Жеке тұлғаларды несиелеу мүмкіндігі туралы несиелік тұжырымды құрастыру


Жеке тұлғаларды несиелеу мүмкіндігі туралы несиелік тұжырымды құрастыру
Несие (кредит лат. credit - сенім) - қайтару шартымен, белгілі бір мерзімге қарызды пайдаланғаны үшін қарыз алушыға берген ақшалай немесе тауар нысанындағы қарыз.
Несие процессі - несиелік операцияны ұйымдастыру ерекшелігін анықтайтын, банктен қабылдаған белгілі бір ретпен орналасқан несиелік қатынастарды іске асыру нысаны, яғни әдістері мен тәсілдері.
Несиелік қабілет - қарыз алушының банк алдындағы өзінің қарызы бойынша міндеттемесін (негізгі қарызы мен пайызы) бойынша толық және уақытында қайтару мүмкіндігі.
Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісімшарт негізінде шешеді.
Несиелік келісімшарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
- несиелеу мақсаты және объектісі;
- несиенің мөлшері;
- несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;
- несиені қамтамасыз ету формасы;
- несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
- несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
- несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі
Несиелік келісімшарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды.
Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға беретін несиеліріне тұтыну және ипотекалық несиелер жатады.
Тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:
- автомобилдік несие;
- ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
- тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
- аса қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т. с. с) берілетін несие
Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады.
Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:
- жиһаз;
- сантехника;
- аудио-видео-және тұрмыстық техникалар;
- компьютер және оргтехника;
- басқа да тұтыну тауарлары.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.
Қазақстанның экономикалық және қаржылық дамуы халықтың әл-ауқатының жақсаруын және ертеңгі күнге сеніммен қарайтындығын көрсетеді, бұл жеке тұлғалардың несиелендіру қызметтеріне тікелей әсер етіп, қызығушылығын арттырады. Бұл тұрғыда банктер клиенттердің қажеттілігіне бейімделген және несиелендірудің бірнеше түрін ұсынады. Сондай-ақ, несиелендірудің жаңа түрлерін үзбей шығарып тұрады. Бұл қызметтің түрлеріне, ең бірінші, несиелік карталар, автонесиелеу, ипотекалық несиелеу, сонымен қатар, зәру мұқтаждыққа несие беру, шұғыл несиелендіру және т. б. көптеген несиелендірудің түрлері кіреді.
Жеке тұлғаларды несиелеуді толық түсіндіру үшін мысалға БТА банктің жеке тұлғаларды несиелеуін қарастырайық.
Жалпы БТА жеке тұлғалар үшін мынадай қызмет түрлері мен өнімдерді ұсынады :
- - Несиелер
- - Салымдар
- - Ақша аударымдары
- - Төлем карточкалары
- - Тұрғындардың төлемі
- - Сейфте сақтау
- - Шоттармен жургізілетін операциялар
- - Валюта айырбастау операциялары
Соның ішінде несиелеуді қарастырайық.
БТА Банкінің тұтынушылық несиелендіру бағдарламалары - бұл халықтың тұтыну тауарларын несиеге алу, әртүрлі қызметтердің ақысын төлеу, тұрғын үй, автокөлік және - өзге де құралдарды сатып алу үшін қажетті соманы оперативті түрде беру. Бұл үшін банкке көп құжат өткізудің қажеті жоқ, берілген құжаттар мұқият қаралған соң әрбір клиенттің өтініші бойынша шешім қабылданады.
БТА Банкінің тұтынушылық несиелері - бұл ұзақ уақыт бойы ақша жинамай-ақ, өзіңіздің қалаған затыңызға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін қолайлы ұсыныс.
Қызмет көрсетудің артықшылықтары
- Қаржыландыру құнының төмендігі. Банк кешенді несиелендірудің әртүрлі схемаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жасауға ықпал етеді.
- Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша мөлшерлемелер рынок жағдайындағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың берік орнауына қарай төмендетілуі мүмкін.
- Несиелендіру мерзімін ұзарту мүмкіндігі. Несие желілері аясында жобаларды қаржыландыру тек төмен пайыздық мөлшерлемелерді қолдануға ғана емес, сондай-ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
- Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
- Аймақтарды қаржыландыру. Біздің банкіміздің қызметтерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп айырысу-кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.
БТА несиелендірудің келесі түрлерін ұсынады:
- Ипотекалық несиелендіру
- "Любимая"несие желісі!"
- Автонесиелеу
- Әмбебап Факультеті
- Жедел желі
- Қалаулы несие (жедел несиелендіру)
Ипотекалық несиелендіру
Ипотекалық несиелендіру-сіздің отбасыңыздың беріктігінің кепілі. Элитті тұрғын үйге, екінші деңгейлі рыноктан жылжымайтын мүлікке ие болу, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі, сондай-ақ, коммерциялық жылжымайтын мүлікке, табысты растайтын құжатсыз несие алуға, т. б. қызметтердің кең ауқымды түрлеріне ие болу.
Ипотекалық несие беру екі бағдарлама бойынша жүзеге асырылады:
1) Тұрғын үйді сатып алу үшін несиелік бағдарлама (екінші ретті жалжымайтын мүлік нарығындағы пәтерлер, сонымен қатар эксплуатацияға берілген жаңа салынған тұрғын үйлердегі пәтерлер) ;
- несие берудің ең жоғарғы сомасы бағаланған жылжымайтын мүлік құнының 70% дейін;
- несиенің ең ұзақ мерзімі зейнеткерлік жасқа жетпегенге дейін (65 жасқа дейін мүмкін) ;
- несиені мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл мен мараторияның жоқ;
- тұрғылықты мекен - жайына байланыссыз басқа қаладан тұрғын үй сатып алу мүмкін;
2) Тұрғын үйді жөндеуден өикізуге арналған несиелік бағдарлама.
- несиелеу мерзімі - 20 жылға дейін;
- тартымды проценттік қойылым;
- несие берудің ең жоғарғы сомасы бағаланған пәтердің құнының 50% дейін;
- несиені мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл мен мараторияның жоқ;
- Банктте ипотекалық несие бойынша қамтамасыз етілуде тұрған ертеректе сатып алынған пәтердге жөндеу жасау үшін несие алу мүмкін.
«Любимая» несие желісі!
БТА Банкі өз уақыты мен жайлылықты бағалайтын клиенттеріне арналған «Любимая» несие желісі жаңа бағдарламасын ұсынады. Сіз бұл несие желісін аша отырып, бір жолғы несиелеуге қарағанда көптеген артықшылықтарды пайдалана аласыз.
- Несие мерзімі 12 айдан зейнеткерлік жасқа жеткенше;
- Несие берудің ең жоғарғы сомасы бағаланған кепілдің құнының 70% дейін;
- Кепіл ретінде жылжымайтын мүлік бола алады;
- Несиені әр ай сайын қайтару екі әдіспен жүзеге асырылады: аннуитеттік төлемдер арқылы және бірдей тең бөлшектермен;
- Несиенің валютасы - тенге, АҚШ доллары;
- Өтінішті қарау уақыты - 3 күннен бастап;
- несиені мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл мен мараторияның жоқ.
Автонесиелеу
Алғашқы жарна 15 пайыздан басталады, сондай-ақ, аз мөлшерде құжаттар, несие бойынша тамаша мөлшерлеме, несиелендіру мерзімі 5 жылға дейін, несиені айыппұлсыз мерзімінен бұрын жедел өтеу (6 айдан кейін), кең филиалды жүйе және сіздің жүргізушілік стажыңызды талап етпейміз - осының бәрі БТА Банкінің автонесиелендіруі.
Автосалоннан жаңа автомокөлік алу үшін несие беру ерекшеліктері:
- тартымды проценттік қойылым;
- алғашқы жарна 20% бастап;
- несиелеу мерзімі - 3 айдан 7 жылға дейін;
- Несиенің валютасы - тенге, АҚШ доллары;
- несиені мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл мен мараторияның жоқ;
- Кепіл ретінде сатып алынатын автомобиль бола алады;
Ұсталынған автокөлікту сатып алу үшін несие беру ерекшеліктері:
- алғашқы жарна 30% бастап;
- несиелеу мерзімі - 3 айдан 3 жылға дейін;
- Несиенің валютасы - тенге, АҚШ доллары;
- несиені мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл мен мараторияның жоқ;
- Кепіл ретінде сатып алынатын автомобиль бола алады;
- сатып алынатын автомобильдің максималды эксплуатация мерзімі:
- 7 жыл (шығарушы ел Германия, Жапония, Франция, Италия, АҚШ) ;
- 3 жыл (шығарушы ел Оңтүстік Корея, ТМД елдері) ;
Әмбебап Факультеті
БТА банк «Әмбебап факультет» несие оқу бағдарламасын ұсынады, «Бакалавр» «Маман» және «Магистр» бағдарламалары бойынша білім алу.
Бағдарламаның басты артықшылығы - қарызды рәсімдеу уақытынан 6 немесе 12 ай қоса оқу мерзіміне тең ұзақ жеңілдігі бар қарызды өтеу мерзімі. Яғни бұл студенттің жеңілдігі бар период кезінде бысты қарызды өтемеуге құқысы бар, ол тек қана банкке есептелген сыйақыны төлеп тұрады.
- Кредиттік бағдарламаның минималды мерзімі - жоқ;
- Кредиттік бағдарламаның максималды мерзімі - 10 жыл;
- несиені мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл мен мараторияның жоқ;
- Несиенің валютасы - тенге, АҚШ доллары евро;
Жедел желі
БТА Банкі жедел несиелендірудің әр алуан бағдарламаларын ұсынады, олар Сізге жаңа жиһаз, немесе тұрмыстық техниканы сатып алуға, ЖОО-да оқу ақысын төлеуге, көптеген салтанатты шараларды және тағы басқа мүмкіндіктерді береді.
«Экспресс линия» - кредиттеудің бір бағдарламасындағы үш артықшылық.
- бірінші артықшылығы:
Сізге 3 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге кредит желісі ашылады
- екінші артықшылығы:
Экспресс линия» кредиттеу лимиті аясында кредиттің әрекет ету кезеңінде де жаңғыртылатын кредит болып табылады
- үшінші артықшылығы:
кепілзатты ұсыну талап етілмейді.
«Экспресс зарплатная» - бұл кредиттеу бағдарламасы БТА Банкі арқылы жалақы алатын тұлғалар үшін әзірленген
- бұл бағдарламаның негізгі артықшылығы - клиенттерді жеңілдікті пайыздық ставкалар бойынша кредиттеу
«Экспресс альтернативная» - бағдарламаның артықшылығы - кредиттеу шарттарын таңдауға мүмкіндік береді.
- осы кредиттеу бағдарламасының негізгі артықшылығы - кредит бойынша клиентке ұсынылатын банктік шотты жүргізу комиссиясы бар төмендетілген пайыздық ставканың ұсынылуы
«Пенсионный» жедел кредиті - кредиттеу бағдарламасы «Қамқор» карточкасы арқылы зейнетақы төлемдерін алатын банк клиенттері үшін жасалған:
- бұл бағдарламаның негізгі артықшылығы - зейнеткерге жеңілдікті жағдайда кредит рәсімдеу мүмкіндігі
" Жалақы жобаларына арналған жедел кредит " - бұл кредиттеу бағдарламасы БТА Банкі карточкалары бойынша жалақы алатындарға арналған.
Заемшы кредиттеу талаптарына сәйкес келген жағдайда.
Кредиттеу «БТА Банкі» АҚ-ның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Кредит валютасы:KZT; USD
Кредит мерзімі: 3 - 40 ай
Кредиттің ең аз сомасы: 20 000 теңге немесе АҚШ долларындағы баламасы
Кредиттің ең көп сомасы: 1 000 000 теңге немесе АҚШ долларындағы баламасы
Сыйақы ставкасы кем дегенде: KZT - жылдық 20%
USD - жылдық 20%
Кредитті ұйымдастыру үшін комиссия Кредит сомасының 8%-ы (кем дегенде 7 000 теңге)
Өтінімді қарастыру үшін комиссия 1000 теңгеден бастап
Тиімді ставка: 35, 1%-дан бастап
" Экспресс линия " - клиентке құжаттарды бір рет ресімдеп, жедел кредитті бірнеше рет алу мүмкіндігін береді.
Кредит валютасы: KZT; USD
Экспресс желінің мерзімі: 3 - 60 ай
Қол жетімділік кезеңі: 48 ай
Транштың ең көп мерзімі: 36 ай
Кредиттің ең аз сомасы: 20 000 теңге немесе АҚШ долларындағы баламасы
Кредиттің ең көп сомасы: 1 000 000 теңге немесе АҚШ долларындағы баламасы
Сыйақы ставкасы кем дегенде: USD - жылдық 28%
USD - жылдық 28%
Кредитті ұйымдастыру үшін комиссия әрбір транштан ұсталады, кем дегенде: кредит сомасының 10%-ы немесе кем дегенде 7 000 теңге
Өтінімді қарастыру үшін комиссия: 1000 теңгеден бастап
Тиімді ставка: 33, 7%
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz