Бағалы қағаздар – иесіне табыс әкелетін, оның кәсіпорын (фирма) мүліктеріне қатысы барлығын куәландыратын коммерциялық документ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Бағалы қағаздар - иесіне табыс әкелетін, оның кәсіпорын (фирма) мүліктеріне қатысы барлығын куәландыратын коммерциялық документ. Бағалы қағаздар табысты иелеріне дивидент түрінде әкеленеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» 1996 жылғы 21-ші сәуірдегі жарлығына байланысты елімізде бағалы қағаздар нарығы айналымына акция, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, жинақ пен депозит, сертификаттарды және вексель жіберіледі.

Бағалы қағаздар ережесі бойынша оларды нарыққа еркін сату ҚР-ы 1997-ші жылғы 15-ші наурыздағы «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңына сай жүргізіледі.

Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағазсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық нысаны - қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді. Бағалы қағаздар рыногының дамуы бағалы қағаздардың көптеген түрлерінің, ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздардың тіршіліктің құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.

Инвестициялық (капиталдық) бағалы қағаздар - капиталды жұмсаудың объектісі болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік өзара шарттар және басқалары) .

Инвестициялық емес бағалы қағаздар - бұл тауар немесе басқа рыноктарда ақшалай есеп - қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.

Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және кредиттік тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қорғау кепілдіктерін және басқа факторларды ескере отырып қор бағалы қағаздары үш топқа бөлінеді: мемлекеттік, муниципалдық және мемлекеттік емес.

Мемлекеттік бағалы қағаздар - бұл мемлекеттік ішкі борыштың болуының нысаны; эмитенті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық вексельдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигациялары.

Муниципалдық бағалы қағаздарға биліктің жергілікті органдарының борышқорлық міндеттемелері жатады.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпоративтік және жекеше қаржы институттарының қағаздары болып келеді. Корпоративтік бағалы қағаздар болып кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің борышқорлық міндеттемелері мен акциялары қызмет етеді.

Егер бағалы қағаздар кейін салынған ақшалай сомаларды қайтара отырып шектеулі мезгілге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұлар облигациялар, банк сертификаттары, вексельдер және басқалары. Иеленушілік бағалы қағаздар тиісті активтерге меншік құқығын береді. Бұлар акциялар, варранттар, коносаменттер және басқалары.

Бағалы қағаздар ұсынбалы, ордерлік, және атаулы болуы мүмкін. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады. Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға тиесілі болады. Ордерлік бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады.

Капитал салудың сенімділігіне, табыс әкелудің тұрақтылығына тек облигация ие бола алады. Облигация (ол) сатушылардың ақша қаржыларын куәландырады. Сондай-ақ номинальды құнның толтырылу міндеттілігін қуаттап, оның белгіленген уақытта мөлшерлі пайызын қайтаруды ескереді. Пайыз салымның белгіленген мерзімінде тең порциямен төленеді. Кейбір облигацияларды пайыз арнайы өтелмейді. Облигацияны жабу кезеңіндегі сатып алынған бағасы мен иесіне сатылған баға айырмасы ретінде төленеді.

Облигацияның бірнеше түрі бар: мемлекеттің ішкі және жергілікті займ облигациясы, мақсатты займдар облигациясы, аймақтық облигация және кәсіпорын (фирма) облигациясы. Облигация әртүрлі боп шығарылады: өзіндік және талап етушіге, пайыздық және процентсіз (мақсаттық), еркін айналыста және шекті айналыс шеңберінде.

Облигациялардың мынандай түрлері болады:

Агенттік облигация;

Ипотекалық облигация;

Қамтамасыз етілген облигация;

Ішкімемлекеттік және жергілікті қарыздардың облигациялары;

Мемлекеттік емес облигация;

Кәсіпорындардың облигациялары

Агенттік облигация - қаржы агенттігі шығаратын облигация.

Ипотекалық облигация - жылжымайтын мүліктермен қамсыздандыру шартымен шығарылатын, ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен (ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда), сондай-ақ тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленетін өзге де жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген облигация және тұрақты пайыз әкелетін ұзақ мерзімді бағалы қағаз.

Қамтамасыз етілген облигация - эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілімен, кепілдік берумен және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес өзге де тәсілдермен қамтамасыз етлген облигация.

Ішкімемлекеттік және жергілікті қарыздарды өткізуден алынған қаражаттар тиісті бюджеттерге бағытталады. Бұл қарыздардың облигацияларын банк мекемелері таратады. Пайыздық ішкі және жергілікті қарыздардың облигациялары бойынша табыс облигациялардың номиналына сыйақы (мүдде) есептеу жолымен немесе купондарды төлеу жолымен қарыздарды өтегенде төленеді.

Кәсіпорындардың облигациялары олардың жарғыларына және қолданыстағы заңдарға сәйкес шығарылады және таратылады.

Бағалы қағаздардың келесі түрі акция болып табылады. Акция - акционерлік қоғамның мүлкіне белгілі пайызды салғанын қуаттайтын бағалы қағаз және оның иесіне (акционеріне) пайданың бір бөлігін дивидент түрінде алу құқығын береді. Акцияны акционерлік қоғам, кәсіпорын, ұйымдар, коммерциялық банк, кооперативтер мен басқа да мекемелер шығарады. Олар ұжымдық меншікке негізделген немесе толық мемлекеттік меншік шаруашылығында болады. Акция бағалы қағаздар нарығы - қор биржасында сатылады және сатып алынады. Акция бұл процесті биржалық емес сауда негізінде де жүзеге асырады. Акцияның номиналы құны мен нарықтық бағасы бар. Акцияның нақты бағасы (нарықтық курсы) акционерлік қоғам пайдасының мөлшеріне тікелей байланысты өзгереді. Сондай-ақ алынатын дивидент мөлшері мен қарыз пайызы деңгейіне байланысты да өзгереді.

Акциялар атаулы, сондай-ақ ұсынбалы түрде де шығарылуы мүмкін.

Атаулы акциялар алыс - берісі акционерлік қоғамның акцияларын тіркеу кітабында тіркелетін акциялар.

Ұсынушыға арналған акция - оны нақтылы иелену оның иесінің компания акционері ретіндегі заңды құқықтарын қуаттайтын акция түрі.

Акция категория бойынша былай бөлінеді: еңбек ұжымының акциясы, кәсіпорын акциясы және акционерлік қоғам акциясы. Еңбек ұжымының акциясын мемлекеттік кәсіпорындар (бірлестіктер), арендалы, ұжымдық кәсіпорын, кооператив және қоғамдық ұйымдарға жататын кәсіпорындар шығаруға құқылы.

Еңбек ұжымының акциясы сол кәсіпорында жұмыс істейтіндерге ғана таратылады. Оған қатысы жоқтарға таратылмайды.

Акцияны кәсіпорын шығара отырып, екі пайдалылықты көздейді: біріншіден, көбірек пайда табу үшін, тұрғындарды қосымша қаржы салуға жұмылдыру, екіншіден кәсіпорын жұмысшыларын басқару процесіне барынша тарту. Себебі кәсіпорынның жетістігі оның табысына тікелей әсер етеді.

Акцияның сатылу және сатып алу бағасын акция курсы дейміз.

Бағалы қағаздардың ерекше түріне вексель де жатады. Вексель - шартты түрдегі вексель берушінің жазбаша қарыз міндеттілігі және белгіленген мерзімінен сон, вексель (иегеріне) ұстаушыға берешек ақша сомасын төлеу. Вексель қатаң белгіленген түрде құралады. Ол өзінің иегеріне онда көрсетілген ақша сомасын талап етуіне құқық береді. Вексельдік міндеттемелер қысқа мерзімге беріледі. әдетте бір жылға, көбінесе бір-екі айда бір рет болады. Вексель көбіне коммерциялық несиеге қызмет жасайды, ал вексельдік айналым кезінде ақшаны ауыстырады. Вексель өзінің түрі жағынан жай және аудармалы болып бөлінеді. Жай вексель - бір немесе бірнеше адамдардың жазбаша міндеттілігі және белгілі ақша сомасын көрсетілген мерзімде төлеу.

Аудармалы вексель (тратта) - бір адамның екіншіге берген жазбаша түрдегі бұйрығы және үшінші адамда белгілі ақша сомасын көрсетілген мерзімде төлеуі. Вексель сыртқы саудада несие - есептесу қатынастарын іске асыру құралы түрінде кеңірек қолданылады.

Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары 7 күннен 91 күнге дейін айналыс мерзіміндегі мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады. Олар ақша - кредит саясатының мақсаттарын іске асыру және айналымдағы ақша массасын жедел реттеу үшін пайдаланылады. Айналысқа 1995 жылдан бері шығарылып келеді.

Мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың инвесторлар үшін тағы бір тартымды түрі мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді (МЕККАМ) сатып алу- сату операциясы болып табылады, ол МЕККАМ-ды сатып алу-сату келсімшартымен ресімделеді.

МЕККАМ-ды Үкіметтің атынан Қаржы министрлігі шығарады, мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанның бағалы қағаздарының қайталама рыногында еркін айналыста болады.

Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелер (МЕОКАВМ) Қазақстан Республикасының эмиссиялық мемлекеттік бағалы қағаздары болып табылады, республикалық ағымдағы тапшылығын қаржыландыру мақсатында Үкіметтің атынан Қаржы министрлігі шығарады және бағалы қағаздар рыногнда еркін айналыста болады.

Қазынашылық валюталық міндеттемелер ұстаушыларға өтеу кезінде олардың атаулы құнын алуға және төленетін атаулы құнға пайызбен сыйақы (мүдде) алуға құқық береді.

Қазынашылық валюталық міндеттеменің бастапқы құны 100 АҚШ доллары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар – азаматтық құқықтың объектісі
ҚР құнды қағаздар нарығының дамуы
НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ-НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
Нарықтық экономикада бағалы қағаздардың алатын орны
Еліміздегі жаңа дамып келе жатқан бағалы қағаздар рыногының кемшіліктері және осы проблемалармен қалай күресу
Нарық жағдайындағы қаржы-несие жүйесі туралы ақпарат
Қаржы нарығы
Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
Бағалы қағаздардың түрлері, қызметі және мәні
Бағалы қағаздар нарығы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz