Еркіндік және жауапкершілік туралы
Жекебаева Мақпал Әбілқызы
әл- Фараби атындағы ҚазҰУ- дің
аспиранты
Еркіндік және жауапкершілік
Философия тарихында еркіндік пен жауапкершілік мәселесі жаңа
болмағанымен, бұрынғысынша өзекті және қызықты болып табылады. Барлық
философиялық категориялар сияқты еркіндік пен жауапкершілік адамзат
дамуының әрбір этапында жаңа күтпеген қырларымен ашылып, зерттеушілер мен
қызығушылар үшін жаңа ашылмаған қызықты да күрделі мәселелер мен
сұрақтарды тудыруда және әлі күнге дейін терең зерттелінуде. Еркіндік пен
жауапкершілік категориясы философия тарихында бұрында зерттелініп келді,
қазір де зерттелінуде, болашақта да зерттелінеді деген толық cенімім
бар.
Еркіндік - адамзат дамуының ажырамас бөлігі, ол материалды
игіліктермен ақпаратқа өзара айырбас жасаумен байланысты. Еркіндік пен
жауапкершілік антропология, психология, мәдениеттану, әлеуметтану,
қоғамтану пәнінің орталық мәселесі.
Еркіндік пен жауапкершілік - адам тіршілігінің екі
экзистенциалдары. Адам о баста табиғатпен туылса да еркіндік оны
айналадағы болмысты зерттеп тануға қызықтырады. Еркіндік пен жауапкершілік
бақылау, эксперимент, тәжірибе арқылы білімнің артуына көмектеседі. Еркін
адам қашанда белсенді позицияда тұрады. Таңдау еркіндігі арқылы әрекеттене
отырып, адам тәжірибесін байытады, өзін көрсету мүмкіндігіне ие
болады.
Еркіндік ұғымы Европада өзінің философиялық статусын Сократ,
Платон, Аристотель, Эпикур ілімдерінде көрсетті. Стоиктер(Марк
Аврелий,Сенека) басқа ойшылдар да қарастырады. Адам тіршілігінің
таңғаларлық феномені туралы бірқатар проблемалар біртіндеп алға
қойылды.(1)
Еркіндік пен жауапкершілік талдамасында тарихи, философиялық,
әлеуметтік, саяси, экономикалық, аспектілер рухани (идеологиялық,
өнегелік) мазмұн бар. Адам еркіндігі өндіргіш күштердің , қоғамдық
әлеуметтік құрылысы дамуымен мемлекеттік құрылым формасымен, типімен
(демократия, авторитарлық режим, тоталитаризм ) адам мен табиғат
эволюциялық өзара қатынасымен, адам тұлғасының дамуымен байланысқан.
Неміс классикалық философиясындағы еркіндік мәселесі.
Еркіндікті олар ерекше адам мен қоғамның мәндік анықтамасы, имманентті
атрибут, болмыс пен тіршіліктің диалектикаллық қарама-қайшылығы ретінде
нақты шындық пен абстрактілі идеал ретінде қарастырады.
Неміс философиясының классиктері еркіндік пен ерік арақатынасы проблемасын
еркіндік феноменінің онтологиялық мәнін кеңейтті.
Еркіндікті олар адам қабілетінің бірі ретінде ғана емес, болмыстың
органикалық қабілеті немесе мүмкіндігі ретінде қарастырады. Еркіндік
органикалық қабілеті ретінде қарастырады.Еркіндіктің мазмұны тұлғаның
ерікті актісі, жалпы субстанционалды еркіндік.И.Кант еркіндік проблемасын
өнегелік пен құқықтың негізі ретінде қарайды.Адамға еркіндік тән- дейді
Кант.Оның еркіндік туралы ілімі өзінің жоғары дамуына этика мен
философиялық антропология аймағында дамыды.Адам өз еркіндігін еркін анықтай
алады.Басқа да неміс ойшылдары сияқты Кант адамды енжар деп санауға қарсы,
өйткені ол еркін тәуелсіз.Кант еркіндіктің әлеуметтік табиғатына зейін
қояды. Мұндай еркіндік адамға тән-дейді ол.
Еркіндік-адамдық, әлеуметтік қажеттілік, әр адамның әрекетінің еріктілігіне
сенімділік ретінде көрінеді.Ол еріктілік емес, қажеттілік категориялық
императивте көрініс табады.Еркін ерік ақыл заңына бағынады.Еркіндік
осылайша қажеттілікпен байланысты.Еркіндік мінез, амал, көріну аймағы
бойынша келесі түрлерден көрінеді:практикалық-бұл ерік, яғни ерікті ерік,
еріктілік- еріктің абстрактілі сипаты,ережесіз еркіндік,трансцендентті
еркіндік-ақыл ұғымын объективті сфераға қолдану.
Трансцендентті еркіндік рухани еркіндік шегін кеңейту .Кант Таза ақыл
антиномиясында трансцендентті еркіндікті гипотетикалық деп
атайды.Трансценденталды еркіндік себептілік заңына қарама-қарсы.
Азаматтық еркіндік яғни, практикалық еркіндік құқықпен заңды қамтамасыз
етілген тіршіліктің қажетті шарты.Адам еркіндігі тәуелсіздігі деп түсінеді
Кант.(2)
Еркіндік ұғымын Кант өнегелік пен құқық категориясын шектеу үшін
қолданады.Еркіндік Кант бойынша, адамға табиғи берілген жалғыз құқық.
Х1Х ғасыр аяғында Кантты зерттеушілердің бірі былай жазады: Ақиқатты
Кант сияқты сүйген ешкім жоқ. Ақиқатқа деген махаббат және еркіндікке
деген махаббат осы сезімдер арқылы Канттың бүкіл өмірі өткен.(3)
Ф.Паульсен Кант туралы: Оның ой - толғамдарының орталық орнын
еркіндік алады - дейді. Еркіндік Кант бойынша қабілеттілікті білдірген.
Кант бойынша адам еркіндігі проблемасында еркіндік субъект -
объекттік қатынассыз мүмкін емес. Сырттай ол әртүрлі шарттармен
детерминделген: табиғи, әлеуметтік - экономикалық. Оларды тарихи контекстте
нақты аймақпен, елмен, географиялық шарттармен қарастыру керек. Қатаң
климаттағы адамдарға өздерінің ерікті еркіндігін қолайлы климаттағы
территорияда тұратын адамдарға қарағанда жүзеге асыру қиындау.
Әлеуметтік - экономикалық жағдайға келсек, артта қалған елдерде
кедейлік, билік бассыздығы адам еркіндігіне жету жолында дамыған
демократиялық елдерге қарағанда кедергілер көп.
Құлдық пен жоқшылықтағы еркіндік - шынайы еркіндікке антипод болып
табылады, оған жету адамдар өмірінің объективті шартының барлық комплексін
модернизациялау жолымен мүмкін.
Гегель үшін : еркіндік - өзіңді-өзіңе жанамалаушы әрекет, өзіңе
оралу, барлық әрекеттің соңғы бастамасы. Француздық және неміс
экзистенциализмінде, неопозитивизмде еркіндік абсолютті автономды адам
еркімен теңеседі. Орыс тілінде еркіндік пен ерік синоним ретінде
қолданылады. Ерік - өз тілегіңді алдыңа қойған мақсатыңды жүзеге асыру,
саналы ұмтылыс, тілек, талап, билік, мүмкіндік, ал, еркіндік - ерікті
күй.Еркі бар адам еркіндікті иелене алады. Бұл оған сыртқы қажеттілікке
қарсы тұрып, өзінің ішкі потенциалдық күштері мен мүмкіндіктерін
жүзеге асыруға көмектеседі. Еркіндік пен ерік инстинктивті, аффективті адам
күйі , еркіндік - адамдардың психологиялық санасы, өзінің Меніне жету
тілегі.(4)
Гегель бойынша мораль мен құқық өнегеліліктен өзінің толықтылығын
табатын еркіндіктің сипаттамасы болып табылады.
Өнегелілік еркіндік ұғымы,өнегелілік деп, ойшыл институт пен заңдардағы
міндеттерді айтады. Міндет еркіндік шектелуі емес, оның
абстракциясы.Мемлекет азаматы бола отырып, индивид өзінің субстанционалды
еркіндігіне құқығын иеленеді. Еркіндікті шектеудің жоқтығы еркіндік
феноменінің жоқтығы –деп санайды ол.
Азаматтық еркіндік заңнан туындаған нәрсе ретінде түсініледі.Өзара шектеу
принципі бойынша, заң адамды оның өмірі мен еркіндігіне еріктілік ретінде
бас сұғудан сақтайды.
Кант пен Гегель көзқарасының ерекшелігі ,еркіндік негізі принципіне
Гегель мемлекетті абсолютті идея принципін қарастырады.
Гегель мен Кант индивид еркіндігі мен қоғамды өзарабайланыста
қарастырады, бірақ Кант ілімінің негізінде еркіндік ұғымында
индивидуалистік мүдде бар, ал Гегельде ұжымдық мүдде
қарастырылады.Мемлекетте әлемдік ақыл көрінеді, мемлекеттің заңына тікелей
бағыну азаматтың шынайы еркіндігі болып табылады.Гегелдің негізгі үлесі
еркіндік пролблемасын құқық теориясымен тікелей байланыста
қарастырады.Гегелден бастап, еркіндікті теоретикалық ойлау мемлекеттің
принципімен байланысты.
Гегелдік тезиске негізделген анықтамада Еркіндік қажеттілікті
тану әлемдік тарих дегеніміз Еркіндік санасындағы прогресс.
Еркіндікті Гегелдік талдау бұл құбылыстың ең мәнді сипаттарын
қарастырады. Дегенмен қысқа дефинициялар қосымша нақтылауды талап етеді,
немесе олардың әртүрлі интерпретациясы үшін негіз болады. Егер еркіндік
шындықты адекватты тану болса, онда адам таным объектісіне тәуелдікте оның
еркін ерігі басылып қалған.
.
Еркіндік субъектісіне: жалпы әлеуметтік субъект (адамзат), халық,
ұлттар, әлеуметтік қауым, тұлғалар жатады.Олар үшін еркіндік жалпы критерий
мен белгілерге жатады. Тұлғада еркіндік детерминациясының субъективті
негізі болып, оның рухани ішкі әлемі саналады. Нақты детерминанттары -
өзіндік сана, мәдениет, рухани құндылықтар, құнды мотивациялар, идеалдар,
қажеттіліктер, индивидуалды психикалық ерекшеліктер (ерік, мінез,
темперамент, сезім) деңгейлері саналады.
Еркіндік проблемасын әлеуметтік, экономикалық, саяси,
психологиялық, заңдық, өнегелік, тарихи, медико - биологиялық тұрғыдан
зерттеу ғылым пәнін құрайды.
С.Л.Франк еркіндікті онтологиялық негізде қарастырады. Алғашқы
еркіндік - потенциялық немесе болмыс теңдігі, ол өседі, өзгереді.
Болмыста таңдау, альтернативтілік мүмкіндік бар. Болмыс тұтастық ретінде
рационалдық пен иррационалдық бірлігі болып түсініледі.Еркіндікке
қозғалыста адам өмір мәнін ашады. С.Л.Франк еркіндікте динамикалық бар -
десе Жан-Поль Сартр: еркіндік табиғаты негативке негізделген –дейді.(5)
Сартр антропологиясындағы адам еркіндігінің өлшемі терістеу деңгейімен
анықталады.
Н.А.Бердяев еркіндік туралы ілімінде оның 3 түрін көрсетеді:
біріншілік иррационалды еркіндік, немесе зорлық- зомбылық; рационалды
еркіндік және құдайға махаббатқа арналған еркіндік. Адамдардың
иррационалды еркіндігі ешбір затқа негізделмеген. Бердяев адам
еркіндігін өзінің ғылыми және көркемдік, мәдени шығармашылығымен
бөлінбейтін байланыста және бірлікте қарастырды. Шығармашылық
еркіндікте Бердяев бойынша адам экзистенциясының ұлы құпиясы жасырылған,
еркіндіксіз шығармашылық тоқтайды.(6)
Адам еркіндігі мен жауапкершілігі проблемасы қазіргі таңда саяси
және рухани өмірдің орталығында тұр, оған жету деңгейі – қазіргі қоғаммен
оның жалпы мәдени дамуы демократиялығымен және өркениеттілігінің негізгі
критерийі болып табылады.
ХХ ғасыр экзистенциалист – философ К.Ясперс тіршілік дегеніміз
ерікті тұлғаның өзін нақтылауы,адам тарихының бәрі –еркін болуға тырысу
ойлаған.
Еркіндіктің философиялық интерпретациясы әртүрлі түсіндірулермен
байланысқан. Мұнда орталық пункт ретінде еркіндік пен қажеттілік
арақатынасын алуға болады. Еркіндік термині өзінің әлеуметтік
мәнінде қоғамдық өмірде, саясатта, юруспруденция, заң, басқа заңды
актілерде, өнерде, публицистикада, көркем әдебиетте кең тараған.
Еркіндік - мемлекет қайраткерлерінің, жастар субмәдениетінің
риторикасының атрибуты. Еркін таңдау, ерікті адам, ерікті ерік , азамат
еркіндігі, еркін ойлар, еркін махаббат міне қарап тұрсаңыз, қоғамдық сана
мен массалық мәдениетте еркіндіктей анағұрлым қажетті, лайықты ұғым жоқ
та шығар.
Біреулерге еркіндік – рәміз, идеал, басқаларға мақсат емес,
құрал, өнегесіз саяси ойында қалқа болып табылады. Таңдаулылар үшін
еркіндіктің элитарлы концепциясы, ұжымдық теориялары бар.
Еркіндікті гносеологиялық тұрғыдан қарастырғанда проблеманы өте
жекешелендіре қарастырады.Э. Фромм Еркіндік ақыл, денсаулық, игілік, ар
дауысының иррационалды құмарлықтар дауысына қарсы жүре алу қабілеті
деген.(6) Адам еркіндігін таныммен байланыстыра қарастыру - ежелгі
дәстүрде, мысалы христиандықта, Евангелияда Ақиқатты тану сізді еркін
жасады делінген.

десе Жан-Поль Сартр: еркіндік табиғаты негативке негізделген –дейді.

еркіндіксіз шығармашылық тоқтайды.(7)
Отандық ірі ойшыл Иван Александрович Ильин (1882-1955) адам
проблемасын зерттеп, шынайы адамдық феномендер: мейірімділік, жамандық,
мораль, махаббат, сенім, мәдениет, еңбек, ар, жанұя сияқты категориялармен
қатар ол әртүрлі адам еркіндігінің аспектілерін де зерттейді. Ол мынадай
теоретикалық - методологиялық сұрақтарды қояды: Еркін болу деген не?.
Еркіндік не үшін керек?.Ильин тұлғаның сыртқы еркіндігі мен оның ішкі
азатталуын ажыратады, еркіндікті махаббат сеніммен бірге қарастырады.
Саяси еркіндікті зерттеп, оны сыртқы еркіндік түрі ретінде қарастырады,
беделді, тәртіпті, еркін адам жауапкершілігін сыйлау проблемасын алға
қояды: адамдардың бей - берекетсіздігін сынайды(8).
Еркіндік мәселесіне қоса жауапкершілік категориясы да аса
мәнді.Жауапкершілік пен еркіндік ұғымдары бөлінбейді, себебі еркіндік
бәріне қол жеткізу емес.
Жауапкершілік - этика және құқық категориясы, ерекше әлеуметтік
және моралды - құқықтық тұлғаның қоғамға, адамзатқа қатынасын
білдіреді.Қоғамда әлеуметтік өмірге саналы бастама ендіру, қоғамға өз
бетімен басқаруды әкелу жеке еркіндік өлшемін арттырады.Бұл сонымен
қатар, әлеуметтік және моралдық жауапкершілік тудырады.Философиялық және
юридициялық әдебиеттерде жауапкершілік категориясы 2 аспектімен
қаралады.Олар белсенді ( позитивті), ретроспективті (негативті).
Ретроспективті мағынадағы жауапкершілік - белгілі әлеуметтік
нормаларға қарама- қайшы келетін әрекеттер үшін бұрынғы қылықтарға
жауапкершілік дегенді білдіреді.
Фефелев П.А. өз жұмысында негативті жауапкершілікті әлеуметтік
нормамен қарастырады. Ал, М.С.Строгович пікірінше, жауапкершілік – бұл
өз міндеттерін арымен орындау қажеттігін сезіну.
Міне, қалай алып қарасаңыз да, еркіндік пен жауапкершілік
категориялары философия тарихында, қай кезеңде болмасын философтарды
толғандырған бірден-бір қызықты да күрделі мәселе екені және бір –
бірімен тығыз байланыста екені айтпаса да түсінікті.

және рухани өмірдің орталығында тұр. Оған жету деңгейі қазіргі қоғаммен
оның жалпы мәдени дамуы демократиялығымен және өркениеттілігінің
негізгі критерийі болып табылады деген көзқарасқа әбден қосылуға
болады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Р.Гароди. Грамматика свободы. М,1952. с 35
2.ВМУ.Кант и нравственная свобода. А.В.Радин.2006 -2
3. Коненберг. Философия Канта и ее значение в истории развития мысли.
Спб.1898 с 27
4.Гегель.Тарих философиясы. Соч. М.1935, т 8 .с 19
5.С.Л.Франк. Алғашқы еркіндік М.1994.с 35
6.Э.Фромм.Душа человека.М.1992 с .94
7. Н.Бердяев Проблема человека.Париж. Путь, №50,с 126
8.Ильин.Путь к очевидности.М.1993 с 165
Резюме
Статья посвящена проблемам свободы и ответственности их
взаимосвязи, их роли в обществе и в философии.
Resume
The article devoted on the problem of freedom and responsibility in
society and philosophy.
Бердяев Н.А Шығармашылық және еркіндік
Н.А.Бердяев шығармашылық-еркіндік арақатынасы мәселесімен айналысады.
Шығармашылық еркіндіктен ажырамайды. Тек еркін адам ғана туынды жасай
алады. Қажеттіліктен эволюция ғана туындайды.
Шығармашылық құпия, оның құпиясы- еркіндік құпиясы болып табылады.
Еркіндік құпиясы-түпсіз терең.
Шығармашылық еркіндікте құпиялық күш бар ,детерминделген. Шығармашылық
еркіндік актісі әлемге қатынасты, тұйық әлемдік энергияға қатысты
трансцендентті.
Шығармашылықты рационализациялау тілегі еркіндікті рационализациялау
тілегімен байланысты. Еркіндікті мойындаушылар оны рационализацияландырғысы
келеді,-дейді Бердяев.Еркіндіктің рационализациясы детерминизм.
Еркіндік-шексіз.Еркіндік-болмыстың негізсіз негізі,ол барлық болмыстан
терең.Еркіндік-терең құдық,оның түбі-соңғы құпия.
Еркіндік теріс шектеоген ұғым емес.Еркіндік-оң және мазмұнды.Ол қажеттілік
пен детерминділіктің терістеуі емес.
Еркіндік ерік патшалығы емес.Еркіндік құпиясын оны тек рухани
детерминділіктің ерекше формасы деп көрінетіндер оны түсінбейді.Адамдық рух
ерікті, жоғарытабиғи ,трансцендентті.
Еркіндік пен шығармашылық адам тек табиғи емес жоғарытабиғи тіршілік
иесі.Бердяевтің ойынша, адам еркін, жоғарытабиғи рух, микрокосм.Еркіндік оң
шығармашылық күш.Адамдарға субстанционалды еркін энергия тән.
Еркіндік құпиясы барлық тұйықтылықты терістейді.Еркіндік жауапкершіліктің
ақтамасы болып табылады.Еркіндіктің рационализациялануы мүмкін емес.
Еркіндік теріс еріктілік емес,оң шығармашылық күш. Өз еркіндігіңді теріс
еріктілік ретінде сезіну күнә.Теріс еркіндік мазмұнсыз,бос еркіндік болып
табылады.Еркіндік үшін мақсатсыз еркіндікті қалау демек бостық бейболмысқа
ұмтылу болып табылады.Формалды еркіндік мақсатсыз
еркіндік.Теріс,формалды,бос,мазмұнс ыз еркіндік қажеттіліктен қайта туады.
Еркіндік әлемдік махабатпен жүреді.Еркіндік өзінің әлемдік мазмұнынан
ажырамаған.
Бердяев еркіндіктің 2 түрі туралы айтады: құдайылық пен сайтандық
еркіндік.Біріншісі-адам еркіндігі.Адам еркіндігі әлем еркіндігімен
байланысты және тек әлемдік азатталумен жүзеге асады.Тек ерікті ғана
еркіндікті таниды.Еркіндік танылған қажеттілік қана емес,саналы танылатын
мүмкіндік,қажеттілік( Гросман бойынша).Еркіндікті ақиқат
анықтамайды,жауапкершілік ретіндегі еркіндік ақиқат көкжиегін ашады.
Еркіндіктің инфрақұрылымы ретіндегі мәдениет.
Мәдениеттің өзі-тәжірибенің генетикадан тыс жүйесі, отбасын қолдағанда ғана
ұзақ дайындықтан өтіп,білімді алып,кәсіп иеленгенде ғана ол толыққанды
тұлғаға айналады.Тұлға мәдениетпен қалыптасады.Ол нақты әлдебір
инфрақұрылым қалыптасқанда –экономикалық, әлеуметтік, мәдени шарттармен
шығады.
Идея свободы в истории философии права.(Кабыкенова)
Адам үшін жоғары құндылық еркіндік болғандықтан, социумның өзекті
мәселесінің бірі осы феноменді түсіну болып табылады. Еркіндік дегеніміз не
және адам өз тілегімен әрекетінде еркін ба көбінесе оның өз тағдырына,өз
өміріне, қоғамға жауапкершілігін мойындауынан көрінеді.
Әлемтанушылық қызмет атқара отырып,еркіндік идеясы кез-келген
әлемтанушылық теорияның құнды бағыттаушысы ретінде шығады.
Жоғары әлеуметтік құндылықтың бірі ретінде еркіндік туралы ойларадамдық
қоғам дамуы тарихы әрдайым өзгеріп отырды.
Еркіндік туралы адамдық түсініктер эволюциясы өз бейнесін ежелгіден қазіргі
ойшылдарға дейін әлеуметтік-этикалық және философиялық-құқтық теориялар
мен концепциялардан табады.
Әлеуметтік еркіндік күрделі,көпқырлы құбылыс,оның бір формасы практикалық
немесе құқықтық болып табылады.
Құқықтық еркіндік феноменінің әлеуметтік мәнділігінің мәнін ашуды зерттеу
және оны түсінудің тарихи ерекшелігінің дамуы философиялық-құқықтық
түсінудің пәні.
Еркіндік шексіз бола алмайды, өйткені практикалық әрекеттің құқықтық
императиві ретінде заң шегімен шектелмейді,ол өзінің қарама-қарсылығына
айналады.Құқық философиясының дамуын құқықтық еркіндік дамуының т арихы деп
түсіну дұрыс.Еркіндікті бұлай түсіну құқты талдау негізі өйткені адамзат өз
тарихы бойында оны өз қатынасының құқтық реттеушісі ретінде
қарастырады.Құқықтық іргетастық категорияларының арасында еркіндік құқтық
норма мен институтта практикалық түсіну үшін әлдеқайда күрделі болып
табылады.
Антикалық философиялық ойлардағы әлеуметтік еркіндік.
Антикалық,Ортағасыр,Қайта өрлеу дәуіріндегі еркіндік мәселесі
Құқық философиясында, құқық пен мемлекет теорияларында қоғамдық ойлар
тарихында еркіндік пен құқық өзарабайланысының мәндерін табу маңызды орын
алады.
Еркіндік проблемасын алғашқы түсінуге талпыныстардың бірі антикалық
философиялық ойлардан табылады.
Еркіндік іргетастық құндылық, ежелгі гректердің саяси теория мен
практикасының негізгі пәні.
Демокрит жеке индивид еркіндіктері қоғамдық құрылым типімен байланысты деп
қарастырады.Оның пікірінше, еркіндік идеалы жеке индивидтің басқа қоғамнан
тәуелсіздігін білдірсе де,бұл еркіндіктің жалғыз кепілі сол қоғам ғана бола
алады,өйткені ол индивидтің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады,оның
қажеттігін қанағаттандыру құралы болып табылады.Әрбір жеке индивидтің
еркіндігін толықтай терістемей Демокрит азаматтарды заңды тыңдауға қоғамдық
міндетке ерікті қызмет етуге шақырды. Данышпан заңға бағынбай еркін өмір
сүруге тиіс -деді ол.Еркін рухты жақтаушы ретінде Демокрит бай,еріксіз
болғанша,кедей еркін болу артық деп есептеген.Адам еркін әлеуметтік
қажеттілік заңы бойынша,техникамен табиғи қажеттілікті жеңеді.
Софистер бойынша саяси еркіндік барлық азаматтарға мүмкіндік берді,қоғамдық
игілікті жеке мүддеге қолдану мүмкіндігін берді.
Сократ адамдардың рухани ішкі әлеміне толықтай бағытталған.Адам танымының
негізгі мақсаты оның ойынша, тұлғаның жақсылыққа және өнегелік кемелдікке
әрдайым ұмтылысы.Өз этикалық діни уағыздарын ол барлық адамдарға арнады,
себебі, әрбір ойлаушы тұлға о баста еркіндікке ұмтылады, оған құқылы.
Шынайы еркіндік абсолютті жақсылық ұғымымен сай келеді, пайда мен жеке
пайдаға сай емес.Сондықтан ол гносеология,утилитарлы этикаға қарсы
болды.Сократ еркіндікті игілік пен әділеттікпен тығыз байланыстырады.
Антисфен игілікті және бақытты өмір-ең алдымен ерікті өмір-деп,еркін болу
үшін құл болмау жеткіліксіз-дейді.Көптеген саяси еркін адамдар -өз
қажеттіктерін өздері жүзеге асқан, аспаған тілектеріне құл ретінде қызмет
етеді.Бақытты және еркін болудың жалғыз жолы-олар үшін өз қажеттіктерінің
көбінен бас тарту.
Киниктер шынайы және сыни еркіндік,ішкі,сыртқы,автономды мораль мен қоғам
алдындағы тұлға жауапкершілігі,тарихи детерминизм мен таңдау еркіндігі
мәселесін қойды.
Платонның еркіндік туралы көзқарастары Мемлекет, Заңдар диалогтарында
айтылады.Еркіндік заңмен реттелінеді дейді.
Демократиялық қоғамда Платон бойынша игілік ретінде еркіндік
шығады.Демократиялық қоғамдағы қарапайым адам алғыр,ұятсыз,дегенмен
алғырлық ағартушылық деп аталады.
Демократиялық қоғам тираниялыққа тез айнала алады,өйткені тым еркіндік
қоғам үшін өте құлдыққа ұқсас.
Платон мемлекетінде легитимацияға саяси,жеке еркіндік ұшырайды.Платон
моралді саясатпен,индивидуалды игілікті –қоғамдық мүддемен, түлғалы
мемлекетпен теңестіреді. Ешкім ешқашан басқарушысыз қалмау керек ойында
да, істе де ешкім өз қалауымен әрекеттенуге тиіс емес,қашандасоғыс та да
бейбітшілікте де басқарушыға қарап,соның бұйрығымен журуі тиіс –дейді ол.
Платон мемлекетінде азаматтар 3 топқа бөлінген:басқарушы-
философтар,әскерлер, жұмысшылар.
Осы топтан алғашқы екеуі еркін.соңғысы мемлекеттік құл болып табылады.Еркін
азаматтар жұмысшыларға тәуелді.Дегенмен олар саяси құқықпен байланыспаған.
Жеке өмір мен әрекет аймағында еркіндікті қолдана отырып,отбасы жекеменшік
шаруашылық үй иелене отырып,олардың ерекшелігі жоқ.
Аристотелде еркіндік концептуалды ұғым ретінде саяси-құқықтық аспектіден
шығады, заңды моралді еркіндік шектеулерінің қажеттілігі туралы ілімді
дамытады.тұлғаның қоғамдағы ролі ең біірінші кезекте оның талант, қабілеті
практикасымен анықталады.Еркіндіктің өлшемін ол қоғамдық пайда мен
игілікпен байланыстырып, еркіндік пен мәжбүрлеу арақатынасы диалектикасына
ұмтылады.Ойшыл көзқарасынша, табиғат,әдет,ақыл игілікшілдің 3 құрама шарты
ақылды әрекет сияқты еркін.Еркіндік-саналы шектелген индивидуалды әрекет.Ол
қоғамдық игілікпен үйлесімде әрекет етеді.Еркіндікке ұмтылу оның
ойынша,тікелей өзін кемелдендіруге лайықты мақсатқа игілікке қмтылыспен
байланысты.Бқл ұмтылыста тұлға еркін.
Эпикур Демокритті жалғастырушы, еркіндік қажеттілікпен үйлеспейді, антиподы
емес.
Адам еркіндігі өзінің ақылды таңдауына жауапкершілікпен шартталған
Тілегіңді шектеу-еркіндік-дейді. Әлем даналық білімін иеленудің соңғы
мақсаты еркіндік-деп санайды ойшыл.Антика типте еркіндік туралы ойлаудың
сипаты, азаматтардың әлеуметтік әрекеті белсенді түрде тұрақты қатысудан
көрінеді.
Антикалық адам өз саяси құқтарын сақтау үшін үлкен құрбандықтарға барды.
Заңдар рухы туралы.2004 Шарль Луи Монтескье .11тарауЕркіндік сөзіне
берілген әртүрлі мағыналар.
Еркіндік сөзі сияқты көптеген мағынаға ие болған және де ақылға соншалықты
түрліше әсер беретін сірә сөз болмаған шығар.Біреулер еркіндік деп
өздерітирандық билік беріп қойған адамды жеңіл жамандауды атайды.
Келесілері өздерінің бағынышты болар адамын сайлау құқығын
атайды.Төртіншілері одан өз заңдарына бағынып, өз ұлтынан шыққан адамның
қарамағында болу артықшылығын айтады.Бір халық ұзақ уақыт бойы еркіндікті
ұзын сақал қою салты деп қабылдады.Кейбіреулер басқаның бәрін итеріп
тастап, бұл атауды басқарудың белгілі түрімен байланыстырады. Республикалық
басқарудың игіліктерінен дәм татқан адамдар еркіндік ұғымын сол басқарумен
теңестірсе монархиялық басқару игілігін пайдаланушылар монархиямен
теңестіреді.Ақыр соңында әркім еркіндікті оның өз салт-дәстүрлері мен
мекенділіктеріне сай келетін басқару деп атайды.Республикада адамдарының
арықданатын басқару кінәраттарының аса белгілі және анық көрінбеуіне
байланысты , онда еркіндікті республикамен теңестіреді, ал монархияда оны
жоқ деп біледі.Өйткені республикада заң атқарушылары емес, заңның өзі
әрекет ететін сияқты болады да тұрады.Енді демократияларды халық
байқағаныңыздай не істегісі келсе соны жасайтын болғандықтан еркіндіктерді
сол құрылымға теліп қояды.Нәтижесінде халық билігін халықтардың
еркіндігімен араластырып алды.
111 тарау Еркіндік дегеніміз не?
Саяси еркіндік не жасағысы келсе, соны жасау емес, мемлекетте, яғни заңдары
бар қоғамда еркіндік тек өзінің қалауға тиіс емес нәрсені жасауға
мәжбүрленбей өзінің қалауы тиіс нәрсені жасау мүмкіншілігіне ие болудан
тұрады.Еркіндік дегеніміз заңдары рұхсат еткеннің бәрін жасау құқығы.Егер
азамат заңдармен тиым салынған нәрселерді жасай алатын болса, онда оның
еркіндігі болмас, өйткені қалған азаматтарда соны жасай алатын еді.
4 тарау
Демократия мен аристократия өз табиғатынан еркін мемлекеттер болып
табыламайды.Саяси еркіндік тек байыпты басқару түрлерінде орын
алады.Дегенмен сол байыпты мемлекеттерде де еркіндік үнемі кездесе
бермейді, еркіндік оларда тек билік пұрсатын теріс пайдаланбаған күнде ғана
мүмкін болады.
Он екінші кітап
Азаматқа қатысты саяси еркіндікті орнықтыратын заңдар жайлы
Саяси еркіндікті мемлекеттік құрылымға қатысты қарастыру өз алдына да, оны
азаматқа қатысты қарастыру өз алдына.
Бірінші жағдайда саяси еркіндік 3 билік түрінің белгілі бір бөлінісі арқылы
орнатылатын болса, екінші жағдайда саяси еркіндікті басқа тұрғыдан
қарастыру керек: мұнда оның мәні азаматтың нақты қауіпсіздігіне немесе оның
өзін қауіпсізбін деп ойлауында жатыр.
Еркіндікті мемлекет құрылымы тұсында азаматтың еркін болмай шығуы да
мүмкін, немесе азамат еркін бола тұра мемлекет құрылымының өзін еркін деп
айтуға болмайтын жағдай да кездеседі.
Бұл жағдайда құрылымның еркіндігі іс жүзінде емес, тек құқық жүзінде
ал,азамат еркіндігі іс жүзінде ,бірақ құқық тұрғысынан қолданбаған болып
табылады.
Мемлекеттік құрылымға қатысты еркіндік тек заңдар арқылы орнатылады ал
бірақ жеке азаматқа қатысты еркіндік белгілі әдет-ғұрыптар салт –дәстүрлер
нәтижесі болуы да мүмкін.
Мемлекеттің көбінде еркіндік олардың құрылымы талап ететіннен гөрі,
көбірек бұзылып, қыспақ көріп жүргендіктен, бас назарды кейбір заңдар
аудару керек.Ол заңдар әрбір мемлекетте еркіндік принципке құптайтын
құқықтарға байланысты оған не пайдалы не зиянды әсер етуі мүмкін.
11 тарау.Азаматтың еркіндігі жайында
Философиялық тұрғыдан еркіндік дегеніміз біздің еркіміздің ешбір кедергісіз
көрінуі ең аз дегенде біздің өз еркімізді кедергісіз білдіретіндігімізге
сенімді болуымызда.Саяси еркіндік біздің қауіпсіздігімізде немесе өзіміз
қауіпсіздіктеміз деп сенуде.
4 тарау. Жазалаудың сипаты мен қатаңдық деңгейі қалайша еркіндікке қолайлы
жағдай туғызатындығы туралы.
Қылмыстың 4 түрі бар:1) дінге қарсы жалған қылмыс.
2) адамгершілік құлыққа қарсы
3) қоғамның тыныштыққа қарсы
4) азаматтар қауіпсіздігіне қарсы.
Восток- Запад
Диалог культур. Материалы 111 международного симпозиума
Проблемы свободы в творчестве М.Жумабаева
Ақынның шығармашылығында еркіндік проблемасы кездейсоқ емес, себебі хіх
мен хх ғасыр басында Қазақстанды Ресей империясы толық колонияға
алады.Қазақтардың еркіндігін алып қойылған тәуелсіз еркіндік үшін
күрескендерді жер аударды,құғындады.
М.Жұмабаев өз шығармашылығында еркіндікті адамдардың мәндәк белгілері
арқылы анықтайды.
Еркіндік адамдардың өз мақсаты мен мүддделеріне сай әрекеттенуі объективті
қажеттілік танымына сүйене отырып, әрекеттенеді.
Еркіндік саналы қажеттілік ретінде қарастырылады.
Егер еркіндік адам болмысының іргетастық негізі ретінде қарастырылса о
баста қажеттілік болып табылады.
Тіршіліктің көркі –ерік.
Адамдарға ол серік.
Бір кірген соң қақпанға
Қалар бұрынғы еркелік- деп жырлайды ақын.Мағжан пікірінше, еркіндік
экзестенциалистердің еркіндікті түсінуіне қосылады.
Қазақтардағы еркіндік ұғымы
Еркіндік, теңдік, әділеттік ұғымдары көшпенділердің құқықтық санасында
ерекше орын алады.Көшпенділер үшін еркіндік абстрактілі ұғым емес, өмірлік
құбылыс.Олар еркіндікті ажырамас қасиет ретінде сезінеді.Сондықтан
еркіндікті көшпенділер сақтап, силап қалды.
Еркіндіктің алғашқы белгілері халық фольклорінде мақал-мәтел ертегі
эпоста көрінеді.Асанқайғы өз поэзиясы арқылы ұлттықрух пен әлеуметтік
әділеттік пен еркіндікті көрсетеді. Еркіндікке жетуді ол қайғыдан ажыраудан
көреді.Құқықтық қоғамның ең өзекті проблемасы адамның еркіндігі болып
табылады.
Абай өз шығармасында ерекше орынды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz