Мектепте оқытуға психологиялық дайындық



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Уиверситеті

Баяндама

Мектепте оқытуға психологиялық дайындық

Орындаған:
Педагогика және психология
факультетінің
2 урс 2 топ

студенті: Дубирбаева Асем

Тексерген:
Ахтаева Надия

Алматы 2007

Мектепте оқытуға баланың психологиялық даярлығы — мектепке дейінгі
балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың басты қорытындыларының бірі.
Мектпке бару — бала өміріндегі шешуші кезең өмір мен іс-әрекеттің
жаңа күйіне, қлғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым-
қатынастарға көшу болып табылады.
Оқушы орнының өзгеше ерекшелігі оның оқуының міндетті, қоғамдық мәні
бар іс-әрекет екендігінде. Оқу үшін бала мұғалімнің, мектептің, үй ішінің
алдында жауап береді. Оқушыны өмірі мектеп балаларының бәріне бірдей және
қатал ережелер жүйесінде бағындырылады. Оқудың негізгі мазмұны барлық
балаларға ортақ білімдерді меңгеру болып табылады.
Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың мүлде ерекше типі
қалыптасады. Мұғалім баланың жақтыратын не жақтырмайтын үлкен адамдардың
бірі емес. Ол балаға қоғамдық талаптар қоятын нақтылы адам болып табылады.
Сабақта алынатын баға — баланың жеке өзімен қарым-қатынас емес, оның
білімдерінің, оның оқу міндеттерін орындаудың нақтылы өлшемі. Сынып
оқушыларының арасындағы қарым-қатынастардың да балабақшада орнаған қарым-
қатынастардан айтарлықтай айырмашылығы бар. Білімдерді меңгеру бірден-бір
мақсатқа айналады, ойын немесе тапсырманың жемісті формаларымен
бүркемеленбей айқын күйінде көрінеді. Балалардың мектепте алатын білімдері
ғылыми сипатта болады.
Мектеп баласы оқуға жауапкершілікпен қарауға,оқудың қоғамдық
мәнділігін ұғынуға білуге, мектеп өмірінің талаптары мен ережелеріне
бағынуға міндетті. Табысты оқу үшін оған жетілдірілген танымдық, ынта
едәуір ауқымды ақыл-ой шеңбері қажет.
Мектеп баласына оқу іскерлігін қалыптастыратын қасиеттер комплексі
өте қажет. Бұларға оқу міндеттерінің мәнін, оның өмірде кездесетін
міндеттерден айырмашылығын түсіне білу, іс-әрекеттерді орындау тәсілдерін
ұғыну, өзін-өзі бақылау мен өзіндік бағалаудың дағдылары кіреді. Баланың
ерік қасиеттері дамуының үлкен мәні бар, онсыз бала өзінің мінез-құлқын
саналы түрде реттеп, оны оқу міндеттерін шешуге бағындыра, сабақта өзін
ұйымшыл түрде ұстай алмайды.
Баланың тек сыртқы мінез-құлқы ғана емес, сонымен бірге ақыл-ой
әрекеті де — оның зейіні, есі,ойнуы — ықтиярлы басқарылуы тиіс.Бала
бақылай, есіте, есте сақтай білуі, мұғалім қойған міндеттерді шешуге қол
жеткізуі қажет.
Баланың мектептегі оқытуға психологиялық дайындығы оны өзгермелерден
айыратын психологиялық белгілер мектепке түсер алдында қалыптаса бастайды
дегенді білдірмейді. Психологиялық белгілер мектепте оқыту барысының
өзінде, баланың өзіне тән тұрмыс ағдайлары мен іс-әрекеттердің ықпалынан
қалыптаса бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалық шақтың даму қорытындысы
болып бала мектеп жағдайларына икемделетіндей, оқуға жүйелі түрде кірісе
алатындай жағдайлардың алғышарттары саналады. Мұндай алғышарттарға алдымен
мектеп баласы болуға, байсалды іс-әректпен шұғылдануға, оқуға деген
ынталану жатады. Мектепке дейінгі шақтың соңында мұндай ынта балалардың
басым көпшілігінде пайда болады. Бұл ынта даму дағдарысымен мектепке
дейінгі жастағы баланың жағдайы өскен мүмкіндіктерге сәйкес келмейтіндігін
ұғына бастауымен, ойын арқылы үлкендердің өміріне араласу енді оны
қанағаттандырмайтындығымен байланысты. Бала психологиялық жағынан ойыннан
озып кетеді де мектеп баласының орны ол үшін ересектікке басқыш ретінде
көрінеді, ал оқу жұртың бәрі қадірлеп жауапты іс болып санала бастайды.
Мектепке психологиялық даярлықтың басты жағы бала — ерік-жігері
дамуының жеткілікті деңгейі. Бұл деңгей әр балада түрліше болады, бірақ
жеті жасар балаларды өзге балалардан бөлетін тән белгілер болып балаға өз
мінеқұлқын басқаруға мүмкіндік беретін, 1 сыныпқа келе бала бірден жалпы іс-
әрекетке, мектеп пен мұғалімнің қойған талаптарының жүйесін қабылдауға
қажетті болып саналатын мотивтерді қоса бағындыру саналады.
Танымдық іс-әрекеттің ықтиярлығына келетін болсақ, мектепке дейінгі
ересектердің өзінде қалыптаса тұрса да мектепке барған сәттің өзінде ол әлі
толық дамып жетіле қоймайды: балаға ұзақ уақыт бойы тұрақты ықтиярлы
зейінді сақтау, едәуір көлемді материалды жаттап алу және т.б. қиынға
түседі. Бастауыш мектепті оқыту балалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы білім берудегі қазіргі арнайы құралдар
Бес-алты жастағы балалардың мекетепке психологиялық дайындық мәселелері
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау
Баланы мектепке психологиялық-педагогикалық дайындаудың негіздерін анықтау
Баланың мектепке бейімделу жолдары
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Инклюзивті білім беруді регламеттейтін дамытуға бағытталған құқықтық құжат
Инклюзивті білім беру
Білім беруді ұйымдастыру
Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер