Нарық жолы - дағдарыстан шығу жолы
Кіріспе
Нарық - өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын
айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі
немесе жүйесі.
Біз мемлекеттік тәуелсіздіктің 14 жылын өткердік. Бұл тарихтың жаһандық
сынақтарына жауаптар және жаңа экономиканы іздеудің күрделі кезеңі болды.
Кідіріссіз де қысқа мерзімде біртұтас үш міндетті: тәуелсіз мемлекет құру,
жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға және тоталитаризмнен
демократияға көшуді жүзеге асыру міндеттерін шешу қажеттігі туындады. Біз
өзімізге әлемнің көптеген жетекші державалары секілді ондаған жылдар бойы,
ал жүздеген жылдар туралы тіпті сөз жоқ, біртіндеп дамып, экономикалық және
демократиялық өзгерістерді біртіндеп нығайтуға жол беріп қоя алмадық.
Біздің экономиканың нарықтық жолға өту кезеңін қамтитын сұрақтар мен
мәселелердің шеңбері күрделі де ауқымды. Нарықтық экономиканың тірегі,
тамыры көркейетін бұтағы - өндірістегі өнімді еңбек. Өндірісті дамыту.
Басқа жолы жоқ. Басқадан іздеу – кешірілмес ағаттық, орны толмайтын өкініш,
адасу.
Нарықтық экономика түрі түптеп келгенде өндіріс үшін емес, адамдардың
өсіп жетуін қамтамасыз етеді. Өндірістің обьектісі де, субьектісі де, ақтақ
мақсаты да адам екендігін баяндайды. Сонымен экономика адамгершілік
тұрғысында дамуы қажет. Осыны қамтамасыз ететін нарықтық экономика.
Қазақстан Республикасының қазіргі даму кезеңінде ғылыми-техникалық рынокты
құрып және қалыптастыру үшін көптеген жағдайлар қажет. Негізгілері
бюджеттік қаржыландырудан өзіндік есепке көшу; ғылым мен өндірістің өзара
әсерін күшейтетін және пайда беретін ұйымдастыру-экономикалық жаңа
тәсілдерді жасай және өмірге еңгізу; ақпаратпен қамтамасыз етуді жақсарту;
жақсы нәтиже берген балама ғылым мен техника орындарын көтермелеу жұмысын
қолға алу. Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты
ортаны қалыпты жағдайларда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер
әлемін құру міндеті тұр.
Болашақта нарықты экономиканы реттеудің дүние жүзінде жинақталған бай
тәжірибесін қолдану қажеттігі тұр. Әрине олардың бәрі біздің жағдайымызға
сәйкес бола қоймайды және олай болуға тиісті емес. Біз үшін қазіргі басты
міндет - әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындар тобына қолдау көрсете
отырып, барлық азаматтар үшін кәсіпкерлік пен өзінің қабілетін
еркінқолдануға мүмкіндік беретін әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықты
экономиканы құру және дамыту болып табылады.
І тарау. Нарық жолы - дағдарыстан шығу жолы
Нарықты экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықты жүргізу құралы, оның
дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық
еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарықты стихиялы түрде дамушы немесе
еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық болып бөлінеді. Стихиялық
нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер
мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды. Еркін бәсеке
мен нарықтың көрінбейтін қолының - жеке мүддені қоғамдық игіліктің
пайдасына жаратумүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне
байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда, оны реттеуді
монополиялар өз қолына ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық
қалыптасты.
Монополиялық нарық ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың алғашқы кезеңінде
өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол
экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер
етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ҒТП баяулауына, бағаның өсуіне,
тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының
шиеленісуіне әкеліп соқтырады.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр. Оны
тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар, еркін бәсеке мен бағалр
ғана емес, сонымен бірге - өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды
орналастыру, шаруашылық субьектілеріне қаржы-несие тұтқалары арқылы әсер
ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу,
өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әртүрлі
кәсіпорын ассрциацияларын, жарнама-ақпараттық жүйелерді құру арқылы
реттеуді мемлекеттің шешуші рөлін атап көрсету керек.
Нарық күрделі экономикалық категория ретінде өз бетінше емес, әр-түрлі
факторларға байланысты белгілі бір нақты әлеуметтік-экономикалық
жағдайларда өмір сүреді. Дүниежүзілік тәжірибе нарықтық механизмнің
мынандай жағдайлар мен шарттар орындалғанда ғана тиімді қалыптасатынын
дәлелдеп берді.
• шаруашылық субьектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі
• меншік қатынастарының алуан түрлі нысандары
• өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы
• нарық инфрақұрылымын жасау
• тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы
• контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы
Біріншіден, экономикалық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі,
олардың келісім-шартқа тыруға және өздерінің тапқан табыстарына иелік етуге
толық құқылы.
Екіншіден, меншіктік қатынастардың алуан түрлі нысандарының болуы,
олардың өндірістегі тең құқылығы. Меншіктік әртүрлі нысандарын пайдалану
тауарлы өндіріс және айналыс қатынастарының алуан түрлі агенттерінің пайда
болуына, олардың еркіндігіне, бәсеке күресіне, былайша айтқанда тиімді
қызмет жасайтын нарықтың құрылуына жеткізеді. Дегенмен, бұл процесс
әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесін қайта құруда кездесіп отырған
қайшылықтар мен қарсылықтардың нәтижесінде өте бяу жүзеге асуда. Бүкіл
дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, қазіргі заманғы өндіріс
белгілі бір мөлшердегі мемлекеттік меншіксіз және мемлекеттің реттеуінсіз
сәтті дами алмайды. Бүгінде – қай жерде күшті мемлекет бар, сонда қуатты
экономика.
Үшіншіден, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, нарықтың тиімді
жұмыс істеу шарттарының бірі - өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен
бос жұмыскерлердің болуы. Нарықты экономика жағдайында өндіріс қуатының
және жұмыскерлердің 100 % қамтылуы мақтаныш арқауы бола алмайды, керісінше
ол аландатушылық туғызуы қажет. Бұндай жағдай экономиканы маневр жасау
кеңістігінен айырады, оның сұранымға икемділігін баяулатады. Жалғасында
ондай экономика тауардың жетіспеушілігіне, материалдық игіліктерді қайта
бөлуде әкімшілдік әдістердің басым болуына жол береді.
Төртіншіден, нарық механизімінің үзілісссіз қызмет істеуі ушін оның
инфрақұрылымын жасау қажет. Оған тауар және қор биржалары, еңбек биржасы,
коммерциялық банктер, кәсіпкерлердің ерікті бірлестіктері жатады. Мысалы,
капитал нарығының басты институты болып табылатын қор биржасында
акцияларды, мемлекеттік облиғацияларды, басқа да бағалы қағаздарды сатып
алу және сату, валюталық келісім–шартқа отыру, акциялар мен валюталардың
нарықтық курсын белгілеу сияқты операциялар жасалады. Сөйтіп, кәсіпкерлік
үшін аса қажет қаржы ресурстарының үздіксіз қозғалысын, оларды
кәсіпкерлердің шапшаң пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Бесіншіден, нарық механизімінде мемлекеттік қаржы жүйесінің, оның
негізін құрайтын орталық және жергілікті бюджеттердің алатын орны зор. Оның
ерекшелігі, бюджеттің мөлшері нарықтың қаьілеті жетпейтін, сондықтан да
мемлекеттің нарық қатынастарына араласуын талап өтетін қажетті шекте ғана
болуы керек. Әрине, мемлекеттің экономикаға орынсыз араласуын жол бермеу
керек, бюджет құралдарын күрделі қаржыға айналдыру тек қана ерекше жағдайда
ғана жасалады, және де заң шығаратын органдардың қатаң бақылауында болады.
Тағы бір ерекшелік, нарықты эономикада мемлекеттік бюджеттің шығының
болдырмауды қамтамасыз ету аса маңызды міндет. Егерде мемлекет бюджеттің
кірісімен шығысын теңдестіуге қолы жетсе, ол экономиканың жоғары
тиімділікпен жұмыс жасауының көрсеткіші болар еді.
Алтыншыдан, өндірушілердің өнім өндірудегі және оны сатудағы
монополиясына жол бермеу. Нарықты экономиканы бәсеке күресінсіз көзге
елстету мүмкін емес. Бәсекені нарықтың тең құқылы субьектілерінің арасында
тауарларды барынша тиімді өткіз, немесе капиталды белгілі бір өндіріс
саласына пайдалы түрде орналастыруға байланысты болатын экономикалық сайыс
деп түсіну керек. Нарық субьектілері неғұрлым көп болған сайын бәсекенің
тиімділігіде соғұрлым жоғары болады.
Өткен жүзжылдықтың аяғы адамзат тарихындағы ең бір ауқымды өзгерістер
кезеңі болды: қоскіндікті дүниенің негіздері қиратылды. Бізге, егер
тиісінше шаралар қабылдамасақ, экономикалық күйреуден де қашып құтылу
мүмкін еместей көрінген. Біз экономиканы ырықтандыруға әзір едік, бірақ та
бізде нарықшылар командасы болмай шықты. Қазақстан жауапты таңдау жасады
жөне бәсекелестікке, меншіктің әрқилы формаларын дамытуға негізделген
экономикаға әлеуметтік бағдарлануды белгіледі.
Қазақстан жауапты таңдау жасады жөне бәсекелестікке, меншіктің әрқилы
формаларын дамытуға негізделген экономикаға әлеуметтік бағдарлануды
белгіледі. Алайда мақсатты жариялау және елді сапалық тұрғыда басқа
жағдайға көшіру — бұл мәні бірдей емес міндеттер. Тұтас ұрпақтар тіршілік
әрекетінің мүлдем басқа жағдайларына бейімделген ел үшін өздігінен
икемделетін және әлеуметтік бағдарланған нарық тетігін қалыптастыру тарихи
тұрғыда жүйелік көшу жөніндегі күрделі міндеттердің тұтас кешенінен тұратын
айрықша, ауқымды проблемаларды шешуді өз-өзінен көздейді.
Өткен өзгерістердің басты қорытындыларын бағалай отырып, мынаны сөзсіз
мойындаған жөн: біз нарық тетігін іске қосып, сұраныс пен ұсыныс бағаны
реттейтін, тауар ағымдарының қозғалысын, бәсекелестіктің табиғатын,
инвестиция арналарын айқындайтын ахуал жасай алдық.
КСРО экономикасы әр республикаға, нақты қажеттіліктерді ескерместен, өз
рөлі мен даму стратегиясы берілетіндей түзілген болатын. Украинада —
технологиялық өндіріс, Белоруссияда мәшине жасау шоғырланды, Өзбекстан
мақта өндірді. Қазакстанға аграрлық-шикізаттық шылау рөлі берілді. Бұл оның
орасан табиғи ресурстарымен айқындалған еді. Біздің еліміз әлемдік темір
рудасы қорының шамамен 8 пайызына, әлемдік уран қорының 25 пайызға жуығына
иелік етеді. Мұнайдың барланған қоры бойынша Қазақстан әлемде 12-орын алады
және болжам бойынша 2015 жылы мұнай өндірудің көлемі жағынан алғашқы ондық
елдерінің қатарына кіреді.
90-шы жылдардың басында "саясат экономиканың алдында жүретін", бірақ
уақыт бөрін өз орындарына қойды. Егемендік алдық деп есі кете қуанудан
кейін жаңа мемлекеттерге дербес экономикалық жүйелерін құруға тура келді.
Нарыққа өту алдын ала айқындалды, алайда көшу моделін таңдау күн тәртібінде
түрған ең қиын мәселе болды. Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты
Дж.Стиглиц атап көрсеткеніндей, "бұл елдер коммунизмнен бас тартуын
қандайлық шүғылдықпен жарияласа, батыс кеңесшілері өздерінің нарық
экономикасына жедел көшудің "мүлтіксіз" рецептерін сондайлық шұғылдықпен
айтып бақты". Сол кезде біз кейбір шетелдік кеңес берушілердің теориялық
ізденімдері нақтылықтан қандайлық алшақ екенін түсіндік.
Экономикалық, көп ретті жасанды байланыстардың үзілуі алғашқы жылдары
келеңсіз ұласпалы әрекет туғызды. Кәсіпорындар тоқтап жат өнімдер өтпей
тұрғандықтан, коймаға жұмыс істеді. Ондаған мың адамдар жұмыссыз және
тірлік ету қаражатынсыз қалды.
Ауыл шаруашылығы тірек еткен дотациялар мен субсидияларды төлеу
тоқтатылды. Орталықтандырылған жоспарлы сатып алуға бағдарланған колхоздар
мен совхоздар бір сәтте бәрінен айырылып тынды. Осынау келеңсіз
процестердің салдары ретінде бюджетке салықтар түспей қалды. Жалақы мен
зейнетақыға каражат болмады. Қазына қаңырап, қаржы резервтері түгесілді.
1991 жылға қарай Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал әлдеқайда
қиындады. ІЖӨ 12 пайызға төмендеп кетті. Рынокта тауар жетімсіздігі байқала
бастады. Бұрынғы жылдары тұмшаланып келген инфляция сыртқа сыпырыла шығуға
әзір тұрды. Сол жағдайда бізге бір мезетте аса маңызды міндетті шешуге тура
келді. Осы дағдарысты еңсеру ғана емес, сонымен бірге өзіміздің дербес
экономикалық жүйемізді құра бастау қажет болды.
Ол кезде ырғалып-жырғалуға уақыт берілмейтін. Әлемдік экономикалық жүйені
жақсы білетін отандық кәсіпқойлар да болмады. Реформалау тәжірибесі және
қажетті заңнамалық база жоқ еді. Өзгерістер бағдарламасының өзі де жоқ
болатын. Ал жаңа жүйеге өтуді өте қысқа мерзімде жүзеге асыру қажет еді.
Сондықтан да біз стратегиялық шешімдерді жедел қабылдай отырып, алға қарай
жүрдік. Әрине, біз басқа елдердің тәжірибесін ескеруге тырыстық, бірақ та,
белгілі болғанындай, олардың бірде бірі біздегіге ұқсас жағдайда нарыққа
жылдамдата көшуді жүзеге асырмаған екен.
Нарық экономикасына көшу мынадай компоненттердің: сұраныс пен ұсыныстың;
табыстар мен шығындардың; ақша массасы, айналым қаражаты мен инвестициялық
ресурстардың белгілі бір келісілуін білдіреді. Бұған мемлекет иелігінен алу
және жекешелендіруді жүргізу, яғни жеке меншік институтын енгізу жолымен
ғана қол жеткізуге болатын еді.
Мемлекеттік экономикалық саясат ақша-кредит, салық-бюджет, баға және
антимонополиялык, инвестициялық, технологиялық саясат кіруі тиіс болды. Бұл
екі деңгейлі банк жүйесін құруды, алтын-валюта резервінің қорлануын, қор
биржасы, салық, кеден және басқа органдар секілді жаңа мемлекеттік
институттарды қалыпта дамытуды талап етті.
Бірінші кезеңде өзекті міндет басқарудың әміршіл-әкімшіл әдістерін
алмастыру болды. Өйтпеген жағдайда туындаған проблемаларды шеш алмас едік.
Ал олар анық көрініс берді. Тұтыну тауарларын өндіру барынша азайды.
Қаңыраған сөрелер сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігін көрсетіп тұрды. Тек
бағаны өсіру есебінен пайда қуушылықтың жалпыға ортақ жарысы басталып
кетті.
Тауар тапшылығы, өсіп бара жатқан гиперинфляция жағдайына тап болған
біз бірінші кезекте бағаның ырықтандырылуын жарияладық, ол нарықка өтудің
табанды қадамы болды. Сұраныс ұсынысты туғызады деген классикалық кестені
іске косу керек болды. Бірақ та адамдар бұл шараны, бағалар кілт аспандап
кеткендіктен, ауыр қабылдады. Кеңестік экономикада бағалар сұраныс пен
ұсынысты ескеріп емес, саяси және идеологиялық себептер бойынша
белгіленетін. Сондықтан да экономика әрдайым тапшылыкты және инфляциялық
болды. Оның үстіне тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етілмеген артық
ақша проблемасын жоспарлы экономика әдістерімен шешу мүмкін емес. Бұл
жағдайдан бірден-бір шығу жолы тұмшаланған инфляцияны ашық инфляцияға
айналдыру болып табылатындықтан, кесімді бағалардан еркін бағаларға
біртіндеп көшу сәтсіздікке ұшырайтын еді, сондықтан да онымен классикалык,
әдістер бойынша күресу көмектеспеді.
Алайда рынокты тұтыну тауарларымен толтыру айтарлықтай тез жүрді,
кезектер жоғалды, карточкалық жүйе алып тасталды. Адамдар өз бизнесін
ұйымдастыра бастады, белгілі бір дәрежеде кәсіпкерлік бастамашылық көрініс
берді. Бұл сұраныс пен ұсыныс экономикасының алғашқы нәтижесі болды.
Тікелей тәуелсіздік алғаннан кейін бірінші кезекке дербес бюджет, салық
және кеден жүйелерін құру мәселелері де шықты. Іс жүзінде оларды тақыр
жерден түзуге тура келді. Бірінші кезеңде сәйкес нормативтік-құқықтық
базаны жасау талап етілді. Ескі жүйені қирату алғашқы жылдары мемлекеттік
бюджеттің өте үлкен сәйкессіздіктеріне соқтырды, өйткені әлеуметтік
кепілдіктер мөлшері нақты экономикалық мүмкіндіктерден асып тұрды.
Теориялық тұрғыда бюджет тапшылығын төмендетуге кәсіпорындардан алынатын
салықтарды кілт ұлғайту және әлеуметтік бағдарламаларды сондайлық кілт
қысқарту есебінен жетуге болады. Алайда салық ауыртпалығын үнемі ұлғайту
орынды емес, өйткені бүл іскерлік белсенділіктің төмендеуіне және
экономиканың көлеңкеге кетуіне соқтыратын еді. Сондай-ақ кәсіпорындарда да
үлкен салықтарды төлеуге жеткілікті каражат болмады. Қазақстан ТМД
елдерінің ішінде бірінші болып салық реформасын жүргізді. 1995 жылы
Президенттің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы" заң күші бар Жарлығы шықты. Соған сәйкес салықтардың саны 3 еседен
астамға қысқарды. Салық органының қызметі принципті түрдегі басқа сипатқа
ие болды. Салықтар мембюджетті толықтырудың әдісі ретінде ғана емес,
сонымен бірге инвестициялық-өндірістік қызметті ынталандырудың кұралы
ретінде де қарастырыла бастады.
Қазақстанда принципті тұрғыдағы жаңа және осы заманғы екі деңгейлі банк
жүйесі құрылды, оны халықаралық барша қаржы ұйымдары ТМД-дағы үздік жүйе
деп атайды. Ұлттық банк тәуелсіз болды. Бұл мемлекеттік ақша-кредит
саясатының тиімділігін кілт арттырды. Екінші деңгейдегі банктер даму
серпініне ие болды. Өз кезегінде банк саласындағы реформалар бағалы
қағаздар рыногын қалыптастыру жөніндегі белсенді күш-жігермен нығайтылды.
Мемлекет иелігінен алуға, жекешелендіруге, сондай-ақ инвестициялык,
саясатқа байланысты мәселелерге жеке тоқталғым келеді. Ақша массасының
қысқаруы мен инфляцияны төмендетудің кері жағы да болды. Кәсіпорындар
тоқтай бастады. Төлемеушілік дағдарысы ушықты. Өзара есептесудің негізі
бартер болды. Осы жылдарда атқарылғанның бәріне қатер төнді.
Қарапайым қисын мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты
көшудің мүмкін еместігін еске салып тұрды. Бұл қадам нарық субъектілерін
қүру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі
психологиясын қалыптастыру тұрғысынан да маңызды.
Сондықтан да біз ауқымды жекешелендіруге кірістік. Бүгінде оны өткізудің
4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік
меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады.
Біз нарықтық экономиканың негізгі субъектісі маркетинг пен менеджменттің
прогресшіл де тиімді әдістерін пайдаланатын меншік иесі болып табылатынын
білдік. Купондық жекешелендірудің ащы сабағы мынада еді, меншікті жайдан-
жай бөліп, үлестіріп беруге болмайды. Жаңа меншік иесі капитал мен
технологияларды тартуға кабілетті болуы тиіс. Үшінші кезең 1995 жылғы
желтоқсанда заң күші бар "Жекешелендіру туралы" Жарлықпен басталып, 1999
жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатына жүзеге
асырылды. Шетелдік компаниялар өзімен бірге сондайлык қажетті
инвестициялар, басқарудың озық тәжірибесін әкеледі деп білуіміз орынды
екен. Нәтижесінде біздің кәсіпорындар өз дамуының жаңа серпініне ие болды.
Жаңа жұмыс орындары ашылды. Адамдар тұрақты жалақы ала бастады.
1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру
мәселелері шыкты. Сондықтан қазіргі төртінші кезеңде біз мемлекеттік
меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік
органдар арасындағы өкілеттіктерді белуге жаңа көзқарас қолдана бастадық.
Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды
оңтайландыру басталды. Елдің экономикалык қауіпсіздігін анықтайтын
экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен
ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында — бұл
"ҚазМұнайГаз", энергетикада — "КЕГОК", телекоммуникацияда — "Қазақтелеком",
темір жолда — "Қазақстан темір жолы". Қазір біз бұл салаларды да
реформалауға жеттік. Темір жол саласын қайта құрылымдау бағдарламасы
басталды. Электр энергетикасы жөне телекоммуникация салаларын
монополиясыздандыру міндеті қойылды.
Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған жекешелендіру
процесі нақты бәсекелестік үшін базалық жағдайларды құруға жеткізді.
Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімінің 85 пайызға жуық көлемі
жекеменшік секторда өндіріледі.
Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым
сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі
бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті.
Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін
институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен,
мамандандырылған өкілетті орган жөне Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы
заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру жөне өзара қорғау туралы,
қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер
жасасылды.
1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген
болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала
мен туризм, ауыл шаруашылығы. Қорытындысында қазіргі сәтте жан басына
шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі
бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз.
Қазақстанға бірінші болып инвестициялык деңгейдегі кредит рейтингі
берілген.
Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші біз шетелдіктерге
минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды
игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы қаражатының жетімсіздігі,
негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазакстанның өзі орасан кен орындарын
толық мәнінде игере алмады.
Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер
әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен
сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1993 жылы
"Шеврон" корпорациясының келуі және онымен бірегей теңіз кен орны бойынша
келісім жасалуы баскд трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды.
Инвесторлардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде
Қазақстанда өлемнің аса ірі мүнай компанияларының бәрі жұмыс істейді.
Олардың арасында "Эксон Мобил", "Шелл", "Эни", "ШевронТексако", "Тоталь",
"Бритиш петролеум", "Лукойл", Қытай ұлттық мұнай корпорациясы бар. Олардың
қазақстандық рынокта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді
инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың
тұрақтылығын да куаттайды. Соңғы 30 жылда коры 10 миллиард баррель деп
бағаланған аса ірі Қашаған кен орнының ашылуымен Қазақстан мұнайдың
барланған қорлары бойынша әлемде жетекші орындардың біріне шықты.
Елдің мұнай қорларын игерудегі біздің стратегиямыз бір ғана көмірсутегін
өндірумен тәмамдалмайды. Оларды әлемдік рыноктарға тасымалдау үшін
инфрақұрылым жасаудың маңызы бүдан кем емес болатын. Кеңестік кезеңде ішкі
рынокқа бағдарланған Қазақстанның мұндай тұрба құбырлары жоқ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz