Мектеп-интернаттағы оқушылардың мазасыздану ерекшеліктерін анықтау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі.

Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз балалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы баланың жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін, бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады.

Мектептегі оқыту (жаңаны тану, алынған дағдылар мен үйренулерді тексеру) әрдайым балалардың мазасыздануының жоғарылауымен байланысты екенін психологтар байқады және де кейбір мазасыздану деңгейінің жоғары шегіне жетуі оқытуды белсендіріп, оны тиімді етеді. Мұндағы мазасыздану зейін, ес, интеллектуалдық қабілетті жасаушы фактор. Бірақ егер де мазасыздану деңгейі осы шегінен асып кетсе, адамды байбалам (паника) жаулайды. Сәтсіздікке ұрынбауға тырысып, ол қызметіне көңіл аудармай кетеді. Немесе нақты жағдайдағы жеттістікке жетуге түгелімен беріліп кеткендігі соншалық, басқа ситуацияларды ол жеңіліс табады. Осының барлығы сәтсіздік қуаныш күшейтеді, мазасыздану жоғарылап, күнделікті кедергіге айналады.

Мазасыз балалар үшін оқу жылдарының қаншалықты ауыр өтетінін, ата - аналар да, мұғалім де жақсы біледі. Ал мектептік кезең негізгі және балалық шақтың негізін қалаушы: бұл тұлғалық қалыптасу уақыты, өмірлік жолды таңдау, әлеуметтік нормалар мен ережелерді иемдену, бойға сіңіру. Егер де оқушы уайымының себебі өз - өзіне сенімсіздік болса, онда жеке тұлға да «күмәншіл» болып қалыптасады.

Зерттеудің мақсаты - мектеп-интернаттағы оқушылардың мазасыздану ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің міндеттері -

Әдістемелік базасы -

Зерттеудің обьектісі - жасөспірім оқушылардың мазасыздануларының көрінісі.

Зерттеудің пәні - жасөспірім оқушылардың мазасыздануларының көрінісі.

Зерттеудің негізгі жорамалы - жасөспірім кезеңіндегі балалардың жоғары мазасыздануының белгілі бір себептерін анықтау - жасөспірімдік жастағы балалардың қылығындағы мазасыздануларының төмендеуіне әкелетін, бағытталған коррекциялық - дамытуышылық бағдарламаны жүргізуге септігін тигізеді.

Практикалық маңызы -

Жұмыстың құрылымы -

1 тарау. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ МАЗАСЫЗДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ.

  1. Шетел және отандық зерттеушілердегі мазасыздану мәселесі.

Эмоция және сезім уайымдау формасында шынайы шындықты көрсетеді. К. Изардтың ұсынған классификациясы бойынша, оның, «дефференциалды эмоция теориясында» эмоцияны фундаменталды және өндірістік деп бөледі. Фундаменталдыға жататындар:

  • қызығушылық-қобалжу;
  • қуаныш;
  • қайғы-уайымдау;
  • таңқалу;
  • ыза, ашу;
  • жиіркену;
  • қорқыныш;
  • ұялу;
  • кінәләу;

Қалғандары өндірістік. Фундаменталды эмоцияның байланысуынан, өзіне қорқыныш, ашу, кінә және тітіркену сезімдерін комплексті, эмоционалды, күйлер туындайды. Сонымен мазасыздану -дегеніміз не? Бұл эмоционалды күйге әртүрлі авторлар, әртүрлі анықтама береді. Практикалық психологтың сөздігі мазасыздануды, мазасыздану реакциясының туындауының төмен табалдырығын мінездейтін: индивидуалды реакцияның маңызды параметрлерінің бірі, индивидтің қауіпті уайымдауға бейімділігі деп тұжырымдайды.

В. В. Суворов өзінің «стресстің психофизиологиясы» атты кітабында, мазасыздануды, ішкі тынышсыздықтың, қалыпсыздықтың психологиялық күйі, ол қорқынышқа қарағанда белгісіз болуы мүмкін және таза субьективті факторларға тәуелді деп анықтайды.

А. М. Прихожан, мазасыздануды - күй және тұлға қасиеті деп бөледі. Ч. Д. Спилбергердің концепциясы психоанализдің әсер етуінде жатыр, ол әлеуметтік фактордың рөлін бағалай алмауда, ата-аналардың балалық шақта, мазасызданудың туындауына әсерін бағалау. Адамдарда әртүрлі практикалық жағдайларда, әртүрлі мазасызданумен, бағадағы айырмашылық, ең алдымен ата-ананың балаға қатынасы және тәжірибенің, балалықтың әсер етуі бейнеленеді.

К. Гальдштейннің айтуынша, индивидтің сау бостандығы, ол альтернативтер арасындағы таңдау жасай алып, жаңа қоршаған ортада қиындықтарды жеңу үшін мүмкіндіктерге жету дәлелі.

Мазасыздану күйін зерттеудегі сәйкес көзқарасты функционалды бағыт көрсетеді. В. М. Астаповтың айтуынша, күй және тұлғалық қасиет ретінде өтетін мазасызданудың жалпы теориясы дамыту үшін, мазасызданудың қызметін анализдеп, айрықшалап алу керек.

Функционалды бағыт мазасыздану күйін, реакция қатары деп қана емес, іс-әрекет ағымының динамикасына әсер ететін, субьективті фактор ретінде қарастыруға да болады деп тұжырымдаған.

Психологиялық қызмет туралы сұрақ, мынандай дәстүрлік мәселелерге түрткі болады; мазасызданудың генетикалық түбірі, оның туындауының шарты және жағдайы, масазасызданудың іс-әрекетке әсері және тағы басқалары. Мазасызданудың қызметтік мінездемесі бұл, күйдің нәтижесіне бағытталуды ажыратады. В. М. Астаповтың ойынша, мазасызданудың күйі қауіптің сол немесе басқа түрін көрсетіп, индивидке белгі беретін қандайда бір жағымсыз, қауіпті көрсетіп тұрады. Сондықтан, мазасыздануды кейде, қауіптен емес, оның аяқасты бола қалғандағы, одан қаша алу мүмкіндігінің болмауымен шақырылатын, нақты емес, мәнсіз қорқыныш деп анықтама беруге болады. Зейіннің қауіп-қатерге назар аударуы іс-әрекеттің меніз-құлқына әсер етуі мүмкін.

В. А. Астапов айтқандай, мазасызданудың дәл белсенді-іздеу бағыттылығы, мазмұнды жағынан мінезделеді, «стрестік бөлшектеріне» зейіннің аударылуы, динамикалық-ұзақ және тұрақтылығымен: мазасызданудың іс-әрекетке дезорганизацияланған зейіні «ретсіз жүріс-тұрыс» негізінде икемделуі мүмкін мазасызданудың үнемі қауіпті іздеу үстінде болуы, паталогиялық бұзылыстарға жанама қатынаста түрткі болу мүмкін, себебі мұнда үнемі қауіптілік және басқа адамдардан қауіпті бату бақыланады, өзінің денесінде (ипохондрия), ал өзінің іс-әрекетінің нәтижесінде (психастения) және тағы басқа да бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Іс-әрекеттің қауіптендіруші обьектіге қарсы жол іздеуінде белсенділік пайда болады және ол қауіпті анықтау шартындағы мазасыздануды төмендетудщің жолын тудырады.

В. М. Астапов тағы бір қызметті көрсетеді, ол туындаған жағдайдың бағасының қызметі. Сонымен бірінші мән, ол оның қандай мағына беруіне байланысты болады. Н. М. Наенканың тұжырымдауынша: « . . . қысым күйінің психофизиологиялық спецификасы . . . сыртқы әсерлерге тәуелді емес, бірақ іс-әрекеттің мақсатының тұлғалық мәнінен, жағдайдың бағасы табылады». Қауіпті жағдайларға жүріс-тұрыстық реакцияның дәстүрлі формасы ажыратылады: қашу, агрессия, оцепенение. Солардың әрқайсысы өздігінен субьект жүріс-тұрысының бағыттылығын модификациялайды: қашу-қауіптенуші обьектпен соқтығысқанда өз мүмкіндігін аса шеттету; агрессия-қауіптіліктің қайнар көзін жоғалту арқылы; оцепенение-қандайда бір белсенділіктің толық аударылуы арқылы. Мазасызданудың қарама-қайшы уайымдау, индивидтің жағдайды қауіпті деп бағалап, оны шешу тәсілдерін дайын және нақты сенімді деп орналастырмауында пайда болады. Сондықтан, мазасыздануды зерттеудегі функционалды бағыттың негізіне, тұлғалық құндылық деңгейіне сандық, аффективті және жүріс-тұрыстық реакцияларды қосатын бұл күйді қиын процесстің нәтижесі ретінде анықтауға болады.

Мазасызданудың қайнар көздерінде, мазмұн, көріну формасында, компенсация және қорғаныста ашық көрінетін спецификасы бар. Әрбір жас кезеңінде нақты бір аудан бар, ол шынайы қауіптің әсерінен немесе тұрақты мазасызданудан тәуелсіз, көп балаларда жоғары мазасыздануды шақыратын іс-әрекет обьектісі. Бұл мазасызданудың жасерекшелік шыңдары әлекметтік қажеттіліктердің әсері болып табылады.

В. Р. Кисловская, проективті тесттердің көмегімен мазасызданудың жасерекшелік динамикасын зерттеуде, мектепке дейінгі балаларда бала бақшадағы тәрбиелеушілермен және ата-аналарымен қарым-қатынаста мазасызданудың жоғары болатындығын байқады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың мазасыздануы, ересек адамдармен және өзімен жасты құрбыларымен қарым-қатынаста жоғары болатындығын көрсетті.

Жасөспірімдерде мазасыздану өзінің сыныптастарымен, ата-аналарымен және бөтен ересектер, мұғалімдермен қарым-қатынаста жоғары айқындалады. Жоғары сынып оқушыларында мазасыздану жан-жақты қарым-қатынаста көрінеді, әсіресе олардың мазасызданулары ата-аналарымен қарым-қатынаста және олар тәуелді болып отырған басқа да ересектермен қарым-қатынаста айқындалады.

И. В. Дубровина ландштюдтті зерттеу бойынша, мынандай тұжырымға келді, 9 сынып оқушыларының мазасыздану деңгейі 7-8 сынып оқушыларына қарағанда тез төмендейді, бірақ 10 сыныпта қайта жоғарылайды, оның себебі: өзінбағалаудағы мазасызданудың жоғарылауы.

Бозбалалардың мазасыздану деңгейінде жеткіншектерге қарағанда жыныстық және индивидуалды айырмашылықтар және мінез-құлқында кейбір факторлар байқалады (үлгерім, өз қатарының ортасындағы деңгейі, өзінбағалау ерекшелігі, ВНД түрімен байланысты мазасыздану) .

Мазасызданудың қарастырылған теориясы және «мазасыздану» және «үрей» түсінігі, мынандай қорытынды шығарады. Бұл күйлер қоғам өмірінің тарихи кезеңімен байланысты, қорқыныш мазмұнында, үрейдің жасерекшелік шыңының мінезінде, үрейді уайымдаудың интенсивтілігі мен орналасуында, біздің мемлекетіміздің соңғы 10 жылдығында жасөспірімдермен бала мазалануларының саны аса өсуде екендігі көрініс береді.

Қысқаша барлық шетелдік теорияларды бөлуге болады (З. Фрейд, К. Хорни, к. Изард, Ч. Д. Спилбергер), олар мазасыздануды динамикалық бағыт көзқарасында қарастырады, ал отандықтар (В. В. Суворов, В. Н. Астапов, И. В. Дубровин, Л. И. Божович, И. В. Имадзе, Н. Д. Левитов, В. Р. Кисловская және тағы басқалары) мазасыздануды, мазасызданудың екі түрін шығаруда, оның қызметінің көзқарасында қарастырды: реактивті және тұлғалық, ол үреймен мазасыздануды тұлға қасиеті ретінде ажырататын Ч. Д. Спилбергердің теориясына сәйкестенеді. Мазасыздану функционалды бағытта, тұлға іс-әрекетін толықтай ұйымдастыратын, субьективті фактор ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, К. Изардтың теориясы бойынша мазасыздану- бұл фундаменталды эмоцияның комплекстік байланысуы. Мазасыздану күйін эксперименталды, эмпирикалық және теориялық зерттеулердің көп болуына қарамастан, бұл түсініктің концептуалды өңдеуі қазіргі әдебиеттерде әлі күнге дейін жеткілікті өңделмеген.

Бихевиористтік бағыт мазасыздануды анықталған жүріс тұрыстық реакция ретінде қарастырған. Бұл бағыттың өкілдері Д. Уотсон, Т. Торндайк, К. Лешли және тағы басқалары мазасыздануды нақты бір стимулдан пайда болатын негативті процесс ретінде қарастырған. Табиғаттың жаратылысына қарсы келе, бихевиористтер ғылыми зерттеудің негізгі зерттелуі деп жүріс тұрыстың жаңа қалыптасу формасын ажыратты. Олар балаларда мазасызданудың және қорқыныштың қалыптасу мүмкіндігі бар екендігін көрсетті (Д. Уотсон, П. Миллер) .

Бихевиористтік бағытқа реакция ретінде 20 ғасырдың, 50шы жылдарының аяғы 60шы жылдарының басында психологияның когнитивті мектебі пайда болды. Оның өкілдері С. Шехтер, Дж. Келли, Л. Фестингер эмоционалды күйді және соның ішінде мазасыздануды келесі түрде қарастырды « . . . субьект бір аспектіде екі әртүрлі психологиялық білімдермен орналастырғанда, эмоционалды күйлер жағдайларда туындайды». Мазасыздану кері эмоция, ыңғайсыздық күйі ретінде түсіндірілді, ол жағдайдың оңға айналуын күту немесе өткен қиындықтарға байланысты жаңа ақпарат алумен қалпына келеді. Бұл бағыт психологтарының көріністерін анализдей келе, мынаны айтуға болады, субьектіге белсенді позиция және шешім қабылдау мүмкіндігі қайтарылды.

Д. Гамбург және Дж. Адамс физиологиялық бағыттың принпінде тұрған психологтар ретінде, мазасыздануды табиғаттың соматикалық ауруларымен сәйкестендірді. Олар мазасыздану деңгейін ағзаның вегетативті құрылымын тіркеу әдісімен өлшеуді ұсынды. Сонымен К. Кеннон мазасыздану кезінде адам қанындағы адреналин деңгейі жоғарылайды деген. Фанкейштейн және Кинг былай деп айтқан. Мазасыздану кезінде қанға мехалилді салуда, қан қысымы бірден түсіп кетеді, мазасыздану және мазалану күйі таламустың тітіркенуінде бақыланады. Келесі айта кететін жайт, мазасыздану деңгейін қанға гормондар және химиялық дәрумендер салу жолымен өлшеу тәсілі немесе бас миының бөлек ауданын тітіркендіру, бұл күйдің алғашқы фиксация жасау мүмкіндігінің бірі болды. Бірақ мазасыздануды бұндай жолмен анықтауда ішкі механизмдер сонымен қатар қалыптастырудағы адамның саналы іс-әрекеті және жағымсыз эмоционалды жағдайдағы өзгерулер есепке алынбады.

Мазасыздану туралы көп пікірлер З. Фрейд концепциясының анализісіз өтпеді. Дәл осы З. Фрейд мазасыздануды теоретикалық зерттеуді алғаш бастаған психолог болып табылады. З. Фрейдпен келісе келе қауіптің және мазасызданудың кез келген жағдайы махаббат обьектісінің жойылуымен болады. Ол былай деп есептеген. Туылу қауіптің прототипі болып табылады және мазасыздану сезімін шақырушы жағдайлар болып, анасын жоғалту немесе басқа махаббаттың қайнар көздері, эмоционалды байланған объектіні жоғалту, супер эгоға деген махаббатты жоғалту есептеледі.

З. Фрейдтің көрсеткен мазасызданудың дабылды және моралды көріністері туралы түсінігі қорқыныш ретінде, өзіне аффекті және когнитивті процессті алады. Ол біздің мазасыздану күйі кезіндегі гнесеологиялық және онтологиялық механизмдеріміз туралы көріністі растайды. Адам қажеттілікті сезінгенде алғашқы қысымды азайту үшін іздеуші іс-әрекет жасайды. Көптеген ойлар және жүріс-тұрыс формалары қысымды тек қана азайтып қоймайды, ол оны туындата да алады, стрессті және мазасыздануды шақырады. Бұндай көрініс қажеттіліктің тура көрінісі жоқ екендігін байқатады. Дамушы тұлғаның және жанның негізгі мәселесі мазасыздануды тудыратын прототипикалық жағдайлар мынандай:

1) қалаушы обьектіні жоғалту. Мысалы:бала, ажырасқан ата-ана, жақын құрбысын жоғалту және тағы басқа.

2) махаббатты жоғалту. Мысалы: махаббатын жоғалту және оған қымбат болып саналатын, махаббатты қайта қалпына келтіре алмау.

3) тұлғалығын (өзін) жоғалту. Мысалы: кастрация қорқынышы, «түрін» жоғалту, ортаға мазақ болу.

4) өзіне деген мазаббатты жою. Мысалы: суперЭго іс-әрекетке немесе мінез-құлық белгілеріне әсер еткенде, ол өзіне деген өшпенділікпен аяқталады.

Осындай немесе басқада жағдайлар мазасыздануды тудырады. Мазасыздануды азайтудың 2 негізгі тәсілі бар:

1) Жағдайға жанама түрде қарау. Біз мәселелерді шешеміз, қарсылықтарға қарсы тұрамыз, қауіпті жеңеміз немесе олардан қашамыз. Біз сөзбен айтқанда, жаман күйден айрылу үшін, мәселелермен өзара байланыс жасауға ұмтыламыз. Осындай жолмен, қиындықтарды жеңеміз және олардың қайтадан пайда болу мүмкіндігін азайтамыз. Гамлеттің сөзімен айтсақ, біз «тынбайтын мұхитқа қарсы қаруланамыз және қарсылық көрсетуден таймай оны соңына дейін апарамыз».

2) Жағдайда мазасыздануға қарсы қорғаныс тежелуден немесе сол жағдайдың өзін жоққа шығарудан сақтайды. З. Фрейд тежелу тәсілін қорғаныс механизмдері деп атаған. «Егер Эго өзінің әлсіздігін мойындаса, онда ол сыртқы әлем түріне шынайы мазасыздану күйімен танылады».

З. Фрейд негізгі қорғаныс механизмдерін және мазасыздануды түсіруді ұсынды. Олар:

1) Сублимация - қысымды, репрессияны шынайы түрде шешеді және жоғалтады. 2) Жоққа шығару. 3) Рационализация. 4) Реактивті білім.

5) Изоляция. 6) Проекция. 7) Регрессия.

«Берілудің шынайылығы санадан бір нәрсені жоюдан және санадан алшақ ұстаудан тұрады.

2) Жоққа шығару- бұл Эгоны мазалаушы шынайы жағдайларды қабылдамау. Шынайы форманы қабылдаушы қиялға қашу.

3) Рационализация- бұл жарамды себептерді табу немесе жарамсыз ойлар мен іс-әрекеттер үшін негізделу, реактивті білімдер жүріс-тұрысты немесе сезімдерді, диаметриалды қарама-қарсы армандарға ауыстырады: бұл арманның анық және бейсаналы инверсиясы.

4) Реактивті білім- басқа қорғаныс механизмдері сияқты алғашында бала кезде қалыптасады. Өкінішке орай, реактивті білімдердің әсерлері әлеуметтік қарым-қатынасты бұзады. Реактивті білімді бөлудегі негізгі мінездемелер мынандай- ригидтілік және экстраваганттылық. Кері қажеттілік қайта-қайта ауысуы керек.

5) Изоляция- бұл жанның басқа сферасынан жағдай бөлігінің мазасыздануын шақыратын бөлім болып табылады. Бұндай бөлімде жағдай эмоционалды реакция шақырмайды. Нәтижесінде бұл адам басқа адамдардан бөлектенген мәселелерді шешеді. Осындай жолда жағдай ешқандай сезіммен байланыспайды, ол басқа адамдарда болған сияқты болып қала береді. Адам арықарай идеяға кете береді және өзінің сезімдеріне аз-аздан жақындайды.

6) Проекция- басқа адамға жануарға немесе сапа обьектісіне қосып жазу сезімі немесе пиғылы, бұл сол қосып жазудан шығады. Бұл қорғаныс механизімі, бұнда тұлға аспектісі сыртқы ортаға индивидумның іштей араласуын көрсетеді және қауіп сыртқы қауіпті күш ретінде қарастырады.

7) Регрессия- бұл дамудың ертедегі деңгейіне қайта оралу немесе қарапайым тәсілге көшу болып келеді. Бұл жағдайды шешудің оңай түрі. Қысымды азайта келе, ол мазасызданудың шешілмеген қайнар көздері болып қалады.

Осы барлық қорғаныс мезанизмдерінің арқасында жан өзін ішкі және сыртқы мазасызданудан және қысымнан сақтайды. Қорғаныс шындықтан қашады (регрессия) ; шындықты шеттетеді (жоққа шығару) ; шындықтың алдын анықтайды (рационализация) ; шындықты ауыстырады (реактивті білім) ; қорғаныс ішкі сезімді-сыртқы әлемге орналастырады (проекция) ; шындықты бөледі (изоляция) ; немесе шындықтан қашады (регрессия) . Кез келген жағдайда либидозды энергия, қорғанысты қолдану үшін керек, Эгоның күшін шеттетеді. Олар (қорғаныстар) . Эго іс-әрекетіне пайдалы болатын психологиялық энергиямен байланыстырады. Қорғаныс өте әсерлі болған кезде, ол Эгоға кіре бастайды және оның бейімделуге қабілеттілігін және пысықтығын азайтады. Егер қорғаныс Эгодан ұстана алмаса, онда ол тірегі жоқ, мазасыздануға берілген болып қалады.

К. Хорни қарым-қатынас бұзылған кезде мазасыздануды төмендету үшін 9 қажеттілікті ұсынады. Ол бұл қажеттіліктерді «невротикалық» деп атаған. Ол мына көрсеткіштер:

1. Махаббатқа және қолдауға невротикалық қажеттілік (басқаларды қанағаттандыруға деген тілек және жоғары сезімталдылық.

2. Бағытталушы жұпқа деген невротикалық қажеттілік (адам махаббатты бағалайды, жалғыз қалудан және жетім болудан қорқады)

3. Өмірдің шеттетілуіне невротикалық қажеттілік.

4. Күшке деген невротикалық қажеттілік.

5. Басқаларды пайдалануға деген невротикалық қажеттілік

6. Маңыздылыққа деген невротикалық қажеттілік (өзін бағалау бұқараның қабылдау деңгейінде анықталады. )

7. Тұлғалық жетістіктерге деген невротикалық қажеттілік.

8. Тәуелсізділікке деген невротикалық қежеттілік.

9. Шынайылыққа және тазалыққа деген невротикалық қажеттілік.

Бұл 9 қажеттіліктер жанжалдың ішкі қайнар көздері болып табылады. Бірақ бұл барлық жанжалдар шешілетін және қашып құтыла алатын болмайды, себебі жанжал бұл әлеуметтік шарттардан пайда болатын құбылыс.

Мағжан Жұмабаев эмоция, ішкі сезімдер түрлері және олардың жағымды, жағымсыздығы туралы дербес тоқталып айта келіп, осы сезімдерді тәрбиелеу қажеттілігіне тоқталады. Бала мазасыздану туралы қорқу сезімінде баса айтады. «Қорқу сезімі-адам жанында бір бақытсыздық күткенде болады», -деп оның терең талдай отырып, «Бала тым қорқақ келеді. Мұның себебі-баланың қиялы тыс тірі һәм денесі әлсіз»-деген тұшымды ой айтады. Алдымен, баланың қорықпауына мән теру керектігі, жасында қорқақ болған баланың ерлік істерге бара алмайтындығымен түйіндейді.

Эмоциялық күй-қалып жөнінде Қазақстанда жазылған еңбектер де бар. Мысалы, айтып кететін болсақ, М. В. Кузубованың «Жасөспірімдік шақтағы мазасыздану жайлы» және А. Л. Ескендірованың «Агрессияға» байланысты, З. Б. Мадалиеваның мазасыздануға қатысты кандидаттық диссертация жұмыстары осы тақырыптар жөнінде ізденушілерге бағыт-бағдар болады.

Э. Фромм, К. Хорни, Г. С. Салливандардың тұжырымдамаларына сәйкес, мазасыздану -әлеуметтік құбылыс. Адамдар тумасынан мазасыз болмайды, оларды мазасыз болуға өмірлік жағдайлар себепші болады. Г. Салливан теориясы бойынша, мазасыздану екі түрлі болады: невротикалық және экзистенциалды. Мазасыз (қорқақ) адамдар: бастауыш мектеп немесе жалпы бала кезеңде қорқыныш сезімі ақырғы шегіне жетеді, яғни олар адамдардан өзге балалардан, ит, найзағайдан, тағы басқалардан қорқады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ МАЗАСЫЗДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Интернат оқушыларының тұлғалық мазасыздану ерекшеліктерін қарастыру
Психологтың балалармен жұмысы
Инклюзивті білім беру жaғдaйындa есту қaбілеті зaқымдaлғaн мектепке дейінгі оқушылaрғa көмек көрсету жолдары
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды отбасында тарбиелеу ерекшеліктері
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық - педагогикалық қолдаудың міндеттері, қағидалары
Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары
Мүмкiндiгi шeктeулi бaлaлaрдың oтбacымeн жүргiзiлeтiн пeдaгoгикaлық жұмыcтaры
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz