Египет пен Орталык Азия елдері ынтымақтастыгы: бүгіні мен болашағы

1991 жылы Кеңес одағының құлауы үлкен саяси және экономикалық
өзгерістер әкеліп, ұзақ жылдар бойы коммунистік тәртіп кезінде темір
шымылдық артында жасырынып келген бірқатар елдер тәуелсіздік алды.
Мәскеудің темір құрсауынан босанғандардың бірі – Орталық Азия елдері
жаһандану қарсаңында қолы жеткен өздерінің сыртқы саясатын кең көлемд
қалыптастыруға жауапты қарай бастады.
Египет Араб Республикасы Кеңес Одағының құлауы салдарынан өрбіген
саяси өзгерістерге мән беріп, халықаралық сахнада пайда болған жаңа
мемлекеттермен әртүрлі салада қарым қатынас орнатуға ұмтылды. Орталық Азия
елдерінің Египеттен жағрапиялық алшақтығы олардың саяси, экономикалық және
стратегиялық мәнін кемітпейді. Мысыр елі Еуразия континентіне байыппен
көңіл аударып, ондағы жас мемлекеттермен аймақтық байланыс арқылы барлық
салалар бойынша халықаралық қатынастың кең желісін құра бастады.
Әлем сахнасында Орталық Азия елдерінің, әсіресе Қазақстанның өмірлік
күші өскендіктен Таяу Шығыс аймақтық жүйесіне кіретін көптеген елдер
өздерінің қызығушылығын танытты. Осы уақытта дейін Египеттің бұл аймақ
елдерімен қатынасы шектеулі болған. Бұл арадағы байланыстың әлі де болса
шынайы дамуды қажет тұтатын зерттеулер мен өңдеулер негізінде жатқанын
білдіртеді. Бірақ та, Каирдің бұл аймақтағы басқа мемлекеттермен қарағанда,
атап айтқанда, Қазақстан және Өзбекстанмен байланысы қалыптасу кезеңінен
алға қарай жылжығаны мәлім.
Египет пен Орта Азия елдерінің арасындағы экономикалық
ынтымақтастыққа тоқталсақ, Каир мен Ташкент арасындағы сауда көлемі 1997
жылы 11,7 млн. фунтқа жетті, бірақ бұл сан сол жылы
9 млрд. долларға жеткен Өзбекстан сыртқы саудасының жалпы
көлемінің бір бөлігін ғана құрады. Егер Азияның бұл бөлігіндегі Өзбекстан
сынды үлкен мемлекетпен сауда көлемі шектеулі болса, онда басқа елдермен
сауда қатынасы мардымсыз деуге болады. Сауда айырбас көлемі, дәлірек
айтқанда, Египет экспорты Орталық Азия республикаларымен экономикалық
ынтымақтастықты қолдау үшін ресми деңгейде қосымша салынған күшке сәйкес
келмеді. Сондықтан Каир тарапынан бұл елдерге берілетін экономикалық
жеңілдіктер мен стипендиялар Египет экспорт көлеміне өзінің септігін
тигізеді деп күтіледі.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Египет жас мемлекеттермен тең құнды
шарттар жасауға келісіп, 1992 жылы Өзбекстанмен 30 млн. доллар көлеміндегі
тең құнды келісімге қол қойды. Осы келісім аталған елдерге экономикалық
көмек көрсетуге ұмтылғанын растайды. Сондай - ақ Египет үкіметі мемлекет
кірісінен әртүрлі көмек көрсету шараларын қарастыруда. Мысалы,
1991 жылы Әзірбайжан 50 мың доллар
көлемінде тамақ өнімдерінен тұратын гуманитарлық, ал 1998 жылы дәрі -
дәрмек түрінде 55 мың
Египет фунты көлемінде қайырымдылық көмек алды. Сондай-ақ Египет экономика,
информатика, ауыл шаруашылығы мен қауіпсіздік салаларында білім алу үшін
стипендия бөлу жолымен мамандарды дайындауға және техникалық тәжірибелерді
дамытуға өз күшін салады. 1998 жылы Қазақстанға бөлінген стипендия көлемі -
243, Әзірбайжанға - 238, Өзбекстанға - 184, Қырғызстанға - 215,
Түркіменстанға - 163, Тәжікстанға - 166 стипендия бөлінген. Мысыр Сыртқы
істер жанынан құрылған ТМД елдеріне техникалық көмек көрсету қорының
әртүрлі салалар бойынша бөлген гранттары жыл сайын біртіндеп өсуде.
ТМД елдеріне техникалық көмек көрсету қорының көмегі арқылы Египет
үкіметі Орта Азия елдеріне Мысыр тауарларының көрмесін ашып, әртүрлі бизнес
- клубтарын құру арқылы кәсіпкерлерге өздерінің өнімдерін өткізуге жағдай
жасады. Египет экспортын дамыту мақсатымен осындай көрмелер 1996 жылы
маусымда Ташкент қаласында, ал 1999 жылы шілдеде Алматыда өткізілді. 1992
жылы Египет Сыртқы істер министрлігі өз елінің бизнесмендері мен жауапты
адамдарын біріктіретін ірі экономикалық форум құру ұсынысын білдірткен
болатын. Бұл 1998 жылы 21-24 қазан аралығында өткен Мысыр мен ТМД елдерінің
сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайту бойынша жүргізілген
конференцияда іске асырылды.
Соныме бірге, Каир Қазақстан жеріндегі мұсылман ескерткіштерін жөндеу
жұмыстарына ат салысып, Астанадағы бас мешітті безендіру сияқты игі істерін
жалғастыруда.
Егер саяси саладағы өзара байланысқа қысқаша тоқталсақ, онда Египет
Орталық Азия республикалары және Әзірбайжан тәуелсіздігін ең алғаш рет
мойындаған мемлекеттердің бірі. Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың 1993
жылы Мысыр еліне жасаған ресми сапар екі елдің арасындағы қарым
қатынастарға жол ашп берді. Әзірбайжан, Өзбекстан елдерімен де
дипломатиялық қатынастар орнап, елшіліктер алмасты. Қырғызстанда Египет
мүддесін Қазақстандағы Мысыр елшілігі, ал Тәжікстан мен Түркіменстанда
Ресейдегі Мысыр елшілігі ұсынады. Содан бері, бұл мемлекеттермен екі жақты
айланыстар орнап, ресмисапарлар жүргізілді. Орта Азиялық мемлекеттердің
ислам конференциясы ұйымына толық құқылы мүше ретінде кіруіне де араб
елдері зор ықыластарын білдірді.
Египет президенті Хосни Мубурак 90-шы жылдары Азияда жаппай қырып –
жою қаруынан ада аймақ құруға шақырған ұсынысын талмай жалғастырып келеді.
Сонымен бірге, Мысыр ел басшысы қазірде етек жайған терроризмнің жаһандық
мәселе екендігін ескертіп, осы мәселеге байланысты халықаралық конференция
шақыруды ұсынған болатын. 2003 жылы 4 маусымда Алматыда өткен өзара
ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммитіне Мысыр
елінен өкіл ретінде Уақыфтар министрі Хамди Зақзұқ келіп, Египет осы
аймақта және бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнығуына өз үлесін
қосатындығын білдірткен болатын.
Ал, мәдени салада белсенді байланыс жасауда Египет ТМД елдеріне
техникалық көмек көрсету қорынан басқа, Білім және вакуф ісі бойынша
министрлік пен аль-Азхар университетіне сүйенеді. Басқа салалардағы
байланысқа қарағанда екі жақтың мәдени ынтымақтастығының өрісі кең. 1998
жылы Қазақстан Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың Египетке сапары кезінде
мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық
келісім мәдени байлансқа жол ашты. Сондай-ақ 2001 жылы 9-16 қараша
аралығында Египетте өткен Қазақстан Республикасының мәдениет күндері айтулы
оқиға болды. Мысыр еліне Қазақстан елі өкілдерін Республикамыздың мәдениет
және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл – Мұхамед бастап барды. Алматыда
Нұр – Мүбарак атындағы Ислам орталығын салуға 15 млн. доллардан аса қаражат
бөлініп, бүгінде өз жұмысын бастаған университеттің ашылуы үлкен оқиға
болды. Сондай – ақ Мүбарак атындағы араб зертттеу факультеті Ашхабадта
ашылды. Египет Жоғарғы Білім Министрлігі Орталық Азия елдерінен жыл сайын
Египеттік университеттер мен инст институттарға студенттер қабылдап, арнайы
стипендиялар бөледі.
Жалпы Орталық Азия аймағына қатысты Египеттің өткен жылдардағы сыртқы
саясатының негізгі сипаты төменгідей болды:
- Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық және техникалық
ынтымақтастық туралы келісім жасау және жас мемлекеттерге инвестиция
құю арқылы өзіне тарту;
- Египет пен Қазақстан мемлекеті құруға келіскен сияқты біріккен банк,
біріккен мекемелер құру;
- Сауда айрбасын жандандыру үшін тең құнды шарттар жасау;
- Мәдени және білім саласындаынтымақтастық орнату негізінде Египет
жоғарғы оқу орындарына оқуға, ал Египет университетінің профессорларын
бұл елдерге дәріс оқуға жіберу;
- Информатика, аул шаруашылығы, банк ісі және т.б. салаларды дамытуда
белсенді рөл атқаратын Египеттің ТМД елдеріне техникалық көмек көрсету
қорына сүйену;
- Орталық Азия аумағын зерттеуде Египет академиялық мекемелерінің
рөлін жандандыру. Бұл екі ғылыми институт Каир және Заказиқ
университеттерінің азиалық зерттеу оталықтарының құрылуымен іске
асырылды. Аталған орталықтар әлі күнге дейін Орталық Азия
республикаларының саяси, экономикалық, мәдени және әлеуметтік даму
аспектілерін зерттеу арқылы үлкен қызығушылық танытуда.
Өркениетті көршілестік, мұнай және энергия ресурстары мен
транспорттық жүйе және коммуникация мәселелері біріккен саяси және
экономикалық жобаларда өз көріністерін табатынына екі жақтың зор
мүмкіншіліктері куә. Өркениетті көршілестік мәселесіне тоқталсақ, геосаяси
жағдай өзгергеніне байланысты әлемнен оқшауланған бұл жас мемлекеттер әлем
сахнасына өздерінің мәдени бай мұраларын қайта әкеле бастады. Тілінің
әртүрлігіне қарамастан, діні бір және кейбір салт – дәстүрлері ұқсас
көптеген араб мәдени мұраларын меңгерген мемлекеттер шығыс кеңстігін
құрайтыны сөзсіз еді. Египеттің Орталық Азия елдерімен мәдени жақындастығы
және өркениетті көршілестігі Палестина арабтарының құқығы мен әлемдік
сауданы либерализациялауға байланысты түйінді мәселелерде тоғысады.
Бұл аймақ елдерінде Еуропа мемлекеттері мен АҚШ мұнай өндірушілерінің
назарын іліктіретін бай мұнай қоры бар екені мәлім. Орталық Азия мен Каспий
теңізі бассейніндегі мұнай өндіру Египет өндірушілерінің алдында аз да
болса, мұнйды және табиғи газды өндіру, мұнай көздерін дамыту процестеріне
араласуға мүмкіндік береді. Мысалы, Египет зерттеушілерінің болжамды
көрсеткіші Қазақстанның Каспий теңізі бассейніндегі бір ауданда 10 млрд.
тоннаға, табиғи газ қоры 2 трлн. куб. метрге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz