Серіктестіктер дегеніміз – адамдардың бірлестігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Серіктестіктер дегеніміз – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп
серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің
капиталымен жеке жауап береді.
Артықшылықтары:
- Ұйымдастырудің қарапайымдылығы;
- Қосымша қаржы, құралдардың тарту жеңіл;
- Мамандандырылудың деңгейі жоғары;
- Өндіріс көлемін кеңейту мүмкіншілігі мол.
Кемшіліктері:
- Әр бір құрылтайшының мүліктік жауапкершілігі;
- Серіктес мүдделерінің бір-бірімен сай келмеуі;
- Құрылтайшылар үлесін анықтау қиыншылығы;
- Бір құрылтайшының кетуінен серіктестіктің жабылу мүмкіншілігі.

Шаруашылық серіктестіктері дегеніміз - пайда табу мақсатына негізделген
және жарғылық қоры құрылтайшылардың салған салымдарының
үлесімен анықталатын коммерциялық ұйымдар немесе заңды тұлғалар
болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шаруашылық серіктестіктер:
толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік,
қосымша жауапкершілікті серіктестік және акционерлік қоғамдар
нысандарында болуы мүмкін.

Глава II. Создание товарищества с ограниченной ответственностью (ст. 13
- 22) Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар
серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 22 сәуірдегі N 220-
I Заңына сәйкес:

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік дегеніміз - қатысушылары
серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің
салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген
салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап
беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік. Осы
жауапкершілік мөлшері қатысушыларымен дербес белгілененді және құрылтай
құжаттарында көрсетіледі. Бірақ оның мөлшері олардың жарғылық қордағы
салымдарының екі есе көлемінен кем болмауы тиіс. Ерекшелігі – егер
қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік міндеттемелері бойынша оның жауапкершілігі, егер құрылтай
құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған
қатысушылар арасында олардың салымдарына бара-бар бөлінеді. Ең кіші есептік
көрсеткіштің мөлшері 100 ЕЕК. Ерекшелігі: Қатысушылардың жауапкершілігі
жарғы арқылы енгізілген каптиалдың еселнген мөлшерімен анықталады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік дегеніміз - бір немесе бірнеше адам
құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде
үлестерге бөлінген серіктестік; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке
қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің
қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде
тәуекел етеді.. Ең кіші есептік көрсеткіштің мөлшері 100 ЕЕК. Ерекшелігі:
Серіктестік жалғыз өзі қатысушы ретінде бір адамнан тұратын басқа шарушылық
серіктестігі бола алмайды.
Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге
немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып
есептеледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне
тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген
қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген
бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық қабілеті
1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік коммерциялық ұйым болып
табылады, азаматтық құқықтары болады және Қазақстан Республикасының
заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті,
өз қызметіне байланысты міндеттерді атқарады.
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тізбесі заң актілерінде
белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса
алады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың міндеттері:
1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар:
1) құрылтай шартының талаптарын орындауға;
2) құрылтай құжаттарында көзделген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде
серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға;
3) серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария
етпеуге ;  2007.19.02. № 230-III  ҚР Заңымен  4) тармақшамен толықтырылды 
(бұр. ред. қара)  
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің
құрылтай құжаттарында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң
актiлерiнде көзделген басқа да міндеттерді мойнына алуы мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі :
1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының
құрылтай шартын жасасуынан басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде
мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады.
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға
дейін:
1) бір жыл ішінде, ал егер құрылтай шартында басқа мерзім белгіленсе,
осы мерзім ішінде, құрылтай шарты жасалған күннен бастап серіктестікті
мемлекеттік тіркеу туралы тиісті өтініш берілмеген жағдайда;
2) серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға сот тәртібімен
белгіленген мерзімде шағым жасалмаса не шағым жасалып, бірақ шағым
қабылданбаған жағдайда тоқтатылады.
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға
дейін тоқтатылған жағдайда:
1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін ақша, бағалы қағаздар, заттар,
соның ішінде санаткерлік қызмет нәтижелеріне құқықты қоса мүліктік құқық
және өзге де мүлік қосқан серіктестіктің құрылтайшылары оларды дереу
қайтаруды талап етуге құқылы;
2) осы Заңның негізінде жасалған сенімгерлік басқару туралы шарт оның
тараптары арасында өзгеше келісім болмаған жағдайда тоқтатылып, осындай
шарт бойынша берілген мүлік қайтарылуға тиіс.
4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға
дейін тоқтатылған жағдайда, егер құрылтайшылар жаңа құрылтай шартын
жасасса, серіктестікті құруға болады. Бұл ретте мемлекеттік тіркеуден бас
тартуға себеп болған мән-жайлар ескерілуге тиіс.

Толық серіктестік дегеніміз - толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз
болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне
тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік. Іскерлік
қызметті жүргізу үшін олар жалпы үлестік меншікті құратын өздерінің
мүліктерін біріктіреді, яғни серіктестіктің әрбір мүшесінің аталмыш
кәсіпорынға мүліктік немесе ақшалай түрде енгізген салымына сәйкес өзінің
үлесі болады. Ең кіші есептік көрсеткіштің мөлшері 25 ЕЕК. Ерекшелігі:
Құрылтайшылар тек жеке тұлғалар болып табылады
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 852
қаулысымен бекітілген толық серіктестіктің үлгі жарғысы:
1. Жалпы ережелер
1.1. ___________________________________ _______________________________
толық серіктестігі (өтініште көрсетіледі) (бұдан əрі - серіктестік)
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады.
1.2. Серіктестіктің құрылтайшылары (бұдан əрі - қатысушылар) мыналар болып
табылады:___________________________________ ________________________________
___________________________________ ___________(өтініште көрсетіледі)
1.3.Серіктестіктің атауы______________________________ ____________________
___________________________________ ______ ___________(өтініште көрсетіледі)
1.4. Серіктестіктің орналасқан жері
___________________________________ _____
___________________________________ ______ ___________(өтініште көрсетіледі)
1.5. Серіктестіктің қызмет ету мерзімі
___________________________________ ___
___________________________________ ______ ___________(өтініште көрсетіледі)
1.6. Жеке кəсіпкерлік субъектісінің мəртебесі
________________________________
___________________________________ ______ ___________(өтініште көрсетіледі)
1.7. Серіктестік заңнамалық актілерде жəне құрылтай шартымен тыйым
салынбаған қызметтің кез келген түрлерін жүзеге асыра алады.
Серіктестік лицензияның негізінде тізбесі заңнамалық актілерде
айқындалатын қызметтің жекелеген түрлерімен айналыса алады.

2. Серіктестіктің заңдық мəртебесі
2.1. Серіктестік мемлекеттік тіркелген сəттен бастап заңды тұлға
құқығын алады.
2.2. Серіктестіктің мөрі, дербес теңгерімі, банктерде шоттары, өз атауы
жазылған бланкілері болады.
2.3. Серіктестік өз қызметінің мақсаттарына жету үшін өз атынан
мəмілелер жасауға, мүліктік жəне мүліктік емес жеке құқықтарды сатып алуға,
міндеттер алуға, сотта талапкер жəне жауапкер болуға құқылы.
2.4. Серіктестік Қазақстан Республикасының аумағында жəне шет елде
филиалдар мен өкілдіктер құруға, басқа заңды түлғалармен бірлестіктерге
(одақтарға) кіруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға
құқылы.
2.5. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық
мүлікпен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің борыштары бойынша жауап
бермейді. Серіктестік мемлекеттің борыштары бойынша жауап бермейді.
Серіктестік қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің
қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

3. Серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері:
3.1. Серіктестікке қатысушылардың:
1) серіктестікті басқаруға қатысуға, соның ішінде серіктестік алған
табысты бөлуге қатысуға;
2) серіктестіктің қызметі туралы толық ақпарат алуға, соның ішінде
бухгалтерлік жəне серіктестіктің басқа да құжаттамасымен танысуға;
3) серіктестік қызметінен олардың серіктестік мүлкіндегі үлестерінің
мөлшеріне байланысты табыстар алуға;
4) белгіленген тəртіппен толық серіктестіктен шығуға;
5) серіктестік таратылған жағдайда, кредит берушілермен есеп
айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі өз үлестеріне сəйкес
мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға;
6) Шаруашылық серіктестіктері туралы Қазақстан Республикасының
Заңында (бұдан əрі - Заң) жəне (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген
олардың құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдерін сот
тəртібімен даулауға құқығы бар. Серіктестікке қатысушылардың Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілерінде жəне құрылтай құжаттарында көзделген
басқа да құқықтары болуы мүмкін.
3.2. Серіктестікке қатысушылар:
1) серіктестіктің құрылтай құжаттарын сақтауға;
2) құрылтай құжаттарында белгіленген тəртіппен серіктестік қызметіне
қатысуға, соның ішінде серіктестік атынан іс жүргізуге немесе оған қызметті
жүзеге асыруда жəрдем көрсетуге;
3) салымдарды толық серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген
тəртіппен, тəсілмен жəне мөлшерде салуға;
4) өз атынан жəне өздерінің мүдделеріне серіктестік қызметінің мəнін
құрайтын бір тектес мəмілелерді жасаудан бас тартуға;
5) толық серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мəліметтерді
жария етпеуге;
6) серіктестіктің атқарушы органына тұрғылықты жердің жəне жеке басын
куəландыратын құжат деректерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға
міндетті.
Серіктестікке қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде жəне құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міндеттерді ала
алады.
Серіктестікке қатысушы серіктестікке немесе оған қатысушыларға зиян
келтірген Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жəне құрылтай
құжаттарында көзделген өз міндеттерін
орындамаған кезде басқа қатысушылар осындай қатысушыдан зиянды өтеуін,
ал айтарлықтай зиян келтірілген кезде оны серіктестіктен сот тəртібімен
шығаруды талап етуге құқылы.

4. Серіктестік қызметінің мақсаты мен түрлері
4.1. Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты пайда алу болып табылады.
4.2. Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін серіктестік заңнамада тыйым
салынбаған қызметтің мынадай негізгі түрлерін жүзеге
асырады:___________________________________ _________________________________
___________________________________ ___________________________________ ______
__________(өтініште көрсетіледі)
Серіктестік тізбесі заңнамалық актілерде белгіленетін жекелеген қызмет
түрлерімен лицензия негізінде айналыса алады.

Командиттік (сенім) серіктестік дегеніміз – салымшылары басқарудан
алшақтатылған серіктестік, яғни сенімге негізделген серіктестік немесе
барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен
біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері
мөлшерінде жауапкершілікке алады. Латын тілінен аударғанда коммендере -
тапсырыс деген мағына береді. Сенім серіктестігі өзінің мүлкімен
серіктестіктің міндеттемелері бойынша қосымша жауапкершілікті ниеттестікпен
алып жүретін қатысушыларды және серіктестікің кәсіпкерлік қазметіне
қатыспайтын жауапкершілігі шектелген қатысушыларды кіріктіреді. Ең кіші
есептік көрсеткіштің мөлшері 50 ЕЕК. Ерекшелігі: Салымшылар үшін 50% -дан
жоғары емес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 852
қаулысымен бекітілген сенім серіктестіктің үлгі жарғысы:
1. Жалпы ережелер
1.1. ___________________________________ _______________________________
толық серіктестігі (өтініште көрсетіледі) (бұдан əрі - серіктестік)
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады.
1.2. Серіктестіктің құрылтайшылары (бұдан əрі - қатысушылар) мыналар болып
табылады:___________________________________ ________________________________
___________________________________ ___________(өтініште көрсетіледі)
1.3.Серіктестіктің атауы______________________________ ____________________
___________________________________ ______ ___________(өтініште көрсетіледі)
1.4. Серіктестіктің орналасқан жері
___________________________________ _____
___________________________________ ______ ___________(өтініште көрсетіледі)
1.5. Серіктестіктің қызмет ету мерзімі
___________________________________ ___
___________________________________ ______ ___________(өтініште көрсетіледі)
1.6. Жеке кəсіпкерлік субъектісінің мəртебесі
________________________________
___________________________________ ______ ___________(өтініште көрсетіледі)
1.7. Серіктестік заңнамалық актілерде жəне құрылтай шартымен тыйым
салынбаған қызметтің кез келген түрлерін жүзеге асыра алады.
Серіктестік лицензияның негізінде тізбесі заңнамалық актілерде
айқындалатын қызметтің жекелеген түрлерімен айналыса алады.

2. Серіктестіктің заңдық мəртебесі
2.1. Серіктестік мемлекеттік тіркелген сəттен бастап заңды тұлға
құқығын алады.
2.2. Серіктестіктің мөрі, дербес теңгерімі, банктерде шоттары, өз атауы
жазылған бланкілері болады.
2.3. Серіктестік өз қызметінің мақсаттарына жету үшін өз атынан
мəмілелер жасауға, мүліктік жəне мүліктік емес жеке құқықтарды сатып алуға,
міндеттер алуға, сотта талапкер жəне жауапкер болуға құқылы.
2.4. Серіктестік Қазақстан Республикасының аумағында жəне шет елде
филиалдар мен өкілдіктер құруға, басқа заңды түлғалармен бірлестіктерге
(одақтарға) кіруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға
құқылы.
2.5. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық
мүлікпен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің борыштары бойынша жауап
бермейді. Серіктестік мемлекеттің борыштары бойынша жауап бермейді.
Серіктестік қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің
қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
2.6. Серіктестікке, серіктестіктің атынан кəсіпкерлік қызметті жүзеге
асыратын жəне серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен
жауап беретін қатысушылармен (толық серіктер) қатар серіктестіктің
қызметіне байланысты шығындар тəуекелін өздері салған салым сомаларының
шегінде көтеретін жəне серіктестіктің кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына
қатыспайтын салымшы қатысушылар кіреді.

3. Серіктестікке толық катысушылардың құқықтары мен міндеттері.
3.1. Серіктестікке толық қатысушылардың:
1) осы жарғыда белгіленген тəртіппен серіктестіктің ісін басқаруға
қатысуға;
2) серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға жəне оның құжаттамасымен
танысуға;
3) таза кірісті бөлуге қатысуға;
4) серіктестік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік іс
Толық серіктестік
Кәсіпкерлікті ұйымдастыру. Қазақстандағы кәсіпкерліктің жағдайы
Кәсіпкерлік қызметтің теориясы туралы
Кәсіпорынның тиімділігін жоғарлату жолдары
Кәсіпкерліктің формалары мен түрлері
Заңды тұлға туралы
Кәсіпкерлік түрлері "Салыстырмалы талдау" жайлы
Кәсіпкерлік қызмет түрлері
Заңды тұлғаның атауы
Пәндер