Әкімшілік жаза түсінігі мен түрлері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Әкімшілік жаза түсінігі мен түрлері

2. Әкімшілік тұрғыда тұтқындау.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Әкімшіліктік жаза - құқығына, мүлкіне шектеу жасалатын (ақшалай айып, мұлкін төркілеу т. б. ) мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Мұндай жазаны (немесе шараны) арнайы органдар және лауазымды адамдар - автоинспекция, санитарлық инспекция, балық күзетінің инспекциясы, сондай-ақ сот тағайындайды.

Заң әкімшілік жазаның төмендегідей түрлерін қарастырады:

Ескерту. Ұсақ әкімшілік құқық бұзушылыққа жазбаша қаулы қабылдау түрінде ескерту шарасы қолданылады. Кінәлі адамға өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсы болғандығы айтылып түсіндіріліп, ондай кемшілігін жою және бұдан былай болдырмауға міндетті екенін ескертеді.

1. Әкімшілік жаза түсінігі мен түрлері

Айып салу. Бұл - мүліктік көріністегі шара. Келтірілген құқық бұзушылықтың мөлшерін қарай айлықтабысын еске ала отырып белгілі мөлшерде төлетіледі (мысалы, ұрланған мүліктің он еселік бағасы) .

Тәртіпсіздік әрекеті үшін бұйымды иесінен алу жазасы. Мұның мәнісі - құқық бұзушылық істелген құралды мәжбүр ету жолымен алу (мысалы, балық аулау құралы) . Құралды алады да, иесіне шығарылған шығыннан басқа құны қайтарылады.

Тәркілеу жазасы. Тәркілеуге құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болған құрал-сайман жатады. Мұндай жағдайда зат иесіне қайтарылмай,, мемлекет меншігіне беріледі. Құқық бұзушылық меншігіндегі нәрсе ғана тәркіленуге жатады.

Арнайы құқығынан айыру. Бұл шара арнайы құқығы бар құқық бұзушыларға қолданылады. Мысалы, аң аулау құқығы, көлік жүргізу құқығы

Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру не белгілі бір қызмет түріне оның қолданылуын (оны) тоқтата тұру. Мұндай әкімшілік жазалауды аталған адамның белгілі бір іс-әрекеттерді жасауы кезіндегі әкімшілік құқық бұзушылығы, лицензияда қарастырылмаған, бірақ лицензиялау туралы заңда қарастырғандай судьяға жүктеледі.

Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның, лауазымды адамның өтініші бойынша тек сот тәртібімен ғана жұргізіледі.

Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған шетелдік және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты әкімшіліқ жазалау шарасы ретінде қолданылады. Әкімшілік жолмен кетіруді судья тағайындайды.

2. Әкімшілік тұрғыда тұтқындау.

Бұл соттың қаулысы бойынша қолданылады. Бұл шара кәмелетке жасы жетпегендерге қолданылмайды. Заң әкімшілік құқық бұзушының жауапкершілігін жеңілдететін жайларды қарастырады. Атап айтқанда, мұндай жеңілдету шарасына кәмелетке жасы толмағандар жатады.

Бірақ кейбір құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдер 14 жастан бастап жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңы бойынша заңмен қорғалатын әр түрлі салалардағы жайларға, әкімшілік құқық бұзушылық үшін шаралар қолданылады. Мысалы, 14-тен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Кәмелетке жасы толмаған баласын қасақана міндетке сай тәрбиелемеген ата-ананың немесе асырап алушы адамның теріс қылығы әкімшілік құқық бұзушылық болып есептеледі. Атап айтқанда, мұндай жиі кездесетін құқық бұзушылық іс-әрекеттер төмендегідей:

  • прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдары, Президенттің күзет қызметі, салық және әскери полиция, таможня органдары, шекара қызметі, төтенше жағдайлар жөніндегі өкілеттігі, полиция қызметкерінің заңды бұйрығы мен талабына қасақана бағынбау; оқ-дәрі мен қаруды сату тәртібінің бұзылуы; шекара зонасында шекара тәртібін немесе тұру ережесін бұзу;

мемлекеттік шекара арқылы заңсыз жүк тасымалдау;

  • жолды, темір жол өткелдерін, басқа да жол құрылыстарын бүлдіру; жүргізуге құқығы жоқ адамның мас күйінде көлікті басқарып жүргізуі;
  • электр жүйелерін бұлдіру;
  • заңсыз аң аулау, балық аулау, жануарлар әлемін пайдалану; тарих, мәдениет ескерткіштерін пайдалану мен сақтау ережелерін бұзу; орман өрт қауіпсіздігі талаптарын және санитарлық ережесін бұзу; орман үшін пайдалы фаунаны жою, сондай-ақ орманды түрлі қалдықтармен, химиялық заттармен ластау, зақым келтіру, басқа да орман қорының жерлеріне зиян келтіру;

- жас көшеттерді қорғау мен күту ережелерін бұзу;

. - орман өсімдіктерін, ағаштарды заңсыз кесіп алу, зиян келтіру, құрту;

  • су ресурстарын қорғау ережелерін бұзу;

ВИЧ-инфекциясымен контактыда болған, СПИД-пен ауыратын, венерологиялық аурулармен, туберкулезбен, сондай-ақ есірткі қолданатын не дәрігердің тағайындауынсыз психиотропты заттарды пайдаланатындардың медициналық тексеру мен емнен жалтаруы

Негізгі және қосышна әкімшілік жазалау шараларм. Ескср-ту, әкімшілік айышіұл салу және әкімшілік қамауға алу тек негізгі әкімшілік жазалар ретінде ғана қолданылуы мұмкін. Азаматқа немесе занды тұлғаға берілген арнаулы құқықтан айыру, лицен-зиядан (арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оным қолданылуын тоқтата тұру, жеке кәсіпкердім немесе занды тулғаным кызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адам-дарды әкімшілік жолмен кетіру негізгі де, сол сияқты қосымша да әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мұмкін. Әкімшілік құкық бұзушылық жасау кұралы немесе оным тікелей объектісі болған затгы өтемін толеп алып кою, тәркілеу, салынған құрылысты мәжбүрлегі бұзып тастау тек қосымша әкішілік жаза ретінде ғана қолданылуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затгы өтемін төлеп алып қою. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау туралы немесс оным тікелей объектісі болған затты өтемін төлем алып кою, оны мәжбүрлеп алып қоюдан және алынган затты откізу жоніпдсгі шыгыетарды шсгеріп, тұсксн соманы бұрынғы меншік иесіне бере отырып ол затты өткізудсн тұрады. Өтемін толсп алып қоюды судья қолданады.

Аншылык құруды, атыс ок-дәрілерін және аншылықтым басқа да каруларын отемін төлен алып коюды ацаулау омір сұруінін негізгі занды козі болып табылатын адамдарға колдануға болмайды. Егер қасақана құқық бұзушшық жасалса, колданылған карудым өтемін толеп оны мемлекет алып қоюы мұмкін.

Әкімшілік құкық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тікелей объектілері болған заттарды тәркілеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді (дивидендтерді), ақшаны және бағалы кагаздарды тәркілеу, оларды зандарда бслгіленген тәртіппен мемлекст меншігіне мәжбүрлеп тегін аударудан тұрады. Тәртіп бұзушы ным меншігі болып табылатын зат қана төркіленуі мүмкін. Тәркілеуді судья тағайындайды.

Нақты адамға берілген арнаулы кұкықты пайдалану тәртібіні өріскел немесе үнемі бұзылғаны үшін қол данылады. Мысалы амшылықпен айналысу құқығынан айыру. Арнаулы құқықтан айыруды судья қолданады. Арпаулы құкықтан айыру мерзімі бір айдан кем болмауға және екі жылдан аспауға тиіс. Көлік құралын масам күйде жүргізу, күйді куәландырудан белгіленген тәртіппен өтуден жалтару, сондай-ақ аталған адамдардың белгіленген ережелерді бұза отырып, өздері қатысушысы болған жол-көлік оқиғалары болған жердей кетіп қалу жағдайларын қоспағанда, көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруды, бұл құралдарды мүгедектігіне байланысты пайдаланатын адамдарға қолдануға болмайды

Аң аулау қаруларын және балық аулау құралдарын сақтаумен алып журу құқығынан айыруды, осы құқықты пайдалану тәртібін ұнемі бұзушылықты қоспағанда, аң аулау (балық аулау) өмір сүруінің негізгі занды көзі болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.

Жеке кәсіпкерлерді немесе заңды гұлғаларды белгілі бір қызмет тұріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыруды судья аталған адамдардың қызмстгі жұзеге асыруы не лицензияда, арнаулы рұқсатга, біліктілік аттестатында (куәлікте) көзделген белгілі бір іс-әрексттерді жасауы кезіндегі әкімшілік құқык бұзушылығы ұшін қолдануы мүмкін. Белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензияның қолданылуын тоқтататұру немесе арнаулы рұқсатган, біліктілік аттестатынан (куәліктен) уақытша айыру алты айга дейінгі мерзімге белгіленеді.

Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлганың қызметін тоқтата туру немесе оған тыйым салу әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) өтіміші бойынша тек сот тәртібімен ғана жүргізіледі. Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру немесе оган тыйым салу туралы талап қою өтініші Қазақстан Республикасының заң актілерінде бслгіленгсн тәртіппен және негіздерде сотка жіберіледі. Өтінішті сот он кұн мерзімде қарайды. Жеке кәсіпкердің немесе занды тұлганың қызметін тоқтата тұру тұріндегі әкімшілік жазалау шарасы бұзушылықты жою ұшін сот белгілсген мерзімде қажеіті іс-әрекеттер (іс-шаралар) жұргізу аркылы оны жоюға болатын жағдайларда қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айыппұл әкімшілік жаза ретінде
Басқару әдістемелері мен нысандары
Әкімшілік жазаларды қолдану
Жазаның түсінігі және мақсаттары
Жазаның белгілері
Қылмыстық жаза түсінігі мен түрлері
Бас бостандығын шектеудің қылмыстық жаза ретіндегі ерекшеліктері
Жаза түсінігі және белгілері
Тәртіптік жауапкершілік және материалдық жауапкершілік
Қылмыстық жаза түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz