Мемлекеттiң бюджетi – мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы ретiнде


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КIРIСПЕ . . . 3

1 ТАРАУ. Мемлекеттiң бюджетi - мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы ретiнде.

1. 1. Мемлекеттiң бюджетiнiң әлеуметтiк -экономикалық мәнi . . . 5

1. 2. Бюджеттiң құрылысы туралы жалпы түсiнiк . . . 9

2 ТАРАУ. Бюджеттiк құрылым, бюджеттiк процесс

  1. Мемлекеттiң бюджеттiк құрылымы . . . 16

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 18

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 19

КIРIСПЕ

Мемлекттiк бюджет кез-келген мемлекеттiң өмiр сүруiнiң мiндеттi шарты болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлудi және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн, мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы болып табылады. Мемлекеттiк бюджет мемлекеттiк органдарға өз функцияларын орындауды қамтамасыз етедi. Бюджет мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзу үшiн экономиканың барлық секторларының қаржаттарын жинақтау құралы ретiнде қолданылады. Бюджеттiң көмегiмен ұлттық табысты сектораралық, салааралық, территорияаралық қайтабөлу, экономиканы мемлекеттiк реттеу және ынталандыру, әлеуметтiк саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады.

Бюджетке ақша қаражаттарын жинақтай отырып, мемлекет өзiнiң алдындағы әртүрлi саяси, әлеуметтiк, мәдени бағдарламаларын жүзеге асырып, экономикалық, тұрғын үй, құрылыс, денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бiлiм беру, еңбекпен қамтамасыз ету, т. б. сұрақтарын шешедi.

Бюджет мемлекеттiң және мемлекеттегi барлық мемлекеттiк органдардың өмiр сүруiнiң қаржылық базасын құрайды. Мемлекеттiк аппарат, құқық қорғау органдары, атқару органдары, мемлекеттiк мекемелер, бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдар сәйкес бюджет есебiнен өмiр сүредi. Бюджетке жинақталған қаржылар мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясатты жүргiзу үшiн, қорғанысты, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланылады. Бюджет мемлекеттiң қолындағы мықты басқарушы механизм болып табылады. Ол мемлекеттiң қаржылық саясатын жүргiзiудегi жолсапаршысы. Экономикадағы кризистiк жағдайлар және қаржылық жүйедегi ауытқушылық бюджет алдындағы тұрған мiндеттердiң толық көлемде орындалуына кедергi жасайды. Сондықтан, мемлекет бюджеттегi келеңсiз оқиға - бюджет тапшылығының болуына жол бермеу шараларын, оның зиянды салдарларын болдырмаудағы мүмкiн деген шараларын жасап отырады.

Мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тұрады. Мемлекетiмiзде қалыптасатын бюджеттiк қатынастар 1 сәуiр 1999 жылы қабылданған Бюджет жүйесi туралы Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.

Мемлекет және қоғам бюджеттiң кiрiстерiнiң неғұрлым көп болғанына мүдделi. Олар өздерiнiң болмыстарын және функцияларын атқарудың материалдық негiзi - қаржыларға мұқтаж екенiн жасырмайды. Ал ол қаржыларды қалыптастыру және бөлу мемлекеттiк бюджет арқылы жүзеге асырылады. Сол себептi бюджет мәселесi үнемi өзектi мәселе ретiнде қала бермек.

1 ТАРАУ Мемлекеттiң бюджетi - мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы ретiнде.

1. 1. Мемлекеттiң бюджетiнiң әлеуметтiк-экономикалық мәнi.

Қоғамның экономикалық және әлеуметтiк құрылымын қалыптастыру және дамытуда қаржылық жүйенi және оның құрамына кiретiн мемлекеттiң бюджетiн мемлекеттiк реттеу үлкен роль атқарады, ол мемлекетке экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүргiзуге әсерiн тигiзедi. Мемлекеттiк бюджет арқылы мемлекеттiң ақша қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың бағытталған қызметi жүргiзiледi. 1

Экономикалық құрал ретiнде мемлекеттiк бюджет мемлекеттiң ақшасының пайда болуын және жұмсалуын көрсетедi, ол мемлекеттiң алдындағы тұрған мiндеттер мен функцияларды қаржылармен қамтамасыз етуге арналған. Осы мiндеттерге байланысты бюджет екi функцияны: бөлу және бақылау функцияларын атқарады.

Бөлу функциясының мазмұны мемлекеттiң территориялары, экономиканың салалары, қоғамдық қызметтiң салалары арасында қаржылық ресурстардың қайта бөлiнуi процесстерiмен анықталады. Сала-аралық бөлу бiр жағынан, бюджетке экономиканың әртүрлi салаларындағы кәсiпорындармен ұйымдардың енгiзетiн төлемдерiне, екiншi жағынан - бюджеттiк қаражат есебiнен арнайы мақсаттағы әртүрлi қорлардың қалыптасуы және олардың кейiнгi қолданылуына негiзделедi. Территорияаралық қайта бөлу белгiлi бiр территориялық бiрлiктердiң бюджетiне белгiлi бiр мiндеттi төлемдердiң аударылуы және бюджеттiк реттеудiң әртүрлi формалары арқылы жүзеге асырылады: ол әрбiр әкiмшiлiк территориялық бiрлiкке өзiнiң ақша қорын қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.

. Бюджеттiң бөлу функциясы экономикалық және әлеуметтiк дамудың өзектi мәселелерiне ақша қаражаттарын бағыттауға, қоғамдық өндiрiстiң дамуында жоғары жетiстiктерге жетiп, оның тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.

Бақылау функциясының негiзiнде сәйкес бюджеттiк түсiмдердiң және шығыстардың көрсеткiштерi көрсетiлетiн бюджеттiк ресурстардың қозғалысы жатыр.

Бюджеттiк көрсеткiштердiң нақты адрестiк сипаты материалдық өндiрiс және материалдық емес саладағы әрекеттердiң хағдайын бақылауға мүмкiндiк беретiн құрал болып табылады. 2

Бюджетке түсетiн төлемдердiң уақытылы немесе толық түспеуi, бюджеттiк қаржылардың рұқсатсыз қолданылуы және бiркелкi қолданылмауы өндiрiстiк жоспарлардың орындалмауын, мемлекеттегi экономиканың тұрақсыздығын көрсетедi. Мұндай жағдайда бюджеттiк көрсеткiштер тек қана экономиканың индикаторы болып қана қоймай, бұл жiберiлген қателiктермен кемшiлiктердi жоюға бағытталған нақты шараларды дайындаудың және қолданудың негiзi болып табылады.

Бюджеттiң бақылау функциясы әрекет етуiнiң өте кең көлемiмен және барлығын қамтитындығымен ерекшеленедi.

Мемлекеттiк бюджет экономикалық мағынадағы қаржылық қатынастардың жиынтығы ретiнде бiрнеше ерекшелiктермен сипатталады:

  1. бюджеттiк қатынастар бөлу сипатында болады;
  2. олар тек қана ақшалай нысанда жүзеге асырылады;
  3. бюджеттiк қатынастар мақсатты ақша қорларын қалыптастыру және пайдалануға байланысты болады.

Бұл белгiлер басқа да қаржылық қатынастарға тән болуы мүмкiн, бiрақ, бюджеттiк қатынастар мемлекеттiң қолында бағаланатын қоғамдық өнiмнiң шоғырлануына және олардың жалпы мемлекеттiк қажеттiлiктердi қанағаттандыруға қолданылуына әсерiн тигiзедi.

Мемлекеттiк бюджеттiң өмiр сүруi ерекше экономикалық нысандар - бюджеттiң кiрiстерi және шығыстарына байланысты болады. Кiрiстер мемлекеттi қажеттi ақша қаражаттарымен қамтамасыз етедi, ал шығыстар орталықтандырылған ақша қаражаттарының мемлекеттiк қажеттiлiктерге сәйкес бөлiнуiн көрсетедi.

Бюжеттiк байланыстардың мақсатты бағытталған сипаты, мемлекеттiң орталықтандырылған ақша қаражат қорларының қозғалысының нысандары бюджеттiк байланыстардың сәйкес қаржылық жоспарларда көрсетiлуiне әкеледi, осы жерден мемлекеттiк бюджеттiң құқықтық мазмұнын көремiз.

Соныменен, бюджетте - мемлекеттiң бюджетке салық төлейтiндермен және салықтық емес төлемдердi төлейтiндермен, сондай-ақ, бюджеттiк қаржыларды алушылармен қаржылық қарым-қатынасы, яғни, мемлекеттiң халықпен және шаруашылық субьектiлермен бюджеттiк қаржыларды қалыптастыру және бөлуге байланысты өзара қарым-қатынасы көрсетiледi.

Ақша қаражаттарын бюджетке жинақтау мемлекетке мәдениеттi, бiлiм беру саласын, денсаулық сақтау салаларын дамытуға, кiрiстерi шағын отбасыларына көмек көрсетуге, тұрғын үй мәселелерiн шешуге бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.

Ақша ресурстарын жинақтай және бөле отырып, мемлекет өздi-өздiгiмен реттелетiн рыноктық механизмнiң әрекет етуiн ретке келтiрiп отыру мүмкiндiгiн алады. Мемлекеттiк бюджет арқылы жинақталған ақша қаражаттары жеке кәсiпкерлiк арқылы қанағаттандыру мүмкiн емес, жалпы мемлекеттiк қажеттiлiктердi қанағаттандыруға жұмсалады. Оларға мемлекеттiк басқару, азаматтардың қоғамдық қауiпсiздiгi, әлеуметтiк бағдарламалар, экология, қорғаныс жатады.

Мемлекеттiк бюджеттiң құқықтық мазмұнын толығырақ және дәлiрек ашу үшiн, бiз мемлекеттiң қаржылық қызметiнiң түрi ретiндегi - қаржылық жоспарлаудың түсiнiгiн ашуымыз керек.

Мемлекеттiң қаржылық қызметi, яғни мемлекеттiң және мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ, мемлекетпен өкiлеттiлiк берiлген тұлғалардың мемлекеттiң ақша қаражатын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыруы әрдайым жоспарлы сипатта болады.

Мемлекеттiң iшкi өнiмiнiң айналымы материалды - заттай және бағаланатын нысанда жүзеге асырылады. Бағаланатын нысандағы iшкi өнiмнiң айналымы нәтижесiнде қаржы қатынастарының пайда болуы, қайта бөлiнуi, және пайдаланылуының ұйымдастырылуы қатынастары пайда болады, осы мемлекеттiң қаржылық қызметiнiң мәнiн көрсетедi. Ал, қаржылардың пайда болуы, бөлiнуi және қайта бөлiнуi, пайдалануды ұйымдастыруы процесстерiн басқару қаржылық жоспарлаудың көмегiмен жүзеге асыралады, оның обьектiсi мемлекеттiң ақша қорлары және бiрiншi кезекте мемлекеттiк бюджет болып табылады.

Қаржылық қызметтiң осы түрi - қаржылық жоспарлардың жасалуы, бекiтiлуi және орындалуын ұйымдастыру процесстерiн көрсететiн қызмет болып табылады, себебi қаржылық жоспарлау қаржылық жоспарлардың жүйесi арқылы қамтамасыз етiледi.

Қаржылық құқық теориясы қаржылық жоспарлаудың екi түрiн атайды. Бiрiншiден, ол тiкелей дерективтi жоспарлау. Жоспарлаудың ондай түрi мемлекеттiк меншiкке негiзделген экономикалы мемлекеттерге тән. Ондай жоспарлау мемлекеттi басқарудың шектен тыс номенклатуралығына, қатаң иерархиялық сипатына байланысты. Ол жоспарлық мiндеттемелердiң мәжбүрлiлiгiмен сипатталады. Бұл әртүрлi терiс әсерлерге: тауар өндiрушiлердi дербес емессiздiкке, ынтасыздыққа алып келедi. Бiрақ, кейбiр ғалымдардың пiкiрi бойынша, мұндай жоспарлаудың түрiнде жақсы жақтарда бар, себебi ол қаржылық процесстердi жеткiлiктi түрде нақты, тез және тиiмдi басқаруға мүмкiндiк бередi. 3

Нарықтық экономикалы дамыған мемлекеттерде қаржылық жоспарлау «жоспар - болжам« қағидасына негiзделiп жүргiзiледi. Бұл жоспарлаудың түрi экономикалық процесстерге жеңiл әсер етедi. Бұл жерде бағдарламалы - мақсатты тәсiл қолданылады, және мұндай жоспарлаудың мiндетi: экономиканың тиiмдiлiгiн арттыруға белсендi әсер ету; қаржылық және басқа да ресурстардың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалармен үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету; қаржыларды жұмсауда қажеттi пропорция мен үстемдiктi анықтау.

Мемлекет эконмикаға әсер ететiн әртүрлi әкiмшiлiк, қаржылық, экономикалық, ақша-кредиттiк тәсiлдердi қолданады. Солардың бiреуi фискалдық саясат болып табылады. Фискалдық саясат ретiнде өндiрiстiң нақты көлемiнiң өзгеруiне бағытталған, еңбекпен қамтамасыз етудi көбейтуге және инфляцияға бақылау жүргiзуге бағытталған, салық салу саласындағы және үкiметтiк шығындар саласындағы шаралардың жиынтығын айтамыз. Бюджеттiк саясаттың iрi бағыты ретiнде ақша қаражаттарын экономикалық iлгерiлеуге, экономикалық және қаржылық кризистердiң салдарларын шешуге, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылыққа бағытталған мақсаттарға қолдануды айтамыз. Осы мақсатта соңғы уақытта ғылыми-техникалық прогреспен, экономиканың құрылымдық қайта құрылуымен байланысты ұзақ мерзiмдi салымдар жүргiзiлуде.

Мемлекеттiк қаржылардың экономикаға әсерiн екi негiзден көремiз:

  1. Мемлекеттiк шығындардың өсуi экономикадағы сұраныстың көбеюiне, яғни, өнiмдердi шығарудың және еңбекпен қамтамасыз етудiң өсуiне алып келедi.
  2. Салық салуды көбейту жеке үй азаюына, өнiмдердiң шығарылуының және еңбекпен қамтамасыз етiлудiң азаюына алып келедi.

Сондықтан, мемлекет өзiнiң фискалдық саясатын анықтауда және жүргiзуде өте мұқият болуы, мүмкiн деген шаралардың барлығын қолдануға тиiстi.

1. 2. Бюджеттiң құрылысы туралы жалпы түсiнiк.

Қаржылық жоспарлаудың обьектiсi, бiз жоғарыда атап өткенiмiздей қандай да бiр мемлекеттiк ақша қоры болып табылады, қаржылық жоспарлау ақша қорының кiрiс және шығыс бөлiгiн қамтиды, яғни қаржылық жоспар кiрiстер мен шығыстар сметасы болып табылады.

Негiзiнен, жалпы ереже бойынша, кiрiстерменен шығыстар бiр - бiрiне тең болуы керек, бiрақ, көп мемлекеттерде мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығы үнемi байқалып отырады.

Мемлекеттiк басқару органдары жүргiзетiн көптеген қаржылық операцияларды жоспарлау мақсатында, олардың орындалуын есепке алу және талдау жасау үшiн, және мемлекеттiк қаржылардың мемлекеттiң экономикасына әсерiн, қаржылардың және төлем балансының жағдайын бағалау үшiн, бұл операцияларды классификаторлар негiзiнде бiрыңғай топтарға жiктеу керек.

Қаржылық операцияларды бiр жүйеге келтiрудiң негiзi ретiнде мемлекеттiк органдарға келiп түсетiн және олардан шығарылатын ақша қаражаттарының табиғатын пайдалануға болады. Қаржылық операцияларды бiрыңғай топтарға бiрiктiруге мүмкiндiк беретiн негiзгi критерийлер ретiнде: кiрiстер мен шығыстар; қайтарылатын немесе қайтарылмайтындығы; ақылы немесе ақысыздығы; ағымдағы немесе капиталды; қаржылық активтер немесе мiндеттемелер; т. б. қарастыруға болады.

Ғалымдар бюджеттiк құрылым ретiнде бюджеттiк жүйенi, яғни әртүрлi деңгейдегi бюджеттердiң жиынтығын атайды. 4Кейбiр ғалымдар бюджеттiк құрылымның құрамына бюджеттiк жүйеден басқа кiрiстер мен шығыстардың қағидаларын және оларды ажырату тәртiбiн жатқызады. 5

Пискотин М. И. ойы бойынша бюджеттiк құрылымға сондай - ақ, бюджеттердiң құрылымына барып түсетiн салықтарменен кiрiстердi анықтау тәртiбi де жатады. Жоғарыдағы аталғандарға қарап, бюджетттiк құрылымның құрамына бюджет жүйесiнiң жататынын көремiз. Бюджет жүйесi дегенiмiз - сол мемлекет территориясында әрекет етушi барлық бюджеттердiң жиынтығы.

А. И. Худяковта, бюджеттiк реттеудiң бiрнеше әдiстерiн көрсетiп кеткен:

1. бюджеттiк жүйеге кiретiн бюджеттер арасында бөлу;

2. кейбiр түрлерiнiң арасында нақтылы бекiтiлген кiрiстердi анықтау;

  1. әртүрлi бюджеттердiң реттеушi кiрiстерiн анықтау;
  2. бюджетаралық дотация;
  3. бюджетаралық кредиттеу.

ҚР «Бюджет жүйесi туралы« 1999ж. заңына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттiк жүйесi дами түсiп, оның орнығуына жол берiлдi десек болады.

Ол заңның 1 бабында әртүрлi терминдердiң түсiнiктерi берiлген, мысалы, бюджет - дегенiмiз, орталықтандырылған ақша қоры, ол заңдармен бекiтiлген салықтар мен басқа да түсiмдер негiзiнде қалыптасып, мемлекеттiң өз функцияларын жүзеге асыру үшiн арналады, ал бюджеттiң құрылымы деген термин - бюджеттiк жүйенi ұйымдастырылуы мен оның құрылу қағидаларын көрсетедi.

Заңның 1 бабында берiлген анықтамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетi дегенiмiз - республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң өзара құрылымы болып табылады. Онда, мемлекеттiң экономикалық және қаржылық мақсаттары арасындағы қарым - қатынастар, әртүрлi сатыдағы және әртүрлi секторлардағы бюджеттер арасындағы қарым - қаиынастар, бюджетке түсетiн әртүрлi кiрiстер мен шығыстардың құрылымы мен мөлшерi, республикалық бюджеттiң тапшылығы (профицитi) және т. б. көрiнедi.

Қазақстан Республикасының бюджеттiк жүйесi - экономикалық қатынастар мен құқықтық нормалар негiзiнде қалыптасқан әртүрлi сатылардағы бюджеттердiң өзара құрылымы болып табылады.

Ондай жүйенi негiзгi элементтерi: Республикалық бюджет пен жергiлiктi бюджеттер.

Бюджеттiк жүйе төмендегiдей қағидалар негiзiнде қалыптасады: олар бюджеттердiң бiрлiгi, толықтылық, нақтылығы, жариялылық, және республикалық бюджеттiк жүйеге кiретiн барлық бюджеттердiң дербестiгi. Өкiнiшке орай, заңдағы ол қағидалар қәзiргi бюжеттiк жүйедегi бастамалар болса да, олардың түсiнiгiн ашуға көңiлдi аз бөлген, бiрақ, 01. 04. 99ж. «Бюджеттiк жүйе туралы«, кәзiргi күшiндегi заң оларды былай айқындап кеткен:

- Бюджеттiк жүйенiң бiрлiгi - олар үшiн ортақ құқықтық база екендiгiмен, ақша жүйесiнiң бiрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлiгiмен бекiтiлген ортақ бюджеттiк классификация арқылы көрiнедi. Олар кiрiстердi қайта бөлу кезiндегi бюджеттердiң қарым - қатынастарынан көрiнедi;

- Бюджеттердiң толымдылығы - бюджеттердегi кiрiстердiң барлығының толық және мiндеттi көрсетiлуiмен, Қазақстан Республикасындағы салықтық және бюджеттiк заңдар арқылы анықталған шығыстардан көрiнедi;

  • Бюджеттердiң нақтылығы - ҚР Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауына сәйкес оларды ҚР әлеуметтiк-экономикалық дамуы индикативтi жоспарының өлшемдерiне сәйкес келтiру арқылы қол жеткiзiледi;

- Бюджеттердiң тәуелсiздiгi - әртүрлi бюджеттер арасындағы кiрiстердi бөлудегi нақтылы айқындалған нормалардан көрiнедi.

Заң бюджеттiң құрылымын қаржылық құқыққа сәйкестендiрiп, оның 6 бабына сәйкес бюджет мынадай бөлiмдерден тұруы тиiс дейдi:

  1. Түсiмдер- Үкiметтiк қарыз алулар мен арнайы грант алуларды қоспағандағы бюджетке түсетiн барлық кiрiстерден тұрады;
  2. Арнайы алынған трансфертер (гранттар) - тауарларды немесе қызмет көрсетулердi сатып алуға, кредит беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге байланысты емес тегiн және қайтарылмайтын төлемдер.
  3. Шығыстар - кредиттеу мен мемлекеттiк қарыздардың негiзгi соммасын жою үшiн кететiн шығыстарды қоспағандағы бюджеттен шығатын барлық шығыстардан тұрады;
  4. Кредиттеу - таза кредиттеулер мен бюджеттен кредиттеу үшiн жүргiзiлетiн төлемдер, ол заңды тұлғаларға не жеке тұлғаларға қайтарымды негiзде ақша қаражаттарын беру.
  5. Бюджеттiң дефицитi (профицитi) -Кiрстер мен Арнайы алынған трансферттер (гранттар) бөлiмдерiнiң жалпы мөлшерi мен Шығыстар және Кредиттеу бөлiмдерiнiң жалпы мөлшерi арасындағы айырмашылықтан тұрады;

Қаржы Министрлiгi бюджеттiк саясаттың басты мақсаттары мен, алдағы жылдың бюджеттiк саясатын, өтiп бара жатқан бюджеттiң орындалуының бағасы, және ақша - кредиттiк саясаттың басты бағыттарын айқындап отырады. Осы арқылы ол, мемлекеттiң қаржылық балансын анықтайды. Қазақстан Республикасының Үкiметi мақұлдан мемлекеттiң қаржылық балансы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлiгi үшiн жергiлiктi бюджеттердiң параметрлерiн, олардың республикалық бюджетпен қарым - қатынастарын айқындауға жол бередi. Алдағы жылдың Республикалық бюджетi осы жылдың 15 желтоқсанына дейiн Қазақстан Рсепубликасының Парламентiнiң палаталарының ортақ отырысында қарастырылып, бекiтiледi.

Егер, Парламентпен өтiп бара жатқан жылдың 15 желтоқсанына дейiн алдағы жылдың Республикалық бюджетi бекiтiлмесе, онда Қазақстан Республикасының Президентi Парламентпен бюджет бекiтiлгенге дейiнгi күшi бар, «Алдағы қаржылық жылдың 1 кварталының республикалық қаржылық жоспары туралы« заң күшi бар Жарлығын қабылдайды.

Қаржылық жоспардың орындалуы Республикалық бюджет үшiн анықталған тәртiпте жүзеге асырылады.

Соныменен, бюджет түсiмдермен шығыстардан тұрады. Бюджеттiң кiрiс операциялары шығыстардағы қажеттiлiктердi қаржыландыру үшiн және мемлекеттiк кредиттердi беру үшiн жүзеге асырылады. Бюджеттiң негiзгi түсiм көздерiн қамтамасыз ететiн салықтар болып табылады.

Кез келген мемлекет өзiнiң шынайы тәуелсiздiгiн мемлекеттiк кiрiстер жүйесiнiң нақтылы механизiмiн құру негiзiнде қалыптастырады. Оның негiзгi саласы ретiнде - халықтың жалпы жағдайын көтеру үшiн, мемлекеттiң қаржылық жағдайын жақсарту үшiн төленетiн, кәсiпкерлiк пен шаруашылық субьектiлердiң жағдайын ескеретiн, бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер болып табылады. Олардың мемлекеттегi басқа кiрiстерден басты айырмашылығы, олардың мiндеттi түрдегi төлетiндiгiнен көрiнедi.

Салық төлеушi ондай төлемдердi заңдармен бекiтiлген тәртiппен, мерзiмде мiндеттi түрде төлеуi тиiс. Сондай - ақ, ондай мiндеттiлiк комплекстi болып табылады себебi, онда - салық төлеушiнiң төлеу мiндетiмен қоса белгiлi бiр мемлекеттiк органның ондай төлемдердi мiндеттi түрде алу мiндетi де көрiнедi.

Бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер салықтық және салықтық емес болып бөлiнедi.

Салықтық төлемдерге - салықтар жатады да, ол - қайтарымсыз, ақысыз түрдегi мiндетi бюджетке төленетiн төлем болып табылады, салықтық емес төлемдерге - салыстырмалы - қайтарымды болып келетiн мемлекетiк баждар, алымдар және мiндеттi төлемдер жатады.

Мемлекеттiк бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердiң түрi:

1. Салықтар. Салықтар дегенiмiз - мемлекеттiң функцияларын жүзеге асыру үшiн, мемлекеттiң шығыстарының орнын толтыруға арналған - мемлекеттiк қорлар құру үшiн мәжбүрлi түрде, ақысыз, қайтарылмайтын, мiндеттi түрдегi ақшаларды алу болып табылады.

Салықтар материалдық төлемдер ретiнде төленедi, ол оның экономикалық мәнiн ашудағы негiзгi белгiсi болып табылады. Оны төлеу: салық төлеушiнiң мүлкiнiң мемлекетке өтуiнен көрiнедi. Негiзiнен әдебиеттерде салық - ақша төлемi ретiнде көрсетiледi. Әрине ол дұрыс, себебi салықтардың көпшiлiгi ақшамен есептелiнедi. Бiрақ, Қазақстан Республикасының салықтық заңдары салық төлеудiң заттай нысанын да көрсетiп кеткен. Олар, мысалы, жер қыртысын пайдаланушылардың тапқан табыстарының бiр бөлiгiн, сондай зат есебiнде мемлекетке беруiнен көрiнедi.

Салықтардың екiншi экономикалық маңызы - ақшаларды қайтарымсыз түрде алу болып табылады. Салықты төлеу кезiнде салық төлеушiден мемлекетке кететiн бiр - жақты ақша қозғалысы ғана болады.

Салықтық мiндеттеме бiр - жақты болып табылады да, мемлекет келiп түскен ақша соммаларын қайтаруға мiндетi емес.

Салықтың экономикалық мағынасының үшiншi белгiсi - оның ақысыз төлем екендiгiнде. Яғни, салық ретiнде төленген ақшалар үшiн ешқандай тауарлар берiлмейдi. Салық белгiлi бiр тауарлар мен мемлекеттiң көрсеткен жұмысы үшiн төленетiн төлем емес. Салықтың ақысыздығы оның басқа бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдерден айыратын басты белгiсi болып табылады.

Салықтың 4 -шi экономикалық белгiсi - салықтың тұрақты экономикалық қатынастар тудыратындығында. Бұл тұрақтылық салық төлеуменен байланысты ақша төлемдерiнiң тұрақтылығында ғана емес. Салықтық қатынастардың тұрақтылығы салық салынатын обьект - салық төлеушiнiң меншiгiнде болған кезде, салық субьектiсi болған кезде қамтамасыз етiледi. Салықтық қатынас белгiлi бiр төлемнiң төлеу мiндеттiлiгiнiң орындалуымен аяқталмайды, ол салық салу обьектiсi және субьектiсi болған кезде болады.

Осы жерден салықтың бесiншi экономикалық белгiсi пайда болады, ол салық салудың обьектiсiнiң болуыменен сипатталады.

Салықтың 6 -шы экономикалық белгiсi - оның жекеленген нақты сипатының болуында. Әрдайым заңды немесе жеке тұлға арқылы төлем субьектiсi болады. Өз субьектiсiнсiз салық болмайды, себебi ақшаны алудың көзi болмайды.

Салықтың 7 -шi белгiсi төлемнiң белгiлi мөлшерiмен сипатталады. Негiзiнен, дамыған мемлекет салық белгiлейтiн өзiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде әрдайым салықтың мөлшерiн қандай да бiр тәсiлмен белгiлеп бередi (кiрiске байланысты процентпен, нақты белгiленген сомма түрiнде) .

Салықтың сегiзiншi белгiсi салықтың төлеу мерзiмдерiнiң нақты анықталғандығында.

Соныменен, салық төлеу мерзiмi салықтық мiндеттеменiң құрамдас элементi болып табылады. Бұл мерзiмдердiң бұзылуы әрбiр жiберiлген күнге белгiлi бiр көлемде өсiм төлеуге байланысты салық төлеушiнiң жауаптылығын тудырады.

Салықтардың мерзiмдерiнiң көрсетiлуi, оны мемлекеттiк алым сияқты басқа төлемдерден ажыратады.

Салықтың соммасының әрдайым мемлекеттiң кiрiсiне түсуi, салықтың 9 - шы экономикалық белгiсi болып табылады. Бұл белгiсiне байланысты да салық басқа алымдармен төлемдерден ажыратылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры
Мемлекеттің бюджеттік құрылымы
Қазақстан Республикасындағы бюджет саясаты және оның қызметтері
Мемлекеттік бюджет жүйесі
Жергілікті билік органдары бюджеттері
МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АҚША ҚОРЫ ҚАТЫНАСТАР
Өнеркәсіптік өндірісті жоспарлау принциптері
Егемен Қазақстан жағдайындағы мемлекет бюджетiнiң ерекшелiктерi
Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз туралы
Жергілікті бюджет. Республикалық бюджет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz