ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ


Жоспар
1. Кіріспе
2. Халықаралық жүйесінің мәні мен құрылымы
3. Халықаралық резервтегі валюта бірліктері
4. Халықаралық валюта және қаржы-несие рыноктар
КІРІСПЕ
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі - халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы.
Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қатан жайып, тамырын терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылақ өмірдің интернационалдануынан, ұллтық экономикалардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықаралық құрлымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан көрінеді.
Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы процестер. Халықаралық экономикалық қатынастардың диалектикасының өзі жекеленген елдердің экономикалық тәуелсіздік пен ұлттық шаруашылықты көркейтуге деген ұмтылысының көрінісі.
Дүние жүзілік шаруашылықтың нығайып, интернационалдануы, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы, дамудың жаңа, тиімді арналарының пайда болуы - осының бәрі экономикалық өсудің диалектикасы.
Қазіргі кезеңде адамзат әлемін «ақ, қара» деп жіктеп, оған «капитализм», «социализм» атты айдар тағушылықпен қоса жасанды антагонизмдер де келмеске кетті. Біздің заманымыз өзара байланысты, экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үшін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
ХХ ғасырдың отра шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономикака құруыға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.
Валюталық қатынастар дегеніміз - дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз беруді, ғылыми-техникалық аыцрбасты, туризмді, заңды және жеке тұлғалардың ақша аударудын қамтамасыз етеді.
Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйесі дегеніз - мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны (формасы) .
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
- Ұлттық валюта бірлігі;
- Ресми алтын-валюта қорының құрылымы;
- Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын механизмі;
- Валютаның айырбасталу мүмкіндігі (обратимость, конвертируемость валюты) ;
- Валюталық шектеулердің деңгейі;
- Мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртәпті және т. б.
Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы (құны) мен паритеті жатады.
Валютаның курсы дегеніміз - жекелеген елдердің валюталырының ара қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасының “бағасы”.
“Паритет - валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес ара қатысы. Паритет валюта курсының негізгі, бірақ валюта курсы (құны) оның паритетіне дәлме-дәл келмейді.
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.
Бұл жүйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың бірте-бірте қалыптасуы нәтижесінде пайда болып, кейінірек мемлекетаралық келісімдер арқылы заңдастылрылған.
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі элементтерінің қоры мыналар жатады:
- ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;
- халықаралық өтімді (ликвидный) активтердің құрамы мен құрылымы;
- валюталық паритеттер мен курстардың (валюта құнынның) механизмі;
- валюталардың өзара айырбасталу жағдайы;
- халықаралық валюта рыноктары мен дүниежүзілік алтын рыноктары мен дүниежүзілік алтын рыногындағы орныққан тәртіп;
- халыаралық валюта-қаржы қозғалысын реттеуші ұйымдар (Халықаралық валюта қоры - МВФ, Халықаралық даму банкі - МБРР және т. б. )
Халықаралық Валюта жүйесінің негізгі міндеттеріне тұрақты экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем айналымын тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі халықаралық есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.
Халықаралық Валюта жүйесі халықаралықө экономикалық қатынастарды кеңейтуге, немесе керсінше шектеуге әсер ететін ең маңызды механизмдердің бірі.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗЕРВТЕГІ ВАЛЮТА БІРЛІКТЕРІ
1976 жылы Халықаралық валюта қорының (МВФ) Кингстондағы (ямайка) кезекті кеңесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің жаңа негіздері қаланды. Ямайка келісімдеріне сәйкес халықаралық валюта механизмі ендігі уақытта былайша құрылатын болды:
- Алтынның құн өһлшемі ретіндегі және валюта курстарын анықтаушы қызметі жойылды, сөйтіп бұдан былай алтын бағасы еркін анықталатын кәдуілігі таурға айналды. Сонымен қатар ол ерекше өтімді тауар болып қала береді. Қажет болған жағдайда алтын сатылады, және одан түскен валюта төлемдер үшін пайдаланылады.
- СДР (speicial drawing riqht - SDR) - займ (қарыз) алудың арнаулы құқығы стандартының мақсаты оны негізгі резервтік авуар (төлем қаражаты) жасап, басқа резервтік валюталардың ролін төмендету.
- Әр елге ұлттық валюта курсының өздері таңдаған тәртібін орнықтыру құқығы беріледі. Мемлекетаралық валюталық қатынастар ұлттық ақша бірліктерінің қалықтау (плавающий) курсына негізделеді. Ақшалардың тербелу (колебания) курсы екі факторға: а) валютаның ішкі, ұлттық рыноктардағы нақты сатып алу қабілетіне; б) халықаралық рыноктардағы ұлттық валютаға сұраныс пен ұсыныстың ара қатысына байланысты болады.
90- ылдардың бас кезінде қалықтау курсы факторын жүзеге асыруға байланысты халықаралық валюта жүйесін ұйымдастырудың күрделі схемасы пайда болды.
Ол үшін, біріншіден, жекелеген ұлттық валюталар өз курстарын анықтау үшін тірек (опора) болар валюта бірліктерін таңдап алады, екіншіден, валюта курстарының тербелу дәрежесі бірдей емес болғандықтан, тек жекелеген валюталардың курстары ғана белгіленген диапазонда тербеледі де, басқа валюталардың курстары еркін өзгере береді.
Ямайка келісімдеріне сәйкес “қарыз алудың арнайы құқығы” ұжымдық валюта бірлігі есебінде қабылданды. 1969 жылы СДР қарапайым несие құралы ретінде ғана құрылып, доллардың алтын мәніне сәйкестендірілді. 1974 жылдан бастап валюталардың қалықтау курсы енгізілуіне байланысты СДР-дың алтын мөлшері жойылды. Ендігі уақытта бұл валюталық бірліктің курсы 16 елдің валюталарының орта шамасына (средневзвешенный) негізделген валюталық корзина арқылы анықталатын болды. 1981жылдан бастап СДР бес валюталар қосындысына (американдық доллар, немістің маркасы, жапонның иенасы, француздың франкі және ағылшындық фунт стерлингі) сүйену арқылы есептеледі.
Ваюталық корзина дегеніміз - бір валютаның орташа курсыты басқа валюталардың белгілі жиынтығына қатысты өлшеу әдісі . Валюталық корзинаның мөлшері оның құрамындағы валюталарға және олардың долларға қатысты рыноктық курсына тәуелді. СДР проценттер төлейді. Егер елдің СДР-дағы авуарлары олардың бөлген қаржысынан артық болса бұл ел процент алады және керісінше СДР-дағы авуарлары бөлген қаржысынан кем болса процентті осы елдің өзі төлейді. СДР бірлігі шартты. Ол МВФ-ке мүше елдер үшін бөлігінен квот негізінде есептеліп МВФ-тың арнайы есеп шотында сақталады. Бұл квоталар еркін ауыстырылатын (конвертируемый) валюталарды сатып алуға немесее төлем балансының тапшылығын өтеу үшін пайдаланылады. Дегенмен, капиталистік елдердің жалпы валюталық резервтеріндегі бұл квоталардың үлесі небәрі 6%-тей ғана
Көптеген экономистердің айтуы бойынша СДР-ді резервтегі валюта емес, кредит есебінде қарастыру қажыет. Жалпы пікір мынадай: СДР резервтегі валютаның да, кредиттің де ролін ойнайды. Мәселе оны қалай қарастыру да. Біреулер оны зебра сияқты ақ жолақты қара мал десе, екіншілері - қара жолақты ақ түсті мал дегенді айтады.
Тағы бір ұжымдық резервтегі валюта бірлігі болып, валюта корзинасының құны негізінде анықталатын - ЭКЮ саналады. ЭКЮ - Еуропалық Одаққа мүше елдер 12 валютасының негізінде жасалған. Әрбір валютаның корзинадағы «салмағы» мүше-мемлекеттің Еуропалық Одақтың ұлттық өніміндегі жеке үлесіне және Одақтың ішкі экспортында алтын орнына байланысты анықталады.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ-НЕСИЕ РЫНОКТАРЫ
Халықаралық валюта және қаржы-несие рыноктары дүниежүзілік шаруашылықтың, халықаралық экономикалық қатынастардың ең мңызды буындарының бірі.
ХХ ғасырдың соңғы 15-20 жылы қаржы рыноктарының қарқынды өсуімен айқындалады. 1980 жылдан бастап дүние жүзінің дамыған елдерінің қаржы активтері олардың ішкі жиынтық өнімдерімен салыстырғанда 2, 5 есе жедел көбейген. Дүниежүзілік валюта және сауда операцияларының құндарының ара қатысы 1980 жылы 10:1 болса, 1992 жылы бұл көрсеткіш 60:1 болған.
Қаржы рыногы дамуының негізінде қаржы айналымының объективті заңдылықтары жатыр. Бір жерлерде уақытша бос капиталдар пайда болса екінші жерде оған сұраныс қалыптасады. Дүгиежүзілік валюта дәне қаржы-нисие рыноктары бұл қайшылықтарды дүгиежүзілік шаруашылық деңгейінде шешеді.
Халықаралық экономикалық қатынастар, соның ішінде дүниежүзілік сауда, қызмет көрсету және капиталдар қозғалысы өздерін тұрақты түрде валютамен қамтамасыз етуді қажетсінеді, ұлттық валюталардың сауда-саттығын талап етеді.
Дүние жүзілік валюта, нисие, құнды қағаздар рыноктры қалыптасуының алғы шарттарына мыналар жатады:
- капиталдың өндіріс пен банктерде шоғырлануы;
- шаруашылық байланыстардың интернационалдануы;
- банкіаралық дамуы.
Валюта рыноктары дегеніміз - сұраныс пен ұсыныс негізінде шетелдік валютаны ұлттық валютаға курсы (құны) бойынша сатып алу мен сатуды жүзеге асыратын орталықтар.
Ұлттық валюта рыноктары дамыған рыноктық экономикасы бар елдердің барлығында қызмет атқарады. Ұлттық рыноктардың дамуы мен олардың өзара байланысының күшеюі арқылы біртұтас дүниежүзілік валюта рыногы қалыптасты. Оның құрамына дүниежүзілік, аймақтық, ұлттық (жергілікті) валюта рыноктары кіреді. Бұл рыноктар өздерінің көлеміне, валюталық операциялар мен валюта сомаларының сипатына қарай ерекшеленеді. Әдетте, дүниежүзілік валюта-рыноктары дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланады.
Дүнежүзілік қаржы орталықтары дегеніміз - банктердің маманданған нисие-қаржы институттарының топтасқан жері. Онда халықаралық валюта, нисие, қаржы операциялары жүргізіледі және құнды қағаздармен, алтынмен байланысты келісімдер жасалады. Дүниежүзілік қаржы орталықтарының ішіндегі ең ірілері - Лондон, Нью-Йорк, Майндағы Франкфурт, Париж, Цюрих, Токио валюта рыноктары. Бұлардағы валюта операцияларының көлемі 1973-1992 жылдар аралығында күніне 10-12 млн. Доллардан 900 млдр. Долларға деійн өсті.
90-дылдардың басында халықаралық валюта келісімдерінің 50%-ке жуығы дүниежүзілік валюта рыногының үш орталығында жүзеге асырылды. Олар:Лондон валюта рыногы - күніне 187 млрд. Доллар, Нью-Йорк - 129 млрд. Доллар, Токио - күніне 115 млрд. Долларвалюта операцияларын жүзегеасырады. Халықаралық валюта операцияларының бір тәуліктегі жалпы көлемі 90-жылдардың ортасында 1 трлн. 230 млрд. Доларға детті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz