Діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздері (Орталық Азия мемлекеттері мысалынан)


Абай атывдығы Қазақ Үлттық педагогикалық
университеті
Қолжазба қүқығында
Діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздері (Орталық Азия мемлекеттері мысалынан)
Саясаттану ғылымдарының кандидаты ғылыми дэрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Алматы, 2006
Кіріспе 3
1 Діни экстремизм мен терроризмнің теориялық және
методологиялық мәселелері1. 1 Адамзат тарихывдағы дінге саяси көзқарас және діни
алауыздық 14
- Діни экстремизм мен терроршылдықтың түрлері 29
- Діни фундаментализм мен терроризмнің өзара байланысы жәнеолардың Қазақстанға ықпалы 45
2 Діни экстремизм мен терроризмге кдрсы күрестің негізгі
бағыттары
2. 1 Орталық Азиядағы діни экстремизм мен лаңкестіктің саяси-
олеуметтік себептері 66
- Қазақстан Республикасында терроризм қауіпіне қарсыкүрестің саяси-құқықтық шаралары 83
- Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің
баламалы жолдары 99
2. 4 Терроризм қауіпіне қарсы күрес саясатын жетілдіру
мәселелері 105Қорытынды 119
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 127
Қосымша 142
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. XXI ғасырда әлем адам айтқысыз жылдам өзгеруде. Ол барған сайын қауіп-қатерлі және болжап болмайтын сипат алуда. Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мэдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм XXI ғасырдың ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін антагонизмдер және қайшылықтар өсе түсуде.
Жаһандану процесі мен идеологиялық қарама-қайшылықтар мен қауіп-қатерлі үлттық-діни қайшылықтар да өршуде, бүлар бірімен-бірі астасып күрделеніп кетті. Қазіргі кезде діни фундаментализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Оның Қазақстанға да ықпалы болатыны белгілі. Қазақстан халқына президент жолдауында айтылғандай, қазіргі кезде терроризмнің қатері туралы айта келіп былай деп атап көрсетті: "Біріншіден, осы өңірде түрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастады. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан белортасында түрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы. Сондықтан да біз осы проблемаларды шешу үшін барлық мүдделі мемлекеттермен жэне халықаралық үйымдармен бүрынғысынша белсене ынтымақтасатын боламыз. XXI ғасыр қатерлерінің ішінде халықаралық лаңкестік ерекше орын алып отыр" [1] .
Қазіргі терроризмнің бір ерекшелігі - оның әлемдік сипат алуы. Жылдан-жылға халықаралық терроризмнің бейбіт халық арасындағы қүрбандары көбейе түсуде [2] .
Дінді, әділеттілікті, еркіндікті, теңдікті өзінше түсінетіндер арасында дау-жанжалдар күшейе түсуде. Ол экстремизм мен терроризмге, аяғы антитерроризмге үласуда. Мүндай жағдай тарихта бүрын да болған. Ал 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы болған террорлық акт жаңаша сипат алып, терроризммен күрестің бүрын тарихта болмаған жаңа кезеңіне негіз болды.
Терроршылдық өршіп түрған қазіргі кезде адамзат онымен күрестің бірден-бір жаңа және тиімді жолын таба алған жоқ, тек оның алгышарттарына гана қол жеткізді. Әлемдік қауымдастық онымен күрес жөнінде әскери күш қолдану үшін халықаралық дэрежеде күш біріктіру қажеттігін жариялады. Бірақ бүл саланың өзінде де шешілмеген мәселелер жеткілікті.
Ал Орталық Азиядағы орын алып отырған дін атын жамылған экстремизм мен терроршылдықтың саяси-әлеуметтік негіздерін зерттеу өз алдына актуальды мәселе.
Біріншіден, дінге байланысты экстремизм мен террор кеше мен бүгін ғана пайда болған құбылыс емес. Оның ертеден келе жатқан тарихи тамыры терең. Қазіргі лаңкестік әрекеттердің мәнін түсінуде адамзат тарихындагы діни көзқарастар мен саясаттарды ғылыми жағынан зерттеудің маңызы ерекше. Өйткені ол, осы кездегі діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздерін анықтауға жәрдемдеседі.
Екіншіден, қазіргі кезде Қазақстан Орталық Азияға қақпа рөлін атқарып түр. Себебі, мүнда негізгі интеллектуалдық және техникалық потенциал және үлкен табиғи ресурс шоғырланған. Қазақстан әрі Европалық, әрі Азиялық мемлекет. Ал оның Орталық Азиядағы көршілері туралы бүлай деуге болмайды. Қазақстандағы діни ахуалдың да басқалармен салыстырғанда өз ерекшелігі болып отыр.
Орталық Азиядағы діни экстремизм мен терроризмнің Қазақстанға тигізер ықпалы қандай? Ауғанстандағы талибандарға, Аль-Каеда үйымдарына соққы бергенімен, ортаазиялық мемлекеттерге діни экстремизм қаупі сейілген жоқ. Мүнда халықаралық экстремистік үйымдардың үялары сақталған. Оған есірткі, қару-жарақ тасымалы, босқындар мәселесі қосылуда. Осы жағдайды саяси түрғыдан салыстырып зерттеудің үлкен маңызы бар. Бүл ретте Қазақстан Президенті Н. Э. Назарбаев былай деп атап көрсетті: "Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын жэне халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен үштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп" [3] .
Үшіншіден, Қазақстанда терроршылдықтың әлеуметтік негізі жоқ дейтін жалған пікірді әшкерелеу де актуальды. Қазіргі кездегі мемлекет басшылары мен саясаткерлердің Орталық Азия аймағында терроршылдықтың ислам дінімен ешқандай байланысы жоқ деген пікірлері зерттеушілерді ойландырмай қоймайды. Сондықтан бүның "сырын" ашу ісі де маңызды. Терроризмнің дінмен байланыстырылуы, біздіңше, тегін емес. Осы күнге дейін діни фундаментализм идеясының мәні және оның адамдардың психологиясы мен мінез-қүлқына эсері толық зерттеліп болған жоқ. Лаңкестік жолға түскен адамдардың іс-әрекеті неліктен дінмен байланыстырылады? Неліктен терроризм мен антитерроризм арасындағы күрес діни белгілеріне қарай жүргізіледі? Діни идеялардың қайта күшейе түсуінің Қазақстанда діни экстремизмнің
бас көтеруіне қаншалықты ықпалы бар? Адамның немесе белгілі бір топтың лаңкес екенін анықтаудың критериі неде?
Дін атаулы, оның ішінде ислам діні, зиянды деп біржолата түйіндесек қателескен болар едік. Мәселе діннің экстремизм мен терроризмге қатыстылыгы жөнівде болып отыр. Сондықтан дінмен байланыстырылып жүрген лаңкестікті тереңірек ғылыми зерттеу қажет.
Төртіншіден, астам державалар тарапынан лаңкестікке ғана күресте қарсы кінәлілерді біліп алмай, оның туу себептерін анықтап алмай түрып беталды соғыс жүргізу орын алуда. Олай болса "діни экстремизм", "исламдық терроризм" туралы әлемдік ақпарат қүралдарывдағы даурықпа науқаншылдықтарда, біздіңше, ғылыми дәлелдемелер жетіспейді, оны бағалауда біржақтылық басым. Оны ашып көрсетпей болмайды.
Ең алдымен экстремисшілдік пен терроршылдықтың шығу себептерін анықтап алу қажет. Онымен күресте эскери күш қолданудан басқа баламалы жолдарды да қарастыру керек. Терроршылдыққа қарсы күрес жүргізіп жатқан коалициялық күштердің өз саясаты да кінаратсыз емес. Ал ол ғылыми талдауды қажет етеді. Үстем болып отырған күштердің тарапынан да қателіктер, әділетсіздіктер орын алуда. Міне осыны да анықтап алу қажет.
Бесіншіден, еліміз тәуелсіздік алғалы діннің дамуына кең жол ашылды. Көп жыл кеңес тегеурінін көрген мүсылман қауымы Қүран-Кәрімді еркін оқуға мүмкіндік алды. Мүсылман дінін басқаратын, оның дамуын реттейтін, үйымдастыратын, уағыздайтын тәуелсіз басқарма қүрылды. Мешіттердің жаппай ашылуы өз алдына, жастар ислам дініне бет бүра бастады. Егер 90-шы жылдарға дейін дін "апиын" деп келеек, енді діннің рухани жағынан пайдалы екеніне көңіл бөліне бастады. Бірақ, әлі де болса елде діннің шынайылыгы қалыптасып болган жоқ. Бүл салада бүрмалаушылықтар, діни дүмшеліктер жетіп жатыр. Осының негізінде діни фанатизмге байланысты терроршылдық қауіпі пайда болуда. Сондықтан оның себептерін зерттеу қажет болып отыр.
Аптыншыдан, көп ретте ислам дінін тек қана мәдениет пен адамгершілікке байланысты қарастыру орын алуда. Осы кезге дейінгі дінді зерттеушілердің көпшілігі өз ізденістерінде, ең алдымен нақтылы діни ілім негіздерін саралаудың орнына діннің мынадай сыртқы мәдени және рухани жақтарын ғана зерттеуге күш салады: храмдардың, шіркеулердің, мешіттердің сәулеті мен мәдени қүрал-жабдықтарын, салтанатты рәсімдік әуендерін, діни мерекелерін, пайғамбарлардың өмірбаяндарын, қасиетті жазбалардың қүрылымын, діни қауымдастықтардың қүрамын, діндердің жіктерін анықтау және т. б. -Ал дүрысында мақсат, біздіңше, басқаша болу
керек. Турасын айтқанда діни экстремизм қандай жағдайда пайда болады, ол қалай терроршылдыққа айналады, не себептен саяси билікке жету қүралына айналады деген мәселе ғылыми зерттеуді қажет етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Терроршылдықты зерттеу және оны жүйелі түрде талдау қоғамдық ғылымдар үшін өте өзекті мәселелердің бірі екендігі анық. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Э. Назарбаевтың еңбектерінде терроризмге қарсы күрес жолдары ашып көрсетілген [4] . Осы тақырып бойынша бірнеше дөңгелек үстелдер өткізіліп, ғылыми-практикалық маңызы бар конференциялар, мерзімді басылым беттерінде көптеген мақалалар жарияланған, әртүрлі көзқарастағы ғылыми еңбектерде жан-жақты сараптау және талдау жасалынған. Әсіресе "Қазіргі жағдайдағы терроризммен күрес проблемалары" [5] атты тақырыпта өткізілген ғылыми-практикалық конференцияны ерекше атаған жөн.
Терроризм жөне онымен күрес мәселелері туралы мынадай көптеген шетел ғалымдарының еңбектері жарық көргені мәлім: З. Бжезинский, Г. Киссинджер, Э. Д. Кингстон-Макклори, Р. Конквест, К. Клаузевиц, Е. П. Кожушко, С. Хантингтон, Reuven Paz, I. C. Johannes, P. Blanschard, R. Mathison [6] .
Терроризмді ресей ғалымдары И. И. Артамонов, М. Азлиев, О. В. Будницкий, К. Н. Салимов, М. Ф. Савелий, В. П. Емельянов, М. Креншо, В. В. Устинов және т. б. зерттеген [7] .
Қазақстанда дау-жанжалдарды болдырмау, түрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қазақстандық ғалымдар С. М. Абдулпаттаев, А. И. Артемьев, Р. Б. Әбсаттаров, F. Әзімбай, AC. Балғымбаев, М. Бүлүтай, С. М. Борбасов, Л. А Байдельдинов, А. Х. Бижанов, Ә. Қ. Бақаев, Т. С. Садықов, Т. С. Сәрсенбаев, А. Сәрсенбаев, К. Л. Сыроежкин, АС. Дьяченко, Ғ. Есім, Ж. Х. Жүнісова, А. М. Жүнісов, Б. Жусипов, С. Жусипов, Д. А. Жамбылов, А. Ш. Ишмухамедов, Л. М. Иватова, ЕАКузнецов, Р. К. Қадыржанов, М. Б. Қасымбеков, У. Т. Касенов, К. Е. Көшербаев, Д. Кішібеков, Т. Кішібеков, М. Т. Лаумулин, М. С. Машан, М. Б. Мүхамедов, С. Ш. Мүсатаев, Л. Матакбаева, Д. Т. Медеуова, Ә. Н. Нысанбаев, С. З. Нарматов, Е. З. Нығматуллин, Б. Ж. Нүрмүхамедов, Н. В. Романова, М. М. Тажин, И. Тасмағамбетов, М. Б. Татимов, С. Г. Федосеев [8] және т. б. еңбектерінің мәні мен қүндылығы ерекше.
М. С. Әшімбаев, А. Г. Косиченко, Г. В. Малинин, Е. Т. Карин, Д. С. Сатпаев, А. Ж. Шоманов және басқа да Қазақстандық авторлар дайындаған: "Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии", "Экстремизм в Центральной Азии" (под общей редакцией К. Н. Бурханова) [9] атты жинақтарда қазіргі терроршылдықтың моні мен коріністері зерттелген. Осы мәселелерге байланысты САкимбековтың "Афганский узел и проблемы безопасности
Центральной Азии", Б. Абдығалиевтің "Государственная политика и межнациональные отношения в Республике Казахстан", Д. Сатпаев, И. Давыдова, Г. Илеуова, А. Чеботарев "Национальная безопасность Казахстана: иерархия угроз" (под. ред. Е. Т. Карина), С. З. Канаевтьщ "О природе насилия", Е. Т. Іңкәрбаевтың "Қазақстандағы интеграциялық процестер: мүдде мен мүмкіндіктер", Г. Ж. Ибраеваның "Региональные конфликты и СМИ" атты еңбектерін атауға болады [10] .
Е. В. Түқүмов өзінің "Религиозно-политический экстремизм как угроза региональной и национальной безопасности стран Центральной Азии" диссертациясында [11] терроризм мөселесін КСРО-АҚШ бәсекелестігімен және глобальды факторлармен байланысты зерттеген, олардьщ тарихи дамуын терт кезеңге бөліп, Алжир-египеттік, түріктік-тунистік, ирандық түрлері ретінде қарастырған. Онда біздің диссертацияға байланысты мәселелер зерттелмеген.
Бірақ діни экстремизм мен терроризмнің мәселелері осымен толық зерттеліп болды деуге болмайды. Оның саяси-әлеуметтік негіздерін ғылыми зерттеу жағы Орталық Азиядағы басқа мемлекеттермен қатар Қазақстан үшін де өзекті болғанымен, тіпті жеткіліксіз, яғни терроризммен күрес мәселелері актуальды күйінде қалып отыр.
Лаңкестік пен қарулы қақтығыстарға жол бермеу үшін ең алдымен әлеуметтік, түрмыстық мәселелерді шешу маңызды.
Діни экстремизм - үлт қауіпсіздігіне төніп түрған қауіп. Дәстүрлі емес діни бағыттагы секталардың көбін АҚІП қаржыландырып отырғаны, тіпті, бүл мақсатқа жыл сайын 12 миллиард доллар қаржы жүмсайтыны баспасөзде жария етілді. Христиандық, оның ішінде протестанттық қызметтегілер арасынан шыққан түрлі секталар арнайы жүмыс істейді.
Діни радикализм жайында, әсіресе ваххабизмнің зиянды салдарлары туралы ғылыми жүмыстар жеткіліксіз.
Экстремизмнің шығуының озі оның шалагай м^сылмандардан әлеуметтік негізінің болуында. Сондықтан да, исламдық фанатизмге жол бермеу шаралары керек-ақ.
Қазіргі кезде терроризммен күресте БАҚ-ң ролі ерекше, тіпті ол екіүшты жағдайда. Террористер қатарының кобеюіне зорлық-зомбылықты насихаттайтын БАҚ да жэрдемдеседі. Себебі террористерге керегі - қүрбандықтардың өзінен гері, одан болатын насихаттың тиімділігі, яғни оның саяси қысымның қүралы ретіндегі қорқынышы күшті.
Орталық Азиядағы діни экстремизм мен терроризм көптеген заңсыз орекеттермен, мысалы, есірткі, қару сатумен, адамдарды үрлаумен тікелей байланысты, Олармен күрес жолдары әлі де болса
толық жолға қойылған жоқ. Осы қылмысты әрекеттердің халықаралық дәрежеде орын алуына жол бермеудің тиімді жолы, біздіңше, аймақтағы орбір тәуелсіз мемлекеттер үкіметтерінің қару, есірткі сату істеріне ел ішінде тосқауыл қоя алуына байланысты. Бүл елдерде, оның ішінде Қазақстанда да, халықтың қару саудасына, есірткі бизнесіне сүранысын жоюдың саяси стратегиялық шаралары жеткіліксіз. Әлеуетті министрліктердің бүл салалардағы іс-шаралары әлі де болса паллиативті күйде.
Егер өркениеттердің диалогы барысында қүқықтық және моральдық принциптер негізге алынбаса террорлық соғыстардың өрши беруі сөзсіз. Үшінші мыңжылдықтың басында терроризмнің тотальды қаупі - үлттық қауымдастықтардың жэне мемлекеттер шекарасының шеңберінен шығып, халықаралық сипат алып кетті. Адам айтқысыз қантөгіске өкелетін зорлық идеологиясы күшейе түспесе бәсеңдейтін емес. Онымен күресте барлық елдердің күшін біріктіру қажеттігі де осында.
Бүл жүмыстың мақсаттары мен міндеттері осы айтылғандардан туындайды.
Зерттеу обьектісі: конфессияаралық және этникааралық қарым-қатынастар, әлеуметтік саясат, Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстандағы әлеуметтік-саяси жағдайлар, діни экстремизм мен терроризм көріністері.
Зерттеудің мақсаттары мен міңцетгері.
Орталық Азия аймағындағы діни экстремизм мен терроризмнің әлеуметтік-саяси себептерін, дінді саяси күреске пайдаланудың мақсаттарын және олардың халықаралық терроризммен байланысын ашып көрсету. Осылардың негізінде онымен күрес тиімділігін арттыру мәселелері бойынша тиісті теориялық қорытындылар мен үсыныстар жасау:
- тарихтағы діни қауымдастықтар мен қозғалыстардың әлеумепік-
саяси рөлін анықтау;
- діни фундаментализмнің пайда болуы және оның діниалауыздықтарға ықпалы;
- Орталық Азия мемлекеттеріндегі исламның әлеуметтік-саясиидеялары;
діни экстремизм мен терроршылдықтың түрлері мен ерекшеліктерін ашып көрсету;
- діни фундаментализм мен терроризмнің өзара байланыс себептерін
анықтау;
- діни фундаментализм мен терроризмнің Қазақстанға ықпалынанықтау;
- Орталық Азиядағы діни экстремизм мен лаңкестіктің саяси-әлеуметтік себептерін саяси талдау;
- ҚР-ғы терроризмнің пайда болуына қарсы күрестің саяси-
қүқықтық жолдарын ашып көрсету;
- лаңкестікке қарсы күрестің баламалы жолдарын қарастыру;
- терроризмге қарсы күрес саясатын жетілдіру жөнінде үсыныстаржасау,
Диссертацияның методологаялық және теориялық негізі. Тақырыпты зерттеуде қоғамдық ойда белгілі методологиялық-теориялық принциптер қолданылды. Діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздерін талдауда нақты-тарихи, диалектикалық, жүйелілік, салыстырмалық, логикалық, әлеуметтанымдық және түтастық, методологиялық принциптері басшылыққа алынды.
Зерттеу барысында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі түжырымдары басшылыққа алынды.
Тақырыпты зерттеуде сол сияқты нақтылы әлеуметтік зерттеу әдісі қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жүмыста діни экстремизм мен терроршылдықтың саяси-өлеуметтік негіздері алғаш рет Қазақстан жағдайына байланысты кешенді зерттелді.
Зерттеу барысында мынадай жаңа нәтижелерге қол жеткізілді.
- діни фундаментализм мен экстремизмнің тарихи тамырлары
анықталды;Орталық Азия мемлекеттеріндегі діни экстремизм мен терроризмнің себептеріне саяси талдау жасалған;
- діни экстремизмнің саяси астары талданған;
- діни экстремизм мен терроризмнің түрлері мен ерекшеліктері жәнеоның Қазақстанға ықпалы жан-жақты ашып көрсетілген;
- өлеуметтік факторлардың Орталық Азиядағы діни экстремизм менлаңкестіктің пайда болуындағы ролі айқындалған;
- Қазақстанда діни экстремизм мен лаңкестікті болдырмаудыңсаяси-күқықтық шаралары талданып, үсыныстар енгізілген;
- лаңкестікке қарсы күрестің баламалы жолдарының ;
- Қазақстан Республикасында терроризм қаупіне күрес саясатынжетілдіру жөнінде үсыныстар берілген.
Қорғауға үсынылатын негізгі ғылыми түжырымдар. 1. Лаңкестіктің дінмен және діни фундаментализм мен байланысы жөнінде пікір таластар жалғасуда. Шындығында терроризм нағыз әлемдік діндердің нәтижесі болғанымен, діни фундаментализмнің, яғни, жалған дінді бүркемелеп пайдалану саясаты әлемнің түрлі аймақтарында орын алуында. Соның бірі Орталық Азия аймағындағы фундаментализм және оның лаңкестікке әсері болып табылады.
- "Діннің терроршылдықпен ешқандай байланысы жоқ" дейтінтұжырымды алатын болсақ, мүнда да бір жаңсақтықтың барлығыбелгілі болып отыр. АҚШ - ғы 11 қыркүйектен кейін бүл террордыңислам дінімен байланысы жоқ деген пікірі ғылымидан гөрідипломатиялық-саяси пікір деуге негіз бар. Көптеген дінмен байланысты екені тарихтан да, қазіргі элемдіксаясатта да дәлелденген. Бір діннің, мысалы, христиан дініндегі"Варфоломей түні" қырғынын немесе ислам дінінен шыққан ағымваххабизмде - діни экстремизм мен терроршылдықтың бір-біріменбайланысын, біздіңше, көрсетсе керек. Ғылыми түрғыдан, осынымойындаудың принциптік маңызы үлкен. Себебі діни экстремизммен терроршылдыққа қарсы күрес шараларының тиімділігі деосында. Терроршылдықтың дінмен байланысы жоқ деп айтабергенмен одан тыныштық кепілі бола алмайтыны белгілі болыпотыр.
- Орталық Азиядағы діни экстремизм мен лаңкестіктің саяси-әлеуметтік негіздерінің аймақтық жэне жалпы байланысты екенін айтпауға болмайды. Өндірістіңқүлдырауы, жүмыссыздық және халықтың жаппай бір тамыры екені сөзсіз. Бүл ретте Қазақстанныңжағдайы Орталық Азияағы басқа республикалардан өзгеше екенібелгілі. Бүндағы экономиканың түрақтануы, өнеркәсіптің дамуы, күшті нефтедоллардың экономикаға қүйылуы Қазақстандықтардыңкүн-көрісін басқа республикалармен салыстырғанда біршамажоғарылығы - терроршылдық эмиссарларының Қазақстанда өзжақтастарын тартуға кедергі болары сөзсіз. Бірақ бүған қарапРеспубликаға терроршылдық қаупі жоқ деу дүрыс болмас еді. Көршімемлекеттердегі терроршылдық белсенділік дәрежесініңжоғарылығы біздегі қауіпсіздік жүйесін жоғары дайындықдәрежесінде үстауды қажет етеді.
- Лаңкестік жолға түскен адамдардың іс-әрекеті неліктендінмен байланыстырылады? Неліктен терроризм мен күрес діни белгілеріне қарай жүргізіледі? Діниидеялардың қайта күшейе түсуінің Қазақстанда діни экстремизмніңбас көтеруіне қаншалықты ықпалы бар? Адамның немесе белгілі біртоптың лаңкес екенін анықтаудың критериі неде? Бүл мәселелеросы кезге дейін актуальды күйінде қалуда.
- Фундаментализм дегеннің өзі діндердің өңін айландырғантүрі. "Фундаментализм" мен "экстремизм" үғымдары біріне-біріжақын. екендігі дәлелденді. Ислам мен христиан діндерінің ерекшебеделін пайдалану арқылы оны саясаттандыруға айналдыратынкүштер лаңкестікке бой үрады. Лаңкестіктің негізінде жанкештіфанатик жанның исламдық ілімді жете игере алмай қателесуінде. Осындай жағдай христиандық дінде де орын алады. Яғни,
ю
экстремизмнің шығуының өзі оның шалаеай мусылмандардан әлеуметтік негізінің болуында. Сондықтан да, исламдық фанатизмге жол бермеу шаралары керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz