Болжау түсінігі, түрлері және ұқсастығы мен айырмашылығы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Болжау жалпы түсінігі мен мазмұны

1. 1 Болжау түсінігі, түрлері және ұқсастығы мен айырмашылығы

1. 2 Мемлекеттік басқарудағы Болжаужүйесі, принциптері және әдістері.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізім

Кіріспе

Экономикалық өсу қарқыны, макроэкономикалық көрсеткіштердің теңдістігі, қаржы ресурстарының берік қоры болуы, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы бөлігіндегі экономиканың жай-күйі Үкіметке ағымдағы кезеңдегі проблемаларды шешуді ескере отырып, мақсаттар мен міндеттер қоюды ғана емес, сонымен бірге ұзақ мерзімді міндеттерді орындау жөніндегі жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында Үкімет таяудағы үш жылда Мемлекет басшысы қабылдаған стратегиялық бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Сонымен бір мезгілде, олардан таяу уақытта экономикалық және әлеуметтік нәтиже алынатын міндеттер шешіледі.

Осыған байланысты Үкімет өз алдына өз қызметінің барлық бағытындағы жұмысты сапалы түрде жақсартуды қамтамасыз ету міндетін қояды.

Ел экономикасының даму серпіні мен орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективадағы халықтың әл-ауқатының деңгейі, көбінесе орталық жергілікті басқару органдары жұмысының қалай ұйымдастылылғанына, Қазақстанның экономикалық әлеуетіне осы Үкімет құрамы қандай сапалық өзгерістер енгізетініне байланысты болады.

Дүниежүзілік қоғамдастықта Қазақстан экономикалық даму үшін жақсы әлеуеті бар мемлекет ретінде орнықты. Осы әлеуетті неғұрлым тиімді түрде іске қосып әрі экономиканың дамуының жоғары қарқыны негізінде халықтың неғұрлым қалың тобының әл-ауқатын қамтамасыз ету міндеті алда тұр.

Қазақстанның экономикасы көбінесе бағасы едәуір ауытқымалы шикізат экспортына тәуелді. Бұл жағдаят елдің ұлттық және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар міндеттерді шешуді талап етеді.

Осыған байланысты Үкімет бағдарламаны дайындау кезінде экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін сыртқы факторлардың өзгеруіне және ішкі өндірісті әуелетті пайдалану денгейін арттыруға барабар деп қою шараларына ерекше назар аударды.

Үкімет елдің егемендігін, тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын және ұлттыққаупсіздігін нығайту жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Біздің мемлекеттің ықпалдастық бастамалары экономикалық өсудің жеделдеуіне ықпал етеді.

1 Болжау жалпы түсінігі мен мазмұны

1. 1 Болжау түсінігі және олардың ұқсастығы мен айырмашылығы

Қазіргі менеджменттің атасының бірі Анри Файоль былай деді: Басқару -алдын ала көру, білу, ал алдын ала көру -қарекет ету.

Қоғамдық өмірдің әлеуметтік және экономикалық сфераларында осы алдын ала көруге сәйкес алдын ала көру мен әрекеттің міндеттері Болжаужасалды.

Жоспар -экономикалық жүйенің дамуының мақсатты көрсеткіштерінің жүйесі, нақты объектінің қызмет етуі және мыналарды көрсету: 1) оларға жету тәсілі мен кезеңдері; 2) ресурстарды бөлу; 3) күтілетін нәтижені анықтау және оларды қолдану тәсілі жоспарды жасау үрдісі, сонымен қатар жоспар жасау заңдылығы туралы ғылыми пәнді жоспарлау дейді. Басқару қызметінің түрі ретінде жоспарлау шешімдерін тиімді критериіне сәйкес келетінін алады.

Болжау жоспарлау процесінің альтернативті шешімін табу фразасын білдіреді және шешім қабылдау процесіне әсер етеді. Болжаулар болашаққа бағытталған ақпаратты алу үшін қызмет етеді, сол арқылы альтернативтерге баға беруге мүмкіндік туады.

Болжаулар тұжырым болып табылады:

-негізделген бір немесе бірнеше оқиға болу ықтималдығы туралы;

-уақыттың болашақ периоды туралы;

-өткенді бақылауға негізделген мүмкіндік;

-бұл бақылауға түсінік беретін әлсіз теорияға негізделген;

-мүмкін бұл түсініктер болашақта да келісімді болады деген тұжырым.

Болжаулар толық кепілдікпен беріле алмайды, өйткені тұжырымдалған нәрсе тек болашақта жасалуы мүмкін. Болжау тұжырымы қоршаған ортаның мүмкін өзгерістерінің бәрін есептей алмайды (болжау фоны), яғни болжаудың қателері үшін барлық себептерді шығарып тастауға болмайды.

Теорияда болжау жасау үрдісі болжамдау да, ал болжаудың заңдылықтары туралы пән -прогностика.

Жоспарлау -болашақтағы дамудың және құрылымның ықтимал траекториясының мүмкін альтернативасын зерттеу мен айқындауға бағытталған ғылыми қызмет. Дамудың әрбір альтернативті траекториясы көптеген сыртқы қатысты зерттеуші жүйе шартымен байланысты. Бір объектіні қараушы жоспарлау мен болжамдау өзара байланысты үрдіс болып табылады. Жоспарлау болжамның алғашқы екі кезеңінің мазмұнын анықтайды -болжау бағыты мен болжауға тапсырма жасау жоспарлаудың қажеттілігінен туындаған объект.

1. 2 Мемлекеттік басқарудағы Болжау жүйесі, принциптері және әдістері

«Жүйе» (система) деген ұғым грек тілінен шыққан, мағынасы -бөліктер мен бөлшектерден тұратын бүтін. Жоспарлау жүйесі қоғамда экономикалық заң талаптарын жүзеге асыру негізінде қолданылатын ұйымдастыру формалары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Оның құрамына бір бірімен өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық деңгейіндегі болашақ ағымдағы жоспарлары кіреді. Бұл жоспарлардың мақсаты, оларды жасау әдістері және көрсеткіштері өзара сәйкестікте алынады. Нарық жағдайында жоспарлау жүйеі өзара байланысты екі бағытта қамтиды.

Бірінші - республикалық және аймақтық дәрежедегі мемлекеттік индикативтік жоспарлау. Оған тауар өндірушілер мен қызметкерлер көрсетушілерге жөн сілтеуге бағытталған ғылыми болжаулар, бағдарламалар, басқа да жоспарлы құжаттар жатады.

Екінші бағыты - шаруашылық (фирмалық) жоспарлау. Жоспардың бір түрі әрбір қожалық етуші субъектінің және оның өнімдері мен қызметін пайдаланушылардың мүдделерін қарастырады.

Қазақстан Республикасында экономикалық жоспарлау жүйесі ұзақ мерзімді «Қазақстан -2030» стратегиясына негізделген. Осыған сәйкес Үкімет стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесе отырып, 15 жылға арналған өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру үлгісін жасайды.

Теория жүзінде және өмірлік тәжірибеде мазмұнына, мерзіміне және басқа да ерекшеліктеріне қарай жоспардың бірнеше түрі кездеседі.

1. Мазмұнына қарай, экономикалық саясат пен кәсіпкерлік қарекетіне байланысты жоспарлар мынадай түрлерге бөлінеді:

-стратегиялық жоспарлау, мұнда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру бағыттары мен әдістері, қожалық етуші субъектілердің мақсаты мен міндеттері көрсетіледі. Олардың даму жолдары, модификациялау мен қайта құру әрекеттері ұзақ мерзімге есептеледі. Ол жаңа шешімдер мен мүмкіндіктер іздестіруге итермелейді;

-тактикалық жоспарлау, бұл нарықтық өзгеру жағдайын ескере отырып, орта мерзімді стратегиялық мақсаттардың шешілуін көздейді;

-қауырт (оперативті) жоспарлау, мұнда қолда бар мүмкіндіктер өте қысқа мерзімде (жыл, маусым, ай, он күн) жүзеге асырылады.

2. Жоспарлау қамту көлеміне қарай төмендегідей болып бөлінеді:

-қойылған мәселеге қатыстылардың бәрін қамтитын жоспарлау (кешен немесе халық шаруашылығы бойынша) ;

тек белгілі мәселені не мөлшерді, жеке территорияны қамтитын бөлшектік дәрежесіндегі жоспарлау.

Болжау жүйесі сонымен бірге жобалаудың негізгі формалары мен әдістерін де қамтиды. Болжау типологиясының негізгі белгілері мыналар: болжау көлемі, бекітілген мерзімі, нысанының сипаты, жобалаудың қызметі.

Болжау көлеміне қарай былайша айқындалады: макроэкономикалық (халық шаруашылығы) және құрылымдық (салалық және аймақтық) жобалар, халық шаруашылығы кешендерінің (отын-энергетикалық, агроөнеркәсіптік, инвестициялық өндіріс инфрақұрылымы, халыққа қызмет көрсету, т. б. ) дамуын болжау, салалық және аймақтық болжау, халық шаруашылығының негізін қалаушы кәсіпорындар мен өндірістік бірлестіктердің жұмысын болжау, сонымен қатар жекелеген өндірістер мен қызметтерді болжау.

Мерзіміне қарай жобалау: қауырт, қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қауырт жобалау -бір айға дейінг, қысқа мерзімді -бір айдан бір жылға дейінгі, орта мерзімді -екі жылдан бес жылға дейінгі, ұзақ мерзімді -бес жылдан 15-20 жылға дейінгі уақытты қамтиды.

Аталған болжаулар бір-бірінен өздері зерттейтін процестердің мазмұны мен сипатына қарай да ерекшеленеді. Қауырт жобалау зерттейтін нысанда күрделі сынақ және сапалық өзгерістердің болмауына негізделеді. Оларды күтілетін жағдайларға тән нақтылы сандық бағалар басым болады. Қысқа мерзімді болжауларда күтілетін жағдайлардың тек сандық өзгерістері ескеріледі. Орта және ұзақ мерзімді болжауларда зерттелетін нысанының сандық та, сапалық та өзгерістері есепке алынады. Орта мерзімді жобалауларда жағдайлар - сандық-сапалық, ұзақ мерзіміне сапалық-сандық түрде бағаланады.

Зерттелетін нысанның сипатына сай болжауды бөлу үдемелі процесіне түрлі аспектісіне байланысты. Осы белгілеріне қарай халық шаруашылығын болжаудың мынадай түрлеріне айқындалады: өндірістік қарым -қатынастардың дамуы, әлеуметтік экономикалық алғышарттар және ғылыми-техникалық прогрестің салдарлары, халық шаруашылығының дамуы, оның қарқыны, факторлары мен құрылымдық өзгерістері, еңбек ресурстарының өзгерістері, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, негізгі қорлар мен күрделі салымдардың айналымы, тұрғындардың өмір сүру деңгейі, қаржыландыру, табыс пен бағалардың өзгерісі, сыртқы экономикалық байланыс динамикасы және т. б. Аталған бағыттардың әрқайсысының мәні бар және өз негіздерінде дами алады. Сонымен бірге олардың арасында методологиялық байланыс және бірлік орныққан, ол халық шаруашылағын болжаудың ғылыми сапасын қамтамасыз етеді.

Экономикалық және әлеуметтік болжамдар жүйесі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың біртұтас жобасын қалыптастырады. Оның құрамына табиғи, өндірістік және еңбек ресурстары, олардың құрамы мен тиімді пайдалану жолдары, демографиялық процестердің жай-күйі және халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру бағыттары, өндірістегі құрылымдық өзгерістер мен экономиканың даму қарқыны, ғылыми техникалық прогрестің жетістіктерін игеру, халық шаруашылығын басқару, экономикалық механизм әдістерін жетілдіру, әлемдік экономика мен сыртқы экономикалық байланыстар және мемлекет деңгейінде шешілетін тағы басқа мәселелер кіреді.

Өз кезегінде экономикалық және әлеуметтік болжамдар жобалау мен жоспарлаудың, т. б қоғамдық процестердің ажырамас бір бөлігі болып табылады.

Атқаратын қызметіне қарай болжамдар екіге (екі типке) бөлінеді: ізденістік және нормативтік.

Бірінші -ізденістік болжам, ол оқиғаның себеп -салдарын анықтап, оның байланысын, өзгерісін айқындау негізінде болашақтағы құбылыстардың өзгерісін білдіреді. Басқаша айтқанда, оқиғаның байланыстары мен өзгерістері қазіргі кезден келешекке көз жіберіле отырып зерттеледі.

Екіншісі -нормативтік (мақсаты) . Мұның біріншіден айырмашылығы -ең алдымен мақсат (ориентир) белгіленіп алынады. Процестер келешектен бүгінгі күнге үңілу бағытында зерттеліп, болашақта қандай өзгерістер болады және көздеген нәтижеге жету үшін не істеу керек деген сауалдар негізге алынады.

Ізденістік болжам зерттелетін нысанның даму тенденсиясын келешегін шартты түрде қарастыруға негізделген, ол аталған тенденцияларды өзгертуге қабілетті шарттардан бас тартады. Оның мақсаты-зерттеліп отырған нысанның қазіргі тенденсияларға сәйкес қалай дамитындығын анықтау.

Нормативтік болжамның ізденістік болжамнан айырмашылығы -ол алдын ала анықталған мақсат негізінде жасалады. Оның міндеті нысанның келешекте жететін нәтижесінің жолдары мен мерзімін болжап, мақсатын айқындау. Аталған болжамның түрлері практикада блгілі бағыт ретінде бір уақытта қолданылады.

Экономикалық әдебиеттерден өткен ғасырдың 20-жылдарының ірі экономист ғалымы Н. Д. Кондратьевтің тұжырымдамасы белгілі. Онда болжамдар мен болжамдық бағаларға негізделген жоспарлар кешені жасалған. Мұнда болжамның үш түрі бөліп көрсетіреті. Бұл болжамдар классификациясында белгілі бір жағдайларға сәйкес оқиғалардың ретті түрде қайталануы негізге арналған. Ол, бір жағынан, ықтималдықтар теориясы мен болжамдардың бір-біріне әрекет ету факторы, екінші жағынан, статистикалық, яғни нақты мәліметтермен байланысты фактор болып табылады.

Бірінші түрі берілген белгілі бір ақпараттар мен білімнің дәрежесіне сәйкес қайталанып отыратын оқиғаларды білдіреді. Басқаша айтқанда, олар бір реттік қана, белгілі бір заңдар мен заңдылықтар қатарына кірмейді.

Болжамның екінші түрі-қайталанып отыратын оқиғаларды, яғни конъюктураның (жағдайдың) белгілі мерзімге сай ауытқуына байланысты капиталистік экономикалық кризистер мен құбылыстардың болып отыруын алдын ала көре білу. Бұл болжамның біріншіден айырмашылығы -нақты сандық форма қабылдамайды, ол белгілі уақытта өзгерістің болу және болмау мүмкіндігін, яғни жүйелі түрде болып тұратын оқиғаларды көрсетеді, сондықтан ол біріншіге қарағанда болжамның қарапайым түрі болып табылады.

Болжамның үшінші түрі- әлеуметтік-экономикалық тенденсиялардың жалпы нұсқасын ғана болжай білу. Ол оқиғаның нақты анықтамасын да, сандық формсын да білдірмейді.

Біздің еліміздің тарихында бірінші рет Республика Президентінің басшылығымен 1997 жылғы қазан айында қоғам мен экономиканың 2030 жылға дейінгі даму тенденциясының ғылыми болжамы жасалып, баспасөзде жарияланды. «Қазақстан-2030» стратегиясы гүлденудің, қауіпсіздікті сақтаудың және бүкіл қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартудың тура жолы, қоғамның даму идеологиясының негізі. Онда дүниежүзілік және өз тәжірибемізді, ұзақ мерзімді ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды, оның күшті және әлсіз жақтарын әділ талдау, ішкі мүмкіндіктерді ұзақ мерзімді зерттеу негізінде еліміздің стратегиялық мақсаты айқындалған. Ол - «тәуелсіз, гүлденген, саяси тұрақты, өзіне тән ұлттық бірлігі, әлеуметтік әділеттігі, барлық тұрғындардың экономикалық әл ауқаты сақталған Қазақстан құру».

Еуразияның орталығында орналысқан, әсіресе энергетикалық ресурсы мол ғылыми және шығармашылық әлеуетті жоғары Қазақстан Орталық Азияда Барыс деңгейіне көтеріліп, басқа дамушы елделге үлгі бола алады.

Дамудың жоғары қарқынына жету жолдары мыналар болып табылады: еркін нарық, қатал қаржы саясаты, мемлекеттің нарықтық күштерге араласуы, шетел инвестициясының, жаңа технология мен білімнің, қазіргі инфрақұрылым мен технология кеңінен енуі. Осыған сәйкес «Қазақстан-2030» да келесі үш онжылдықта жүзеге асыратын 7 ұзақ мерзімді басымдық істер қарастырлады:

1. Ұлттық қауіпсіздік. Аумақтың тұтастығын толық сақтау жағдайында тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде даму.

2. Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуы.

3. Экономиканы жоғары шетелдік инвестицияға және өз қаражатына сүйенген ашық экономикалық нарық ретінде дамыту. Экономиканың нақты, тұрақты және әрқашан өсіп отыратын макроэкономикалық даму қарқынына қол жеткізу (инфляцияның төмендеуі, бюджет дифицитін азайту, ұлттық валютаның тұрақтылыға және жинақтық жоғары нормасы) .

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқаты. Барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын, денсаулығын, экологиялық ордасын жақсартып отыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс жасаудың нысаны - әрекет
Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі мен белгілері
Қасақаналық қылмыс және оның түрлері
Құқықтық сана және жалпы түсінігі
Кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстар
Музыкалық сауат
Жазаланушылықтың негіздері және аяқталмаған қылмыстың түсінігі
Криминалистикалық идентификация және диагностика
Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері
Бала тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz