Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕНШІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Жекеменшік саясаттың қалыптасу мәселелелрі
II. Меншікті мемлекет илігіне алу және оның ұғымы
2.1 Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және ұлттық экономиканың тиімділігін
арттыру
2.2 Қазақстан кәсіпорыпдарын шетелдік фирмалардың басқаруына берудің
қажеттігі мен мақсаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Меншік жалпы халықтың санасының өрісі кеңеюінің, экономиканы
тұрақтандырудың маңызды факторларының бірі болып табылады, сондықтанда бұл
жұмысымда меншікті капиталдың есебіне талдау, талқылау және маселелерді
шешуіне байланысты өз пікірлерімді, ой толғауларымды ұсыныс, нұсқау ретінде
келтірдім. Сонымен қатар шетелдің озық тәжірибелерінде жүйелеп, жіктеп,
саралап жазып қарастырдым.
Өркениеттің әлеуметтік дамуының бүкіл тарихында шешуші орын алатын,
осыған сәйкес іс-қызмет атқаратын әлеуметтік құралдың бірден-біреуі меншік
капиталының құбылысы болып табылады. Адам сезімін көрінбей-ақ қытықтайтын,
оған өріс ашып күйлеңдіретін сиқырлы күш ретінде меншік капиталының тарихы
адамзат тарихының жанды ескерткішін көрсетеді.
Өмірлік іс-тәжірибеде және ғылымда да әрбір адам меншік ұғымын өндіріс
құрал-жабдықтары мен өнімге байланысты мүліктік қатынас ретінде сезінеді,
қабылдайды.
Ғасырлар бойы алмасып келе жатқан адамзат ұрпақтары меншікті сезіне
білуімен қатар меншік капиталына байланысты туынды қатынастар арқылы өз
болмысын дамытуға мүмкіндік алады.
Еңбек құрал-жабдықтарының дамуына сәйкес еңбек қабілетінің дамуы,
сана мен ойлаудың әлеуметтік сипат алуы меншік ұғымын адам болмысымен
мәңгілік байланыстырады. Адамның табиғаттан жіктеліп ерекшеленуі, өзара
қатынастар арқылы сана-сезім деңгейіндегі таным күші өз қасиеттерін
меңгеруіне, одан, өзімдікі, "мен-менікі-меншік" ұғымдарын, "басқалар және
бөтендікі" арқылы шектейді.
Біздің отандық әдебиеттерде меншік капиталын субъектілердің,
адамдардың затқа байланысты қатынасы ретінде қарастыру кең етек алды. Бұл
оның экономикалық анықтамаларымен үндесіп жатады. Ал меншік объектісі
(нысаны) ретінде тек заттық түрі бар игіліктерді өндіріс құрал-жабдықтары
мен еңбек өніміне ғана тән алынады. Меншік жүйесінің дамуынан туындайтын
бір нысанға көп тұлғалылық (субъекті) идеясы да толық ғылыми негізделмеген
пікір ретінде өмір сүруде. Ең негізгі мәселе-меншік капиталының ұғымының
өзіндік экономикалық мәнін талдау, оның экономикалық және шаруашылық -
мүлік қатынастарымен тәуелді байланыстары ғылми жүйеленбеді деп айтуымызға
болады.
Меншік конструкциясын жете қабылдау үшін оның экономикалық, құқықтық
сипаттарының мән-мазмұнын даму заңдылықтарын жүйелеу қажеттігі – оның
әлеуметтік формасы - экономикалық негіздеріне қысқаша шолу жасауды талап
етеді.
Напалеон кодексінде (Францияның Азаматтық кодексі) "меншік заттарға
абсолютті сипатта пайдалану және билеу құқығы" деп жазылған. Ал Швейцария
Азаматтық Кодексінде меншік заттарға өз қалауымен билік ету мүмкіндігі
ретінде тұжырым алады.

Экономикалық дамудың бұдан бұрынғы көп жылдық тәжірибесі жұмысшыларды
теория жүзінде өзімен қабыстыруға тиіс болған өндіріс құралдарын мемлекет
меншігіне алу іс жүзінде мүлдем кереғар нәтиже берді — өндірісшілердің
өндіріс құралдарынан оқшау қалуына әкеліп соқты. Адамдардың экономикалық,
мүдделерінің негізі меншік қатынастары екені жалпыға мәлім. Ал ресми ғылым
болса, өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік артықшылықтарының
экономикалық қатынастары жүйесін шектей отырып және елдің әрбір азаматы
олардың қауымдасқан иесі болып табылатынын пайымдап, іс жүзінде адамдардың
экономикалық мүдделерін жалғыз ғана нәрсемен — еңбекке деген ынтамен
шектеді. Ал шаруашылықты ұйымдастыруға, ұтымды пайдалануға деген ынта іс
жүзінде жоқтың қасы болды, өйткені қоғамда жұмысшының еңбек ету қабілетінің
меншіктенуі, еңбек заттары мен құралдарының өнімді және жекелей
пайдаланылуын ұйымдастырудың шарты ретінде олардың меншіктенуі танылмады.
Экономикалық құқықсыздық ортақ нені жалпы халықтық меншіктің
беймәлім субъектіні жасырын пайдаланатын объектіге айналдырды.
Меншікті жаппай мемлекеттендіру тиісінше бірсыпыра тұрақты теріс
зардаптарға, соның ішінде өндірістік ресурстардың тиімсіз пайдаланылуына,
тауар өндіру мен қызмет көрсетудің монополияландырылуына, тауар-ақша
массасының сәйкессізденуіне, өнім өндіруші мүдделерінің тұтынушы
мүдделерінен жоғары қойылуына, арамтамақтыққа, масылдыққа, алыпсатарлыққа
әкеліп соқты.
Мұндай жағдайларда жұмысшы өзіне тиесілі жұмыс күшін өз қалауынша, өз
қабілеті мен мүддесіне сәйкес пайдалана алмады. Заңдардың және ұйымдық
шаралар жүйесінің көмегімен жұмыс күшін мемлекет жұмысшыдан оқшаулап, өз
меншігі ретінде пайдаланды.
Дүниежүзілік экономикалық саясат алайда экономикалық өсімнің қуатты
тетігін еркін өндірісшілерге өндіріс құралдарын сөз жүзінде емес, ал іс
жүзінде беру арқылы жасауға болатынын көрсетіп отыр. Сондықтан мемлекеттік
меншікті бөлудің және меншік иелеріне берудің нысандары туралы мәселе қайта
құруды бастапқы кезеңінде-ақ алға қойылған болатын. Алайда, сол кезеңде
басталған жекешелендіру көп жылдан бері басылмай келе жатқан айтыс пен
сыңға арқау болды.
Жекешелендіру — мемлекет иелігінен алудың басты бағыттарының бірі.
Алайда мемлекет иелігінен алу — жекешелендіруге қарағанда анағұрлым ауқымды
ұғым.
Мемлекет иелігінен алу процесі шаруашылық жүргізуші субъектілердің
экономикалық дербестігінің күшеюіне және олардың коммерциялық мүдделерінің
жүзеге асуына байланысты қазіргі мемлекеттік басқару жүйесінде кәсіпорынның
немесе ұйымның орны деген рөлі принципті түрде ауысатын құбылыс болып
табылады.
II. МЕНШІКТІ МЕМЛЕКЕТ ИЛІГІНЕ АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰҒЫМЫ
Жекешелендіру ұғымына келер болсақ, ол мемлекетке қарасты
кәсіпорындар, көлік құралдары, тұрғын үйлер және басқа мүлік ақы төлеп
немесе басқадай жолмен азаматтардын, немесе акционерлік қоғамдардың
(серіктестіктердің) жеке меншігіне алынатын процесті білдіреді.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің сапалық айырмашылығы
мынада: жекешелендіру процесінде мемлекеттік меншік қатынастарының
субъектісі міндетті түрде өзгереді, оның жеке-даралануы күшейеді және
нақтыланады, ал мемлекет иелігінен алу кезінде олай болмауы мүмкін. Бұл
сапалы айырмашылықтың зор маңызы бар, өйткені мемлекет иелігінен алу
процесі, әдетте, біршама ауыртпалықсыз етеді және кері қалпына келтірілуі
мүмкін, ал жекешелендіру процесі, мемлекет иелігінен алынған мүлік жеке
меншікке берілген кезде сирек жағдайларда болмаса, тиянақты сипат алып,
қоғамдық құрылыс базисінде түбегейлі өзгерістер болмайды.
Мемлекет иелігінен алудың мақсаты — мемлекеттік меншіктің басым
жағдайын мүлікке иелік және қожалық етудің монополиялық түрінде емес, ал
оны меншік құқығын сатудан кіріс келтіру мақсатымен түрлі шаруашылық
субъектілеріне коммерциялық негізде бере отырып сақтап қалу. Мемлекет
иелігінен алу мынадай негізгі міндеттерді шешеді:
— экономикада мемлекеттік секторды қысқарту;
— өндірісті мемлекеттік-директивалық басым реттеуден нарықтық тетіктер
негізінде реттеуге көшу;
— мемлекет меншігінде қалатын кәсіпорындардың қызметін коммерциялау.
Бұл кәсіпорындар үшін шаруашылықты дербес жүргізу принципін орнықтыру,
мұның өзі оларды техникалық-экономикалық, өндірістік, өнім өткізу және баға
саясатын дербес белгілейтін рыноктың толық құнды субъектілеріне айналдыруға
мүмкіндік береді;
— өндірісті монополиясыздандыру және бәсекелестікті дамыту, бұл
жағдайда мемлекет монополияландырылмаған жеке меншік және мемлекеттік
кәсіпорындар үшін ойдағыдай экономикалық жарысқа түсетін жағдай жасайды;
— сыртқы экономикалық қызметте мемлекеттік монополияны бірте-бірте
жою, бұл жағдайда мемлекет елге шетелдік инвестициялар мен импорттың
қажетті мөлшерлерде әкелінуін ғана қамтамасыз етеді.
Жекешелендіру бүкіл дүниежүзілік практикаға, соның ішінде Батыстағы
дамыған елдердің аралас нарықтың экономикасына тән. Қазіргі кезде ол дүние
жүзіндегі 50-ден астам мемлекетте белгілі бір нысанда, белгілі бір көлемде
жүзеге асырылуда.
Осыған байланысты түрлі елдерде жүзеге асырылып жатқан
жекешелендірудің мақсаттары мен міндеттері туралы сұрақ туып отыр. Дамыған
капиталистік елдер мен дамушы елдердегі жекешелендірудің барысына жасалған
талдау негізгі мақсат екі міндетті шешу екенін көрсетеді:
— түсімсіз және түсімі аз мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялар мен
дотациялар берілуі себепті пайда болған бюджет тапшылығын қысқарту, яғни
мемлекеттік бюджет ауыртпалығын қысқарту;
— жекешелендірілген кәсіпорындарда экономиканың өсуі арқасында ұлттық
экономиканың тиімділігін арттыру.
Дамыған капиталистік елдер мен дамушы елдерде мемлекеттік
кәсіпорындарды жекешелендіру мақсаттарының бірі — мемлекеттік қаржы
ауыртпалығын азайту. Мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесі олардың
көбінесе нарық жағдайларындағыдай тұтынушыға емес, ал өздеріне жұмыс
істейтінін көрсетіп отыр. Бұл жерде істің мәні мынада: оларды негізінен
қаржыландырып отырған тұтынушылар емес, мемлекет. Яғни салық төлеушілер
есебінен қаржыландырылуда. Олардың қаржы жағдайы негізінен қызмет
нәтижесіне, өз өнімін тұтынушының сатып алатын-алмайтынына байланысты емес.
Осының бәрі мемлекеттік кәсіпорындар өзі үшін жұмыс істейтін жағдайға
әкеп соғуда. Жеке меншік кәсіпорындарға тән банкроттық қаупінің мемлекеттік
кәсіпорындарға қатысы жоқ. Мемлекеттер мұндай жағдайларда қосымша қаражат
беру және басқадай жәрдем беру жолымен өз кәсіпорындарына әрдайым көмек
көрсетіп отырады. Бірақ көптеген мемлекеттерде ондай көптеген
кәсіпорындарды ұстауға байланысты қаржы ауыртпалығын көтеру мүмкіндігі
әрдайым бола бермейді. Осы жағдайларда мемлекеттік меншікті жекешелендіру
ондай елдер үкіметтерінің қаржы ауыртпалығын өзінен алып тастауына
көмектеседі. Мемлекеттік мүлікті сатып алғандар оның одан әрі тиімді жұмыс
істеуін өздері ойластыратын болады.
АҚШ-та үкіметтің жекешелендіру бағдарламасының негізіне іргелі екі
принцип алынған болатын. Бірінші принциптің мәні — мемлекет стандартты
тауарлар өндіру мен сатуда және қызмет көрсетуде жеке меншік сектормен
бәсекеге түспеуге тиіс.
Екінші принцип мемлекет функцияларын қоғамдың тауарлар дейтінді
өндірумен шектейді, оларға, атап айтқанда, қорғаныс, заңдардың орындалуын
бақылау, мұқтаждарға қаржы көмегін көрсету.
Жекешелендіру мемлекетке ақша қаражатының екі әдіспен түсуін
қамтамасыз етеді. Біріншіден, акцияларды сатудың өзі тез табыс әкеледі.
Екіншіден, жекешелендірілген кәсіпорындардан салық алынады. Бұған
қоса, үкіметте залалды жеке меншік компанияларға жәрдемдесу жөнінде
ешқандай міндеттеме болмайды. Латын Америкасы елдерінде мемлекеттік
кәсіпорындардың көпшілігі шығынмен жұмыс істеді. Бюджетте үнемі қаржы бөлу
мен мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарын қаржыландыру, олар беретін өнім
мен көрсететін қызмет бағасын төмендету мемлекеттік бюджеттер
сәйкессіздігінің үдеуіне және мемлекет қарызының көбеюіне көп жағынан себеп
болды. Мемлекеттік кәсіпорындардың шығыны 80-ші жылдары, мысалы,
Аргентинада ішкі жалпы өнімнің 7 процентіне, ал Бразилияда —14 процентіне
жетті. Өткен жылдың аяқ кезіндегі деректер бойынша Аргентинада бюджет
тапшылығының 80 процентке жуығы мемлекеттік сектордағы шығынды
кәсіпорындарды қаржыландыруға байланысты болған, Латын Америкасы елдерінің
сыртқы қарызының едәуір бөлігі де солардың үлесіне келіп отыр. Мәселен,
Аргентинада 90-шы жылдардың бас кезінде жетекші 13 мемлекеттік
компаниялардың сыртқы қарызы елдің бүкіл сыртқы қарызының төрттен бір
бөлігі болған.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын азайту міндеті бұрынғы социалистік
елдердің бәрінің алдында тұр. Бұл міндет мемлекеттік меншікті жекешелендіру
арқылы шешілуде. Бірақ, сонымен бірге, бұл міндет бұрынғы социалистік
елдердегі жекешелендірудің негізгі мақсаты бола алмайды. Бастапқыда
экономикасын қаржымен сауықтыру, мемлекет бюджетін толықтыру міндетін
көздеген жекелеген елдер өз ойларынан бірте-бірте бас тартты. Мәселен,
Ресейдің Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Д.
Васильев Ресей Федерациясының жекешелендіру бағдарламасын сипаттай келіп,
бағдарламаның (1991 жылғы желтоқсан нұсқасынан өзгеше) негізгі ережелерінің
бірі ретінде мынаны атап айтты: жекешелендіруден кіріс алу жөніндегі
нұсқамадан бас тарту (күтіліп отырған түсім сомасы 92 млрд. рубльден 72
млрд. рублые дейін төмендетілген)
Сөйтіп, мемлекеттік меншікті жекешелендірудің негізгі мақсаты
мемлекеттің бюджет ауыртпалығын жеңілдету болуы ешбір мүмкін емес.
Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің екінші бір негізгі мақсаты —
жекешелендірілген кәсіпорындарда экономиканың өсуі арқасында ұлттық
экономиканың тиімділігін арттыру. Дамыған капиталистік елдерде де, сондай-
ақ дамушы елдерде де жекешелендіру алдына осындай міндет қойылып отыр.
Жекешелендіру тәжірибесі өндіріс тиімділігінің артуына оның оң ықпал
етіп отырғанын дәлелдейді. Мәселен, жеке меншікке көшкен көптеген британ
компаниялары өз рентабельділігін күрт арттырды. Атап айтқанда, елде телефон
қызметі жекешелендірілгеннен кейін қызмет құны қалпында дерлік қалды, ал
сапасы арта түсті.
Бізде, кейбіреулердің қорқытып отырғанындай, жекешелендіру жаппай
жұмыстан шығаруға әрдайым бірдей әкеліп соққан жоқ. Ягуар автомобиль
фирмасында жұмыс істейтіндердің саны, тіпті, едәуір көбейе түскен. Алайда,
онжылдықтың бас кезінде (80-ші жылдар) ол жылына 14 мың машина шығарған
болса, оның аяқ кезінде 80 мың машина шығарған. 1980 жылы фирманың шығыны
47,3 млн. фунт стерлинг болған. Жекешелендіруден кейінгі алғашқы жылы (1985
ж.) ол 41.5 млн. ал 1990 жылы — 300 млн. фунт стерлинг пайда келтірген.
Немесе басқа бір мысал келтірейік. Бритиш лейланд компаниясы өзін
жекешелендіру басталған жылы 50 млн. фунт стерлингке жуық шығынмен жұмыс
істейтін. Бес жылдан соң жылдың жұмыс қорытындысы 90 млн. фунт стерлинттен
астам болды. Нэйшнел Фрейт компаниясын жекешелендірудің нәтижесі де
айтарлықтай.
Компания қызметкерлері оны сатып алғаннан кейін пайда 9 есе өсіп,
қызмет көрсету сапасы күрт артты. Сонымен, мемлекеттік меншікті
жекешелендіру өндірістің тиімділігін арттырады. Жеке меншік иелерінің
табысқа жетуге ұмтылуы өндірістік шығындардың азайтылуына себеп болады,
сонымен қатар экономиканы тұтынушының қажеттеріне бағдарлайды. Ал бұл, өз
тарапынан, тауарлар мен қызмет сапасын жақсартады.
2.1 Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және ұлттық экономиканың
тиімділігін арттыру
Мемлекеттік кәсіпорындармен салыстырғанда жеке меншік кәсіпорындардың
анағұрлым жоғары тиімділікпен жұмыс істейтінін көптеген мамандардың
зерттеулері қуаттап отыр. Мәселен, неміс экономисі Э. Хамерон мемлекеттік
(муниципалдық) және жеке меншік қызметтер құнына 300 кәсіпорын мысалында
жасаған салыстырма талдау жеке меншік өндірістің мемлекеттік өндіріске
қарағанда 30—50 процент үнемділеу екенін көрсетті. Ұлыбританияда жеке
меншік қызметтердің құны мемлекеттік қызметтердің құнынан 30-40 процент,
АҚШ-та 30 процент төмен.
М. Клинованың есептеулері бойынша, экономикалық тиімділіктің қор
қайтарымы сияқты маңызды көрсеткіші 1982 жылы ГФР-дің мемлекеттік
кәсіпкерлік секторында жеке меншік сектордағы қор қайтарымының 0,66
проценті, Францияда — 0,42 проценті, Ұлыбританияда — 0,53 проценті
мөлшерінде болған.
Серпінді дамып келе жатқан Оңтүстік-Шығыс Азия елдері жекешелендіруді
мемлекет қолындағы салалардың тиімділігін арттыру үшін пайдаланды. Олар,
негізінен, авиалиниялар, мунципалдық қызметтер.
Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру нәтижесінде ұлттық экономиканың
тиімділігін арттыру міндеті бұрынғы социалистік елдердің бәрінде қойылып
отыр. Бұл міндетті шешудің маңызын дамыған капиталистік елдердегімен және
дамушы елдердегімен еш салыстыруға болмайды. Өйткені әкімшіл-әміршіл
жүйедегі мемлекет жағдайында барлық социалистік елдерде экономика ысырапты
және тіптен тиімсіз. Ол арта түсіп келе жатқан қажеттерді қанағаттандыруға
бағдарланған экономика ретінде емес, тоталитарлық режимдердің қажеттерін
қанағаттандыруға негізделген, өзін-өзі қамтамасыз ететін жүйе ретінде жұмыс
істеді. Осыған байланысты бұрынғы социалистік елдерде жекешелендіру және
нарықтық қатынастарға көшу барысында ұлттық экономиканы оның табиғи
қажеттеріне, яғни тұтынушылардың қажеттерін қанағаттандыруға бағдарлау
міндеті қойылды.
Кейбір экономистер мен мамандар жекешелендірудің осы міндетінің рөлін
әсірелеп көрсетіп, оның мақсаты немесе жалаң мақсаты деп санайды. Аталған
міндеттің маңызы орасан зор болғанымен, меніңше, оны жекешелендірудің
мақсаты немесе жалаң мақсаты деп санауға ешбір болмайды.
Дамыған капиталистік және дамушы елдердегідей емес, Шығыс Еуропа,
Балтия және ТМД мемлекеттерінде, яғни бұрынғы социалистік елдер
дейтіндерде басты мақсат (бәлкім, жалаң мақсат та болар), меніңше, нарықтың
экономиканың экономикалық негізі болып табылатын жеке меншік иелерінің кең
ауқымды және жеткілікті тобын қалыптастыру болып табылады.
Бұл елдерде қазіргі кезде бір экономикалық жүйе басқа экономикалық
жүйеге ауыстырылуда. Талай ондаған жылдар бойы қолданылып келген
экономикалық жүйе басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне негізделді.
Экономиканың бұл моделін кейбір экономистер басқарудың әкімшіл-әміршіл
жүйесімен байланыстырады. Бұл жүйе тек басқару жүйесін қамтитын. Бұл
модельдің бір бөлігі ғана болып табылады. Оның басқа, базистік бөлігін
өндіріс құралдарына қоғамдың меншікке негізделген монополияландырылған
экономика құрайды. Біртұтас халық шаруашылық кешені болып табылатын осы
монополияландырылған экономиканың қалыптасуы ең алдымен социализмді өндіріс
құралдарына біртұтас қоғамдық меншікке негізделген құрылыс деп түсінумен
байланысты болды.
Мұның өзі өз арасында тікелей қатынастар пайда болатын еркін
өндірісшілер қауымдастығын құруды қажет етті. Демек, тауар-ақша
қатынастарын пайдалануға жол бермейтін тікелей қоғамдық өндіріс сияқты
жағдайларда қоғамдық өндіріс жалпы халықтық мүдделердің басқа мүдделерден
сөзсіз басымдығын қамтамасыз етіп, оларды көбінесе елемеуге және оларға
қиянат жасауға тиіс секілді болды.
Сонымен, өндіріс құралдарына қоғамдық меншік, тікелей қоғамдастырылған
өндіріс негізінде біртұтас фабрика, біртұтас кеңсе дейтіндер, яғни
бірыңғай ажыратылмас экономика, басқаша айтқанда, бірыңғай халық шаруашылық
кешені қалыптасты. Осы жүйенің тұпқазығы, оның біртұтас орталығы,
командалық пункті мемлекет болды. Ол мемлекеттік (экономикалық қана емөс)
билікті түгелдей өз қолына алып, экономикалық мәселелерді жеке-дара
белгіледі, шешті. Нақ мемлекет директивалы орталықтандырылған жоспарлау
арқылы біртұтас халықшаруашылық кешенінің барлық өндірушілеріне жоспарлы
тапсырма белгілеп, нені қандай мөлшерде өндіру керек екенін көрсетіп
отырды, материалдық-техникалық жабдықтау арқылы лимиттер мен ресурстар
беріп, олардың мөлшерлері мен көздерін белгіледі, кәсіпорындарды бір-
бірімен байланыстырды. Олардың жұмыс істеуін ортақ қоржын есебінен
бюджеттен қаржыландыру қамтамасыз етті.
Экономиканың мұндай моделінің нәтижесі мынадай болды:
— өндірісті және басқаруды монополияландыру, бәсекелестіктің жоқтығы,
нарықтық экономикаға тән тұтынушы өктемдігінің емес, ал өндіруші
өктемдігінің орын алуы;
— тауар, капитал, еңбек, бағалы қағаздар рыногының болмауы;
— экономикалық заңдардың еленбеуі, өктемдік және көбінесе
ведомстволық сипаттағы жалпы халықтық, мемлекеттік мүдделер
дейтіндерді күштеп таңу;
— материалдық игіліктерді тікелей өндірушілер болып табылатын
экономиканың бастапқы және негізгі буындарының дербестігін, олардың
шаруашылық дербестігі мен мүдделерін елемеу, олардың министрліктер мен
басқа да жоғары ұйымдарға феодалдық тәуелді крепостнойлық шаруа
жағайында болуы;
— еңбекшілердің өндіріс құралдарынан қол үзуі, олардың қоғамдық меншік
қожайыны жағдайынан, оны тиімді пайдалану ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz