АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КАРТАСЫН ҚҰРАСТЫРУДА ГЕОАҚПАРАТ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2
1 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1. 1 Зерттелетін аймақтың географиялық орны . . . …… . . . 3
1. 2 Райымбек ауданының құрайтын ауылдық аймақтар . . . … . . . 4
1. 3 Райымбек ауданның ауыл шаруашылығына сипаттама . . . 11
1. 3. 1 Ауданның мал шаруашылығың саласы . . . … 11
1. 3. 2 Ауданның егіншілік салас . . . 19
2 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КАРТАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
2. 1 Ауылшаруашылық картасы және оның түрлері . . . …. 37
2. 2 Ауыл шаруашылық картасын құрастыру әдістері . . . …. . 38
2. 3 Ауыл шаруашылық картаны құрастырудың ерекшелігі . . . 38
2. 4 Көлемді ауылшаруашылық картасын құрастыру . . . …. 41
2. 5 Картаның жалпылауы . . . 42
3 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КАРТАСЫН ҚҰРАСТЫРУДА ГЕОАҚПАРАТ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ (ГАЖ)
3. 1 Геоақпараттық жүйелер туралы түсініктер . . . …. . 44
3. 2 Ауылшаруашылық картасын құрастыруда ГАЖ технологиясын қолдану . . . 47
3. 3 Карта бетіне нысандарды түсіру әдісі . . . …. . 51
3. 4 Картаны безендіру және қағаз бетіне шығару . . . …. . 54
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 57
КІРІСПЕ
Зерттеліп отырған Алматы облысының Райымбек ауданы осы облыстың ауыл шаруашылығы жағынан маңызды аудандардың бірі. Ол жері шұрайлы, табиғаты аса көрікті Іле Алатауының биік тау қойнауларын алып жатыр. Тау асулары мен жазық кеңістік алмаса отырып, Тянь-Шань шыңдарымен шектелген ерекше бip ландшафты құрайды. Бұл жерде ата кәсіп, мал шарушылығы өркендеп даму үстінде, яғни мал басы жыл сайын қарқынды өciп келеді. Ал егіншілік саласын алсақ оның дамуы кейінгі кездері баяулап қалды, eгic көлемі қысқарып, техникалар ескіріп, егіншілік саласында көп қиындықтар бой көрсетті.
Осы жағдайда егіншілік саласына инвестиция тарту, ғылыммен байланысты күшейту, алынған өнімді терең өңдеу арқылы оның қосымша құнын ұлғайту тағы басқа шаруаларды аудан әкімшілігі мен ауыл шаруашылығының еңбекерлері өз назарында ұстауда. Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу орталығының ғалымдарда егіншілік саласында қалыптасып отырған жағдайды ескере отырып, ғылым тәжірибелері мен жетістіктерін, жаңа сорттарды өндіріске енгізу жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, Райымбек ауданының ауа-райы климат ерекшілігін, топырақ жағдайларын талдай келе және агроландшафтық жүйеге негізденген егіншілік саласын жөнінде осы бітіру жұмысында көптеген мәліметтер беріліп отыр.
1 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1. 1 Алматы облысының зерттелетін аймағының географиясына түсініктеме
Алматы облысы Қазақстан Республикасыньң оңтүстік - шығыс бөлігінде орналаскан. Территориялық ауданы 223, 9 мың км кұрайды. 794 елді мекен орналасқан. 2006 жылы санақ бойынша тұрғындар саны 1603, 7 мың адамды кұрайды, оның ішінде 70, 2% ауылдық жерде тұрады. 103 ұлттан тұрады. Облыс орталығы Талдықорған қаласы, онда 129, 6 мың, адам тұрады. Таулы аймақтарға далалы өсімдіктер, қарағайлы және жапырақты ормандар. Облыс орталығы - Талдықорған қаласында орналаскан. Ол Қаратал өзенінің бойында 1944 ж тұрғызылған Талдықорған қаласында 125, 3 мың адам тұрады. Облыста 16 ауыл шаруашылық аудан 15 поселок, 769 ауыл 237 ауыл шаруашылық округтар бар. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімнің көлемі 2007 ж 95, 6 млрд құрайды. 195, 3 мың тонна ет, 586, 6 мың тонна сүт, мал мен ipi кара, басының саны 41, 4 мыңға дейін өсті. Бидайдың жалпы - жиыны 1024 мың тең кұрады. Бұл облыс бойынша орта есеппен әр гектар әр 21, 4 центнерден 12, 4 мың тонна темекі, 526, 8 мың т картон жиналған.
Алматы облысының Райымбек ауданы облыстың оңтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан. 1997ж Нарынқол мен Кеген, ауданының бipiгy нәтижесінде казіргі аты мен аталады. Жер аумағы - 14, 2 мың км халқы 82, 6 мың адам. Аудандағы 57 елді мекен кенттік және 23 ауылдың біріктірілген. Аудан орталығы - Кеген. Аудан өнері облыстың таулы өңірін қамтыған. Шығысында солтүстік - шығысында Қытаймен шектесер тұсында Темірліктау Сарытау жоталары, солтүстігінде Кетпен (Ұзынқара) жотасы оңтүстік - шығыс солтүстік Тянь Шяньның теріскей Алатауы жотасының сілемдері орналасқан. Қазақстанның ең биік шыңы - Хан - тәңірі 6995 м осы ауданның негізгі аумағы теңіз деңгейінен 1700-3700 биіктігінде жатыр. Орта тұсы мен батысының біраз бөлігі жазық. Ауданның биіктікте тым континенттік қысы суық, жазы жылы, қаңтар айының орташа температурасы - 10° -15°, шілде де15-22° С. Жауын шашын мөлшері жылдық орташа мелшері 350-650 мм. Аудан жерінен Кеген, Қарқара, Текес, Байынқол, Какпақ т. б. өзендер ағып өтеді. Ауылда ауыл шаруашылық негізі ата-кәсіп мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы. Ауданымыздың ауыл шаруашылығы даму үстінде, ауданда 1997 ж дейін қой ешкі, сүтті ipi қара мал, астық картоп өcipyre маманданған 13 кеңшар 6 ұжымшар болды. Ауданда 2004 жылы 2646 шаруа (фермерлік) қожалығы және 279 кәсіп орын тіркелген. [1] [2]
1. 1 Райымбек ауданын құрайтын селолық округтер
Кеген селолық округі. Ресми деректерге сүйенер болсақ, аудан орталығы - Кенген селосының тарихы ХІХ ғасырдың алғашқы жартасынан басталады. Бірақ Кеген атауы “Геген”, “Кейген”, “Кегиен” тағы басқа болып одан арғы, ғасырлар шежіресінде де кездесті. Мұның өзі Кеген тарихының әріден басталатындығына нақты дәлел бола алады.
Атақты Қарқара қызылшұңқырының(котлован) шығысындағы кең жазыққа, өзі аттас Кеген өзенінің бойына орналасқан село 1841 жылдан бекет атала бастағандығы Қазақ энциклопедиясында жазылған. Бұрынан-ақ Жібек жолының бір тармағының бойына орналасқан оның бекет болуы заңды да. Ол қазірде де тоғыз жолдың торабында жатыр. Селоны мемлекеттік, мемлекетаралық маңызы бар Алматы - Нарынқол, Алматы - Қарақол күре жолдары басып өтеді.
Содан 1943 жылдары аудан орталығы болды. 1943-1963 жылдары аудан орталығы Жалаңаш селосында орналасты. Ал 1963 жылы орталық қайта Кеген селосына көшіріліп келді. Алғашқы ұйымдастыру жылдарында Кеген содай-ақ “Құмтекей” колхозының, одан кейін Молотов атындағы ұжымдардың орталығы, ал 1957 жылдан бастап ірілендірілген “Қызылту” ұжымшарының орталығы болды. Бұл шаруашылықта кезінде 60-70 мың қой өсірілді. Осының бәрі селоның әлеуметтік және экономикалық жағынан өсіп, өркендеуіне игі әсерін тигізді. Бұл орайда, әсіресе, 1963 жылы аудан орталығы осында қайта көшіп келгеннен кейін ауқымды істер атқарылды. Көптеген тұрғын үйлер, әлеуметтік, өндірістік объектілер салынып, селоны көркейтіп, көгалдандыру жедел қолға алынды.
Қазірде селолық округтың аумағында үш елді мекен бар. Оларда 8770 адам тұрады. Аудандық дәрежедегі 38 мекемелер мен кәсіпорындарды қоспағанда 1 өндірісік кооператив, 92 шаруа қожалығы, 56 шағын кәсіп орын жұмыс істейді. Округте 2618 ірі қара, 9775 қой -ешкі, 1382 жылқы өсіріліп отыр. Егістік жер көлемі 6487 гектарды құрайды. Онда негізінен дәнді дақылдар мен картоп өсіріледі. Үш орта, бір бастауыш мектеп, екі мешіт, бір музыка мектебі, спорт мектебінің филиалы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұражайының бөлімшесі жұмыс істейді.
Нарынқол селолық әкімшілігі. 1932 Нарынқол әкімшілігі Нарынқол аудандық Кеңесі болып құрылып, оның аумағында “Погран”, “Еңбекші”, “Каганович”, “Қостөбе” колхоздары ұйымдастырылды.
1953 жылы 4 колхоз ірілендіріліп, “Октябрь” колхозы деп аталды. Колхозда 400 жылқы, 550 сиыр, 18000 қой-ешкі болды.
1976 жылы шаруашылықтағы ірі қара саны 1500, жылқы 1200, қой-ешкі 65000 басқа жетті. Қазір бұл шаруашылық іріленген 7 шаруа қожалығына бөлінген. Оларға 2650 гектар дәнді дақыл егізтігі, 17 трактор, 3 комбаин, 37 автомашина бекітілген.
Нарынқол селолық округінде 8718 жан тұрады. Жер көлемі 28345 гектар. Селода 400 орындық 2 мәдениет үйі, 300 орындық кинотеатр, 1 орталық кітапхана, 100 төсектік аурухана комплексі, 3 орта, 1 бастауыш мектеп, спорт және музыка мектебі бар.
Жалаңаш селолық окугі. Жалаңаш ауылының негізі 1901 жылы қаланған. 1909 жылы қалада соқа алдырып, Ағанас жазығына егін салды.
Жалаңаш ауылына бірігу 1933 ылдан басталды. Қарағандыдан көшіп келген 125 отбасы “Облатком”, “Средигор” колхозында 3 ат соқамен, 10-15 гектар жерге арпа, бидай, Кіші Жалаңаш ауылы тары екті. 1933 жылы Арал бөлімшесінде “Сталин”, Шет-Меркіде - “Социялистік Қазақстан”, Ақтоғайда - “Екпінді”, Тоғызбұлақ ауылында “Жаңа бағыт” колхоздары ұйымдастырылды. 1938 жылы құрылған “Қызыл Арасан” МТС -інде 3-4 “ЧТЗ”, ХТЗ, 2-3 “НЭТИ” тракторы болса, кейін 1959 жылға дейін шаруашылықтарға техникық қызмет көрсетті. 1933 жылы колхозда 150 қой, 20-30 сиыр, 30-40 жылқы болды.
Колхоз экономикамикасы көтеріліп, қой-ешкі саны 60 мыңға, ірі қара - 3000-ға, жылқы 1750 басқа жетті. Қазір селолық округте 264 шаруа қожалығы құрылды. Оларда 14591 қой, 2580 ірі қара, 1902 жылқы, 2000 гектар егістік, 74 әртүрлі маркадағы тракторлар, 54 жүк машинасы, 15 соқа, 19 сеялка 7 комбайн бар. Жер көлемі - 31810 гектар. Селолық округте 3 орта, 1 орталау, бір кәсіби мамандыққа баулитын мектеп, 1 амулатория, 1 ПАФ, 2 кітапхана жұмыс істейді.
Тегістік селолық округі. Аудандағы Тегістік селолық округі ежелгі жер атауымен аталады. Ұжымдастыру жылдарында мұнда Тегістік колхозы құрылған. Аталған селолық округте 12500 гектар жер бар. 1411 адам тұрады. Тегістік ауылында 1975 жылы “Тегістік” қой совхозы құрылды.
Тұрғылықты халқының бәрі шаруа қожалығында. Мал өсіріп, жермен еңбектенеді. Аталған шаруа қожалығы негізінен картоп өсірумен айналысады.
Селолық округтың 400 гектар егістігі бар. 9314 бас қой -ешкі, 588 бас жылқы, 697 бас ірі қара бар.
Жылысай селолық округі. Тарихи әріден басталатын Жылысай өңірінде алғашқы ұжымдастыру кезінде үш ұжымдар болды. Оларда 3 мыңдай қой, 100-ге тарта жылқы ғана боджы. Ал 1970 жылы мұнда “Жылысай” кеңшары құрылды. Жекешендірілгенге дейін осы кеңшарда 4200 га егістік жер, 41 әр түрлі маркалы трактор, 49 автокөлік, 47 мың 881 қой, 760 жылқы, 130 ірі қара болды.
Қазірде селолық округте 46 шаруа қожалығы, бір шаруашылық серіктестігі жұмыс істейді. Жер көлемі 43543 гектар, оның 2968 гектары егістік жерлер. Селолық округтың аумағында үш елді мекен бар. Оларда 2238 жан тұрады. Жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтарында қазірде 1129 ірі қара, 8850 қой -ешкі, 975 жылқы, 32 әр түрлі маркадағы трактор, 66 жеңіл және жүк автокөліктері бар.
Тасашы селолық округі. Тасашы селолық округі Тасашы, Сарыкөл, Ақтасты елді мекендері негізінде 1971 жылы ҚазақССР 50 жыдығы атындағы тәжірибе шаруашылығы болып құрылды.
Жер көлемі - 30781 гектар. Халқы - 2000 адам.
Шаруашылық галловей асыл тұқымды ірі қара малын өсіруге бағыт ұстады.
1990 жылы тәжірибе шаруашылығында және жеке қожалықта 52 автомашина, 43 әр түрлі маркадағы тракторлар, 20 комбайн, 5000 ірі қара, 34000 мың қой, 2000 жылқы болды.
Қазір Тасашы селолық округінде “Шөләдір” қазыналық кәсіпорын мен “Алғыс” шаруа қожалығында, жеке қожалықтарда 1506 ірі қара, 6742 қой -ешкі, 1036 жылқы, 15 автомашина, 5 комбайн, 17 трактор бар.
Жеке кәсіпкерлермен айналысушылар қатары толығуда. Селода 2 диірмен халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуде.
Ұзақ селолық округі. 1933 жылы Сарыбастау ауыл шаруашылық артеліне 82 түтін, 1750 гектар егістік жер бекітіліп берілді. Егістік жерді толық игеруге күш-көлік жетіспеді. Шаруашылықта 758 қой, 48 жұмыс көлігі, 4 түйе бар еді. Егілген егіннен 3, 9 центнер өнім алынды. 1938 жыы артель Ленин атындағы колхоз болып аталды. 1936 жылы колхозға жерді пайдалану актісі берілді.
1970-80-ші жылдары колхоздағы архар-меринос қойының саны 70 мыңнан асты. Колхоз орталығы - Сарыбастау селосы көркейіп, тұр, ындардың тұрмысы жақсарды.
Қазір Ұзақ селолық округінде 3950 адам, 24153 гектар пайдалы, 5864 егістік жер, 14 шаруа қожалығы, 5 өндірістік кооператив, 18300 қой, 3293 ірі қара, 1773 жылқы 37 трактор, 7 комбайн, 24 автомашина бар.
Шырғанақ селолық округі. Шырғанақ өңірі 1928 жылдарға дейін негізінен тек жайлау ретінде пайдаланылып келген. Ал 1928 жылы мұнда “Скотовод” кеңшары құрылып, ол негізінен ірі қара малын өсірумен айналысады. Бқл сол кезде бүкіл КСРО мемлекетінде құрылған алғашқы кеңшарлардың бірі еді. Одан кейін аты бірнеше рет өзгерген кеңшар 1932 жылдан 1962 жылға дейін N336 кеңшар атанып, негізгі саласы ірі қара өсіріп, сүт өндіру болып қала берді. 1962 жылдан Кеген ет, сүт кеңшары атанған шаруашылықта жекешелендірілгенге дейін 6 мың ірі қара, 500 жылқы, 1500 қой-ешкі, 8000 гектардан астам егістік жерлерге дәнді дақылдар мен екпе шөптер өсірілді.
Қазірде селолық округте 6 елді мекен бар. Округтегі елді мекендерде 3200 -ге тарта халық тұрады. 1992 жылы толық жекешелендірілген кеңшар орнында қазірде 139 шаруа қожалығы құрылған.
Жамбыл селолық округі. 1953 жылы 4 колхоз бірігіп, XIX партсъезд колхозы аталды. Бұл кезде шараушылықта 500 жылқы, 700 сиыр, 17000 қой болс, 1964 жылы қой-ешкі 45000, ірі қара 1500, жылқы 1300 басқа, егіс көлемі 800-ден 4000мың гектарға жетті. Қазіргі округ аумағына 229 аса шаруа қожалықтары, мен Н. Өмірзақов атындағы өндірістік кооператтивте 1675 ірі қара, 1370 жылқы, 14395 қой, 48 автокөлік 31 трактор 7 комбайн бар.
Саты селолық округі. Саты аймағында Таушелек аудандық Кеңесі 1934 құрылған еді. Сол кездің өзінде ақ оның құрамында Саты және құрметті елді мекендері болды.
Жекешелендіруге дейін мұнда 840 ірі қара, 1556 жылқы, 26475қой ешкі, 663 гектар егістік жер, 28 трактор, 40 автокөлік болды. Қазір окургке қарасты екі ауылда 1685 жан тұрады. 23 шаруа қожалығы, өндірістік кооператив, 2 орта мектеб, 1 учаскелік аурухана жұмыс істейді. Жалпы мал саны: ірі қара 1354, қой 5832, жылқы 832 бас құрады.
Тұйық поселкелік округі. 1964 жылы Текелі қорғасын мырыш комбинатының негізінде Тұйық руднигі ашылып, ол 1999 жылға дейін жұмыс істеді. Соған сәкес 1965 жылы мұнда Тұйық поселкелік Кеңесі құрылды. Жекешелендіруге дейін мұнда рудникпен қатар Қызылту кеңшарының фермасы жұмыс істейді. Онда 1086 гектар егістік, 12 мың қой, 170 жылқы, 12 трактор болды. Қазір ферманың орнында 12 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Поселкеде 1349 адам тұрады.
Шалкөде селолық округі. Алғаш колхоз болып біріккенде 200-ге тарта қой-ешкі, 40-50 дей жылқы, осы көлемде ірі қара болды. 1950 жылға дейін Елтай, Жылыбұлақ, Тұзкөл, Социалистік Қазақстан, Энгельс колхоздары Шалкөде селолық Советіне қарады. Колхоздар іріленген кезде 1958 жылы Шалкөде селолық Советі болып қайта аталды. Шалкөде селолық округіне Талас, Шалкөде ауылдары қарайды. Аталған шаруашылықтар негізінен егіншілікпен айналысады.
Қақпақ селолық округі. Қақпақ селолық округі аудандағы үлкен өңірдің бірі. Округке қарасты екі ауылда 723 отбасы, 3618 жан тұрады. Екі ауылда жүзге тарта шаруа қожалығы жұмыс жасайды.
Қарқара селолық округі. Қарқара селолық округі алғашында осы өңірде құрылған жылқы зауытының негізінде қалыптасқан. Жылқы өсіруге мамандандарылған бұл шаруашылық 1919 жылы Ағанас жазығында құрылды. 1930 жылы Ағанастан Қарқара өңіріне көшіріліп, оның орталығы Құмтекей аулында болды. 1931 жылы қазіргі Қарқара селосының орнына қоныстанды. Шаруашылыққа Сібірден 300 бас жылқы әкелінді. Оған қоса «Архангельский» тұқымды айғырлар әкелініп, Қызыл Армияға ат дайындайтын ірі шаруашылыққа айналдырылды. Сөйтіп Сталин атындағы №50 жылқы зауыты осы Қарқара селосында құрылған еді. Бастапқы кезде шаруашылықтағы егістік жердің көлемі 20 гектар ғана болды. 1934 жылы Дегерестен 580 бас қылшық жүнді қой әкелініп, кейініректе ол архар-меринос қойымен алмастырылды. Шаруашылықтың құрамына сол жылдары Тасашы, Саркөл, Мыңжылқы, Тасбұлақ, Талды, Жіңішке ауылдарындағы фермалар кірген. 1960 жылдары жылқы зауыты таратылып, оның орнына ірі қара өсірумен айналысатын «Қарқара» кеңшары құрылды. 1980 жылдары шаруашылық картоп өсіруге мамандандырылған.
Қазірде Қарқара селолық округінде 4 елді мекен бар. Оларда 2800 адам тұрады. Округте 80 шаруа қожалығы, 1 серіктестік жұмыс істейді. 1300 ірі қара, 6200 қой-ешкі, 860 жылқы, 50 трактор, 20 жүк автокөлігі 7 комбаин, 45 жеңіл автокөлік бар.
Сарыжаз селолық округі. Сарыжаз селолық округі 1929 жылы құрылған. Жер көлемі 72100 га. 1950 жылы 4 колхоз іріленіп Калинин атындағы колхоз аталды. 1990-1995 жылдары колхозда 65000 қой-ешкі, 12000 жылқы, 2000 ірі қара өсірілген. Халық саны 7500 адамға жетті.
Жекешелендіруден кейін Сарыжазда 145 шаруа қожалығы құрылды. Селолқ округте 19 жеке кәсіпкер, 3 шағын кәсіпкер, жол бөлімшесі, электр жүйесін тарту орны бар. Мал саны: 15000 кой-ешкі, 2800 ірі қара, 1800 жылқы өсіруде.
Текес селолық округі. Текес өңірінде колхоздандыру жылдары үш колхоз болған. Олар К. Маркс, Өрнек, Тегістік деп аталады. Текес селолық округіне Текес, Жаңа Текес ауылдары қарайды. «Өркен» шаруа қожалығы кортоптың сортты тұқымын өсіреді.
Текес селолық округінде 17300 бас қой-ешкі, 2000 ірі қара, 1500 бас жылқы бар. 3437 гектар егістік алқабы бар.
Ұзынбұлақ селолық округі. Ұзынбұлақ аудандағы тарихы әріден басталатын елді мекендердің бірі. 1958 жылы ол кеңшарға айналдырылып, асыл тұқымды арқар меринос қойын өсіретін «Ұзынбұлақ» асыл тұқымды кеңшар құрылды. Жекешелендіруге өтіп онда 6126 га. егістік жер, 47 мың қой, 700 жылқы, 540 ірі қара, 80 автокөлік, 47 трактор, 26 комбайн болды. Қазіргі кезде селолық округ аумағында үш елді мекен бар. Оларда 3500 адам тұрады. Оларда 1500 ірі қара, 12000 қой, 1300 жылқы бар.
Бөлексаз селолық округі. Бөлексаз селолық округінің ірге тасы 1929 жылы қаланып, Тұйықбұлақ, Жаманбұлақ, Бөлексаз елді мекендарініңнегізінде ет және сүт өндірумен айналысты. 1965 жылы мұнда «Кеген» ауданаралық мал болдақылау бірлестігі ұйымдасты. Онда жылына 6000 бас ірі қара бордақыланып, мемлекетке 1300-1400 тонна ет сатылып отырды. Қазірде мұнда бір агрофирма, 60 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Егістік көлемі 1269 га, 1250 ірі қара, 4630 қой-ешкі, 1225жылқы бар. Халқының саны 1400 адам.
Сүмбе селолық округі. Аудандағы шұрайлы да ғажайып өңірдің бірі Сүмбе топырағы. Қытаймен екі арадағы шекараның бойында орналасқан селолық округнің өзіндік бір тарихы зор. Ұжымдастыру жылдарында бұл өңірде Большевник, Ынтымақ, Қызылшекара, Үлгілі секілді шағын-шағын артельдер құрылған.
Селолық округке Қызылшекара, Сүмбе ауылдары қарайды. 5500 халық тұрады. Округте 181 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Солардың бірі Қызылшекара ауылындағы «Ажар» өндірістік шаруашылығы бидайдың сортты тұқымын өсіріп, аудан халқын қамтамасыз ететін іргелі құрылымдардың бірі. Ауыл халқының көбі негізінен ақ бидай өсіреді.
Мал шаруашылығына келетін болсақ, селолық округте 16 мың қой, 2480 ірі қара, 1780 бас жылқы бар. Бұл округте ата кәсібін жалғастырып, мал басын көбейтіп отырғандар баршылық.
Қайнар селолық округі. 1921-31 жылдары Жаңадым, Алғабас, Үшінші бесжылжық колхоздары Мойынсерік болып құрылды. 1950 жылы үш совхоз Крупская атындағы колхоз болып ірілендірілді. Селолық округтың көлемі 50692 гектар. Халқының саны - 3060 адам.
Жекешелендіруге дейін колхозда 3500 гектар егіс, 36 автомашина, 34 трактор, 1542 ірі қара, 54233 қой, 1917 жылқы болса, ал қазір 2 кооператив, 21 шаруа қожалықтарында 2020 бас ірі қара, 11500 қой, 1570 жылқы, 30 автомашина, 28 трактор бар.
Алғабас селолық округі. Алғашқы ұжымдастыру жылдарында Алғабас аумағында екі ұжымшар болды. Олар Жаңаталап және Алғабас деп аталды. Алғабас ұжымшары 1944 жылға дейін Шелек ауданының құрамында болды.
Жекешеленгенге дейін шаруашылықта 40 мыңға тарта қой, 3 мыңнан кооператив, 50 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Округ аумағында үш елді мекен бар. Қазіргі кезде мұнда 1әдениет үйі, 2 клуб 3мектеп, 1дәрігерлік емхана, 2 медпункт жұмыс істейді.
Қарабұлақ селолық округі. Қарабұлақ селолық округі 1930 жылы құрылған. Сол кезде селолық Кеңес құрамына Кіші жалаңаш, Көлбастау, Саты, Құрметті, Алғабас, Жіңішке ауылдары кірді. Орталығы Қарабұлақ ауылы болған. Кезінде оның құрамында Кіші Жалаңаш, Көлбастау, Қайрат, Саты, Құрметті, Жаңаталап кірді. Олардың жалпы жер көлемі 105963 гектар құраса, мұның 1200 гектары егістік егеді. Жекелендіруге дейін 38 мың қой-ешкі, 700 ірі қара, 530 жылқы, 4 «К-700», әр түрлі маркадағы 41 трактор, 7 комбайн, 32 жүк автокөлігі болған. Қазірде селолық округте 50487 гектар, шаруашылық жері бар. 157 шаруа қожалығы ұйымдастырылған. Оларға 2420 гектар егістік, 600 гектар шабындық жер бекітіліп берілген. Округте 8 шағын диірмен жұмыс істейді. Шаруа қожалықтары 1457 ірі қара, 90240 қой -ешкі мен 915жылқыға иелік етіп отыр.
Қарасаз селолық округі. Аудандағы Қарасаз өңірі талай-талай таланттарды дүниеге әкелген киелі, қасиетті топырақ. Мұнда алғашқы мойынсерік 1928 жылдары құрылған. 1930 жылы Қарасаз өңірінің үш мекенінде «Ішкі саз», кейіннен «Тұрар», «Жаңасаз», Жылыбұлақ жерінде «Жылыбұлақ» колхоздары құрылған. 1955 жылы шаруашылық жекелендіріліп 20 шаруа қожалығы құрылды. Бүгінде Қарасазда 450 отбасы, 3163 адам өмір сүруде. [2]
1. 2 Райымбек ауданның ауыл шаруашылығына сипаттама
1. 2. 1 Ауданның мал шаруашылығы саласы.
Ауданның негізгі саласы - мал шаруашылығы болғандықтан мал және егін шаруащылығын қатар дамыту алға қойылған ең басты міндет. Сондықтан да 2008 жылдың басына қабылданған ауданның әлеуметтік экономикалық даму бағдарламасында ауыл шаруашылығы өнімдерін молайту, өңдеуші кәсіпорындар құрып іске қосу, инвестиция тарту сияқты маңызды мәселелерді жүзеге асыру қарастырылды.
1 кесте
Аудан бойынша 2007 жылғы мәлімет бойынша жалпы мал басы көрсеткіші
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz