Нарық жағдайына сай коммерциялық банктердегі тұтыну несиесін беруді ұйымдастыру жағдайына талдау жасай отырып, ондағы орын алатын мәселелерді шешу жолдарын іздестіру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан банк жүйесі ТМД елдерінің ішінде алдыңғы қатарда орын алатын
халықаралық дейгейде танылып отырған банктік жүйе болып табылады.
Экономикалық өсу банк жүйесінің тұрақтылығына оң әсерін тигізуде. Екінші
деңгейдегі банктердің активтері күн санап өсіп отыр. Солардың ішінде
экономиканың секторларына және халыққа берілген несиелер көлемі артуда.
Қазіргі кезде бағасы қымбат несие банктің басты табыс көзіне айналуда.
Бір өкініштісі банктеріміз несие беру барысында клиенттердің төлем
қабілеттігі мен несиелік қабілеттігіне аса мән бермейтіндігінде. Шын
мәнісінде кейбір банктеріміз клиенттің табысының расталуын қажет етпейді.
Оған клиент тарту маңызды болып отыр. Соның салдарынан соңғы кездері
банктеріміздің несиелік портфелінің сапасы төмендегені де жасырын емес.
Атап айтсақ, 2002 жылы банктердің несиелік порфтеліндегі стандартты
несиелер үлесі 95%, күмәнді несиелер – 4,3%, үмітсіз несиелер 0,7% құраса,
ал 2006 жылғы ҚР Ұлттық банктің деректерін сүйенсек стандарты несиелер 56%,
күмәнді - 42%, үмітсіз - 2% құраған. Яғни стандартты несиелер үлесі
төмендеп, керісінші күмәнді және үмітсіз несиелер үлесі артап отырғандығын
көруге болды. Біздің ойымызша, осы үрдіс әрі қарай жалғаса беретін болса,
көп банктердің банкротқа ұшырау қауіпі бар. Мұндағы басты мәселе тұтыну
несиесіне тікелей қатысты болып отыр. Себебі банктердің несие беру
барысында жіберген кемшіліктері, несиелерді қайтару нәтижелеріне теріс
ықпал етіп отыр. Несиені беру оңай, қайтарып алу қиындығын ескерсек, ең
бастысы мұнда тұтыну несиесін беруді ұйымдастыруға аса мән беру қажеттігі
туындайды. Тұтыну несиесін беру процессін ұйымдастыруды дұрыс жолға қою
арқылы ғана банктердің несиелік портфелінің сапасын жақсартып, нәтижесінде
олардың табыстылығы мен өтімділігін арттаруға қол жеткізуге болады. Осы
тұрғыдан алғанда таңдап алынған жұмыстың тақырыбы ең өзекті тақырыптардың
біріне жатады.
Зерттеу жұмысының басты мақсаты – нарық жағдайына сай коммерциялық
банктердегі тұтыну несиесін беруді ұйымдастыру жағдайына талдау жасай
отырып, ондағы орын алатын мәселелерді шешу жолдарын іздестіру болып
табылады.
Осы мақсатқа жетуде жұмыстың алдында мынадай міндеттерді шешу
көзделеді:
1) Тұтыну несиенің ұғымын және түрлерін нақтылау;
2) Тұтыну несиенің механизмін қарастыру;
3) Тұтыну несиенің шетелдік тәжірибеде берілуін оқып білу;
4) Екінші дейгейдегі банктердегі тұтыну несиесін беру тәжірибесіне
талдау жасау;
5) Тұтыну несиесін беруді дамыту жолдарын қарастыру.
Тұтыну несиесінің ұғымын және оның мәнін қарастыру үшін ең әуелі несиенің
мәніне және формаларына тоқтала кетейік.
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шарушылық субъектілерімен қатар,
мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
(қарызға) берілетін қарыз капиталының қозғалысы.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде
берілетін несиені - коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені – банктік деп
атайды.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген
тауарын білдіреді.
Несиенің түрлері, соның ішінде тұтыну несиесі коммерциялық және
банктік несиеден туындайды.

Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін
және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несиені білдіреді.

Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі тұтыну несиелерін
береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1) Тұтыну мақсатына қарай:

- автомобилдік несие;
- ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
- тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
- аса қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т.с.с) берілетін несие
- тұрғын үй сатып алуға (ипотекалық несие) берілетін несие.

2) Мерзіміне қарай:

қысқа мерзімді тұтыну несиесі (1 жылға дейін);

• орта мерзімді тұтыну несиесі (1 жылдан 3 –5 жылға дейін);
• ұзақ мерзімді тұтыну несиесі (5 жылдан жоғары).
3) Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
- Қамтамасыз етілген:

• Кепіл затымен,
• кепілдемемен;
- Сақтандырылған.

- Қамтамасыз етілмеген:

• эспресс несиесі.
1) Қайтарылу дәрежесіне қарай:
а) Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер;

ә) Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған
активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-
санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді,
5-санатты күмәнді.

б)Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
несиелер шотына жазылған несиелер.

2) Валютамен берілуіне қарай:
• ұлттық валютамен;
• шетел валютасында.
Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді банк
несиесі көмегімен алуға болады.
Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:
1) жиһаз;
3) сантехника;
4) аудио-видео-және тұрмыстық техникалар;
5) компьютер және оргтехника;
6) басқа да тұтыну тауарлары.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс және
басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.
Кейбір әдебиеттерде тұтыну несиесін тұрғын үй сатып алуға берілетін
несиені де жатқызуға болады. Ондай несиені ипотекалық несие деп атайды.

Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс
ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге
берілетін несие.

Халыққа берілетін ипотекалық несиені үш түрге бөлуге болады:
1) тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін ипотекалық
несиелер;
2) тұрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін ипотекалық
несиелер;
3) тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер

Тұтынушылық несиелеу механизмі – нарықтық қатынастарға сай экономиканың
тиімді дамуын қамтамасыз ететін тұтыну несие түрлерінен, тұтынушылық
несиелеу қағидаттарынан, тұтынушылық несиелеу әдістері мен тәсілдерінен
және тұтынушылық несиелік тәуекелді басқарудан тұратын несиелік механизмнің
құрамдас бөлігі.
Тұтынушылық несиелеу механизмі тұтыну несиесін беруді ұйымдастыру
қатынастарының белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы
буынын білдіреді. Мұндағы буын ретінде тұтыну несиенің объективті сипатын
және тұтыну несиесін ұйымдастыруға байланысты банктің қызметінің өзара іс
әрекеті түсіндіріледі.
Кез келген экономикалық механизм өзара байланысқан, яғни оның бір
элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуы мен өзгеруіне
ықпал ететін элементтер жиынтығынан тұрады.
Олай болса, құрамы мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:
• тұтыну несиесін субъектілері;
• тұтыну несиесінің объектілері;
• тұтыну несиесінің шарты және принциптері;
• тұтыну несиесінің бойынша несиелік мәмілені құжаттау;
• тұтыну несиесінің мөлшерін белгілеу;
• тұтыну несиесін беру процессі;
• тұтыну несиесінің процесіне жасалатын бақылау (монитроринг);
• кепіл заттарын бағалау және іске асыру.

2.1 Қазақстандағы тұтыну несиесінің нарығын талдау

01.01.10 жылғы банктермен берілген қарыздардың жиынтық сомасы-3008,75
млрд. теңгені (22,49 млрд.$) құрап, өткен жылғымен салыстырғанда 70,2 %-
ға ұлғайған, ал 01.01.09 жылмен салыстырғанда ҚР-ның ЕДБ-мен берілген
қарыздар сомасы 3 есеге өскен.

1-сурет. Қарыздар сомасы

Жеке тұлғаларға берілген қарыздардың көлемі 671,6 млрд. теңгені (5,02
млрд. $ ) құрады, бұл көрсеткіш 1.01.2009 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге
көп.
Жеке тұлғаларға берілген қарыздардың құрылымы мынадай:
Тұтыну мақсаттарына қарыздар - 2561,3 млрд. теңге, 2009 жылмен
салыстырғанда 2,1 есеге өскен;
Тұрғын үй сатып алуға қарыздар-275,3 млрд. теңге, 2009 жылмен
салыстырғанда 2 есеге өскен.
Тұтыну несиелері үшін пайыз мөлшерлемесі жылына 20-30 % көлемінде
өзгеруде, банктік тексерулерді қосқан жағдайда пайыз мөлшерлемесінің
деңгейі жылына 40-42 %-ға дейін жоғарылауы мүмкін.
Банк талаптарына, алғашқы жарна және мерзіміне байланысты ипотекалық
несиелеудегі мөлшерлеме 12-18 % шамасында өзгереді.
Жекелеп несиелеудің тез өсуі тұтыну мақсаттарына қарыздардың
(ипотекалық қарыздарды қоспағанда) Ж1Ө-ге қатынасының 01.01.10 жылға 1,8%-
дан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің тұрғындарды несиелеуі, несие жүйесіндегі мәселелері және даму жолдары
Коммерциялық банктердің тұтынушылық несиелеу қызметінің теориялық негізі
Коммерциялық банктердің несие саясаты
Қазақстан Республикасының ипотекалық несие жүйесі туралы
Тұтыну несиесі және оның дамуы
Нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін несиелік жүйенің мазмұны мен құрылымдық элементтеріндегі өзгерістерді сараптай отырып, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің несиелеу тәжірибелері мен даму ағымына талдау жасау
Банктің меншік капиталы
Банктің несиелік операциялары мен маңызы
ҚР екінші деңгейдегі банктердің несиелеу тәжірибесіне талдау
Қазақстандағы түрғын үйді несиелеуді жетілдіру жолдары
Пәндер