Ел экономикасындағы инвестициялық саясаттың ықпалы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Сатаев Т.Р.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ізденушісі.

Ел экономикасындағы инвестициялық саясаттың ықпалы.

Тәуелсіздік жариялаған жылдары еліміздің алдында экономиканы
дағдарыстан шығару міндеті шешуші басылымдыққа айналды. Онсыз өркениет
жолына түсу мүмкін емес еді. Экономикалық модернизацияны Қазақстан Кеңес
Одағы күйреуінен басталған терең экономикалық дағдарысты жеңуден бастады
десек қателеспейміз. Ал, экономиканы дағдарыстан құтқару үшін және дамуының
басты факторы ретінде қаражат табу прпоблемасы тұрды. Себебі елдің ішкі
ресурстары экономиканы қайта құруды қаржыландыру, сондай-ақ әлеуметтік
қорғаудың өз деңгейінде болуы үшін жеткіліксіз еді. Ішкі инвестициялық
ресурстардың жеткіліксіздігінен сыртқы, шетелдік инвестицияларды тарту
стратегиялық мәселеге айналды.
Елдің нарықтық экономикасының негізін қалау егемендік алған жылдары
өзінің тұрақсыздығын танытты. Ол кезде бүгінгідей инвестициялық қор мен
оған басшылық жасау алдағы жоспардың еншісіндегі елес қана болатын. 1990
жылдар ортасында елдегі инвестициялық ахуал әлемдегі жоғары дамыған
елдердің инвестор өкілдерімен тығыз байланысты бастады. Қазақстандағы
өндіріс орындары, кәсіпорындар мен шағын цехтар, жекелеген арнайы қызмет
көрсету орындары жұмыс күшін сақтауда әлсіздік танытып, тауар қатынасын
дамыту ісінде қаржы тапшылығына ұшырады. Нәтижесінде нарықтық қатынастардың
басты проблемасы – жұмыссыздық ахуалы шиеленісті. Дағдарыстан шығып,
жұмыссыздықты тежеу үшін өзге де туындаған проблемалардың алдын – алу
мақсатында, сондай – ақ қалыптасып, жаңадан бой түзеп келе жатқан
мемлекетте қайшылықтар мен әлеуметтік катаклизмаларға қарсы негізгі
амортизаторлық күш ел экономикасына инвестиция тарту болып табылды.
Қазақстан өзінің инвестициялық саясатында өркениетті елдердің тәжірибесінен
дұрыс сабақ ала білген, ғылыми тұжырымдалған бағдарламамен жұмыс істей
білді. Қазақстан инвесторларға неғұрлым қолайлы жағдай жасау принципін
ұстанды. Республика үкіметі елді жылдар бойғы жинаған тәжірибелерінен сабақ
алған, халықаралық дәрежеде инвестиция саласында әріптес мемлекет ретінде
инвесторларға ыңғайлы заңдар мен нормативті актілері бар және екі жақты тең
дәрежеде пайдасын көздеген мемлекет ретінде таныта алды.
Алғашқы инвестициялық жобалар Қазақстан экономикасына 1992 жылдан
бастап ене бастады.[1] Бұл жағдай негізінде елде экспрорттық кредиттер
негізінде қалыптасты. Халықаралық валюта қоры бойынша өзге мемлекеттер мен
байланыс орнап, қаржыландыру көздері ашылды. Сондай – ақ Қазақстан
инвестициялық қайта жабдықтау, Даму банкі, Азиялық даму банкі, Жапонияның
Эксим банктерімен және өзге де қаржыландыру көздерімен тығыз байланыс
орната алды.
Инвесторларды ел экономикасына араластырудағы басты мақсат –тезірек
дағдарыстан шығу үшін көмірсутекті шикізат өндіруді көбейту болды. Мұнай,
газ өндірісін жолға қойғаннан кейін екінші кезекте инвестицияларды даяр
тауарлар өндіруге немесе индустриялдық – инновациялық санаға қарай бұру
көзделді. Дағдарыстан шығу және индустриялдық өндірісті қалпына келтіру
халықтың материалдық әл- ауқатын көтеретіні сөзсіз болатын.
Қазақстан Республикасының инвестициялар тарту туралы заңының 3 тарауы
11 бабында: Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты экономикалық
даму үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау және осы заманғы
технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістер құруға, жұмыс орындарын
ашуға, сондай – ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру
болып табылады- делінген.[2] Сондықтан елдің шаруашылығына инвесторларды
көптеп тарту – экономикалық реформалардың ең бір өзекті бағыты болып
саналады. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін Инвестициялық қызмет
туралы, Шетелдік инвестиция туралы заңдар жарық көрді Осы заңдар
инвестициялық саясатты тиімді жүргізудің құқықтық негізіне айналды.
Инвестициялық үрдістердің толастамауына елдегі саяси тұрақтылық пен
қоғамдық келісім ахуалының позитивті әсері болғаны анық. Шетелдік
инвесторлар Қазақстан экономикасында өздерінің қаржыларына қауіп жоқ
екендігіне сенімді болды.
Инвесторларды көптеп тарту тоқтап қалған өндіріс орындарынан өнім
шығару, игерілмей жатқан ресурстарды игеру, республика бойынша құрылыс
орындарын жандандыру, отандық фирмалар мен отандық инвесторларды
қалыптастыру, жұмыссыздық проблемасын жою, халықтың күн көріс деңгейін
жоғарылатып, әлеуметтік сфераны модернизациялауға мүмкіндік туғызатын еді.
Шетел инвестицияларының Қазақстанға алғашқы келеген инвестициялық
түсімдері 1993 жылдан бастау алады. 1993 жылы 1.2 милиард АҚШ доллары
көлемінде тікелей шетелдік инвестиция пайдаланды.[3] 1993-1996 жылдарды
қоса алғанда 3.7 миллиард доллар көлемінде тікелей инвестиция игерілді.[4]
Инвестор атанған мемлекеттердің алғашқылары болып Қазақстан
экономикасына араласқан мемлекеттердің бірі – Түркия. Бұл ел өзіндік құны
бар, Қазақстанға қажетті мардымды істер атқаруда . Түркия мемлекеттік
сыртқы басқармасының мәліметі бойынша 1997 жылдың өзінде 200- ден астам
түрік фирмалары жалпы сомасы 2 миллиард доллар болатын 40 экономикалық
жобаны жүзеге асыру үшін жұмыстар жүргізген.[5]
Келіп жатқан инвесторлардың басым бөлігі табиғи ресурстарды игеруге
және құрылыс кешеніне жұмсалуда. Дамушы мемлекет ретінде Қазақстан үшін
экономикалық мүмкіндіктерге орай табиғи ресурстарды жер қойнауынан шығарып,
өндіріп қана емес, әлемдік рынокқа шығарып, жоғары өтімді бағамен сату
міндет болып табылды. Сарапшы мамандардың есептеуінше жер қойнауындағы
минералды шикізаттардың көлемі 8.7 триллион деп бағаланды. Осыған орай
өндіріс орындарын толық жабдықтап, дамытумен қатар, құрылыс кешенін игеру,
отандық тауар өндіру, отандық инвесторларды қалыптастыру мәселесін шешу
тұрды. Себебі Қазақстан шетел инвестицияларына толық тәуелді болып қала
беруі қауіпті. Онда ел толық экономикалық тәуелсіздікке жете алмайды.
Минералдық ресурстарға бай елдің халқының әл-ауқатын кешенді жақсарту
мәселесі шешілмейді. Қазақстан үкіметі үшін ең бастысы мүмкіндігі мол,
минералды ресурстарға бай халықтың материалдық жағдайын жақсарту.
Қазақстан экономикасына қомақты инвестиция салуына елдердің бірі
Швеция. Бүгіңде қазақ-швед қатынасының берік орнауын Қазақстанның
шикізаты, шведтің технологиясы сөзінен байқауға болады. Швеция мемлекеті
әлемнің түкпір – түкпірінен орын алып, өнім өндіруде үлкен жетістіктерге
жетуде. Шведтер өз құқықтарын жергілікті халық мүддесімен тең дәрежеде
қорғайды. Жаңа технологияны қажет тұтатын Қазақстан швед инвесторлары үшін
мол мүмкіндіктер жасап, екі жақты бірлескен түрде әріптестік жұмыстар
жүргізуде.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің ақпарлары
бойынша 1996 жылдың аяқ шеніне таман Қазақстан Республикасы шетелдік
тікелей инвестиция көрсеткіші жағынан бұрынғы социалистік лагерге кірген
мемлекеттер арасында 4-ші, ал ТМД елдері арасында 1-ші орынға шықты.
Басқаша айтқанда, Қазақстан экономикасын жандандыруға шетелден жан басына
шаққанда орта есеппен 165 доллар келіп, іске қосылған еді. Бұрынғы шетелдік
социалистік мемлекеттердің ішінен алдымызға шығып кеткендері – Венгрия (жан
басына шаққанда 1041 доллар, халқының саны 10 миллионнан астам ), Чехия
(563 доллар, халқы 35 миллионнан астам). Ал ТМД елдерінен 2-ші орынды
иемденген Әзербайжан (133 доллар, халқы 7.5 миллион), 3-ші орындағы Ресей
(33 доллар, халқы 140 миллион) көрсетті.[6] Инвесторларға әртүрлі
жеңілдіктерді қарастырған Қазақстан Қытайдың, Жапонияның, АҚШ-тың,
Германияның, Оңтүстік Кореяның және басқа да бірқатар елдердің
инвесторларымен бірлесіп жұмыс атқарып, жаңа экономикалық әріптестік
белесіне енуде. Жыл санап инвестицияның қыр-сырын меңгеріп келе жатқан
Қазақстан үшін экономиканы жетілдіру жолында оны тиімді де ұтымды тұстарына
пайдалану өзекті істердің бірі болып табылады. Сондықтанда ел президенті
Н.Ә. Назарбаев халыққа кезекті жолдауында Қазақстан шетел капиталынсыз,
технологиясынсыз және тәжірибесінсіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңаруға
қалай қол жеткізетінін көз алдымызға елестету қиын деген сөзін атап өткен
жөн.
Қазіргі кезде әлемдік инвестициялық тәжірибесі мол болып саналатын
Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайвань және өзге де бірқатар мемлекеттер
инвестицияның нәтижесінде экономикалық даму жолына нақты түсе алды.
Оңтүстік Шығыс Азия елдері сол кездерде жылдық өсімі орта есеппен 25
пайызға көтерілген. Қытайдың жылдық экономикалық өсуін 1978-1986 жылдар
аралығында 10 пайыздан 35 пайызға, Оңтүстік Корея 1983-1993 жылдары өзінің
жалпы ішкі өнімін 30 пайызға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кластер және бәсекелестік
Ел экономикасындағы инвестициялық саясаттың ықпалы
Инвестиция туралы ақпарат
Экономиканы реттеу құралдары
Қазақстан экономикасындағы инвестицияның орны
Инвестицияның теориялық негізі және инвестицияларды тартудағы әлемдік тәжірибе
Шетел инвестицияларын басқарудың шетел тәжрибесі
Ел экономикасындағы шетелдiк инвестициялар мен компаниялар
Ел экономикасындағы шет елдiк инвестициялар мен компаниялар
Қазақстанның инвестициялық саясаты туралы
Пәндер