Каспий маңы мемлекеттерінің халықаралық құқықтық ұстанымы


Мазмұны
Кіріспе2
І-тарау. Қазақстан мемлекетіндегі мұнайды құбырмен тасымалдау ерекшелігі4
1. 1 Мұнай және мұнай өнімдерінің әлемдік жағдайы4
1. 2 Қазақстанның мұнай құбырларының жағдайы13
1. 3 «ҚазТрансОйл» компаниясын құру мақсаттары. 22
ІІ - тарау. Каспий аймағының экономикалық жағдайы29
2. 1 Каспий мұнай-газ бассейіні және оның Қазақстандағы алатын орны29
2. 2 Каспий маңы мемлекеттерінің халықаралық құқықтық ұстанымы33
ІІІ-тарау. Каспий аумағы мұнайын тасымалдау мәселелері мен келешегі53
3. 153
3. 253
3. 3Қазақстан мұнайын тасымалдаудың келешегі53
Қорытынды61
Библиография63
Кіріспе
Қазақстан ХХІ ғасырға қаймықпай қадам басуда, есейіп кемелдену кезеңнен өтуде, яғни «Қазақстан - 2030» стратегиясының негізгі бағыттарын жүзеге асырып тырысуда.
Сонымен біздің мемлекет тәуелсіздік алған кезден бері ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтай отырып, түбегейлі қайта құруларды жүзеге асырудың анық бағытымен жүріп келеді. Республика табиғи ресурстар қорына бай және олардың нақты көлемін тиімді пайдалану экономикалық өсімінің негізін қалайды, сонымен қатар басқа елдермен өзара тиімді серіктестік негізінде байланыс орнатуда. Еліміздің таңдап алынған экономикалық артықшылығы барлық отын-энергетика ресурстарының аймақтар бойынша толық қамтылуы, басымды экспорттық әлеуеттің жиынтығы және Орта Азия, Ресей, Қытай мемлекеттер арасында өзара географиялық орналасуы табылады. Сонымен бірге аса көңіл аударатын көмір сутегі шикізатының әлемдік нарықта тұрақты сұранысын атап өткен жөн, ал оның өндіру көлемінің жоғарылауы республиканың валюта қаражаттарына қажеттілігінің қанағаттануына алып әкеледі. Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің қажетті шарты болып инвестициялар көлемінің көбеюімен оның қарқынының жоғарылауы болып табылады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» стратегиясында ең басты артықшылықтардың бірі болып жоғары деңгейдегі шетел инвестициялары орын алатын нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу болып табылады. Тек ғана шетелдік капитал көздері ағымдағы проблемаларды шеше алады. Шетелдік инвестицияларды экономикамызға ынталандыру, үкіметтің реформаларды тереңдету үшін және ішкі ресурстар қаржыландыру көздерінің шектеулі болғандықтан, республика экономикасына шетелдік капиталды тарту маңызды болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбы актуальді мәселені қарастырады, себебі мемлекеттік реттеу механизмінің бірі инвестициялар арқылы мұнай-газ секторын жандандырып экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік артады. Қазіргі уақытта республикада мұнай кенорындарын игеруде шетелдік инвестицияларды тарту маңызды шара болып табылады. Осы салаға тартылатын шетелдік инвестициялар көмегімен Қазақстанның экономикасының өндірістік құрылымын жақсарту және жаңа жоғары технологиялық өндірісті, жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік секторға көмек ретінде, шетелге экспортқа бағытталған өнімдер мен ресурстар шығарудың көлемі жоғарлауына жол ашылады.
Сонымен жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
І тарауда
ІІ тарауда
ІІІ тарауда
Қорытындыда
І-тарау. Қазақстан мемлекетіндегі мұнайды құбырмен тасымалдау ерекшелігі
1. 1 Мұнай және мұнай өнімдерінің әлемдік жағдайы
Мұнай өнімі әр елдің экономикасының дамуына зор ықпал етеді, себебі бұл стратегиялық маңызды өнім өндірісінің қозғаушы күші болып табылады. Және елдің бюджетін толтыруға жақсы қайнар көзі болады. Мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік нарығы әлемнің өте дамыған тауарлар нарығына кіреді. Бұл нарық сипаттамасы болып, оның жеткізушілерінің де, тұтынушыларының да жағынан бәсекелестіктің жоғарғы деңгейі болып табылады. Мұнда барлық дамыған және дамушы елдер қызығушылығы тығыз байланысқан.
Мұнай мен мұнай өнімдері энергияның негізгі көздеріне жатады және олардың рольдері тек қана ғасыр соңына дейін ғана емес, сонымен қатар келесі жүз жылдыққа дейін сақталатыны анық. Энергияның баламалы көздерін қолдану қарқынын өсіргеннің өзінде мұнай және мұнай өнімдері 2005 жыл тіпті 2020-2025 жылдарда да әлемде энергияны қолданудың жартысын қамтамасыз етеді.
1973 жылы болған энергетикалық дағдарыстан бері әлемдегі бар мұнай қорлары 87, 8 миллиардтан 140, 9 миллиардқа дейін өсті, ал қорды өндіру ағымының қамту деңгейі 31 жылдан 41 жылға дейін өсті. Көміртегі қорларымен барынша қамтылу - Таяу және Орталық Шығыс елдерінде 96 жыл. Қазіргі көмірсутегіні негізгі тұтынушы АҚШ-тың мұнайының жеке қоры 10 жылға ғана жетеді. 3, 7 миллиард тонна қорымен және жылына 382, 9 миллион тонна өзіндік өндірудің өзінде АҚШ жылына 800 миллион тонна тұтынады, осыған байланысты тұтынуда жылдам және көлемді өсім анықталуда: сәйкесінше 25 және 16 миллион тоннаға 1992 - 1995 жылға дейін, 1995 жылдан 1998 жылға дейінгі кезеңдерде.
Құрамына мұнай, газ, көмір, ядролық және қайтадан жаңғыртылмалы энергия көздері жататын алғашқы энергия ресурстарын әлемдік тұтыну 1998 жылмен салыстырғанда, 1999 жылы 172 миллион тоннаға (1, 5%) өсті және 11789 тонна құрады. Ағымдағы жылға 296 миллион тонна (2, 5%) көлемінде тұтыну өсімі күтілуде. 1996 - 1997 ж. ж. мұнай әлемдік нарыққа ұсыныс пен сұраныс арасындағы тұрақты балансты сақтады, бағаның жеткілікті жоғарғы деңгейінде тұруына көмектесті. Мұнай өндіру көлемі арасындағы әртүрлі тепе-теңдікті бұзу және тұтыну нарықтың тұрақсыздығына әкелді. Ұсыныс сұраныстан көп болса, баға төмендейді және керісінше сұраныс ұсыныстан көп болса, олар жоғарылайды. Бұл соңғы жылға мұнайдың әлемдік бағасының динамикасына ықпалын тигізеді.
Ұсыныс пен сұраныс балансының салыстырмалы тұрақтылығына қарағанда мұнайдың орташа бағасы 1997 жылы 1 тоннаға 146 доллар, ал 1998 жылы 143 доллар деңгейінде ұсталды. Бірақ 1998 жылдың басында кенеттен төмендеді. Себебі, 1997 жылы қарашада Опек-тің кезекті конференциясы өтті, онда ОПЕК 1998 жылдың бірінші қаңтарынан бастап, мұнай өндіру квотасын жылына 123 миллион тоннаға көтеруге шешім қабылдады. Конференцияға қатысушылардың айтуы бойынша, бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы балансты бұзбайды, тек әлемдік нарықта бағалар түседі, ал мұнайдың қосымша көлемі экономикасы тез дамитын елдерде өткізіледі. Ең бірінші қызметте - АТА.
Бірақ бұл болжамдар аталған жоқ. 1997 - 1998 ж. ж. Оңтүстік Шығыс Азиядағы қаржы дағадарысы өндірістің құлдырауы мен мұнайға деген сұраныстың тез түсуіне әкелді. 1998 ж. басында ұсыныс сұраныстан жылдық санауда 125 миллион тоннаға асып түсті. Ал нарықтың тұрақсыздандырылуы үшін оның 30 - 40 миллион тоннаға асып түсуі де жеткілікті. Бағалар төмендеп 1986 жылы байқалған ең төменгі деңгейге жетті.
Мұнайдың орташа әлемдік бағасы 1996 жылы 1 тонна үшін 146 долларға, 1997 жылы 137 долларға және 1998 жылы 80 долларға шейін төмендеді. Норвегия, Мексика, Оман және Египеттің қатысуымен ОПЕК елдері мұнай өндірудің көлемін түсіруге бірнеше әрекеттер жүргізді, бірақ олар жеткіліксіз болды. 1998 жылы караша айының соңында болған конференция мұнай өндіруді қысқарту жөнінде ешқандай шешім қабылдаған жоқ, себебі ауызбірлік болмады. Әсіресе, дағдарыстық жағдай 1999 жылдың бірінші тоқсанында болды. Ол кезде мұнай бағасы 1 тонна үшін 70 долларға төмендеген кездер болды. Екінші тоқсанның басында нарық конъюнктурасының өзгерісі байқалды. Алжир, Иран, Мексика, Сауд Аравия және Венесуэлла мұнай министрлері 11-12 наурыз айларында Амстердамда кездесіп, ОПЕК-ке кіретін елдер мен оған кірмейтін, қызығушылық танытатын елдер келісімі бойынша 1999 жылдың бірінші сәуірінде мұнай өндірісінің көлемін жылдық санауды жүз миллион тоннаға шейін түсіруге шешім қабылдайды. 1999 жылдың 23-ші наурызында болған ОПЕК елдерінің конференциясында, бұл ұйымның өндірісін 85, 5 миллион тоннаға дейін қысқарту бекітілді. ОПЕК-ке кірмейтін экспортер елдер де бұл қысқартуға келісті (млн. т. ) : Ресей - 5 млн. т., Мексика - 6, 25 млн. т., Норвегия - 5 млн. т. және Оман -3, 15 млн. т. Бұл шешімді жүзеге асыруда көп қиыншылықтар кездесті. Индонезия мен Нигерия қабылданған квотадан жоғары деңгейде мұнай өндіруді жалғастыра берді. Сонда да бағалар жоғары болды. Сәуірде экспорттық мұнайдың бағасы - 110 доллар/тонна, ал маусымда - 114 доллар/тонна болды. Қыркүйектің ортасында келісім нарығында мұнай бағасы «қолайлы нұсқаға» жетті, 158 доллар/1 тонна мұнай үшін (21 доллар/баррел) . Бұл жағдайға жету үшін ОПЕК бірнеше жылдар бойы ұмтылған болатын. ОПЕК елдерінің кезекті конференциясында өндірістің бұл шектеулері 2001 жылдың 1 сәуіріне дейін сақталатынын жариялады. Бұл дүние жүзіндегі ірі мұнай биржаларында бұрын-соңды болмаған ажиотажды шақырды. Бағаның ары қарай өсетінін болжаған саудагерлер мұнай қорын ең жоғары деңгейге дейін көбейтуге ұмтылды. 23-ші қыркүйекте соңғы онжылдықта бірінші рет Европадағы мұнай бағасы 173 доллар/тонаға (23 доллар/баррель) дейін жетті. 1999 жылы қараша мен желтоқсан айларында170-185 доллар/тонна деңгейінде тұрақты ұсталды. Бұл ОПЕК елдерінің мұнай өндіруді шектеу жағынан тәртіптілікті сақтаумен түсіндіріледі.
Бір мезетте АТА елдерінің экономикасының дамуын жандандыру нәтижесінде және кейбір Европалық елдердің экономикасының өсуі нәтижесінде - мұнайға деген сұраным 1998 жылмен салыстырғанда 1, 5% - ке өсті. Тұтастай экономикалық ынтымастастық және даму ұйымы елдерінің тұтынуы 1, 3%-ке, ал АҚШ-тың тұтынуы 1, 8 %-ке өсті. 1992 ж. бұл елдегі мұнайдың тұтынылуы соңғы 30 жылда рекордтық деңгейге жетті - 1009 млн. т., соның ішінде импорт - 532 млн. т. (өзін-өзі қамтамасыз ету - 47, 3 %) .
1999 ж. ішінде ОПЕК елдері нарыққа түсетін мұнайдың артық көлемін ұстай алды, сонымен қатар импорттаушы елдердің коммерциялық қорларындағы мұнайдың жоғарғы деңгейіндегі көлемін азайтқызды. Бір жыл ішінде бұл қорлар 70 млн. т. дейін түсті, соның ішінде төртінші тоқсанда 35 млн. т. болды.
2000 жылдың басында мұнай импорттаушы елдер, әсіресе АҚШ-пен ОПЕК елдері арасында жанжал болды. Себебі, мұнай өндіру көлемі азайып және мұнайды сату бағасы өсті. Мұнай азық-түлікке, мүлікке және дәрі-дәрмектерге айырбастау бағдарламасы жөніндегі жұмыстарды жандандыру жайлы Ирактың БҰҰ-мен талқылау кезінде қараша мен желтоқсанның үшінші аптасы ішінде Ирак мұнай өндіруді тоқтатады. Бұл АҚШ-ты мазаландырады. АҚШ-тың күштеуімен Біріккен Ұлттар Ұйымы Ирак мұнайының экспорттынан барлық шектеулерді алып тастайды. Американдық эксперттердің айтуы бойынша, бұл Иракқа 2000 жыл соңына дейін өндіру көлемін жылдық санауда 175 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Ирак өндірісін өсіруін есепке ала отырып, американдық эксперттердің пікірі бойынша әлемдік нарықта мұнайдың тапшылығы жылдық санауда 120 млн. тонна құрайды (2, 4 млн. баррель\тәулік) . Бұл мөлшер нарыққа ОПЕК елдерінің өндірісін өсіру есебінде ғана түсе алады. Сондықтан, өндіру квотасын 120 млн. тоннаға өсіру үшін АҚШ үкіметі ОПЕК-ке ашық күштеу көрсетті. 2000 жылы барлық аймақтардың экономикасының дамуына жағымды жағдай туды.
ЭЫДҰ елдерінің ЖІӨ-нің өсуі 2, 1 % деңгейіне жетуі күтіледі. Тұтастай дамушы елдер бойынша - 4, 9 % дейін, өтпелі экономикасы бар елдерде - 2, 5% дейін өсті. Сәйкесінше мұнайды тұтыну да өседі. (кесте 1. 1)
1999 жылмен салыстырғанда 90 млн. тоннаға өсті (2, 4%) . Ең жоғарғы өсім - 48 млн. тоннаға дейін - ЭЫДҰ елдерінде күтіледі (3, 5 %), соның ішінде АТА елдерінде - 27 млн. тонна (4, 7%) . Ал Латын Америкасында бұл көрсеткіш 2, 9 %, ТМД-да - 1, 5% құрайды. Мұнай импорттаушы елдер бұл жылы коммерциялық қорларды толтыру үшін толық күшін салады. Тұтастай ЭЫДҰ елдері 2000 ж. басында коммерциялық қорымен қамтамасыз етілуі 83 күнді құрайды - жақсы көрсеткіш. Бірақ АҚШ-та ол 52 күнге түсіп кетеді және бұл елде «2000 жылы ішінде мұнай өңдейтін зауыттар мұнай өнімдерін толық жеткізе ала ма, әлде жоқ па?»-деген маза туғызады. Бұдан, АҚШ-тың ОПЕК-ке неліктен қысым жасағандығы түсінікті анықталады. 2000 жылдың 27-28 наурызда Венадағы ОПЕК елдерінің конференциясында, бұл елдің толық өкілетті тұлғалары, 1 сәуірден бастап, мұнай өндірісін күніне 1, 452 млн. тоннаға (72, 6 млн. тонна жылдық санауда) дейін өсіруге дауыс берді. Ал, Иранға бөлінген квота есебінде күніне 1, 7 млн. баррельге дейін. Иран министрі бұл шешімге қарсы болды. Ол мұнай нарығында тапшылықтың жоқтығына байланысты кез келген өндіруді көбейту, сақ жүргізілуі және қажет болған кезде ғана керек деп санады. Сонда да Иран нарықта өз үлесін жоғалтып алмау үшін өндіру көлемін 0, 261 млн. Баррель/тәулігіне дейін өсіруге міндетті болды. АҚШ-та және Батыс Европа елдерінде ОПЕК шешімі бағыты жағынан дұрыс, бірақ көлемі жағынан жеткіліксіз деп саналды. Олардың пікірі бойынша, ОПЕК-тің бұл шешімі жақын бір айлар ішінде мұнай бағасы тұрақтандырады, бірақ жыл бұрын ОПЕК мөлшерінен мұнай өндіруді 20 млн. тоннаға қысқартқан Норвегия, Мексика, Оман елдері бар. Енді Норвегия мен Мексиканың мұнай министрлігі мұнай өндіруді өсіру жайлы сөз қозғады. Сонымен бірге, Ирак мұнай экспортын өсіруге бар күшін салды.
Өткен жылы аймақаралық мұнай саудасында кейбір өзгерістер болды. ЭЫДҰ елдерінде мұнай импорттау 62 млн. тоннаға өсті, оның ішінде жоғарғы үлесі - 55 млн. тонна Солтүстік Америкаға тиді. ЭЫДҰ-ның европалық елдерінде импорттау шамалы азайды, себебі, АТА елдеріне импорттау көбейді. ЭЫДҰ елдерінен шегінене сатып алу өсімі Қытайда белгілі болды. Бұл тенденция осы жылдары да сақталды. ЭЫДҰ-на кірмейтін елдердің мұнай экспорты 1999 жылы 54 млн. тоннаға кеміді, негізінен бұл ОПЕК елдерінің экспортты қысқарттыруынан болды.
Мұнайдың негізгі қорлары жағымсыз климат аймақтарында шоғырланған. 93 % қорлар, негізгі мұнай өндіруші негізгі кәсіпорындарда белгіленген. Германия мен Францияда мұнайдың кен орны жоқтың қасы. Бұл елдер сұйық отынды көп көлемде импорттайды. Егер, белгілі бір себептер бойынша бұл елдерде импорт тез қысқарса, онда біренеш аптадан кейін экономикалық коллапстің пайда болуын күтуге болады.
Мұнай мен конденсатты жиындық өндірілуі 1998 жылы 317 млн. тонна құрады. Ұлы Британия мен Норвегия әлемдік мұнай нарығында өзінің позициясын бекітті және бұл екі елде де мұнай өндіруші секторында инвестициясының өнімі күтілуде. 1998 жылдың қаңтар - шілде айларында Норвегияның мұнай өндіруі 3, 3 млн. тонна (5, 1%) дейін өсті. Ұлы Бриания -2, 1 млн. тонна (3, 8%) - сәйкесінше - 67, 0 млн. тонна және 63, 5 млн. тонна, Батыс Европада мұнай өндіру 3, 7 % өсті - 143, 8 млн. тонна (8, 9%) құрайды. Мұнай және конденсаттың өндірілуі 800 - 810 мың тонна/тәулік және осы деңгейде тұр. Үндістанда 1999 жылы мұнай өндіру 8млн. тоннаға өсті. Солтүстік теңізден мұнай өндіру ХЭА-ның болжамы бойынша, 2001 ж тәулігіне 7 млн. баррельге дейін өседі. Солтүстік теңізден өндіруді жүзеге асыратын компаниялар жаңа техника мен технологияны пайдаланады. Ал, ол мұнайды ең төменгі деңгейдегі шығындармен өндіруге көмектеседі.
1999 жылы мұнайдың өндірілуі 1, 9% өсті. Ең үлкен өсім ОПЕК-ке кірмейтін елдерде байқалады. ОПЕК-ке мүше елдерде мұнай өндіру 1%-ға өсті.
Отынның әлемдік нарығында 1999 ж соңғы 10 жылдықта кедергісіз жоғарылауы байқалады. Бұл нарықтағы жоғары белсенділік мұнай және мұнай өнімдерінің тұтынуының өсімімен негізделген, сонымен қатар, мұнай өндіруші елдердің 1999 ж наурыз айындағы мұнайды өндірудің шектеулігі туралы келісімді сақтауына байланысты болды. Жалпы шаруашылық коньюктураның жандануы мұнай және мұнай өнімдеріне әлемдік сұранысты ынталандырды. Ол 1999 жылы 1, 5 - 1, 7 %-ға дейін жоғарылады.
2000 жылдың наурыз айындағы ОПЕК-ке мүше елдердің конференциясында 2000 ж 1 ақпанда өндіру квотасын 6, 3 %-ға - 1, 45 млн. баррель\тәулігіне ұлғайту туралы шешім қабылданды.
1998 ж шетелдегі мұнай қорытындысы: мұнай өндіру 1997 жылмен салыстырғанда 1, 3 %-ға өсті. Әлемдік сұраныс - 0, 8 %-ға, мұнайдың орта айлық бағалары 40 %-ға түсті. Көптеген ірі корпорацияларды жаулап алған мұнай компанияларының ішіндегі бірігулер бұрын соңды болмаған деңгейлерге жетті. Бірінен-соң бірі жаңа жобаларды өңдеу графиктерін қайта қарастырды, соның ішінде ірілері де бар. 1999 жылы божамдар сұраныстың өсетінін көрсетті, бірақ егер, мұнай өндіруді қысқарту жайлы қосымша шешімдер қабылданбаса, бағалар көтеріледі.
1998 жылы мұнай нарығының әлсіздігін қиындыққа әкелген жағдайда, 2000-2003 жылдар күтіліп отырған сұраныстың және экономиканың жандануына өту кезеңі болды. Өткен жылдағы мұнай нарығында болған маңызды оқиғалардың бірі, Азия елдерінде экономикалық белсенділікті баяулатқан жағдай, мұнайдың көп болуы. Алдын ала берілген мәліметтер бойынша жыл бойы барлығы 3290 млн. тонна мұнай өндірілген. (кесте 1. 3)
Бұл 2000 ж салыстырмалы коньюктура жылымен салыстырғанда 42000 тоннаға артық болды. Осылайша 2002 ж мұнай сұранысы 27-28 млн. тоннаға өсті, яғни, ұсыныстың өсуіне байланысты ұсыныс пен сұраныстың арасындығы саңылау 15 млн. тоннаға кеңейді. Қайта өндіру, толы қоймалар мұнай бағасының төмендеуіне әкелді. ОПЕК елдерінің төтенше отырыстары Сауд Аравия, Мексика және Венесуэлла арасындағы кеңестер, барлық экспорттаушы елдердің өндірісін қысқартуға шақырды. Мұның бәрі мұнайдың артық 15 млн. тонна үшін болған жағдайлар екенін көрсетеді. Бұл дегеніміз сұраныс пен ұсыныс қатынастарының мұнайдың әлемдік өндірісінің 0, 5 %-ға өзгергенде жүйенің тұрақтылығы бұзылады.
Мұнайдың 75%-дан көбі тәулігіне 1 млн. баррель асатын «миллионерлер клубы»- деп аталатын мұнай өндіретін 15 алғы шептегі елдерде өндірілген. Әсіресе, ОПЕК-тің 7 мүшесіне кіретін елдер негізгі күшті жеке өндіруді түсіру жолымен мұнай бағасын бірқалыпты ұстау бағытына жұмсаған. ОПЕК елдері мұнай өндіруді 21 млн. т. аса төмендетті. Дүние жүзі елдерін алып қарағанда, Ирактың өндіру көлемі 48 млн. тоннаға жоғарылады. 1998 ж мұнайды қайта өңдеу ирактың үлесіне тиді. ОПЕК-тің басқа мүшелері Мексика, Норвегия, Мысыр және т. б. елдердің мұнай ағымын төмендетуіне күш салуы Иракты жеңіп алу әрекеттерінің бірі болды. 2003 жылы басқа мұнай өндіру салаларында елеулі жаңалықтар болмады.
1. 2 Қазақстанның мұнай құбырларының жағдайы
Қазақстанның магистралдық құбырлары жоғары механизацияланған және автоматтандырылған гидравликалық күрделі, тармақталған жүйе болып келеді. Ол насостық станциялармен, технологиялық байланыс жабдықтарымен және желілермен, телемеханика және автоматтармен, электрохимиялық қорғаулармен, өртке қарсы жабдықтармен, басқа жағдайларда - жылытқыш пештермен жабдықталған.
Батыс Қазақстандағы ұзындығы 154 км болатын ең бірінші құбыр Доссор-Ракуши-Каспий төңкеріске дейінгі уақытта эксплуатацияланған және жабдықталған. 1934 жылы ұзындығы 830 км Каспий-Орск құбыры, 1966 жылы ұзындығы 141, 5 км Өзен-Жетібай-Ақтау құбыры пайдалануға берілді. 1968-1970 жылдары дүниежүзіндегі бірегей трансконтинентальды ұзындығы 1500 км Өзен-Атырау-Самара ыстық құбыр жолы салынды, ал 1969 жылы ұзындығы 683 км Өзен-Атырау құбыр жолы іске қосылды.
Республиканың негізгі магистралдық құбыр жолы Өзен-Құлсары-Атырау-Самара құбырын қоса 1997 жылы сәуірде құрылған біріккен өндірістік «Оңтүстік магистралды құбыр жолы» және Маңғыстау магистралды құбыр жолдарын басқармасы мемлекеттік компания «ҚазТрансОйл» балансына кіреді.
Қазақстан құбырлар желісінің жалпы схемасы
«ҚазТрансОйл» компаниясымен қолданылатын негізгі құбырлар мыналар: Өзен-Жетібай-Ақтау (1966, 141, 5), Өзен-Атырау-Самара (1970, 1500), Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау (1979, 264, 5), Сарықамыс-Теңіз (1968, 30), Прорва (Теңіз) -Құлсары (1986, 03), НПС-3-Қосшағыл (1940, 84, 7), Ескене-Эстакада (1936, 18, 75), Мартыш-НПС «Атырау» (1972, 5, 6), Комсомольск-Мақат (1942, 47, 6), Мұнайлы-Қосшағыл (1950, 22, 9), Ақтау-Жетібай (1990, 63, 6), Доссор-Мақат (1911, 34, 3) . Бұл құбырлар «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Қазақойл-Ембі» біріккен өндірістерінің мұнайларын Атырау МӨЗ-на және Самара мұнайды араластыру және айдау базасына тасымалдауын қамтамасыз етіп отыр.
Қазақстанның мұнай өңдеу заводы және Орталық Азияны Сібірдің «қара алтын» кен орындарын қысқа жолмен байланыстыратын Павлодар-Шымкент магистралды құбыр жолы 1642 километрге созылып жатыр.
Қазіргі кезде Қазақстан мұнайын тұтынушыларға жеткізу 3 тәуелсіз құбырлар жүйелерімен тасымалданады:
АҚ «Маңғыстаумұнайгаз», «Қазақойл-Ембі», «Өзенмұнайгаз» және «Қаражанбасмұнай» компанияларымен өндірілген мұнайды Атырау МӨЗ-на және экспортқа тасымалдауды Шығыс Қазақстан құбырлар жүйесі қамтамасыз етіп отыр.
АҚ «Ақтөбемұнайгаз»-бен өндірілетін мұнайды Орск МӨЗ-на тасымалдау құбырлар жүйесі.
Павлодар-Шымкент МӨЗ-на батыссібір мұнайларын жеткізу, Шымкент МӨЗ-на және экспортқа құмкөл мұнайын жеткізу Шығыс Қазақстан және Орталық Азия мұнай құбырлар жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Құбырлардың негізгі техникалық мінездемесі кестеде көрсетілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz