Нарықтың мәні, түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе

1. Нарықтың мәні

2. Нарықтың атқаратын қызметтері

3. Нарық құрылымдары және олардың түрлерi

Қолданған әдебиет

КІРІСПЕ

Қазақстанның нарыққа көшуде бастапқы капитал дәрежесі төмен болды. Экономиканы қайта құра бастағанда, мамандардың тұжырымы бойынша, тұрмыс дәрежесі төмен 5-6 млн адам болды, ал мұның өзі Қазақстан халқының 1/3 -ден астамы. Республикадан толып жатқан байлық көздері алынып, мұнда қоршаған ортаның экологиялық жүдеулік жер-жерде қоюлана түсті.

Ұзақ жылдар бойы товар-ақша қатынасын елемеу, экономиканың монополиялығы, бұйрық-әкімшілік басқару тәсілі кор және товарлардың жеткіліктілігіне қарамастан тапшылыққа, товар-ақша тепе-теңдігінің бұзылуына мемлекетке арқа сүйеушілікке әкеп соқты.

Нарыққа көшудің қиындығы да, күрделілігі де ұзаққа созылатындығы да осы себептерге байланысты болды. Сондықтан республика ерекшеліктерін ескере отырып, нарыққа кезеңдей кірісу қажет болды. Нарықты қалыптастырып орнықтыру соңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, күрделі де қайшылықты жағдайларға соқтырды.

1990 ж желтоқсанның аяғында "Қазақ КСР-нің экономикасын тұрақтандыру және нарыққа көшу" бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламада нарықтық құрылымдар құруды жетілдіру, экономиканы нарыққа сәйкес реттеу, республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, нарық тарапын қалыптастыру, шаруашы -лық әрекеттерді белсендіру қаралған.

Дағдарыстарға қарсы және әлеуметтік-экономикалық қайта құруды тереңдете жүргізудің кезек күттірмейтін шаралары туралы екінші бағдарламада (экономиканы тұрақтандырып, нарыққа өту кезеңіне) 1992-1995 жж алғашқы кезеңге мынандай міндеттер қойылды:

  • мемлекет меншігінен алып, меншікті жекешелендіруді белсене жүргізу;
  • тұтыну нарығын товарлармен қанықтыру;
  • республиканың әлем шаруашылығына енуі;

Мұнда күштің басым жағын ұлт мүддесінің тәуелсіздігіне деген

экономикалық саясатты белсене жүргізуге, инфляцияны мүмкін болғанынша төмендету, өндірістің құлдырай беруін тоқтату, оны өркендете беруге жағдай жасау, халықтың әлеуметтік нәзік жағына нарық кеселінің салдарын жеңілдету мәселелері топтастырылған.

1996-2005 жж барысындағы екінші кезеңде көзделген міндеттер:

  • Республиканың шикізат қана өндіруге бағыт ұстауын жойып, нарықтың толық механизмін құру, транспорт тараптарын тезірек дамыту және нарықтың барлық (көзделген) түрлерін де қалыптастыру;
  • Экономиканы монополизацияға соқтырмай, дұрыс бәсеке атаулыны кеңінен қолдау арқылы барлық товар өндірушілерге шын мәнінде еркіндік жасау;
  • Жаңа технологияны игеріп "Экология" жайында жан-жақты жасалған бағдарламаны іс-жүзіне асыру арқылы табиғатты ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
  • Отандық және халықаралық бизнес саласын кадрлармен толықтыру.

5-6 жылға арналған үшінші кезеңде ашық экономиканы дамыту

негізінде Қазақстанның әлемдік саудада алатын орнын нығайту, бюджет тапшылығы мәселелерін шешу, ұлттық валютаға толық жол ашу, республиканың әлемдегі өнеркәсібі озық елдер қатарына қосылуы көзделген.

1. НАРЫҚТЫҢ МӘНІ

Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдык өнімнің нақтылы қозғалысы сан мындаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардын, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылыгғның экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің "қан айналымы" жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы козғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршендігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен нарықтардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.

Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориалық айтыстар толастамай келеді. Экономикалык әдебиеттер мен зерттеулерде "нарық" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла койған жоқ. Көпшілігі нарықтық катынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет "дәрі" деп те, немесе осы салада орын алып отырған олкылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтің керемет "күш" деп те дәріптеуде.

Саяси экономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен, нарық тауарлы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен айналыстың заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Нарық - тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.

Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т. б. ) өмірге әкелді. Көп уакыт бойы біздің еліміздегі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды. Соңгы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне көшу нарықтық айырбаска кенңжол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі "батыстық модельдерді" қайталау емес. Бұрынғы социалистік елдердегі нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтың тепе-теңдігі қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастады.

Соңғы уақытта, теориялык дискуссияларда нарық пен жоспар бір-біріне орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлы ұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін, экономиканың тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамытудың басты тұтқасы. Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмінің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн.

2. НАРЫҚТЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ

Нарықтың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістін үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады. Қоғамдык қажеттіліктерді өтеу барысында халық шаруашылығы кұрылымдары, өнімнің түрлері және баска да шаруашылық параметрі жоспарланады. Сөйтіп, өндіріс пен тұтыну процестерінің арасындағы байланыстар белгіленеді. Ал мұндай жоспарлы бағыт-бағдарлар мен тапсырмалар алдымен нарықта, сұраныс пен ұсыныс, кәсіпорындардың келісімдері арқылы алғашқы сынақтан өтеді. Сонымен қатар, нарық белгіленген жоспарды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Өйткені ол өндірілген өнімнін оған жұмсалған енбектің қоғамдық қажеттілігін дәлелдейді. Нарықтың тағы бір маңызды қызметі өндіріс шығындарын азайту. Бұл қызметін олбағаның қоғамдық кажетті еңбек шығындарын накты сипаттауымен байланысты атқарады. Тек бағалар нарықтық өзгерістерді әрдайым ескеретіндей икемді болулары керек.

Көп уакыт бойы біздің шаруашылығымыздың бұрынғы социалистік елдердегі сияқты сәйкестілігі бұзылып, экономика тапшылык, жағдайында, болып келді. Мұны ұдайы өндірістің заңдылығы деп түсінушілер де аз болған жоқ. Сөйтіп, социализм тұсында сұраныс ұсыныстан әрдайым артық болуы керек деген формула пайда болды. Нарық құрылымы өте күрделі. Мұның ең басты буыны - өндіріс құрал-жабдықтары қозғалысы материалдық-техникалық жабдықтау түрінде жүзеге асты. Материалдық-техникалық жабдықтау-орталықтан ресурстарды жоспарлы түрде өндірушілер мем тұтынушыларға беліп отыру. Бұл баскарудың әкімшілдік-әміршілдік түріне тән әдіс еді. Сырт қарағанда материалдық-техникалық жабдықтау сатып алу, сату аркылы жүргізіледі, бірақ бұл формалды түрде болып келді. Нарықтың ұдайы өндірістегі рөлі көтеру үшін өндірушілер мен тұтынушылар арасында тікелей коммерциялық және аралық рөл атқаратын көтерме базалар арасындағы қатынасты кеңінен дамытуды өмір талап етті. Материалдық-техникалық ресурстарды орталықтан бөлуден өндіріс құрал-жабдықтарын нарық арқылы сатуға көшу, еңбек ұжымдарынын өзін-өзі басқару мен экономикалық дербестігін күшейтіп іскерлігін керсетуге жол ашты.

3. НАРЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРI

Нарық - өте күрделi, көптеген құрылымы бар ұғым. Бұл жағдай нарық жүйесiн құрылымдық жағынан шектеудiң көптеген белгiлерi бар екендiгiн анықтайды. Ең алдымен, әр түрлi тауар топтарының /тұтыну тауарлары және өндiрiске арналған тауарлар, шикiзат және дайын заттар/ нарығы.

Сонымен қатар, нарықты аумақтық өзiндiк белгiлерiне сәйкес былайша белгiлеуге болады; белгiлi бiр аймақтың нарығы; салааралық бiрлестiктер нарығы және әлемдiк нарық. Нарықтың тағы бiр құрылымын анықтайтын белгi - нарықтық қатынастардың кемелiне келу деңгейi, яғни дамыған нарық. Нарық саны мен қатар, әр қоғамда енгiзiлiп, әрекет етiп отырған заңдылыққа сәйкестiгi жағынан ашық /ресми/ және жасырын /“көлеңкелi”/ нарық болып iшiнара бөлiнедi.

Нарықтың жеке түрлерiн қарастырайық.

  1. Өндiрiс құрал-жабдықтарының нарығы. Нарықтың iшкi құрылымы өте күрделi, оның маңызды бөлiмi - өндiрiс - құрал - жабдықтарының нарығы. Бiзде ұзық уақыт өндiрiс құрал-жабдықтары қозғалысының формасы материалдық - техникалық жабдықтау болып келедi.

Материалдық - техникалық жабдықтау - бұл өндiрушiлер мен тұтынушыларды бiр-бiрiне жақындастыру негiзiнде, бiр орталықтан бекiтiлген қорлар бойынша ресурстарды жоспарлы түрде бөлуге негiзделген. Мұндай жүйе әкiмшiлдiк-әмiршiлдiк басқару әдiсiне тән. Бұл жағдайда тауар-ақша қатынастары жеткiлiктi дамымайды.

Көтерме сауда өнiм өндiрушi кәсiпорындар мен тұтынушы кәсiпорындар арасындағы тiкелей сауда-саттық /коммерциялық/ байланысты да, сондай-ақ, олардың арасындағы шаруашылық есептегi делдал ретiндегi көтерме сауда базасы арқылы болатын байланысты да қамтиды.

  1. Капитал /қорлар/ нарығы. Бiздiң қоғамда, көпке дейiн нарық қатынастары сферасына: жер, кәсiпорындар, ғылыми-техникалық жетiстiктер, жұмысшы күшi, яғни өндiрiстiң негiзгi шарттары тартылмайды деген көзқарас болағын рас. Ол бойынша мемлекеттенген экономиканың шын көрiнiсiн бейнелейдi. Сонымен қатар, ресурстардың көлденең /кәсiпорындар арасында/ қозғалысына жол берiлмей, әрбiр кәсiпорындар мемлекет бюджетiнiң қаржысы арқылы ресурстармен қамтамасыз етiлiп отырды.
  2. Тұтыну тауарлары мен қызмет түрлерiнiң нарығы. Бiздiң бұрынғы Одақта бөлшек сауда /яғни тұтыну тауарлары мен қызмет түрлерi/ нарығының қажеттiлiгi 30-жылдардың өзiнде-ақ мойындалған. Бiрақ сауданы нарықтың қатынасынсыз бөлуге кең жол ашылды, тiптi қазiрдiң өзiнде де мемлекеттердiң әр түрлi формалары /варианттары/ сақталып отырғаны аян.

Бүгiнгi таңда тұтыну нарығының қалыптасу жолындағы басты кедергi - тауар тапшылығы. Мiне, осы жағдайда өндiрушiлер мен сатушылар монополиялық жағдайға ие болып, сатып алушыларға үстемдiк көрсетуде.

Сонымен қатар, кейiнгi жылдары жүзеге асырылып жатқан шаралар нарыққа жол ашуда. Ол неге байланысты?

Бiрiншiден, мемлекеттiк сауда монополиясынан бас тарту. Қазiргi кооператорлар мен жеке сауда-саттықпен айналысушылар --сатушылар мен сатып алушылардың жаңа категорияларының пайда болуына себебiн тигiзуде және нақты нарықтың қалыптасуына жол ашуда.

Екiншiден, бұл өзгерiстер жеңiл тамақ өндiрiсi кәсiпорындарын нарық әдiстерiмен реттеуге көшуге және бөлшек сауданы қайта құруға байланысты. Әкiмшiлдiк-әмiршiлдiк басқару кезiнде: қоғамдық тамақтандыру орындары, дүкендерi, кәсiпорындар өздерiнiң белсендiлiгiн көрсете алмайды. Бұдан шығатын бiрден-бiр жол - өндiрушiлер мен тұтынушылардың тiкелей байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық, оның қызметтері және қызмет ету қағидалары
Нарық -түрлері, құрылымы, үлгілері
Нарықтың экономикада қажеттігі, мәні, өту жолдары
Нарықтық экономика: қажеттілігі, мәні, өту жолдары
Нарықтық экономика жағдайы
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы мәлімет
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері
Нарық және иерархия
Қазақстан Республикасында нарық инфрақұрылымдарының қалыптасу мәселесі
Сұраныс пен ұсыныс жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz