ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Француз ғалымы Греберт Абақ санақ таяқшасы Суаньпань және Соробон

Абақтағы қосудың түрі Сызғышпен санау

Г. В. Лейбниц (1646 - 1716) Лейбниц машинасының негізгі әрекеті

Лейбниц машинасы Джон Непер (1550-1617) Көбейту Непер таяқшасы

Адам баласы есептеу үшін саусақтарын қолданудан бастап көптеген есептеу әдістерімен қатар көмекші құралдарды қолдануды талап еткен. Сондықтан да көптеген есептегіш құралдар ойлап табылды.

Шотландия математигі Джон Непер көп таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту амалын орындайтын есептеу құралын ойлап тапқан. Осы құрал Непер таяқшасы деп аталады. Сонымен қатар есептеу машинасын жасау идеясы кезінде атақты неміс ғалымы Г. В. Лейбницті қатты толғандырады. Ол 1670 жылы арифметикалық құралдың алғашқы эскизін жасады. Лейбництің арифметикалық машинасы арифметикалық төрт амалды орындайтны дүние жүзіндегі бірінші болып саналады. 1874 жылы орыс инженері В. Т. Однер арифмометр ойлап тапқан. Академик П. Л. Чебышев 1878 жылы сандарды автоматты түрде қосуға арналған “ қосушы “ машина ойлап құрастырды.

Адамның қызметінсіз есептеу жұмысын автоматты түрде орындайтын тетікті алғашқылардың бірі болып ағылшын математигі және экономисі Чарлз Бэббидж ұсынған болатын.

1830-1833 ж. Бэббидждің санақ машинасын шығаруда көп еңбек етіп 1834 ж. маусым айында жұмысын аяқтады.

1849-1852 ж. аналитикалық есеп машинасын құрастырады.

Аналитикалық машинаның келесідей құрама бөліктері болған:

  1. сандарды сақтау үшін “қойма“ (қазіргі терминалогиямен “жинақтаушы”, немесе “есте сақталатын жабдық’’)
  2. “дирмен”(мельница) - сандарға арифметикалық әрекет өндірісі үшін (арифметикалық жабдық)
  3. арифметикалық әрекет өндірісі үшін (арифметикалық жабдық)
  4. машиналар операцияларының бірінің артынан бірі нақты басқаратынконтор.
  5. берілген .

1890 жылы американ инженері Герман Холлерит Бэббидж идеясын қосу амалын орындайтын арнайы есептеу машинасын жасауға пайдаланады. Осы машина “табулятор“ деп аталады. 1902 жылы автоматты табулятор, ал 1913 жылы өзі басатын және жинақтағыш табулятор, сонымен қатар 1936 жылы перфокарталық машина, ал ең соңында 1946 жылы алғашқы электронды есептеуіш - аналитикалық машина жасалды.

АҚШ-та 1944 жылы американ физигі Г. Г. Айкеннің басшылығымен реле жүйесі негізінде машинасы алғашқы электронды - есептеу пайда болды. Ол машина “Марк - 1“ деп аталады. Ең алғаш рет электронды есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ- та жасалынды. Осы машина “ЭНИАК“ деген атпен әлемге таралды. ЭНИАК - сөзі электрлі - механикалық реледен тұрады.

“Марк 1” ЭЕМ “ЭНИАК”

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЕСЕПТЕУ МАШИНАЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ.

Бірінші Советтік ЭЕМ 1950 жылдары МЭСМ (кіші электрондық есептеуіш машина) Киев каласының ғалымы Лебедев Сергей Алексеевичтың қолбасшылығымен құралған.

Лебедевтің басшылығымен Москвада 1962 жылы ССРО Ғылым академиясының механика және есептеу техникасы институында “МЭСМ” - жетірілдірген түрі - БЭСМ (үлкен электронды есептегіш машина) жасалып шығарылды. Бұл машина секундына 10 мың команда орындайды.

ССРО - да 60- жылдардың басында элементтік базасы транзистордан тұратын екінші буынды электрондық есептеуіш машиналар шықты. Бұл машиналардың қатарына:

БЭСМ - 4; М - 220 ; Урал - 14; Минск - 32 т. б. Ал екінші буындағы қуатты әмбебап электронды - есептеуіш машиналардың қатарына : Найри - 1; Мир - 1, 2 жатады. ССРО - да 70 - жылдары интегралдық микросхемаларды шығарудың іске асыруы электронды есептеуіш машиналары өндірісінің үшінші белесіне өтуге мүмкіндік туғызды.

Үшінші белестегі машиналардың элементтік базасы интегралдық схемалардан тұрады. Интегралдық схеманың барлық электрондық элементтері: диодтар, транзисторлар, резисторлар ғана материалдан (жартылай өткізгішті кристалдан, металдан немесе диэлектриктен ) жасалады.

Бұл топтағы машинаны ЕС ЭВМ (единая серия ЭВМ) деп аталады.

ЕС - 1060 машинасының шапшаңдығы сондай секундына 1 млн команда орындайды, жадының көлемі - 8132 Кбайт.

Үшінші буындағы есептеу машиналарының негізгі тетіктерінің бірі - автоматты түрде оқу тетігі. Үшінші буындағы қолданылған интегралдық схема мен үлкен интегралдық схеманың арасында бір талай айырмашылық бар:

а) бұрынғы схемаларға қарағанда үлкен интегралдық схеманың жұмыс атқару мүмкіншілігі артық, көлемі шағын, салмағы жеңіл;

б) пайдаланылатын электр қуаты да бірнеше есе аз;

в) блоктардың бағасы алғашқы буындардағы машиналар блоктарына қарағанда бірнеше есе арзан;

Төртінші буын - Программаланатын микрокалькулятор (ПМК) . Қазіргі кезде халық шаруашылығында үлкен, күрделі ЭЕМ- мен қатар, кәсіптік дербес ЭЕМ- дер және қалталық программаланатын электронды микрокалькуляторлар да (ПМК) көп таралып қолдануда. Бесінші буындағы компьютерлердің элементтік базасы өте үлкен ИС - тен тұрады (ӨҮИС) . Олардың негізгі қызметі дыбыс арқылы қабылдайды және дыбыстап жауап береді.

Ал енді есептеу техникасының келешегі туралы айтсақ:

  • Болашақта ЭЕМ - нің жаңа типі “Жарық машинасын“ жасауға үміт бар. Мұндай құрылыс көптеген мәліметтерді әртүрлі қашықтықтардан қамтамасыз етеді.
  • Болашақта биологиялық машина жасау жөнінде де идея туындап отыр. Егерде бұл идея іске асса, онда мұндай ЭЕМ - дердің мәлімет тасушылары белоктар болады деп айтуда.
  • Қазіргі уақыттағы электронды өндіріс орындарының “Элементтік база“ жасаудағы көптеген жетістіктеріне байланысты, есептеу техникасының жұмыс істеуін арттырудағы мүмкіндігін пайдалана отырып, параллельді - құрылысты ЭЕМ жасалуы керек. Адам миының ойлау жүйесіне ЭЕМ жұмысы сәйкес келеді, яғни “ Нейронно - сеттік “ құрылысы осы сәйкестікті қамтамасыз етуге тиісті.

IBM PC - ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СХЕМАСЫ

Компьютерлер мынадай бөліктерден тұрады.

Монитор дегеніміз - дербес электрондық есептеуіш машинаға (ДЭЕМ ) міндетті түрде қажет құрылғы болып табылады. Ол компьютордың жедел жадында өңделіп жатқан ақпаратты экранда көруге көптеген мүмкіндіктер тугызады.

Монитор экран түстеріне қарай монохромды және түрлі - түсті болып, шығарылатын ақпарат түрлеріне байланысты символдық және графиктік болып екіге бөлінеді.

Тышқан “ қол тетігінің - екі немесе үш бастырмасы бар. Жұмыс істеген кезде көбінесе тышқанның сол жақтағы, ал анда - санда ғана оң жақтағы бастырмасы қолданылады. Үстел бетімен тышқанды жылжыту экран бетіндегі тышқан сілтемесінің жылжуымен сәйкес келіп отырады. Сонымен қатар екі - үш бастырмасының бірін баса отырып, белгілі бір әрекетті орындауға болатын қолмен басқарылатын кішкене тетік болып табылады.

Жүйелік блок мыналардан тұрады:

  • микропроцессор;
  • оперативті (жедел) есте сақтау құрылғы;
  • тұрақты есте сақтау құрылғы;
  • қоректену блогі мен мәлімет еңгізу- шығару порттары;
  • мәлімет еңгізу құрылғылары;
  • мәлімет шығару құрылғылары;
  • мәлімет жинақтауыштар;

Модем - телефон желісі арқылы басқа компьютерлер арасында мәлімет алмасу үшін керек. Олар негізінен мәлімет тасымалдау жылдамдығын тездетеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/ сек - 25000 бит/ сек аралығында. Олар мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары бойынша жұмыс атқарады. Компьютер желісіне немесе электрондық поштаға байланысты ең керекті құрылғы - осы модем болып саналады.

Бұлардан басқа факс - модемдер бар, олар модем мен факсимильдік байланыс аппаратының функцияларын бірге атқарады. Факс - модемді пайдаланып, текстік мәліметті тек өз абоненттеріңіздің компьютеріне емес, басқа да компьютерлерге жібере алады.

Принтер - компьютердің бұл бөлігі қағазға мәтіндік және графиктік мәліметтерді басып алуға арналған құрылғы. Принтерлердің түрлері: МАТРИЦАЛЫҚ, ЛАЗЕРЛІК, СИЯ БҮРІККІШ және ТЕРМОГРАФИКТІК.

CD - ROM дегеніміз - компакт дискілерді оқитын құрылғы, ол қозғалатын бейнелерді, текстерді және дыбыстарды шығару үшін пайдаланылады.

Пернелік тақта дегеніміз - әртүрлі көптеген символдарды компьютерге енгізуге арналған құрылғы. ЭЕМ - ге мәлімет енгізетін ең негізгі құрылғы болып пернелік саналады, ол арқылы текстік ақпаратты теріп, әртүрлі командалар енгізіп орындауға болады.

Компьютердің қысқаша сипаттамасын көрейік:

486DX4/ 100/ 4/ 850/ SVGA/ 0. 28

1 - сандар және әріптер компьютердің процессорының түрін көрсетеді

086, 286, 386, 486, 586 процессордың- микросхеманың номерлері,

SX, DX, DX2, DX4 процессордың модификациясы.

486DX4ті 489DX салыстырғанда 4 есе жылдам жұмыс істейді.

2 - жұмыс(тактық) жиілік 100 мегагерц.

3 - оперативтік жадының көлемі. (1-8, 16, 32 Мб)

4 - қатты дисктің көлемі (40, 80, 120, 175, …540, 850 Мб) (санның үлкені жақсы)

5 - монитордың стандарттары SVGA (EGA, VGA, super VGA)

6 - бір нүктенің көлемі 0, 28 (кіші болғаны жақсы) .

Біздің компьютерлеріміздің сипаттамасы: 1998 ж AMD компаниясы Pentium 6 сынып.

52 АУДИТОРИЯДАҒЫ КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕЛЕРІ.

Компьютердің техникалық мінездемелері (мұғалімнің): Компьютердің техникалық мінездемелері (мұғалімнің )
Компьютердің техникалық мінездемелері (мұғалімнің): 1
Processor Intel Celeron 300 - 433 MHz
Компьютердің техникалық мінездемелері (мұғалімнің): 2
Coprocessor Internal CPU Clock 300. 7 MHz (4. 5 x 66. 8 MHz)
Компьютердің техникалық мінездемелері (мұғалімнің): 3
Monitor Vendor Hewlett Packard
Компьютердің техникалық мінездемелері (мұғалімнің): 4
Base Memory 640 kb (562 kb free)
Компьютердің техникалық мінездемелері (мұғалімнің): 5
Extended Memory 31760 kb (31. 02 Mb)
Компьютердің техникалық мінездемелері (мұғалімнің): 6
Video Chip Vendor S3 Inc
Компьютердің техникалық мінездемелері (мұғалімнің): 7
Video Chip 86C375 ViRGE/DX, 86C385 ViRGE/GX
Компьютердің техникалық мінездемелері (мұғалімнің): 8
Video Memory 4096 kb
Компьютердің техникалық мінездемелері (мұғалімнің): 9
CD-ROM Model ATAPI-CD ROM-DRIVE-50MAX
Компьютердің техникалық мінездемелері (мұғалімнің): 10
Sound Card Type (нет)

Процессор немесе орталық процессор (CPU ) әр компьютердің жүрегі болып табылады. Ол компьютердің түрін, тез арада орындалуын және де нақты командалармен жұмыс істеуін анықтайды. Компьютерге жүйе жіберілгенде, процессор тез арада бағдарламамен жұмыс істеуін бастайды. Бірінші орында бұл программалар күнделікті сақталынатын құралдарда (ПЗУ, ROM ) алғашқы жүктеу тесттерінде, бағыныңқы бағдарламалардың құру түрінде, машиналардың конфигурациялық құрылымын және пароль көмегімен жүйені қорғауда және т. б. қолданылады.

Операциялық жүйені жүктегеннен кейін процессор оперативті сақталатын құралдардағы (ОЗУ, RAM ) бағдарламаларды орындайды.

Шина - бұл ақпарат арқылы хабарлар беретін бағыттауыштар жиынтығы. Процессор компьютердің тез арада орындалатын жабдығы және жүздеген мегагерц жиілігінде жұмыс істейді. IBM PC үшін бұл мағына қазір 800 МГц құрайды.

Жүйелік тақтада процессордың шинасы мұндай жылдамдықпен жұмыс істей алмайды, бірақ ол да тез орындалады. Қазіргі жүйелік тақталар 50, 60, 66, 68, 75, 83, және 100 МГц тактылы жиілігі бар процессорлы шиналарда қолданылады. Біраз уақыттан соң 133 МГц жиілігі бар тақшалар пайда болуға тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы
Электрлі есепту машинасының даму тарихы
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы мәлімет
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы мәлімет
Есептеу техникасының даму тарихы
Ақпарат, оны өрнектеу жолдары
Ақпарат және оны өрнектеу жолары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы
Информатиканың геометриялық түсінігі
Ақпарат және оны өрнектеу жолары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz