Нацистік Германия мен сталиндік Кеңес одағындағы тоталитарлық жүйелердің қалыптасу және даму тарихы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында тоталитарлық қоғамның жалпы сипаты мен негізгі белгілеріне жан-жақты аналитикалық талдау беріледі. Тоталитарлық жүйенің барлық белгілері орнаған Германия мен Кеңестер Одағының ішкі-сыртқы саясатына терең тоқтала отырып, екі мемлекеттегі тоталитарлы саяси жүйеге салыстырмалы тарихи шолу жасалынады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тарихта «тоталитаризм» мәселесі соңғы жылдарда ғана талқыланып, өзіндік субъективті пікірлер айтылып жүр. Біздің елде осы тақырып жөнінде Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін ғана ашық айтыла бастады. Себебі, бұрынғы Кеңестер Одағында әсіресе, Сталиннің билік құрған кезінде осы феноменнің барлық белгісі көрініс берген болатын.

Ғылыми-зерттеулерді оқи отырып, тоталитарлық жүйенің әр мемлекетте әр алуан жағдайда қалыптасқандығын анғаруға болады. Мәселен, Италияда фашистік қозғалыс 1919 жылы көктемде қалыптаса бастады. 1919 жылы 23 наурызда «Жауынгер Одақтар» (Фаши ди Комбаттименто) құрылды. Кейіннен осы ұйымның атынан «фашист» және «фашизм» деген терминдер қалыптасты. Ұйымға Бенито Муссолини басшылық етті. Испания тоталитарлық мемлекеттер қатарына жатпағанмен, Франко билігі тұсында Испанияның ішкі саясатында баспасөзге, саяси партияларға тиым салу, өкіметке қарсы күштерді қудалау жүрді. Яғни, бұдан Испанияда да Италиядағы сынды толық тоталитарлық жүйе болмаса да, авторитарлық биліктің болғандығын байқаймыз.

Германиядағы тоталитарлық диктатура Гитлердің үкімет басына келуімен тікелей байланысты. Мемлекеттің басына НСДАП-тың келуімен Германияда қуғын-сүргін саясаты көбейе түсті. Гитлерлік өкіметтің шығарған қатаң заңдарына ешкімнің қол сұғуына мүмкіндік берілмеді. Антихалықтық бейнеде көрінген нәсілшілдікке қарсы «халық жаулары» деп аталған оңшыл категориямен қылмыс жасаған жеке субьектілер заңмен белгіленген жаза бойынша айыпталды. Мысалы, НСДАП-қа және оның қызметіне қарсы бағытталғандар өлім жазасына немесе он бес жыл бас бостандығынан айрылды. 1936 жылы басты істерді қарауға арналған Халықтық сот қылмыстыларды өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы заңға қол қойды. Заңның күшіне енуіне байланысты 225000 адам 600 жылға бас бостандығынан айырылды, бес мың адам өлім жазасына кесілді [1, 149 б] . Сондай-ақ НСДАП бүкіл саяси билік монополиясын өз қолына алды, армияның және шіркеудің үстінен қарады. Мемлекеттің ағзасындағы идеологиялық машина қоғамның стратегиялық дамуына ықпал жасап қана қоймай, қоғамдық қатынастардың қозғаушы күшіне айналды. Үгіт - насихат жүргізу жұмысында нацистер жаңа нәтижелерге қол жеткізді, бұқаралық ақпарат құралдарында, кинематографияда, фундаментальді және қолдпнбалы ғылымда, өнерде, спортта, туризмде өзгерістер болды. Биліктің және идеологиялық функцияның тағы бір көрінісі репрессиялық аппараттың қызметінің атқанынан байқалды. Мемлекеттік террор жүйесі тек «қылмыстыларды» жазалап қоймай, қоғамдағы саяси белсенді адамдарды, «жаңа режимге» қарсы оппозицияны жазалады. Сонымен қатар, нацистердің әлеуметтік саясаттағы режимінде бұрынғы неміс қоғамындағы әлеуметтік иерархия өзгертілді, арийлік мемлекеттегі адамның орнын анықтайтын жаңа модель жасап шығарылды. Бұрынғы мәдениетті жақтаушылар мемлекеттен қуылды немесе абақтыға жабылды. Гитлерлік Германия үкіметінің сыртқы саясатының негізгі мақсаты агрессиялық милитаристік бағыт болды. Капиталистік елдер АҚШ, Франция, Ұлыбританиялардың профашистік топтарының қолдауымен Шығыс Европа елдерін жаулап алу саясатын қалыптастырды.

КСРО-да мұндай жүйе И. В. Сталин тұсында кең өріс алды. И. В. Сталиннің ұсынған автономияландыру жоспары бойынша, барлық кеңестік республикалар РКФСР құрамына автономиялық республика құқығымен кіруге тиіс болды. Коммунистік(большевиктік) партия қоғамның бүкіл өміріне және барлық әлеуметтік топтарға жетекшілік жасады. Шаруашылықты дамытуда экономикалық әдістердің орнына қатаң жоспарлау мен бұйрық-нұсқау әдістері қолданылды. Экономиканың даму қарқынын жылдамдату үшін көтеріңкі мәліметтер алуда экономиканың өзіндік даму заңдылықтарын мүлдем ескерілмеді. Партияны, мемлекетті және әскерді басқару қызметтеріне білімі төмен, тек Сталинге әбден берілген адамдар қойылды. Халықтың әл-ауқатын арттыруда асыра сілтеушіліктер көп орын алды.

Нацизм мен сталинизмді тоталитаризм теориясы негізінде салыстыра талдау батыс ғылымында ертеден-ақ қалыптасты. Салыстырмалы зерттеулер өткен ғасырдың 90-жылдарында Ресейде де орын алған-ды. Алайда соңғы жылдарда Ресей тарихшыларының көпшілігі сталинизмді тоталитаризм теориясы негізінде зерттеуден бас тартып, сталиндік саясатты басқаша әдістермен түсіндіруге тырысады. Әрине, сталинизмді әртүрлі теориялар мен концепциялар негізінде түсіндіруге болады, бірақ сталинизм мен нацизмнің ортақ белгілерін жасыру қиын-ақ. Тарихтағы ұқсас құбылыстарды салыстыра зерттеудің ғылым үшін ешқандай да оғаштығы, «сұмдығы» жоқ, керісінше пайдасы бар. Посткеңестік кеңістік қауымының бұл салыстыруды дұрыс көрмеуі кезіндегі Кеңес Одағының басқа елдерден айрықшалығы, өзгешелігі, «жалғыз социализм елі», «ең әділетті қоғам» деген түсініктердің әбден ақыл-ойға сіңіп қалғандығымен байланысты. Кеңестік лагерьлердегі жазықсыз қырылған адамдарды еске алсақ, кеңес қоғамы айрықша қоғам деген ойдан арылып, сталинизмді оған ұқсас тарихи құбылыстармен салыстыруға болады.

Тоталитарлық диктатураның негізгі белгілерінің барлық элементі анық байқалған Германия мен КСРО елдерін салыстырмалы түрде алып қарастырғанда өзіндік ұқсастықтар мен айырмашылықтарды байқаймыз. Бүгінгі күні Қазақстанда әміршіл-әкімшіл жүйе негізіндегі сталиндік концепцияның ролі мен қоғамдық саяси жүйеге тигізген әсерін Германиядағы Гитлер тұсындағы тоталитарлық жүйемен ғылыми тұрғыда салыстырып, объективті баға беру өзекті болып отыр. Себебі, сталиндік саяси жүйе КСРО халықтарын саяси тұрғыда айыптап, қуғын-сүргінге ұшыратқан, жандарына жазылмастай таңба салған өзінің өктем саясаты мен идеологиясын халық арасына таратқан болатын. Сондықтан бұл мәселені тарихи салыстырмалы тұрғыдан зерттеп-зерделеу өте маңызды.

Зерттеу жұмысының деректік қоры. Германия мен Кеңес Одағында тоталитарлық жүйенің қалыптасуы және оның тәжірибесі мәселесіне байланысты жинақталған дерек көздерін мағынасына қарай төрт топқа жіктеп қарастыруымызға болады.

Зерттеу жұмысының дерек көздерінің бірінші тобын тоталитарлық жүйе кезінде Германия мен Кеңестер Одағының қоғамдық-саяси өмірінде негізгі роль атқарған НСДАП партиясы мен кеңестік большевиктік партияның құжаттары құрайды [2, 3, 4] .

Деректердің екінші тобын осы екі мемлекеттің партия жетекшілерінің, сондай-ақ сол кезеңде мемлекеттік саясатты жүргізіп отырған идеологтардың, мемлекет басшыларының сөйлеген сөздері мен еңбектері құрайды [6, 7, 8] .

Деректердің үшінші тобын Германия мен Кеңестер Одағындағы бірнеше пленумдардарда, коммунистік интернационалдың конгресінде талқылаған мәселелері, жасаған баяндамалары, яғни коминтерн құжаттары құрайды [9, 10]

Деректердің төртінші тобын тоталитарлық жүйе кезеңінде екі мемлекет басшыларының мемлекетті басқару кезінде өзара бір-бірімен жүргізген саясаттары, сондай-ақ өзге мемлекеттермен жүргізген сыртқы саясаттарына қатысты құжаттар құрайды [11, 12]

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жалпы «тоталитаризм» деген сөз ағылшын тіліндегі «total» жаппай, барлығына ортақ деген мағынаны білдіреді. Мемлекеттің осындай жүйесіне анықтама бергенде әртүрлі пікірлер кездеседі. Әсіресе, батыс елдері ғалымдарының беретін анықтамалары түрліше. Мәселен, М. Н. Марченко мен П. Ф. Лунгудың «Основы государства и права в вопросах и ответах» [ 13, 47 б] атты еңбегінде тоталитарлық жүйенің мынадай негізгі 13 белгісін атап көрсетеді: мемлекет қоғамдық өмірдің барлық салаларына толық үстемдігін орнатуға ұмтылады; халық саяси биліктен шеттетілген; мемлекет экономика, БАҚ, мәдениет, дін және адамдардың жеке өмірі мен іс-әрекетіне толық бақылауын орнатады; Қоғамдық қатынастарға, адам құқығына шектеулер қойылады; мемлекеттік билік бюрократтық тәсілге сүйенеді, жоғары орындағылар өзара «құпия» іс-әрекетке көшіп, халық олардың шынайы қызметінен бейхабар болады; Басқарудың негізгі әдістері: күштеу, зорлық-зомбылық, террор; Бір партия үстемдік етеді, оппозициялық бағыттағы ой-пікірлерге тыйым салынады; азаматтардың құқығы мен еркіндігі деклоративті сипатта, яғни қағаз бетіне жазылғанмен іс жүзінде шектеулер қойылады немесе орындалмайды; Экономика саласында ірі меншік иелері: қауым, монополист, мемлекет болуы мүмкін; азаматтардың ой еркіндігінде шектеулер қойылып, бір идеологияға бағындырылады; мемлекеттің қуғын-сүргіндерді ұйымдастырушы органдары жұмысына қоғамның басқа мүшелері араластырылмайды, бақылау қойылмайды; құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам белгілері болмайды; мемлекеттік билік халықтың ой-пікірін ескермейді, демократиялық механизмдерге, талаптарға қарама-қайшы іс-әрекеттерге барады.

АҚШ-тың философтар ұжымының бастамасымен өткізілген симпозиумда «тоталитаризм» ұғымына ғылыми түсінік беруге талпыныс жасалды. Симпозиумда жасалған баяндамалардың бірінде: «Тоталитаризм»- бұл батыстағы барлық тарихи өркениеттерге қарсы көтеріліс» деген анықтама берілген. [14, 51 б]

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін фашистік режимнің күйреуі, жер шарындағы мемлекеттердің социалистік және капиталистік болып екі лагерьге бөлінуі және «қырғи-қабақ» соғыстың басталуы «тоталитаризм» ұғымын теориялық жағынан жетілдіре қайта зерделеу қажеттілігін байқатты [15, 56 б] ; К. Фридрих пен З. Бжезинскийдің «Тоталитарная диктатура и автократия» деген еңбектері жарық көрді. [16]

1952 жылы АҚШ-та осы мәселеге орай арнайы ғылыми конференция өткізілді. Конференцияға қатысқан ғалымдар тарапынан «тоталитаризм» ұғымын әлеуметтік және саяси жағынан жаңаша сипаттай келе «тоталитаризмді- жабық қоғам деп атауға болады, онда барлығы - бала тәрбиесінен бастап шығарылған өнімге дейін бір орталықтан бақыланып отырды» деген тың тұжырымдар жасалды. Ал, саясаттанушылардың бір тобы «тоталитаризмді» саяси метафора санайды. Мәселен, Американың «Әлеуметтік ғылымдар энциклопедиясы» тоталитаризмді «ғылыми емес концепция» деп көрсетеді. Сондай-ақ ғалымдар арасында жалпы тоталитаризм қашан пайда болды деген мәселеге де ортақ пікір жоқ. Ғалымдардың бірі- тоталитаризмді адамзат тарихының мәңгі атрибуты десе, енді бірі- индустриалдық қоғам жетістігі, үшіншісі-тек ХХ ғасырға тән феномен санайды [17, 30-31 бб] .

Ағылшын публицисті Д. Оруэллдің еңбегі тоталитарлық қоғамның шын бет-бейнесін көрсете білген туындылар болып табылады. Оруэлл либералдық сананың тұйығынан шығаратын жол социализм мен демократияның одағынан туатын концепция деп санаған. Ол осы көзқарастар бүтіндігін өмірінің аяғына дейін сақтаған. Бірақ оған қарамастан оның еңбектері тоталитарлық қоғамды сынауға арналған, себебі Оруэлл интеллектуалдық сөз шындығы мен бостандығын жоғары бағалаған. Ғалымның жаңа тілдің пайда болуымен сипатталған - жаңа қоғамның идеяларын көрсетпейтін сөздер қысқартылған. Тілдің құрамын қысқарту арқылы адам ойы, оның әлемді қабылдау көріністері шектеледі. Адам өз пікірінен, өзіндік ойлау қабілетінен және жаңа идея жасаудан айырылады [18, 22-23 бб] .

Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясының 8-томында тоталитаризмнің нақты 8 белгісін нақтылайды: бюрократияның бір партия арқылы саяси, экономикалық, әскери және идеологиялық үстемдік жүргізуі; саясиланған иерархиялық әлеуметтік құрылыс; міндетті түрде қолына жоғары, саяси, экономикалық, әскери және идеологиялық билік шоғырланған көсемнің болуы; қуыршақ парламенттің болуы; қоғамды қорқынышта және толық бағыныштылықта ұстау мақсатымен қуғын сүргін науқанын жүргізіп тұратын қуатты қуғындау жазалау керек; әскерилендірілген экономика, ішкі саясаттың әскери өндірістік кешенге тәуелділігі; мәжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы; қоғамда жау бейнесінің қалыптастырылуы, сол жауға деген жек көрушілік режимнің мақсатына жету жолында бұқараның жұмылуына себепші болады [19, 458 б] .

Сондай-ақ, Европа және Америка елдері тарихымен айналысушы қазақстандық ғалымдар тоталитаризм ұғымына мынадай түсінік береді: «Тоталитаризм - бұл ХХ ғ мемлекеттің бір нұсқасы, бұл мемлекетте қоғам өмірінің барлық салаларына жаппай бақылау орнатылады, билік бір адамның немесе бір партияның қолыа шоғырландырылады, конституциялық құқықтар мен бостандықтар жойылады, бүкіл халық бір идеологияға бағындырылады, еркін ой қудаланады» [20, 252 б] .

Көптеген ғалымдар тоталитаризмді фашизммен байланыстырады. Қарап отырсақ, тоталитаризм мен фашизмнің арасындағы айырмашылықты табу қиын. Сондықтан кейбір тарихшылар Кеңестер Одағындағы Сталиндік дәуірде Гитлерлік Гермаиядағыдан кем фашизм болған жоқ деп көрсетеді.

Фашизмнің генезисі және оның әлеуметтік мазмұны басында-ақ антифашистердің, саясаткерлердің назарынан тыс қалмаған. 1923ж Италиядағы саяси жағдайға мән берген Клара Цеткин италиан фашизмінің жеңісіне ықпал жасаған идеологияның мәнін түсіндірді: «Ұмытпауымыз керек-деді ол - террорлық акт жасай отырып идеологиялық және саяси жеңістерге жетті»

[21, 218 б] . Бұл мәселе бойынша халықаралық коммунистік қозғалыстың жетекшілері фашизмнің салдары туралы туралы проблемаларды талқылады. “Біздің фашизмге қарсы мобилизациялық жұмыстарымыз және әскери қауіпсіздікті сақтау мәселеміз - деп көрсетті ИККИ 13 пленумындағы сөзінде О. В. Куусинен-қазіргі уақыттағы шовинистік идеологияға қарсы күрес жүргізу басты деп саналды. Аталған күрес шаралары өте қауіпті, қиын проблеманың бірі екендігі айтылды » [22, 25 б] . Г. Димитров күрестің өте ауырлығын атап Комунистік Интернационалдың 7 Конгресінде фашизмнің тереңге бой алдырғанын, халықтың сезімін баурап алғанын баяндады. “Фашизм - деді ол - халықтың сана-сезімінің әлсіз тұстарын пайдаланды [23, 13-14бб] . Біз фашизмнің идеологиясын жұқтыруымыз керек деді”.

1991 жылы Ярославльде, Ярославль және Кассель университтерінің ұйымдастыруымен ЖОО арасында «20-30-шы жылдардағы Кеңестер Одағы мен Германияның әлеуметтік, саяси дамуы» деген тақырыпта конференция болып өтті. Профессор З. Хеннинг әлеуметтік зерттеу институтының «Мемлекеттік капитализм мен мемлекеттік социализм мәселелеріне талдау» атты баяндамада неміс тарихнамасындағы тоталитаризм мәселесіне талдау жасап, фашизм жайлы Франкфурт мектебінің көзқарастарын келтіреді. Макс Хоркеймер, Фридрих Толлак, Франц Нейман сияқты белгілі ғалымдардың концепциялары қаралды.

М. Е. Ериннің «Веймар Республикасының партия жүйесінің ыдырауы» және Ерин мен А. Г. Чукареваның «Гитлеризм және сталинизм(салыстырмалы мінездеме) » деген баяндамалары пікірталастар туғызды.

1992 жылы Берлинде 19-20 қараша күндері Ресей мен Германия тарихының коллоквиумы болып өтті. Ол «Гитлер-Сталин салыстыру мүмкіндіктері мен шекаралары» және де осы екі елдің қазіргі заман тарихының басқа қырлары мәселелерін қарады. Кіріспе лекцияны Германия жағынан З. Нольте жасаса, Ресей жағынан С. Драбкин жасады. Нольтенің концепциясы бойынша Германияда гитлеризм Кеңестер Одағының үлгісін қайталаған, бірінші болып Кеңестер Одағында болды деп есептейді. Берлиндегі коллоквиумда Нольте өз көзқарасын әрі қарай дамытты. Осы мәселенің уақытша шеңберін кеңейтіп, оны Ленинмен бастады. Драбкин неміс ғалымымен келіспейтіндігін білдіреді. В. В. Дальенің ойынша гитлеризм мен сталинизм «артта қалушылықты жоюға тырысқан индустриализмнің түрлері болып табылады. Осы мәселені шешу үшін олар түрлі төтенше шаралар қолданған. Ал Германия мен КСРО дамудың әр сатысында тұрғандықтан екі елде бір-біріне ұқсас әдістермен түрлі мәселелерді шешуге тырысты.

Гинцберг гитлеризм мен сталинизмнің кейбір жақтарын салыстырып, олардың ұқсас белгілерін атап өтеді. Ол жоспарлар элементтерінің азды-көпті қолданылуымен, орталықтанған экономикалық жүйенің болуы; Кеңес Одағындағы бес жылдық жоспар, Германияда төрт жыл жоспардың болғандығын айтады. Колхоздар мен «Азық-түліктің империялық сословиесінің» ортақ белгілері көп. Сталинизм идеологиясының эволюциясы отызыншы жылдардың басынан бастап ұлы державалық бағыттардың күшеюі және бейбіт құмар болуға мәжбүр болған сыртқы саясатынан көрінеді деген ойлар айтылады.

Аталған дерек көздері мен ғылыми-зетттеу еңбектерді саралай отырып Германия мен Кеңестер Одағында тоталитарлық жүйенің өзіндік қалыптасу ерекшеліктерінің болғанын байқауға болады. Ресей және шетел тарихшылары мен саясаттанушыларының зерттеулеріне сүйене отырып мынаны атап көрстеуге болады: абсолюттік жеке билік, қоғамды бір доктринаға бағындыру, адамгершілікке, моральға жат әрекеттерге бару, адамдарға күманмен қарау, ұлы державалық шовинизм, әлемдік революцияның болатынына, социализмнің жеңісіне деген үлкен сенім, т. б

Дегенмен осы айтылған ойлардың ішінде көпшілік ешқашандай күмән келтірмейтін мына белгілерін атап өтуге болады. Тоталитаризм (латынша totalis- тұтастай, түгелдей) деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппазиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин мен Германияда Гитлер билігі тұсында тең орнады.

КСРО-ның он бес одақтас республикаларының бірі болған Қазақстанда да осы жүйе орнықтырылды. Коммунистік партия жағынан біркелкі, саяси мәселелер жөніндегі көзқарастары, ой-пікірлері бір жерде тоғысуы тиіс болды. Партия мүшелерінің бәрі тең құқықты болған жоқ. Партия мүшелерінің тең құқықтығы партия құжаттарында айтылғанмен, төменгілер партияның жоғарғы органдарындағы көсемдерінің көзқарасын ұғынып істі жалғастыру істі жалғастыру дәстүрі қалыптастырылды. Партияның басшылық ролі алғашқыда социализм құрудағы қажеттіліктен туындаса, уақыт өте келе билікті толық қолға алған соң тоталитарлық жүйенің асыра сілтеулерін ақтап қалуға қажет болды. Төңкерістен кейін орнаған билік - жұмысшы мен шаруалар табының билігі деп ұрандалғанымен, шын мәнінде партиялық билік орнады. Большевиктердің көсемі В. И. Лениннің көзі тірісінде негізі қаланған тоталитарлы бюрократиялық жүйені Сталин толық орнатты. Сталин билік құрған жылдары «идеялық бірлік» мәселесін қолға алды. Партия мүшелері арасындағы «идеялық бірлік» бұлжымас заңға айналды. Бұл идея қоғамдық-саяси өмірді ғана емес, қоғамның барлық саласын, оның ішінде рухани мәдени өмірді, ғылым-білімді қоса қамтыды. Бұл қитұрқы саясатқа қарсы шыққандардың барлығын қуғын-сүргінге ұшыратты.

Қазақстан тарихында Сталиндік тоталитарлық жүйенің зерттелген негізгі аспектісі - «жаппай жазалау» мәселесі болып табылады.

М. Қ. Қозыбаевтың «Ақтаңдақтар ақиқаты» деп аталатын еңбегінде Сталиннің жүргізген әміршілдік-әкімшілдік саясатының Қазақстанға тигізген әсерін ашып көрсетеді. Сталин жеке басқа табынушылық идеологиясы мен тәжірибесін іске асырды. Сталинизмнің трагедиясына тек қазақ халқы ғана емес, барша кеңес халқы ұшырады [24, 245 б] .

Осы мәселе бойынша Т. Омарбековтың «20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті» деп аталатын еңбегінде қазақ халқын меншіктен айыру және күштеп ұжымдастыру, қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландыру саясаты сынды қазақ халқын құртуға бағытталған көптеген Сталиннің жүргізген саясаттары және оған қазақ халқынының наразылықтары мәселелері жан-жақты талқыланады. Автор «осы уақытқа дейін Қазақстан тарихында Қазақстан тарихында назар аударылмай келген нәреснің бірі - мемлекетке астық және ет дайындаудың сталиндік бағытын Қазақстанда күштеп жүзеге асыру туралы мәселе еді. И. Сталиннің 1928 жылдың басындағы Сібірге сапары барлық елдегідей Қазақстанда да шаруаларға жаппай зорлық-зомбылық жасауға жол ашты. Астықты тауар деп есептеген «көсем» оны айырбастағандарды немесе онымен сауда жасағандарды РКФСР ҚК-нің 107-бабымен жаппай соттауды ұсынды. Шаруа өз астығын мемлекетке тапсырмағаны үшін айыпталды. Сталиндік зорлап астық дайындау науқаны - күштеп ұжымдастырудың және еріксіз отырықшыландырудың беташары және соларға алғашқы дайындық болатын»- деп сталиндік күштеу саясатын ашып көрсетеді [25, 316 б]

Сталиндік қуғындау кезінде Заки Уалиди Тоған, Әнуар Паша сынды Түркияға кеткен эмигранттар мәселесі бойынша түрік ғалымдарының ебектерінен алуымызға болады [26, 27] . «Түркістан Иттихад және Таракки жамағаты» ұйымының өкілдері Кавказдағы Османлы әскерлерінің сәтті әрекеттерінің ізімен Османлы астанасында түркілік оптимистердің үлкен лауазымға жетуіне байланысты Стамбулда жиналды. Бұл жерде түркістан үлеме жамағаты тарапынан Стамбулға аттандырылған Нуреддин хан Худайарханов та бұл жердегі жиналысқа қатысады. Онда ұйым мүшелері Талат Паша, Енвер Паша, Хариджие Назыры Несим бей сынды өкілдермен қоса Иттихат және сондай-ақ Теракки жамағатының орталық жетекші ұйымының мүшелерімен жүздесті. Енвер Пашамен болған жүздесуде оған Түркістанның саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайының мәселелері қарастырылған. Оған сегіз беттік рапорт ұсынылды. Рапорт мына түрде қарастырылған. Енді біздің жүрегіміз бүкіл Түркияны аса ұлтжандылықпен күрес шарпыды. Бүкіл түркілердің бірігуі біздің ұлы мақсатымызға ұласқан ояну жолы болып табылады. Барлық тілегіміз бен амалымыз бул еді. Бұл аңсаған амал, арман, мақсат кіші-үлкен бүкіл халықтың және топтардың ең қасиетті арманы еді [26, 335 б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоталитарлық саяси жүйенің қалыптасуы
Тоталитарлық жүйе мәселесінің зерттелуі
1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде антифашистік
Сталиннын саяси портреты
Шоқай және Түркістан легионы туралы шындық
1929 – 1933 жж дүниежүзілік экономикалық дағдарыс туралы ақпарат
Қазақстандағы 1937-1938 жж. жаппай саяси репрессия шаралары мен салдарлары
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай террор мен саяси репрессия зардаптары
Германия және фашистік режимнің күйреуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz