұйымдастыру үшін әлеуметтік жұмысшы мүгедектіліктің себептерін білуі қажет, олар: 84, 8%-жалпы аурулар, 6, 3%-соғыста болғандар (соғыс мүгедегі), 6, 3%-бала жастан мүгедектер. Мүгедектің қандайда бір топқа жатуы жеңілдіктер мен ерекшеліктерге байланысты. Әлеуметтік жұмысшының басты міндеті осы жөнінде толық мәлімет ала отырып, әрекет етуші заңға сәйкес жеңілдіктердің жасалуына ат салысу болып табылады. Мүгедек адам немесе қарт адамы бар жанұямен жұмысты ұйымдастыру үшін әлеуметтік жұмысшы осы жанұяның әлеуметтік жайын, оның құрылымын (толық немесе толық емес) анықтауы маңызды. Бұл факторлардың болуы сөзсіз, онымен жанұямен жұмыс әдістемесі және де жанұяның әр түрлі сипаттағы қажеттілігі байланысты. Зерттеу барысында 45, 5%-толық, 28, 5% толық емес (әдетте анасы мен балалары) жанұялар, 26% жалғызбастылар, онда да әйелдер жағы басым болған (84, 6%) . Айта кететін бір жайт, ұйымдастырушы делдал, атқарушы ретінде әлеуметтік жұмысшының рөлі жоғарыдағы жанұялар үшін мына салаларда маңызды: моральді психологиялық қолдау, медициналық көмек, әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету. Моральді психологиялық қолдауды бағалаған кезде барлық жанұялар үшін келесілер ең өзекті болып табылған: әлеуметтік қамтамасыздандыру органдарымен байланысты ұйымдастыру (71, 5%), қоғамдық ұйымдармен байланыс орнату (17%) және еңбек ұжымдарымен байланысты жандандыру (17%) . Толық жанұялардың ішінде әлеуметтік қамсыздандыру органдарымен байланысты ұйымдастыруға 60, 4% толық емес жанұялардан, 84, 2% жалғыз бастылардан, 76, 9% мұқтаж еткен. Қоғамдық ұйымдармен байланысты орнатуға сәйкесінше 27, 5%, 12, 3%, 3, 8% жанұялар ұмтылады екен. Еңбек ұжымдарымен байланысты жандандыруға 19, 8% толық жанұялар, 5, 9% толық емес және 26, 9% жалғызбастылар мұқтаж болады. Бұл жағдай мүгедектердің өздеріне көрсетілетін жеңілдіктер туралы толық хабардар болмауымен түсіндірілуі мүмкін.
Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға деген мұқтаждықты талдаған кезде 71% жанұялар учаскелік дәрігердің байқауына қажеттілік туғызса, жанұялардың жартысына жуығы (49, 5%) тар мамандық иелерінің кеңестеріне, ал 17, 5% диспансерлік бақылауға мұқтаж болған. Толық жанұяларда көрсетілген медициналық көмек түрлеріне деген қажеттіліктің орындары біраз басқаша: бірінші орында (50, 7%) учаскелік дәрігердің байқауына қажеттілік, екінші (40%) диспансерлік бақылауға, ал үшінші (30, 3%) тар мамандық иелерінің кеңестеріне деген қажеттіліктер байқалған. Толық емес жанұялар ең басты мұқтаждық (37, 4%) диспансерлік бақылауда, 35, 4% жанұялар тар мамандық иелерінің кеңесіне және 26, 7% учаскелік дәрігердің байқауына деген қажеттіліктерін білдірген. Жалғызбастыларда тар мамандық иелерінің кеңестеріне деген қажеттілік басым (34, 3%) және де тең дәрежеде (22, 5%) учаскелік дәрігердің байқауымен диспансерлік бақылауға да қажеттіліктер орын алған.
Зерттеуге алынған жанұялардың ең көп қажеттіліктері әлеуметтік тұрмыстық қызметтіліктерге екені белгілі болған. Бұл, еңбекке қабілетсіз жанұя мүшелерінің қозғауларының шектеулігімен түсіндіріледі. Әрдайым сыртқы көмекке мұқтаж болады және де өздеріне сау адамдарды байлап қояды, яғни олар азық-түлік, дәрі-дәрмектерін сатып алып және жеткізіп береді, оларға әртүрлі үйден тысқары шығатын негіздегі тұрмыстық қызметтерді көрсетеді. Сондай-ақ оны қазіргі кездегі әлеуметтік шиеленістермен, азық-түліктерді және тұрмыстық қызметтерді алудағы қиындықттармен де түсіндіруге болады. Осыған орай әлеуметтік қызметкердің ролі бірден жоғарылайды. Жанұялардың әлеуметтік тұрмыстық қызмет көрсетудегі қажеттіліктерін бағалаған кезде келесілер айқындалған: Барлық зерттелгендердің ең басты қажеттіліктері кір жуушыларға екен (88, 5%), химиялық тазартуға (82, 5%), аяқ киім шеберханасына (64, 6%) . Сонымен қатар пәтерлерін жуып жинауға деген қажеттіліктері айқындалған (27% жанұя), үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу (24, 5%), тең дәрежеде (20, 5% жанұяда) азық-түлікпен дәрі-дәрмектерді жеткізуге әртүрлі санаттағы жанұялардың салыстырмалы таңдауы көрсеткендей, жалғыз бастыларда басқа жанұяларға қарағанда азық-түлікті жеткізуге (50%), пәтерлерін жинауға (46, 2%), дәрі-дәрмектерді жеткізуге (40, 4%) ең көп мұқтаждық байқалған. Алынған мәлімет, деректер еңбекке қабілетсіз жанұя мүшелері кіретін жанұялардың қажеттіліктері елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдаймен бір жағынан анықталса, екінші жағынан мүгедектердің өзін-өзі қамтуының шектеулі мүмкіндіктерімен анықталуын көрсетіп отыр.
Әлеуметтік қызметкерлердің қызмет аясын қалыптастыру қажет болып отыр. Нормативтік құжаттарда біліктілік сипаттамаларында көрсетілген міндеттерден басқа, қазіргі қалыптасқан жағдайды ескере отырып тек қана ұйымдастырушылық делдалдық қызметтерді атқарумен шектелмеу керек. Осы тұрғыдан басқа да қызмет түрлері белгілі бір өзектілікке ие болуда, олардың ішінде: әлеуметтік жұмысшының қызметін кеңінен пайдалану жөніндегі мүмкіндіктер туралы халықтың хабардар болуы еңбекке қабілетсіз азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы халықтың қажеттерін (рыноктық экономикалық жағдайында) қалыптастыру отбасын моральді-психологиялық қолдауды жүзеге асыру және т. б.
Психологиялық аспект мүгедектің өзінің тұлғалық-психологиялық бағдарлығын және қоғамның мүгедектілік проблемаларын эмоционалдық-психологиялық қабылдауын көрсетеді.
Қоғамдық-идеологиялық аспект мемлекеттік институттардың практикалық қызметінің мазмұнын анықтайды және мүгедектер мен мүгедектілікке байланысты мемлекеттік саясаттың қалыптасуын айқындайды. Осы тұрғыдан мүгедектерге халық денсаулығының көрсеткіші ретіндегі басым болып жүрген көзқарастан бас тарту қажет, керісінше осы әлеуметтік саясаттың тиімділігінің көрсеткіші ретінде қабылдау қажет және де мүгедектілік проблемасын шешу мүгедектермен қоғамның өзара әрекеттесулерінің құзырында екенін сезіну керек.
Үйде әлеуметтік көмек көрсетуді дамыту еңбекке қабілетсіз азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсеетудің бірғана формасы емес.
Соңғы жылдары бірқатар әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында жаңа құрылымдық бөлімшелер қолдауға аса мұқтаж азаматтардың өмірлерін қолдауға бағытталған бір реттік сипаттағы шұғыл көмекті көрсетуге арналған. Қызметтің іс-әрекеттерінің басты бағыттары болып табылатындар:әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қажетті ақпараттар мен кеңестер беру, тегін ыстық тамақпен немесе азық-түлік жинағымен қамтамасыз ету (қоғамдық тамақтану кәсіподақтарының бекіткен талоны бойынша, талондар асханаға бір рет кіру үшін болмаса жәбірленуінің әлеуметтік тұрмыстық жағдайын зерттеген соң бір айлық мерзімге берілуі мүмкін) .
Өндірістік-экономикалық аспект ең алдымен халықты әлеуметтік қорғаудың өнеркәсіптік негіздерін және оңалту (реабилитациялық) бұйымдар мен қызметтердің рыногын құру проблемасымен байланысты.
Мүгедектіліктің анатомиялы-функционалдық аспектісі оңалту (реабилитация) функцияны орындай алатын және мүгедектің оңалту (ребилитациялық) қуатының (потенциялының) дамуына әрекет ететін әлеуметтік ортаның (физикалық және психологиялық тұрғыдан) қалыптасуын білдіреді.
Интернат үйлерінен ер жетіп, оқып дайындалып шығатын жасөспірімдер әр түрлі өмірлік-тұрмыстық проблемалар туралы (жұмысқа тұру, үй алу және т. б. ) толық хабардар болулары керек. Әлеуметтік қызметкердің бұл жердегі рөлі осы жас мүгедектерге қоғамға енуі кезіндегі қиыншылықтарын жеңе білуде көмектесуде жатыр. Бұл жерде тек қана ақпарат, кеңестер ғана емес сондай-ақ іс-әрекеттік көмектер беру, арнайы үй алуына ат салысу, мүгедектер үшін берілетін пәтерлерде қосымша құрылғылар мен құрал-жабдықтарды орнату, жұмысқа тұруда, жеңілдіктер алуда және т. б. көмектесу үлкен маңызды жайттар болып табылады. Әлеуметтік қызметкер ашық қоғамға енуші мүгедектің шынайы көмекшісі болады.
Әлеуметтік қызметкер мүгедектерге заңдық тұрғыдағы, психологиялық, педагогикалық және өте маңыздысы медициналық әлеуметтік сипаттағы бірқатар мәселелер бойынша қашан да көмек көрсетуге дайын болуы қажет.
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың тұрмысын әлеуметтік тұрғыда ойластыру басқарушылық органдарынсыз мүмкін емес. Олар мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде бар. Мемлекеттік тұрғыда әртүрлі комитеттер бар: әлеуметтік қорғау комитеті, зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау және т. с. с.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Мүгедектерді әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың өмір сүру сапасын жақсарту, оңалту жүйесін жетілдіру.
Қазақстан Республикасында мүгедектердің жағдайын анықтау және көрсету.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы:
Бітіру жұмыстың теориялық мазмұны әлеуметтік зерттеулер үшін әдістемелік негіз бола алады. Зерттеу тақырыбының теориялық қажеттігі елімізде қалыптасып келе жатырған әлеуметтік жұмыс мамандығын дамытумен байланысты. Зерттеу жұмысының нәтижесі ұсыныстар, пікірлер, гуманитарлық білім беру тұжырымдамасын әрі жасауда практикалық маңызы зор. Елімізде мүгедектерді оңалтудың 2004-2008 ж. арналған бағдарламасы жасалып мүгедектердің жағдайларының жақсаруына өз әсерін тигізді. Бағдарламаның орындалуына сәйкес мүгедектерді жаңа техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.
Бітіру жұмысының құрылымы:
Қазақ басылымдары мен отандық және шет елдік авторлардың тақырыптарына сай құрылған. Зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің әдісі:
Жоғарыда аталған міндеттерді шешу үшін мынадай әдістерді қолдандық: жинақтау, салыстырмалы, ой қорыту, ғылыми түсіндірме.
Ғылыми жаңалығы:
Еліміздегі және шет елдегі әлеуметтік оңалту шараларын және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды салыстыру.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МҮГЕДЕКТЕРГЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
- Мүгедектіктің сипаттамасы
Біз өзіміздің көргеніміз бен естігеніміздің мағынасын көп қырлы күрделі түсініктер жиынтығы мен жұмыс істеудің арасында өмірімізге соншалықты көп нәрсені түсіне аламыз. Бұл түсініктердің көбісі функционалды дұрыс, бірақ көбісі дүниені шектеулі түсінуден шығады, сонымен қатар біздің осы дүниені түсінуіміз шектеулі болып табылады. Коперникке дейін адамдар күн жерді айналады деп есептеді, Пастерге дейін жұқпалы аурулардың себебі туралы қате түсініктерден көптеген адамдар өліп жатты. Жоғарыда көрсетілгенге ұқсас мәдени түсініктер бізге сол арқылы дүниені көруге болатын «мәдени-көзілдірік» сияқты қызмет атқарады. Проблеманы біздің қалай шешетініміз, осы проблемаларды қалай қабылдап түсінуімізге тікелей байланысты сондықтан да дұрыс таңдап алған «мәдени көзілдірікті» пайдалану өте маңызды. Егерде біз мүгедектің шындығын дұрыс таңдалмаған мәдени линза арқылы көрсек онда біздің әрекетіміз де дұрыс емес болады.
Мүгедектіктің концептуалдық модельдері:
1. моральдық (діни) модель,
2. медициналық модель,
3. реаблитациялық модель,
4. экономикалық модель,
5. әлеуметтік модель, оның түрлі версиялары бар:
Британдық моделі:
- материалистік моделі
- тәуелсіз өмір моделі,
Мүгедектіліктің американдық моделі:
- психо әлеуметтік модель,
- әлеуметтік-саяси модель,
- мәдени,
- адамның көптүрлілігі моделі.
- мүгедектіліктің «ең жаңа» парадигмасы.
Кейбір зерттеушілер мүгедектіліктің модельдерін былай топтастырған:
- «ескі» (дәстүрлі) модель, оған моральдық, медициналық, реаблитациялық
және экономикалық модельдер жатады, яғни мүгедектілікке деген
«медициналық» ыңғай;
- «жаңа» (постдәстүрлі) модель мүгедектілікке деген «әлеуметтік» ыңғай;
- мүгедектіліктің «ең жаңа» парадигмасы.
Осылайша классификациялау мүгедектілікке деген көзқарастардың дамуындағы тарихи аспектімен және іс жүзіндегі бағытталуына байланысты. Аталған классификациялардың негізінде әлеуметтік саясаттың концепциялары дәстүрлі және прогрессивті болып бөлінеді.
1. Моральдық (діни) модель - тарих тұрғысынан еі көне және қазіргі таңда аз қолданылатын модель, мүгедектілікті күнәләрі үшін діни жаза және масқара ретінде қарастырады. Мүгедектілік адам - Құдайға ұқсас жүйесінен шығып қалу ретінде қарастырылды. Ақауы бар жан, осыған сәйкес толымсыз жан ретінде қабылданып, назардан тыс қалдырылды. Мүгедек қоршағандардың бейтарап қарым-қатынасына да үміттене алмады, себебі қандай да бір ақау, ауытқушылық күнәсі үшін адамдардың жазалануы не болмаса оның тағдырына Сатананың араласуы деп саналады.
Кейбір мәдениеттер мен субмәдениеттер әлі күнге дейін мүгедектілікті діни жаза, кінәлілік, ұлт сезімдерімен, тіл мен әлеуметтік статуспен, мүгедектің оның отбасының оқшаулануымен байланыстырылады, бұл сезімдер діни доктринаға негізделінуі де мүмкін. Бұл модель мүгедектер үшін аса ауыр болып келеді, себебі ол әлеуметтік остронизм мен өзін-өзі жек көрушілікті тудырады.
Қазіргі таңда бұл модель елдің әлеуметтік саясатында қолданылмайды, дегенмен қоғамда кең тараған мүгедекке көзқарас болып қалып қалуда.
2. Мүгедектіліктің медициналық моделі (немесе «әкімшілік модель») - адамдардың арасындағы физикалық және психологиялық айырмашылықтарды патлологиялық ауытқулар мен дефекттер терминдерінде қарастырады.
Мүгедектілікпен байланысты барлық проблемалар адам ағзасының функционалды ерекшеліктерін терминдер арқылы көрсетті.
Осы модельге сәйкес адамның қоғамдық толыққанды мүшесі бола алмауы адамдарда дефектілердің болуының нәтижесі ретінде қарастырылды.
Медициналық модельдің айрықша белгісі ол мүмкіндігі шектеулі адамдарды өз-өзіне қарай алмайтын, еңбек ете алмайтын, күтімді қажет ететіндер ретінде және қоғамға қауіпті болуы мүмкін ретінде де қарастырылады.
Мүгедектерге барлық проблемалардың шешімі медициналық модельде ағзасының зақымдалуына байланысты мүгедектерге түрлі компенсациялрға негізделді. Олар үшін оқшауланған арнайы интернаттар мен коррекциялық мектептер құрылды.
Мұндай көзқарас мүмкіндіктері шектеулі адамдарға төменгі әлеуметтік статусты бекітті және олардың тәуелділігіне сенімсіздігіне қатысты әлеуметтік стереотиптерді күшейтті. Мұнда мүгедектер әлеуметтік саясаттың субъектісі емес объектісі ретінде қарастырылды.
Бұрынғы кезде басшылық еткен мүгедектіктің медициналық моделі мүгедектікті адам ағзасының қызметінің бұзылуы деп, ал адамды енжарлы дәрігер кәсіпқойларға толық тәуелді деп қарастырды. Реабилитация тек еңбек мүмкіндіктерін қалпына келтіру жағынан ғана қарастырылады. Қоғадық санада «мүгедектік» пен «еңбекке қабілетсіздік» тең мағыналы термин ретінде қабылданды. Осындай амалды жоққа шығару қажеттігі «мүгедектіктің әлеуметтік моделі» деген түсініктің пайда болуына алып келді. Мәселені қарастырудың мұндай аспектісі нормативті құжаттармен саналған бұзылымдар мен паталогиядан аурулардың шарасыз шектелген тізімінен шықпайды, осы қоғам үшін үйреншікті сипат пен деңгейдің әлеуметтік қызмет етуге қабілеттілігін жоғалу деңгейінен және бар болу шартынан шығады. Мүгедектікке байланысты проблемаларды шешу біріншіден функционалды бұзылымдары бар адамдарға көмек көрсету арқылы, әлеуметтік қызмет көрсету мекемелер жүйесін құру арқылы жүргізіледі [1; 75б] .
Мүгедек балалар үшін мамандандырылған оқу орындары да медициналық модельдің бейнесі болып табылады.
3. Реабилитациялық модель.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz