Экономиканың циклдық дамуының механизмі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
1.2 Экономиканың циклдық дамуының негізгі типтері. 6
1.3 Н.Д.Кондратьевтің “ұзын толқындар” теориясы. 8
Бөлім 2. Экономиканың циклдық дамуының механизмі. 11
2.1. Экономикалық цикл фазалары. 11
2.2 Экономикалық циклдың даму пайда болу себептері. 12
2.3 Мультипликатор-акселератор эффектісі. 14

ХХ ғ. 30 ж.ж. цикл теориясында жетекші рольді кейнстік теория алды. Бұл
теория классиктердің негізгі постулатына қарсы болды. Бұған сәйкес бәсеке
механизмі ресурстардың толықтай пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Сонымен
қатар бұл теория класикалыққа альтернативті түрде жұмысбасталық теориясын
жасаумен айналысты. Дж. Кейнс Сэй заңынан бас тартты. Бұл заң бойынша
жиынтық ұсыныс өзінің сұранысын туғызады. Нарықтық механизмнің негізгі
әлементтері сұрасындағы себеп-салдарлы байланысты ол Сәй-ға қарағанда
басқаша қарады. Оның пікірінше сұраныс ұсынысты туғызады. Енді Кейнс өз
концепциясын жасауға мүмкіншілік берген негізгі теориялық шарттарды
қарастырайық.
Экономика система шеңберінде белгілі тұрақтандырушы элементтердің
болуы қарастырылады. Олар құлдырауды жеңілдетіп, жандану фазасына өтуді
шарттастыру керек болады. Бұл элементтердің бірі болып бағаның төмен түсуі
болып табылады. Құлдыраулар әрқашан баға деңгеінің төмен түсуімен және ақша
құндылығының өсуімен қатар жүреді. Адамдар бағаның төмен түсуін күту
кезінде олар өз ақшаларын көп мөлшерде жинақтайды.
Бірақ та бағаның төмендеуі халықтың нақты ақша қорының өсуін
көрсетеді. Мұндай жағдайда адамдар келесі уақытта бағаның төмен түсуін
емес, бағаның өсуін күтеді. Осылайша төлем қабілеттілігінің өсуімен бағаның
сәйкесінше өсуін күту адамдардың өздерінің ақша қорларын және тұтыну
шығындарын азайтуға әкеледі. Мұның нәтижесінде экономикалық жандану
байқалады. Ал келесі әсерлі сұранысты құрайтын инвестициялық шығындарды
қарастырсақ, онда бұлар да құлдырау кезеңінде азаяды. Бұл процестің
нәтижесі қарыз капиталына және сәйкесінше қарыз процентіне сұраныстың төмен
түсуі болып табылады. Қарыз процентінің азаюы инвестициялауға ықпал етеді.
Ол өз кезегінде белгілі бір уақыт мерзімінде экономиканың жандауына алып
келеді.
Кейнстің ойынша осы тұрақтандырушы элементтердің бірде-біреуі іскерлік
белсенділік динамикасына әсер ете алмайды. Алдыменен бағалар сұраныстың
азаюы жағдайында да төмен түсе алмайды. Бұған кедергі жасайтын себеп:
өндірушілердің бағаны белгілеуде және өзіндік шығындарға монополиясы,
сонымен қатар кәсіподақтың ұжымдық шарттарда еңбекақы ставкасын бекітуге
ұмтылу. Мұнымен бірге ЖІӨ азайғанда ақшаға сұраныс едәуір көбеюі мүмкін,
яғни халық құлдырауды болжап, ақшаның құндылығының (төмендеуі инвестициялық
поцесті тудыруы мүмкін) көбеюін күтеді. Сонымен проценттік ставканың
төмендеуі инвестициялық процесті тудыруы мүмкін және тауарлар мен қызмет
көрсетулерді өндіруге ынталандырады. Алайда мәселе өндіріс көлемін өсуін
қамтамасыз етуге инвестициялық сұраныстың жеткілікті болуында. Бұл
талдаулардан мынадай қорытынды шығаруға болады: егер экономика құлдырауға
қарай қозғалса, тұтынушылардың, инвесторлардың және өндірушілердің өзгерген
жағдайларға жауабы міндетті түрде оны бұрынғы қалыпты жағдайға қайта
әкелмейді. Керсінше экономикалық жүйе өндіріс көлемі қалыпты деңгейден
төмен жағдайда ұзақ уақыт бола алады.
Кейнстік цикл теориясы 4 құрамдас бөліктен тұрады: біріншіден,
инвестициялық сұранысты анықтайтын факторлар (инвестициялық қызмет):
екіншісі, тұтынушылар сұранысын анықтайтын факторлар (тұтыну қызметі);
үшіншісі, мультипликатор эффектісі, төртіншісі, акселяратор теориясы.
Кейнстік модельге енгізілген инвестициялық функция барлық инвестицияларды
туынды және автономдық деп бөледі. Туынды инвестицияның өсуі жүйенің ішкі
эндогендік факторларымен байланыстырылады. Туынды инвестицияларда импульс
қызметін ұлттық табыстық және тұтынушы сұранысының өзгеруі
атқарады.Автономдық инвестициялардың қозғалысы сыртқы сипаттағы
факторлармен анықталады. Бұларға техникалық прогресс пен төңкерістер халық
санының өсуі, мемлекеттің саясаты түрткі болып табылады.
Кейнстік теорияның тағы бір бөлігі – мультипликатор. Ол инвестиция мен
ұлттық табыстың динамикасымен байланысты.Мультипликаторлық процестің
ұзақтығы мен жалпы әсері (эффектісі) табыстың тұтыну мен жинақталуға қандай
пропорцияда бөлінетініне тәуелді. Бұл жерде беталыс мынадай болады:
табыстың үлкен бөлігі неғұрлым тұтынылса, соғұрлым табыстар алғаш
инвестицияланған ақша сомасын тудырады және де мультипликаторлық процесс те
ұзақ болады, яғни тұтынуға бейімділік сайын мультипликатор көлемі ұлғая
түседі.
Кейстік теорияның соңғы құрамдас бөлігі – акселяратор концепциясы. Ол
алғашқы инвестициялардың жаңа өсіміне ықпалын көрсетеді. Осылайша
Дн.МКейнстің мультипликация және акселерация принциптерін енгізу арқасында
инвестиция – табыс – инвестиция процесі тұйықталған сипат алды.
Жоғары айтылғандардың негізінде Кейнстік теорияның негізгі идеяларын
тұжырымдайық. Ұлттық табыс пен жұмысбастылық көлемі жиынтық сұраныстың
мөлшеріне тәуелді болады. Соңғысы қоғамның тұтыну мен жинақталу
шығындарының қосындысынан тұрады. “Негізгі психологиялық заң” бойынша
қоғамның тұтынуға кететін шығындар мөлшері табыс өсімінің мөлшерінен артта
қалады. Бұл жиынтық сұраныстың жеткіліксіздігінің бірінші себебі болып
табылады. Қоғамның табысы мен шығындар мөлшерінің арасындағы арақашықтықтың
үлкеюі осы алшақтықты толтыратын инвестициялардың үлкеюіне апарады.
Шындығында дамушы елдерде капиталдың қашықтығы мен процент нормасының
тұрақтылығы кәсіпкерлердің жеткілікті түрде инвестициялауға мүмкіндік
бермейді. Бұл жиынтық сұраныстың жеткіліксіздігінің екінші себебі болып
табылады. Дж.М.Кейнс мынадай қорытынды шығарады: егер де стихиялы нарқтық
механизміне сүйенетін болсақ, онда экономикалық жүйеде жиынтық сұраныстың
созылмалы жеткіліксіздігі мен жұмыссыздық қалыпты құбылысқа айналады. Бұл
жағдайдан шығудың жолын ғалым тұтыну мен инвестиция лық әсерлі сұранысты
реттеу мақсатымен белсенді араласуынан көрінеді. Реттеудің негізгі
құралдары бюджет саясаты болуы тиіс, яғни мемлекеттік табыс пен
шығындарғаықпал жасау, сонымен қатар салық ставкаларына сұранысты ұлғайту
немесе қысқарту мақсатымен манипуляция жасау; проценттік есептік
ставканың және ашық нарықтағы операциялар өзгерістерін қарастыратын ақша-
кредиттік саясат шаралары .
60 жылдар ортасынан бастап экономикалық ойда үстем жағдайды
неокейнстік теория болды. Бұл бағыттың ең көрнекті өкілі А.Хансен болды.
Оның цикл теориясында өндіріс өсімінің бірінші себебі ғылыми-техникалық
прогресс (ҒТП) болып табылады. Бұл ҒТП жаңа жаңа салалардың қалыптасуына
ықпал етеді және осылайша жаңадан инвестициялар автономды талап етеді. Әр
капитал салымы нәтижесі мультипликатор-акселяраторлық процестің өрістеуі
болып табылады. Яғни инвестиция лар табыс өсімін туғызады. Ал табыс деңгейі
неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тұтынуға бейімдеушілікті жоғарылатады. Бұл
табыс та одан да артық көбейтетін туынды инвестицияларды тудырады. Бұл
процесс мультипликатор-акселяратор өзінің әсер ету мүмкіндігін сарқып
біткенше дейін жалғасады. өндірістің потенциалды деңгейіне экономикалық
жету мүмкіндігі мынадай факторлармен анықталады: біріншіден, жаңалық
енгізулер туғызған автономды инвестициялар; екіншіден, мультипликатор
мөлшерін анықтайтын тұтынуға шекті бейімділік; үшіншіден, акселератор
көлемі. Өсу процесінің тоқтауы және құлдырауға қарай бет алу екі түрлі
себеппен түсіндіріледі. Ссудалық қарыз проценттің өсуімен, өндіріс
құралдарына бағаның өсуімен және де күтілген пайдан нормасының төмендеуімен
байланысты автономдық инвестицияның сарқылуы, сонымен қатар мультипликатор-
акселераторлық процестің әлсіреуі.
ХХ ғасырдың 70-жылдары монетаризм бағытының күшеюі классикалық
идеялардың қайта өрлеуімен сипатталады. Бұл концепция экономикалық жүйедегі
ақша сферасына шешуші рольді береді. Монетаристер нарықтық экономиканың
өзін-өзі реттеу қабілетіне сүйенеді. Олардың пікірінше әсерлі сұранысты
басқарып отыру тек қана нарықтық механизм қызметінің бұзылуы мен
инфляцияның дамуына әкеледі. Сондықтан олар ақша массасына бақылаудан басқа
мемлекеттің экономикаға тікелей және жанама аралсуының барлық түрлеріне
шектеу қоюды қажет деп санайды. Қазіргі кездегі монетарлық цикл теориясы
М.Фридмен идеяларына негізделген. Олардың мәнін былай түсіндіруге болады:
Экономикалық жүйе шеңберінде ақша айналысының бұзылуынан туған циклдық
тербелістер болуы мүмкін. Бұл ауытқулардың себебі- ақшаға сұраныс пен
ұсыныс арасындағы айырмашылық. Сонымен бірге экономикалық жүйенің ішкі
қасиеттерімен байланысты болатын ұзақ мерзімді тепе-теңдіктің бұзылу
мүмкіндігі толықтай жоққа шығарылады.
Ақшаға сұраныс қызметі тұрақсыз және алыпсатарлық себептер ықпалына
ұшыраған Кейнстік теорияға қарағанда монетарлық цикл теориясында аса маңызы
бар ақшаға сұраныстың функциясы тұрақты болады. Соңғысы тұрақсыз өлшем, ал
ұсынысы- өте тұрақсыз және ақша- кредиттік институттардың саясатына тәуелді
болғандықтан экономикасына өсімі үшін, ақша массасының айналыстағы тұрақты
өсімі болуы қажет.
Монетаризм шеңберінде ақша массасының өзгерісі міндетті түрде ұлттық
табысқа әсер етеді. Өскен ақша массасы немесе нақты табыс пен бағаның өсуі
арасындағы бөлу екі фактормен анықталады. Біріншіден, бұл қазіргі ағымдағы
өндіріс деңгейі мен толық жұмысбастылыққа сәйкес деңгейі арасындағы
арақатынас. Басқаша айтқанда, экономика неғұрлым толық жұмысбастылыққа
жақындаған сайын, соғұрлым ақша массасының артуы ұлттық табыстың емес
бағаның өсуіне жағдай жасайды және керісінше. Екіншіден, бағаның күтілетін
бет алысы. Инфляция жағдайында баға өсуін күтудің өзі ақша массасының
көбеюін одан әрі ұлттық табыстың емес бағаның өсіміне айналдырады.
Монетарлық цикл теориясындағы соңғы процесс ақша сұранысының өзгерген
баға деңгейіне бейімделуі болып табылады. Ақша сұранысы міндетті түрде ақша
ұсынысының өсімін басып озады. Бұл жеке себептер салдарынан болады. Бұған
қоса тауарлар мен қаржылық активтерге ақша сұранысы нақтыдан жоғарғы және
төмен болады; сұраныс пен ұсыныс арасында айырмашылықтар пайда болады. Міне
осылар циклдық ауытқулардың себептері болып табылады. Алайда монетаристер
пікірінше экономикалық жүйе шеңберінде ұзақ мерзімді тепе-теңдіктің бұзылу
мүмкіндігі толықтай жоққа шығарылады.
Циклдық тербеліс теорияларын қарастырғанда психологиялық
концепцияларды ескерусіз қалдыруға болмайды. Олар экономикалық ғылымда
айрықша орын алады. Циклдың психологиялық теориясын егжей-тегжейлі талдау
оның өзіндік үш бағытын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Біріншісі ХІХ
ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, У.Джевонс пен В.Парето
еңбектерінде таныстырылды. Бұл еңбектерде циклдық тербелістің себебі тауар
нарығы мен қор биржасында алыпсатарлық себептердің болуы болып табылады.
Алыпсатарлық сұраныстың өсуі тудырған көтеріңкі көңіл- күйі
экономикасының өрлеуіне жағдай жасайды. Ол өндіріс көлемінің негізсіз
өсуіне алып келеді және экономиканың тепе-теңдік қозғалысынан ауытқытады.
Банкротқа ұшырау дүрбелеңі мен қарыз процентінің өсуі нәтижесінде құлдырау
пайда болады.
Психологиялық цикл теориясындағы екінші бағыт ХХ ғасырдың 20-30
жылдары пайда болып, А.Пигу теориясында таныстырылады. Іскерлік
белсенділіктің ауытқулары негізінде жаңа инвестициялардан күтілетін табыс
деңгейі мен нақты және күтілетін табыс мөлшері арасындағы арақатынас жатыр.
А.Пигу ойынша, егер нақты табыстың деңгейі күтілетін деңгейден асатын
болса, бұл кәсіпкерлерді келешекке оптимистік ойларды тудырып, өндіріс және
инвестициялардың көбеюіне әкеледі. Алайда өндірушілер өздерінің
бәсекелестерінің жоспарлары туралы мәліметтері болмағандықтан тауар ұсынысы
белгілі бір мезетте сұраныстан асып кетеді, нақты табыс күтілген табыстан
артта қалады.
Үшінші бағыт Р.Лукастың “тепе-теңдік цикл теориясымен” таныстырылады.
Теория негізінде “есеңгіртулері” (шок) мен акселератор механизмінің өзара
әрекеттесуі жатыр. Ақша массасының кенеттен өсуі және осымен байланысты
болатын баға өсімі шаруашылық агенттерді мемлекеттік шығындармен
байланыстырады, жиынтық сұраныстың өзгеріссіз деңгейінде экономикалық
өрлеуге жағдай жасайды. Өндірушілер өз қателерін түсініп, жұмысбастылық пен
өндіріс көлемін қысқарту кезінде құлдырау бастайды.
Жүргізілген талдау келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді.
Экономикалық қбылыс ретінде артық өндіріс дағдарысының пайда болуы
экономистерді көрсетілген мәселеге жіті назар аудыруына әсер етті. Цикл
теория пайда болғаннан бастап Кейнсиандыққа дейін олар экономикалық ғылымда
шешуші рольді атқармаған, себебі іскерлік белсенділіктің ауытқуы
(тербелісі) экономикалық жүйелердің түп негізгі қасиеті болып саналмады.
Бұл кезеңде циклдық тербелістердің себептерін жаңалықтар енгізулер немесе
негізгі капиталдың қозғалысының ерекшеліктерімен байланыстырды. 30
жылдардың соңы мен 60 жылдардың басында Кейнстік теория экономикалық ой
шеңберінде үстем жағдайды иеленді. Бұл бағыттың өкілдері артық өндіріс
дағдарысын тұтынуға бейімділіктің жеткіліксіздігімен түсіндіріледі,
сондықтан да бұдан шығудың жолын олар әсерлі сұраныстың көтермелеуден
көрді. Тәжірибе негізінде реттеуші құралдар- бюджеттік және ақша кредиттік
саясат болды. 70 жылдары жиынтық сұранысты реттеу мемелекеттік араласудың
өте үлкен масшабтарынан, таңдаулардағы қателіктердің дұрыс еместігінен,
шаралардың уақытында қолданылмауы салдарынан тұрақсыздандырушы фактор
ретінде қарастырыла бастады. Классикалық идеялардың қайта өрлеуі монетариз
позициясының күшеюімен қатар жүрді. Мемлекеттің араласуы монетаристер мен
тұрақсыздандыруша фактор ретінде қарастырды. Сондықтан да олар ақша
массасының өсіміне бақылау жасауға назар аудыруды ұсынды. Себебі ақша
айналымының бұзылуы олардың пікірінше циклдық тербелістің себебі болып
табылады.

1.2 Экономиканың циклдық дамуының негізгі типтері.

Экономистер арасында экономикалық цикл ұзақтығы туралы мәселе бойынша
да бірлік жоқ. Қазіргі қоғамдық ғылымға циклдық дамудың 1380 типі белгілі.
Мына таблицада ең кең тараған алтауы көрсетілген.

Циклдың негізгі типтері
Типі Цикл ұзақтығы Басты ерекшеліктері
Китчин 2 – 4 жыл Қорлар көлемі→ЖҰӨ,инфляция,жұ-
мысбастылықтың өзгеруі,тауарлық
циклдар
Жуглар 7 -12 жыл Инвестициялық цикл→ЖҰӨ,инфля-
ция,жұмысбастылықтың ауытқуы
Кузнец 16 – 25 жыл Табыс → иммиграция → тұрғын үй
құрылысы → жиынтық сұраныс → табыс
Кондратьев 40 - 60 жылТехникалық прогресс, құрылымдық
өзгерістер
Форрестера 200 жыл Энергия және материалдар
Тоффлер 1000 – 2000 жыл Өркениеттің дамуы

Жуглар циклы. Бәрінен бұрын экономика ғылымы 7-12 жылдық циклды бөліп
көрсетті. Кейін ол Жуглар есімімен аталды. Сонымен қатар бұл циклдың басқа
да атаулары бар.Олар: “бизнес-цикл”, “өнеркәсіп циклы”, “орташа цикл”,
“үлкен цикл”. Алғаш рет өнеркәсіптік цикл 1825 жылы Англияда болды. Бұл
кезде машина өндірісі металлургия, машина жасау және басқа да басты
салаларда билік етті. Дағдарыс 1836 жылы Англияда пайда болып, кейін АҚШ-қа
да тарады. 1847-1848 жж.АҚШ-та және де бірқатар Еуропа мемлекеттерінде
болған дағдарыс, шын мәнінде алғашқы дүниежүзілік өнеркәсіп дағдарысы
болды. Одан кейін 1857 және 1866 жж. болған дағдарыстарға жалғасты. Ең
терең дағдарыс 1873 жылы болды.
Егер ХІХ ғ. өнеркәсіптік цикл 10-12 жылды құраса, ХХ ғ. оның ұзақтығы
7-9 жылға дейін қысқарды: 1882,1890,1900,1907 жылғы дағдарыстар. 1920-
1921,1929-1933, 1937-1938 жылдардағы экономикалық дағдарыстар экономиканың
құлдырауына өте қатты әсер етті. Олардың ішінен 1929-1933 жылғы “Ұлы
депрессия” кезеңін айрықша атауға болады. Ол өндірістің терең және ұзақ
құлдырауымен ерекшеленеді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өнеркәсіптік дағдарыстар 1948-1949,
1953-1954, 1957-1958, 1960-1961, 1969-1970, 1973-1974, 1981-1982 жылдары
болып өтті. Әсіресе 70 жылдардың ортасындағы дағдарыс өте терең болды.
7-12 жылдық циклдың К.Жуглар (1819-1905жж.) есімімен аталуы оның
Франция, Ұлыбритания, АҚШ-тағы өнеркәсіптік ауытқулар табиғатын зерттеудегі
еңбектерімен байланысты берілді.Ол өзінің зерттеулерін процент пен баға
ставкалар өзгерісін талдау негізінде жүргізді. Бұл өзгерістер циклдарымен
сәйкес келетіні анықталды. Ал олар өз кезегінде ЖҰӨ, инфляцияның және
жұмысбастылықтың ауытқуларын туғызады.
Мысалы, 1939 жылы Й.Шумпетер(1883-1950) 1787-1932 жылдар арлығында 11
Жуглар циклын бөліп көрсетті.
Китчин циклы (қорлар циклы). Китчин (1926 ж.) өзінің назарын 2-4
жылдық қысқа талқындарды зерттеуге аударды. Ол өз зерттеулерін тауарлық
қорлардың қозғалысы кезіндегі қаржылық есептер мен сату бағаларын зерттеу
негізінде жүргізді.
Кузнец циклы. 1930 жылдары АҚШ-та “құрылыс циклын” зерттеулер пайда
болды. Дж.Ригольмен, В.Ньюмен және т.б. терттеушілер тұрғын үй құрылысының
жылдық көлемінің алғашқы статистикалық индекстерін жасады. Осыдан келіп
олар тез өсу және терең құлдырау мен тоқыраулар арасындағы бірінен кейін
бірі келетін ұзақ интервалдарды табады. Осы кезде 20 жылдық ауытқуларды
анықтайтын “құрылыс циклы” деген термин пайда болды. 1946 жылы С.Кузнец
(1901-1985 жж.) “Ұлттық табыс” деген еңбегінде мынадай қорытынды жасайды:
өндірістік мақсаттағы құрал-жабдықтарға, сонымен қатар ғимараттар мен
құрылыстарға салынған ішкі инвестициялар тұтынушы шығындары мен ұлттық
табыстың көрсеткіштері 20 жылдық циклды түсіндіреді. Әсіресе бұл
ауытқулардың ең үлкен амплитудасы құрылыста болады деп атап көрсетеді.
Кузнец еңбегі жарыққа шыққаннан кейін “құрылыс циклы” термині
қолданыстан шығып, “ұзақ ауытқулар” деген терминге орын береді. 1955 жылы
американ зерттеушісінің еңбектері үшін “құрылыс циклын” “Кузнец циклы” деп
атау туралы шешім қабылданады.
1968 жылы американ ғалымы М.Абрамовиц 20 жылдық цикл механизмін
былайша сипаттады: табыс → иммиграция → тұрғын үй құрылысы → жиынтық
сұраныс → табыс (ЖҰӨ өсуі немесе тауарлық массаның өсуі халықтың ағымы мен
туу деңгейін жоғарылатады. Бұл инвестицияны, сонымен бірге тұрғын үй
құрылысын жеделдетеді, кейін керсінше процесс жүреді).

1.3 Н.Д.Кондратьевтің “ұзын толқындар” теориясы.

Нарықтық экономикаға тек қана қысқа мерзімді циклдар емес, сонымен
бірге 50-60 жылға созылатын үлкен толқындар да тән.
Конъюктураның үлкен циклы туралы теорияның негізі ХХ ғ. басында
салынды. Ұзын толқын концепцияларының ең кең тараған бес түрі
белгілі:Кондратьев (өндіруші) , Шумпетер (инновациялық), Троцкий
(капиталистік жүйенің дағдарыс концепциясы), демографиялық, әскери циклдар.
Ұзын толқындарды зерттеуге үлкен үлес қосқан орыс экономисі Н.Д.Кондратьев
болды. Солардың ішінде ғалым өзі өңдеп , жинақтаған материалдарын
жүйелендіріп, ұзын толқындар теориясының негізін қалады.
Ұзын толқындар теориясының қысқаша мәні мынада: капиталистік
экономиканың дамуы бірінен кейін бірі келетін өсудің баяулауы мен жеделдеу
кезеңдерімен сипатталады. Бұл кезеңдердің ұзақтығы 20-30 жылды құрайды.
Экономикада ұзақ мерзімді ауытқуларды туғызатын механизмнің негізгі
элементтері – негізгі капиталдың айналымы, бос ақша капиталының жинақталуы,
ғылыми-техникалық прогресс болып табылады. Осылайша Кондратьев алғаш рет
ҒТП-ны ұзақ мерзімді циклдың ішкі факторы ретінде қарастыра бастады. Тауар
бағасының, капиталға проценттің, номиналды жалақының, сыртқы сауда айналысы
мен көмірді өндіру мен тұтыну және де қорғасын, шойын өндірісінің орташа
деңгейі туралы 140 жылдық статистикалық мәліметтерді өңдеп знрттеген
Кондратьев конъюктураның үш үлкен циклын бөліп көрсетті: алғашқы толқын ―
1790-1850 жж. аралығы, екінішісі ― 1851-1890 жж., үшіншісі ― 1891 жылы
басталып, 1920 жылы құлдырау фазасына өтті.
Кондратьев өзінің зерттеулерінің басты мақсаты – дүниежүзілік
капиталистік шаруашылықтың даму беталысын болжаудың әдістемесін жасау, яғни
ол капитализмнің даму қабілеттілгіне, ұзын циклдар кезіндегі эволюциясына
сенді. Бірақ бұл тұжырымдар тез арада құлдырау идеясына қарама-қайшы келді.
Сондықтан Кондратьевтің ұзын толқындар теориясы көпке дейін зиян әрі
келешегі жоқ деп саналып келді.
Ұзын толқындар теориясының қайта өмірге келуі австриялық экономист
Й:Шумпетер есімімен және оның “Экономикалық циклдар”(1939ж.) деген
еңбегімен байланысты. Шумпетер еңбегі нарықтық экономика механизмінде
өзгерістер ьолып жатқан кезде жарыққа шықты. Экономика дағдарыс жағдайынант
шығып, экономикалық өсімнің қарқыны жеделдей бастағандықтан ұзақ мерзімді
ауытқулар назардан тыс қалды. Бірақ 60-70 жылдары бұл мәселеге қайта оралу
байқалады. Бұл нарықтық экономиканың қайта құру кезеңіне өте бастағанымен
байланысты болды. Жаңа статистикалық мәліметтер мен қосымша зерттеулермен
толықтырылған ұзын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция мәні, пайда болу себептері, түрлері
Фискалдық саясат және ондағы салықтық реттеу
Бюджет - салық саясаты туралы
Экономиканың циклдық концепциялары
Экономиканы салықтық реттеу
Фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы
Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайында
Экономикалық өсу - экономикалық дамудың маңызды көрсеткіші
ҚР - да нарықтық экономиканың қалыптасуы
Пәндер