Мұрагерлік құқығының түсінігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
І.Мұрагерлік құқығының түсінігі
Мұрагерлік – бұл мүліктің иесі қайтыс болған жағдайда қалған мүлікті бір
немесе бірнеше адамдарға беру, Яғни мұрагерлеріне беру деп
танылады.Мұрагерлік нәтижесінде әмбебаб иемдену, толық түрде ауысады.
Сонымен қатар, рим құқығында сингулярлы иемдену болған, яғни мұрагер
қарамағына тек санаулы құқықтар болады. Мұрагерлік не заң бойынша немесе
өсиет бойынша беріледі. Рим құқығы мұрагерлік құқық бойынша белгілі бір
адамнан кейін сол жағдайда иемденуді қарастырмаған. Яғни, бұл мұраның бір
бөлігі мұрагерлерге заң бойынша, ал мұраның екінші жартысы өсиет бойынша
қалдыруға рұқсат етпеген. Рим құқығында сонымен қатар мұрагерліктің ашылу
рәсімі және мұрагерлікке кіруі түсініктері болған.
Ашық мұрагерлік иемденушінің қайтқан уақытында.Осы уақыттан бастап
мұрагерлердің мұралық құқықтары болады.
Мұрагерлікке кіру – дегеніміз мұрагерлікті алуға өз мүддесін білдіру.
Бұл жағдайда мұрагер мұрагерлікті ашуда емес, одан кейін қабылданғаннан
кейін өз құқығына ие болады.
Ерте заманда тек қана заң арқылы мұраға қалдыру болған. Үй иесі қайтыс
болған жағдайда автомат түрінде барлық мүлік агнаттық семьяға өтетін
болған. Мұрагерлер ретінде тек қана анаттар танылды. Мирасқа қалдырылған
мұра олардың арасында тең бөлінген.
Когнаттар, яғни қандық туысқандар, заңды түрде мұраға иеленді тек қана
преторлық құқық кезінде.Бұнда қайтыс болған адамның туысқандары оның
туыстарын мұрагерлікке құқығы бар деп есептеген. Кейіннен өсиеттер жасала
басталды, бірақ оларды жүзеге асыру үшін аз емес формальность жасауға
міндетті болды. Мысалы, республикалық кезеңнің басында кез-келген мұра тек
халық жиналысының қолдауын күткен. Кейінгі республика және принципат
дәуірінде формальностьтердің көбі жойылды. Өсиеттің өзі жазбаша түрде және
жеті куәгермен бекітіліп, қолданылды.
Міндетті мұрагерлік деген түсінік пайда болды, яғни ол мұраға
қалдырушының жақын туысы мұраға мұраға қалдырушының қолдауынсыз қожалық
етуі. Претор ескі заңдар бойынша мұрагерлік құқықтан айырылған адамдарға
қожалық етті, сонымен қатар ешбір формальностьсіз қабылданған өсиеттерді
қолдады. Егер преторлық құқықпен қатар цивильді құқықтан мұрагер болса,
онда екіншісіне артық жері түседі, яғни преторлық мұрагер өзінің құқығынан
айырылады. Принципат дәуірінде претор мұрагердің оның мәртебесіне
қарамастан оны қорғады. Сонымен бонитарлық меншік қалыптаса бастады.
Империя кезеңі уақытында цивильдік мұрагерлік жүйесі мен преторлық жүйе
бірікті.

ІІ.Мұрагерліктердің түрлері
Рим құқығы мұрагерліктің екі түрін қарастырған:
- заң бойынша мұрагерлік
- өсиет бойынша мұрагерлік
Заң бойынша мұрагерлік тек нақты заңдар арқылы жүргізілген. Ол заңдарға
ХІІ кесте заңдары, Юстиниан заңдары жатқан. Мұраға иелік мұраға қалдырушы
мен мұрагердің арасындағы туыстықтан белгіленген, бірақ бұнда туыстықтың
түрі де үлкен рол ойнады. Бастапқыда заң бойынша мұрагерлікте иелікті
агнаттар пайдаланған. Осыған байланысты цивильды құқық туыстық қатынасты үш
түрге бөлді:
- өзінің мұрагерлері
- агнаттар
- когнаттар
Өзінің мұрагерлері бірінші орында тұрған, оған мұраға қалдырушының
балалары сонымен қатар қайтыс болған балаларының балалары да жатқан. Оларды
тағы да қажетті мұрагерлер деп те атаған, себебі олар өздерінің еркісіз де
мұраға иелік етуге міндетті болған.
Егер қайтыс болған адамның өз мұрагерлері артында қалмаса, онда келесі
агнаттық туысқандары шақырылған, яғни мұраға қалдырушының ағасы. Ал егер
бірнеше агнаттар болса, онда ең жақыны мұраға ие болған.
Үшінші орында когнаттар болып есептелген. Олар тек қандық туыстар, бірақ
олардың қаншалықты жақындығы есептелмеген.
Бұл орындардың бөліну себебі, егер бірінші тұрған мұрагер болмаса, онда
мұра келесі мұрагерге өтетін болған. Кейінірек патриархалды жанұя мен жалпы
жанұя меншігінің орнына преторлық құқықпен қорғалатын жеке меншік құқығы
пайда болды. Ескі цивильдік мұрагерліктің жүйесі агнаттық туысқандықпен
қалыптасқанпреторлық мұрагерлік жүйесімен ауыстырылды.
Преторлық құқық кейіннен үш емес, төрт түрді қалыптастырды.
- мұраға қалдырушының балалары
- барлық агнаттар
- барлық когнаттар тек алтыншы туысқанына дейін
- қайтыс болған адамның жұбайы
Ал Юстиниан заңдарында бес түрі пайда болған:
- бірінші орында – қайтыс болған адамның мұрагерлері, сонымен қатар
асыранды балалары мен туған балаларының құқықтары тең болған.
- екінші орында – қайтыс болған адамның туған ағалары, апалары
- үшінші орында – қайтыс болған адамның туған емес ағалыры, апалары
- төртінші орында – туысқандық қатынасына сай емес қалған туыстары
- бесінші орында – қайтыс болған адамның жұбайы
Егер мұрагерлердің бірде-біреуі болмаса немесе мұрадан бас тартса, онда
бұл мұра выморочный болған. Алдымен бұл мүлік иесіз деп танылған, сондықтан
оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы құқығының түсінігі
Рим құқығынан кешен
Мұрагерлік құқық
Мұра қалдырушының мүліктік және кейбір мүліктік құқықтары мен міндеттері ретіндегі мұрагерлік масса
Рим құқығы
Мұрагерлік құқықтың түрлері
Мұрагерлік құқықтық қатынастың құрылымын саралау
Рим құқығының қайнар көзі
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері
Азаматтық құқық қағидалары түсінігі
Пәндер