Қытай Халық Республикасында 1949-1959 жылдары социалистік жүйенің қалыптастыру мәселесі, оның қоғамның барлық саласындағы барысы мен мәні


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасырда әлемнің көптеген елдерінде социалистік қоғамды орнату жолында ауқымды саяси-идеологиялық, әлеуметтік мәні бар науқандар мен эксперименттер жүргізілді. Социалистік жүйені қалыптастыру әрекеті бір ғана елдің немесе халықтың емес, тұтастай құрлықтар мен аймақтардың тарихи дамуына, жалпы бүкіл адамзат баласының тағдырына ықпал етуші қуатты процеске айналғандығы белгілі. Қоғамдық дамудың мұндай жүйесін орнату талпыныстары дүниенің барлық бөліктерінде көрініс алды. Соның ішінде адамзат тарихындағы ең ежелгі өркениеттердің бірі саналатын Қытай әлі күнге дейін социалистік жүйені құру бағытында дамып келе жатыр.

1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылған соң Мао Цзэдуннің жетекшілігіндегі коммунистік партия кешегі Қытайға ұқсамайтын жаңа Қытай мемлекетін құруға шындап кірісті. Социалистік қоғамның салтанат құруы, социалистік жүйенің қалыптасуы жаңа Қытайдың дамуының басты өзегі болды. Коммунистік партия билік басына келгеннен кейін «қытайлық ерекшеліктерге» ие болған марксизм идеологиясы негізінде бүкіл елде тарихи маңызы бар ауқымды эксперименттерді жүргізе бастады. Мұндағы басты мақсат бүкіл қытай қоғамын, барлық әлеуметтік топтарды бір идеологияның төңірегіне топтастыру және сол идеологияға адал қызмет етуін мүмкін қылу болған еді. Қытай Халық Республикасының басшылығының жүргізген социалистік жүйені қалыптастыру жолындағы науқандары елдің саяси, әлеуметтік, рухани-мәдени, шаруашылық, экономикалық, ғылым-білім салаларын толық қамтып, дәстүрлі Қытайдың саяси-экономикалық тұрғыдан модернизациялануына, жаңаруына ерекше әсер етті.

Коммунистік партияның жетекшілігімен жүрген социалистік модернизация процестері негізінен тотолитарлық басқару механизмін іске қосуының нәтижесінде жүзеге асуы мүмкін болды. Яғни, егер Кеңес Одағындағы секілді жаппай террорлық және қуғын-сүргін әдістерді қолданбаған жағдайда радикалды науқандардың іске асуы екі талай болары сөзсіз еді. Социалистік жүйені қалыптастыру барасында Қытайда нарықтық қатынастар, еркін бәсекелестік, демократиялық еркіндіктер, басқаша ойлау, яғни сөз бостандығы секілді құндылықтар жүйесі толықтай ығыстырылды.

Социалистік қоғамды құру барысында Қытайдың саяси жүйесі мен құрылысы, мәдениеті, ғылым саласы өзгертіліп, социалистік сипатқа ие болды. Сонымен қатар Қытайдың дәстүрлі ауыл шаруашылық саласы, экономикалық секторлары да толығымен өзгертіліп, онда социалистік бақылау мен социалистік меншік институты орнатылды. Коммунистік партияның бастамасы бойынша жүргізілген «барлық гүлдер шешек атсын, жалпы жарыса үн қатсын» науқаны қоғамдағы барлық күштер мен партияларға, барлық әлеуметтік топтарға, жекелей тұлғаларға сөз бостандығы құқықығын бергенімен, ақыр аяғы бұл саясатты жүргізудің саяси-идеологиялық мәні белгілі болды. Бұл науқан қысқа мерзімде коммунистік партияға қарсы оппозициялық элементтердің анықталуына зор мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде өзіне қарсы шыққан идеологиялық қарсыластарын тұншықтырған коммунистер мәдениет, ғылым, білім, ағартушылық, өнер салаларына өздерінің күшті бақылауларын орнатуға қол жеткізді.

Социалистік лагерьдің құрамындағы өзге елдерге қарағанда қытай коммунистері социалистік қоғамды былай қойғанда, коммунизмді орнату стратегиясын барлығынан бұрын өте қысқа уақыт аралығында орнатуға талпынды. 1958-1959 жылдар аралағында жүргізілген «үш қызыл ту» саясаты осы стратегиялық жоспарды толығымен жүзеге асыру үшін жасалынған аса ауқымды науқан болатын. Үлкен секіріс саясаты мен халық коммуналарын құру әрекеттерінің бүкіл қытай қоғамы үшін саяси-идеялық маңызы зор болғанымен, объективті тұрғыдан алғанда бұл бағдарлама утопиялық сипатқа толы болған еді. Сондықтан қытай коммунистерінің елде коммунистік қоғамды біржолата орнату жолындағы әрекеттері толығымен сәтсіздікке ұшырады. Осыған қарамастан 1949-1959 жылдар аралығындағы он жыл ішінде Қытай коммунистік партиясы елде социалистік жүйенің қалыптасуының негіздерін қалауға қол жеткізе алды.

Тақырыптың зерттелуі. 1949-1959 жылдар аралығындағы жалпы Қытайдың тарихи дамуы, оның ішінде коммунистік партияның елде социалистік қоғамды құру жолындағы саясаты төңірегіндегі мәселелер тарихшылар, қоғамтанушылар, тіпті жекелей адамдар үшін де өзекті болып келгендігі белгілі. Бүгінгі күнге дейін көптеген елдердің ғалымдары тарапынан толассыз зерттелінгендіктен тақырыптың тарихнамасы өте ауқымды. Белгілі бір ғылыми жұмыстың алдында қаралатын мәселе бойынша не жазылғанын, не істелінгенін білмей талаптануға болмайтыны сөзсіз. Әр зерттеудің басты мәселесі қарастырып отырған проблеманың жаңалығы мен өзектілігін айқындау үшін ғылыми ізденістерді жан-жақты талдау арқылы объективті бағасын білдіретін оның бүтін тарихнамалық сипаттамасы болып табылады.

1949-1959 жылдардағы Қытай Халық Республикасындағы социалистік жүйенің қалыптасуы проблемасын зерттеуде барлығынан бұрын кеңестік тарих және өзге де гуманитарлық ғылымдардың рөлі мен орны ерекше. Бұл проблема бойынша кеңес ғылымы мол тарихнамалық мұра қалдырған. Дегенмен кеңестік тарихнамада жан-жақты зерттеуде объективті ғылыми әдіс емес, белгілі бір саяси мүдделерді көздеу, тарихи фактілерді сол тұрғыдан талдау мен бағалау үстем болып келді. Халықтық Қытайдағы социалистік қоғамды орнату маңызына баға беруде лениндік тұжырымдар басшылыққа алынып, ондағы пролетариаттың рөлін дәріптеу берік орнықты.

Қарастырып отырған кезеңдегі Қытайдағы социалистік жүйенің қалыптасуы проблемасының теориялық және практикалық тұстарын жан-жақты зерттеуде М. И. Сладковский [1, 2], М. С. Капица [3, 4], О. Б. Борисов және Б. Т. Колосков [5], Ф. М. Бурлацкий [6, 7, 8] Э. Корбаш [9], М. И. Алтайский, В. Георгиев [10], И. В. Байков [11], П. Н. Федосеев [12], Л. П. Делюсин [13, 14, 15, 16], В. И. Вятский, Ф. Димин [17], Е. А. Конавалов [18], Г. А. Ганшин [19], Ю. Яроменко [20], Н. И. Капченко [21], В. Г. Жуков [22], А. Бовин, Л. П. Делюсин [23], Л. С. Кюзаджян [24, 25], А. Н. Желоховцев [26], В. Н. Никифоров [27], В. Я. Сидихменов [28] К. А. Егоров [29] секілді зерттеушілердің еңбектері зор.

Осы проблеманы арнайы терең зерттеуде Л. С. Кюзаджянның орны ерекше. Ол қытай тіліндегі ауқымды материалдарға сүйене отырып 1949-1959 жылдардағы Халықтық Қытайдағы социалистік жүйенің қалыптастыру мәселесінің барлық салаларын, әсіресе социалистік қоғамды орнатудың саяси және идеологиялық аспектілерін, соның төңірегіндегі идеологиялық талас-тартыстар проблемаларын арнайы қарастырады. Автор революция жеңіске жеткен соң Қытай коммунистерінің жаңа идеологияның (марксизм-ленинизм) негізінде жаңа қоғам құру шараларын объективті құбылыс ретінде бағалайды. Алайда ол Қытай қоғамы мыңдаған жылдар бойы дәстүрлі құндылықтардың аясында дамығандықтан Қытай бұқарасы соңғы ширек ғасырда қанат жая бастаған марксистік идеологияны және осы кезеңдегі коммунистердің жүргізген идеологиялық шараларының мәнін толық түсіне алмады немесе оны қабылдай алмады деген түйін жасайды. Соның салдарынан қоғамда бір-біріне қарама-қайшы екі бағыт - социалистік және антисоциалистік тенденция туындады.

Дамыған капитализм дәуірінде Батыс өркениетінде туындаған ілімді (марксизм) шығыс деспотизмі мен феодализм кезеңінен енді шыға бастаған Қытайға әкеліп таңып, үлкен революциялық секіріс жасау арқылы жалпы адамзаттық өркениеттік даму қоғамы саналатын - коммунизмге жетуді утопия ретінде бағалаған Ф. М. Бурлацкийдің еңбектерінің де мәні зор. Ф. М. Бурлацкиймен қатар М. И. Алтайский, В. Георгиев, И. В. Байков, П. Н. Федосеев және Л. П. Делюсин секілді ғалымдар да Мао Цзэдунның әлеуметтік, революциялық дүниетанымы мен көзқарастарын кеңінен зерттеп, баға берулерімен ерекшеленеді. Аталған зерттеушілер Мао Цзэдунның идеялары негізінде коммунистік Қытайда жүргізілген социалистік эксперименттерді марксизм-ленинизм принциптеріне қарама-қайшы келді деген тұжырым жасайды. Сонымен қатар бұл зерттеушілер қытай коммунистерінің көсемі Мао Цзэдуннің философиялық дүниетанымын терең қарастыра келе, Халықтық Қытайдағы қоғамдық ғылымдар саласындағы әсіресе, философия ғылымындағы идеялық күрестегі комунистік және буржуазиялық дүниетанымның қайшылығына ерекше назар аударады. Авторлар буржуазиялық ілімдермен күресте Қытай коммунистері макрсизмнің орнына маоизм идеяларын басшылыққа алды деп пайымдайды.

Экономика саласындағы идеялық күреске баса назар аударып, революция жеңіске жеткен соң Қытай коммунистерінің социалистік құрулардағы экономика мен халық шаруашылығын басқару әдістерін және экономикалық реформаларды жүргізуде идеялық күрестің мазұмынын ашып көрсететін еңбектердің авторлары Е. А. Коновалов, Ю. Яроменко, Э. Корбаш. Олар Мао Цзэдуннің елде жүргізген экономикалық эксперименттеріне (үлкен секіріс, халық коммуналары) антилениндік және ұсақ буржуазияшыл сипатта деп баға береді. Авторлар Мао Цзэдунның жетекшілігіндегі коммунистердің марксистік жолдан ауытқып кетуі елдегі социалистік экономиканы құру әрекеттерінің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі ретінде көрсетулерімен ерекшеленеді.

Қарастырылған кезеңде Қытайдағы идеологиялық күрес мәдениет, өнер, ағартушылық және ғылым, рухани өмірдің барлық салаларын түгел дерлік қамтыған. Әдебиет пен мәдениет саласындағы осы күрестің рөліне аса көңіл бөлген А. Н. Желоховцев коммунистердің әдеби шығармашылық құндылықтардың дәстүрлі және буржуазиялық сипатта жазылған мұраларын ығыстыруын, оның орнын басу әрекеттерін заңды құбылыс ретінде бағалауының да өзіндік себебі бар. Автор осы кезеңдегі ескі әдеби мектептердің коммунистік әдеби теорияға әлі де болса ұзақ уақыт қарсылық көрсетеді деп тұжырымын жасайды. Сонымен қатар А. Н. Желоховцев нақ социалистік реализмге негізделген әдебиет пен шығараманы қалыптастыру кемелденген социалистік қоғамның орнауының бірден-бір кепілі деген ойды айтады.

Кеңестік және қазіргі ресейлік синологтардың ішіндегі ең беделділерінің бірі саналатын Л. П. Делюсин Қытайдағы идеологиялық күрес кезеңіндегі аграрлық мәселе мен коммунистердің буржуазиялық топтармен күресін зерттеді. Ол Қытай коммунистерінің аграрлық салада жүргізген саясаты лениндік принциптерден алшақ кеткен, сондай-ақ үлкен секіріс кезеңіндегі Мао Цзэдуннің халық коммунасын коммунизмнің ең алғашқы сатысы деп жариялауын бос сөз және утопия ретінде бағалаған. Бұған қоса автор 1956-1957 жылдардағы компартияның қоғамдағы буржуазиялық элементтермен күрес жүргізуі және оларды түбірімен жою шараларындағы жіберген басты қателіктерін де айқындайды.

М. И. Сладковский, М. С. Капица, О. Б. Борисов және Б. Т. Колосков сынды кеңестік ғалымдардың зерттеу объектісі Қытай Халық Республикасының сыртқы экономикалық байланыстары төңірегіндегі проблемалар болды. Зерттеушілер Қытайдағы социалистік модернизация мен социалистік индустриализация процесінің жүруіндегі Кеңес Одағының рөлі мен орнын аса жоғары бағалай келе, елдегі социалистік қоғамды құруда қытай коммунистерінің марксизм-ленинизм принциптерінен ауытқып, маоизмнің экономикалық теорияларын басшылыққа алуы барлық сәтсіздіктің бастау көзі болды деп тұжырым жасайды.

Халықтық Қытайдағы социалистік индустриализация үрдісінің жүруі мәселесі мен қысқа мерзімде коммунистік қоғамды орнату бағытындағы жүргізілген революциялық шараларды жан-жақты зерттеген Е. А. Коновалов, Г. А. Гришин, Ю. Яроменко, В. И. Вятский және Ф. Димин секілді кеңес ғалымдарының тұжырымдауынша коммунистік партияның басшылығы о бастан-ақ экономикалық саясатты жүрізе алмай, объективті идеологиялық платформадан гөрі ұсақ буржуазиялық сипатқа толы Мао Цзэдунның идеяларына бой алдырды. Зерттеуші Г. А. Гришин негізінен үлкен секіріс саясатына дейінгі компартияның социалистік экономикалық саясатын қарастыра келе қытай коммунистерінің бауырлас Кеңес Одағымен арадағы достастық қарым-қатынастарға сызат түсіруі қолға алынған шаралардың тығырыққа тіреліп, жүзеге аспай қалуының түпкілікті себебі болды деген пікірін білдіреді.

1958-1959 жылдар аралығындағы Мао Цзэдун бастаған коммунистік партияның бастамасымен жүргізілген «үш қызыл ту» саясатын терең қарастырумен ерекшеленген Е. А. Коновалов пен Ю. Яроменко үлкен секіріс және халық коммуналары саясатының саяси, идеологиялық және әлеуметтік мәні мен олардың тарихи салдарын жан-жақты талдайды. Авторлар маоизм идеясының негізінде жүзеге асырылған үлкен секіріс және халық коммуналарын құру саясатын бұрын-соңды болып көрмеген утопиялық іс-әрекет деп бағалайды. Е. А. Коновалов пен Ю. Яроменко «үш қызыл ту» саясатының ұсақ буржуазиялық және шовинистік сипатқа ие болуы салдарынан жүргізілген эксперимент толық сәтсіздікке ұшырады, және моаизмнің авантюрасы Қытайда социалистік қоғамның орнауын көптеген жылдарға ысырып тастады деп пайымдайды.

Шетелдік тарихнамаға тоқталсақ, тақырыптың мәселесіне қатысты келесі зерттеушілердің еңбектерін атап өтуге болады: Э. Сноу, Ф. Грин, К. Менерт, С. Шрам, А. Лифтон, С. Карноу, Л. Делин, Р. Норт, Л. Харрисон, Ален Ру, Жан-Эмиль Видаль, А. Кожаров, М. Мика, Д. Денеш, К. Мэнель, В. Вовчук [30], Ф. Варнай [31] .

Э. Сноу, Ф. Грин тақырыпқа қатысты кезеңдегі коммунистердің диссиденттермен, яғни ресми идеологиядан тыс басқаша ойлайтындармен күрес жүргізуіне аса көңіл бөле отырып, идеологиялық мәселелерді шешудегі Мао Цзэдуннің практикалық әдіс-тәсілдерінің марксистік рухта екенін көрсетеді.

К. Менерт, С. Шрам, Дж. Левинсон секілді синологтар Халықтық Қытайда идеологиялық күрес аса шеберлікпен жүргізіліп, соның нәтижесінде Мао Цзэдун өз қарсыластарын жоюға зор мүмкіндік алды және таза коммунистік дүниетаным негізінде қоғам орнатуға қол жетікізді деген пікір білдіреді.

Компартияның идеологиялық күрес барысында коммунист еместерге «Барлық гүлдер шешек атсын» ұранының рухында компартияның және партия кадрлерінің әрекеттерін ашық сынауға рұқсат беруі оның беделін арттырудағы акт ретінде бағаланды. Осы пікірді қолдаушы А. Коэннің пікірінше Мао Цзэдун мен оның жақтастары аз уақыт ішінде қоғамдық пікірдің осындай сипатта жарылысы орын алады деп соншалықты күткен жоқ. Өз қателігін терең түсінген Мао мен оның жақтастары басып-жаншу әдістерін қолдануға қайта оралуға мәжбүр болған. Аталмыш курс Қытай қоғамында аз да болса біраз уақытша сөз еркіндігіне жол бергенімен, ол Гоминданның немесе капитализмнің реставрациялануын, яғни қайта қалпына келтіруін жоспарламады, оның басты мақсаты антикапиталистік және антигоминдандық бағыттағы кмелденген социалистік қоғамдық жүйені орнату болды деген пікірді ұстанған Дж. Левинсонның зерттеуінің де тақырыпты аша түсетін тұстары бар-ақ.

А. Коэн мен Р. Норт Мао Цзэдуннің 1956 жылы идеологиялық курсын жариялауға коммунистерді, либералдарды, патриоттарды өзара біріктірген антижапондық майдан факторының себеп болғанын айта келіп, оның Халықтық Қытай қоғамында қарама-қайшылықтың жойылуына да тікелей ықпал еткеніне баса назар аударады. Бірақ 1957 жылы оңшыл күштер мен топтардың Қытай коммунистік партиясының саясаты мен идеологиялық ұстанымын ашық сынауының белең алуы қоғамда қарама-қайшылық жоқ деген пікірді теріске шығарды. Осы кезеңдегі коммунистік партияның ішінде орын алған саяси-идеялық күрестердің себептеріне бірқатар факторлардың ықпал еткендігін, әсіресе олардың ішінде ең алдымен билік факторының ерекше екендігін Л. Харрисон өз еңбегінде атап өтеді.

Ал Халықтық Қытайдың экономикалық дамуындағы коммунистердің капиталистік қатынастарды жою әрекеттерін қоғамдық дамудың заңдылықтарына қайшы келетінін тұжырымдап, Мао Цзэдуннің 50-ші жылдардың аяғындағы солшыл экспериментіне утопиялық баға берген Л. Делиннің еңбегі де тарихи тұрғыдан алғанда маңызды. Л. Делиннің тұжырымдауы бойынша маоистердің 1958-1959 жылдардағы «үш қызыл ту» саясаты негізінде идеологиялық тұрғыдан бауырлас Кеңес Одағын ғана емес, сонымен бірге Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания секілді индустриалдық жғынан әлдеқайда алға кеткен, ең озық мемлекеттерді қысқа мерзімді басып озу бағытында жүргізген іс-әрекеттерін тарихи тұрғыдан орны толмас, үлкен қателік болды.

Ален Ру, Жан-Эмиль Видаль, Д. Денеш, Ф. Варнай Қытай коммунистерінің елде социалистік қоғам орнату жолындағы капиталистік және фодалдық идеологияны толық күйрету әрекеттеріне оң баға бергенімен, олар әлемдік социалистік қауымдастықтың қағидаларынан ауытқыды деп тұжырым жасайды.

Чехословак ғалымдары А. Кожаров, М. Мика дүниежүзілік коммунистік қозғалыста пайда болған «маоизм ілімін» жан-жақты қарастыру негізінде 1949-1966 жылдардағы Халықтық Қытайдағы идеологиялық күрес марксизм-ленинизм рухында емес, антисоциалистік сипаттағы Мао Цзэдуннің идеяларының негізінде жүргізілді деген пікірде болды.

Неміс ғалымы К. Мэнель мен поляк ғалымы В. Вовчук бастапқы кезеңде Қытай коммунистері экономика мен халық шаруашылығында реформа жүргізуде лениндік үлгіні басшылыққа алды, бірақ көп уақыт өтпей-ақ ол жолдан ауытқыды әрі оның ең жарқын көрінісі үлкен секіріс және халық коммуналарының эксперименті деп көрсетті.

Тақырыптың мәселесіне қатысты бірен-саран зерттеулер ресейлік тарихшылардың үлесіне тиетінін тілге тиек ете кеткен жөн. Осы ретте Қытай Халық Республикасының саяси дамуын қарастырған әрі Компартия ішіндегі саяси-идеялық күресті және онымен буржуазиялық топтар арасындағы идеологиялық күрестің тек әлеуметтік қана емес, сондай-ақ гносеологиялық негізді болғанын Л. П. Делюсин мен К. А. Егоров өз еңбектерінде үлкен баға береді. Осы күресті тек әртүрлі таптардың әсіресе, пролетариат пен буржуазияның мүдделерінің соқтығысы емес, түрлі деңгейдегі мәдениет пен әртүрлі көзқарастағы тарихи тұлғалардың күресі деп есептейді.

Қытайдың көне заманнан бүгінге дейінгі тарихи дамуындағы Конфуций мен оның ілімдерін қарастыруда Л. С. Переломовтың еңбегі зор. Ол Халықтық Қытайдағы коммунистердің, әсіресе Мао Цзэдуннің ежелгі философқа деген көзқарасының қандай болғанын анықтауға тырысады. Сонымен бірге тың деректерді пайдалана отырып, Мао Цзэдуннің Конфуций мен оның ілімдерін феодалдық және монархиялық жүйенің идеологы ретінде көргендігін, сондай-ақ социализмнің қас жауы барлық жамандықтың күнәһары деп есептегенін айтады.

Тақырыптың деректік негізі. Зерттеу жұмысы барысында қолданысқа түскен дерек көздері төмендегідей: Китай. Факты и цифры. Пекин, 1999. [32], Конституция КНР /Пер. с кит. Под ред А. Г. Крымова. М., 1954. [33], Конституция и основные законодательные акты КНР (1954-1958) / Пер. с кит. Под ред А. Г. Крымова. М., 1959. [34], Законодательные акты Китайской Народной Республики. М., 1952. [35], Образование КНР. Документы и материалы. / Пер. с кит. Под ред Е. Ф. Ковалева. М., 1950. [36], Общая программа народного политического Консультативного Совета Китая /Пер. с кит. Под ред Е. Ф. Ковалева. М., 1950. [37], Материалы ҮІІІ Всекитайского съезда Коммунистической партии Китая (15-27 сентября 1956 года) . М., 1956. /Пер. с кит. Под ред А. Г. Крымова. М., 1956. [38], Материалы 6-го пленума Центрального Комитета Коммунистической партии Китая 8-го созыва. Пекин, 1959. [39], Советско-китайские отношения 1917-1957. Сб. док. М., 1959. [40], Мао Цзэдунның шығармалары мен естеліктері [41, 42], Китайская Народная Республика: политика, экономика, идеология. М., 1979. [43] .

Нормативтік-құқықтық актілер. Қытай Халық Республикасының ата заңы ретінде оның мемлекеттілігінің қалыптасуын заңды түрде бекіткен алғашқы конституциялық акт осы елдің Конституциясы болып саналады. 1949 жылы құрылған Халықтық Республиканың құықтық негізі тек 1954 жылы заңдастырылды. Оның өзіндік себебі 1945 жылы Коммунистік партия қабылдаған ережелерде Қытайдың өтпелі кезеңдегі мемлекеттің құрылымы мен басқарылуының уақытша ережесі қабылданған болатын.

«Конституция и основные законодательные акты КНР (1954-1958) » және «Законодательные акты Китайской Народной Республики». Бұл деректерге ата заңмен қатар мемлекеттік билік органдарының, партияның съездерінде, пленумдарында қабылданған мемлекеттік басқарудың мәселелерін толық қамтитын заңдар енген.

Қытай Халық Республикасының орталық, партия және билік органдарының, оның ішінде коммунистік партияның, Халықтық саяси кеңесші органның идеологиялық күресті жүргізудің, социалистік қоғамды орнатудың негізіне алынған құықтық актілері, сондай-ақ Қытай ХалықРеспубликасының құрылуы туралы Декларация, коммунистік партия съездерінің, пленумдері мен кеңстерінің, мәжілістерінің шешімдері және басқа да құжаттарды қамтитын бірнеше құжат жинақтары жарық көрген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ССРО және дүниежүзілік қоғамдастық
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Қытайдың сыртқы саясаты
Мао Цзедун Қытайдың мемлекеттік және саяси қайраткері
Мао Цзэдун
МАО ЦЗЕДУННЫҢ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
Қытай халқының мәдениетінің қалыптасуы
Үндістан, Қытай, Жапонияның саяси феодалдық құқықтық институтарының негізгі және қайнар көздері
Қазақстан-қытай қарым-қатынастарының бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрініс
ЧЖОУ ЭНЬЛАЙ – ҚЫТАЙДЫҢ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ САЯСИ ҚАЙРАТКЕРІ
Присяжныйлар қазақтан алыну
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz