Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептіліктің мақсаты
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептіліктің жалпы

құрылымы

Есептілікті құрудың негізгі түрлері
Жанама әдіс және оны құру жолдары
Тікелей әдіс және оны құру жолдары
Жанама және тікелей әдістерді салыстыру

Қорытынды

Қосымша 1 (ТОО Рекон кәсіпорынның 2005жылғы ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есептілігі)

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық
қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты
шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені
оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік
және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік бұл қаржылық
есептіліктің негізгі формаларының бірі, онда компанияның ақша
қаражаттарының түсуі мен шығысталу ақпараттар біріктіріліп беріледі. Ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік баланстық есептілікті және пайда
мен залал туралы есептілікті толықтырады. Баланстық есептілік компанияның
белгілі бір уақыт кезеңіндегі (есепті кезең соңындағы) қаржылық жағдайын
сипаттайды, ал ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептілік қаржылық
есептіліктің бір элементінің – ақша қаражаттарының баланстық есептіліктің
бір датасы мен екінші датасы аралығында болған өзгерістерді түсіндіреді.
Пайда және залал есептілігі компания қыметінің кезең ішіндегі нәтижелерін
сипаттайды; және бұл қызмет ақшс қаражаттарының қозғалысы туралы
есептілікте көрсетілетін ақша қаражаттарының жағдайын өзгертетін негізгі
фактор болып табылады.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік басқарушыларға ақша
ағымдарын бақылау үшін , ал инвесторларға және акционерлерге берілген
есептілік негізінде кәсіпорынның өтімділігін басқару жөнінде, сондай-ақ
оның табыстары мен фирманың ақша қаражаттарды тарту қабілеттілігі туралы
қорытынды жасауға қажетті болып табылады.
Кәсіпорынның ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептілік қаржы
есептілігін пайдаланушыларға кәсіпорынның ақша қаражаттарын жасау қабілеті
мен олардың баламаларын, сондай-ақ ақша қаражаттарының қозғалысын
пайдалануда кәсіпорынның қажеттерін бағалау үшін негіз береді.
Пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер ақша қаражаттары мен
олардың баламаларын жасау қабілетін, сондай-ақ оларды уақытқа қарай бөлу
мен оларды жасау айқындылығын қажет етеді.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептіліктің мақсаты

Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептілік бұл қаржы есептілігінің
төртінші негізгі есептілігі болып табылады.
Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептіліктің көрсеткіштері ретінде
ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері пайдаланады, яғни ақша
қаражаттарының қозғалысы бұл ақша қаражаттары мен олардың
баламаларының(эквиваленттерінің) түсімдері және төлемдері
Ақша қаражаттарының эквиваленттер дегеніміз алдын ала белгілі ақша
қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге
ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар
(мысалы, өтеу уақыты 3 ай немесе одан да аз). Ақша қаражаттарының
баламалары инвестиция мен басқа да мақсаттардан гөрі, ең алдымен қысқа
мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған. . Ақша қаражаттарының баламалары
ретінде қарастылуы үшін инвестиция ақша қаражаттарының бұрын белгілі сомасы
оңай айналысқа түсуге және құн өзгерісінің шамалы тәуекеліне ұшырауға тиіс.
Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражаттарының баламалары анықтамасына
оның өтеудің қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап
одан аз мерзімі болған кезде ғана түседі. Меншік капиталына салынған
инвестициялар, егер, негізінен, ақша қаражаттарының баламалары болып
табылмағанда ғана, оларды өтеу күніне дейін көп ұзамастан сатып алынған
артықшылықты акциялары болған және сатып алудың нақты күні көрсетілген
жағдайда ақша қаражаттарының баламаларынан алынып тасталады
Ақша қаражаттарының қозғалысына ақша қаражаттары мен ақша
қаражаттарының баламалары болатын баптары арасындағы қозғалыс жатпайды,
өйткені бұл құрамдас бөліктер операциялық, инвестициялық қызмет пен
қаржыландыру жөніндегі қызметінің бөлігі емес, кәсіпорынның ақша
қаражаттарын басқарудың бөлігі болып табылады. Ақша қаражаттарын басқаруға
ақша қаражаттарының баламаларына артық ақша қаражаттарын инвестициялау
жатады.
Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептіліктің негізгі мақсаты бұл
кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі келіп түскен ақша қаражаттары туралы
және жасалған төлемақылар туралы шынайы ақпарат беру.
Ақша түсімдері туралы ақпарат келесідегілерді бағалауға мүмкіндік
береді:
Біріншіден, кәсіпорынның ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін
табу қабілеті, сондай- ақ ақша түсімдерін пайдаланудағы кәсіпорынның
мұқтажын.
Екіншіден, кәсіпорынның таза активтеріндегі өзгерісті, оның қаржы
құрылымын, сондай-ақ өтімділік пен төлем қабілетін .
Үшіншіден, әртүрлі кәсіпорындардағы операциялық қызмет туралы есеп
берулерді салыстыруға.
Кәсіпорынның қаржы есептілігін пайдаланушылар кәсіпорынның ақша
қаражаттары мен ақша баламаларын қалай жасауы мен пайдалануы туралы
мәліметтерге мүдделілік танытады. Бұл кәсіпорын қызметінің сипатына
қарамастан және ақша қаражаттарының кәсіпорын өнімі ретінде болатынына
қарамастан, мысалы, қаржы мекемесінің жағдайына байланысты талап етіледі.
Кәсіпорындар олардың негізгі кіріс келтіретін қызметінің айырмашылығына
қарамастан, ақша қаражаттарына бірдей мұқтаж болады. Олар ақша
қаражаттарына өздерінің операцияларын жүргізу, міндеттемелерін өтеу және
өздерінің инвесторларына кірісті қамтамасыз ету үшін мұқтаж болады.
Тиісінше, осы есептілік барлық кәсіпорындардан ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есеп беруін талап етеді.
Кәсіпорынның ақша қаражаттары қозғалысы туралы ақпараттар қаржылық
есептілікті пайдаланушыларға өте маңызды болып табылады, өйткені ол
кәсіпорынның ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін тарту және
пайдалану қабілеттілігін бағалауға негіз болып табылады.
Сонымен қатар ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептілік фирманың
қаржылық икемділік бағалауда да маңызды болып табылады. Қаржылық икемділік-
бұл фирманың кенеттен пайда болған мүмкіндіктер мен қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін үлкен мөлшердегі ақша қаражаттарын басқару
қабілеттілігі. Өткен кезеңдердегі ақша қаражаттары қозғалысы туралы
ақпараттар, әсіресе негізгі қызмет бойынша ақша қаражаттары қозғалысы
туралы ақпараттар фирманың қаржылық икемділікті бағалауға көмектеседі.
Мысалға, фирманың сұраныстың төмендеуіне төтеп беру қабілеттілігін
бағалау үшін өткен жылдардағы ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептілік
қолданылады. Ақша қаражаттарының ағымдары неғұрлым жоғары болған сайын
фирманың экономикалық жағдайлардың жағымсыз өзгеруіне төтеп беру
қабілеттілігі соғұрлым жоғары болады.
Кейбір инвесторлар мен кредиторлар ақша қаражаттары қозғалысы туралы
есептілік фирма табыстарының сапасын бағалауда маңызды деп санайды.
Есептеу әдісі бойынша табыстарды анықтау болашақ есеп кезеңіне, қайта
бөлуге және бағалауға қатысты сомаларды есептеумен байланысты көптеген
бухгалтерлік проводкаларды (жазуларды) талап етеді. Мұндай корректировкалар
(түзетулер) және процедуралар табысты анықтау процесін субъективті етеді.
Сондықтан да пайдаланушылар таза пайдаға емес, тиімділікті неғұрлым
объективті бағалауғу – негізгі қызметтен ақша қаражаттары қозғалысы туралы
есептілікке сенеді. Мұндай пайдаланушылардың ойынша бұл көрсеткіш неғұрлым
жоғары болса, табыстың сапасы соғұрлым жоғары болады.
Бұл есептіліктің мақсаты кәсіпорынның өткен кезең ішіндегі ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру арқылы ақша қаражаттары мен ақша
баламаларындағы өзгерістер туралы хабарлама беруін талап етуде болып
табылады, онда кезең ішінде операциялық, инвестициялық қызмет пен
қаржыландыру жөніндегі қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысын
саралау жүргізіледі.
Сонымен қатар ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептіліктің келесідей
тиімділігін қарастыруға болады:
1. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оны қаржы есептілігінің қалған
нысандарымен бірге пайдаланған кезде хабарлама береді, онда өзгеріп
отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға
кәсіпорынның таза активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы құрылымын
(өтімділігі мен төлем қабілетін қоса алғанда) және түсімдер мен ақша
қаражаттары төлемдерінің деңгейі мен мерзімдеріне әсер ету қабілетін
бағалауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы
хабарлама кәсіпорынның ақша қаражаттары мен баламаларын молайту
қабілетін бағалау кезінде пайдалы болады және пайдаланушыларға әр түрлі
кәсіпорындардағы ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарының келтірілген
құнын бағалау мен салыстыру үшін үлгілерді әзірлеуге мүмкіндік береді.
Ол сондай-ақ мына себептен де әр түрлі кәсіпорындар қызметінің
нәтижелері туралы есептіліктің салыстырмалығын жақсартады: хабарлама
бірдей операциялар мен оқиғалар үшін есептің әр алуан әдістерін
қолданудан келтірілетін әсерін жояды.
2. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы тарихи хабарлама жиі ретте
деңгейіне, уақытына қарай бөлудің және болашақ ақша қаражаттарының
қозғалысы айқындығының қозғаушысы ретінде пайдаланылады. Ол сондай-ақ
болашақ ақша қаражаттарының қозғалысының бұрынғы бағалауларының дәлме-
дәлдігін тексеру кезінде және пайдалылық пен ақша қаражаттарының таза
қозғалысы мен бағалар өзгеруінің әсері арасындағы байланысты зерттеу
кезінде пайдалы болады.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептіліктің жалпы
құрылымы

Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептілік келіп түскен ақша
қаражаттарын және жасалған төлемақыларды негізгі үш категорияға бөледі:
операциялық(ағымдағы) қызмет, инвестициялық қызмет және қаржылық қызмет.
Ақша қаражаттарын үш категория бойынша топтастыру фирма қызметінің негізгі
үш бағыты бойынша әрбіреуінің ақша қаражаттарына әсерін сипаттайды. Осы үш
категорияның ақша қаражаттарына әсері есепті кезең ішіндегі ақша
қаражаттарының таза өзгерісін сипаттайды.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік оларды операциялық,
инвестициялық қызмет пен қаржыландыру жөніндегі қызмет бойынша саралай
отырып, кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылуға тиіс.
Кәсіпорын ақша қаражаттарының қозғалысын өзінің қызметінің сипатына
неғұрлым сәйкес келетін әдіспен операциялық, инвестициялық қызмет пен
қаржыландыру жөніндегі қызметтен береді. Қызмет түрлері бойынша топтастыру
пайдаланушыларға қызметтің осы түрлерінің кәсіпорынның қаржы жағдайына
әсерін және ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламалары деңгейін
бағалауға мүмкіндік беретін хабарламамен қамтамасыз етеді. Бұл хабарлама
сонымен бірге жоғарыда аталған қызмет түрлері арасындағы өзара баланысты
бағалау үшін де пайдаланылады.

Бір операцияда әр түрлі топтастырылған ақша қаражаттарының қозғалысы
болуы мүмкін. Мысалы, қарызды ақшалай өтеген кезде оған пайыздар, сондай-ақ
борыштың негізгі сомасы да, пайыз болатын бөлігі жатқан кезде операциялық
қызмет ретінде саралануы, ал негізгі сома болып табылатын бөлігі
қаржыландыру жөніндегі қызмет ретінде саралануы мүмкін.
Сегменттер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді
ашуы пайдаланушыларға кәсіпорынның тұтастай алғанда ақша қаражаттарының
қозғалысы мен оның бөліктері болып табылатын ақша қаражаттарының қозғалысы
арасындағы өзара байланысты сондай-ақ сегменттер ақша қаражаттарының болуы
мен өзгерушілігін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Операциялық қызмет – бұл кәсіпорынның негізгі табысын әкелетін,
сондай- ақ қаржылық және инвестициялық қызметпен байланысты емес қызметі
болып табылады.
Әдетте, фирманың негізгі қызметі бұл өнімді сату немесе қызметтерді
көрсету. Негізгі қызметі әсерінен ақша қаражаттары қозғалысы компанияның
инвестициялық және қаржылық қызметі анықтамасына кірмейтін барлық барлық
басқа да операцияларын біріктіреді. Мысалы, сотта жеңіп шыққан іс бойынша
немесе сақтандыру толемдерінен, сондай- ақ қайырымдылық төлемдерден түскен
ақша қаражаттары фирманың негізгі қызметі бойынша ақша қаражаттарының
қозғалысы болып табылады.
Операциялық қызмет нәтижесінде туындайтын ақша қаражаттарының
тасқынының деңгейі кәсіпорын операциялары қарыздарды өтеу, кәсіпорынның
операциялық мүмкіндіктерін ақтау, дивидендтер төлеу және қаржыландырудың
сыртқы көздеріне жүгінбестен баға инвестицияларды жүзеге асыруға жеткілікті
болатын ақша қаражаттарының тасқынын жинақтайды. Басқа хабарламамен
ұштастыра отырып операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының бұрынғы
тасқындарының нақты құрамдары туралы хабарлама операциялық қызметтен
түсетін ақша қаражаттарының бұрынғы тасқындарын болжау үшін пайдалы болады.

Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының тасқындары көбінде
кәсіпорынның кіріс келтіретін негізгі қызметінен алынады. Сөйтіп,
әдеттегісіндей, олар таза пайда мен залалды есептеу кезіндегі операциялар
мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады.
Төменде кәсіпорынның негізгі қызметінен келіп түсетін ақшалай
түсімдер және төлемдер келтірілген:
Ақшалай түсімдер
• Тауарларды сатудан және қызмет көрсетулерден алынатын ақшалай
түcімдер
• Дивидендтен және пайыздық төлемдерден келіп түскен ақша
қаражаттары
• Роялтиден, алымдардан, комиссиялық сыйақылардан алынатын ақшалай
түсімдер мен басқа да табыс
• Инвестициялық және қаржылық қызметпен байланысты емес басқа да
түсімдер.
Ақшалай төлемдер
• Тауарлар мен қызмет көрсетулері үшін жабдықтаушылармен берілетін
ақшалай төлемдер
• Қызметшілерге және олардың атынан ақшалай төлемдер
• Кредиторларға пайыздарды төлеу
• Бюджетке салықтарды төлеу
• Инвестициялық және қаржылық қызметпен байланысты емес басқа да
төлемдер
Сондай-ақ:
• кәсіпорынның сақтандыру сыйлықтары мен талап арыздары бойынша
төлемдері, жыл сайынғы жарналары және басқа да сақтандыру
сыйақылары ретіндегі ақшалай түсімдері мен төлемдері
• мәмілелер жасасу үшін немесе сауда мақсатында ұсталатын келісім-
шарттар бойынша ақшалай түсімдер мен төлемдер.
Жабдық бірлігін ұстау сияқты кейбір операциялар пайданың немесе
залалдың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін, ол таза пайданың немесе залалдың
анықтамасына жатады. Алайда осындай операциялармен байланысты ақша
қаражаттарының қозғалысы инвестициялық қызметтен түсетін ақша
қаражаттарының қозғалысы болып табылады.
Кәсіпорынның мәмілелер жасасу немесе сауда мақсатында бағалы
қағаздары мен займдары болуы мүмкін, бұл кезде олар арнайы қайта сату үшін
сатып алынған босалқы ретінде қарастырылуы мүмкін. Сөйтіп, дилингтік немесе
сауда бағалы қағаздарын сатып алумен және сатумен байланысты туындайтын
ақша қаражаттарының қозғалысы операциялық қызмет ретінде топтастырылады.
Осыған ұқсас, қаржы мекемелері беретін аванстар мен кредиттер де әдетте
операциялық қызмет ретінде топтастырылады, өйткені олар қаржы мекемесінің
кіріс келтіретін негізгі қызметіне жатады.
Операциялық мүмкіндіктердің артуы болып табылатын ақша қаражаттарының
тасқындары, сондай-ақ операциялық мүмкіндіктерді қолдау үшін қажетті
тасқындар туралы деректерді бөлек ашу пайдаланушыларға кәсіпорынның
өздерінің операциялық мүмкіндіктерін қолдауына жеткілікті қаражат жұмсауын
анықтауға мүмкіндік береді. Өздерінің операциялық мүмкіндіктерін қолдауына
жеткілікті қаражат бөлмейтін кәсіпорын ағымдағы өтімділік және
иеленушілердің арасында қаражаттар бөлу үшін өзінің болашақ пайда алуын
қиюы мүмкін

Инвестициялық қызмет - бұл ақша эквиваленттеріне жатпайтын ұзақ
мерзімді активтерді және басқа да инвестиция объектілерін сатып алу мен
олардың шығарылуы.
Фирманың келесідей операциялары оның инвестициялық қызметінің негізгі
компоненттері болып табылады:
1. Материалды активтерді және материалды емес активтерді сату және
сатып алу
2. Акцияларды, облигацияларды және басқа да бағалы қағаздарды (ақша
эквиваленттері болып табылмайтын) сату және сатып алу
3. Ссудаларды беру және кейінгі ақша қараттарын алу
Осыған сәйкес ақшалай түсімдер мен төлемдер ақша қаражаттары қозғалысы
туралы есептіліктің инвестициялық қызмет бөлімінде көрсетіледі.
Инвестициялық қызметпен байланысты ақша қаражаттары қозғалысы туралы
мәліметтер өте маңызды болып табылады, өйткені олар болашақта пайда және
ақша қаражаттарының қозғалысын алып келетін ресурстарға қатысты жасалған
шығындарды сипаттайды.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде туындаған ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы хабаламаны жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені ол болашақ
кіріс пен ақша қаражаттарының тасқындарын молайтуға арналған ресурстарды
қалыптастыру мақсатымен жүргізілген шығындар туралы айғақтайды.
Төменде кәсіпорынның инвестициялық қызметінен келіп түсетін
ақшалай түсімдер және төлемдер келтірілген:
Ақшалай түсімдер:
• жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар, материалдық емес және
басқа да ұзақ мерзімді активтер сатудан алынған ақшалай түсімдер

• үлестік немесе борыш құралдарын және бірлескен қызметке қатысу
үлестерін, яғни акцияларды, облигацияларды және басқа да бағалы
қағаздарды сатудан алған ақшалай түсімдер (ақша қаражаттарының
ақша баламалары ретінде қарастырылатын құралдар үшін немесе
мәмілелер жасасу немесе сауда мақсатына арналғандары үшін
ақшалай түсімдерден басқалары)
• басқа тараптарға берілген аванстар мен кредиттер қайтарылымынан
алынған ақшалай түсімдер (қаржы мекемелерінің аванстық төлемдері
мен кредиттерінен басқалары)
• келісім-шарттар мәмілелер жасасу немесе сауда мақсаты үшін
ұсталып қалынатын немесе осы төлемдер қаржыландыру жөніндегі
қызмет ретінде бағаланатын жағдайларын қоспағанда, фьючерстік
және форвардтық келісім-шарттар, опциондар мен своптар бойынша
ақшалай түсімдер.
Ақшалай төлемдер:
• жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар, материалдық емес және
басқа да ұзақ мерзімді активтер сатып алу үшін ақшалай төлемдер.
Оларға кәсіпорындардың өздері құрған талдап жасауға жұмсалған
капиталдандырылған шығындармен және жылжымайтын мүлікпен,
үйлермен және жабдықтармен байланысты төлемдер
• басқа кәсіпорындардың үлестік немесе борыш құралдарын және
бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатып алуға арналған ақшалай
төлемдер (ақша қаражаттарының ақша баламалары ретінде
қарастырылатын құралдар үшін немесе мәмілелер жасасу немесе
сауда мақсатына арналғандары үшін төлемдерден басқалары
• басқа тараптарға берілген аванстық ақшалай төлемдер мен
кредиттер (қаржы мекемелері берген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттарының қозғалысы
Ұйымның қаржылық есептілігі және оны талдау
Қаржылық есептілікті ұсыну
Аралық қаржылық есептілік
Қаржылық есеп беру
Ақша баламаларының есебінің ұйымдастырылуын зерттеп, оның мәні мен маңызын, өзектілігін оқып, ашып көрсету
Қаржылық есептілікті құрастыру тәртібін қарастыру және оның негізгі көрсеткіштерін талдау
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп берудің теориялық аспектілері мен негіздері
Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы
Коммерциялық банктегі ақша қаражаттары
Пәндер