Дүниежүзілік шаруашылық және оның құрылымы туралы ұғым


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Дүниежүзілік шаруашылық

Халықаралық еңбек бөлінісі. Қоғам дамуының бастапқы кезінде еңбек бөлінісінің қарапайым түрі еңбектің еркектер мен әйелдер арасында, ересектер мен бала-шаға, қарттардың арасында бөлінуі болды. Өндіргіш күштер дами келе бұл бөлініс қоғамдық еңбек бөлінісіне айналды. Бұл ұғым - анағұрлым ауқымды ұғым. Ол қоғам ішіндегі болсын, сондай-ақ экономиканың салалары арасындағы, жекелеген кәсіпорындар және тіпті жекелеген адамдар арасындағы болсын еңбек бөлінісін қамтиды.

Қоғамдық еңбек бөлінісінің ажырағысыз бір бөлігі географиялық (немесе аумақтық) еңбек бөлінісі болып табылады. Мұның өзі аумақтардың мамандануы және олардың арасындағы арнаулы өнімдермен және қызмет түрлерімен алмасу процесі болады.

Географиялық еңбек бөлінісінің ең жоғарғы түрі - халықаралық еңбек бөлінісі, яғни жекелеген елдердің шаруашылығының өздері айырбастайтын белгілі бір өнім түрлерін өндіруге мамандануы.

Мұндай маманданудың пайда болуы үшін белгілі бір жағдайлар болуы қажет. Біріншіден, халықаралық еңбек бөлінісіне қатысушы елдің ең болмағанда біраз мемлекеттер алдында тиісті өнімді өндіруде қайсыбір артықшылық жағдайы (мысалы, табиғи ресурстардың молдылығы) болуға тиіс; екіншіден, сол өнімді қажетсінетін елдер болуы керек; үшіншіден, өнімді сататын жерге жеткізуге кететін шығын оны өндіруші ел үшін тиімді болуға тиіс.

Көптеген елдердің шаруашылық бейнесі олардың халықаралық тұрғыда мамндануында қарай анықталады. Мысалы, Жапония дүние жүзінде автомибильдерді, теңіз кемелерін, радиоэлектроника мен робот жасау саласының өнімдерін экспортқа ең көп шығаратын ел. Болгария агроөнеркәсіп кешенінің өнімдері мен көтергіш-көлік жабдықтарыншығаруға маманданған. Дамушы елдердің бірі - Замбия - дүние жүзінде мыс рудасы мен кесектелген мысты экспортқа ең көп шығаратын ел.

Қай мемлекеттің болсын халықаралық еңбек бөлінісіне қамтылу дәрежесі ең алдымен оның өндіргіш күштерінің даму деңгейіне байланысты. Сондықтан индустриясы дамыған елдер қазіргі халықаралық еңбек бөліндісінде, әсіресе қымбат тұратын, «мәртебелі» өнім - машиналар мен жабдықтар, ұзақ пайдаланылатын тауарлар шығаруда алдыңғы орындарды алады. Ал Азияның, Африка мен Латын Америкасының көптеген жас елдеріне келетін болсақ, онда олардың халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлі негізінен өнеркәсібі дамыған елдерді ресурстармен жабдықтау есебінен көтеріледі. Олардың шикізат беруге отарлық заманда мамандануы қазір де сақталып отыр.

Кейбір елдердің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуына географиялық факторлар да едәуір әсер етеді. Мысалы, Ұлыбритания өткен заманда көбіне басты-басты теңіз жолдарының торабында орналасқан жағдайы арқасында «дүние жүзінің фабрикасы» болды, өнеркәсіп революциясының нәтижесін пайдаланып, капитализмнің отанына айналды. Кейбір өнім түрлері ресурстық негізі мол белгілі бір елге не ауданға «орнығады». Таяу Шығыстың нақ сол мұнай-газ ресурстары бұл өңірдің әлемнің ең ірі отын-энергетика базасына айналуына жағдай жасады.

Алайда географиялық жағдайы да, табиғи ресурстары да хыалықаралық еңбек бөлінісінің тек бастама факторлары ғана болады. Бұл орайда әлеуметтік-экономикалық жағдайлар шешуші рөл атқарады. Бұл тезиске К. Маркстің мына бір сөздері айқын дәлел: «Сіздер, мырзалар, бәлкім, кофе мен қант өндіру Вест-Индияның табиғи бейімі деп ойлайтын шығарсыздар. Бұдан екі жүз жыл бұрын саудамен ешбір ісі жоқ табиғат ол жерде кофе ағаштарын да, қант құрағын да мүлдем өсірмейтін».

Халықаралық еңбек бөлінісі дүниежүзілік шаруашылықтың құрылуы жағдайында прогресті ғана емес, болмай қоймайтын да процесс. Ол шаруашылық өмірдің интернационалданудың объетілік негізі әрі мемелекеттердің бейбіт қатар өмір сүруінің іргетасы болып қызмет етеді.

Дүниежүзілік шаруашылық және оның құрылымы туралы ұғым. Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз өзара байланысты ұлттық шаруашылықтар жүйесі; оның негізі халықаралық еңбек бөлінісі, әр түрлі экономикалық және саяси қатынастар болып табылады. Мұның өзі барлық елдерді қамтиды, оның әр текті және іштей қайшылықты болатыны да сондықтан.

Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылуының тарихи маңызы бар. Әр алуан елдер, аймақтар мен тұтас бір континенттер арасында жүйелі сауда-қаржылық және өндірістік байланыстардың қалыптасуы олардың ғасырлар бойы ұлттық-шаруашылық тұрғыдан оқшаулану болса, дүние жүзіндегі әлеуметтік-экономикалық прогресті тежеп келген болатын.

Дүниежүзілік шаруашылық қашан, қай ғасырда пайда болды?

Оның құрылу процесі капитализмнің дамуының мануфактуралық кезеңінде-ақ басталғанымен, ХІХ - ХХ ғасырлардың межесінде, еуропа елдерінде ірі машиналы индустрияның дамуы нәтижесінде аяқталады. Бұл индустрия орасан көп шикізат тасып әкелуді және шапшаң көбейген қалалар халқына азық-түлік жеткізуді керек еткен еді. Дүниежүзілік шарушылықтың қалыптасуының шарты көліктің, континентаралық кең байланыстардың, дүниежүзілік нарықтың қауырт дамуы болды. Отарлық жүйенің пайда болуы толып жатқан отар елдердің империалистік державалардың аграрлық-шикізаттық шылауына айналуына әкеліп соқты.

Ресейдегі Қазан төңкерісінің салдарынан дүниежүзілік шаруашылық екі негізді құрылымға айналды; бұл құрылым екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Шығыс Еуропа мен Азияның бірқатар экспериментті жүзеге асыруға кіріскен кезде одан әрі орнықты. Алайда Шығыс еуропа мен бұрынғы КСРО елдеріндегі соңғы жылдардағы оқиғалар дүниежүзілік экономикалық қатынастарға әлеуметтік бөгеттер қоюға болмайтынын көрсетті. Дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты, біртұтас қана бола алады.

Шығыс пен Батыс елдерінің араларындағы экономикалық байланыстар бірден-бірге сан салалы бола түсуде. Мұның өзі - сауда, бірлескен кәсіпорындар салу, ғылыми-техникалық және басқа да алуан түрлі қарым-қатынастар. Бұл қарым-қатынастар әрі өзара тиімді. Батыс аз өнімдерін өткізетін ауқымды нарыққа ие болды, ал Шығыс болса дүниежүзілік нарықта кейде өте тапшы тауарлары үшін орнықты валюта және жаңа технология алып отыр. Деңгейлері әр түрлі елдер арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және басқадай байланыстар дүние жүзінде жаңа қарым-қатынастың іргетасын қалайды, халықаралық шиеленісті бәсеңдетеді. Шығыс пен Батыс елдерінің экономикасы арасында аспас асу жоқ. Оларда айырмашылықтармен қатар (меншік түрлерінің әр түрлі арақатынасы, өмір игіліктерін бөлу механизмінің әркелкілігі және т. б. ) ұқсас нышандар да көп болып шықты. Ешбір экономика тауарайырбасын оларды өндіруге жұмсалған еңбектің мқөлшеріне сәйкес реттеп отыратын құн заңын ілікке алмай қоймайды. Банктер, пайда және т. б. ортақ категориялар болып табылады. Мұның бәрі әлеуметтік, ұлттық немесе таптық негізіне қарамастан адамның жаратылысы бірдей екендігін айғағы. Сондықтан да адамзат қоғамы өзінің өмірлік қарекеті үшін ең жақсы, мінсіз экономикалық жүйелер құруға ұмтылмай қоймайды. Дүниежүзілік экономикалық мәдениетті елемеушілік қай елді болсын артта қалдырады.

Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы, әлбетте, өте күрделі. Оның құрамында экономикалық және саяси арқаулармен байланысқан көптеген ұлттық шаруашылықтар мен мемлекетаралық шаруашылық бірлестіктер бар.

Дүниежүзілік шаруашылықты оның салалық құрылымы тұрғысынан сипаттауға болады. Бұл орайда ол өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда және т. б. салаларға бөлінеді.

Ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) негізгі сипаттары. Адамзат өркениетінің дамуына ілесетін ғылыми-техникалық прогрестен өзгеше ғылыми-техникалық революция дегеніміз ғылым мен техниканың дамуында қоғамның өндіргіш күштерін түбірімен өзгертетін сапалық күрт ілгерілеу болатын уақыт кезеңі.

ҒТР-дің басталуы шамамен ХХ ғасырдың орта тұсы. Оны сипаттайтын нышандар өте-мөте сан алуанжәне ҒТР-дің барлық құрамдастарына: ғылымға, техника мен технологияға, өндіріске, басқаруға қатысты. Олардың маңызды-маңызды екеуін атап айтайық.

ҒТР-дің ең басты әрі айқындаушы нышаны ғылымның ерекше қауырт дамуы, оның тікелей өндіргіш күшке айналуы болып табылады. Қазіргі заманғы ғылыми ашылыстар индустриясына, техниканы дамытудың қуатты көтермелеушісіне айналды. «Ғылым - өндіріс» және «білім - ғылым - өндіріс» жүйесі пайда болды.

Білімнің нағыз заманға лайық жүйесі болмайынша “үлкен ғылымның” болмайтыны айдан анық. Мысалы, Жапонияның ҒТР жетістіктен өнеркәсіпке енгізудегі жалпы әлем таныған табыстары білім беру жүйесінің тамаша ұйымдастырылуымен, бұл жүйеге көп қаржы жұмсалуымен тікелей байланысты. Бұл елде ірі-ірі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық талдамалар (ҒЗТКТ) жүргізетін 450 университет бар.

ҒЗТКТ-ге жұмсалатын қаражат ҒТР дәуірінде өте-мөте маңызды экономикалық көрсеткішке айналып келеді. Мұндай қаражаттың дені өнеркәсібі дамыған басты-басты елдерге келеді: АҚШ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдегі нарық шаруашылығы және экономикасы
Дүниежүзілік шаруашылық
Қаржы нарығы туралы ұғым және оның құрылымы
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі
Нарық: түсінігі, қатынастары, құрылымы
Бағалар жүйесі жəне олардың классификациясы
Құқық жүйесі мен құқықтық жүйелер арасындағы байланыс
Нарық оның механизмі мен қызметі
Халықаралық экономикалық қатынастар: мәні және түрлері
Дүниежүзілік шаруашылықтың жаһандануы және инвестициялық процесс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz