ХВҚ-ның пайда болуы. Негізгі мақсаттары және бағыттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Халықаралық валюталық қор - мемлекет аралық ұйым, бұл мемлекеттер арасындағы валюта- несие қатынастарын реттеу үшін және оларға қиындықта қаржылық көмек ету үшін қысқа және орта мерзімді шетел валютасындағы несие беру үшін арналған. Қор - бұл БҰҰ-ның арнаулы кеңесі және ол әлемдік валюталық жүйесінің институционалды негізі болып отыр.

Басында бұл қор батыс елдерін көбірек несиеледі. 70-ші жылдардың ортасында өндірісі дамыған және дамушы елдер одан бірдей тең қаржы алды, ал 80-ші жылдары ХВҚ толығымен дамыған және дамушы елдерге көшті.

Бұл бұрылыс, басты дәрежеде қордың несие алу, негізінен микроэкономикалық саясат аумағындағы белгілі міндеттемелердің қабылдануымен байланысты. Сондықтан, батыс мемлекеттері несие капиталын әлемдік нарықтағы төлем баланс дефицитін жабу үшін ресурстарды пайдалануды қалайды.

Дамушы мемлекеттер жағынан басқа бірде-бір халықаралық ұйым сонша қатты критикаға ұшыраған жоқ. Қор, аймақтардағы әлеуметтік экономикалық процестерге күшті әсер етеді, әсіресе дағдарыс жағдайында. Дегенмен, қордың батыстық дағдарысқа белсене араласуынсыз салдары дамушы елдерге және әлемдік несие жүйесіне одан ары салмақты болушы еді.

1997 жылы әлемдік резонанс алған Оңтүстік Шығыс Азиядағы халықаралық қаржылық дағдарыс ХВҚ-на үлкен қызығушылық туғызды. ХВҚ әр жақтан критикаға ұшырайды. Кейнсиандық, дирижистік дәстүрдің мұрагерлері, оны жеке қаржылық мекемелердің спекулятивтік операцияларына жеткіліксіз қарсылық көрсетті деп кінәлайді. Либералды концепцияның жақтаушылары керісінше қордың нарықтық механизмдерінің істеріне тым кірісуін айыптайды. Солардың ішінен ең радикалдылары ХВҚ-ның тіршілік етуінің маңыздылығына күдіктенеді.

I. ХВҚ-ның пайда болуы. Негізгі мақсаттары және бағыттары.

Халықаралық валюталық қор - мемлекет аралық ұйым, бұл мемлекеттер арасындағы валюта- несие қатынастарын реттеу үшін және оларға валюталық қиындық жағдайында қаржылық көмек ету үшін қысқа және орта мерзімді шетел валютасында несие беру үшін арналған. Қор, БҰҰ-ның арнаулы статусын алады. Ол әлемдік валюта жүйесінің институционалды негізі болып табылады.

ХВҚ Бреттон-Вудстегі халықаралық валюта қаржы конференциясындағы (1-22 шілде 1944) конференция ХВҚ- ның ережесінің рөлін атқаратын келісім шартын қабылдады. Бұл құжат 1945 жылдың 22 желтоқсанында өз күшіне енді. Жалпы жұмысын қор 1946 жылдың мамырында бастады. Ал валюталық операцияларға 1947 жылдың 1 наурызынан бастап кірісті.

КССР Бреттон- Вудстегі конференцияға қатысты. Дегенмен, Шығыс пен Батыс арасындағы “суық соғыс” әрекетінен ХВҚ келісім шарттарын ратификациялаған жоқ. Сол себепке байланысты 50-60 жылдар бойы ХВҚ-нан Польша, Чехословакия және Куба шығып кетті. Терең әлеуметтік-экономикалық саяси реформа нәтижесінде, орталықтандырылған жоспарлы экономикадан 1) нарықтық және Біріккен ұлттық экономикасының әлемдік шаруашылыққа өтуді мақсат еткен, 90-шы жылдың басында бұрыңғы социалистік мемлекеттер және бұрыңғы СССР құрамына кірген мемлекеттер Қорға кірді. Ресей ХВҚ мүшесі болып 1992 жылдың бірінші маусымында кірді, ал басқа мемлекеттер ТМД және Балтия мемлекеттері 1992 жылдың сәуір мен қыркүйек арасында кірді. (Таджикистан 1993 жыл. сәуір) .

1997 жылы ХВҚ-ға кіретін мемлекеттер 182 болды. Одан басқа барлық керек процедуралар біріккеннен кейін бұрынғы Социалистік Федеративтік республика Югославияның орнын Федеративті Республика Югославия алды.

Басшылық ету органдарының орны - Вашингтон (АҚШ ) одан басқа Парижде (Франция), Женевада (Швейцария), Токиода (Жапония) және БҰҰ-да бөлімшелері бар.

1. 1 ХВҚ-ның мақсаттары:

  • Валюталық сферада халықаралық қызметтестікке көмек көрсету
  • Халықаралық сауданың тұрақтылығы өсуінің кеңейуіне көмек көрсету
  • Мемлекеттердің валюталық курсын ұстап тұру және валюталық саясат пен халықаралық валюта жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жол бермеу
  • Мемлекеттер арасындағы көпжақты төлем жүйесін жасауда және валюталық шектеуді жоюда көмек ету
  • Мемлекеттердің валюталық төлем балансын реттеп және валюталық курсын стабилизациялау ретінде несие және займ беру арқылы көмектесу
  • мемлекеттердің халықаралық төлем балансының тұрақтанбауының уақытын қысқарту
  • Мемлекеттерге валюталық және қаржылық түрдегі сұрақтарға жауап іздеуге көмектесу
  • Халықаралық валюталық қатынастарда мемлекеттердің кодексті дұрыс орындауын қадағалау

Әлемдік валюталық жүйенің эволюциялық жолында ХВҚ келісім шарттары 3 рет қарастырылады.

Бірінші түзетулер СДР механизмінің пайда болуымен 1968-1969 жылдары жасалды. Екіншісінде Бреттон-Вудсте валюталық жүйені ауыстырған Ямайка халықаралық валюта жүйесінің құрамына негізгі қағидалары анықталды, ол 1976-78 жылдары болды. Ал ол үшін түзетулерде, қор алдында өзінің қаржылық міндеттемелерін орындамағаны үшін мемлекеттер мүшелеріне сайлауға қатысуға құқығын тоқтату түрінде санкция қабылдануы қарастырылды. Одан басқа, мемлекеттер мүшесінде басшылар кеңесімен қабылданатын уставқа түзетулер енгізілді. Ол арнайы біржолғы СДР басылымына қатысты. Сондай-ақ, мемлекеттер мүшесіне халықаралық капитал ағымы либерализациясының міндеттемелеріне қатысты түзетулер дайындалып жатыр.

1. 2 Халықаралық валюта қорын басқару құрылымы.

Халықаралық валюта қорынбасқаратын жоғарғы орган - басқарушылар Кеңесі (Board of Governors) онда әр елдің басқарушылары мен орынбасарлары өкілдік ретінде ұсынылған. Олар қаржы министрлері немесе орталық банк басқарушылары. Кеңестің құзырына қордың маңызды мәселелерін шешу кіреді: келісім Баптарына өзгерістер енгізу елдер мүшелерін қабылдау және шығару, олардың капиталдағы үлестерінің көлемін анықтау және қайта қарау, атқарушы директорларды таңдау. Басқарушылар жылына бір мәрте сессияда жиналады, бірақ пошта арқылы отырыстар өткізіп, дауыстар бере алады.

Халықаралық валюта қорында «өлшенген» дауыстар көлемі деген принцип қызмет етеді, елдер - мүшелерінің Қор қызметіне әсер ету мүмкіндігі, олардың Халықаралық валюта қорындағы капитал үлесіның көмегімен дауыстары анықталатынын жоғарыдағы принцип алдын - ала болжайды. Әр мемлекет капиталға салған жарнасынан және әрбір жарнаның сомасы бір дауысқа 100 мың СДР - ден тәуелсіз 250 «базалы» дуыстарға ие болады. Мұндай тәртіп ірі мемлекеттердің шешуші дауытарын қамтамасыз етеді.

Халықаралық валюта қорында басыңқы дауысты (1988жылы 30 ақпанда) : АҚШ - 17, 78%; Германия - 5, 53%; Жапония - 5, 53%; Ұлыбритания - 4, 98%; Франция - 4, 98%; Сауд Аравиясы - 3, 45%; Италия - 3, 09%; Ресей - 2, 90%. ЕС - ке қатысушы 15 ел - 28, 8% 29 өндірісті дамыған елдер (Экономикалық қауымдастық және даму Ұйымы) Халықаралық валюта қорына 63, 4% жиынтықпен дауысты иеленді. Мүшелері Қордың 84% -ін иеленетін қалған елдердің қоржынына 36, 6 % дауыс енді. Басқарушылар Кеңесінің жартысының дауыс беруінің шешімімен жай мәселелер, ал жедел және стратегиялы сипаттағы мәселелер елдер мүшелерінің 70% - 85% - нің дауыс беруінің нәтижесінде шешіледі. АҚШ - тың және ЕС - тің 70 - 80 жылдардағы дауыстарының шекті үлесінің қысқаруына қарамастан, ветоны бұрынғыдай Қордың максималды көпшілігі 85% - нің дауыс беруімен соңғы шешімдер қабылданады. АҚШ басқа да Батыс елдері сияқты Халықаралық валюта қорының шешімдер қабылдау процесіне бақылау жасай алады және өз мүдделерінен шыға отырып оның қызметін бағыттауға мүмкіндіктері бар. Ал дамушы елдер координацияланған іс - әрекеттер кезінде өздерін қанағаттандырмаған Қордың шешімдеріне әсер ете алмайды.

1987 жылғы әрекет ететін басқарушылар Кеңесінің жарғысы жаңа тұрақты басқару органын - әлемдік валюта жүйесінің бейімделуін және реттеуін қадағалау үшін министр деңгейіндегі елдер - мүшелерінің Кеңесін құра алады. Бірақ ол іс жүзінде құрылмаған, оның құзырын 1974 жылы құрылған Халықаралық валюта жүйесінің мәселелерін басқару Кеңесінің уақытша комитеті атқарады. Уақытша комитет Ресейді қоса алғанда ХВҚ 24 басқарушыларынан тұрады. Олар бір жылда екі рет отырыс өткізеді. Уақытша Кеңес комитетінің болашақтағыдан айырмашылығы директорлар Кеңесі шешімін қабылдау үшін өкілетті емес. Сонда да ол маңызжы қызметтер атқарады: Атқарушы кеңестің басшылығын жүзеге асырады; ХВҚ қызметін және Халықаралық валюта жүйесінің қызметіне қатысты стратегиялық шешімдер жасаумен айналысады; ХВҚ баптарына түзетулер енгізуді Басқарушылар Кеңесіне ұсынады. мұндай статусты халықаралық даму және қайта құру (МБРР) мен дамушы елдердің ресурстарын беру бойынша ХВҚ-ның басқарушылар Кеңесінің біріккен министрлер комитеті - даму комитеті - (Joint Ministerall Comittee of the board of Governors of the Bank and the fund on the transfer of real resources to Developing countries) . Ол экономикалық даму мәселелері бойынша ХВҚ және МБРР-дің басқарушылар Кеңесіне кеңестер береді.

Әлемдік валюта - қаржылық қатынастардың үнемі өзгеруіне мақсатты бағытталған және жедел әсер етуге қажеттілікті тудырған 1997-1998 жылдардағы қаржылық құлдырау нәтижелері. Сонымен бірге уақытша комитетпен салыстырғанда директорлық құзырға ие министрлік деңгейіндегі Кеңестің жарғысымен қайта құрылуын қарастырған. Уақытша комитеттің қызметін және статусын жоғарлату шараларын жүзеге асыруға, жасап шығару механизмін күшейтумен қатар ұжымдық шешімдерді қабылдауда ХВҚ-ды ынталандырады. Қордың басшысы М. Камдессюдің ойынша “мұндай қайта қалыптасу, ХВҚ-на өзі айналысатын қиын мәселелерді шешу үшін жаңа және маңызды лигитимділік берер еді”.

Бірақ, Қордың елдер - мүшелерінің арасындағы қарама- қайшылықтар, бұл қадамның жүзеге асырылуын қиындатады. Уақытша комитет 1999 жылдың 27 сәуіріндегі кезекті отырысында, атқарушы кеңестің орынбасарларына “Уақытша комитеттің қызметін қоса отырып, институционалды жетілу сипатын оқуды жалғастырудан тапсырумен шектелді”. Басқарушылар Кеңесі өз қызметін, Атқарушы Кеңеспен және директорымен бөлісті. Олар елдер мүшелерінің несиелер беру және валюта бағамымен қатысты. Саясатын бақылауды жүзеге асыру және ХВҚ-дың саяси, жедел, әкімшілік мәселелері бойынша қызметін басқаруға жауапты. Атқарушы Кеңес, Вашингтондағы Қордың штаб-пәтерінде тұрақты жұмыс істейді және аптасына үш рет отырыс өткізеді. 1992 жылдан атқарушы директорлар саны 24. 5-не жетті. Онда ХВҚ-ғы басыңқы квоталарға ие АҚШ, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Франция, т. б. 5 елдің жарғысы бойынша ресми түрде, әрқайсысы Ресейдің, Қытайды, Сауд Аравиясының өкілдері; 16-қалған елдер мүшелері арасынан таңдалып алынған, олар бірдей санды топтарға ортақ мүдделері негізінде бөлінген. Атқарушы директорларды таңдау және сайлау, жылына 2 рет өткізіледі. Директорат, Әкімшілік аппарат дайындаған материалдар мен баяндамаларға сүйене отырып шешім қабылдайды.

ХВҚ-ның барлық ресми қызметкерлері қордың басқарушы органдарына бағынады, мүшелер мемлекеттерінің үкіметі оларға қысым көрсетпеулері керек. Көп жағдайда, Атқарушы Кеңестегі шешімдер ресми түрде дауыс беру жолымен емес, мүшелердің консенсусқа алдын-ала жету арқылы қабылданады.

ХВҚ-дың атқарушы кеңесі 5 жыл мерзімге директор болушыны таңдайды, дәстүр бойынша ол Еуропа өкілі. Бұл өкіл, басқарушы және атқарушы директор бола алмайды.

Директор - бөлуші - директоратты басқарушы председатель бола алады және қордың әкімшілік аппаратын басқарады. Оның құзырына ағымдағы жұмыстарды жүргізу үшін, ХВҚ қызметкерлерін тағайындау кіреді: өзінің орынбасарын, әкімшілік қызмет пен қордың сұраналық штаб-пәтерінің орынбасарын тағайындайды.

Директор - таратушы (1987жылдан) - Мишель Камдесю (Франция 1996 жылдың маусымында) үшінші 1997 жылдың 16 қаңтарынан басталған мерзімде қайта сайланды), оның орынбасары (1994-жылдардан) Стэнли Фишер (АҚШ) .

Елдер - мемлекеті мен ХВҚ әрекеттері аймақтың бөлімдер арқылы жүргізіледі: Африкалық, Еуропалық I, Еуропалық II, Орта Шығыс, Орталық Азия, Оңтүстік -Шығыс Азия және Тынық мұхит аймақтары. ХВҚ-да құқықтық және зерттеу, бюджеттік-салықтық, сауда қатынас және валюта мәселелері бойынша орталық банктердің бөлімдері бар.

ХВҚ аппаратында 122 елдің 2300 қызметкері жұмыс істейді, оның 50% -зы әйелдер. Олар экономистер және салық, статистика, қаржы мамандары.

ХВҚ аппаратының ұйымдасушылық құрылымы, әлемдік экономика және халықаралық валюта-қаржы қатынастарының тасымалдануымен анықталатын ХВҚ-ның мақсатты қызметі үшін үнемі даму үстінде болады.

2. ХВҚ-ның несие саясатының ерекшеліктері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық бақылау
Халықаралық валюталық қор
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ РӨЛІН ТАЛДАУ
Халықаралық валютаның жүйесінің және бағамының іс-әрекет механизмдерін зерттеп талқылау
Халықаралық валюталық-қаржылық және несиелік ұйымдар
Мемлекеттер халықаралық құқықтың басты субъектілері
Еуропалық қайта құру және даму банкінің негізгі міндеттері мен мақсаттары
Валюталық нарықтың мәні
Халықаралық экономикалық ұйымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz