Бәсеке - тауар өндірушілер не өткізушілер арасындағы көбірек пайда табу жолындағы сайыс



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Бәсеке – тауар өндірушілер не оны өткізушілер арасындағы көбірек пайда табу
жолындағы сайыс. Бәсеке өнім мөлшерін молайтуға, оның сапасын жоғарлатуға,
тауар құнының төмендеуіне әсер етеді. Тауар өндірушілер тұрғысынан
қарағанда бәсекенің негізгі мақсаты - өз өнімдерін молайту арқылы капитал
жинау, баю, өз бәсекелестерінен басым түсу. Осы мақсатқа жету жолында әділ
не әділетсіз бәсеке түрлері кездесуі мүмкін. Бәсекенің соңғы түрінде тауар
өндірушілер демпинг, бойкот саясатын, бәсекелестерін шикізат пен көлікті
пайдаланудан тыс қалдыру, тіпті бүлдіргілік, зиянкестік жасау әрекеттері
сияқты сан алуан әдістерді қолданады. Бәсекелестіктің бұл түрі тауар
өнімінің бір қолға шоғырланып, монополиялық пайда табу мақсатын көздеу
саясатында жиі кездеседі. Сондықтан экономикада мұндай келіңсіздіктердің
орын алмауы үшін монополияны тежейтін мемлекет органдар арнайы шаралар
қарастырып, тиімді бәсекелестікті өрістетуге қолайлы жағдай туғызады.
Нарық жағдайында қоғамдық өндірістегі тепе-
теңдік бәсекенің көмегімен реттеліп отырады. Бәсекенің бірнеше түрлері бар.
Оның ең бастысы бағаны орнықтырып, өнімнің сапасын жақсартуға бағытталады.
Бұл нышан нарық экономикасына көшкен елдер арасында кең өріс алып отыр.
Қазақстанда да отандық өндірістің дамуы осы факторларға байланысты. Оны
жүзеге асыру үшін шетелдік озық технологияны өндіріске еңгізіп, еңбекті
ұйымдастыру дәрежесін жоғарылатып, отандық тауар өнімдерінің сапасын
шетелдік тауарлармен бәсекелесе алатындай дәрежеге жеткізу жұмыстары қолға
алынған.
Нарықтық экономиканың негізгі ерекшелігі
болып еркін таңдау: өндіруші үшін өндірілетін өнімді таңдау еркі,
тұтынушыға тауарды алуда, жұмысшыға жұмыс орнын таңдау еркі айтылады. Бірақ
еркін таңдау экономикалық табысты өзінен-өзі қамтамасыз ете алмайды. Ал,
оны бәсекелестік күресте ғана жңіп алады. Бәсеке нарықтық экономиканың
қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында,
өндірістегі ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық. Бәсеке нарықтық
қатынастардың негізгі категориясы, әр түрлі формада болады және әр түрлі
жолдармен іске асырылады. Ол сала ішіндегі және сала аралық бола алады. Ол
бағалық және бағалық емес бола алады. Бағалық бәсеке тауарлар мен
қызметтерді бәсекелестің бағасына қарағанда төмен бағамен сатуға
негізделген. Баға төмендету шығынды азайту немесе пайданы азайту арқылы
ғана мүмкін. Оны тек ірі фирмалар ғана істей алады. Бағалық емес бәсеке
техникалық артықшылықтардың арқасында жететін тауарлардың жоғарғы сапасымен
және сенімділігімен сатуға негізделген. Рыноктық қатынастардың
қатысушыларының өзара қалай бәсекелесуіне байланысты жетілген және
жетілмегенбәсеке рыногі деп бөлінеді. Кәсіпкерліктегі бәсекенің
қазіргі механизмінің негізгі артықшылығы – тиімділікке ерекше көңіл бөлу.
Осыған байланысты бәсеке қағидалары кәсіпкерліктің барлық формалардың
бастамасы ретінде рыноктық инфрақұрылымнан жан-жаққа таралады. Тағы бір
ерекшелігі - өзінің бәсекелік артықшылықтарын күшейту жолында шағын, орта
және ірі бизнестің біріктірілуі, бәсеке жағдайында шағын жәнеорта бизнес
түрлері үшін біріктіруді тең ұстауда ірі бизнес белгілері күшейеді. Шағын
бизнес жүйесі үшін микроэкономиклық иемдену басты шарт болып қалады, бірақ
соған қарамастан лизинг, франчайзинг сияқты формаларында сыртқы
сипаттамалардың өскендігін байқаймыз. Олар: инвестициялаудың қосымша
көздерін іздеуге ұмтылыс, дамудың инновациялық бағыттылығы. Бұған өзара
байланысты элементтердің аралық мүдделері де қосылады.
Қазіргі корпорацияда бәсекелік мүмкіндікті зерттеу үшін корпоратвті
субъектілердің экономикалық тиімділігі белсенділікке ие болып отыр.
Бухгалтерлік пайда мөлшерімен анықталатын корпорация қызметінің табыстылығы
жетілмеген бәсекенің - табысты жоғарылатудың объективті критерийлеріне
қарама-қайшы келеді. Берілген қайшылық, екі процестің өзара қызметі еркін
көрінетін ҒТП дамуының эволюциялық сипаты болып табылатын екі процесс:
техника және ғылымның дамуымен шығарылатын жаңа қолдану ынталылығы.
Бәсекенің сыртқы корпоративтік факторы – жаңа ашылуларға қабілеттілік, жаңа
технологияларды ерте кезеңдерде пайдалану және оларды қолдануда объективті
шектеулерге қарсы тұрады. Сондықтан постиндустриалды дәуірдің корпоративті
тұлғсына бәсекенің экономикалық көрсеткіштері болып, ең алдымен, қалыпты
пайда алуға көмектесетін жалпы орташа шығындар мен бағаны өлшеп салыстыру
тән болады. Берілген қайшылықтар қаржылық инвестициялар орталығы болып
табылатын фирманың ішкі бөлімшелеріне де және сәйкесінше, жаңа ашылуларды
дайындау, өңдеу және қолдануға да бағытталады. Жаңа технологиялардың ішкі
бөлімшелерінде уақытында және көп түрлілік пайдалануына орай корпорация
табысты төмендетуден сақтауға мүмкіндік беретін белгілі бір тепе-теңдікке
жетеді. Ішкі фирмалық құрылым жеке технологиялық және экономикалық
тиімділіктерді салыстыра отырып, оларға өздерінің жеке қызметін жүзеге
асыратын салыстырмалы өндірістік автономдыққа иелігі қосымша мүмкіндік
болып саналады. Кәсіпкерліктің
тәуекелді формасы табысты өңдеу мен пайда алынған жағдайда өңдеушінің
пайдадан үлес алуын ескереді. Ізденушілердің творчествосы мен тәуекелді
едәуір ақшалай сый алуына көмектеседі. Кәсіпкерліктің берілген формасы
шаруашылық тәсілі ретінде жеке кәсіпкерлікке өте үлкен әсер етеді, рыноктық
тұлғалардың өзара қызметінің бәсекелестік механизміне қолдау жасайды.
Қазіргі кезеңде кәсіпкерлік шешімдерді орталықтан қабылдау жүйесі де артта
қалуда. Жаңа өнімдердің көбейту мен олардың жаңартылу жылдамдығының артуы,
сонымен қатар рыноктық жағдайдың өзгерісіне деген жылдамдықтың қажеттілігі
өндірісті басқару әдіс-тәсілдері мен стилін өзгертеді.
Бәсекенің күшті рыноктық реттеуші механизмі
ретінде пайда болуы макродеңгей ғана емес, микродеңгей де өте қажетті және
маңызды. Бәсекелестік күрестің мәнін корпорацияның ішкі ұйымдастырылуының
іргелі негізі ретінде тәжіибе жүзінде жоғары тиімділігін көрсеткен
Дженерал Моторс компаниясы алғаш рет қолданып бағалаған. Сонымен қатар,
кәсінкерлік қызметті тұтастай алғанда бәсекелік оның тиімді қызмет етуін
ынталандыруға алып келеді. Ақпанның 23-де Мәскеуде төрт елдің
президенттері бас қосып тұтас экономикалық кеңістік құру туралы
уағдаласқан. Дегенмен алғаш естіген жұрттың таң қалғаны шын. ТМД бар,
кіретін елдер де түрлі бағытта дамып барады. Геосаяси қиялдары да
қабыспайды дейік. Сол ТМД-ның ішінде Орталық Азия елдерінің ынтымақтастық
ұйымы және бар. Мұнда да интеграцияның діңгегі болар үлкен экономика жоқ
делік. ЕврАзЭС-тің де мақсаты осы ортақ экономикалық кеңістік емес ,пе
дейсіз ғой. Дұрыс, бұл ұйымдардың қызметтері бірін-бірі қайталайды. Бәрінде
де ортақ экономикалық кеңістік құру мақсат ретінде белгіленген. Оның басты
шарттары әрбірінде тағы толық айтылған. Кеденнен тауар өткізуге кедергі
болмайды. Тауарға тарифтер бірыңғай белгіленіп, ешқандай бір оғаш қимыл
жасалмайды. Антидемпинг дегенге тіптен тыйым болады. Заңдар сәйкестеніп
қайта қабылданады. Салық алу да ортақ ережеге түседі. Және тауарларға
салынатын салық шекарадан еркін өту үшін қосымша құн сол шекарасынан
өткізіп отырған елдің қоржынына түседі. Ортақ көлік-тасымал жүйесі құрылып,
бәр жерге бір баға қойылады. Жалпы
ТМД интеграциясының дамымауына бернеше себеп бар. Біріншіден, интеграция
дегеніміз тауарлар арқылы жүретін нәрсе. Егер базарға әр ел бәсеке
туатындай тауар мөлшерін көп шығарса, интеграция сауда соғысын, яғни басқа
елдер осы тауарлардың өз территориясына еркін кіріп, еркін сатылуына
кедергілер болдырмау үшін жасалады. Батыста былай: осы кедергісіз сауданың
арқасында бұлар экономикаларын дамытып барады. Сөйтіп, бұл елдердің өзара
инвестицияға мүмкіндігі сол тауарды көптеп сатудан көбейеді. Арғы жағы
белгілі өзара инвестиция құйып, кәсіпкерлердің бірлескен кәсіпорын құруына
барынша жағдай жасалған. Олар қазір көп айтылатын жаһандануды осы
интеграциядан түскен пайдамен тауар өндірісін одан сайын жетілдіре түсу
арқылы жасап отыр. Бүйткен соң қаржы біріктіріп зауыт салып, өнім көбейтсе
мұны өткізетін базар бірінші өздерінен, болмаса сырттан да табылады.
Сондықтан олар бірігіп салған зауыттың пайдасын көбірек көреді. Сөйтіп, бір
жерде ұтылып, бір жерде ұтқанымен бұдан еуропа елдерінің жалпы пайдасы
бәрібір мол шығады. Сөйтіп, өзара сауда мен ортақ өндірістен ортақ пайда
көп түсетін жағдайға жеткен соң бұлар ортақ валюта енгізеді. Бұл шарттар
әзірге ТМД елдерінде туған жоқ. Біріншіден мұнда тауар өндірісі дамымаған.
Зауыт салуға шығын дамыған дүниедегіден гөрі көп кетеді. Өйткені,
технологияны сатып аламыз. Капиталды шеттен әкелеміз. Өндірістік-техникалық
база ескірген, тіпті нейбетке жоқ деуге болады. Бұлар шикізат сатуда
бірімен-бірі бәсекелес. Сондықтан бірыңғай ортақ кеңістік анау айтқандай
көп пайда түсірмейді. Мұндағы базарда Қытайдың, Еуропаның, Түркияның,
Кәрістің тауары. Қазір тауар өндірісі жағынан біршама алда деген Ресейдің
өзі ТМД ішінде айналып жатқан тауардың 10-ақ пайызын береді. Ал, бұл тек
ТМД елдері өндіретін тауардың 80 пайызы. Қалғаны Украинаның үлесіне тиеді.
Қазақстан болса әлі тауар шығаруды жолға қойған жоқ. Белоруссиядам түзеуге
келетін экономиканың өзі қалған жоқ. Мұндағы алыпсатарлық біздегі 90
жылдардың басындағы сияқты. Егер тауар өндірісі дамымаса инвестициялық
мүмкіндік көбеймейді. Ал, интеграцияның мәйегі осы тауар арқылы қаржы
көбейтіп, өндірісті кеңейте түсу. Ал, мұны дамыту үшін әзірге отандық
кәсіпкерді қорғау керек. Енді жалпы дүниежүзілік инвестиция айналымын алып
қарайық. Оның 99 пайызы дамыған елдерден шығатыны айтпаса да түсінікті. Ал
осының 70 пайызы АҚШ, Еуропа, Жапонияға, яғни өздеріне қайта салынады.
Қалған 10 пайызы Шығыс Еуропаның бұрынғы коммунистік елдеріне, қалғаны
Үндістан, Қытайға, Африкаға. Сонда Ресейді қосып алғанда, бүкіл ТМД-ға бар-
жоғы 6-ақ пайыз инвестиция құйылады екен. Енді өзара сауданы алып
қарайық. ЕврАзЭС-те өзара тауар айналымы - 0,8 пайызға, экспорт – 0,2
пайызға, импорт – 1,4 пайызға өскен. Ал, шетелмен сауданы қараңыз. Тауар
айналымы - 9 пайызға жуық, экспорт – 8 пайызға жуық, импорт – 12 пайызға
тақау көбейген. Яғни, ЕврАзЭС-тің өз арасындағыдан гөрі сыртпен байланысы
10 есеге артқан. Ұйымның ядросы болып келген Ресейдің ЕврАзЭС елдерімен
тауар айналымы 0,7 пайызға ғана өскен. Біздің бүйткен жаһандану дәуірінде
бұл көрсеткішке жатпайды. Қайта кері кеткен іс болып саналады. Ал,
Қазақстанның саудасы бұл жерде керісінше 12 пайызға кеміген. Мұнда тек өзі
ештеңе өндірмейтін Қырғызстан ЕврАзЭС елдерімен саудасын кеңейткен, яғни 31
пайыз. Бірақ мұның өндірісі Ресеймен салыстырғанда жел шайқаған түйенің
қасындағы қалықтап көкке кеткен ешкіге ұқсайды. Сондықтан, ЕврАзЭС-тің
ішінде өзара инвестицияға да, тауар сатуға да мүмкіндік жоқ. Шикізаттың
түбі баянсыз екенін бәрі біледі. Сөйтіп, өз өндірісітерін дамыту үшін бір
біріне антидемпинг қолданып келеді. Мысал үшін, Ресей Қазақстанның мырышына
кедендік салықты былтыр 36 пайызға көтеріп жіберген. Сөйтіп отырғанда тағы
бір интеграциялық төрттік – Ресей, Украина, Қазақстан, Белоруссия
арасындағы ортақ экономикалық кеңістік құру жөніндегі келісім пайда болды.
Бәрібір ТМД ішіндегі интеграцияға жоғарыда айтылған жәйттер тән. ЕврАзЭС-те
мұндай болса бұл интеграциядан қандай пайда болмақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәсеке түсінігі
Бәсеке – рынокты экономиканың негізі
Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыру тетіктері
ҚР экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Нарық қатынастарының даму кезеңдері
Қазақстандағы баға нарығының сипаты
Нарықтық механизм және жетілген бәсеке
Нарықтық баға стратегиясы
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың қалыптасу этаптары мен заңдылықтары
Нарықтық экономика туралы
Пәндер