ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕПТІЛІК КӨЗІ


ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕПТІЛІК КӨЗІ
Әдептілік деген кезде барлық халықтардың және ұлттардың бірдей өмір сүру қағидалары көзге елестейтіндей болады да тұрады. Яғни төрткүл дүниедегі барша адамзат бірдей өмірлік нормалармен ғұмыр кешеді дегенге саятын тәрізді. Алайда, оның олай емес екені ақиқат. Өйткені әр ұлттың әдептілік қағидалары әрқалай екені хақ. Сол сияқты қазақ халқының да өзіндік әдептілік ұстындары бар. Дегенмен, адам табиғаты ортақ болғаннан соң да араларында көптеген ұқсастықтар болып жатады. Бұл да адам тағдырының ортақ екенін көрсетеді.
Адамның өміріне қоғам, ал қоғамның тынысына белгілі бір жүйе әсер етеді. Сондықган да өмір сүру қағидалары мен қарым-қатынас ережелері, көбінесе, қоғамдағы орныққан жүйеге байланысты өрбіп отырады және сол қоғамға негіз болады.
Қазақ халқы бұрынырақта табиғаттағы барлық заттардың тылсымды күштерге ие екеніне сеніп келді. Тау-тас, су-ағаш сияқты нәрселер еститін, жақсылық немесе жамандық жасайтын қабілетке ие екенін, бұларды іске асыратын, әлбетте, олардың бойындағы құдіретті күш екенін нанымдарына арқау етті.
Бұл күштерге адал болу үшін де оларға тағзым етті. Ұшан-теңіз көк аспан осындай құдіретті күш еді халқымыз үшін. Иә, қазақ халқы Көк Тәңіріге осылайша сенді. Өйткені қазақ халқы үшін көк аспаннан құдіретті басқа еш нәрсе жоқ еді.
Ата-бабаларымыз тіршілік қорегін атының арқасында тапты, ал рухани қорегін көк аспаннан алды. Яғни шегі жоқ көк аспан руханияттың азығы болды. Аспан көк түсті болғандықтан, қазақгар тәңіріні "Көк Тәңірі" деп атады.
Көк Тәңірілік сенім қазақ халқының біртұтас болуын, жан-жаққа ыдырамауын орнықтырды. Елге белгілі бір жүйе, белгілі бір тәртіп әкелді. Бұл да қазақ халқының қоғамдық өміріне балдай батып, судай сіңді.
Міне, біздің әдептілік салтымыздың бір қайнары да - Көк Тәңірілік сенім. Ал бұл сенімнің негізінде адамгершілік жатыр. Қазақ халқына біткен адамгершілік қасиет осы сенімнен бастау алса керек. Өйткені құдіретті күшпен тілдесушінің адам екенін ескерген Көк Тәңірілік сенім адамзатты кие тұтты.
Халықтық наным-сенімдер халықтың шынайы Діни өмірінің көрінісі болып табылады. Егер Ұлттардың тарихы мәдениет қатпарларынан тұратын болса, дін қашан да сол мәдениеттің негізгі элементі болған. Байырғы діндердің іздері бізге де жеткен. Бұл іздерді халықтық наным-сенімдерден таба аламыз.
Ал, халықтық наным-сенім деген дін емес, бірақ діннен тыс да емес. Ол - діннің халық тарапынан танылып, өмірге енгізілген формасы. Үнемі жаңарып отырса да, олардың тамырлары алғашқы наным-сенім жүйелеріне дейін созылып жатады.
Халқымыз шаман дінін де басынан өткерген ел. Шаман сөзі тунгус-маньчжур тіліндегі "самань" деген сөзден шыққан. Мағынасы - рухтармен тілдесе алатын адам. Шаман кейіннен дүниеге келіп, белгілі бір ұғымға ие болған екен.
Шаманизмнің көзқарасы бойынша бұл тіршілік дүниесі - жақсы һәм жаман рухтардан түзілген, қарама-қарсы қайшылықтарға толы күрделі әлем. Бұлар бүкіл табиғатты иеленіп алған. Олардың әрқайсысының өзіндік табынушысы, рухы бар.
От та, су да, ағаш та, өсімдік те, жан-жануар да, тас та, тау да сол рухтарға толы. Осы рухтардың бәрі адамдарға, олардың тағдырларына тікелей әсер етеді. От пен су аса қасиетті, себебі онда жарататын құдіретті күш бар.
Қазақ халқының әдептілік көзінің бірі - Ислам діні. Халқымыз Ислам дініне ешқандай да зорлау-зомбылаусыз, өз еріктерімен ағынан жарылып кірді. Өйткені исламдық көзқарас пен қазақы тіршілік бір-біріне өте сай еді. Осылайша қазақтық өмір-салт Ислам арқылы өз мәдениетін өркендете түсті. Ислам дінін әдептілігіміздің басты қайнары деуімізге бірден-бір себеп - бұл діннің адамзатты түрге, тілге және нәсілге бөлмеуінде.
Алланың бір екенін, Пайғамбардың Алла елшісі екенін мойындаған әрбір адам баласы - Ислам діні бойынша бір-біріне бауыр. Мұсылман дінін өмірлеріне арқау еткен адамдар болса, кез келген адамды өзіне іш тартып, барымен бөліседі, көмегін аямайды.
Жаратқанның бар екенін жан-жүрегімен сезініп, оның көрсеткен жолымен жүруді өздеріне міндет санаған, осылайша адамгершіліктің ақ жолынан айнымаған көреген халқымыз тұрмыс-тіршілігінде Ислам дінімен біте қайнасты.
Осыған байланысты халқымыздың сәлем беруден бастап, жаназа шығаруға дейінгі ғұрыптарының бәрі де исламдық негізге саяды. Ендеше, қазақы әдептілікті іздегенде исламдық әдепке бой ұрмай болмайды.
Бұл орайда Қожа Ахмет Яссауи және басқа да дана бабаларымыздың халқымызға сіңірген еңбегі орасан зор. Олай дейтін себебіміз: олар күйбең тіршілікті рухани байлықпен түрлендіріп, өзінен кейінгі ұрпақтардың сусындайтын бұлағына айналды.
Мұндай бабаларымызды ескерместен қазақы әдептілікті ойлау мүмкін емес тәрізді. Қожа Ахмет Яссауи бабамыз: Діні бөлек, ол да адам, Қиянат оған жасама. Хақтың өзі жазалар, Қиянатшылды тамұқта, - деп, діни тұрғыдан бөлектенбеу керектігін ескерте отырып, Ислам дінінің өзіндік кеңдігін білдіреді.
Ислам дінінің ұстанған негізгі насихаты: имандылық, адамгершілік, адалдық, тазалық. Көздейтін мақсаты: елдің тыныштығы, халықтың ынтымақ-бірлігі, бақытты тірлігі. Бұл - Алланың жолы, мұсылманшылықтың жолы. Ал, мұндай жолдың адамдарды азғындыққа итермелемейтіні хақ.
Бұнымен қатар, қазақ халқы түркі тектес ел болғандықтан, барша түркі жұртында мәшһүр болған салт-дәстүрлерді өмір тіршілігіне арқау тұтты. Өйткені бұл салт-дәстүрдің негізінде адамгершілік сезімі жатқан еді. Түркілер әлемінің тап ортасында адам тұрды, олар ең алдымен адамдарды құрмет тұтты. Адамдар әлемі, адамзат түркі рухының қасиетті жиынтығына айналды.
Мәселен, Күлтегіннің құрметіне қойылған құлпытасқа қашап, ойып жазылған Үлкен жазуда мынадай сөздердің болуы тегін емес: "Жоғарыда зеңгір көк, төменде қара жер жаралғанда, олардың екеуінің арасында адам баласы пайда болды".
Түркі тектес халықтардың барлығында "Көрұғлы", "Қорқыт ата" сияқгы отансүйгіштікті, ерлікті, Отанға, елге-жерге деген махаббатты ту қылып көтере дәріптейтін халықтық эпостар олардың тарихи санасының естелігі ретінде сақталып қалған. Бұлар сондықтан да халықтық әдептіліктің қайнар көзіне айналды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz