Культура и мы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Казахский национальный медицинский университет имени С. Д. Асфендиярова

Кафедра: Русского языка

СРС

На тему: «Культура и мы»

Выполнила: Ошанова А.

Курс: I

Факультет: Общая медицина

Группа: 1133

Проверила: Байбурина Н. А

Алматы 2008 г.

2007 жылдың басындағы мәліметке қарағанда республикамызда барлығы 5820 ҮЕҰ тіркелген екен.

Соның төрттен бірі соңғы жылдарда пайда болғандар. Бұған қарап қазақстандық ҮЕҰ негізінен жас деп айтуға болады.

Осынау ұйымдардың бәрінде жуық шамамен алғанда 200 мыңдай адам жұмыс істейді. Соның

ішінде 40 мыңдай адам тұрақты түрде, 50 мыңдай адам уақытша жұмыс істесе, 100 мыңдай адам ерікті түрде босалқы негізде (волонтерлер) істейді.

Соңғы кездерде әйелдер мәселесін шешуге жәрдем етуді өздеріне бағдар етіп алған ҮЕҰ көбейе

түсу тенденциясын қазақстандық әйелдердің қоғам өміріндегі рөлінің өсуін көрсететін табиғи және заңды құбылыс деп қарау керек.

ҮЕҰ жұмысының бір парасы жастар проблемаларын шешуге бағытталған. Соның ішінде жастарды

патриоттық рухта тәрбиелеу, бос уақыттарын тиімді пайдалану секілді проблемаларды өз жұмыстарының бағыты етіп алған ҮЕҰ-лар да аз емес. “Қазақстан жастарының конгресі”,

Астанадағы “Жастар ұйымдарының ассоциациясы”, Алматыдағы “Жас көшбасшылардың ассоциациясы”, Ақмола және Жамбыл облыстарындағы “Жастар ұйымдарына қолдау көрсету ассоциациясы”, “Қазақстан студент жастары ұйымдарының ассоциациясы” секілді бірлестіктер ерекше белсенді қызметтер жасауда.

Міне, қысқаша айтқанда еліміздегі ҮЕҰ-лардың пайда болуы мен даму жолдары осындай.

Үкіметтік емес ұйымдардың даму кезеңдері

ҮЕҰ құқықтық демократиялық мемлекеттің айнымайтын атрибуты екендігі бүгінгі саясаттың

аксиомасы болып отыр. Оның іс-әрекеті мемлекеттің демократиялық ұстанымдарын кеңейтумен қатар, билік функцияларында демократиялық әдістердің қолданылуына бақылау жасай алады.

Сондықтан да мамандар оның пайда болуы мен даму тарихына үлкен мән беріп, зерттеп келеді.

Мамандардың айтуына қарағанда, Қазақстандағы ҮЕҰ дамуының үш негізгі кезеңі бар:

1. Бұл кезең 1-80-ші жылдардың аяғынан 1994 жылға дейін созылып, құрылу кезеңі деп аталады.

Осы ҮЕҰ құрылу кезеңін көбіне-көп “Невада-Семей” қозғалысы, алғашқы құқық қорғау ұйымдары

мен бірлестіктерінің құрылуымен байланыстырады. Осы кезеңде ұзын саны 500-дей ҮЕҰ құрылған.

Бұл кезеңдегі ҮЕҰ негізгі белгісінің бірі ретінде олардың мемлекетпен ынтымақтастығының мүлде

сирек болғанын атап өтуге болады. ҮЕҰ ол кезде негізінен жекеменшік компаниялардың қолдауына

сүйенетін. Сонымен бірге, бұл кезеңдегі ҮЕҰ-да өткізілген шаралардың кәсіби деңгейінің төмендігі,

олардың бір мезгілдік проблемаларды шешуге ғана бағытталуы, романтизм мен жоғары деңгейдегі

энтузиазмның басымдығы көзге ұрып тұрды.

2. ҮЕҰ дамуының бұл кезеңі 1995-1997 жылдарды қамтып, сапалық және сандық өсу кезеңі деп

аталады. Бұл кезеңдегі ҮЕҰ саны 1600-ге дейін өсті. Негізгі белгісі - халықаралық қорлардың түрлі

гранттар жүйесі арқылы оларды қолдауымен ерекшеленгенін атап өту керек. Мамандар осы

кезеңде ҮЕҰ білікті кадрлармен толығып, кәсіби деңгейінің өскенін де айтады. Түрлі бағыттарға

маманданудың жандануымен қатар, бәсекелестіктің де тууы осы кезден басталған. Сонымен бірге

бұл кезең алғашқы “өтірік ҮЕҰ”-лардың пайда болуымен де ерекшеленеді.

3. Бұл кезең 1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін созылуда. Оның мамандар белгілеген

атауы: ҮЕҰ-ның мемлекет тарапынан танылуы және олардың арасындағы қарым-қатынастың

сапалы деңгейге ауысуы. Бұл кезеңде ауыз толтырып айтар ерекшеліктер өте көп. Соның ішінде

мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы әріптестіктің дамуы, үкіметтік органдармен ынтымақтастықтардың

пайда болуы мен дамуы және олардың кейбір іс-әрекеттерді бөлісуі, заңдылық базалардың жетіл

дірілуі, т. б. бар. Сондай-ақ гранттық бағдарламалардың азаюына байланысты көптеген аймақтық

ҮЕҰ белсенділігінің төмендегені де байқалады. Бірақ бұл мәселе 2005 жылы қабылданған

әлеуметтік тапсырыс туралы заңның өмірге келуіне байланысты оң шешімін таба бастады. Айт

пауға болмайтын тағы бір ерекшелік, 2000 жылдан бастап ҮЕҰ іс-әрекетін қорғауды кәсібилендіру

мақсатымен ұлттық желілік ұйымдар, одақтар мен ассоциациялар пайда бола бастады.

Мамандар еліміздегі ҮЕҰ-лардың даму тарихында 2003 жылы болған екі маңызды оқиғаны ерекше

бөліп атайды. Оның біріншісі ҮЕҰ-ларды қолдау жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы. Осының арқасында қазіргі күнде үкімет органдары мен ҮЕҰ арасындағы үнқатысулар мен әріптестік қарым-қатынастардың толық жүйесі қалыптасты. Екіншісі, осы жылдың 14 қазанында Президент Н. Назарбаевтың қатысуымен І Азаматтық форумның өтуі. Осы форумнан кейін азаматтық қоғамды құру жөнінде шаралар жоспары қабылданды. Кейбір мамандар осы форумды тіпті ҮЕҰ дамуының жаңа кезеңінің басталуы деп те атайды.

ҮЕҰ даму тарихында 2005 жылдың сәуір айында “Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы” Заңның қабылдануы да ерекше дәуір деп атап өтуге тұрарлық. Бұл заң билік органдары мен ҮЕҰ арасындағы байланыстар тарихының жаңа, сапалы бетін ашты деп айтуға толық негіз бар. Әрине, 2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен болған ІІ Азаматтық форумның да ҮЕҰ даму кезеңдеріндегі маңызы ерекше оқиғалардың бірі. Президент осында сөйлеген сөзінде мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастық жүйелі сипатқа қол жеткізді. “Мемлекеттікк әлеуметтік тапсырыс туралы” Заңға сәйкес біз еліміздегі әлеуметтік проблемаларды шешуге ҮЕҰ-лар гранттар беру арқылы тиімді пайдаланудамыз. Меніңше, бұдан ҮЕҰ да, мемлекет те, қоғам да ұтып тұр, деген еді.

ҮЕҰ даму тарихындағы тағы бір үлкен жетістік ретінде Парламент Мәжілісінде депутаттардың, ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен Қоғамдық палатаның құрылғанын да атап өтуге болады. Сонымен бірге, әлеуметтік блоктың министрліктері мен облыс әкімдіктерінің қасынан осы мәселеге арналған консультациялық кеңестің құрылуы ҮЕҰ-ға деген оң көзқарастың түбегейлі қалыптасқанын көрсетеді.

Жақсыбай Самрат.

ЕРКІН ОРТА

Оны қалыптастыру мен одан әрі дамытудағы ғылыми әлеуеттің рөлі

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК. Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мінберіне шығып, сөз сөйлеген

Біріккен Ұлттар Ұйымы кезінде азаматтық қоғам қалыптастыруды күн тәртібінің өзекті мәселесі

ретінде талқылап, тиісті шешім қабылдаған болатын. Аталған мәселенің Қазақстан мемлекетінің

келешегі үшін де көкейкесті екендігін ескере келіп Президент, “Азаматтық қоғам және тұрақты даму

туралы” арнайы жарлықтарға қол қойды. Міне, бүгін басталғалы отырған алқалы жиын да респуб

ликамыздағы азаматтық қоғамның жайы мен оны барынша дамытып, өркениетті елдердің

қатарына қосылу жолдарын іздестіруге арналып отыр.

Бүгінгі біздің еліміз өзінің жаңа даму кезеңіне аяқ басып келеді. Бұл кезең бәсекеге қабілетті

экономика, оны жаңғырту және әртараптандырумен ерекшеленеді. Қазіргі таңдағы кезек

күттірмейтін мәселе инновациялық даму арқылы жаңа экономика, білім және ғылымға негізделген

экономиканың алғышарттарын қалыптастыру болып табылады. Мұны іске асыру ғылым мен білім

алдына күрделі міндеттерді қойып біздің алдымызға елімізде азаматтық қоғам орнықтыруда еселеп

еңбек етіп, жұмыс әдістері мен тәсілдерін одан әрі жетілдіре түсуді талап етеді. Білім және ғылым -

ұлттық экономикамыздың сипатының сандық және сапалық мазмұнын белгілі дәрежеде алға

сүйрей алатын маңызды сала.

Бүгінгі таңда ғаламдық бәсекелестікке қабілеттілік деңгейін арттыру мақсатында адами құндылық

тар: денсаулық, білім және ғылым салалары әлі де болса Үкімет тарапынан қаржылық қолдау мен

инновация жетістіктерін молынан пайдалануды қажет етіп отыр. Қазақстан дүниежүзілік

экономикалық форумның 2006 жылғы есебі бойынша базалық негізгі көрсеткіштерден 117 ел

арасынан 51-ші орынға тұрақтады. Ал, бірақ денсаулық сақтау мен бастауыш білім беруден 86-шы,

ал жоғары білім беруде 51-ші орынды, инновация индекстері бойынша бар болғаны 74-ші орынды

қанағат тұтты. Өздеріңіз байқағандай, бәсекеге қабілетті.

Ғылымды - біздің ұлттық байлығымызды жан-жақты қолдау мен дамыту, түбегейлі түрде өзгерту,

тек ғылым саласына жауапты шенеуніктердің қолынан келе бермейді, бұл жерде ғылымның қазіргі

жағдайына берілетін әділ баға мен саяси шешім қажет.

ҒЫЛЫМДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ. Ғылым ежелден әрбір елдің өміріндегі ең бір демократиялық сала, халықтың жарқын болашағы үшін риясыз еңбек ететін сала болып келген, болып келеді де! Ғылымның талаптар деңгейінде болуы үшін иерархиялық байланыстар емес, демократиялық - нағыз халықтық дәстүрлер мен тынбас ғылыми ізденістер, сондай-ақ, ғылыми жұмыстардың тиімді

лігін, ел экономикасын өркендетуге қосар үлесін ескере отырып қолдау қажеттілігі алдыңғы қатарға

шығып, басты талап ретінде қойылып отыр. Ал, ғылым саласында қордаланып қалған мәселелер

аз емес, бұларды тек қана жалғыз ғалымдардың күшімен шешу керек деген ұғым қателік болар,

сондықтан бұл күрделі мәселені билік басындағылар мен ғалымдардың біріккен күшімен, бірге

ақылдаса отырып, тізе біріктіре отырып, бірлесе шешкен жөн.

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан ғылымды дамытуға белгілі деңгейде көңіл аударыла

басталды. Биыл республика ғылымын дамытудың 2007 - 2012 жылдарға арналған арнайы

бағдарламасы қабылданды. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында мемлекет

қазынасынан 433 862 млн. теңге қаржы бөлінетін болып белгіленді.

Дегенмен, аталған саланы дамыту дәрежесі мен қаржы жағынан барынша қолдау көрсету көлемі

әлі де болса қажеттілік деңгейінен төмен жағдайда қалып отыр. Ғылыми жұмыстар, ізденістерге

салық төлемін арзандату жайлы да аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі ұстанымдағы Салық кодексінде

ғылым саласының мекемелері үшін арнайы салықтық режім қарастырылмаған, сондықтан біз салық

көлемін жалпылама негізде төлеуге мәжбүр болып отырмыз. Қолданылып жүрген Салық кодексін

де ғылыми мекемелерге салық төлеудің тек 2 ғана бабы ғылымның ерекшеліктерін ескере отырып

дайындалған. Өткен жылғы Білім және ғылым министрлігінің салықты жеңілдету туралы өтініші

Қаржы министрлігі тарапынан қолдау таппады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы сталинизм бастамасы
Ежелгі түркі өркениеті
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Ағылшын тілінен орыс тіліне жарнама мәтінін аудару ерекшеліктері
Мәдениет және өркениет туралы
О.Шпенглер және “өркениеттің ақыры”
АУДАРМАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РЕАЛИЙ МӘСЕЛЕСІ(М. ӘУЕЗОВТІҢ АБАЙ ЖОЛЫ РОМАН ЭПОПЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ)
Жаһандану мәдени феномен ретінде
Қиын баланың дүниетаным ерекшелігі
Жас отбасындағы қақтығыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz