Аударма өнері – идеология майданындағы зор құралдардың бірі


Аударма дегеніміз - бір тілде ауызша айтылған ой-пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде, яғни оның ана тілінде түсінікті етіп жазу. Бір тілден екінші тілге аударылып жазылған немес баспадан басылып шыққан барлық әдеби және жазба еңбек аударма туынды деп аталады.
Аударма туынды - көркем әдебиеттің егіз туған сыңары, бұлар екі ел сөз өнерінің рухани қазынсына айналады.
Аударма жұмысы - бүгінгі таңда мақсат-мүддесі, тіршілік-әрекеті бір адамзат қоғамындағы аса маңызды, шартты құбылыс.
Аударма - ұшан-теңіз өмір ағысының бүкіл процесін ұштастыруға себепші болып отырған елеулі күштердің бірі.
Аударма өнері - идеология майданындағы зор құралдардың бірі. Аударма әдебиет - «халықтар достығының дәнекері».
Аударма біздің ана тіліміздің сөздік қорын байытып, дүниетану өрісімізді ұлғайтады. Аудармашы жеке сөздерге балама іздеу арқылы ана тілдің бүкіл қазнасын кеңінен сапырып, ішіндегі асыл сөз байлықтарын шебер пайдалануға тырысады. Ескіріп бара жатқан көне сөздер қайта жаңғырып, қазіргі жанды әдеби тіліміздің қорына жаңа сөз тіркестері, көркем сөз баламалары қосылып жатады. Аударма қызметі жаңа сөздерді тілімізге енгізіп қана қоймай, күн сайын аударылып жатқан сансыз көп еңбектер олардың қолданылу аясын кеңейтіп, қолдану нәтижесінде тұрақтандыруға халықтың ойы мен тіл байлығын өсіруге, сол сөздің ұғымдық шегін қалыптастыруға себепші болады.
Аударма мәдениеттілігінің жоғары деңгейін қалыптастыру ұлттық әдбиеттің өсуіне және оның өзіндік дәстүрлі сипатын жасауға мүмкіндігін тудырады.
Аударма көркем шығармашылықтың өзгеше бір саласы болып табылады. Шығармашылықтың бұл түрінде өзіңдікі өзгемен салыстырылады, жарысады, күш сынасады. Аудармашы жасалғанды жаңадан қайта жасау, өз әдебиетінде ана тілінде жаңа қорлар ашу және жаңа тың салаларды игеру арқылы автормен күш сынасады.
Егер біз аударма ісімен байланысы бар адамдардан әлемдік мәдениет үшін көркем әдебиеттің түпнұсқасы мен аудармасының қайсысы маңызды деп сұрасақ, бәрі бір ауыздан түпнұсқа деп жауап қайтарары даусыз. Аудармаға деген үлкен сый мен құрмет бола тұра біз түпнұсқаны маңыздырақ көреміз. Аударма әдебиетті қосымша әдеби құбылыс ретінде қарап, көркемдік сапасы мен әсері жағынан түпнұсқамен теңесе алмайды деп ойлаймыз. Әйтсе де, аударма тұпнұсқаны алмастыра алады. Қазіргі мәдни алмасу дәрежесіне сай, қандай да бір ұлттық мәнді көркем туынды екінші бір тілге аударылған кезде сол құнды да көркем сапасында адамзат мәдениетінің қазынасына айналады. Ал «аударылмаған көркем шығарма өз әдебиетінде белгілі бір кезеңде өмір сүреді де, уақыт өтекеле ұмытылады, әдебиетінде айтарлықтай із қалдырмайды» деп жазады Ю. Левин «Аударма және әдебиет» атты мақаласында.
Шынында да, аударма жалпы адамзат атаулының танымдық-рухани алмасуы нәтижесінде мәдениет пен өркениеттің дамуына, адам баласының эстетикалық көркемдікке қол жеткізуіне, санамыздың өсуіне апаратын жол секілді.
Көркем шығарманың әлем әдебиетіне енуі аудармасыз мүмкін емес болса, аударма да түпнұсқасыз болмайды. Ендеше бұл екі әдеби құбылыс тек қатынаста тұруы тиіс. Егіз көркем туындының қайсысы маңызды деген сұрақтан гөрі, керісінше, көркем шығарманың қай түрінде болмасын, ол адамзат болмысына қалай әсер етеді, адамзаттың даму жолында қандай рөл атқарады деген мәселе ойландырғаны жөн секілді.
Қазіргі әдебиеттану ғылымында көркем аударма проблемасы аса өзекті мәселенің бірі екені дау туғызбаса керек (Г. Қ. Қазыбек. Аударма тәжірибесі. Хрестоматия. Алматы, 2006. 3 бет) .
Қазақ тіліне аударма үлгісі XVII-XVIII ғасырларда келген. Араб-парсы, шағатай тілдерінен ауысқан, ауызша айтылатын ертегілер, неше алуан ұсақ мысал-нақылдар осы пікірдің тиянақты тірегіндей.
Таза қазақ тілінде аударма тәжірибесі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады, дәлірек айтқанда, 1879 жылдардағы Ыбырай Алтынсариннің «Киргизская хрестоматия» кітабында көрінді. Бұл орыс тілінен аудару дәстүрі еді. 1882 жылы орыс классиктерін Абай аударды. 1892 жылы Ыбырай Алтынсарин аудаған.
Жалпы, қазақ тіліне орыс классиктерінің шығармаларымен қатар дүниежүзілік әдебиет классиктерінің де шығармалары аударылды.
Орысшадан қазақшаға бұрын-соңды жасалған аудармаларды шолып өткенде, қазақ елінің әр қилы мәдени сатысына сай, аудармада алған үш түрлі әдістің бар екенін байқаймыз.
Біріншісі - еркін аударма, бұл тәсіл түпнұсқаның тілін, әдеби ырғағын дәл білмеуден, оригиналдың өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі, аудрмашының өзіне тиімділігін көрмеуден туады. Еркін аударма әрбір елдің балау кезінде, мәдени шеңбердің тар кезінде пайда болады.
Аудармадағы екінші тәсіл - сөзбе-сөз аудару. Бұл тәсіл, көбінесе, оригиналдың тілін мол түсіндіргенде болады, соның әуеніне еріп, құлдық ұрудан шығады. Осыған қосымша ұлы елдің әдеби мұрасын аударғанда, ұсақ елдің уәкілдері жаза басудан қаймығады да, әрбір жеке сөздерін де, тіпті нүктелерін де дәл түсіруді түртейді. Осының салдарынан аударма сіресіп шығады, істеп отырған еңбектерін аудармашылар да, оқырман жұртшылық та түсінбейтін болып шығады.
Аударманың үшінші тәсілі - балама (адекватный) аударма. Бұл ең қиын түрі: мұны екі тілді бірдей білумен қатар, сол шетел оригиналының ішкі сырын сарқа түсіндіретіндер орындайды. Оның үстіне авторлардың дыбыс ырғағын, тіл әдемілігін, сөз қолдану мәнерін қалтықсыз ұғынатындар жасайды. Осыған қосымша екі елдің (аударушы ел мен аударылатын елдің) мәдени сатысы бірдей болған мезгілде ымы-жымы білінбей, тігісі жатығып кетеді. Төл әдебиет пен аударма әдебиеттің арасында айырма болмай қалады
Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экологиялық, рухани, ғылыми қарым-қатынасының алмасу құралы, ел танудың құралы, достықтың, ынтымақтастықтың тәжірибе-тағылым алмасудың дәнекері.
Аудармашының алдында қашанда өзара қарма-қайшы, бірақ диалектикалық бірліктегі үлкен проблема тұрады: бір жағынан, түпнұсқаның «әрпін», рухын сақтау қажет, екінші жағынан, аударма жасалып отырған тілдің ерекшеліктерін, сол тілді оқуға тиіс жұртшылық талап-талғамын да ескеру қажет. Аудармашы таразының екі басын тең ұстауы қажет.
Қай кезде де көркем аударманың теориясы мен тарихы оның проблематикасымен тығыз байланыста болады. Аударма теориясының дамуы белгілі бір проблемаларды күн тәртібіне қойса, керісінше, белгілі бір проблемалардың шешімін табуы теорияны ілгерілетеді, соған орай аударма тарихы дами түседі.
Аударма - көркем шығармашылықтың түрі және аудармашы да қаламгер болғандықтан, суреткер сипатын ашатын нәзік сзімталдық, жіті бақылағыштық, творчестволық фантазия, интуиция, азаматтық өмірбаян, сара парасат, шеберлік, шабыт сияқты ерекшеліктер аудармашыларға да тән. Сонымен қатар, аудармашы даралығы жазушы - аудармашы - оқырман арасындағы байланыстың салтанат құруынан бастау алады.
Көркем әдебиетті аудару - шығармашылық жұмыс. Ол әдеби тілдің өсуіне, ұстартылуына көмектеседі: оның үстіне шығармашылық адамы аудара отырып, көп нәрсені үйренеді (Г. Қ. Қазыбек. Көркем аударма тәжірибесі. Алматы, 2005. 3 бет) .
Аударма - сан қырлы, күрделі де қиын, жұмбақ та астарлы әрі шығармашылық, әрі психологиялық үдеріс, көп қырлы құбылыс. Әлем халықтарының қандай да бір мәдени, ғылыми, саяси, экономикалық байланыстарында, қарым-қатынастарында аударманың тигізетін ықпалы зор. Ел мен елдің бірін-бірі тануына, одан әрі мәдени байланыстарының дамуына ұласқан аударма - қасиетті де қадірлі өнер. Адамзаттың тіршілік қажеттіліктерінен туындаған тәржімалар ісі қай ғасырда да өз ізін, дәстүрін қалдырып отырған.
Абай, Ыбырай жасаған алғашқы аудармалар, Шоқанның бірнеше тіл білу дарындылығы да қазақ зиялы қауымының өркениетке ұмтылыстарын айғақтайды. А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Қ. Кемеңгерұлы, Ә. Бөкейханов т. б. асыл тұлғаларымыз аудармаға аянбай атсалысты. Бұл дәстүр М. Әуезов, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, т. б. айнымас алыптар тобынан жаңаша қолдау тапты. Кеңестік кезеңде, әсіресе 1960-80 жылдары аударма ісі әр салада қарқын алды. Бұл уақытта жаңа аудармашылар толқыны жарқырай көрінді. Танымал таланттарымыз прозада, поэзияда, драмада аудармашылық шеберліктерін кеңінен көрсетті. Көрнекті жазушыларымыздың аудармаға араласуы әдебиетімізді классикалық құндылықтармен байытты.
Ұлы классик М. Әуезовтен басталған зерттеушілік ой-тұжырымдамалар бірден өрістеп кетпеді. Рас С. Талжанов, Р. Хайруллин, Ә. Сатыбалдиев, Қ. Нұрмаханов, кейіннен Г. Бельгер, Н. Сағындықова аударма зерттеу ісіне елеулі үлес қосты. Абай мен М. Әуезов аудармалары - көркем аудармашылық шеберлікті шыңдаудың керемет тәжірибесі. Абай, М. Әуезов негізін қалаған аудармашылық мектеп үйренудің үздік үлгісі. Аударма теориясы мен тәжірибесіне зерттеу жасау, оқулық жазу назардан тыс қалды.
Әдебиетіміздің қайраткерлері әркез көркем аударма мәселелеріне қатысты ақыл-кеңесін, ой-пайымдауларын ұсынып отырды. Кезінде жоғары оқу орындарында аудармашы даярлау, мамандану қалыптаспағандықтан, көп жағдайда тәжірибелік ой-пікірлер қағаз бетінде қалды.
Сондықтан да аударма зерттеуші Р. Хайруллин «Аударма өнері туралы ұлт әдебиеттерінің мысалына сүйенген білгір, білікті еңбектер өте қажет» деп өткен ғасырдың 70-жылдары айтып кеткендей, бұл мәселе ұзақ уақыт өткір күйінде қалды. Соңғы кездері теориялық, тәжірибелік еңбектер біртіндеп көріне бастады. Бірақ, нағыз ұлттық аударма ісіне пайда келтіретін, оны кәсіптік, шығармашылық, өнер бірлігінде терең талдап, жүйелеп, зерттеген үлкен еңбек зәрулігі айқын сезілді.
Кейінгі жылдары кітапханалар әртүрлі саладағы рыс аудармашылары аударған шетелдік үлкен танымды, құнды ғылыми зерттеулер, монографиялармен, ғылымның соңғы жетістігіне, жаңа да тың мәліметке, дәлелді ой-тұжырымға негізделген еңбектермен, пән оқулықтарымен толығуда. Тіпті аударматану, аударма теориясы, аударма ісі, тәржімалық тәжірибе туралы теориялық еңбектер орыс тілінде жыл сайын шығарылуда. Тәуелсіз ел болсақ та, аударма ісін зерттеуде әлі көштің қою шаңында қалғанымыз шындық. Өткен жылы «Иностранная литература» журналында берген сұхбатында өзбек ақыны әрі журналист Х. Закиров «Орта Азияда, оның ішінде Қазақстан мен Қырғызстанда аударма мектебі жоққа тән, аударма поэзиясы немесе прозасы да іс жүзінде жоқ» - деп айтыпты. Абайдың ұлттық поэзиялық аудару мектебінің негізін қалағанын, М. Әуезов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов т. б. әдебиет тарландарымыздың көркем аудармаға проза, драматургия, поэзия аудармасына үлкен үлес қосқанын білмей, қате пайымдау жасаған.
Көрші өзбек ағайындарда 1970 жылдардың өзінде аударма жайлы оқулықтар, еңбектер, зерттеулер жарыса жарық көрді. Аударма зерттеу ісіне грузин, әзірбайжан, тәжік, қырғыз, украин, Балтық бойы халықтары кеңестік кезеңде батыл да белсене кірісті.
Қазақ аудармашылары кейбір кемшіліктерді атамағанда, өзге халықтар әдеби шығармаларын тәржімалауда дарындылығын, білімділігін, зергерлігін байқатты. Басқалардың әдеби қазынасын аударуда ар-ұятын, жанын салды. Орыс аудармаларында, басқа ұлт аудармаларында қазақ көркем шығармалары түсінбестіктен бұрмаланып, қысқартылып, мәтіні, мағынасы түбірімен өзгеріп, «анайылық» пен «жабайылыққа» түсіп жатқанда үнсіз қалдық. Жақсы аударма бағаланбады, нашары сыналмады. Өзгелердің тілін, мәдениетін үйренуге сондай бейімбіз, өзіміздің тілді, қадыр-қасиетін тануға келгенде өзгеден кейінбіз (Ә. Тарақ. Аударма әлемі. Алматы, 2007. 3 бет) .
«Әдебиет өз тілінде, ұлт көлемінде өсумен қатар, басқа да өскелең ұлт әдебиетінің жақсы шығармаларын ұдайы қосып алып, байып отыратыны бәрімізге белгілі. Біздің қазақ әдебиетінде де басқа тілдерден көптеген кітаптар аударылып жатқаны да, бұл жұмыстың өте кең алуы да заңды. Бұл - мәдениетіміздің өскелеңдігінің бір белгісі. Жазба әдебиет тілдің баюына, өсуіне, қалыптасуына көп қызмет ететіні белгілі. Кейінгі ұрпақ тілдің ел аузынан үйренумен қатар, кітаптан, газет-журналдардан, радио, теледидардан үйренеді. Әдебиет тілі көпшілікке ұстаздық етеді. Әдебиеттің асқан шеберлері шығармаларына өте жауапты қарап, Маяковскийдің тілімен айтқанда, кейде «бір сөз табу үшін мыңдаған тонна сөз рудасын» ақтарған. Міне, осы тұрғыдан қарағанда, аударма әдебиетінің тілі осы жоғарыда айтылған талапқа сай келе ме? Бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен төл шығарма мен аударма шығарманың тілін салыстырып қарасақ, біраз нәрсені аңғарамыз. Сонда аударма тілі мен төл шығарманың тілінде көп жағдайларда айырмашылық барын көреміз. Төл шығарманың тілі неғұрлым жатық, қазақ тілінің заңдарына сәйкес, ұғымды келсе, аударманың сөйлемдері іркіс-тіркіс, сөздері бір-біріне қабыспай, оқуға ауыр болып келеді де, аударма екені бесенеден белгілі болып тұрады.
Мұның себебі неде?
Әрбір аудармашының тілге ұсталағын былай қойғанда, біздің ойымызша, мұның екі себебі бар сияқты: біріншіден, біз орыс тілінен аударғанда, орыс тілі мен қазақ тілінің өздеріне тән ерекшеліктерін, заңдарын, кейбір сөз тіркестерінің әр ұлттың өзіне сәйкес калыптасу түрлерін ескермей, біріне-бірін ықтиярсыз бағындыруға тырысамыз, яғни дәл аударуға тырысамыз. Әрине, мүмкін болғанша, дәл аудару керек. Бірақ та дәл аудару дегенді мағына жағынан дәл аудару деп ұғынып, осы тұрғыдан қолдануымыз керек» (Ғалым Ахметов. Аударма туралы кейбір ойлар. Аударматануға кіріспе) .
«Аударма теориясының басты кемшіліктерінің бірі жоғарыда айтылғандай, жақсы, үлгілі аударма тәжірибелеріне жеткіліксіз, үстірт зер салу, шетел деп қана зерттеу болып отыр. Ал, асылында, ондай аудармаларды бүкіл егжей-тегжейіне жете жан-жақты талдау аса мәнді шарт, талдағанда, шығарманың идеялық, көркемдік қасиеттерін аударманың бойына қалай сіңіргендігін, образдылығын, түпнұсқаның ырғақтық, үндестік, шумақтық, ұйқастық, нәзік ұтымды тетіктерін авторының сөз өрнегіндегі өзіне тән ерекшелігін, тарихи нышандарын беруде аударма өнерінің бұрын-соңды аударма істерінен мүлде басқаша екендігін дәлелдеу әбден керекті міндет. Бұл байқаулар мен қорытындыларды біздің аударма өнерінің ең таңдаулы жетістіктері арқылы түйіндеуге болар еді.
«Аудармада сөздің жас айырымына қарай өзгешелігі, бала мен үлкеннің, бала мен бала арасындағы сөздердің айырмашылығын жақсы білген жағдайларды кездестіру де қиын. Өте қынжыларлық бір жағдай - түпнұсқа авторы сәтін келістерген ділмар тапқырлықтар, сөйлем кестесінің гүл көріктері, прозаға берілген өлең сынды үндестік қасиеттерінің бәрі де дарымай тыс қалады. Белгілі бір кейіпкер үшін автор әдейі ойлап шығарған, халық мақалынан мүлде өзге, тың нақыл сөздер де әлсіз аударылады, сөз құрамының ырғағы, әуені сезілмейді, көптеген шебер жазушылардың шығармаларындағы сөз ойнақылығы да өшіп кетеді.
Ұлттық көркем прозалардың аудармаларында орыс тілінің соншалықты кедей, әсерсіз, сұрқой пішіндеріне қайран қаласың. Орыстың сөз сұлулықтарының, сөйлем өрнектерінің, алуан қырлы, әсері, екпіндіктерінің орасан мол қазынасынан аудармаларда, түпнұсқаның сорына қарай, ттіпті дерлік сыбаға алынбайды, пайдаланбайды. Бұл өкініштің бастысы сол, аударма орыс тіліне түпнұсқадан емес, дарынсыз, олақ қолдан шыққан әлгі бір жолма-жол аударма (подстрочник) дегеннен аударылады, бұл - өзі өзге тіл оқушысы мен түпнұсқа арасындағы берекесіз дәнекер. Бұлардың еңбектерінің басты қасиет - олар Добролюбов айтқан шығарманың «ішкі өмірін» жақсы бере білді. Түпнұсқаның негізгі қасиетін осылай көрсеті арқылы олар үздік шығармалардың ұлттық үнін шығарып, аудармадағы басты мақсатқа жетеді. Творчестволық жолменшешу арқылы олар бір кезде Тургенев, Гоголь, Белинский талап еткен аударманың жақсы нәтижелеріне ие болды. «Аударма бізге неғұрлым аударма болып көрінбей, өзінше төлтума шығарма болып көрінсе, онда оның соғұрлым тамаша болғандығы» деген Тургенев. Белинский аударма «автордың өзі орысша жазған секілді көрінсін, көркем аударманы ондай етіп аудару үшін художник болып туылу керек» деп талап еткен.
Бұл секілді аудармалар кейбіреулері қазақ, өзбек, латыш, татар, армиян, т. б. бола тұра олра шын орысша сөйлейді. Бұл біз аудармашы-автордың жақсы орыс жазушысы екенін, оның өзіндік түбегейлі шығармаларында ерекше стилист, ділмар сөздің шебері екенін білеміз, солай бола тұрса да, ол аударылатын шығарма авторының стиліне өз стилін байланыстырмайды. Сонымен бірге бұл аудармашы негізгі шығарма авторының тіл ойлау дүниесіне айрықша ықтият болып, мұқият зер салады. Ол аудармаға сол шығарманың бар материалын біліп алып кіріседі. Шығармада суреттелетін халық тарихын зерттейді, кейіпкерлердің дәуірімен, ортасымен терң танысып алады. Әрі үлкен жазушы, ірі талантты аудармашы болып өнеге көрсететін бұл секілді игіліктер, бір өкініші, өте сирек кездеседі» (М. Әуезов. Көркем аударманың кейбір теориялық мәсе-рі) .
Басқа тілде түпнұсқаның ұлттық ерекшелігін берудің неше алуан жолы бар. Бірақ бізде бұл салада қалыптасқан, орныққан дәстүр жоқ, бір-біріне қарама-қарсы келетін қағидалар ғана кездеседі.
Вергилийдің «Энедидасын» орысшаға аударғанда, В. Брюсовтың сәтсіздікке ұшырағаны мәлім. В. Брюсов өзінің аудармасында түпнұсқаның гамматикалық ерекшелігін сақтауға барынша күш салып бақты. Соның салдарынан оның аудармасы дәл болғанымен, оқуға өте ыңғайсыз, ауыр болып шықты. В. Брюсовтың аудармасы бр тілдегі сөздерді екінші тілдің синтаксистік шеңберіне сыйғызамын, соның ырқына көндіремін деп талпынудың жемісті нәтиже бермейтінін дәлелдеді. Демек, түпнұсқаның ұлттық ерекшелігін бұлай беремін деп әрекеттену жемісті нәтиже бермейді екен.
Орыс тіліне ұлт ақын-жазушыларының шығармаларын аударғанда, орыс тілінде жоқ, бірақ түпнұсқаның ұлт ерекшелігінен анық хабар беретін, аудармаға ұлттық көрік беретін сөздерді аудармай, сол күйінде беру керек. Бұл жөнінде Х. Ерғалиевтің «Біздің ауылдың қызы» поэмасын аударған П. Железновтың әдісін дұрыс деп тапқан жөн. Ол «ақсақал», «той», «ежегей», «бауырсақ», «мұрап», «шұбат» және т. б. сөздерді, қазақтың тұрмыс-жайына байланысты ұғымдарды сол күйінде алып, оларға орысша түсінік берген. Олар аудармаға ұлттық көрік, ерекше бояу, көз тартар сипат беріп тұр.
Кейбір аудармашылар ұлт ақын-жазушыларының ерекшелігін беру мақсатымен экзотикаға ұрынады. Экзотика - ұлт ерекшелігі емес, оған мүлдем жат нәрсе. Кейбір аудармашылар осы жайды ескермейді.
Аудармада ұлт ерекшелігін мүмкіншілігі болғанша сақтау үшін аудармашы халық өмірін аударайын деп отырған жазушыдай зерттеп білуге міндетті. Сонда ғана оның еңбегі жемісті аяқталмақшы. Бірақ біздің ақын-жазушыларымыздың шығармаларын орысшалап жүрген аудармашылардың көбісі халықтың өмірін зерттеп білуі былай тұрсын, тіпті қазақ жерін басқан емес. Аудармалардың шектен тыс болып шығуының басты себептерін ең алдымен осыдан іздеу керек» (Қ. Нұрмаханов. Түпнұсқа және аударма) .
Көркем аударма жөнінде Қазақстанда да елеулі жұмыстар істелді. Тек соңғы төрт, бес жыл ішінде ғана 300-ден аса көркем әдебиет шығармалары қазақ тіліне аударылып, республикамыздың баспа орындарында 5. -ға жуық данамен басылып шықты. Аударма әдебиетіміздің ішінде Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Толстой, Тургенев, Гончаров, Короленко, Чернышевский, Островский, Горький, Мяковский тағы басқалары сияқты орыс әдебиетінің классиктерінің шығармаларымен қатар Шекспир, Шиллер, Бальзак, Свифт, Дефо, Сервантес, Марк Твен сияқты батыс-еуропа классиктерінің шығармалары да басылып шықты. Сонымен қатар халық демократиясы елдері мен туысқн республикалардың ақын, жазушыларының да шығармалары аударылып отыр. Дегенмен, аударма әдебиетіміздің дені отанымыздың бүгінгі өмірін суреттейтін маңдай алды шығармалар. Кеңес әдебиетінің Алексей Толстой, Шолохов, Фадеев, Фурманов, Макаренко, Николай Островский, Павленко, Гайдар, Новиков-Прибой, Федин, Лацис, Айни, Баширов, Кербебаев, Айбек, т. б. сияқты көрнекті жазушыларының жүзден аса шығармалары шықты. Бұл әрине зор табыс (Г. Қ. Қазыбек. Аударма тәжірибесі. //Ә. Ипмағамбетов. Көркем аударманың кейбір мәселелері. Алматы, 2006. 58 бет) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz