Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін жасалынған дипломатиялық келісімдер


ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін жасалынған дипломатиялық келісімдер
Оқытушы:
Студент:
Мамандығы:
Тобы:
Алматы, 2009
1. Мюнхен келісімі
2. Молотов-Риббентроп Пакті (Германия мен КСРО арасындағы шабуыл жасаспау туралы келісім)
3. Пилсудский-Гитлер Пакті (Германия мен Польша арасындағы шабуыл жасаспау туралы келісім)
4. Ағылшын- герман теніз келісімі
5. Болат пакті «Стальной пакт» (Одақ пен достық туралы герман-итальян келісімі)
6. Вена арбитражі
7. Шабуыл жасаспау туралы Польша-Кеңес келісімі
8. Одақ пен шекара туралы герман-кеңес келісімі
9. Берлин-Рим осі
10. Антикоминтерн пактісі
1938 жылдың 29 қыркүйегінде Мюнхенде құрастырылды, сол жылдың 30 қыркүйегінде оған қол қойылды.
1939 жылдың 23 тамызында қол қойылды.
1934 жылдың 26 қаңтарында Берлинде қол қойылды.
1935 жылы қол қойылды.
1939 жылдың 22 мамырында Берлинде қол қойылды.
Бірінші арбитраж 1938 жылдың 2 қарашасында болды, ал екінші арбитраж 1940 жылдың 30 тамызында болды.
1932 жылдың 25шілдесінде қол қойылды.
1939 жылдың 28 қыркүйегінде жасалынды.
1936 жылдың 25 қазанында қол қойылды.
1936 жылдың 25 қарашасында қол қойылды.
Келісімге Ұлыбританияның премьер-министрі Невилль Чемберлен, Францияның премьер-министрі Эдуард Даладье, Германияның рейхсканцлері Адольф Гитлер және Италияның премьер-министрі Бенито Муссолини қол қойды.
Келісімге КСРО жағынан сыртқы істер бойынша нарком В. М. Молотов және Германия жағынан сыртқы істер министрі И. фон Риббентроп қол қойды.
Келісімге Германияның сыртқы істер министрі Константин фон Нейрат және Берлиндегі Польшаның елшісі Йозеф Липски қол қойды.
Әскери-теңіз күштерінің арақатынасы туралы Ұлыбритания мен нацистік Германия арасында жасалынды.
Келісімге Германия жағынан сырқы істер министрі Иоахим фон Риббентроп және Италия жағынан сыртқы істер министрі Галеаццо Чиано қол қойды.
Шешімдерді қабылдаған арбитрлерді нацистік Германия мен фашистік Италия тағайындады.
Польша мен КСРО арасында жасалынды.
Келісімге Германия жағынан сыртқы істер министрі Риббентроп және КСРО жағынан сыртқы істер бойынша халық комиссары Молотов қол қойды.
Келісім Италия мен Германия арасында жасалынды.
Келісім Германия, Жапония және Италия арасында жасалынды.
Келісім Чехословакияның Германияға Судет облысын беруге қатысты болды. Чехословакия өз территориясының шамамамен 1/5 және халықтың 1/4 бөлігінен, қарулы құрылыстарынан, ауыр өнеркәсіптің жартысынан айырылды. Келісім бойынша Чехословакиядан Польша мен Венгрияның пайдасына тағы да кейбір бөліктердің берілуі көзделді. Нәтижесінде Судет облысының бөлінуі Чехословакияның ыдырап кетуінің бастапқы үрдісінің көрінісі болды. Осы келісім ағылшын «тыныштандыру саясатының» (политика умиротворения) нүктесі болды. Тарихшылардың бір бөлігі осы саясатты төрт ұлы еуропалық державалардың келісімдері арқылы дипломатиялық жолмен дағдарыстағы халықаралық қатынастардың Версаль жүйесін қайта құру талпынысы деп санайды. Тарихшылардың басқа бөлігі осы саясаттың жүргізілуі батыс мемлекеттерінің КСРО-ны шеттетуге талпынысы деп санайды.
Келісімге «территориалды-саяси қайта құру» жағдайында Шығыс Еуропадағы өзара келісілген мүдделердің салаларын межелеу туралы құпия қосымша хаттама қоса ұсынылды. Келісім кеңес-герман қатынастарының суытуының, екіжақты экономикалық байланыстар мен қарулы қақтығыстардың оралудың созылған кезеңдерінен кейін жасалынды (ол аралықта КСРО гитлерлік коалицияға қарсы Испания мен Қиыр Шығыста тойтарыс көрсетті) және үшінші мемлекеттер үшін таң қалдырған саяси нәрсе болды. Сол кезбен бірдей қосымша құпия келісімдердің бар болуы туралы мәліметтер пайда болды, олардың мәтіндері 1948 жылы фотокөшірмелер бойынша және 1993 жылы түпнұсқалардың қайта табылуынан жарияланды. 1941жылдың 22 маусымында Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасау сәтінен бастап келісім басқалар сияқты өз күшін жоғалтты.
Келісім Гитлер мен Пилсудскийдің бастамасымен жасалынды. Пилсудский Польшаны формальды түрде басқармаса да, 1935 жылы өзінің өліміне дейін Польшадағы сыртқы саяси шешімдерді қабылдауға шешуші ықпалын тигізді. Ол Гитлердің басшылығымен неміс үкіметінің алғашқы сыртқы саяси сәттіліктерінің бірі болды. Келісімнің жасалуын Польшаның өзінің негізгі одақтасы Францияны Германияға қарсы соғысқа тартудың сәтсіздігі тездетті. Францияның соғыс идеясынан бас тартуы және 1933 жылдың жазындағы қол қойылған төрттік пакті (Ұлыбритания, Франция, Италия, Германия) Польшаның қаупін одан сайын күшейтті (дағдарыс жағдайында «үлкен державалар» «кіші державалардың» мүдделерін құрбандық етеді деп қорықты) . Нәтижесінде Германиямен жасалынған келісім мүмкін болатын агрессиядан өзін қорғану талпынысы болды. Польша Германияның азаматтарына Данциг арқылы Кёнигсбергке визасыз транзит құқығын беруден бас тартқаны үшін 1939 жылдың сәуірінде Гитлер біржақты келісімді жойды.
Британ үкіметі Гитлердің герман флотының күші Британ империясының күшіне қатысты 35% құрайтыны туралы талабын мақұлдады. 35:100 пропорциясы жалпы флоттың тоннажына және кемелердің әрбір класына қолданылу керек болды. Теңіз асты күштерге қатысты Германия Британиямен қатар теңдікке құқық алды, бірақ британ теңіз асты күштерінен 45%-дан астам болмауға тиіс еді. Сонымен қатар, Германия өзіне 1922 жылғы Вашингтон келісімі және 1930 жылғы Лондон келісімі бекіткен шектеулерді ұстануға міндеттеме алды. Сөйтіп, Германия жалпы тоннажы 420595 тонна флот құруға құқық алды. Олар 5 линкор, екі авианосец, 21 крейсер және 64 эсминец құруға мүмкіндік алды. Келісімнің нәтижесі Версаль келісімінің барлық шектеулерінің толық ликвидациясы болды. Германия флотының тоннажы бірінші дүниежүзілік соғыста жеңген державалармен, яғни Франция мен Италиямен теңдестірілді. 1939 жылдың 28 сәуірінде Гитлер рейхстагта келісімнің денонсациялауы туралы жариялады.
Келісімнің атауы Германия Гитлер және Италия Муссолини одағының мызғымастығын, беріктігін көрсетуге бағытталды. Осы халықаралық келісім Антикоминтерн пактісі ережелерінің іс-қимылдарын тағы да мақұлдау және өзара одақтық міндеттемелерді екіжақты келісу мақсатында жасалынды. «Болат пакті» Екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңындағы пайда болған Германия мен Италияның әскери-саяси блогының нүктесі болды.
Вена арбитражі арбитрлер шешкен екі саяси шешімнің атауы болып табылады. Ол хортистік Венгрияның 1920 жылғы Трианон келісімі бойынша жоғалтқан территорияларына деген талаптарын «бейбіт қанағаттандыру» мақсатында жасалынды. Бірінші Вена арбитражі Германия мен Италияның шешімдері бойынша Чехословакия Венгрияға Словакия мен Закарпат Украинаның оңтүстік аудандарын беруге міндеттенді (жалпы көлемі 11 927 км², халқы 1 млн. адамнан астам) . Екінші Вена арбитражінің шешімі бойынша Румыния Венгрияға Трансильванияның жартысын беруге міндеттенді (қазіргі Солтүстік Трансильвания) . Оның мақсаты соғыста Венгрияны Германияның одақтасы ретінде қатысуына тарту еді. Нәтижесінде Венгер-румын қайшылықтарының күшейгенін Германия Венгрия мен Румынияның толық бағынуы үшін қолданды. Вена арбитраждарі 1947 жылғы Париж бейбіт келісімдерімен жойылды.
Бастапқы келісім 3 жыл мерзімге жасалынды, кейін 1934 жылдың 5 мамырында 1945 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Келісім бойынша жақтар егемендік, өзара
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz