Домбыра туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Домбыра туралы.

Қазақ халық аспаптар оркестрінде домбыраның бірнеше түрлері бар; домбыра-пикколо, домбыра-прима, домбыра-секунда, домбыра-тенор, домбыра-альт, домбыра-бас, домбыра-контрабас. Осы аталған аспаптардың ішінде халық арасында ең көп тарағаны домбыра-тенор. Бұл аспапта тек қана жеке орындау емес, сол сияқты оркестрдің, фортепианоның суйемелдеуімен де музыкалық шығармаларды орындауға болады.

Қазақ халқының мекендеген жер аймағының өте кең болуына байланысты, домбыра әр аймақта әртүрлі қалыпта жасалынып, бірнеше түрде бұралып, күйге келтіріледі. Музыка тілімен айтқанда бірі кварта Ұоң бұрауҚ бұрауымен бұралса, ал екіншісі квинта Ұтеріс бұрауҚ, үшіншісі терция Ұқалыс бұрауҚ, төртіншісі секундаҰшалыс бұрауҚ бұрауында күйге келтіріліп ойналады. Осы кезге дейін халық арасында унисон немесе октава бұрауында ойналатын күйлерді кездестіріп жүргенімізді айтсақ, домбыра аспабының мүмкіндігінің өте жоғары екенін, соған байланысты бұл аспапта орындалатын шығармалардың, күйлердің молдығын көреміз. Әйткенмен де домбыра мамандары осы бірнеше бұраулардың ішінде кварта Ұоң бұрауҚ және квинта Ұтеріс бұрауҚ бұрауларында ойнағанды жөн көрген. Бұған бірден- бір себеп басқа бұраудаойналатын шығармалардың сирек кездесуі. Музыка оқу орындарында қай халықтың музыка аспабы болса да, негізінен осы екі бұрау қолданылады.

Домбыра - музыка аспаптары ішіндегі халқымызға ең көп тараған аспап болғандықтан, оны тартып, үйренем деушілер де өте көп. Сондай үлкен сұранысты ескере отырып, талапты үйренушіге өз бетінше аспапта ойнап, меңгеріп кетуі үшін осы еңбекті аснап отырмын. Сондай-ақ, талапты үйренушінің нота сауатын ашып, домбыраны нота белгілерімен үйренуіне де баса назар аударылды.

Сабақ беру жөнінде қысқаша кеңес.

Ұсынылып отырған оқулықтың басты мақсаты домбыра тарту шеберлігіндұрыс меңгеруге, оқушының өнерге деген ынта-ықыласын өсіріп, эстетикалық талғамын арттыруға, музыканы дұрыс тыңдап, тереңдей түсінебілуге тәрбиелеу болып табылады. Сол себепті, оқытып, үйрету сабақтары домбыра репертуарының озық үлгілері негізінде, біртіндеп белгілі бір жүйемен жүргізілгені орынды.

Домбыра тартудан бұрын оқушының аспапты ыңғайлы ұстап, дұрыс отырып үйренуінің мәні өте зор. Оқытушы мұны жіті қадағалап, әр кез назар аударып отыруы тиіс. Домбырашының жалпы музыка танымы аспапты игеру тәсілдерімен тығыз байланыста қатар дамып отыруы керек.

Күйшілікті домбыра тарту өнерінің шыңы дейміз. Ендеше, бұл өнерді мұрат тұтқан жас өнерпаздың дәстүрлі орындаушылық ерекшеліктерді мұқият үйренуі- болашақ шеберлікке апарар жолдың алғашқы сүрлеуі болмақ. Осыған орай, мұғалім сабақ барысындашәкіртінің ой-өрісі мен қабілетіне қарай күй өнерін жан-жақты талдап, тереңдете түсіндіріп отыруы тиіс.

Болашақ күйші үшін өз бойындағы импровизаторлық қабілетін оятып, оны әрі қарай дамытудың өзіндік мәні бар. Бұл -күйшілік өнерге тән дәстүрлі қасиеттердің бірі. Оқушының сан түрлі шығармаларды сүйемелдеуімен орындап, музыка мәдениетінің озық үлгілерімен кеңінен танысуы оның ойнау шеберлігінің артып, ой-өрісінің кеңейе түсуіне игі ықпал етеді. Бұл істі тыңғылықты жүзеге асыру үшін оқытушыоқушыны осы орындаушылық өнердің қыр-рырына тиянақты түрде баули білуі керек.

Оқушы орындаушы-музыкант ретінде аспапта ойнау процесі арқылы қалыптасып жетіледі. Сондықтан оқытушының сабақты творчестволық шабытпен тардымды ұйымдастырып, методикалық тәсілдерді, музыкалық-эстетикалық тәжірибенің озық үлгілерін ұтымдықолдана білуі қажет.

Оқытудың негізі-көркем шығармамен жұмыс жасау. Мұнда оқушы өзінің кәсіби білімін толықтырып, тәжірибе жинақтайды. Ең бастысы шығарманы өз бетінше үйреніп, орындауға дағдыланады.

Көркем шығармамен жұмыс жасау төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:

  1. Шығармамен танысу.
  2. Шығармада кездесетін әдіс- амалдарды меңгеру.
  3. Шығарманың көркемдік мәнін ашудағы атқарылатын жалпы жұмыстың жобасын белгілеу.

Шығармамен танысу барысында оның авторы, өмір сүрген дәуірі, музыкалық тілінің стилистикалық және орындалу ерекшеліктері, сюжеті, негізгі екпіндері, құрылысы мен позициясы туралы әңгімеленеді.

Екінші кезеңде автордың нұсқауларын ескере отырып, шығарманың екпініне, характеріне, динамикалық және агогикалық иірімдеріне байланысты әдіс-амалдар қолданылады. Мұнда шығарманы оның құрылысына сәйкес бөліп-бөліп алып жұмыс жасау тиімді. Күйде әуелі бас буын, ортаңғы буын, содан соң кіші, үлкен сағаларды, ал пьесада фразаларды, сөйлемдердіжеке-жеке ойнап жаттыққан жөн. Техникалық қиын тұстары арнайы жаттығулар арқылы меңгеріледі.

Үшінші кезең жоғарыда аталған процестердің қорытындысы болып табылады. Мұнда шығарманың барлық бөлімдерін қосып, кульминациясын анықтап, толық ойнауға көшу қажет. Бұл шығарманың негізгі желісін тауып, оның көркемдік мәнін ашуга көмектеседі.

Музыкалық образдың шеңбері неғұрлымкең болудың, әр елдің, әр дәуірдің, әр композитордың шығармаларын орындаудың жас музыканттардың жан-жақты өсуіне әсері мол.

Бұл тұрғыда оқушыны өнердің басқа да әр түрлі салаларынан хабардар етіп отырудың маңызы зор.

Оқушыға репертуар таңдай білу - сабақты ұйымдастыру кезеңінің басты талаптарының бірі. Репертуар оқушының жас ерекшелігі мен аспапты меңгеру деңгейіне сәйкес берілуі керек. Сондықтан оқытушы репертуар сұрыптауға творчестволық тұрғындан қарап, оның идеялық- эстетикалық мәніне, көркемдік ерекшелігіне баса назар аударуы қажет.

Мұғалімнің маңызды міндеттерінің бірі- оқушыны өз бетіншіжұмыс жасауға дағдыландыру. Осы орайда оқушының үй жұмысын ұйымдастыра білуі және оны өзіндік творчестволық еңбекпен тгерунің мәні өте зор.

Тағы бір ескертетін жай, есту, есте сақтау, шығарманы әр тональдықта ойнайбілу, нотаны бірден оқып-ойнап кету қабілеттерін үнемі қадағалап, дамытып отыру оқушының творчестволық мүмкіндігін аша түсетіні сөзсіз. Оқушыны көпшілік алдына шығарып, өнер көрсетуге баулу да өз алдына үлкен міндет. Жұртшылық алдында жеке өнеркөрсету, біріншіден, оқушының орындау шеберлігіне сын болса, екіншіден, оның жауапкершілігін де артыр түседі. Баланың жеке-дара қабілеті, өзіндік ерекшелігі де оның творчестволықөмірінің осы бір жауапты кезеңінде айқындалады. Концерттік шығармалар алдын ала жатталып, мұқият дайындалып, оларды орындау әдіс-амалдарды толық меңгеріліп, көркемдік мазмұны айқындалғаннан кейін ғана шәкірттің көп алдына шығып өрнер көрсетуіне рұқсатетіледі.

Оқушының концерт қоятын күні тым шаршамағаны және көңіл күйінің көтеріңкі болғаны жөн. Сондай-ақ, оны сахнаға шығар алдында көп ескертулер жасап, абыржытпау керек. Ондай ескертпелер, әдетте, шығарманы өз дәрежесінде орындап шығуға көмектескені былау тұрсын, қайта керісінше әсер етуі мүмкін. Жас музыканттың бойында «сахнада ойнауға жеткілікті түрде даярман» деген сенімділікті қалыптастырып отыру - оқутышының басты міндетінің бірі. Оқушы көпшілік алдында шығып, өнер көрсетудің мақсаты тек өзінің орындаушылық шеберлігінің деңгейін таныту деп қана түсінбей, сонымен бірге композиторларды және олардың шығармаларын насихаттау екенін де есте ұстағаны жөн. Жоғарыда айтылып өткен кеңестерді оқушыға жеке түсіндіріп, үйрету үшін оқытушы өз тарапынан әр сабаққа күнделікті мұқият әзірленіп, орындау шеберлігін ұдайы жытілдіріп отыруы қажет екені айтпаса да түсінікті. Оқытушы сабақ өткізу барысында шәкірттеріне шығарма туралы ауызша ақыл - кеңес айтумен бірге, оны жоғары көркемдік дәрежеде орындап та бере білуі керек. Сонымен қатар, ол өзінің методикалық тәсілдерін педагогика - психология ғылымдарының, соның ішінде әсіресе, музыка педагогикасының озық жетістіктері негізінде үнемі толықтырып, байытып отыруға міндетті.

Домбыра тарту өнері -атадан балаға ғасырлар бойы рухани дәстүр болып келе жатқан музыкалық мұрамыз. Қазіргі кезде жастайынан домбыра тартып, күй үйреніп оқушылар әрбір мектепке кездесетіні осы дәстүрдің жалғасы.

Жеке күйші-жомбырашылардың құралған ансамблдер, оркесұйымдастырылып жүрген игі бастамалар да бар.

Оқу кестесі бойынша да, кезектен тыс қосымша музыка сабағын өткізіп, домбырашылар үйірмесін ұйымдастыру кезінде де күй үйрету бүгінгі таңдағы педагогикалық тәсілдің өте ұтымды бағдарламасына айналып отырғаны қуантады. Осыған орай, оқушылар өздері білетін шығармаларына қоса, оқулыққа енген мына күйлерді де үйреніп алғандары жөн.

Домбыра тартуғат отырғанда, ыңғайлы болу үшін (мектептегі отырыс) орындықтың жартысын ала, еңкеймей, шалқамай, денені түзу ұстап, оң аяқты сол аяқтың үстіне көлденең қойып, домбырны қолтыққа қыспай, еркін ұстай керек.

Күні бүгінге дейні домбыра тартыду үйрету мен оқутыдың Л. Хамиди мен Б. Ғизатовтың «Домбыра үйрену мектебі», Х. Тастановтың «Алғашқы домбыра үйрену мектебі» атты кітаптары музыкалық оқу орындарының студенттері мен оқушылары және өздігінен үйренуші негізгі оқу құралдары болып келеді. Бұл еңбектер әр кезеңде домбыра шертуді нотамен меңгеріп, музыкалық сауат ашуда алғашқы оқу құралдары ретінде үлкен роль атқарды.

Әдетте әр кезең өз жаңалық-өзгерістерін ала келумен бірге өзіне лайық соны талар-тілегін тудыратыны да анық. Осы орайда дәл қазіргі кезеңдегі домбыра өнерінің, домбырашылардың орындаушылық шеберлік деңгейлерінің қаншылықты өзгеріп, қаншылықты биікке көтерілгенін байқау қиын емес. Сондай-ақ, бүгінде бүкіл ұлттық өнерімізде туындап отырған оң өзгерістер мен бетбұрыстар домбыра еншісіне де өз тиесілі жүгін артып отыр.

Енді біз домбырамен ән айтып, күй шертуді байырғы ата-бабаларымыз салып кеткен ізбен, шынайы ұлттық өнеріміз дәстүрінде жалғастыруға бет түзедік. Ал бұл, өз кезегінд, болашақ заман иесі - келер ұрпаққа да жүктелер қасиетті де қастерлі міндет. Ендеше, алғы күндерімізге де осындай ардақты міндеттер биігінен көз малуға тиістіміз.

Бүгінде домбыра үйренуді оқыту саласында тек күй тарту немесе оны ән әуеніне қосу ғана емес, сондай-ақ фортепианоның сүйемелдеуімен домбырада пьеса орындаушылық өнері де кеңінен орын алған. Соған байланысты мұнда оның да ойнау ерекшеліктері, өзіндік түрлі әдіс-тәсілдері ойға қонымды түрде нақтылы бір арнада келісті өрнектелген.

Педагогикалық оқыту - үйрету тұрғысынан алғанда авторлар бұл аталмыш еңбектерінде оқушы немесе үйренуші талапкердің зейін жинақылығын қалыптастырып, оның материалдарыды ұқыпты түрде меңгеруіне де баса назар аударған. Сонымен бірге, мұнда болашақ домбырашының берілген шығарманы техникалық және көркемдік тығыз бірлікте меңгеру жайы және де олардың жас ерекшеліктері, әрқайсысының қабілеті мен музыкалық сауаттылығы деңгейлері де ескерілген.

Музыкалық шығармамен жұмыс.

Музыкалық шығарманы талдау, композитордың ойын, тілін түсіндіру оқытушы үшін үлкен міндет. Оқытушы ең алгаш шығарманы талдағанда композитор жөнінде, не халық ән-күйлерін жеке аспаптарға лайықтап өндегендер жөнінде оқушыға түсіндіріп беріп, оны өзі аспапта ойнап көрсетіп берсе, ол үлкен ұстаздық жетістік болып саналады.

Оқушысын аспапты дұрыс меңгерумен қатар өз бетімен дайындалуға үйретіп, музыкалық қабілетін үнемі арттырып, орындаушылық өнерге ынталандыру оқытушы үшін нәтиженің көзі болып есептелінеді. Оқушыға өзіндік дайындалу кезінде ең алдымен нота текстін дұрыс игеру жүктелуі керек. Ол үшін оқушығажәй екпінде, ырғақ жағынан дәл ұстап, шығарманың қиын жерлерін бөліп алып дайындау т. с. с. тапсырмалар жүктеледі. Міне осы тапсырмалар игерілген мезгілде ғана шығармамен жұмыс істеу басталады. Бұл: оқытушының түсіндіруі, композитор жөніндегі түсінік, динамикалық шығарманың формасы, құрылысы, тональдік өзгерістері т. с. с. көптеген факторлардан тұрады. Оқытушы бұл факторларды музыкалық шығармаларда талдау, музыкалық форма, гармония, методика т. б. сабақтарға үлкен көніл бөлу арқылы оқушыға дұрыс жеткізе білуі керек. Музыкалық шығарманы үйрету бірден орындауға қиын тиетінжерлерін меңгеру үшін оқытушы тарапынан нақтылы әдіс-амалдар көрсетілгені жөн. Сондай-ақ, шығарманы құрылымдық-фразалық құрамына сәйкес әуелі жеке-жеке дайындап, сосын ғана толық орындағаны өте тиімді. Тіпті кейбір қиын тұстарына арнайы жаттығулар берілгені дұрыс. Міне, осы жұмыстар орындалғаннан кейін, шығарманың негізгі желісін түсініп, шарықтау шегі мен көркемдік мәнін ашуға кірісу керек. Бұл жерде оқытушының өзіндік орындау шеберлігі іске асуға тиіс. Оқушыға шебер орындаушылардың таспадағы жазбасын тыңдатудың да мәні зор.

Әр дәуірдегі, әр стильдегі шығармаларды үйретудің оқушының жан-жақты өсуіне әсері мол. Бұл тұрғыда оқушыға шығармалар таңдауға мұқият қараған жөн. Оқушының табиғи дарыны, дайындық және білім деңгейі орындайтын шығармаларына сәйкес келуі керек. Оқушыны шығармамен өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, оқушының музыка аспабына қызығып, ойнауға құмарлығын арттыру оқытушының басты міндеттерінің бірі. Осы қызығушылықты жеке сабақта да, оқушының үй жұмысында да ең негізгі әдіс деп қкркған жөн. Міне, сонда ғана белгілі табысқа жетуге сенім мол.

Күй тартып үйрену.

Күй- домбырада, қобызда, сыбызғыда, т. б. қазақ халық аспаптарында орындалатын музыкалық жанр. Ол мазмұны мен құрылысы жағынан әр алуан болып келеді. Күй тақырыбы бағдарламалы болады, жан-жануарлардың мінез-құлықтары, түрлі қасиеттері, табиғат сүреттері және адамның сезім дүниесі, түсінік-түйсіктерімен қатар үлкен әлеуметтік, қоғамдық-философиялық мәселелерді де қамтиды.

Домбыра тарту өнерінің негізі- күйшілік. Ол құрылымдық негізі мен орындалу мәнеріне орай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен орындаушылық дәстүрге бөлінеді. Әр дәстүр өз алдына бірнеше мектептен тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күй ерекшеліктері
Домбыра құрылымы
Домбыра туралы аңыз-әңгіме
Домбыраның физикалық қасиеті
Қазақ халқының музыкалық аспаптарымен танысу
Домбыра – қазақтың ұлттық аспабы
Күй – қазақ халқының рухани азығы ретінде
Домбыра аспабы құрылысы
Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы
Ақын және домбыра. Поэзиядағы домбыра бейнесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz